Әйелдер публицистикасының ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.тарау. Ұлттық әйелдер баспасөзінің тарихы
1.1. ХХ.ғасыр басындағы әйелдер баспасөзінің қалыптасып, дамуы ... ...10
1.2. Қазақ әйел . публицистерінің тұңғыш қарлығаштары ... ... ... ... ... ... 17

ІІ.тарау. Әйелдер публицистикасының ерекшеліктері
2.1. Әйелдер публицистикасындағы қоғамдық.саяси мәселелердің көрінісі ... ... ... ... 35
2.2. Оқу.ағарту, бала тәрбиесі, жер және салт.дәстүр мәселелерінің әйелдер публицистикасындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І-тарау. Ұлттық әйелдер баспасөзінің тарихы
1.1. ХХ-ғасыр басындағы әйелдер баспасөзінің қалыптасып, дамуы ... ...10

1.2. Қазақ әйел - публицистерінің тұңғыш
қарлығаштары ... ... ... ... ... ... .17

ІІ-тарау. Әйелдер публицистикасының ерекшеліктері

2.1. Әйелдер публицистикасындағы қоғамдық-саяси мәселелердің
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 35

2.2. Оқу-ағарту, бала тәрбиесі, жер және салт-дәстүр мәселелерінің әйелдер
публицистикасындағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..41

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 50

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
53

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт
талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен
біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек
те қоғам даму үстінде.
Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел
келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып
отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын
мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды
меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда
ел ағаларының Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем
адамдарымен бірлесе отырып жеңу деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші
бір ағалардың Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас
тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену деп дабыл
қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе
толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын
ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері
ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді.
Осы орайдағы төртінші билік атанып отырған журналистиканың ұлт
мүддесі үшін қызмет етуі аса маңызды екендігін түсінеміз. Менің бітіру
жұмысымның тақырыбын ХХ ғасыр басындағы ұлттық әйелдер баспасөзінің
тарихы деп алуымның негізінде көрсетілген мерзімдегі қаламгер
апаларымыздың ұлтым деген жанайқайын көрсету жатыр. Шығыс халықтарының сан
ғасырлық ғұрыптары мен дәстүріне жаһандану жетектеп әкелген гендірлік
саясат, гендірлік теңсіздік деген желеулер бүгіндері өзекті әңгіме болып
отыр.
Тақырыптың өзектілігі – сол тақырыптың қоғамдағы жағдайы мен оған
деген сұраныстың айырмашылығынан туатынын ескерсек, көтеріліп отырған
тақырыптың актуальді екеніне ешкім де дау тудырмас. Әйел мен еркектің құқын
да, қызметін де бірдей етеміз деп жар салып жүргендер кейде бізді іштен
ірітейін деп жүргендей көрінеді маған. Әйтпесе, қазақ әйелінің қашан
болмасын құқы төмен болмаған ғой. Өткен ғасырда қазақтар арасында болып
қайтқан орыстың көрнекті ғалымы В.В.Радловтың өзі де: Ни девушки, ни
женщины закрывают лица. Они принимают участие в каждом собрании, в играх и
вместе с мужчинами поют в хоре и при состязаниях певцов. В разговоре
мужчины и женщины обмениваются шутками. Более того, казахские женщины
позволяют себе общаться с мужчинами гораздо более свободно, чем, например,
русские женщины и девушки демеп пе еді 1.
Халық арасындағы әйелдерге деген құрметті апамыз Айша бибіге арналған
ғажайып сәулет ғимаратынан, қазақтар арасындағы әйел-аналар құрметіне
қойылған ру аттарынан да байқау қиын емес. Ендеше, шолақ қамшыдай
сартылдап, әйелдерге толыққанды теңдік әпереміз деп жүрген өзгелерді
қойшы, өз ағайындарымыздың қылығын түсіну өте қиын. Соған қарағанда олар да
өздерінің не істеп жүргендерін түйсінбейді-ау...
ХХ ғасырдың бас кезін сөз еткенде елім деп етжүрегі елжіреген
арыстарымыздың есімдерін аттап өте алмаймыз. Осы орайда олардың еңбектері,
көп жағдайда халықтың сауатын ашу жолындағы туындылары әйелдер жағынан
үлкен қолдауға ие болғанын атап өту керек. Елімізде сауатсыздықты жою
жолындағы күрес шырғалаңды жолдан өтті. 20-жылдары республикада кең қанат
жайып, бұқаралық сипат ала бастаған бұл процесс көптеген қиындықты бастан
кешірді. Бұған сол кезде республика партия ұйымын басқарған Ф.И. Голощекин
зиянды зардаптарын тигізді. Ұлттық интеллигенцияның А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Әуезов, Ә.Ермеков сияқты аса көрнекті
өкілдері қуғын –сүргінге ұшырады. А.Байтұрсыновтың араб әрпінің негізінде
жасаған қазақ графикасы ұлтшылдық ретінде бағалынып ол 1929 жылы ешқандай
дайындықсыз латын графикасымен ауыстырылды. Бұл енді ғана сауат ашып келе
жатқан халықты көп қиыншылықтарға ұшыратып, елдің сауат ашу қарқынын
төмендетті. Республикадағы 1931-1932 жылғы қазақ халқының тең жартысының
жойылуына себеп болған ашаршылық сауат ашу ісіне орны толмас зиянын
тигізді. Байтал түгіл бас қайғы болған бұл кезеңде сауат ашу ісі жайына
қалып, халық тұс-тұсына жан сауғалап кетті. Латын графикасы да қазақтар
үшін тиімді болмады. Соның салдарынан араға он жыл өтпей жатып, 1939 жылы
халық орыс алфавитіне көшірілді.
Осылайша В.И.Лениннің көзі тірі кезінде басталған сауатсыздықты жою
жолындағы күрес кеңес өкіметін орнатудың алғашқы жылдарында түбегейлі
нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жылдары баспасөз заман талабына сай түрлі
қоғамдық-әлеуметтік міндеттерді ойдағыдай орындады. Қазақ жастарына
білімнің алғашқы нұрын шашқан орыс қыздарынан шыққан тәжірибелі ұстаздар
Е.Малинская, Ю.Я.Журавлева, Ю.Князева, сондай-ақ, бірде кеңес қызметінде,
бірде мұғалім, бірде насихатшы, үгітші болып қазақ сахарасына білімнің
нұрын шашқан Нәзипа Құлжанова, Әмина Мәметова, Әмина Кемелова, Қамаш
Ярлыкамышова, Ләтипа Өтепова, Мариям Бейсенова, Нағима Арықова, Қазина
Нұрымова, Сара Есова, Алма Оразбаева тағы басқа көптеген апаларына бүгінгі
жастар борышты 2. Қазақтың қаракөз қыздарына еріктеріңмен тұрмысқа
шығатын жағдай жасаймыз, теңдік әпереміз деп қыз-келіншектерге трактор
айдатып, ғарышқа ұшырған Кеңес үкіметі белгілі бір тұрғыда жақсы қадамдар
жасады. Осы кездердегі қоғамдағы әйелдер мәселесіне арналған бірқатар газет-
журналдардың ашылуы да заңды еді.
Олардың алдыңғы қатарында 1923 жылы қаңтарда Жетісу әйелі және 1925
жылы 8 наурызда Азат әйелі журналы жарық көрді. Жетісу әйелі журналын
Жетісу облыстық партия комитетінің әйелдер бөлімі шығарған болатын. Көлемі
32 беттен тұрған журналдың редакторы Сара Есова болатын. Сондай-ақ, 1925
жылы жарық көрген Азат әйелі атты журнал да осы өзіндік көрнекілігімен
ерекешеленген еді. 1926 жылдары екі-ақ тілші қызмет еткен журналға 150 адам
ғана жазылатын. Ал, 1928 жылға қарай тілшілер саны 50-ге жетіп, оқырмандар
қатары, яғни жазылушылар 2 мыңнан асты.
Десек те, тек орыс халқын ұлы еткен Кеңес заманы белгілі деңгейде
ұлтымыздың ғасырлар бойына қалыптасқан ғұрыптарына залал тигізгені анық.
Осындай ашықтан-ашық жасалған озбырлыққа біздің қаламгер апаларымыз қолда
бар қауқарын пайдаланып не істей алды? Не істей алмады? Жалпы, не істеулері
керек еді? Жұмысты жаза отырып, мен өзіме осындай сауалдар қойдым. Және өз
пайымдауыммен осы сауалдарға жауап іздеп көрдім.

Бітіру жұмысының мақсаты. Өткен жылдардағы қазақтың көзі ашық,
көкірегі ояу саяси элитасы жайында сөз қозғалғанда, олар туралы еңбектер
жазылғанда қазақ қыздарының есімі аталмайды. Мәселен, қазақ зиялылары
туралы зерттеу жүргізіп жүрген тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің, журналист,
қайраткер Мұхтар Құл-Мұхаммедтің еңбектерінде апаларымыздың аты-жөні жоқ.
Қоғамдағы саяси өзгерістерді, сауаттылықты, отарлық езгінің ұлт тамырына
балта шауып жатқанын ашық жазған қазақтың сол кездегі қаламгер қыздарының
зиялылар қатарына кірмей қалуы мен үшін жұмбақ қалпында қалып отыр. Бұндай
үрдіс сол кездегі тұлғалардың әлі де тарихи бағасын ала алмай жүргенін
көрсетсе керек. Әйтпесе, қылышынан қан тамып тұрған Кеңес үкіметінің,
Коммунистік партияның өрескел әрекеттерінен қазақ ұлтына келіп жатқан
зиянды қоғам назарына алып шығып жүрген қаламгер апаларымыздың еңбегі
ерлікпен пара-пар емес пе?! Тақырыбымды шамам келгенше аша отырып, мен осы
мәселені көтеруді мақсат етіп отырмын.

Жұмыстың міндеті. Бұл жұмысты жаза отырып, мен өз алдыма мынадай
міндеттер қойдым:
- ХХ ғасыр басындағы қазақ әйел баспасөзінің тарихын зерттеген
ғалымдардың еңбектерін бүгінгі заман тұрғысынан қарап шығу;
- Әлі де қазақтың саяси элитасы қатарына жатқызылмай келе жатқан
журналист апаларымыздың тарихи тұрғыдан тиісті бағасын алуы үшін ағалар
құлағына алтыннан сырға ілу;
- Әйел журналистердің жұмыс барысындағы өзіндік психологиялық
ерекшеліктерін көрсету;
- Қит етсе Халық жауы атанып тұрған кезеңдегі халық игілігі үшін жан
аямай қызмет еткен әйел публицистердің есімдерін, еңбектерін насихаттау;
- Оқу-ағарту, бала тәрбиесі, жер және салт-дәстүр мәселелерін
насихаттау, сақтаудағы олардың еңбектерін паш ету;

Бітіру жұмысының нысаны. Жұмыстың нысаны ретінде 1920 жылдың ішінде
жарық көрген әйелдер басылымдары, нақтырақ айтсақ: Жетісу әйелі, Азат
әйелі, Әйел теңдігі журналдары мен Теңдік газеттері алынды. Ондағы
келелі мәселелер көтерген мақалалар мен хабарламалар да зерттеу жұмысының
нысаны ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, соңына сара із қалдырған Нәзипа
Құлжанова, Сара Есова, Нағима Арықова, Мәдина Бегалиева, Алма Оразбаева,
Базарайым Қасенова, Әмина Кемелова, Шолпан Иманбаева сынды журналист
апаларымыздың шығармашылық жолдары қарастырылады.

Бітіру жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі. Өткен ғасыр басындағы
қазақтың әйел баспасөзінің дамуы туралы Т.Қожакеевтің Көк сеңгірлер
кітабында, Ләтифа Ахметованың Қарлығаш қаламдастар еңбегінде және
З.Д.Сағыбаеваның Қазақ әйелдерінің публицистикалық мұрасы атты
кандидаттық диссертациясында жан-жақты зерттеліп, зерделеніп жазылған. Мен
осы еңбектерді басшылыққа ала отырып, ХХІ ғасыр адам тұрғысынан өзімдік
баға беруге, талдау жасауға тырыстым.

Бітіру жұмысының жаңалығы. Жұмыстың басты жаңалығы ХХ ғасыр басындағы
қазақтың қаламгер қыздарының жарияланымдарының ішіндегі қоғамдық-саяси
пікірлердің анық көрсетілуі деуге болар. Сондай-ақ, Мәдина Бегалиева, Әмина
Кемелова, Сақыпжамал Тілеубайқызы сынды публицистердің мақалалары талданды.
Сондай-ақ, танымал тарихшы ғалым Әлкей Марғұланның Қазақ публицистикасы
тарихын зерттеуді Айғанымнан бастау керек деген сөзін басшылыққа ала
отырып, жұмыс барысында Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның қоғамдық-саяси
қайраткерлігі жайында да кеңінен әңгіме болады.

І-тарау. Ұлттық әйелдер баспасөзінің тарихы
1.1. ХХ-ғасыр басындағы әйелдер баспасөзінің қалыптасып, дамуы
Жалпы, еліміздегі әйел баспасөзінің дамуы қоғамға түбегейлі
өзгерістер әкелген 1917 жылғы төңкерістерден бастау алады. Әрине, қазақ
жерінде Патшалы Ресейдің саясатын жүргізуге ақпараттық қолдау көрсетіп,
насихат, идеология қызметтерін атқарған, сондай-ақ біздің
публицистикамыздың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Түркістан уәлаяты, Дала
уәлаяты басылымдарында да жарияланған апаларымыз болған. Дегенмен, ол
кездер қазақтың әйел баспасөзінің дами бастауына қатысы жоқ деп жүрміз.
Қолда бар деректерге сүйене отырып, ұлттық әйелдер баспасөзінің даму
тарихын Айқап, Қазақ газеттерімен байланыстырған дұрыс секілді деп
ойлаймын. Осы жылдары ойлы мақалаларымен оқырмандарына құнды ақпарат
жеткізіп, көпшіліктің көкейіне ой салған Сақыпжамал Тілубайқызының БАҚ
беттеріндегі публикацияларын ұлттық әйел баспасөзі тарихындағы алтынмен
жазылатын материалдар деуге болар.
Осы кездердегі көпшілік газеттерде әйелдер мәселесіне арналған
айдарлар мен арнайы беттердің болуы әйел баспасөзінің пісіп-жетіліп келе
жатқанын көрсетсе керек.
Сонымен, жеке әйелдер басылымы болып тұңғыш жарық көрген 1923 жылдың
қаңтарында шығарылған Жетісу әйелі журналы еді. Жетісу облыстық партия
комитетінің әйелдер бөлімі шығарған ол журналдың көлемі 32 бет болатын.
Сара Есова редакторлық еткен журнал өзіндік аудиториясын бірден тапты деу
шындыққа жанаспайды. Дегенмен, білікті басшылықтың арқасында журнал өзіндік
мақсаттарына жету жолында жан аямай еңбек етті.
1925 жылдың наурызынан бастап Азат әйелі журналының жарық көре
бастағанын да айтып кету ләзім.
1925 жылдың көктемінде С.Сәтбайқызы Қазақстан өлкелік партия
комитетінің әйелдер бөліміне нұсқаушы болып ауысты. Сол жылы 5-мамырдан
бастап Теңдік газеті шығарыла бастады. 1926 жылдың қаңтарынан оның орнына
Әйел теңдігі журналы жарық көре бастады 3.
Осы орайда біздің зерттеушілердің жазған еңбектерінде
келіспеушіліктер орын алатын секілді. Мәселен, Т.Қожакеев 1926 жылы Әйел
теңдігі журналын, Теңдік газетінің орнына шықты десе, Л.Ахметова бұл
журнал 1925 жылы Еңбекші қазақ газетінің қосымшасы болып шыққанын айтады.
Сондай-ақ, кей зерттеушілер бүгінгі Қазақстан әйелдері журналының тарихын
жоғарыда аталған Азат әйелі басылымымен байланыстырып, оның туған күнін
сол 1925 жылдың 8-наурызы дегенді ұсынып жүр. Бұл орайдағы деректерді
зерттей отырып, мен шынымен Л.Ахметованың сөзінің жаны бар екеніне көзім
жетті.
Тарихи деректерге сүйенсек, Әйел теңдігі журналы алғаш рет Орынбор
қаласында 1925 жылы өлкелік Еңбекші қазақ (Социалистік Қазақстан)
газетіне қосымша болып шыққанын және жеті нөмірінен соң Қазақстанның
астанасы Орынбордан Қызылордаға көшкеннен кейін, яғни 1926 жылдан бастап
айына бір рет шығатын Әйел теңдігі атты көлемді журналға айналғанын
байқаймыз.
Дегенмен, журналдың көлемі қазіргідей болмаған, 1926 жылы журналдың
13 саны шықты. Кейбір сандары 122 бетке дейін барған. Жалпы, көркемдігі
нашар, суреттің көпшілігі қолдан салынған еді.
Алғашқы жылдары 3000 дана таралымы бар журналға небәрі 150 ғана адам
жазылушы еді. Журналдың екі ғана тілшісі болатын. Әйелдердің саяси сауатын
ашу мен олардың қоғамдық-саяси өмірге белесене араласуынан үлкен үміт
күткен үкімет журналған қолдау танытып, оның дамуына даңғыл жол салып
берді. Соның арқасында, 1928 жылы журналдың тілшілер саны 50-ге жетіп,
жазылушылар саны 2 мыңға жуықтады.
1926 жылғы сандарына қарағанда, журналдың 1928-1929 жылдардағы
нөмірлері әрі көлемді, әрі мәнерлеі, нақышты шықты. Сол кездегі журналдың
49 санының әрқайсысы орташа есеппен 60-70 бет болды. Әйел теңдігі журналы
оқуға ұмтылған, азаттық алған әйелдерді қырық жетінің қыл шылбырын үзген
қыздар деп дауыс көтере мақтан етті. Әйел теңдігі күнделікті өмірдің
келелі істеріне өз үлесін қосты, сауатты қыз-келіншектер көбейген сайын
журналдың таралымы да арта түсті. Журнал тиражы 1926 жылы 3000 дана болса,
1936 жылы 10 000-ға, 1950 жылы – 20 000-ға, 1993 жылы 316 344 данаға жетті
4.
Әйел теңдігі журналына қиын кезеңдерде қол ұшын беріп, оның
мазмұндық, сапалық жағының артуына Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин,
Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов сынды еліміздің маңдайалды жазушылары еңбек
сіңірді. Сондай-ақ, Б. Кенжебаев, Е. Алдоңғаров, А. Маметов, А. Сегізбаев
сияқты көптеген танымал қаламгерлер де өз туындыларымен журналдың таралымын
көбейтуге, мазмұны мен сапасының артуына атсалысты. Көзі тіріснде-ақ,
зиялы атанған азматтардың не жазып, не қойып жүргендері әріп танитын әр
қазақ үшін қызықты болғаны рас.
Әйел теңдігі журналының алғаш шыға бастағанда қаншалықты маңызды
болғандығы жөнінде Жас қайрат журналы былай деп жазады:
Өмір бойы тұрмыс тұтқынында езілген қазақ әйелдерінің ерік алып,
адамшылық белгісіне аттауына алдына ұстаған тұңғыш баспасы – Әйел теңдігі
журналының бір жылдық өмірін Жас қайрат басқармасы құттықтайды.
...Мал есебінде сатылып, көрінгеннің қуыршағы болған қазақ елінің күң
әйелдері Кеңес өкіметінің көлеңкесінде теңдікке жетіп отыр. Сол бостандық,
теңдік жолындағы қараңғы қазақ әйелдеріне сана саңылау беретін адамшылық
тәрбиесін егетін баспасөзінің Әйел теңдігінің қадірі қымбат, қызметі
ауыр. Ен далада мыңдаған қазақ әйелдері қараңғыны қармалап көзсіз отыр. Ел
ішінде шіріген қалдықтары бостандық сәулесін көлегейлеп отыр. Мыңдаған
әйелдердің ыңырсыған дауыстары енді айқын шығып, бостандыққа қол жайып,
құлаш серпіп талпынып отыр. Осылардың жол бастайтын көсемі әйелдердің
баспасөзі Әйел теңдігі қазақ әйелдерінің таңы, жаңа туған шолпаны,
жаңалыққа жол сілтейтін темірқазығы дейміз.
Жаса, Әйел теңдігі, жаса! 5.
Осы орайда журналдың маңыздылығы жөнінде жастардың өлкелік партия
комитеті біржылдық мерекесімен құттықтай отырып, былай деп жазады:
Қазақ еңбекші әйелдерінің жетекшісі, партия комитетінің тілі Әйел
теңдігі журналының жыл толып, бір жасқа шығуын, Қазақстан жалпы жастарының
атынан құттықтаймыз.
Қазақ халқы шаруа, саясат, мәдениет реттерінен артта қалған, оның
ішінде әйелдер одан да артта қалған әр елдің ескі әдеттері жойылып, Әйел
теңдігі әлі іске аса қойған жоқ. Қалыңмал төлеу, екі қатын алу, қызды
жастай күйеуге беру, қызбен санаспай малға сату, ұру, ұрсу, құл есебінде
тұту сияқты ескі әдеттер әлі жойылған жоқ. Міне, бұларды жоймай біздің
жұртшылығымыз алға баспақ емес...
Осы күндерде қазақ әйелдері үкімет жұмысына араласып жүр ме? Жоқ.
Болғанымен, тіпті аз. Олардың көзін ашып, саяси тәрбие беру керек. Бұл
реттегі үлкен құрал баспасөзі – Әйел теңдігі журналы. Әйел теңдігі аз
ғана өмірінің ішінде әлі келгенше аянбай, қазақ әйелдерін құлдықтан азат
етіп, саяси тәрбие беру ретінде еңбек сіңірді...
Өлкелік жастар комитеті6.

Әйел теңдігі журналының алғаш қадамы мен маңызын жастардың өлкелік
партия комитеті мен Жас қайрат басқармасы осы бір құттықтау телеграммасы
арқылы аңғартса, журналдың төрт жылдық тойына байланысты республикамыздың
түкпір-түкпірінен келген тілшілер хаттарынан, сондай-ақ Бостандық туы
газетінің басқармасының құттықтауларынан күллі еңбекшілердің достық лебі
аңғарылады.
Журналдың абыройға ие болып, құрметке бөленуі балғын шақтарынан
бастап, әйел теңдігі журналына белсенділікпен жәрдемдесіп, кейін сол
журналға редактор болған Мәриям Бектенбекова өз естеліктерінің бірінде
былай деп жазады:
Әйел теңдігі журналы барлық жұмысымыздың арқауы болды. Шаруа
әйелдерінің жиналысын өткізген сайын, әйелдердің кітабына жазылайын деп
едім деген сияқты көп сөздерді жиі еститін болдым. 1927 жылы Қызылжарда
партия-кеңес мектебінде оқып жүргенде қалыңмалға арнап жазған және тағы
басқа бір топ өлеңдерімді Бостандық туы газетінің редакциясына алып
келсем: газеттің жауапты хатшысы көп әйелдің суреті басылған кітап оқып
отыр екен. Қызыға қарап тұрған маған: көргің келе ме, әйелдер үшін шығатын
журнал. Бұл журналға өлең, мақала жазуға болады, - деп қолыма берді. Сонда
бұл менің кітап деп тұрғаным Әйел теңдігі журналы екенін білдім.
Журналды қарап шыққанда өнер-білімге аңсап, алыстан келгендігі мақсатымныың
дәл өзіне жеткендей болдым. Мен секілді қазақ қыздарын өнер-білімге тек осы
журнал бастайтындай көрінеді. Бұл еш уақытта ұмытылмайтын, жас өмірімнің
және еш нәрсе түсінбейтін надан кезімнің ескерткіші сияқты әлі есімде 7.
1927 жылы Қызылжарда партия-кеңес мектебінде оқып жүрген Мәриям
Бектенбекова сияқты сауатты қыздардың оның не екенін түсінбей, жаздыртып
алуды білмей жүргенде, Әйел теңдігі журналының оңайлықпен жарық
көрмегенін осы бір кішкентай эпизод дәлелдей түскендей. Тілшілерінің,
сондай-ақ жаздыртып алушылардың аздығынан журналдың алғашқы жылдары екі
саны, кейде бірігіп шығып тұрды. Журнал шыға бастағанда не бары екі ғана
әдеби қызметкері бар еді. Алғашқы екі жылда журналдың әрі хатшысы, әрі
корректорлық жұмысын педагогика институтының студенті Шияп Қожахметов
атқарды.
Әлеуметтік мәні бар әр кезеңдегі істерге дер кезінде үн қосып,
кеңестер беруді әдетке айналдырған Әйел теңдігі журналының материалдары
сан-саланы, түрлі тақырыпты қамтып отырды. Көпшілігі әйел болған редакция
мүшелері әртүрлі кәсіп иелерінен құралған болатын.
Сонау балғын шақтарынан бастап, Қазақстан әйелдері журналы аталуына
дейінгі аралығында игі іске көлденең сыншы ретінде қарап отырмай, қазақ
әйелдерін замана тынысымен хабардар етіп, достық лебізімен еріксіз иіріп,
мұңдасы, сырласы, ақылшысы болып келген журнал 1925 жылдан бастап араб
әріптермен шығып еді. Ал, 1930 жылдардан бастап, сол кездегі Голщекиннің
бастамысмен қолға алынған саясаттың салдарынан ол латын әліпбиімен Ұлы Отан
соғысына дейін шығып тұрды. Ал, кейін соғыстың тауқыметімен 1950 жылға
дейін оның жұмысы уақытша тоқтап тұрды.
1932 жылы Әйел теңдігі журналының редакторы Сара Есова Москваға
жіберіледі де, өлкелік партия комитеті уақытша журналдың жауапкершілігін
партиздаттың бөлім меңгерушісі Рақым Сүгіровке тапсырады. Рақым Сүгіров
біраз уақыт қана істейді. Содан кейін редакторлық қызметті өлкелік партия
комитеті жанындағы әйелдер бөлімінің меңгерушісі Нұржамал Саналиева
атқарады, жауапты хатшысы Мәриям Хәкімжанова болады. Біраз уақыт журналға
Нағима Арықова да редактор болып қол қояды. Содан кейіндеу Нағима
Арықованың партия-кеңес қызметіне ауысуына байланысты журналдың редакторлық
қызметін Мәриям Бектенбекова атқарады. Журналдағы басшылықтың жиі ауысуы,
әрине оның жоспарлы жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Десек те, басылым
бастапқы мақсаты мен міндеттерінен тайған емес. Әрі, қазақ әйел
журналистиканың негізін қалаған танымал қаламгерлердің табанды қызметінің
арқасында басылым жаңа биіктерден көріне білді.
Журналдың шығуы еліміздің өміріндегі тарихи кезеңдермен тығыз
байланысты. Кеңес үкіметінің ұлт саясатын насихаттады. Әйел теңдігі
журналы Нәзипа Құлжанованы, Алма Оразбаеваны, Нағима Арықованы, Шолпан
Иманбаеваны, Мариям Хакімжанованы, Әмина Мәметованы, Әмина Кемелова мен
Зейнеп Тоқберлина сияқты көптеген қаламгерлерді өсірді. Олар Әйел теңдігі
журналы арқылы тіл шеберлігі мен ой нақыштарын көрсете отырып, қалың
көпшілікті ұйымдастыра білді.
Журналдың Баспасөз бен әйелдер деген мақаласында: Тіл жағынан да
саяси тәрбие жөнінен де Әйел теңдігі хат білетін әйелдерге, жалғыз-ақ
әйел емес-ау, еркектерге түгел үлестіре білу, бар кемшілігі көптің
көмегімен жұрттың, оқушылардың талқысына сала отырып, шешу баспасөздің өз
міндеті, дей келіп, баспасөздің қаншалықты маңызы бар екенін түсіндіреді.
Өнер, білім майданында басқадан кем болып, жетімдік көріп, ілгері
баспай кенже қалған жұрт теңгерілді.
Журналдың жеке сандарында бір автордың екі материалы кездеседі.
Сондай-ақ бүркеншек атпен жазылған материалдар да көп-ақ. Олар:
Тоқсабалық, Естілеу, Ақыл, Шыт, Сергек, Быж, Матай, Бөгде,
Содыр, Әтен, Жөндеу, Оқшау - шияп, Қызғалдақ. Әр мақаланың
басталғанын, не аяқталғанын білдіретін суретті нұсқа ғана кездеседі 8.

1.2. Қазақ әйел - публицистерінің тұңғыш қарлығаштары
Жиырмасыншы жылдары еліміздің тарихи дамуында, талайлы тағдырында
ерекше маңызды болғанын бүгінгі ұрпақ – біздер тарих беттерінен ғана
білсек, ол кезеңнің ұрпағы соны өз қолымен жасаушылар болды. Сол жылдардағы
әрбір оқыған кеңес - партия қызметкері, зиялы қауым өкілдері - мұғалімдер,
заңгерлер, дәрігерлер шетінен қаламы жүйрік публицист болды десек, артық
айтқандық емес. Бұған сол жылдардағы баспасөз беттері айғақ. Ал енді
әйелдің мұңын әйелден артық ешкімнің айта алмайтыны бесенеден белгілі. Дәл
осы қажеттілік әйел қаламгерлер тобының тууына басты себеп болды. Солардың
көбісі тағы да оқыған, озық ойлы, мәдениет жаршылары – мұғалімдер еді.
Ал енді солардың қолдарына қалам алуға мәжбүр еткен не нәрсе?
Біріншіден, баспасөз арқылы қалың бұқараның ортасына ой тастау. Сол арқылы
өнер-білімге, мәдениетке үндеу болса, екіншіден, жасқаншақ, етекбасты ауыл
әйелдеріне жаңа қоғамның мән-жайын түсіндіру, өз мүддесі үшін күресуге
жұмылдырып, еңселерін көтеру еді. Бұл мақсатты олардың қалай орындағанын
сол жылдардағы мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген және жеке
кітапшалар болып басылып шыққан шығамашылық мұраларынан айқын аңғарылады.
Есімдері ерекше атап өтуге болатын сол жиырмасыншы жылдардағы
публицист қазақ қыздары: Нәзипа Құлжанова, Сақыпжамал Тілеубайқызы, Нағима
Арықова, Сара Есова, Алма Оразбаева, Мәдина Бегалиева, Әмина Кемелова,
Базарайым Қасенова, Аққағаз Досжанова, Мәриям Сейдәлинова, Зейнеп
Тоқберлина.
Нәзипа Құлжанова, Нағима Арықова, Сара Есова өздерінің бүкіл саналы
өмірін баспасөздегі қызметке бағыштап, өмір бойы қаламды серік етсе,
өзгелері де өздерінің қызмет бабына, уақыт талабына сай газет-журнал
беттерінде жиі көрініп отырған. Сондықтан да оларды қазақ
журналистикасындағы қыздар көшінің ізашарлары деуге әбден болады.
Тағдыр үкімін атаның батасы шығарып берген мұңлық жандардың азаттық
таңына артқан үміті зор еді. Олар қара тану, сауат ашу арқылы уақыт сырын
ұғатын, қапас тіршіліктің ғасырлар бойы еңсені езіп келген әділетсіз заңын
түсінетін халге жетті. Сондықтан әйелдерді оқыту мәселесі қазақ
баспасөзінің алғаш аяқтанған тұсынан бері ойына арқау, сөзіне желі болды.
Адамзаттың сана-сезімінің өсуі, ұйқыдан оянып серпілуі оқумен, білім
алумен байланысты. Кедей баласының аяғы тұсаулы болса, бай баласын
шоқынар ңідеп қолынан босатпаса, қыз балалардың алдыңғы қатарға шығуы, өз
басын қорғауы, біреуге арашашы болуы мүмкін емес еді. Жаңа уақыттың ұранына
сай еркіндік ауылына беттеген қазақ әйелдерінің теңіне қосылуына, көппен
бірлесіп еңбек етуіне, еңбегінің ырзығын бөлуге ерік берілді.
Қазақ әйелдерінің республикадағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірге
белсене араласуы 20-жылдардан басталады. РК(б) П Орталық Комитетінің
арнайы қаулысына орай жұмысшы және шаруа әйелдеріне саяси тәрбие беру,
оларды мемлекет басқару ісіне және шаруашылық құрылысына белсене тарту
мақсатымен әйелдер бөлімі құрылды.
Адам өмірінің мазмұны игі еңбекпен өлшенсе, сол мазмұнды
өмірдің бірі – Нәзипа Құлжанованың өмірі. Нәзипа Құлжанова қазақ баспасөз
тарихында проза жанрына бейімділігімен, еңбекші әйелдерінің көңілдегісін
бүкпей айта білумен бағалы.
Нәзипа ескі санақ бойынша 1887 жылы маусым айының 27 жұлдызында
қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келді. 1903 жылы
Қостанай қаласында орыс-қазақ гимназиясын тәмәмдап, екі тілде бірдей
сөйлеп, жаза алатын дәрежеге жетеді. Бұдан кейінгі жылдарда бала оқытумен
айналысып,ұстаздық шеберлігін шыңдайды. 1903-1904 жылдарда Торғайдағы
қыздар училищесінде дәріс береді. 1905-1920 жылдары Семей қаласындағы
мұғалімдер семинариясында оқытушылық қызметпен айналысады.
Елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, өзінің
зерделілігімен, қабілеттілігімен екі тілде бірдей жүйріктігімен көзге
түседі. Осында жүріп Орыс географиялық қоғамына мүшелікке өтеді. Нәзипаның
сол кездегі атқарған жұмыстарының ең көрнектісі ретінде қазақтың ұлы ақыны
Абайдың қайтыс болуының 10 жылдығына орай 1914 жылдың 26 қаңтарында әдеби-
музыкалық, этнографиялық кеш өткізуін атауға болады. Ол Әйел теңдігі
журналының Үйрену, үйрету деген айдармен берілетін Шаруа бөліміне үзбей
қатысып отырды. Мәдениет жайлы да дәрігерлік кеңестер беріп, аудармалар
жасады.
Қаламгер апамыздың өмірі мен шығармашылық жолы туралы Семей
мемлекеттік медицина институты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға
оқытушысы М. Имашев былай деп жазады:
Қарт Ертістің Семей өңірінде өздерінің қысқа да саналы ғұмырын
өткізген аяулы екі азамат жайлы әңгімелер әлі күнге таусылмай айтылып
келеді. Тағы да құлақ тосасың, тағы да ойға батасың. Апыр-ау, неткен ғажап
адамдар еді бұл, ерлі-зайыпты Құлжановтар деген екі жас! - деп еріксіз
толғанасың. Әсіресе, патшалық заманның өзінде олардың тікелей
ұйымдастыруымен 1914 жылы Семей қаласында өткізілген сол бір кеш ойға қайта-
қайта орала береді. Абайды еске алуға арналған кеш өткізген ол тарихта
мәңгіге қалды.
Осы арада Семейдегі Учительская семинарияның оқытушылары Нұрғали
мен Нәзипаның өмір жолдарынан толық мағлұмат берерліктей архив материалдары
кейінгі жылдарға дейін Абай музейінде болмай келгенін айта кеткіміз келеді.
Тек таяуда ғана Санкт-Петербург Мемлекеттік архиві қазыналары арасында Абай
творчестосын тұңғыш насихаттаушы Нәзипа Құлжанованың Семейге келгенге
дейінгі өмір жолы туралы сыр шертетін аса құнды материал табылды. Енді
соның түпнұсқасымен танысып көрелік:
Единственное в Тургайской области женское среднееучебное заведение –
Кустанайская русско-киргизская женская прогимназия в течение своей,
незначительной по времени, восьмилетней деятельности уже вполне заслужила
себе право на дальнейшее существование по однаму количеству (14 человек)
выпущенных из нее народных учительниц. Всеге в этой прогимназии обучалось
пять киргизок, а именно: Карджасовы Кафиза и Нагима, Шантемирова Казиля,
Иманбаева Сахиб и Сегизбава Назипа...
Сегизбаева Назипа прошла весь четырехгодичный курс прогимназии,
училась отлично, была прекрасного поведения и курс окончила первой ученицей
в 1903 году. По выходе из прогимназии она была с июля прошлого года
назначена помощницей учительницы в Тургайское женское училище.
Демек, бұдан шығатын қорытынды: баспасөз беттерінде күні бүгінге
дейін жарияланып келгеніндей Нәзипа Сегізбаева Орынбордың оқытушылар
семинариясын емес, Қостанайдағы Русско-киргизская женская прогимназия
деп аталатын оқу орнын бітіріпті. Сонан соң өзінің туып өскен жері – Торғай
облысының Торғай уезі ауылдарындағы жас ұрпаққа ұстаздық етуге жіберілген
болып отыр.
Бұл ойымызға тағы да дәлел бар. Мәселен, Киргизская степная
газетаның 1900-1901 жылдары жарық көрген бірнеше санында Начальное
образование киргизов Кустанайского уезда Тургайской области деген
тақырыппен көлемді материалдар жарияланған. Соның 1901 жылдың 21
қаңтарындағы материалдар Русско-киргизская женская прогимназияның 13
қыркүйекте ашылғандығы, жаңа оқу орнын қаржыландыру үшін оған қостанайлық
қазақтардың 1894 жылдың өзінде-ақ 12 мың сом жинап бергендігі туралы
айтылады.
Біз Киргизская степная газетада жарияланған материалдарды оқи
отырып мынадай бір көңіл аударарлықтай дерекке кездестік. Әрбір оқу жылының
қысқы демалысы кезінде барлық шәкірттер түгелдей дерлік үйлеріне қайтқанда
бір ғана қазақ қызы жатақханада қалады екен. Отавалась только одна девочка
киргизка, уроженка Тургайского уезда, непоехавшая на каникулы за
дальностью расстояния от родины, - деп көрсеткен мақала авторы. Біз бұл
қазақ қызын Нәзипа Сегізбаева болар дей отырып, оған екі түрлі дәлел
келтіреміз.
Бірінші дәлеліміз, Семейдегі Абай музейі қызметкерлерінің Санкт-
Петербургтан тапқан құжатында айтылғандай Нәзипа қазақтың ескі салты
бойынша бесіктен белі шықпай жатып-ақ қалың малға сатылып қойылған. Ер
жетіп, білім алумен көзі ашылған Нәзипа ендігі жерді ауылға барар жолда
өзіне құрылған тор тұрғанын жақсы біледі. Екіншіден, ол осы оқу орнында
оқып жүргенде Қостанай уезіндегі Жітіқара – Шұбар болыстық мектебінің
мұғалімі, болашақ жары Нұрғали Құлжановпен танысады.
Нәзипа Құлжанованың қай жылы туғаны белгілі болса да, оның өмірлік
серігі, сүйген жары Нұрғали Құлжановтың туған жылы белгісіз. Қолда бар
жалғыз дерек ол – Құлжановтардың 1906-1908 оқу жылдарындағы семейлік
шәкірті, кейіннен ұзақ жылдар бойы Зайсан қаласында халық ағарту ісімен
шұғылданған Георгий Михайлович Хомутовтың Семейге келіп, Қазақ КСР-нің
халық артисі Күләш Сәкиеваға табыс еткен Нұрғали мен Нәзипаның бірге түскен
суреті болатын. Осы суретке қарағанда Нұрғали жұбайы Нәзипадан біраз жас
үлкен сияқты көрінеді. Сурет сыртына өз қолдарымен жазған: 1908 жыл. 27
ақпан. Жоржға Н.Құлжановадан ескерткіш. Семей қаласы. - деген қолтаңба
бар. Енді міне, Нұрғалидың өзі жазып отырғандай, 1893 жылы Орынбордың
мұғалімдік семинариясын бітіріп, ұстаздық жолын бастағанына қарағанда
жұбайы Нәзипадан он жастай үлкен сияқты.
Ерлі-зайыптылар 1905 жылдың жазында Семей қаласына қызметке
орналасқанда данышпан ақын, ұлы Абайдың қайтыс болғанына бір жыл толған
еді. Бұлар 1886 жылдың май айынан Семей облыстық Статистикалық комитеттің
толық мүшесі болған ең бірінші қазақ – Ибрахим Құнанбайұлы туралы және оның
балалары Ақылбай мен Мағауия жайлы бірер хабарламаны кезінде Дала уалаяты
газетінен оқығандары болмаса есімін қалың ел қастерлеп отырған Абай ақын
жайлы аз білетін еді. Кейіннен ақынның өмірі мен творчествосы жайын кеңірек
баяндайтын азалы ғұмырнама Мемлекеттік Географиялық қоғамның Семей
бөлімшесі жазбаларының 1907 жылғы 3-ші кітабында жарияланады. Ерлі-зайыпты
Құлжановтар соны оқығаннан кейін ғана Абайдың шынында ұлы ақын болғанына
одан әрі көз жеткізе түсті. Туған халқымыздың тұңғыш ұстаз-ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлектері Нұрғали мен Нәзипа кең байтақ қазақ
аспанының екінші бір жарық жұлдызы – Абай Құнанбаевпен осылай танысып,
ақын творчествосымен осылай достасқан еді.
Қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы қоғам қайраткерлерінің бірі
Сара Сәтбайқызы Есова өзінің естеліктері мен зерттеу мақалаларында,
жастармен кездесу кештеріндегі әңгімелерінде Нәзипа Құлжанованың есімін
жиырмасыншы жылдардағы Қазақстан өлкелік партия комитетіндегі жұмысшы шаруа
әйелдері бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған Нағима Арықовамен,
1919 жылдан РКП(б) мүшесі, В.И. Лениннің идеяларын насихаттаушы ең алғашқы
қазақ қызы Алма Оразбаевамен қатар қояды. Сара апай Қазақстан әйелдері
журналының 1977 жылғы 11-санында жарияланған мақаласында: Тірлік болса осы
кісілердің бойындағы ізгі қасиеттерді жазып, қызмет атқарысқан, сырласқан
осынау замандастарының шынында да ғажап тұлғалар болғанын асқан
сүйіспеншілікпен есіне алады.
Деректерге қарағанда Құлжановтар алғаш рет 1914 жылы баспасөз
беттеріне шығыпты. Орыс Географиялық қоғамының Батыс – Сібір бөліміне
қарасты Семей бөлімшесінің 1914 жылғы шығарылған VIII Жазбаларында
бөлімшенің 1913 жылғы жұмысының есебі жариялануы бұған дәлел боларлықтай.
Онда 1913 жылы бөлімшеге жаңадан 7 қызметкердің қабылдағаны туралы сөз
қозғалады. Солардың бірі Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова екен. Ал орыс
Географиялық қоғамның қызметкер-мүшелерінің екеуі ерлі-зайыпты Нұрғали мен
Нәзипа Құлжановтар болған.
Сонда олар бөлімшеге неліктен мүше болып қабылданған? Оның сырын
қоғамның Семей бөлімшесіндегі басқару комитетінің 1913 жылғы 28 ақпанда
өткізген мәжілісінің протоколынан ұғуға болады. Мұнда қаралған бірінші
мәселеде бөлімшенің халық арасындағы жұмысы қанағаттанғысыз екендігі
айтылады. Баяндамалар мен лекцияларды, әңгімелерді жандандыра түсу қажет,
ол үшін іске пайдасы тиеді-ау дейтін адамдарды бөлімшеге қабылдап, лектор
ретінде пайдалануымыз керек, - деген қаулы алынады. Сөйтіп, Нәзипа
Құлжанова қоғамның Семей бөлімшесіне осы қаулыға сәйкес мүше болып
қабылданыпты.
Сол күндерден кейін-ақ Ардақты, бар Нәзипа деген ханым, Газет,
журнал жүзінде жұртқа мәлім, деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырға
қосқандай, Нәзипа атқарған жұмыстары жайлы Айқап журналының 1914 жылғы 4-
ші санынан оқимыз.
Нәзипа Құлжанова жайлы келесі бір сөз оның шынында да нағыз мәдени
қайраткер, әнші әрі жан-жақты талант иесі болғандығы жайында. Ол
ағартушылық қызметімен қоса туған халқымыздың сарқылмас мұрасы – ауыз
әдебиеті мен музыкасынан да мол хабардар болған. Мәселен, 1919-1922
жылдарда кең байтақ өлкемізде болып, халқымыздың ән-күйін жинастырып,
оларды нотаға түсірумен шұғылданған өнер зерттеушілері А.В.Затаевич пен
А.Э. Бимбоэсқа кездескен Нәзипа өзінің орындауында көптеген халық әндерін
нотаға түсіртеді.
1919-1922 жылдары Ақмола қаласында тұрып еңбек еткен музыкант Альбин
Эрнестович Бимбоес халқымыздың 25 әнін баспасөз бетіне нотасымен
жарияланғаны белгілі. Солардың арасында ұлы Абайдың да екі әнін
кездестіреміз. Олар – Сегіз аяқ пен Татьянаның әні. Музыка
зерттеушісінің жазбаларына қарағанда ол халқымыздың басқа әндерімен қоса
Абайдың екі әнін Ақмола қаласында Нәзипа Құлжановадан естіп, нотаға
түсіріпті.
1922 жылы Петроградқа біржола оралған Альбин Бимбоес өзі жинап нотаға
түсірген сол 25 әннің негізінде Россия Ғылым академиясы жанындағы Радлов
үйірмесінің кезекті мәжілісінде Қырғыз-қайсақ музыкасы деген тақырыпта
лекция оқиды.Кейін оның жинап, нотаға түсірген қазақ әндері автордың
алғысөзімен Музыкалық Этнография жинағына енгізіліп, Қырғыздың 25 әні
деген тақырыппен басылып шығады.
Нәзипаның халқымыздың әдебиеті мен өнер мұрасына деген құштарлығы
өмірінің саналы кезеңі өткен Семей қаласында қалыптасқаны белгілі. Осында
Учительская семинарияда ұстаздық ете жүріп, Орыс Географиялық қоғамы
Семей бөлімшесінің мүшесі болу мүмкіндігіне дейін жеткен ол қаладағы
көптеген көзі ашық, білімді де зиялы қазақ және орыс
азаматтарымен қарым-қатынаста болды. Кейін тіпті олардың біразымен достасып
кетті. 1920-1930 жылдарда Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова Әйел теңдігі
журналында қызмет етеді. Осында жұмыс істей жүріп қаламын ұштай түскен
журналист ендігі жерде үлкен творчестволық жолға бетбұрыс жасайды.
Орынборда, Қызылордада, Алматыда тұрып еңбек еткен жылдарында да Нәзипа
Құлжанова жас республикамен бірге тыныстайды. Оның Мектептен бұрынғы
тәрбие (Орынбор, 1923ж.) Ана мен бала тәрбиесі (Қызылорда, 1927ж.)деп
аталатын педагогикалық, методикалық мақалаларының жарық көретіні де міне
осы жылдар.
Журналист Нәзипа Құлжанованың ерекше сөз етуге тұрарлықтай
еңбектерінің бірі Қоса жоқтау мақаласы. Осы жылдары қазақтың қазақтың
тұңғыш журналист қызы Нәзипа жалынды большевик, қазақ-кеңес әдебиетінің
негізін қалаушы Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов және басқа әдебиетші-
журналистермен бірге ең алғашқы редколлегия мүшелерінің бірі болып
сайланады.
Назекең көркем шығарма мен әдеби сын жазу, аударма жасау, зерттеулер
жүргізуге де қабілетті, білімі де, тілі де, мәдениеті де жететін талантты
да талапты саңлағымыздың өзі еді. Бірақ денсаулығы мен білген кезде өте
нашар болатын, - деп жазады ақын апамыз Мәриям Хәкімжанова Жұлдыз
журналында (1984ж 9-саны) жарияланған естелігінде. Бұл 1930 жылы болатын.
Демек, сол 1925-1930 жылдардың өзінде денсаулығы келмей жүрсе де Нәзипа
журналистік қызметтен қалмапты. Оның халық ағарту комиссариатының
тапсыруымен Ана мен бала тәрбиесі атты кітап жазып, оны Қызылорда
қаласында бастырып шығаратыны да, орыс жазушыларының шығармаларын ана
тілімізге аударуға талпыныс жасайтыны да міне осы жылдар екен.
Өмірден ерте кеткен Құлжановтардың артында қалған айтарлықтай жазбаша
деректер де болмай отыр. Соған қарамастан Нұрғали мен Нәзипа Семейге келмей
тұрып-ақ өздерінің туған жері – Торғай өлкесінен шыққан қос арыс Ахмет
Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовты жақсы білген деп айтуға толық негіз бар.
Басқасын былай қойғанда Семейге қызметке ауысқанға дейін арнаулы білімі
және оқытушылық тәжірибесі мол Нұрғали Құлжановтың Ахаңмен сырлас әрі
пікірлес болғаны анық. Содан да болар, Ахаң 1909 жылдың шілде айында жалған
жаламен тұтқындалып, Семей түрмесіне жеткізілгенде бұл күнге дейін иісі
Ертіс өңіріне есімдері мәшһүр болған Нәзипа мен Нұрғали қабырғалары қайыса
жүріп бұл іске арласады. Оларға тұтқындағы Ахаңмен жолығу да оңайға
түспейді.
Сондай кездесудің бірінде ақын Ахмет Байтұрсыновтың Нәзипа
қарындасына бірнеше парақ қолжазбасын аманат еткені де енді белгілі болып
отыр. Олар Семей түрмесінде туған Анама хат, Нұқаға хат және Нәзипа
қарындасыма дейтін өлеңдері еді. Артынша, аға аманатына берік ақынжанды
қарындасы Нәзипа бұл өлеңнің екеуін құпия түрде Ахмет Байтұрсыновтың
Торғайдағы семьясына (анасына) жөнелтеді. Қазір сол кездегі
А.Байтұрсыновтың тағдырлас жерлесі әрі қарындасына (бұл жылы Құлжанова
небәрі 22 жаста еді) арнаған өлеңінен үзінді келтірсек.
Рахатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң
Жарым жолдан қайтпасын қарындасым.
...Шаршадым деп ойламан шалдыққаннан,
Ұзақсынып жатпасын жалыққаннан
Жұрт қолымнан келмесе өкпелемес
Барым сақтап мен аяп алып қалман.
Тән көмілер көмілмес еткен ісім,
Ойлайтынын мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін, - депті.

Өлеңнің мазмұнынан-ақ көрініп тұрғандай, Нәзипаның Ахмет ағасымен көп
күндер сырлас та мұңдас болғанын анық байқаймыз. Ғұламаның: Ел бүгіншіл,
менікі ертеңгі үшін деп қарындасына қайрат бере сөйлеуі де сондықтан 9.
Әйел теңдігі, Қызыл Қазақстан, Жас қайрат журналылың әр бетін
парқтаған сайын, алғыр да өткір ойларымен таныс болған Алма Оразбаеваны
көреміз.
Алма Оразбаева 1898 жылы Орда поселкесінде қазіргі Орал облысы
Жәнібек ауданында қолөнерші отбасында туды. Ол Қазақстанда Кеңес өкіметін
орнату күресіне белсене араласқан қазақ әйелдерігің ішінен шыққан тұңғыш
қайраткерлеріміздің бірі. Ол 1919 жылы қазақ қыздарынан бірінші болып
Коммунистік партия қатарына кірді.
Алма 1922 жылы РК(б) П Қазақ облыстық комитетінің меңгерушісі
қызметін атқарды. Ол ҚАССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары
Кеңесінің күнделікті қалыңмал, көп әйел алушылықты, әмеңгерлікті жою
жөніндегі декретін дайындауға белсене араласты. Алма Дінмұхамедқызы
Кеңестік Шығыс әйелдерінің Бүкілресейлік съезіне дайындық жүргізу
мақсатымен қазақ сахарасының талай жерін аралап, жас Кеңес республикасының
алдында тұрған міндетін қазақ еліне насихаттады.
Ол 1925 жылы Қазақстан Оқу комиссариатының жанындағы саяси-ағарту
басқармасының меңгерушісі болып, Надежда Крупскаяның қарамағында істеді. Ол
1921 – 1925 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетеінің бюро мүшесі,
әйелдер бөлімінің меңгерушісі, 1926 жылы БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің
бөлім меңгерушісі болды. 1929 жылы Коминтерн тапсырмасы бойынша еңбекші
әйелдер арасындағы жұмысты ұйымдастыру үшін Моңғол Халық Республикасына
арнайы іс сапарға барады.
Ол респубикалық Әйел теңдігі, Қызыл Қазақстан, Жас қайрат
журналдарының редколлегия мүшесі ретінде көп жұмыс істеді. Әйел теңдігі
журналының 1926 жылғы 5-санындағы баспасөз күніне арналған санында Алма
Оразбаеваның суретін беріп , астына былай деп жазған еді:
Әйел теңдігінің шығуына себепші болғандардың бірі. 1921-1926 жылдан
Өлкелік әйелдер бөлімінің меңгерушісі болған, қазір халық ағарту
қызметінде.
Алма Оразбаеваның алғыр ойлы, ұшқыр тілді, қоғам қайраткері екенін,
оның Жас қазақ журналының алғашқы санында жарияланған еңбегінен
байқаймыз. Жастар ұйымы қазақ қыздарының арасында оқу керектігін түсіндіру
керек. Қыздарға оқу үйрететін мектептер ашу керек. Жастардың ойын-
сауықтарын үгіт-насихат құралына айналдыру керек. Саяси тәрбие беру үшін
партиядан тыс қыздардың конференцияларын ұйымдастыру керек... Қалыңмалды,
көп қатын алуды, әмеңгерлікті түбірімен жоюға күш салу керек. Сонымен қатар
оқыған сауатты қыздардың тізімін алып, оларды жастар ұйымының жұмысына-
қатыстырып отырған аса пайдалы.
Алма Дінмұхамедқызының белсене қатысуымен Қазақстан ОАК 1923 жылдың 6
желтоқсанында қаулы алып, қалыңмалды жою күнін мерекелеуді ұйғарды. Бұл күн
республика бойынша жыл сайын 1 қаңтар күні Қазақ әйелдерінің азаттық күні
ретінде аталып өтетін болып шешілді. Алма Кеңестік шығыс әйелдерінің
Бүкілресейлік съезіне дайындық жүргізу мамқсатымен қазақ сахарасының талай
жерін аралап, Жас кеңес республикасының алдынды тұрған міндетін қазақ еліне
насихаттады 10.
Әйел теңдігі журналының әр бетін ашқан сайын жиі кездесетін есімнің
бірі Нағима Арықова. 1926 жылы Москваға Шығыс әйелдері арасында жұмыс
істеушілердің кеңесіне Қазақстан өлкелік партия комитетінің жұмысшы-шаруа
әйелдер бөлімінің меңгерушісі Арықова барған еді. Ол Қазақстан әйелдерінің
арасында жүргізіліп жатқан жұмыстың тәжірибесін, әдісін айтты. Арықованың
сөзіне зер салып тыңдап отырған Клара Цеткина үлкен ризалық білдіріп, Мына
Күншығыс әйелдерінің қозғала бастауы – қара басын адам қатарына қосқаны,
бұл теңдік Күнбатыс әйелдеріне үлгі болуға жарайды деп бағалады. Арықова
үнемі әйелдердің азат болғанын, оларға әлеуметтік қызметке ерік берілгенін
айтып, оқу-өнерге шақырды.
Арықова, көбінесе, журналдың Партия тіршілігі, Өкіл әйелдер,
Күңдіктен теңдікке, Әйелдер арасындағы жұмысың жайы мен келешектегі
міндеттері, Қазақастанда әйелдер арасындағы жұмыстағы басқалар
мақалаларында Нағима Арықова әлеуметтік маңызды мәселелерді көтерді,
шаруашылық науқандарына орай көптеген пікірлер айтты. Бұл мақалардан
Арықованың публицистік келбеті өзіндікерекшеліктері жақсы аңғарылып тұрады.
Нағима Арықова 1927 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің,
Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің мүшесі болды. Ал 1929-1931 жылдары
ҚАССР Жоғары сотының төрағасы қызметін атқарды. Мұнда да әйелдер мен
балалардың өміріне байланысты көптеген мәселерді шешіп, әйелдер мүддесін
қорғады. Арықова Өкіл әйелдер не істеуі керек? деген кітап жазды. Ол
еңбегі Қазақстан мемлекеттік баспасынан 3000 дана болып жарық көрді.
Шығарманың мұқабасында әйелдер қозғалысы туралы 12 кітаптың тізімі
басылған.
Алманың құрбысы, әрі шәкірті Мәдина Бегалиева да жиырмасыншы жылдары
мәдениет майданында белсене ат салысқандардың бірі. Ол да қоғамдық
ұйымдастырушылардың жұмыстарымен қатар, қаламын серік етіп, сол кездегі
газет-журналдарға жазып тұрған.
Орал облысында кедей шаруа отбасында туған Мәдина Қожбанқызы тұрмыс
тауқыметіне қарамастан екі кластық орыс-қазақ қыздар мектебін, одан кейін
үш жылдық мұғалімдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайнар Олжай - публицист
М. Дулатовтың өмірбаяны
Ы. Алтынсарин өмірі және шығармашылығы
Қазақ газетінің зерттелуі
Әлем журналистикасының тарихы
Қасым Қайсеновтің публицистикасы
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Алтынбек Сәрсенбайұлы - публицист
Пәндер