Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
КІРІСПЕ.
I БӨЛІМ. ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖАПОНИЯНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ.
1.1. Жапонияның соғыстан кейінгі жағдайы және Жапонияның Қиыр Шығыс елдеріне көмек көрсету мемлекеттік саясты.
1.2. Жапонияның Қытайға және Кореяға ерекше көңіл бөлунің себептері.
1.3. Жапонияның Қытаймен және Кореямен қарым.қатынастарының саяси және әлеуметтік.экономикалық аспектілері.
II БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ ҚХР.МЕН ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТАРЫ.
2.1. Жапонияның оккупациясы кезеңіндегі және оккупациядан кейінгі кезеңдердегі Қытай.
2.2.Сенкаку (Дяоюйдао) аралдары төңірегіндегі аймақтық даулы мәселе және Тайвань мәселесі.
2.3. Қытайдың Көпжақты дипломатиясы және «Ашық саясаты».
2.4. 80 ж.ж. төңірегіндегі саяси және экономикалық шиеленістер.
2.5. Қазіргі кезеңдегі Жапония мен Қытай арасындағы қарым.қатынастар.
III БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТАРЫ.
3.1. Жапонияның сыртқы саясатындағы Оңтүстік Корея мәселесі.
3.2. АТА аймағындағы АҚШ.тың, Жапонияның және Кореяның стратегиясы.
3.3. Жапон.корей қарым.қатынастарының қазіргі кездегі даму кезеңі.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық Қатынастар Факультеті
Халықаралық қатынастар және ҚР-ның
сыртқы саясат кафедрасы
АШИНОВ НҰРЛАН
ЖАПОНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ КОРЕЯ
(бітіру жұмысы)
Ғылыми жетекші: т.ғ.к.доцент Жүніс Қ.А.
Қорғауға жіберілді:
________________
“___”____________2007ж.
Алматы 2007
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.
I БӨЛІМ. ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ АЙМАҒЫНДАҒЫ
ЖАПОНИЯНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ.
1.1. Жапонияның соғыстан кейінгі жағдайы және Жапонияның
Қиыр Шығыс елдеріне көмек көрсету мемлекеттік саясты.
1.2. Жапонияның Қытайға және Кореяға ерекше көңіл бөлунің
себептері.
1.3. Жапонияның Қытаймен және Кореямен қарым-қатынастарының
саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілері.
II БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ ҚХР-МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.
2.1. Жапонияның оккупациясы кезеңіндегі және оккупациядан
кейінгі кезеңдердегі Қытай.
2.2.Сенкаку (Дяоюйдао) аралдары төңірегіндегі аймақтық
даулы мәселе және Тайвань мәселесі.
2.3. Қытайдың Көпжақты дипломатиясы және Ашық саясаты.
2.4. 80 ж.ж. төңірегіндегі саяси және экономикалық шиеленістер.
2.5. Қазіргі кезеңдегі Жапония мен Қытай арасындағы қарым-
қатынастар.
III БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.
3.1. Жапонияның сыртқы саясатындағы Оңтүстік Корея мәселесі.
3.2. АТА аймағындағы АҚШ-тың, Жапонияның және Кореяның стратегиясы.
3.3. Жапон-корей қарым-қатынастарының қазіргі кездегі
даму кезеңі.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Қазіргі заманда әлем өзара өте тығыз байланысқан, сондықтан жер
шарындағы кез-келген шиеленіс бүкіл дүние жүзіндегі қауымдастықтың
экономикасына да, саясатына да әсерін тигізеді. Жапония, дүние жүзіндегі ең
ірі державалардың бірі болғандықтан Қиыр Шығыстағы, тіпті бүкіл дүние
жүзіндегі халықаралық жағдайға септігін тигізбей қоймайды. Кез-келген
мемлекетің негізгі саясаты, ең алдымен, аймақтық қарым-қатынастарға
бағытталған, яғни көршілес және жақын орналасқан мемлекеттермен
қатынастарды жақсарту саясаты. Жапонияның Қиыр Шығыстағы көршілері –
Қытай мен Корея Дүниежүзілік қоғамдастықтың бүгінгі және ертеңгі жағдайын
нақты бағалай білу үшін, Жапонияның бұл мемелекеттерге деген шынайы көз
қарасын білу қажет.
Жапонияның соғыстан кейінгі қарқынды дамуы, бұл азиялық мемелекеттің
экономикалық супердержаваға және АҚШ пен Батыс Европа қатарында қазіргі
заманғы үш негізгі дүниежүзілік саяси- экономикалық мегаполистің
орталығының біріне айналуына әкелді. 1985 жылы Жапонияның жалпы ішкі өнімі
дүниежүзілік жалпы өнімнің 10% құрады, АҚШ-22%, ал экономикалық
қауымдастық пен даму ұйымына кіретін басқа да мемлекеттердің пайыздық
өлшемі – 31% құрады. Жапонияда 80-ші жылдары орташа жылдық өндірістің өсу
қарқыны (4,1%) оның бәсекелестерімен салыстарғанда әлдеқайда жоғары және
тұрақты болды:АҚШ-та – 2,2%, ал басқа да жоғары дамыған капиталистік
елдерде 0.7 мен 1,6 % арасын құрады.[1]
Жапон және Батыс мамандарының ойынша, 80-жылдардың басында Жапония,АҚШ
пен Батыс Европа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары дамыған
өндірістік және техникалық базамен қамтамсыз етілген болатын. Бұл жағдай
оған жаңа технологияларды дамытуға көптеген артылықшылықтар берді.
Жапония АҚШ пен Германиядан кейінгі әлемнің үшінші сауда державасы
болып табылады. Оның қоғамдық өнімінің негізгі бөлігі ішкі нарықта жүзеге
асырылғанымен, жапон экономикасының жұмыс істеуі сыртқы сауда айналымынсыз
мүмкін емес.Жапонияның экспорт мөлшері 80-ші жылдардың ортасында 211 млрд.
Долларды, ал импорты – 110 млрд. долларды құрады.
Жапония 80-ші жылдардың екінші жартысында әлемнің ең ірі кредиторына,
ілемдік нарықтағы қаржы көздерінің негізгі қайнар көзіне айналды. 1987 ж.
Шетелдік тікелей инвестициялардың көлемі 105 млрд. долларды құрады. Әлемнің
бес ең ірі трансұлттық банктерінің төртеуі жапондық болып табылады.
Жапонияның соғыстан кейінгі дамуы бұл мемлекетке деген үлкен
қызығушылықты туғызды, оның өндірістегі жоғары қарқынды даму себептеріне
байланысты, жоғарғы сапалы өнім өндіруіне байланысты, оның өнеркәсіптік
жүйесінің әлемдік экономикадағы өзгерістерге салыстырмалы түрде тез
бейімделу қабілетіне байланысты бірқатар сұрақтарды туғызды. Жапонияның
көршілерін, және ең әуелі азиялық мемлекеттердің халықтарын (Қытай, Корея,
АСЕАН мемлекеттері және Үндіқытай жарты аралы), бұл Қиыр Шығыс мемлекетінің
өзінің алып экономикалық потенциалын қолдану арқылы өте мықты әскери
державаға айналу мүмкіндігі мазалап отыр. Жапонияның сыртқы саясатының
болашақ бағыттары, оның қазіргі заманғы халықаралық мәселелерге байланысты
және ең бастысы ядролы соғыс қаупін тудырмау процессіне байланысты
көзқарасы мен ұстанымы халықарарлық қауымдастықты қызықтырмай қоймайды.[2]
Осы сауалдардың барлығы өте маңызды зерттеу
объектілері болып табылады. Осы диплом жұмысының тақырыбы: Жапонияның
сыртқы саясатындағы Қытай және Корея.
Диплом жұмысының мақсаты – Жапония мен Қытай және Жапония мен Корея
арасындағы тарихи оқиғаларды, сонымен қатар бұл елдер арасындағы қазіргі
заманғы саяси, экономикалық қарым-қатынастардағы аспектілерді зерттеу болып
табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты, бұл жұмыста келесі міндеттер
қарастырылған:
1. Жапонияның Қытай және Кореямен қарым-қатынасындағы саяси,
экономикалық мүдделері мен әлеуметтік-экономикалық рөлі, Қиыр Шығыс
елдеріндегі әріптестік мәселелері.
2. Жапония мен Қытай арасындағы тарихи,саяси және сауда-экономикалық
қатынастардың аспектілері.
3. Жапония мен Корея арасындағы тарихи,саяси және сауда-экономикалық
қатынастардың аспектілері.
Диплом жұмысының деректік негізі ретінде Сладковский М.И.,Воронцов
В.Б., Тихомиров В.Д., Навлицкая және Сырицын секілді көрнекті ғалымдардың
кітаптары, ғылыми мақалалары, сонымен қатар авторлары А. Жуков, А.Семин,
М.С. Украинцев, О.Л. Остроухов секілді ресей шығыстанушыларының: Проблемы
Дальнего Востока және Азия и Африка сегодня атты ағымдағы басылымдарының
мақалалары пайдаланылды. Сонымен қатар кейбір мәліметтер интернет
беттерінен алынды, бұл маған жапон-қытай және жапон-корей қарым-
қатынастарының кейінгі кездердегі жағдайын суреттеуге мүмкіндік берді.
Бұл жұмыстың деректік негізін қалыптастырған кітаптар мен оқулықтарға
біраз тоқталып өткенді дұрыс деп есептеймін. Мысалға, И.А.Латышевтың
редакциясының Современная Япония атты кітабы. Бұл осы кітаптың екінші
басылымы. Авторлар ұжымы, басылымның ескі жүйесін сақтай отырып, оны жаңа
мәліметтермен толықтырды және маңызды жақтарын ашып көрсетті. Бұл басылым
негізінен барлық оқырмандарға арналған. Бірақта ондағы мәліметтер
мамандардың да үлкен қызығушылығын тудырады.
А.С.Жуковтың История Японии атты еңбегі осы жұмысты жазуға үлкен
пайдасын тигізді. Басылым екі томнан тұрады. Мен қолданған екінші томның
авторлық ұжымы өте бай. Олар,мысалға, В.Н.Еремин, заң ғылымдарының
кандидаты; И.П.Лебедева, экономика ғылымдарының кандидаты; И.В.Мазурова,
тарих ғылымдарының кандидаты; Э.В.Молодякова, тарих ғылымдарының докторы
және т.б.
З.Д.Коткова мен Ю.В.Чудодееваның редакциясындағы Китай-Япония атты
кітабы да маған бұл жұмысты жазуда үлкен көмек көрсетті. Мұнда,авторлар
ресей, қытай, жапон және батыс ғалымдарының қытай-жапон қарым-
қатынастарының әртүрлі аспектілері туралы еңбектерін пайдалана отырып,
Жапонияның қытай бейнесіне ерекше назар аударды.
В.Д.Тихомировтың Корейская проблема и международный фактор атты
монографиясы, маған басқа ресми көзқарастармен сәйкес келе бермейтін
өзіндік ерекше пікірлерімен ұнады. Мен үшін Корей мәселесінің тарихи мен
Корея мен Жапония арасындағы тығыз дипломатиялық қарым-қатынас айқын
сипатталған жұмыспен танысу өте қызықты болды.
Халықаралық Корей радиосы және Оңтүстік Кореяның ағартышулық
министрлігінің халықаралық Білім Институты тарапынан құрастырылған Корея
тарихы атты оқулық, маған Корея туралы нақты мәліметтерді берді. Осы
оқулықпен таныса отырып, Кореяның бұрынғысы мен бүгінгісін қабылдаудағы
және сипаттаудағы кейбір нақтылықсыздарды дұрыстау керектігін түсінесің.
Кузнецов Ю.Д., Навлицкая Г.Б. және И.М.Сырицынның редакциясындағы
Жапония тарихы атты еңбек Жапония тарихының белгілі бір кезеңдерін емес,
Жапонияның бүкіл тарихын қамтиды. Жапония тарихының ежелгі заманынан
қазіргі заманына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын арнайы оқулықтың
керектігі өткір сезіледі. Сондықтан бұл оқулық ғылыми жұмыстарды жазуда өте
бағалы және пайдалы көмекші бола алады.
Менің жұмысым кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде Жапонияның Қиыр Шығыстағы экономикалық және саяси
мүдделері қарастырылған. Бөлімнің басында соғыстан кейінгі Жапония
экономикасының сандық және сапалық өсімнің жоғарғы қарқынына ұдайы әсер
етуші тарихи, мәдени-этникалық, әлеуметтік, саяси және халықаралық
факторлардың күрделі гаммасы, сонымен қатар Жапонияның Қиыр Шығыс елдерімен
техникалық серіктестігін дамыту саясатының негізгі кезеңдері көрсетілген.
Әрі қарай, бұл бөлімде Жапонияның Қытай және Кореяға деген ерекше
назар аударуының негізгі себептері және де Қытай мен Кореяның
экономикасының дамуындағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық рөлі
қарастырылған. Қытай мен Кореяның экономикалық потенциалының өсуі
Жапонияның бұл елдерге деген қызуғышылығын арттыра түседі. Бұл жағдайда
Жапония өзіне кейбір шикізат, жанармай және материалдардың түрлерін алуда
өзіне сенімді саяси серіктес табады, Жапониядағы кейбір бәсекеге қабілетсіз
өндірістерді ұйымдастыруда салыстырмалы арзан жұмыс күші мен қуат күшін
қолдануға мүмкіндік алады және өзінің өндірістік өнімдерін өткізуге қолайлы
өсіп келе жатқан нарық пайда болады. Бөлімнің соңында Жапонияның Қытай
мен Кореямен қарым-қатынастарының негізгі саяси аспектілері қарастырылған.
Жапонияның
Қиыр Шығыс және ОША елдеріне қатысты ең ірі саяси мәселесі ол: Қиыр Шығыс
және ОША елдері Жапонияның алып экономикалық потенциалы, оның саяси
экспансионизміне және Азиядағы өзіндік әскери ролге ие болуға талпынуына
табиғи түрде негіз болуынан қорқады. Сонымен қатар олар екінші дүниежүзілік
соғыс кезіндегі Жапонияняң басқыншылығын есте сақтай отырып, жалпы
Жапонияның әскери қуатының күшею және жапон-американ әскери одағы
шеңберінде Жапонияның рөлінің күшею идеясына қауіппен қарайды.
Екінші тарауда Жапония мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-
қатынастардың тарихи, саяси және сауда-экономикалық аспектілері
талданған.Бөлімнің басында Жапонияның Қытайдағы басқыншылығына байланысты
саяси оқиғалар және оның саяси-экономикалық жақтары, сонымен қатар осы екі
ел арасындағы жер мәселесі және соларға қатысты тарихи дәлелдемелер мен бұл
сұрақтағы АҚШ-тың орны қарастырылған. Бөлімде 70-ші жылдардың басында
жарияланған, Жапонияның көпжақты дипломатиясының негізгі және Пекин
тарапынан ұсынылған Жапониямен қарым-қатынастарды жақсарту ұстанымы жете
қарастырылған. Әрі өарай тарауда КХР басшылығының тарапынан жарияланған
Қытайдың ашық саясатының негізгі ұстанымдары қарастырылған. Осы саясаттың
(бағыттың) маңызды құрамдас бөлігі шетелдік, әсіресе жапондық қаржыны және
озық технологияларды тарту арқылы жедел жаңартуды қамтамасыз ету болып
табылады. Бір-бірімен жақындасуда екі жақтың да алға қойған мақсаттары
айқындалуда. Қытай өз алдына Жапонияны өзінің Азиядағы және Тынық
мұхитындағы ұлы державалық мақсаттарына жету үшін пайдалануды жоспарлайды,
және жұмыста бұл жоспардың кезеңдері нақты көрсетілген. Ал Жапонияның
негізгі мақсаты – КХР-мен кең қарым-қатынастарды орнату арқылы олар қытай
экономикасын жапон экономикасына байлап қоюға үмітті. Әрі
қарай тарауда 80-ші жылдары екі ел арасындағы экономикалық және саяси
қарама қайшылықтар қарастырылған. Осы қарама қайшылықтардың себебі –
Қытайдың Жапониямен сауда-саттықтағы өте үлкен теріс сальдосы болып
табылады.Ол 1985 жылы 6 млрд. долларды, яғни Қытайдың валюталық қорының 13
бөлігін құрады. ҚХР-ның ең ірі серіктестерімен болған сауда-саттықтағы
дефициттің ұлғаюына себепші болған шарттар ашылды. Әрі қарай тарауда екі ел
арасындағы Тайвань мәселесіне байланысты қарама қайшылықтар
қарастырылған. Бұл мәселеге байланысты Жапон үкіметінің ресми ұстанымы және
материктік Қытай мен аралдық Қытай арасында әскери жанжал туындай қалған
жағдайдағы кейбір аспектілер көрсетілген. Тараудың соңында қазіргі кездегі
Жапон-қытай қарым-қатынастары қарастырылған. Мұнда екі ел арасындағы
әріптестіктің үстемділігі мен болашағы нақты талданған.
Жұмыстың үшінші тарауында Жапония мен Корея арасындағы қарым-

қарастырылған. Тараудың басында екі ел арасындағы қарым-қатынастар
тарихына қысқаша шолу жасалған. Кореяның Оңтүстік және Солтүстік болып
бөлуінің әскери-саяси себептері көрсетілген. Әрі қарай жапон-оңтүстік корея
қатынастарының жақсару кезеңдері, бұл мәселедегі Пхеньянның ұстанымы және
Вьетнам мәселесіндегі Сеул ұстанымы қарастырылған. Жапония мен Корея өз
араларында сауда, экономикалық және әскери-саяси байланыстарды орнату,
күшейту және дамытудағы көздеген мақсаттары нақты сипатталған. Екі ел
арасындағы қарым-қатынастар Токионың оңтүстік Кореялық жүйенің Корея
аймағындағы жалғыз заңды жүйе деп қабылдауы және Жапонияның Оңтүстік
Кореяға ұзақ мерзімді негізде мардымды экономикалық көмек көрсету міндеті
негізінде қалыптасқаны көрсетілген.
Әрі қарай жұмыста бір жағынан Жапония – АҚШ – Корея сратегиялық
әскери-саяси және сауда-экономикалық шеңберінің және екінші жағынан Пекин
мен Пхеньян арасындағы одақтың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қызметтері
қарастырылған. Сеул мен Токио арасындағы
қарым-қатынастардың дамуының қарқыны ҚХР, АҚШ және бұрынғы КСРО
ұстанымдарына байланысты біршама өзгерістерге ұшырағаны көрсетілген.
Тараудың соңында Жапон-Корей қарым-қатынастарының дамуының қазіргі кездегі
жағдайы қарастырылған. Халықаралық нарықтағы Токио мен Сеул арасындағы
өткір бақталастықтың кесірінен туындаған екі ел арасындағы қиындықтар
сарапталды.
I БӨЛІМ. ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖАПОНИЯНЫҢ
МҮДДЕЛЕРІ.
1.1. Жапонияның соғыстан кейінгі жағдайы және Жапонияның Қиыр Шығыс
елдеріне көмек көрсету мемлекеттік саясаты.
Соғыстан кейінгі Жапония экономикасының өсу қарқынының жоғары болуының
себептері туралы айтсақ, бұл жағдайға тұрақты әсер еткен тарихи, мәдени-
этникалық, әлеуметтік, саяси және халықаралық шарттардың күрделі гаммасына
назар аударған жөн.[3]
Ең алдымен, халықтың тарихи және мәдени дамуының ерекшелігіне назар
аудару қажет. Жапонияның шығыс және батыс өркениеттерінің тарихи
орталықтарынан салыстырмалы оқшаулануы, жапондықтардың басқа да озат
мәдениеттердің әртүрлі аспектілерін алуына және кейін оларды өздерінің
дәстүрлі құндылықтарына бейімделуіне әкеліп соқты.
Сонымен қатар, жапондықтардың әлдеқайда дамыған өркениеттермен
араласып жоқ болып кетуіне жол бермеу үшін, елдің билеуші топтары оның
бүкіл тарихы бойына дәстүрлі жапон мәдениетінің үстемділігі туралы, оның
ерекше құдіреттілігі туралы, жапон ұлтының мессиандық рөлі туралы ұлттық
концепцияларды жандандырып отырды.
Жапонияның соғыстан кейінгі дамуын, оның ішкі саяси
жағдайынан және соғыстан кейінгі кезеңдегі елде қалыптасқан саяси
жүйеден бөлек қарастыруға болмайды. Жапон милитаризмінің күйреуінен
кейін император билігінің біршама жартылай феодалды институттары
жойылды, күшті отбасылық дзайбацу концерндері таратылды,
демократиялық партиялар қайта қалпына келтірілді, жапон қоғамының
әртүрлі табының мүддесін қорғайтын профсоюздар мен басқа бұқаралық
ұйымдар құрыла бастады. 1947 ж. қабылданған жаңа Конституция халықтың
мүддесін қоғауға, соғыс жүргізу, әскер құру және оны сыртқы саяси
мақсаттарға жету үшін қолдану құқығынан бас тартуға бағытталған
көптеген баптардан тұрады.
Жапон милитаризмінің халыққа әкелген қайғысы, Хиросима мен
Нагасакидағы үлкен қасірет, АҚШ-тың Корея мен Үндіқытайдағы әскери
әрекеттері жапон халқының барлық таптарында пацифисттік көңіл күйдің
өсуіне әкелді. Билікке екінші дүниежүзілік соғыстан кейін келген
жапон саясаткерлеріне олармен санаспауға болмады. Олар теңіз
державасы болып табылатын Жапонияның, халықаралық саудада өзінің
орнын қайтарудан басқа амалы жоқ деп, сонымен қатар олар бұл
мақсатқа ең мықты экономикалық держава болып табылатын АҚШ-тың
қорғанысының астында жету керек деп шешті. Ал мемлекетке осы кезде
өзінің күш қуатын алып келінген арзан шикізатты қолдану арқылы өзінің
экономикасын дамыту қажет болды. Дәл осы идеялар 50-ші жылдардың
басында Жапонияның соғыстан кейінгі алғашқы премьер-министрі тарапынан
жарияланған және азды-көпті дәрежеде барлық жапондық саяси
жетекшілер ұстанған Есида доктринасының негізі болып табылады.[4] Бұл
жапондық консервативті саясаткерлер басқа капиталистік елдердің
элитарлы топ өкілдерінен аса үлкен бейбіт сүйгіштігімен ерекшеленді
деген сөз емес. Бірақ та олар Жапонияның ішкі мүмкіндіктерін және екі
ұлы державаның қарсыластығының және Жапония үшін қандай да бір
әскери қауіптің жоқтығының арқасында әлемде қалыптасқан халықаралық
жағдайды шынайы бағалай білді. Бұл бағыт ұлттың барлық материалды,
моральді және интеллектуалды күшінің өндірістік және технологиялық
потенциалды қайта жаңғырту және дамыту үшін, халықтың тұрмыс-
тіршілігін жақсарту үшін шоғырлануына әкелді.
Жапония әскери шығынының басқа әлемдік державалармен салыстырғанда
салыстырмалы түрде төмен болуы, бейбіт өндірістік салаға инновациялар
мен жаңа технологияларды енгізу, Жапония өнімінің бәсекеге
қабілетілігінің және оның экономикалық даму қарқынының салыстырмалы
түрде тұрақты болуының ең маңызды себептерінің бірі болып табылады.
Жапонияның соғыстан кейінгі дамуындағы сыртқы фактордың маңыздылығын
атап өткен жөн. АҚШ-пен әскери одақ құру және Жапония аймағында американдық
әскери базалардың құрылуы Жапонияның егемендігінің белгілі дәрежеде
шектелуіне әкелді. Бұл белгілі дәрежеде оның сыртқы саяси бағытын
анықтады. Американың әскери-саяси стратегиясына қатысқаны үшін
Жапония АҚШ-тан өзіне маңызды шикізат, жаңа технологияларды іргелі
білімді импорттауға мүмкіндік алды. Мемлекет шамамен 30% экспорт
құрайтын алып нарыққа ие болды. Оның негізгі бөлігін өндірістік өнім
құрады.
Жапон экономикасының көтерілуіне, өзінің шикізат қоры жоқ
Жапонияның, шикізатты, әсіресе мұнайды өте төмен бағамен импорттауға және
соның арқасында арзан қуат көзін қолдануға, сонымен қатар қазіргі
заманғы мұнайхимиялық өнеркәсіпті құруға мүмкіндігі болғаны себеп болды.
Бірақ та кейінірек жапон экономикасының дамуына және халықаралық
қатынастар жүйесіндегі Жапонияның жағдайына сыртқы фактор үлкен
қарсылықты әсерін тигізді.[5]
1.2. Жапонияның Қытайға және Кореяға ерекше көңіл бөлуінің
себептері.
Ең алдымен, географиялық жақындығы, бір-біріне экономикалық
тәуелділігі және стратегиялық сипаттағы маңыздылығы, Жапонияның аймақтағы
елдермен қарым-қатынастарды алғашқы орындарға қоюының
себебін түсіндіреді деп шетел сарашылары атап өтуде. Көпшілік шетел
зерттеушілерінің пікірінше, Жапонияның Қытай және Кореяға ерекше көңіл
бөлуінің екінші себебі, олардың соңғы екі онжылдық ішінде жоғары қарқынды
даму нәтижесінде қалыптастырған мықты экономикалық потенциалы болып
табылады. Көптеген елдердегі, соның ішінде дамыған капиталистік елдердегі
дағдарыс және тұрақсыздық жағдайымен салыстырғанды бұл елдердің экономикасы
әлдеқайда қарқынды дамыды және әлі де дамуда. Барлық осы елдердегі ІҰӨ
өсімінің орташа қарқыны 6%-дан асып түсті.
ҚХР мен Кореяның 20-шы ғасырдың соңындағы экономикалық дамуының
өзіндік ерекшелігі, өндірістік экспорттың қарқынды даму болып табылады.
Осылайша, олар 80-ші жылдардың соңына қарай, дамыған елдердің, әсіресе
Жапонияның экономикасымен белсенді және мықты байланыс орнатуға жағдай
жасайтындай дәрежеде дамыған болатын.
Шетел авторларының пікірінше, Жапонияның аймақтағы елдермен байланысты
нығайта түсудегі ерекше қызуғушылығын түсіндіретін, үшінші фактор, бұл
елдердің болашақ дамуындағы қолайлы перспектива болып табылады. КХР мен
Корея АСЕАН елдерімен бірге Жапонияға, оның пайдаланатын табиғи каучігінің
96,6%, қалайы мен қалайы балқымасының 99,6%, тропикалық ағаштың 40,2%,
никельдің 30,7%, бокситтің 28,8%, қанттың 23,7% және өңделмеген мұнайдың
15,8% ұсынып отырды.[6]Сонымен қатар, аймақтағы елдердегі, әсіресе
Қытайдағы арзан жұмыс күшінің үлкен қоры, мұндағы еңбекті көп қажет ететін,
дамыған елдерде жиі шығынға алып келетін өндірістерде қолайлы пайдалануға
мүмкіндік береді. Дамушы елдерде жұмыс күші дамыған елдердегі жұмыс күшімен
салыстырғанда арзанырақ болатыны белгілі.
Бизнес Америка журналының мәліметтері бойынша, Қиыр Шығыс елдері аймағында
жұмыс күші басқа да көптеген дамушы елдердегі жұмыс күшінен арзанырақ болып
келеді.
Сосын, салыстырмалы саяси тұрақтылық. Американ зерттеушісі
Ч.Моррисонның пікірінше, ҚХР, Корея және АСЕАН елдері, 60-шы жылдары
басталған, ұзақ мерзімді саяси тұрақтылығымен ерекшеленеді. Латын Америкасы
немесе Африка елдерінде жиі болып тұратын төңкерістер, ішкі қақтығыстар
және экономикалық саясатта кенеттен болатын өзгерістер бұл елдердің
экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Бұл елдермен салыстырғанда ҚХР мен
Кореяның тұрақты саяси жүйесі, қаржының ішке жинақталуына және шетелдік
қаржы салушылардың тәуекелге бару қаупінің төмендеуіне алып келеді.
Осылайша, ҚХР мен Кореяның өсіп келе жатқан экономикалық потенциалы
Жапонияның үш негізгі бағыттағы қызушылығын белгілейді. Яғни Жапония өзіне
шикізат, жанармай және материалдардың (мұнай, табиғи газ, түсті металл,
орман ағаштары, табиғи каучук және т.б.) кейбір түрлерін алатын сенімді
саяси серіктес табады, Жапонияның өзіндегі кейбір бәсекеге қабілетсіз
өндірістерді ұйымдастыру үшін салыстырмалы арзан жұмыс күшін және қуат
күшін қолдануға мүмкіндік алады, және бұл елдерде өсіп келе жатқан нарықты
өзінің өндірістік өнімдерін өткізу үшін қолдануға мүмкіндік алады.
Көпшілік сарапшылардың пікірінше, Жапонияның іскер және саяси
ортасының бұл аймаққа ерекше көңіл бөлуінің таза экономикалық себебінен
басқа себебі, оның мемлекеттік қауіпсіздікті кешенді түрде қамтамасыз
етудегі саяси маңыздылығы болып табылады.
1.3. Жапонияның Қытаймен және Кореямен қарым-қатынастарының саяси және
әлеуметтік-экономикалық аспектілері.
Жапонияның Қытайдағы және Кореядағы саяси мақсаттарына жетудегі басты және
шешуші амал – аймақтағы елдердің саяси және әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы ықпалының өсуі болып табылады. Бұл пікірді көптеген шетел
авторлары зерттеген. 1993 жылы аймақтағы елдердің үлесіне Жапонияның сыртқы
сауда айналымының 12,8% және оның шетелдік инвестицияларының кумулятивті
нәтижесінің шамамен 20% тең келді. Бұл Жапонияның сыртқы саудасын және
қаржы экспортын таратудағы АҚШ-тың үлес салмағынан кем болғанымен (24,7%
және 27%), ЕЭҚ-тың үлес салмағынан жоғары болып келеді (9,7% және шамамен
10%). Өз алдына аймақтағы елдер үшін Жапония басты сауда серіктесі (жалпы
сыртқы сауда айналымы 26,5,ал АҚШ-тың үлесіне болса 15,3% келді, және
өзара сауда үлесі 17,1% құрады) және де ең ірі шетелдік қаржы салушысы
болып табылады (тікелей шетелдік инвестициялар 32%; АҚШ үлесі 16%, ЕЭҚ
елдерінің үлесі 12%).[7]
Бұл мемлекеттерге ОПР-дамытуға жапонияның ресми көмегінің 30%-дан
астамы жіберіледі. Ол екіжақты негізде жүзеге асатын, бұл ұйымға мүше
мемлекеттерге барлық экономикалық көмектің жартысын құрайды. Қытайдан,
Кореядан, сонымен қатар АСЕАН мемлекеттерінен көбінесе минералды және
ауылшаруашылық шикізаттары, азық-түлік өнімдері
импортталады; экспорт өндірістік және қолданысқа арналған жаппай
өндірістегі өнімдерден тұрады. Жапония сатып алатын мұнайының шамамен 20%
және табиғи газдың 40% -дан астамын; қалайы, алюминий және мыс кені
шикізатының және осы шикізаттан алынатын материалдардың біршама бөлігін осы
аймақтардан алып келеді.
Жапон зерттеушілерінің айтуынша, иен бағамының өсуі, елдегі еңбекті
көп қажет ететін өндірістік салалардың шетелге жылдам ауысуына алып келді.
Ішкі салалық халықаралық еңбек бөлінісін өздерінің экономикалық
стратегиясындағы ең маңызды бағыт деп жариялап, жапондық трансұлттық
компаниялар (ТҰК) арзан жұмыс күші нарығын іздеуде көрші елдерге және жаңа
индустриалды Азия елдеріне басты көңіл бөле бастады. Жапондық
компаниялардың Азиядағы және Тынық мұхиты бассейніндегі белсенділігінің
артуына себепші факторлар көбеюде.
Иен бағамының өсуі және дамыған елдердің экономикалық бәсекелестігінің
үш орталығының арасындағы дағдарыс экономикалық бірін-бірі толықтыру
тұжырымының теориялық жетілдіру белсенділігін, өзара араласқан ұлттық
экономикалық жүйелері бар ғаламдық экономиканы құру белсенділігін
арттырды және бірлесе басқарылатын, біртұтас жүйені қалыптастырады. Бірақ
та жаңа экономикалық жағдайға байланысты Жапонияның аймақтағы әлеуметтік-
экономикалық рөлінің күшеюі қарама-қайшы жолдармен жүрді. 80-ші жылдардың
соңына қарай кенеттен өскен Жапонияның валюталы-қаржылық қоры, 1987 ж.
жылына шамамен 80 млрд. долларға жеткен,[8] төлем балансының ағымдағы
есепшотының оңтайлы сальдосының қарқынды өсуі Азияда, әсіресе Қытай мен
Кореяда жапон қаржы саламының жылдам көбеюіне мүмкіндік туғызды. Жапония
АСЕАН елдерімен және де басқа да азиялық мемлекеттермен байланыстардың
барлық кешендерін дамытудың болашақта ұзақ мерзімді перспективалары бар деп
есептейді. Бұл Жапонияға өзінің экономикалық мәселелерін, әсіресе солардың
ішіндегі ең өткірі болып табылатын экономикалық даму үлгісінің бағытын
сыртқы сұраныстан ішкі сұранысқа қарай өзгерту мәселесін шешуге
көмектеседі. Азияның дамушы елдерінің, соның ішінде КХР мен Кореяның
өндірістік жүйесінің дамуына белсенді түрде қатыса отырып, Жапония өзінің
өнеркәсібінің өндірістік қуаттылығының толтырылуын қамтамасыз ете алады.
КХР мен Кореяға салынған қаржы, бұл елдерге кейін жапон өнімдерінің
көбейген импорты түрінде қайтып келеді.
Жапония өзіне жомарт болуға мүмкіндік бере алады. Жылына шамамен 100
млрд. долларды құрайтын сыртқы саудада оңтайлы сальдоға ие бола отырып,
Жапонияда жеткілікті деңгейде ақшалай қаржы қоры бар. Әлемдегі ең ірі несие
беруші ретінде оның әлемдегі орны жыл сайын
күшеюде.[9] Бірақ та, көмектің доллар баламасындағы өсуінің көп бөлігін,
соңғы үш жыл ішіндегі иен бағамының күрт өсуіне жатқызған жөн. Дегенмен
Токионың иен бағамындағы шығыны біршама өсті және де шетелге көмек
көрсетумен байланысты шығындар, қай бағамда болмасын, иен немесе доллармен
өлшенсе де шығын көлемі бұрынғысынша өсе береді деп тұжырымдауға барлық
негіз бар.
Жапонияның шетел мемлекеттеріне, соның ішінде Қытай мен Кореяға
көрсеткен жомарт көмегі, оның байлығының өсе түскенін куәландырғанымен,
оның халықаралық сахнада алдыңғы қатарлы несие беруші ретінде пайда болуы
АҚШ-тың экономикалық үстемділігінің құлдырауын білдіреді. Бұл
жапондықтардың ой-санасына өте қатты әсер етеді. Токионың қаржы және сауда-
өндірістік ортасында кокусайка - интернационализация сөзі кең таралған,
және жапондықтар үшін бұл әлемдік нарықты интеграциялаудан маңыздырақ болып
табылады. Ол АҚШ, Жапония және Батыс Европа арасындағы саяси және
экономикалық қуаттылықтың әділетті түрде бөлінуіне кепілдік береді.
Көптеген жапондықтар Вашингтонның саясатты анықтап, оның одақтастары
соңынан ереді деп үміттенген күндері жақын болашақта келмеске кетеді деп
болжауда.
Қазіргі Жапония геосаяси беделге әскери күш арқылы емес, өзінің
экономикадағы үстем позициялары арқылы талпынатын, тарих бетіндегі алғашқы
ұлт болуы мүмкін.
Жапония көмегінен дереу коммерциялық қайтарым болмаған жағдайға, оны
ұзақ мерзімді салым ретінде ұйымдастырады. Токионың көмек көрсету
бағдарламасының сыншылары Жапонияны, көмекті ең көп қажет ететін Африка
және Латын Америкасы елдеріне өз көмек көрсетіп, оның орнына өздерінің
өнімдерін сатуға толық негізде үміттенетін Индонезия, Қытай, Филлипины,
Таиланд секілді елдерге өте көп көңіл бөлгені үшін айыптауда.
Жапондықтардың көмегі арқылы жүзеге асатын, Қытайдағы электрификация, темір
жолдар және порттарды жақсарту секілді басқа жобалар, қытай көмірін
экспорттауға үлесін тигізе отырып Жапонияға біршама көмегін тигізе алады.
Жапон көмегі керекті нәтиже әкелетіні жеткілікті деңгейде дәлелденген
Кореяға көрсетілген жапон көмегінің көлемі 1989 жылы 350 млн. долларға
дейін өсті – 16есеге, бұл АҚШ көмегінен әлдеқайда көбірек (22 млн.
долл.).[10]Жапон қаржысының басым бөлігі маңызды құрылыс нысандарына
арналған ұзақмерзімді, төмен пайызды несиелер түрінде түсті.
Жапонияның Қытай және Кореямен байланысындағы оңаша маңызды аспеккті
олардың арасындағы саяси қарым-қатынастар құрайды. Олардың
сарапшылар тарапынан жалпы бағалануы біркелкі емес. Бірақ олардың барлығы
өздерінің назарын үш негізгі мәселелер тобына аударуда – олар Жапония
үкіметінің экономикалық мәселелерге байланысты ұстанымы; әскери саладағы
Жапонияның саясаты; Тынық мұхиты алабындағы стратегиялық жағдайды бағалау
және, әсіресе ҚХР мен Үндіқытай мемлекеттеріне қатысты саясат.
Кейбір мәселелердің барлығына қарамастан, қазіргі кезде бұл қатынастар
соғыстан кейінгі уақыт ішінде болған қатынастардан әлдеқайда жақсырақ.
Бұған Жапонияның дамытудағы теріс көмекті жеңілдету әрекеттері, сонымен
қатар аймақтағы стратагиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе Үндіқытай
жартыаралындағы оқиғалар себеп болды.Бір жағынан, тек көпшілік деңгейінде
ғана емес, сонымен қатар билеушілер ортасында да өте күшті антижапондық
көңіл-күйлердің барлығы аталып өтілуде: өзінің күшті азиялық көршісінің
саясатына қатысты сенімсіздік пен күдік сақталуда, қазіргі Жапонияның
демократиялық тұрақтылығының беріктігіне қатысты және оның жариялаған
бейбіт пиғылдарына қатысты күдік білдіруде.
Сарапшылар, Жапонияның аймақтағы елдермен соғыстан кейінгі
қатынастарын қарастыра отырып, олардың дауында екі негізгі кезеңді атап
өтуде. Бірінші кезеңнің басталуы олар үшін, екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі Жапонияның басқа Азия елдерімен экономикалық байланыстарының ұзақ
мерзімді тоқтауын алмастырған, бұл қатынастардың 60-шы жылдардағы бірте-
бірте қайта қалпына келуімен байланысты. 80-ші жылдардың ортасында,
Жапонияның аймақтағы елдермен қатынастарында біршама өзгерістер орын алды.
Бұл елдерге экономикалық көмекті арттыру қажетілігі және оған әлдеқайда
тартымды қалып беру қажеттілігі үкімет деңгейінде қабылданды.
70-ші жылдардың соңында – 80-ші жылдардың басында бірін-бірі
алмастырып отырған жапон үкіметі экономикалық қарама-қайшылықтардың
өткірлігін дипломатиялық жолмен жеңілдетуге тырысты. Аймақтағы елдердің
қазіргі заманғы технологияларға ие болудағы қызығушылықтарының артуын
ескере отырып, ғылыми-техникалық салада көмек көрсетуге үлкен көңіл бөлді;
Жапон премьері бірнеше кәсіпорындарды жаңартуда көмек көрсету жоспары
туралы және Жапонияға Қытай және Кореядан студенттер мен тәжірибе
алушыларды оқуға қабылдау жоспары туралы жариялады.
Шетел зерттеушілерінің арасында ең кең тараған пікірге сәйкес,
Жапонияның аймақтағы елдермен қарым-қатынастардағы мәселелердің арасында,
экономикалық мәселе (қаржылай жіне техникалық көмекті арттыру, кеден
кедергілерін шектеу немесе алып тастау және т.б.) жапон үкіметінің ең үлкен
ымыраға баруға дайын саларының бірі болып табылады. Және де артынша олардың
көмегімен өздерінің басты саяси
мақсаттарына жету, атап айтқанда – біріншіден, азия істеріне белсенді
араласа отырып, әлемдік саясатта ең басты рөлдердің біріне шығу.[11]
Жапон жағының көзқарасы бойынша, Қиыр Шығыс және ОША елдерімен
қатынастардағы ең ірі саяси мәселелердің бірі болып мыналар табылады: Қиыр
Шығыс және ОША елдері Жапонияның алып экономикалық потенциалы, оның саяси
экспанционизміне және Азиядағы өзіндік әскери ролге ие болуға талпынуына
табиғи түрде негіз болуынан қорқады. Сонымен қатар, аталып өткендей, олар
екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапонияның басқыншылығын есте сақтай
отырып, жалпы Жапонияның әскери қуатының күшеюі және жапон-американ әскери
одағы шеңберінде Жапонияның ролінің күшеюі идеясына қауіппен қарайды.

2.1. Жапонияның оккупациясы кезеңіндегі және оккупациядан кейінгі
кезеңдердегі Қытай.
Екі жақтың пікірінше, Жапонияның Қытай Халық Республикасымен шиеленіскен
қарым-қатынастары, өзінің бастамасын мың жыл бұрынғы бір-біріне деген
этникалық жағымсыздықтан басталады. Ол рас па, әлде жоқ па, бірақ біздің
заманымызға қатысты қытайлықтардың жапондықтарды ұнатпауының негізгі себебі
болып 1931-1945 жылдардағы жапон оккупациясы табылады.
1931 жылы Манчжурияны жаулап алумен басталған және 14 жылға созылған,
Қиыр Шығыстағы жапонияның империализмінің басқыншылық әрекеттерінің
кеңеюімен қатар. Қытайдың ірі аудандары жапон әскері тарапынан басып
алынды. Жапонияның басқыншылық саясатында Қытай әрдайым маңызды орынға ие
болатын – оған, жапон экспанциясының алдағы жоспарларын жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін басты өндірістік-шикізат базасының ролі бөлінді.
Материкте басып алынған аймақтардың отаршылдық игерілуі бірнеше арнайы
ұйымдардың құрылуын қажет етті. Бұл ұйымдарға өздерін жақсы жағынан
көрсеткен жас жапондық мамандар әртүрлі ведомствалардан тартылды. Жапон
басшыларының алға қойған міндеттерінің арасында, Жапонияға соғыс жүргізу
үшін өте қажет болған қытайдың темір рудасы мен көмірін өндіріп, оны
жапонияға тасымалдау жоспарын құру болды.
Манчжурия ұзақ соғыста Жапонияның маңызды әскери-экономикалық базасына
айналуы керек еді. 1945 жылдың басына қарай Манчжурияда шамамен 5 ірі
өндірістік кәсіпорын болды. Манчжурия экономикасының басқару жүйесі
Жапонияның бас штабының толық бақылауында болды және ол монополистік
концерндер тарапынан жүзеге асырылды. Олардың арасында негізгі ролді мына
концерндер атқарды: Мангио, Дангио және Мантецу.[12]
Монополистік концерндер мен әскери органдар арқылы бақылау жүйесі мен
қатал орталықтандыру барлық банктерде, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуда
және көтерме саудада орнатылды. Барлық осы отаршыл-монополистік ұйымдарда
тек жоғарғы және орта деңгейдегі басшылар ғана емес, сонымен қатар кейбір
кәсіпорындарда төмен қол жұмысшылар да тек жапондықтардан құралды.
Қытайлықтар тек ресми түрде ғана кейбір қызметтерде басшы немесе орынбасар
ретінде саналды.
1945 жылы 2-ші қыркүйек – Жапонияның ресми капитуляцияны жариялаған
күні екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні болды. 1949 жылы Қытай
Халық Республикасы құрылды.[13] Капитуляциядан кейін және барлық отаршыл
жүйе жойылғаннан кейін жапон әкімшілігі қытай еңбекшілері сотының алдында
қалды. Көптеген кәсіпорындар да ашуланған қытай жұмысшылары мен
қызметкелері өз беттерімен жапондықтарға сот жүргізді, олардың мүліктерін
тартып алды, зауыттардан және үйлерінен қуып жіберді. Біршама қалыпты
жағдай сақталған жерлердің өзінде, жапондықтар өздерінің жасаған
қатыгездіктері үшін жауапқа тартылатындарын түсініп, жан-жақтарға қаша
бастады,қытайларша киініп, өздерін танымайтын басқа қалаларда жасырынды.
Бұл жағдайда өндіріс және көлік жұмысының мүлде тоқтап қалуы қаупі төнді.
Қытай мамандарының мүлде болмағанының кесірінен және қытай әскері сапындағы
мамандандырылған адамдардың жетіспеушілігінің кесірінен, жапондық
мамандарды жергілікті тұрғындар тарапынан жасалуы мүмкін репрессиялардан
қорғауға кепілдік бере отыра, оларды іздеп табуға және оларды қайтаруға
тура келді.
60-шы жылдардың соңында Жапония АҚШ-тың Вьетнамға қатысты басқыншыл
әрекеттерін қолдады. Ол Вашингтонның бұл шығыс еліне қатысты барлық
дөрекілігіне көзін жұмды. Жапонияның АҚШ-ты қолдаған себебі, АҚШ өз жағынан
Жапонияға Оңтүстік-Шығыс Азияда саясатын жүргізуге еркіндік берді. Бірақ
шындығында жапондықтарды вьетнамдықтарға қатысты қатыгез әрекеттер қатты
алаңдатты, өйткені Вьетнам да, Жапония да шығыс елдері болып табылады. Және
де Шығысқа қатысты осыншама қатыгез басқыншыл әрекеттер жапонияны қатты
үрейлендірді. Өз алдына АҚШ Жапония мен Қытайдың жақындасуынан қорқады.
Себебі АҚШ американ-жапон қауіпсіздік туралы бірлескен келісімі үшін
қауіптенеді. Қытай мен Жапония өз аралындағы дипломатиялық қатынастарға қол
қойғаннан кейін, Жапонияға Рюкю (Окинава) аралдарын АҚШ иелігіне беруге
тура келді, және оларды аралындағы қауіпсіздік келісімін әрі қарай
сақтайтынына сендірді.

Сенкаку аралдары (қытайша аты Дяоюйдао) Шығыс-Қытай теңізінде, Жапон
Окинавасынан батысқа қарай 420 шақырым жерде, Қытай порты Фучжоудан 420
шақырым жерде және тайвань порты Цзилуннан солтүстік-шығысқа қарай 190
шақырым жерде орналасқан. Бұл аралдарда адам тұрмайды, солардың ішінде
үшеуі салыстырмалы түрде ірі болып келеді. Олардың жалпы көлемі 6,3 шаршы
шақырым. Ең үлкені – Уодзуридзима, қалған екуінің көлемі шамамен бірдей –
Китакодзима және Минамикодзима.
Аралдардың тарихы шиеленіске толы болып келеді. Алғашқы рет олар XIV
ғасырдағы қытай деректерінде аталып өтілді. Онда олар Рюкю хандығы (қазір
Окинава префектурасы) құрамында Қытайға енгені туралы айтылады. XVII
ғасырдың басында Рюкю Кюсю аралынан келген жапон самурайлары тарапынан
басып алынды. Бірақ Қытайда Цинь әулетінің басқару кезеңінде (1644-1911)
Сенкаку қытай провинциясы Тайваньға енгізілді. 1895 жылғы Симоносек
келісімінің шарттары бойынша, Жапония Қытаймен соғыстан кейін Тайваньға
қоса Пэнхуледао мен Дяоюйдаоны (Сенкаку) алды. Соңғылары Окинава
префектурасына әкімшілік түрде енді. 1951 жылғы Сан-Францисско бейбіт
келісімі бойынша, Жапония өзінің басқыншылығының нәтижесінде басып алған
жерлерінен, соның ішінде Тайваньнан бас тартты. Бірақ Жапония Сенкакудан
бас тартпады. Жапон Окинавасының құрамындағы Сенкакуға, 1972 жылға дейін
АҚШ-тың қамқорлық құқығы таралды. Бір уақытта американдықтар аралдарды
артиллериялық полигон ретінде қолданды. 1968 жылы Сенкаку жерінде мұнай
қорының табылғаны туралы алғашқы мәліметтер пайда болды.
1971 жылы маусымда Жапонияға Рюкю (Окинава) аралдарына ие болу құқығын
беру туралы Жапон-американ келісіміне қол қойылды. Сенкаку аралдары
Жапонияға берілген жерлердің тізіміне енгізілді. Жапония қойылған, басқа
бір келісімге сәйкес, Жапония аралдық аймақтарды қорғау жауапкершілігін өз
мойнына алды. 1972 жылдың соңына қарай Окинавада жапонияның қорғаныс
күшінің контингенті орналастырылды, ал Сенкаку жағалауын шайып жатқан
акваторияда Жапонияның жағалау күзетінің кемелері мен ұшақтары бақылау
жүргізе бастады.
Сенкаку төңірегіндегі алғашқы территориялық талас 1971 ж. пайда болды.
Ең қызығы бұл таластың бастамасы аралдардағы өзінің құқықтары туралы 1971 ж
маусымда ресми түрде жариялаған Тайбэйге тиесілі. Сол жылдың желтоқсанында
дәл сондай мәлімдемені Пекин жасады. Бұл қадамдарға жауап ретінде 1972 ж.
наурызда Токио өзінің ұстанымдарын белгіледі.[14]Тайвань мен ҚХР-ның
аралдарға қатысты егеменді құқықтарының дәлелдемесі бірдей болды: тарихи
және географиялық тұрғыдан Сенкаку әрдайым Тайвань провинциясының бір
бөлігі деп саналды. Сонымен бірге XIV ғасырдағы қытай деректеріне сілтеме
жасалды. Жапония тарихқа шолу жасағанды жеткіліксіз деп есептеп, өзінің
дәлелдемелерін ортаға салды: Сенкакуны Рюкю (Окинава) құрамына енгізгеннен
кейін ешбір жақтан наразылық болмады; бұл аралдар Жапонияның Сан-Францисско
бейбіт келісімі бойынша бас тартқан аймақтарының тізіміне енбейді. Бұл
мәселеде Вашингтон мәселелердің шешілуін түгелдей мүдделі елдерге ұсына
отырып, ең басынан бейтарап позицияны ұстанды. Кейінірек бұл ұстаным АҚШ-
тың мемлекеттік департаменті тарапынан ресми түрде расталды.
1972 ж. екі жақты қатынастарды қайта қалпына келтіру туралы Жапон-
қытай коммюникесіне қол қойылып жатқан кезде, ҚХР Сенкакудағы құқықтары
туралы мәлімдеме жасамады. Бірақ 1978 ж. бейбітшілік және достастық туралы
жапон-қытай келімісінің қол қойылуына кезінде белгілі оқиға орын алды:
қытайлықтар джонкиларды қосқанда 140-қа дейін кемелерді іске қосып,
аралдардың төңірегінде өзіндік демонстрацияны ұйымдастырды. Осылайша
наразылықтар белгіленгеннен соң, Дэн Сяопин Токиода болған кезде,
аралдардың иелігі туралы мәселенің тұрақталып келе жатқанын жариялады. Ол:
Барлығы әрқашанда қазіргідей болсын. Жапония аралдарға 20-30 жыл иелік ете
алады, - деп атап өтті.[15]Басқа сөзбен айтқанда, мүмкін 1978 жылдан
бастап, бұл баяу минаның сағаттық механизмі іске қосылды. Жапондықтар да
бұны есте сақтауда. Сонымен қатар, мезгіл-мезгіл болып тұратын қақтығыстар
мен әртүрлі оқиғалар бұл туралы еске салып тұрады.
Қытайдың барлық басқа елдермен қатынасындағы басты кедергі – Тайвань
мәселесі. Бұл мәселеге байланысты жапон үкіметінің ресми ұстанымы 1972
жылғы коммюникеде көрсетілген. Ол бойынша Жапония Қытай Халық
Республикасының бөлінбес аймағының бір бөлігі деп қабылдайды. Жапон
үкіметі бұл мәселеге байланысты ҚХР-ның ұстанымын толықтай қолдайды.
Дегенмен, қытай жазбалары сол кезден-ақ бастап Жапонияның протайвандық
көңіл-күйлерін бірнеше мәрте айыптады. Тайвань президенті Ли Дэнхуэй жапон
саясаткерлерінің арасында үлкен танымалдыққа ие екені мәлім. Билеуші
Либерал-Демократиялық партияның жас бұтақшасы, недігі сыртқы істер министрі
Кононың баласына, әдеттегідей Тайванмен байланыстарды орнатуға тапсырыс
беріледі. Олардың көбі бұл елге жақсы көзбен қарайды, ал 1999 жылы жапон
тілінде шыққан Ли Дэнхуэйдің автобиаграфиясы Жапонияда таңқаларлық жылдам
тарап кетті.
АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, 2005 жылға таман
Қытайдың ұлт-азаттық әскері Тайваннің қорғаныс кешендері мен экономикалық
инфрақұрылымын жоятын әуеден мықты соққы жасауға қабілетті техникалық
құралдармен жеткілікті түрде қамтамасыз етіледі. Сол уақытқа таман Қытай
олардың жерлеріне десантты түсіруге қабілетті болады. Бірақ қазіргі кезде
ол оның қолынан келмейді. Ең қызығы, Тайваннің қарулы күштері 2005 жылға
таман ҚҰАӘ-нен қаруланудың барлық негізгі түрлерінен сапалық қатынаста
басым болады. Қытайдың әскери сарапшылары арал төңірегіндегі жағдайдың
қалай дамитыны туралы бірқатар сценарилерді жасап шығарды. Ең болмағанда,
бір жағдайда сценарий халықаралық дағдарыс және АҚШ-тың әскери араласуымен
аяқталады. Әрине, Негізгі бағыттарды қайта қарау, қорғаныс күшінің кеңеюі
және қайта қарулануы және де жапонияның ракетаға қарсы қорғаныс жүйесінің
дамуы Қытайды сақтануға мәжбүрлейді. Тайвань да аймақтағы РҚҚ жүйесіне
қосылу туралы мәселені қарастырып жатқаны мәлім.
Бұның нәтижесінде жапон үкіметінің ресми ұстанымына қарамастан,
Тайвань үшін соғыс болған жағдайда Жапонияның қандай бағыт ұстанатыны,
қазіргі кезде Қытай үшін негізгі мәселе болып тұр. 1999 ж. шілдеде премьер-
министр Кэйдзо Обутидің Пекинге жасаған іс-сапары кезінде одан бұл мәселені
ешкім ашық сұрамады. Дегенмен, дипломат жаңа негізгі бағыттарға
байланысты Пекиннің қауіптенуін басу үшін бар күшін салды. Мәселенің мәні
мынада. Бұл құжаттың бесінші тарауы Жапониядағы бейбітшілік пен
қауіпсіздікке қатты әсерін тигізе алатын, Жапонияға өте жақын жағдайлардағы
серіктестік (Cooperation in situations in areas surrounding Japan that
will have an important influence jn Japan’s peace and security) деп
аталады. Бұл тарауда, Жапония және АҚШ үкіметінің ең басты міндеттері,
мұндай жағдайларды болдырмау үшін барлық дипломатиялық және басқа да
шараларды қолдану болып табылады делінген. Егер де, мұндай жағдайлар туа
қалған жағдайда, Жапония АҚШ-тың бейбіт (төтенше жағдайлардағы көмек;
босқындарды құтқару; өздерінің азаматтарын және де, мүмкін, жергілікті
тұрғындарды көшіру; теңіздегі құтқару шаралары және т.б.) немесе әскери
араласуына көмек көрсетуі керек. Әскери араласу орын алған жағдайда Жапония
АҚШ қарулы күштеріне өздерінің әскери базаларын, азаматтық порттарын ашып
беруге, барынша арттан қолдау көрсетуге, яғни жөндеу жұмыстарын жасауға,
қосалқы бөлшектермен, жанармаймен, майлайтын материалдармен, қысқаша, қару-
жарақ пен оқ-дәріден басқасының барлығымен қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар Жапонияның міндеттеріне барлау, бақылау, теңіздерді минадан
тазарту секілді істердегі міндеттердің бір бөлігін өз мойнына алу кіреді.
Негізгі қолайсыздық, Жапонияға қатты жақындықтың не екендігін
ешкімнің тіпті жапон жағының да нақты білмейтінінде болып тұр. Негізігі
бағыттардың өзінде, бұл Жапониямен көршілес аймақтардағы төтенше жағдай
түсінігі – географиялық емес, жағдайлық мағынаға ие,[16] деп айтылған.
Жапонияның сыртқы істер министрлігінің Солтүстік американдық бөлімшесінің
директоры Т.Такано парламенттегі пікірталас кезінде, мұнда бүкіл Қиыр Шығыс
туралы айтылатыны мәлімдегеннен кейін Қытай қатаң түрде наразылық
білдіреді. Бұдан кейін Жапония өзінің көзқарасын шұғыл түрде қайта
қарастырды. Сол кезде құпия түсінік – жағдайлық мағына түсінігі пайда
болды. 1997 жылы Негізгі бағыттарды талқылау кезінде-ақ, Жапонияның
билеуші Либерал-демократиялық партиясының бас хатшысы К.Като, АҚШ-тың өкілі
Т.Пикерингке Тайвань бұғазы жақындыққа жатпайды деп мәлімдеді. Қытайда
бұған онша сеніңкіремеді және олардың пікірінше Тайвань бұған бәрібір
жатады (бейресми). Сонымен қатар оған тек Тайвань ғана емес, сонымен қатар
Корей жартыаралы және Оңтүстік-Қытай теңізі де кіреді. 1999 жылдың шілде
айында өткен саммит барысында Кэйдзо Обути Қытай премьер-министрі Чжу
Жунцзыге, Жапонияға көршілес аймақтарда шынында кейбір жағдайлар пайда
болғаны немесе болмағаны туралы мәселені тек қана парламент жапон заңдарына
және Жапонияның мүдделеріне сәйкес өзі шешеді деп мәлімдеді. Жапонияның бұл
аймақтардағы операцияларға қандай деңгейде қатыса алатынын, заңның өзі
анықтайды. Оның үстіне Қытаймен достық Жапония ұлттық мүдделерінің құрамдас
бөлігі болып қала береді, ал 1972 жылғы коммюникеде айтылған, Тайваньға
қатысты ұстаным өзгеріссіз болып қалады.
Тайвань мәселесінде АҚШ әкімшілігі соңғы кездерге дейін өте әдепті
ұстады. Мысалға, 1999 жылдың шілде айында президенттің әкімшілігі Ли
Дэнхуэйдің аралдың құрлықтық Қытаймен қатынастарын екі ел арасындағы
ерекше қатынастар деп жариялау әрекеттеріне бірден жауап қайтарды.
Қыркүйекте БҰҰ бас ассамблеясындағы АҚШ-тың өкілі алғашқы рет Тайваньнің
бұл ұйымға қабылдануына қарсы сөз айтты. АҚШ Қытайға қатысты бірде жұмсақ,
бірде қатал саясат ұстануда, яғни бірде Қытайды халықаралық қауымдастыққа
тартса, бірде оған қырсыққан жағдайда не болатыны туралы мезгіл-мезгіл еске
салуда.Бұдан Жапонияның жағдайы тек нашарлап жатқаны таң қаларлық емес. Ол
жерде Шығыс Азиядағы күш арақатынасы 10-15 жыл ішінде қатты өзгеретінін
түсініп отыр. Әрине, Қытай аймақтан АҚШ-ты мүлде ысырып тастай алмағанымен,
оны біршама ығыстыру қолынан келеді. Әзірге Жапония тарту саясатын
ұстануда және бұл үшбұрышта өзін тұрақтандырушы және сарапшы ретінде
көреді. Бірақ та, Қытайдың экономикалық қуаты бұл үшбұрышты арасында
жапондық қағаз тырна жүзіп жүретін екі тартылыс орталығына
айналдыратындай дәрежеге жеткенде не болады?[17]
Кейбір жапондық саясаткерлердің пікірінше, бұл жағдайда (Тайвань
мәселесінің бейбіт жолмен шешілген жағдайында) Үштік Одақ пайда болады.
Бұның болуы екіталай. Біріншіден, Қытай өзінің сыртқы саясатында негізінен
альянстарды емес, стратегиялық серіктестік қатынастарын жоғары бағалайды.
Мысалға Евроодақпен, Ресеймен немесе АСЕАН-мен. Бұл шынайыдан гөрі
символикалыққа жақын байланыстар пайда болатын мәселелерді қолайлы шешуге
және де өзіне ешқандай міндеттемелерді алмауға мүмкіндік береді. Екіншіден,
Қытай әскери одақтарға принципиалды түрде қарсы. Оның Үштік одаққа кіруі
үшін, американ әскерлері Жапония мен Кореяны біржолата тастап кетуі,
Жапонияның өзі, АҚШ-тың берік ядролық шатырының астынан жарыққа шығуы
және өзін-өзі қорғау күшінің қайта қарулануынан бас тартуы тиіс. Үшіншіден,
Қытай қазірдің өзінде өзінің қауіпсіздік мәселесін аймақтық емес, ғаламдық
деңгейде қарастыруда. Егер де ҚХР мен АҚШ арасындағы барлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz