Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін
Кіріспе
1 . тарау. Үнді Ұлттық Конгрессінің саяси ұйым ретінде қалыптасуы
1.1. ҮҰК құрылуы және алғашқы қадамдары
1.2. ҮҰК және М.К.Ганди ұлт.азаттық күрес жолында
2 . тарау. Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін
2.1. ҮҰК және көрнекті тұлғалар
2.2. Тәуелсіздікке қол жеткізу
2.3. ҮҰК құрылымы және ұйымдастыру принцптері
2.4. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Тарих факультеті
Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ҮНДІ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІНІҢ АНТИАҒЫЛШЫНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ТАРИХИ РӨЛІ
Мазмұны
Кіріспе
1 – тарау. Үнді Ұлттық Конгрессінің саяси ұйым ретінде қалыптасуы
1. ҮҰК құрылуы және алғашқы қадамдары
2. ҮҰК және М.К.Ганди ұлт-азаттық күрес жолында
2 – тарау. Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін
1. ҮҰК және көрнекті тұлғалар
2. Тәуелсіздікке қол жеткізу
3. ҮҰК құрылымы және ұйымдастыру принцптері
4. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. Егемендігін алып құқықтық мемлекет құруға,
демократиялық қоғам орнатуға ұмтылған Қазақстанға басқа халықтардың азаттық
үшін жүргізген күресі туралы зерттеулер қажет. Мұндай зерттеулерден біз
бұрын отар болған елдердің тәуелсіздікке қандай жолмен келгендігін,
тәуелсіздік үшін күрес заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тәжірибесін
үйренеміз. Үндістан халқының азаттық үшін жүргізген күресі мәселесі
қазіргі уақытта өзекті болатыны да сондықтан. Үндістандағы Ұлттық
конгрестің қызметі тарихын зерттеу жоғарыда айтылғанға сәйкес тәжірибелік
те, ғылыми да маңызға ие болады. Ұлттық конгресс Үндістандағы отарлауға
қарсы күресін сонау ХІХ ғасырдың соңында батаған болатын. Үндістер
тәуелсіздікке ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін ғана қол жеткізді. Жарты
ғасырдан астам уақыт Ұлттық конгресс партиясы үнді халқының тәуелсіздік
үшін күресін басқарды, оның аванградында жүрді. Ұлттық конгрестің
тәуелсіздік жолындағы қызметінің тарихы Қазақстан тарихнамасында
қарастырылмады және ол туралы қазақ тілінде арнайы монографиялар жоқ. Міне
осы бір ақтаңдақты жою да біздің тақырыптың өзектілігіне жатады.
Мәселенің өзектілігіне Ұлттық конгресс партиясындағы жеке тарихи
тұлғалардың қызметін зерттеуде қазіргі кезде маңызды болып табылады. Ганди,
Неру және басқа да Үндістанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің
тәуелсіздік үшін күрестегі ролі мен орнын қарастыру бізге тарихтағы жеке
тұлғалардың маңызын анықтауға көмектеседі. Жеке тұлғаның тарихи ролі туралы
тарихнамада пікірталас толастар емес, біз де осы ғылыми пікірталаста өз
ойымызды білдіреміз. Сондықтан Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының
қызметіндегі, тәуелсіздік үшін күрестегі Ганди мен Неру сияқты
саясатшылардың атқарған еңбегі туралы зерттеу қазіргі уақытта маңызды болып
отыр.
Мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының басты мақсаты Үндістан
Ұлттық конгресінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресін жан-жақты және
тереңірек зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету жолында біз ең алдымен
Үндістан Ұлттық конгресінің құрылу және даму тарихына көңіл бөлуіміз керек.
Сонан кейін жұмыстың мақсаттары қатарында Ұлттық конгрестің тәуелсіздікке
жету жолында қандай жұмыстар атқарғанын, күрестің қандай әдістерін
қолданғанын анықтау болады. Сонымен қатар Ұлттық конгрестің жұмысындағы
жеке тарихи тұлғалардың орны мен ролін анықтау да біздің мақсаттарымыздың
қатарында болады.
Осы аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындаумыз
қажет. Тарихи деректерге сүйене отырып Ұлттық конгресс партиясының қандай
жағдайда құрылғанын анықтау. Конгрестің құрылуына және қызметіне әсер еткен
тарихи жағдай қандай болды. Партияның алғашқы қадамдары қандай болды және
оның қызметіне Гандидің дүниетанымдық көзқарастарының әсері болды ма, болса
қандай дәрежеде болды деген сұраққа жауап береміз. Мұнан Ұлттық конгресс
партиясы өз жұмысында күрестің қандай әдістерін қолданды? Ол күрес
әдістерінің нәтижесі қандай болды? Ұлттық конгресс партиясының қызметіне
үндістан халқының көзқарасы қандай болды? Британ үкіметі конгрестің
қызметіне қалай қарады? Партияның қызметінде қандай қиындықтар кездесті
және ол қиындықтарды партия мүшелері қалай шешті? Партия ішінде күрес
әдістеріне, партияның қызметін жүргізуге, саяси бағдарын анықтауға
байланысты пікірталастар болды ма, болса қандай дәрежеде жүрді? Міне осы
сұрақтарға жауап беру біздің жұмыстың міндеттері қатарына жатады.
Әдістері мен әдіснамасы. Осы мақсаттарға жету үшін және қойылған
міндеттерді орындау үшін біз бірнеше зерттеу әдістерін қолдандық.
Марксистік зерттеу әдіснамасы дағдарысќа ұшырап, оны ќолдану аясы
шектелгенімен біз оның жетістіктерін әлі пайдалана береміз деп ойлаймыз.
Сондыќтан әдіснама мәселесіне келгенде, біздің ойымызша, ќолданыстан
шыќпаған, біраќ бірте-бірте өзгеріске ұшырай бастаған марксистік зерттеу
әдіснамасын біршама ревизиялау арќылы ќолданып жүрген сияќтымыз. Біз тек өз
еңбегімізде марксизмнің негізгі пастулаты таптар күресін ығыстырамыз. Әрине
біз таптар күресін тарихи ќұбылыс ретінде жоќќа шығармаймыз, алайда оның
тарихи дамуды аныќтаған негізгі заңдылыќ деген көзќарастан айрылуға
тырысамыз және оны жүзеге асырамыз. Сондыќтан диалектикалыќ әдіснамадағы
тарихи оќиғалар мен ќұбылыстардың өзіндік даму заңдалаќтары мен себептері
бар деген ойды ұстанамыз. Сол бойынша ќарастырғалы отырған оќиғалардың
шығуына алып келген объективті және субъективті алығшарттарға көңіл
бөлеміз. Бұл әсіресе Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының тарихына
байланысты өз маңызын жоғалтпайды. Ұлттық конгрестң қызметінде таптық
қарама-қайшылықтардың орын алуы болды ма деген мәселені анықтауға көңіл
бөлеміз. Осы факторларды аныќтағаннан кейін олардың тарихи оќиғаға
ќаншалыќты ыќпал еткенін аныќтауға тырысамыз. Бітіру жұмысының жазылу
барысында біз ең алдымен тарихи-хронологиялық әдістің аясынан шыќпаймыз.
Автордың зерттеуінде тарихи оќиғалар мен ќұбылыстар кеңістік пен уаќытта
бірінен кейін бірі жүргендіктен олардың болған кезеңін өз уаќытына
байланысты ќарастырамыз. Сонымен ќатар салыстырмалы тарихи әдісті де
ќолданатын кездер болады. Өйткені Үндістандағы Ұлттық конгресс партиясының
тарихи туралы мәлімет беретін деректерді салыстырмалы түрде қарастыру қажет
болады. Негізінен зерттеуде ќолданылған тарихи зерттеу әдістері айќын
байќалмайтын сияќты, біраќ ол үстіртін көрініс. Шын мәнінде біз аталған
әдістерді де, жалќыдан жалпыға көшетін дедуктивті әдісті де ќолдандыќ.
Сонымен қоса бітіру жұмысының авторы анализ және синтез сияқты әдістерді де
өз еңбегінде қолдануға тырысты.
Қолданылған деректер. Үндістанның Ұлтық конгресі партиясының,
Үндістандағы ұлт-азаттық күрестің тарихы туралы кең көлемді мәлімет беретін
деректер алуан түрлі. Олардың қатарында негізінен жазба деректер бізге
құнды болып табылады. Жазба деректер өз тарапынан құжаттық және әдеби
деректерге бөлінеді. Нарративті деректер қатарында М.К.Гандидің орыс тіліне
аударылған “Моя жизнь” еңбегі 1969жылы Мәскеуде жарық көрген. Махатма
Ганди өзінің еңбегін ағылшын тілінде жазған, ал оны орыс тіліне
А.М.Вязьмина аударған болатын. Бұл дерек көзі нарративті деректер қатарына
жатқызылып, өмірбаяндық мәлімет береді. "Менің өмірім" деп аталатын
деректен біз ең алдымен Гандидің дүниетанымдық және саяси көзқарасы туралы
мәлімет аламыз. Еңбектің барша мазмұны Гандидің және ол қалыптастырған
саяси-философиялық қозғалыс – гандизмнің мәні туралы баяндайды.
Келесі бір нарративті дерек көзі бұл Джавахарлал Нерудің "Воспитания
исследования" еңбегі болып табылады. Мұнан біз Үндістандағы ұлт-азаттық
күрестің барысында саяси өзгерістердің болғаны туралы мәліметтер аламыз.
Сонымен қатар Нерудің Үндістандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен саяси
дамудың мәселелрі бойынша түсінік аламыз. Әсіресе Нерудің Гандиге берген
алғашқы кездесуіне байланысты ойлары қызықты. Нерудің Ұлттық конгресс
қызметіне келуімен Ұлттық конгрестің саяси бағдарында үлкен өзгерістер
болады. Неру өзінің ұстазы санаған Гандидің көзқарасына сын айтады және
өзін социалист деп жариялайды. Бұл жағдай әрине партияның саяси бағытына
әсерін тигізбей қоймады. Әрине біз еңбекке сыни көзқараспен қарап, ондағы
Нерудің пікірлеріне талдау жасау арқылы ғана оның берген мәліметтерін
пайдаландық.
Джавахарлал Нерудің өмірі мен қызметі туралы жан-жақты және кең
көлемді материалдарды біз С. Гопалдың үш томдық "Биография Джавахарлала
Неру" деген еңбегінен аламыз. Гопал өзінің еңбегінде объективті пікір
айтуға тырысады, алайда бүкіл еңбекте оның Неруді аса дәріптегенін
байқауымызға болады. Нерудің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер кеңестік
тарихнамада сыни талдаудан өткендіктен біз оған баға беруді артық деп
санадық. Біздің барлық айтылған пікірлерге қосатынымыз бұл дерек көзі осы
уақытқа дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Еңбекте Нерудің бала
кезінен мемлекеттік қайраткер болған уақытына дейінгі өмірі өте көркем
баяндалады. Сонымен қатар Джавахарлал Нерудің Ұлттық конгрестегі және ұлт-
азаттық күрес барысындағы қызметі терең қарастырылады. Гопал үнді
саясатшысына баға беруден алшақ, бірақ оның Нерудің Үндістанның ұлы азаматы
деген пікірінің өзі аталмыш тұлғаға берген ең биік бағасы деп білеміз.
Еңбекте тек өмірбаяндық мәліметтер ғана емес, Нерудің саяси көзқарастары
туралы ақпарат берілген.
"Индия: Кодекс поведения политических партий и кандидатов" деген
Э.Н.Комаровтың аударған дерек көзі бізге негізінен Үндістан тәуелсіздік
алғаннан кейінгі партиялар арасындағы саяси күрес жүргізу кодексі туралы
мәлімет береді. Осы материалдарды біз ресми құжаттық деректер қатарына
жатқызамыз.
Құжаттық деректер қатарында маңыздылығымен Үндістанның конституциясын
атап өтуге болады. Бұл заңдық құжатта Үндістанның саяси жүйесі мен
мемлекеттік құрылымы туралы мәліметтер бар. Конституция біздің
зерттеумізідің хронологиялық аясынан шығып кетсе де, ондағы қағидалар
тәуелсіздік жолындағы күреске қатысқан саяси күштердің ара-қатынасын
анықтауға да көмектеседі. Мәселен, конституцияның заң шығаруша және
атқарушы билік туралы баптатары Ұлттық конгрестегі либералдық саяси
күштердің өз ойларын жүзеге асыру жолында біршама жетістіктерге жеткендігін
көрсетеді.
Тағы да бір ресми заңдық акт "Конгресс отырыстары" (Congress
sessions) деректен автор партияның тәуелсіздікке дейін және Үндістан
тәуелсіздік алғаннан кейінгі партияның съездері туралы мәлімет береді. Бұл
дерек ресми заңдық құжат болғандықтан оған деректік анализ жасалған жоқ.
Құжаттан біз партияның отырыстарында қаралған мәселелер, саяси күрестің
әдістері, саяси күштердің ара-салмағы және партия қызметі туралы басқа да
кең көлемді ақпарат аламыз.
Автор интернет арқылы "India`s struggle for freedom:Role of
associated movements" яғни "Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрес: қоғамдық
қозғалыстардың ролі" деп аталатын дерек көзін пайдаландық. Осы дерекетен
негізінен Үндістандағы ұлт-азаттық күрестегі Ұлттық конгресс партиясының
қызметі, оның тәуелсіздік үшін үнді халқының жүргізген күресіндегі ролі
туралы мәліметтер алдық. Бұл мәліметтер Ұлттық конгрестің тәуелсіздік үшін
күрестегі атқарған қызметіне баға беруге, оның басқа партиялармен арадағы
байланысын анықтауға, оның мүшелері туралы ақпарат алуға көмектесті.
Тарихнамасы. Үндістандағы ұлт-азаттық күрес тарихы, соның ажырамас
бөлігі Ұлттық конгресс партиясының тарихы туралы зерттеулер алуан түрлі.
Бұл еңбектердің барлығына, тіпті біздің жұмыста пайдаланылған монографиялар
мен мақалаларға толық тоқталу уақыт пен бітіру жұмысының көлеміне
байланысты мүмкін емес. Сондықтан да біз оларға қысқаша тоқталуға
мәжбүрміз. Біздің тарихнамалық талдауымыз да тек тарихи еңбектерге шолу
жасау болып табылады.
Атап өткеніміздей Үндістанның Ұлттық конгресс партиясы мен үнді
халқының ұлт-азаттық күресі мәселесі өзінің өзектілігін ешқашан жоғалтқан
емес, сондықтан да мәселенің зерттелуі кең көлемде жүрді. Әсіресе мәселеге
кеңестік кезеңде аса жоғары дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл идеологиялық
тұрғыдан ақталды да, өйткені таптық күрес пен догматикалық социалистік
идеяны уағыздауда империалистік елдердің отарлық саясатына қарсы
халықтардың күресін халыққа таныту қажет болды. Бірақ қарастырып отырған
мәселеге Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де қызығушылық жоғалған жоқ. Бұған
кейінгі кездердегі зерттеулер дәлел бола алады.
Шартты түрде үндістандағы ұлт-азаттық күрес туралы зерттеулерді
зерттеу объектісіне байланысты үшке бөлуге болады. Бір зерттеушілер
Үндістандағы жалпы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттеп, ондағы саяси
партиялар мен саяси қайраткерлердің тарихына тоқталады. Мұндай еңбектердің
қатарына А. И. Левковскийдің “Начало массового общеиндиского национально-
освободительного движения” деген мақаласын жатқызуымызға болады. Әрине
мұндай зерттеулерді тікелей ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан жеке
тұлғалардың тарихымен байланыстыруымыз қажет. Мәселен Левковскийдің
мақаласында ұлт-азаттық күрестің басталу тарихына көңіл бөліне отырып,
ондағы Ұлттық конгресс партиясының және ондағы Б. Тилактың қызметіне талдау
жасалады. Жұмыста Үндістандағы ұлт-азаттық күрес империалистік
Ұлыбританияның қанаушылық саясатына қарсы басталған күрестегі жеке тұлғаның
роліне де көңіл бөлінеді. Зерттеу марксистік әдіснама тұрғысынан жазылып,
Үндістандағы ұлт-азаттық күрес барысындағы таптық антогонизмнен шығатын
саяси күштердің тепе-теңдігі мәселесіне де тоқталады.
Екінші бір зерттеу түрі бұл Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрестегі
жеке тұлғалардың орны мен маңызына байланысты болды. Мұндай еңбектердің
ішінде Е.Юрлованың "Махатма Ганди – борец за социальную справедливость"
мақаласын айтуға болады. Мақаланың авторы үлкен деректік материалдарға
сүйене отырып Махатма Гандидің саяси, дүниетанымдық, философиялық
көзқарастарына баға беруге тырысады. Бұл мақалада кеңестік идеологияның
нышандары байқалмайды. бірақ әдіснамалық жағын алып қарайтын болсақ онда
негізінен материалистік-диалектикалық әдіснама қолданылғанға ұқсайды. Е.
Юрлованың екінші бір мақаласы " М.К.Ганди и участие хариджанов в
национально-освободительном движении" деп аталады. Мұнда да Гандидің
тәуелсіздік үшін күрестегі ролі мен орынына көңіл бөлініп, азаттық үшін
күрестке хариджандардың қатысқаны туралы зерттеу жүргізіледі.
Осындай зерттеулердің бірі В. Кашиннің "Сардар Валлабхай Патель" атты
мақаласы Үндістандағы тәуелсіздік үшін жүргізілген күрестегі көрнекті
қайраткер Пательдің қызметіне арналған. Патель Гандидің шәкірті және оның
саяси көзқарасы Гандидің көзқарасымен сай келеді. Оның азаттық жолындағы
қызметі, дүниетанымы және саяси көзқарасы, Ұлттық конгрестегі қызметі
туралы жазылған еңбекте аударылмаған материалдар қолданылады. Мақаланың
құндылығы да осыдан барып шығады. Пательдің үнді тарихнамасында қалыптасқан
аңыздық тұлғадан адами келбетін ашуға бағытталған мақала өз мақсатына
жеткен десек болады.
Жеке тұлғаның Үндістан Ұлттық конгресіндегі және жалпы ұлт-азаттық
қозғалыстағы роліне арналған зерттеулер қатарына А. Н. Чичеровтің
"Джавахарлал Неру и независимая Индия (очерки общественного развития страны
в 50-70 годы)", Э. Н. Комаровтың "Джавахарлал Неру: социально-политические
воззрения и историческая роль", В. Кашиннің "Пандит Джавахарлал Неру"
сияқты еңбектер жатады. Чичеровтың монографиясында Джавахарлал Нерудің
Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекеттік қызметіне және оның үнді
мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ролін анықтауға көңіл бөлінеді. Ал
Комаров Нерудің саяси-әлеуметтік көзқарасына талдау жасап, оның саяси-
қоғамдық тұлға ретіндегі тарихи маңызын анықтауға тырысады. Әрине Нерудің
өзі де, оның саяси қызметі де үлкен тарихи маңызға ие. Нерудің Ұлттық
конгресс партиясына келуі партияның крес жүргізу әдістеріне байланысты
бағытын өзгертуіне алып келеді. Әсіресе Нерудің социализмге байланысты
көзқарастары қызығушылық тудырады. Комаров социализмді Неру қоғамның
экономикалық және әлеуметтік қиындықтардан шығудың жолы ретінде ғана
қарастырды. Үндістан социализмге өз бетімен дайын болуы керек және оған
халықтың басым көпшілігі қатысуы керек, деген ойларын келтіреді. Сонымен
қатар, солшылдардың монополиялардың байлықтарын қайта бөліске салу туралы
ұсынысына қарсы болды. Үндістанда бөліске салатын байлық жоқ, тек бөліске
салатын кедейлік қана бар деп, ұлттық өнімді мен қызметтің көлемін өсіруге
шақырды, деп Нерудің саяси көзқарастарын анықтай түседі.
Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихнамасындағы тағы да бір
зерттеу объектісіне байланысты зерттеулер тікелей Үндістан Ұлттық
конгресіне және басқа да партиялардың қызметіне арналған. Мұндай еңбектер
арасында Т. Ф. Девяткинаның "Индискии национальный конгресс", А. И:
Регининнің "Индиский национальный конгресс: очерки идеологии (60-е и первая
половина 70х)" шығармаларын және Ф. Юрловтың "Индийский национальный
конгресс во власти и в оппозиции" атты мақаласын атап өтуге болады.
Девтякинаның монографиясында Үндістан Ұлттық конгресінің тарихы жан-жақты
және терең зерттелген. Девяткина көптеген тарихи материалдарды пайдалана
отырып, Ұлттық конгрестің пайда болуы және дамуы тарихын көрсетуге
тырысады. Ол Ұлттық конгрестің құрамындағы, басшылығындағы өзгерістерге
орай оның саяси бағдарындағы өзгерістердің болғаныдығы туралы айтады.
Сонымен қатар еңбектің авторы партияның әлеуметтік тірегіне де көңіл
бөледі.
А. И: Регининнің "Индиский национальный конгресс: очерки идеологии
(60-е и первая половина 70х)" тақырыптағы еңбегі Ұлттық конгрестің ХХ
ғасырдың 60-70-ші жылдарындағы қызметіне арналғанымен оның тарихына да шолу
жасайды. Бұл еңбектен біз Ұлттық конгрестегі саяси күштердің, партияның
саяси бағдарламасының эволюциясын анықтай аламыз. Осындай ойды Юрловтың
мақаласы туралы да айтуға болады.
Аталған зерттеулерден басқа біз біршама тарихи шығармаларды,
оқулықтарды және Үндістан тарихына арналған жалпы еңбектерді де
пайдаландық. Аталған зерттеулер негізінен Үндістандағы тәуелсіздік үшін
күрес кезінде елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайдың
деңгейін анықтауға көмектесті. Сондықтан да, яғни бұл еңбектер тікелей
Ұлттық конгресс партиясына арналмағандықтан олар туралы пікір айтуды артық
деп санадық.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы жоғары оқу орындарында осындай
жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес жазылды. Жұмыс екі тараудан, әр
тарау екі бөлімнен (параграфтан) тұрады.
1-тарау. ҮНДІСТАН ҰЛТТЫҚ КОНГРЕССІНІҢ САЯСИ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Кіріспе.Тақырыпты бастар алдында Үндістан туралы аздап тоқтала
кеткенді жөн көрдім. Үндістан (Хинди Бхарат) – Үндістан Республикасы,
оңтүстік Азиядағы мемлекет. Шамамен 900 миллионнан астам халқы бар. Көбі
хиндустандықтар, телугу, маратхалар, бенгалдықтар, бихарлықтар,тамилдер,
гурджараттықтар, кашарлықтар, пенджаптықтар. 80 % индуизм, 10 % мұсылман,
христиан, синха дінін ұстанады. Ресми тілі – хинди тілі, ағылшын тілі.
Астанасы – Дели .
Үндістан – федеративтік мемлекет. 25 штаттан, орталыққа қарайтын 7 одақтық
территориядан тұрады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы –
парламент. Парламент Халық палатасы мен штаттар Кеңесінен
тұрады.[ииМ.Алтернатива 5 стр]
Үндістан тәуелсіз мемлекет болып 1947 жылы 15 тамызда жарияланды.
Парламенттің жоғарғы палатасы – штаттар Кеңесі (Раджья Сабха) – 250 депутат
кіреді, төменгі палатасы – Халық палатасы (Лок Сабха) – 545 депутаттан
тұрады. Төменгі палатасы әр бес жылда бір сайланады. Тікелей және жасырын
дауыс беру арқылы, жасы 18 толған азаматтар қатысады. Жоғарғы палатаға
сайлаушылар коллегиясының шешімі бойынша штат заң шығарушы кеңесінің
депутаттарының ішінен сайланады.
Президент 5 жылға сайланады. Президентті парламент пен штат заң
шығарушы мәжілісі сайлайды. Іс жүзінде атқарушы билікті премьер-министр
жүргізеді. Ол – министрлер кеңесін басқарады. Премьер-министр болып, Халық
палатасына сайлауда жеңіске жеткен партия немесе коалиция жетекшісі
тағайындалады.[АиА сег.1999 №12 3стр]
Үндістанның конституциясы преамбула және 345 баптан тұрады, 22
бөлімге бөлінген. 1950 жылы 26 қаңтарда күшіне еніп: Үндістан тәуелсіз
демократиялық мемлекет деп жарияланған. 1999 жылға дейін 78 өзгерту
жасалынған.[конст. Пр. вчера и сег. М. Плешова 22б]
Гандизм – діни философиялық қозғалыс, негізін Мохандас Карамчанд
Ганди қалыптастырған. Негізгі белгісі – тәуелсіздікке күш қолданбай, бейбіт
жолмен жету. [Н.Р.Гусев “Многоликая Индия”7б]
Үндістанда 1995 жылғы мәліметтер бойынша сайлаушылар саны 500 млн. асып
кеткен, жалпы халықының саны – 900 млн. астам. Штаттардың федеративтік
мемлекет көлемінде автономиялық құқығы бар. “Ұлттық” партиялар кем дегенде
4 штаттан, барлық дауыстың кем дегенде 4 % жинауы керек. “Штаттық”
партиялардың көбіне, 1 немесе 2 штат көлемінде ғана беделі бар.[Восток
Комаров 155 б]
Атқарушы билік, соның ішінде мемлекеттік аппарат заңшығарушы биліктің
бақылауында. Атқарушы биліктің (үкімет) барлық басшылық органдарының
қызметкерлері, провинция (штаттардың) губернаторларынан басқа, конституция
бойынша сайлау арқылы және заңшығарушы органдардағы көпшілікті құрайтын
фракцияның құрамынан қалыптасуы керек.[Флорин 39]
1 Конгресстің құрылуы және алғашқы қадамдары
Ал дүние жүзіндегі ең әйгілі партиялардың бірі Үнді ұлттық конгрессі
Үндістан тәуелсіздік алғаннан бері билік басында келе жатыр. Үнді ұлттық
конгрессі (ҮҰК) 1885 жылы 28 желтоқсанда Бомбейдегі болып өткен өзінің
алғашқы съездінде құрылды. Конгресті құру инициативасын алғаш көтерген,
вице-кароль Даффериннің басқаруындағы британ отарлық әкімшілігімен тығыз
байланыста болған үнді азаматтық қызметінің бұрынғы ірі шенеунігі Аллан Юм
болды. Конгрессті құрудағы негізгі мақсаты – отаршыларға деген үндістердің
наразылығын аз да болса құрықтап ұстауға тырысқан талпыныстан туып еді.
Алғашында конресстің қызметі осы бағытта жүріп-ақ жатты, бірақ, уақыт өте
келе отаршылық жүйесінің шеңберінде ғана реформаторлық жолды ұстанудан бас
тартып, британ билігіне қарсы ұлт-азаттық күрес жолына түсті. 1947 жылы
Үндістан тәуелсіздік алғанға дейін, 62 жыл бойы Үнді ұлттық конгрессі ұлт-
азаттық күрестің жетекшісі болып келді.
ҮҰК құрылуының алғышарттары ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді,
алғашқы толқыны ретінде 1857-1859 жылдардағы үндістердің ұлы халық
көтерілісі немесе Үндістанның тәуелсіздігі үшін алғашқы соғыс болды. Британ
үкіметінің көтерілісті күшпен басып тастауы жағдайды өзгертпеді. Үндістанды
экономикалық тонау, миллиондаған үндістерді европалықтардың қанауы тоқтаған
жоқ. Халық ішінде және ұлттық интеллегенция арасында елдің әлеуметтік-
экономикалық артта қалуы, халықтың басым бөлігінің кедейшілікте өмір
сүруінің негізгі себебі – Ұлыбританияның отаршылық саясаты деген көзқарас
қалыптасқан еді.
Жалпыүнділік саяси ұйым құру туралы ойлар 1876 жылы құрылған Үнді
ассоциациясының қабырғасында пайда болды. Ассоциацияның жетекшісі
Сурендратх Баннерджи Конгрессті құрушылардың бірі болатын. Ол өз
жақтастарымен Үндістанның ірі орталықтарында болып, жергілікті ұйымдармен
кездеседі, нәтижесінде 1883 жылы Калькуттада ұлттық конференция шақырылады.
Осы кезде Бомбейде де осындай ұйым жұмыс істеп жатыр еді. [Т.Ф.Девяткина
37б]
1866 жылдан 1879 жылға дейінгі аралықтағы елді қамтыған ашаршылық
жылдары елдің жағдайының нашар екендігін және экономикалық құлдырауға
ұшырағандығын көрсетті. Бұның негізгі себебі Үндістаннан байлықтың шет елге
тасып әкетілуі мен ағылшындардың “еркін сауда” деген саясаты жергілікті
өнеркәсіп пен сауда үшін тым ауыр тиді. Ендігі жерде Үндістан шетел тауарын
өткізетін базар мен шикізат өндіру көзіне айналды. Ауылшаруашылығындағы
стагнация мен қалалардағы өнеркәсіптің дамымауы елде жаппай жұмыссыздық-қа
алып келді. Сонымен қатар отарлық билік ендігі жерде баспасөзді, жаппай
ереуілдер мен жиындарды қатал қадағалауға ала бастады. Бұның бәрі бүкіл
Үндістанның әр түкпірінде шаруалардың жаппай қарулы көтерілістері мен бас
көтерулеріне ұласып жатты.
Осы кезде Үндістанда ағылшынша білім алған, жаңа элита пайда бола
бастады. 1885 жылы олардың саны шамамен 50 мыңға жуық еді. Олардың біразы
мемлекеттік қызметке кірді, көбі – заңгер, дәрігер, журналисттер қоғамдық
істерге араласуға тырысты. Әрине, бұл адамдар революсионерлер болған жоқ,
өздерінің империялық билікке лоялдық көзқараста екендіктерін көрсете
отырып, тек, мемлекеттік істерге араласып, қызметке кіріп, әкімшілік
реформалар жасауға ықпал етуге тырысты. С.Гопал. 9 бет
Коннгресстің жалпыүнділік ұйым ретінде құрылған жылдарында, елде әр
түрлі ұлттық ұйымдар мен қозғалыстар қалыптаса бастады. Солардың арасында
1883 жылдың желтоқсан айында Калькутта қаласында Жалпыүнді ұлттық
конференциясын өткізген Үнді ассоциациясы бар еді.
Конгрестің бірінші съездінде елдің түкпір-түкпірінен келген 72
делегат қатысты. Делегаттардың көпшілігі ағылшынша білім алған – заңгер,
дәрігер, журналистер, мемлекет қызметкерлері, орта таптың өкілдері еді.
Олардың арасында ескі аристократияның өкілдері – раджа және махараджалар,
ірі заминдарлар мен саудагерлер, қолөнершілер мен шаруалардың өкілдері
болған жоқ. Съезд жұмысына барлық діни конфессиялардың өкілдері – үндістер,
христиандар, парсылар, джайн, мұсылмандар қатысты. Мұсылман дінінің
өкілдері екеу ғана болды, дегенмен келер жылдары ҮҰК құрамындағы
мұсылмандардың саны арта түсті: 1886 жылы – 434 делегаттың 33-і, ал 1890
жылы – 677 делегаттың 116 – сы мұсылмандар болды. Жалпы, конгресстің
билігінің басында әр түрлі діни конфессиялар өкілдерінің арасында белгілі
бір баланс сақталып келді. Мысалға, 1886 жылы ҮҰК президенті парс Дадабхай
Наороджи, 1887 жылы мұсылман Бадруддин Тьябджи, 1888 жылы христиан Джордж
Юл болған және т.с.с.
Алғашқы жылдары ҮҰК толық бағдарламасы, жарғысы болған жоқ. Жыл сайын
өтіп отыратын съездерінде резолюция қабылданатын, осы резолюцияны
бағдарлама ретінде пайдаланатын. Келесі съезді өткізу үшін дайындық
комитеті құрылатын, ол “ресепшн комити”деп аталды. Негізгі жұмысы: съезді
өткізуге қажетті қаржы жинау, орын таңдау, делегаттарды орналастыру,
уақытылы келулерін қамтамасыз ету.
Құрылғаннан кейінгі бастапқы жылдарда Конгресс осы кездегі отарлық
режим көлемінде ғана саяси реформалар жүргізуді талап етті. Британ
үкіметіне қарсы еместігін айта отырып, Конгресс басшылары бұл кезде
провинцияларда жұмыс істеп жатқан заңшығарушы кеңестің көмегімен елді
басқаруға араласуға ұмтылыс жасады. Әрине, бұл кезде олар жалпыға бірдей
сайлауға қатысу құқығын талап еткен жоқ еді, себебі ондай құқық бұл кезде
Англияның өзінде жоқ еді. ҮҰК азаматтық қызметтерге үндістердің араласуына
көп көңіл бөлді. Бұл қызметтерге қабылдайтын экзамендерді, Англия мен
Индияда бір кезеңде өткізуді, жас цензін көтеруді, ағылшындар мен үндістер
тең жағдайда қатысуға құқылы болуын талап етті. Экономикалық талаптарға
келсек, ҮҰК негізін құрайтын білімді орта таптың мүддесін көрсетті.
Мысалға, салық салынбайтын төменгі табыстың көлемін жоғарылатуға, жерге
салықты алып тастауға талпынуы. Сонымен қатар, шаруалардың да құқықтарын
қорғауға тырысты. Өзінің алғашқы съездерінің бірінде-ақ шаруаларға жерге
тұрақты құқық беру мен ормандарды пайдалануға жеңілдіктер беру және тұзға
салықты азайтуды талап етті және т.б.
Конгресс комитеті жылына кем дегенде үш рет жиналуы керек болды. Олар
келесі съездің уақытын, орнын өзгертуге құқылы болды, төтенше съезд шақыра
алды. Конгресстің төрағасын бекітуге, резолюцияның жобасын жасады. Өткен
съездерде қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауға міндетті болды.
Делегаттар провинциядағы комитеттің бөлімдерінде сайланды. Конгресс
төрағасы жыл сайын сайланып отырды, ол Конгресс комитетінің төрағасы болып
табылды. Жүиелі жұмыс істеулері үшін хатшылық құрылды. Құрамында құрметті
(почетный) хатшы болды, ол барлық ұйымдардың жұмысына жауапты болды, бір
палата көмекшісі және керекті штат болды. Бұларды қаржыландыру үшін 5 мың
рупий бөлініп отырды. Бұл қаржыны дайындық комитетінен алды. Айта кететін
жағдай, ұзақ жылдар бойы Конгресстің хатшысы – ағылшын А.О Хьюм болып
келді.
Сондай-ақ ҮҰК сыртқы саясатқа араласуға тырысқаны да көңіл бөлуді
талап етеді. Ол Англияның Бирмадағы соғыс қимылдарына наразылық білдірген,
осы елге салған аннексияға қарсы болған. Британ империясындағы әскери
шығындардың тым көптігін қолдамайды.
Дамуының алғашқы кезеңдерінде жоғарыда айтылғандай Конгресс британ
үкіметіне лоялдық көзқарасты ұстанған. Конгресстің бірінші съезінде
төрағалық еткен Боннерджи “Үндістандағы британ билігі”туралы айтып өтеді.
Ал Дадабхай Наороджи “біз, Британияның балалары, еркіндік пен өкілеттілікті
мұраға алуға құқылымыз ”деген. Басқа бір делегат Субраманья Айяр болса:
“Қасиетті қол бізді ұлы Ұлыбританияның басқаруына алып келді...
Британиянияның басқаруы өзінің нәтижелеріне және бағытына қарай басқа
билеушілерге қарағанда жақсы болды ” дейді. Тіпті мәжілістің қорытынды
отырысында барлық делегаттар Аллан Юмның ұсынысымен Британияның
императорының денсаулығын тілеп үш рет қайталаған.
Соған қарамастан осы кездің өзінде конгресстің жүргізіп отырған шебер
саясаты британия үкіметі тарапынан көп қолдау таба қойған жоқ. Лондонда
шығатын “Таймс” газеті ҮҰК жетекшілеріне Үндістан күшпен басып алынған,
ендігі жерде де күшпен басқарылатындығын ескерте отырып: “Егер бізге
Үндістаннан кететіндей жағдай туса, бұл керемет шешендердің сөзінен емес,
тек керемет күш пен өткір қылыштың арқасында ғана болады ” деп қорқытты.
Келесі он жылдықта конгресс көбіне үндістердің орта тап өкілдеріне қатысты
мәселелермен ғана жұмыс істегенмен, партия жетекшілерін басқа да мәселелер
алаңдатты, ең бірінші кезекте Үндістан мен Ұлыбритания арасындағы
қатынастарға байланысты мәселелер. Наороджи “сыртқа ағып кету теориясын”
(теория утечки) жасады, оның негізгі мәні – Үндістанды пайдалану
нәтижесінде елдің байлығы Англияға кетіп жатқанын дәлелдеу. Р.Ч. Датт
отаршылдық пайдалану саясатының нәтижесі үнді шаруаларының кедейленуіне
әкелгендігі туралы тезисті дәлелдеді.
1899 жылы желтоқсан айында Лакхнада өткен Конгресстің 15-съездінде
партияның жарғысы қабылданды. Қабылданған жарғыда тек ережелер емес,
бағдарламаларының да негізгі бағыттары жазылды. Осы жерде ҮҰК мақсаты –
Үнді елінің жағдайын конституциялық жолмен жақсартуға көмек көрсету деп
көрсетілді. Жарғыда көрсетілгендей партияның жоғарғы органы – Конгрессің
жыл сайынғы съезді болып табылады. Съездің жұмысын басқару үшін 45 адамнан
тұратын Конгресс комитеті құрылды. Комитет мүшелері съезде сайланатын.
Олардың 40 мүшесі провинциялық комитеттің ұсынысы бойынша сайланатын, егер
бұндай комитет жоқ болса, көршілес провинцияның комитетінің делегаттарының
көмкгімен сайланатын. Ал Үнді Конгресс комитеті енді Жалпыүнді Конгресс
комитеті болып өзгертілді. Конгресстің радикалдық қанаты осы кездің өзінде
Үндістанның тәуелсіздігіне қол жеткізу туралы талап қоя бастады.[Девяткина
38б]
1906 жылы Калькуттада ҮҰК сессиясы өтті. Сессияда қабылдаған
резолюцияның негізгі мәні сварадж (өзін-өзі басқару) – Британия
империясының көлемінде өзін-өзі басқару құқығын талап ету. Сонымен бірге
свадеш (ұлттық өнеркәсіпті дамыту) жариялады. Сессия ағылшын товарларына
байкот жариялады. Себебі: 1899 жылы Үндістан вице-каролі лорд Керзон (1899-
1905 жж) тағайындалған. Ол 1899 жылы ақша реформасын жүргізеді. Мәні, күміс
рупийді алтын паритетке ауыстырды, фунтқа шаққанда бағасы өте жоғары болып
кетті. Бұл саудагерлердің наразылығын тудырды, оқудың бағасы өсірді. Сондай-
ақ Бенгалия президенттігін бөлшектеу туралы акт дайындады. Бұл жағдайдың
бәрі жаппай наразылық тудырды.
XIX ғасырдың 90-жылдары Конгресс құрамына елге танымал бола бастаған,
жас толқын өкілдері келе бастады. Олар: Бал Гангадхар Тилак, Гопал Кришна
Гокхале, Мадан Мохан Малавия, Лала Ладжпат Рай, Бипин Чандра Пал және т.б.
Барлығы бірігіп халықпен жұмыс істей бастады. Әсіресе Бенгалия, Махараштра
және Панджапта белсенді жұмыс атқарды.
Тилак 1856 жылы маратх браминдер отбасында дүниеге келген, діни білім
алған, ежелгі индуизм дінінің өкілі болды. Қоғамдық істерге 1870 жылдан
бастап араласа бастады. XIX ғасырдың 90- жылдарынан бастап ҮҰК істеріне
араласа бастады. ҮҰК өкілдерінің ішінде бірінші болып Үндістанның толық
тәуелсіздігі үшін күрес ұранын тастады. Өзінің саяси қызметі барысында діни
ұрандар мен кей кездерде реакцияшыл әдістерді де ұстанды. Елде көпшіліктің
қолдауына ие болды.
1887 жылдан бастап, проконгрессистік Үнді ұлттық әлеуметтік
конференциясы Тилактың талабына байланысты өз съездерін ҮҰК сессияларынан
бөлек өткізе бастады. Осы Үнді ұлттық әлеуметтік конференциясының
инициативасы бойынша қаналушы тап миссиясы (1906 ж) құрылған болатын. Бұл
миссия 1918 жылы науырыз айында Жалпыүнділік съезд шақырады, осы съезде
“неприкасаемостьқа қарсы манифест” қабылданады. Бұл манифестке Бепин Чандра
Пал, Сардар Валабхай Патель және тағы басқалар қол қойды. Робиндрант Тагор
съездге қатысушыларға телеграмма арқылы сәлемдеме жолдайды. Тилак съезде
сөз сөйлейді, осы жылы “экспанция неприкасаемости” атты еңбегін жазған.
[И.Ежегод. 87 Юрлова 261
Осы жылдары ҮҰК ішінде екі қанат пайда болды. Біріншілері, империя
құрамында өзін-өзі басқару құқығын реформа, конституцияға өзгертулер енгізу
арқылы жетуді көздесе. Екінші топ, Үндістанның толық тәуелсіздігіне қол
жеткізуді қалады және реформа бұған жетудің жалғыз жолы емес деп
қарастырды. Бірінші қанатқа Сурендрат Баннерджи, профессор Гхокале және
Фатуземах Мехта жетекшілік етті. Ал, екінші қанатқа Бал Гангадхар Тилак,
Бипин Чандра Ладжпат жетекшілік етті. Екі қанат арасында күрделі саяси
қарама-қайшылық орнады. Екі қанат арасында қарама-қайшылық әсіресе 1907
жылы сессияда орын алды. Бірақ бұл жайында кейінірек, ретпен айтамыз.
Ендігі кезекте XIX ғасырдың басындағы өзгерістерге тоқталайық.
Конгресс комитеті кем дегенде жылына үш рет жиналуы керек еді. Жүйелі
жұмыс істеуі үшін хатшылық құрылды. Конгресстің жарғысында партия
мүшелігінің ережесі, провинциялық ұйымдардың құрылымы жөнінде ештеңе
болмады. Қаржылай базасын әр кезде көмек көрсетіп отырған өнеркәсіп,
саудагерлер, княздар мен помещиктердің көмектерінен қалыптастырды.
Партияның мақсаты – елді басқару органдарына үндістерді жіберуді талап ету.
Конгресс құрамында әр түрлі топтардың болуы, олардың арасындағы күрес
нәтижесінде жарғы ылғи өзгеріп тұрды. 15-съезде қабылданған жарғының негізі
сақталғанмен, әр съезде өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырды. 1900
жылғы съезде ҮҰК комитетіндегі провинциялардан сайланатын мүшелер санының
қатынасы өзгерді. Бұрынғы экс-төрағалар енді, комитет мүшелері болып,
комитетке хатшы, көмекші, Дайындық комитетінің төрағасфы да кіретін болды.
1906-1908 жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың жандануына байланысты Конгресстің
ендігі жерде кең көлемде жұмыс істеуіне әсер етті.[Девяткина 40б]
Свадеши қозғалысы 1899 жылы Үндістанның вице-каролі болып лорд Джордж
Н.Керзон (1899-1905 жж) тағайындалды. Керзон аса реакцияшыл, “джингоистік”
ағылшын империалисттер тобының өкілі. Ұлт-азаттық қозғалыстарды қатаң басу
және нәсілдік дискриминация саясатын ұстанған. 1903 жылы Үндістанның табиғи
байлықтарын іздеу мен игеруде ағылшын монополистеріне көп жеңілдік беретін
арнайы заң шығарылды. Керзонның тұсында табыс салығы алынбайтын жылдық
табыстың минимумы 500 рупийден 100 рупийге дейін төмендетілді. Осындай
жағдайлар орта таптың наразылығын тудырды. [ИИ К.А.Антонова351]
ҮҰК дамуындағы маңызды кезең свадеши қозғалысының (1905-1911 жж)
басталуымен белгілі. Қозғалыстың басталуына Үндістанның вице-каролі Джордж
Н.Керзонның Бенгалия президенттігін бірнеше әкімшілік бөлікке бөлу туралы
шешімін жариялауы себеп болды. Құрамына Бенгалия толығымен (қазіргі батыс
Бенгалияны қоса, Бангладеш, Бихар, және Орисса) кірген, жалпы халық саны
78,5 миллион, барлық Үндістан халқының ¼ бөлігін құрайтын Бенгалия
президенттігінің өте үлкен көлемі оны басқаруды қиындатты. Астанасы, барлық
Британиялық Үндістанның астанасы Калькутта болды.
Бенгалияны екіге бөлу шешімі қабылданды, біреуі – үндістер көп тұратын
бөлік болса, екіншісінде мұсылмандар саны көп болды. Бұл үлкен наразылық
тудырды. Бұлай бөлудің түбінде күннен күнге халық арасында өсіп келе жатқан
отаршылыққа қарсы наразылықты әлсіретуге бағытталған талпыныс жатты.
ҮҰК 1903 жылы Бенгалияны бөлуге
дайындық жүріп жатқан кездің өзінде-ақ бұл жоспарға қарсы шыққан. Дегенмен
отарлық әкімшілік оған тоқтай қоймай, 1905 жылы 16 қазанда Бенгалияның
бөлінуі іске асқан факт болды. Осы кездерде Керзон “бенгалдықтар жағынан
айғай-шу көп болады, бірақ бөлуден құтыла алмайды, қарсылықтары басылады”
деп жазды. Дегенмен ол қателесті.
1903 жылдан бастап, британ үкіметі Бенгалияны бөлу туралы ашық айта
бастады, осыған байланысты қарсылық ереуілдері басталып кетті. 1905 жылдың
қазан айына дейін үндістер де мұсылмандар да қатысқан 2000 ға жуық
ереуілдер мен жиындар болып өтті. Бенгалияның, басқа да үнді
баспасөздерінің беттерінде бөлу жоспарын сынаған мақалалар жарық көре
бастады. Отарлық үкіметке мыңдаған адамдар қол қойған, Бенгалияны бөлшектеу
туралы шешімді қайтарып алуды талап еткен петициялар жөнелтілді. Барлық
шаралар нәтиже бермегеннен кейін, 1905 жылы 7 тамызда Калькуттада болып
өткен көптеген адамдар қатысқан ереуілдерде свадеши қозғалысының
басталғандығы жөнінде және ағылшын товарларына байкот жариялайтындықтары
жөнінде хабарлады, бұл шара Бенгалияны бөлшектеу туралы шешім күшін
жойғанға дейін жалғасуы керек болды. Бұлармен қатар, сапасы төмен болса да
жергілікті товарды пайдалануға шақырған ұрандар айтылып жатты.
Свадеши қозғалысының идеологиялық негізін Бонким Чондра Чоттопадхай,
Свами Вивекананданың және тағы басқалардың патриоттық кітаптары, мақалалары
құрады. Олар үндістерді отан үшін белсенді қимылдарға шақырды. Вивекананда
қозғалыс басталмай тұрып бірнеше жыл бұрын жастарға: “сендер өздеріңді
момын қой секілді сезінген жалған түсініктен арылыңдар”, “маған тек күш
керек”, “келесі 50 жыл бойы,- деп жазды ол 1897 жылы,-біздің жалғыз
мәселеміз ұлы шешеміз Үндістан болуы керек, ал әзірге, уақытша біздің
жүрегіміздегі барлық өзімшілік құдайлары жоғала тұрсын, тек бірақ құдай –
халық қана жүрегімізде қалсын ”, “бостандық – дамудың бірінші алғышарты”,
деген сөздерді айтқан.
Рабиндранат Тагор “конструктивті” свадеш идеясын ортаға салды,
“бұрынғы ескі саясаттың” орнына енді шет тіліндегі бос сөз бен
шетелдіктерді еш пайдасыз құрметтей берудің орнына, халықтың өміріне керек
нақты жұмыспен айналысуға шақырды.
Ағылшын тауарларына қарсы байкот әр түрлі формада болды. Мысалға,
Майменсингха қаласының етікшісі ағылшын аяқкиімдерін жөндеуден бас тартса,
Калькуттаның кір жуушылары шет ел киімі мен маталарын жуудан бас тартқан,
ал абыздар шет ел киімін киген тойларға қатысудан бас тартқан.
Ортодоксалдық пандиттер (үндіс оқымысты-теологтары) шет ел қанты мен тұзын
пайдалану индуизмге қайшы келеді деп үгіт жүргізді. Ағылшын өнеркәсіптеріне
байкот жарияланды.
1907 жылдың ортасына қарай байкоттың шет ел товарын сатуға үлкен зиян
әкелетіні анықталды. Осы жылдары свадеши қозғалысын қолдайтын көптеген
ұйымдар мен қоғамдар құрылды. Бұлардың арасында “Анушилан самити”
(мәдениетті тарату қоғамы) қоғамы, “Шұғыла”(Заря) қоғамы, “Банде Матарам”
және т.б. Олардың жұмысы Бенгалияда мәдени жаңғыруға әсер етті,
Б.Ч.Чоттопадхайдың отыз жыл бұрын жазған “Анандаматх” (“Обитель радости”)
романынан алған “Банде Матарам”(“Сәлем саған, о Отан-Ана”) сөздері өзіндік
мантраға (молитва) айналды. 1906 жылғы Конгресстің Калькуттадағы өткен
съездінде Р.Тагор “...бенгалдықтар өздерін бенгалдықтармыз деп тек
геграфиялық шекараға байланысты айтпайды, олар бір-бірімен ортақ бенгал
тілі мен әдебиетімен байланысып жатыр. Біз ұлы Банде Матарам мантрасы
бенгал әдебиетінің ерекше сыйы екенін ұмытпауымыз керек” деген екен.
Тагор савадеши қозғалысы кезінде көптеген патриоттық өлеңдер жазған.
Оны үлгі еткен көптеген ақындар оның ісін жалғастырды. Осының нәтижесінде,
тек қана 1905-1908 жылдар аралығында осындай өлеңдердің тоғыз жинағы жарық
көрген.
Свадеши қозғалысы екі-үш жыл ішінде жалпұлттық қозғалысқа ұласып
кетті. Б.Г.Тилак өзінің “Махратта”, “Кесари” газеттері арқылы қозғалысты
қолдап отырды. Ол Бенгалияны, Үндістанның вице-каролінің Үндістан мен үнді
халқына деген ашық менсінбеушілігі үшін жауап берудің жалғыз түрі – байкот
ұйымдастырғаны үшін алғысын айтты. Осындай көзқараспен, қозғалысты Л.Л.Рай
да қолдайтындығын білдіріп: “Бенгалияның істегенін барлық провинциялар да
қолдап, бүкіл ел бір кезде қозғалысты бастауы керек” дейді. Бұл кезде
Конгрессте екі топ жұмыс істеп жатқан – “нарам” және “гарам” (тікелей
“жұмсақ” және “қызу қанды”, хинди тілінде) топтары отарлық әкімшілікке
қандай қатынаста болуы керек, анықтап алулары керек болды.
Ферозшах Мехта мен Г.К.Гокхале және басқалар бастаған топ үшін байкот
қолайлы болмады, өйткені бұл ағылшындармен тіелей конфронтацияға түсу деген
сөз еді. Тилак, радикалды топтың жетекшісі ретінде британ әкімшілігіне
қарсы қатал позиция ұстанды. Оны Б.Ч.Пал мен Л.Л.Рай қолдады.
Конгрессте жағдай радикалдардың пайдасына қарай өзгеруіне британ
үкіметі тарапынан свадеши қозғалысын тоқтату мақсатында, қозғалыстың
жетекшілері мен жақтастарының қамауға алынып, газеттерінің жабылып,
студенттер мен жастардың жетекшілерінің сотқа тартылуы әсер етті. Үкімет
тарапынан орын алған репрессияға қарсы, Бенгалияда революциялық және
террорлық қозғалыстар басталды. Калькутта университетінің профессоры Санкар
Прасад Басу “адам құқығын бұзу, европалықтардың нәсілдік кемсітушілігі, заң
бұзушылық т.б. мәселелер адам шыдамас жағдацға жеткізді” деп жазады.
Свадеши қозғалысын британ әкімшілігінің басып, жаныштауына куә болған,
ағылшын газеті “Лейбор Лидер” корреспонденті Кир-Харди “британ үкіметінің
қаталдығы автократиялық патшалық Ресей мен түрік сұлтанының жанында
құрметті орынға ие болар еді” деп жазған. “Бұл оқиғалар, ресми мәліметтерге
сай XIX ғасырдың соңғы 40 жылы ішінде аштықтан 15 млн. адам өлген... ал 40
млн. адам британ билігінің 150 жылдық басқаруынан кейін ылғи да ашаршылықта
өмір сүріп келеді” деп жалғастырады.
Шығыс Бенгалияның бұрынғы лейтенант-губернаторы Бампфилд Фуллер отарлық
үкіметтің қатаң шараларын толық қолдайтын еді. Ал басқа, Пенджаптың бұрынғы
лейтенант-губернаторы Мэкуорт Янг орын алған жағдай туралы – “болып жатқан
жағдай жаңадан қайта жаңғыру, ауыру емес” дейді, свадеши қозғалысының
қатысушылары туралы “ бұлар жай ғана үгіттеушілер немесе маратхалық
бүлікшілер, тіпті Лондондағы студенттер мен алигархтар, Панджаптың білімді
джаттары емес. Бұлар – интеллегенті адамдар, бостандық пен ұлтжандылықтың
жаңа бейнесі идеясын тапқандар” деген тұжырым айтқан.
1906 жылы Конгресстің Калькуттада өткен съезді свадеши қозғалысының
әсерімен патриотизм атмосферасында өтті, экстремистер біраз жетістіктерге
жеткенімен өздерінің кандидаттары Тилакты ҮҰК төрағалығына сайлата алмады.
Екі қанат арасындағы қайшылықтар әсіресе 1907 жылы ҮҰК Суратта өткен
сессиясында көрініс тапты. Сурендрад Банерджи бастаған қанат өкілдерінің
Британия империясының құрамында өзін-өзі басқару (бейбіт жолмен) туралы
резолюциясының жоспары екінші қанаттың жетекшілері жағынан қатаң сынға
ұшырады. Сессия екіге бөлінумен аяқталды. Екінші қанат Тилакпен сесиядан
шығып кетті. Көпшілікті құраған Сурендрат Баннерджи өздері конференция
жинап, атқарушы органдарын сайлап алды.
Үндістан Ұлттық Конгрессінің негізгі саяси бәсекелесі Мұсылман лигасы
1906 жылы құрылады. Негізгі ресми мақсаты: бүкіл мұсылмандардың басын
біріктіру (саяси). Мұсылман лигасы британ үкіметінің инициативасы бойынша
құрылған, күннен-күнге күшейіп келе жатқан ҮҰК-не қарсы саяси күш ретінде
қолдану үшін.[Ш.Беттельхейм 21б]
Осыған байланысты вице-кароль Минто “Конгресстің құлауы біз үшін ерекше
жеңіс” деген екен. Дегенмен бұл жеңіс ұзаққа бармайтын жеңіс еді.
1912 жылы ҮҰК өз жарғысын қабылдады. Онда ҮҰК негізгі мақсаты: Британия
империясының көлемінде өзін-өзі басқаруға қол жеткізу, бірақ,
конституциялық жолдармен ғана...[КомаровДж.Неру:соц пол воз 374б]
1911 жылы отарлық әкімшілік свадеши қозғалысының қысымымен, Бенгалияны
бөлшектеу туралы шешімдерін қайтарып алуларына тура келді. Британиялық
Үндістанның астанасын Калькуттадан Делиге көшіреді. Кейінірек М.Ганди
“Үндістанның нағыз оянуы, Бенгалияны бөлшектеуден кейін болды” дейді. Ол
Бенгалияны бөлшектеу күнін “Британиялық Үндістанды бөлшектеу күні” деп
атайды.[АиА сег Юрлов 2004]1
1916 жылы Тилак түрмеден шығады, осы жылы экстремистер Конгресске
қайтадан келеді. Көктемде Тилак гомрул (өзін-өзі басқару) қозғалысын
бастайды, қозғалыстың инициаторы – Энни Безант – Теософиялық қоғамның
жетекшісі. 1916 жылы Пунада Тилак гомрул лигасы құрады, осы жылдың күзінде
Мадраста, гомрулдың Жалпыүнді лигасы құрылады. Лиганың жетекшісі – Энни
Безант.]КомаровДжНс-п374б]
1918 жылы Тилактың өлімінен кейін Конгресс тағы екіге бөлінеді
(раскол), М.Гандидің жаппай қозғалысы басталады, бардолиялық резолюция
осының бәрі 20-жылдардың басында Конгресстің ішкі қайшылықтарына әкелген
факторлар болды. Тилактың өлімінен кейін, ұлт-азаттық күрестің шетекшілігі
М.Гандиге өтті. XX ғасырдың 20 жж ұлт-азаттық идеолгиялық доктринасының
жасағандар: Тилак, Ауробандо Гхош, Б.Ч.Пал, Кришнаварма болды. Ауробандо
Гхош тәуелсіздікке жетудің әр түрлі жолдарын қарастырған:
1) бейбіт, қару қолданбай реформаторлық жолмен жету.
2) агрессиялық қарсылық: аграрлық көтерілістер, террористік акциялар,
қалаларда жұмысшылардың ереуілдері, листовкалар тарату.
Екінші жолды егер бейбіт жолмен шешілмей бара жатса қолдану көзделді.
[Индия: проблемы153б]

Гандидің саяси аренаға шығуы. Мохандас Карамчанд Ганди (1869-1948) 1869
жылы дүниеге келген. 12 жасында Англияға барып, құқық мектебін бітірген.
1891 жылы Үндістанға келіп, Бомбейде адвокат болып жұмыс істейді. 1893 жылы
оңтүстік Африка, Преторияға барады. Осы жерде қысым көрген 150 мың үндіс-
эмигранттарына көсем болады. 1915 жылы Үндістанға қайтып оралады, ҮҰК
жұмыстарына араласа бастайды.[История Индий Альтер 7б
Үндістанға келгеннен кейін Ганди Ф.Мехта мен Тилак және Г.К.Гокхалемен
кездеседі. Гокхалені ол өзінің саяси гуруі (ұстаз) деп санайтын. Гокхаленің
өзі 1912 жылы Оңтүстік Африкадағы Гандидің нәсілдік кемсітушілікке
байланысты күрес жүргізіп жатқан кезінде “Ганди әулиелер мен кемеңгерлер
жасалатын материалдан жасалынған” деп жазған екен.[АиА20041Ф.Юрлов31
Ел ішінде Махатма (Ұлы жан) деген атаққа ие болған.
Гандизм – діни философиялық қозғалыс, негізін қалаушы – М.К.Ганди.
Негізгі белгісі – тәуелсіздікке күш қолданбай, бейбіт жолмен қол жеткізу.
Американдық “Тайм” журналының 1999 жылы желтоқсан айында арнайы саны
шықты, ол XIX ғасырдағы әлемнің ең ықпалды 100 адамына арналған саны.
Гандидің аты ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz