Түркі – Соғды қатынастары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТҮРКІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫТАЙ
1.1 Саяси байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Қытай жылнамалары түркілер туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2 ТҮРКІ . СОҒДЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3 САСАНИЛІК ИРАН МЕН ВИЗАНТИЯ ТҮРКІЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДА ... ... .34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Ежелгі түркілердің көршілес елдермен
қарым – қатынастары (6-8 ғғ)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .3
1 ТҮРКІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫТАЙ
1.1 Саяси байланыстар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .8
1.2 Қытай жылнамалары түркілер
туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2 ТҮРКІ – СОҒДЫ
ҚАТЫНАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3 САСАНИЛІК ИРАН МЕН ВИЗАНТИЯ ТҮРКІЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДА
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...47
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
К І Р І С П Е
Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген халық өзінің ұлттық тарихын
тереңінен зерттеп-зерделеуге ұмтылыс жасайды. Патшалық, кейін Кеңестік
дәуір тарихшылары түркі халқының бай тарихи мұраларын зерттеуде сыңаржақты
пікір қалыптастырды.
Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрмаланып
тарих бетінде ақтаңдаққа ұрынған жәйттерді қайта қолға алды. Сондықтан біз
қарастырғалы отырған көне түркілердің көршілес орналасқан Қытай
империясымен жүргізген саяси, экономикалық, мәдени байланыстарындағы бай
тарихи мұраларды бітіру жұмысының тақырыбына арқау етіп отырмыз. Бұл мәселе
бүкіл түркі халықтарын ойландыратын үлкен өзекті мәселе екенін атқымыз
келеді.
Әлем тарихының аясынан алып қарасақ, көне түрік халқы мен оның өзінің,
ол құрған мемлекеттің тарихы: түріктер неліктен пайда болды, сосын тіпті де
өз жұрағаттары болып табылмайтын көптеген халықтарға атын беріп, неге құрып
кетті? – деген сауалға келіп құяды. Осынау мәселені тек саяси тарихты
немесе әлеуметтік қарым-қатынасты талдау арқылы шешу жолында талай-талай
талпыныстар жасалса да одан ешбір нәтиже шықпады.
Адамзат тарихынан алатын орнының орасан зор маңызына қарамастан, көне
түріктер саны аз болған, сол себепті де Қытай мен Иранға қоныстас көрші
болуы олардың іс-әрекеттеріне әсер етпей тұра алмады. Демек, осынау
елдердің әлеуметтік және саяси тарихы бірге өріліп, байланысып кеткен,
сондықтан да оқиғалар желісін қалпына келтіру үшін біз олардың әрқайсысының
тарихын назардан тыс қалдырмауға тырыстық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.Көне түркілер мен Қытай арасында,ы қарым-
қатынас жөніндегі зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде ірң
тарихшылар еңбектерінен көрініс тапты.
Оның ішінде Н.Я.Бичуриннің ғылыми қызметі ерекше. Н.Я.Бичуриннің
қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы
мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс
болды.[1] ш томдық еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және
ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың (сюннулардың), үйсіндердің,
қаңлылардың, янцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі
ақпарат жинақталған.
Қытай хроникаларының материалдарына ауқымқы тарихи филологиялық
түсініктемелер берілген. Қытай деректемелеріне негізделген нақ сондай
ертедегі зерттеулерді араб деректемелерін қоса отырып Абель Ремюза,
Ст.Жюльен жүргізген [2]. Оларда түріктердің, эфталиттнрдің тарихы Орта Азия
мен Қазақстанда манихей, будда діндерінің таралуы қарастырылады. Орталық
және Ішкі Азияның ортағасырлық тарихын жасауға ашатын қытай деректемелерін
басып шығару өз кезінде одан әрі жалғастырылды. Қытай және Византия
деректерін салыстыру негізінде Э.Шаванн (1903) УІ-УІІІ ғасырлардағы
Жетісудың батыс түріктерінің тарихын зерттеді[3]; Қытай, Үндістан, Алдыңғы
Азия және Византия арасындағы өзара қатынастар мен мәдени алмасуды
жеңілдету ісінде батыс түріктерінің атқарған рөлін анықтады: Сюань Цзанның
маршрутын тарихи-географиялық тұрғыдан түсіндіріп берді, Сыма Цяннің
“тарихи жазбаларын” аударуды жүзеге асырып, оған ауқымжы тарихи
түсініктемелер жазды. Біршама уақыт өткен соң да Грот (1921) хуннулар
туралы тарауды аудару және олар туралы неғұрлым толық текстологиялық
мәліметтер келтіру үшін Сыма Цяннің шығармасын қайтадан қолға алады.[4]
Жазбаша (көне түрік және қытай) деректемелеріне жүгіне отырып,
А.Н.Бернштам ежелгі түрік мемлекетінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, әскери-
демократиялық қоғамның ерте феодалдық қатынастар жүйесіне ұласуын
айқындады. Ол сондай-ақ У-УІІ ғасырлардағы соғды қоныстанушылығының рөлі
мен маңызын және оның Түрік қағанатымен өзара қатынасын анықтады.[5]
Н.Я.Бичуриннің жақсы дәстүрін жалғастыра отырып, Н.В.Кюнер Орталық
Азия халықтары туралы қытайдың құнды хабарларының үлкен топтамасын
жариялады. Түріктер туралы тарихи мәліметтердің қытай тілінде екі томдық
жинағы шығарылды. [6]
Ертедегі және алдыңғы орта ғасырлардағы Қазақстан жөніндегі қытай
деректерінің хабарлары тартылды. Оларға үйсіндер, Түрік қағанаты кезіндегі
түріктер, түркештер, қарлұқтар жөнінде Ю.А.Зуев [7]7[] жасаған талдау
жемісті болып шықты. Қытай жылнамаларынан аудармалардың жариялануы,
әулеттік хроникалардың мәліметтерін ежелгі түрік ескерткіштері мен
генеологиялық аңыздардың материалдарымен, сол сияқты антик дәстүрімен
салыстыру ертедегі Қазақстанның этникалық үрдістерінің, саяси оқиғалары мен
тарихи географиясының кейбір жақтарын жаңаша түсінуге мүмкіндік берді.
Көне түрік жазуын зерттеу ісінде С.Е.Маловтың еңбектерінің маңызы
ерекше. Ғалымдардың ежелгі түрік ескерткіштерінің материалдарына
негізделген зерттеулерінің нәтижелері түрік қағанаттары шеңберінде болған
этногенетикалық үрдістердің Орталық Азия мен Сібірдің түркі тілдес
халықтарының қалыптасу тарихына өте елеулі ықпал жасағанын көрсетті.[8]
С.Г.Кляшторный монографиясында ежелгі түріктердің руналық текстерінен
алынған материалдар талданып, жүйеге келтірілген, олар басқа
деректемелердің материалдарымен салғастырылып, қол жеткен нәтижелер
Қазақстан мен Орта Азия тарихына сәйкес тарихнамалық тұрғыдан да,
деректеметану тұрғысынан да қорытылған. Түріктер тарихын талдап жасаумен
бірге, кангюй проблемасы, Жетісуға соғдылардың қоныстануы соншалықты мұқият
зерттелді.[9]
Л.Н.Гумилев түрік халықтарының тарихы жөніндегі кітаптарының жарыққа
шығуын да атап өту қажет. Олар хунну державасы мен ежелгі түріктердің
мемлекетіне арналған. Сол әлеуметтік-саяси көшпелі қауымдастықтардың пайда
болу, даму және жойылу заңдылықтары зерттеледі. Автор кең көлемді тарихи
проблемаларға (хуннулар мен түріктердің саяси өміріне, олардың тұрмысына,
дініне, мәдениетіне), сондай-ақ екі дәуір – ертедегі дәуір мен орта
ғасырлар шебіндегі Ішкі және Орталық Азия көшпелілерінің географиялық
орналасуына зор көңіл бөлген.[10]
Қазақстанның аса көрнекті ғалымы, ағартушы, саяхатшы, этнограф,
Қазақстанның, Орта және Оралық Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеуші
Ш.Ш:Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына қарай 5 томдық Шығармалар
жинағының жаңа басылымы жарыққа шықты.[11]
Мерекелік 1985 жылы Алматыда ЮНЕСКО шеңберінде “Орта ғасырлардағы
Орталық Азиядағы мәдени-тарихи үрдістер” деген халықаралық конференция
өткізілді. Онда УІІІ-ХУІІ ғасырларда Орталық Азияда болып өткен этно-мәдени
үрдістерге, аймақтың көшпелі және отырықшы халқы өркениетінің әлеуметтік-
экономикалық базасы мен олардың арасындағы өзара қатынастарға, мемлекеттік
құрылыс сипатына, мәдениеттердің өзара байланысы мен өзара ықпалына баса
назар аударылды.
Қытай жылнамаларының материалдарын ғылыми айналымға енгізу, ертедегі
және ортағасырлық Қазақстанның түрік тайпаларының тарихын талдап шешу
жалғастырылды (В.С.Таскин, А.Г.Малявкин, Ю.А.Зуев, И.Рахевильц,
А.Ш.Қадырбаев).[12]
С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтановтың жазбаша деректемелер мен
археологиялық деректердің бай материалына сүйеніп жазған “Қазақстан ш
мыңжылдық жылнамасы” деген кітабының шығуы Қазақстан тарихнамасында елеулі
құбылыс болды. Ғалымдар Қазақстанның шығыстанушы-тарихшылары мен
археологтарының халықаралық үлкен қоғамдастығы жетістіктерін қорыту еңбегін
өз мойнына алған. Қазақ халқы этногенезінің жалпы үрдісін авторлар 2-3 мың
жыл бойы халықтың екі тобының: үнді-европалық және орталық-азиялық
топтарының өзара әсері мен қосылуы деп көрсетеді.[13] Сондай-ақ бүгінгі
таңда қазақ-қытай қатынасына байланысты еңбектерді жазған Мұхамедханұлы Н
[14], Мыңжан Н [15], Қинаятұлы З [16] есімдерін атауға тиіспіз. Аталған
авторлар еңбектері бітіру жұмысының мазмұнын ашуда үлкен көмекші құрал
болды.
Деректік негізі. Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Таң әулеті
билік еткен кезеңге (618-907) тұстас келеді. Орталық Азия халықтары,
олардың тарихы туралы мәліметтердің келесі үлкен кешені сол дәуірге
арналған екі хроникада бар. “Таң әулетінің ескі тарихын” (“Цзю Таншу”)
Қытайдың бөлшектенуі кезінде – автордың тобы, ал “Таң әулетінің жаңа
тарихын” (“Синь Таншу”) да Сун дәуірінде (1043-60) Қытайдың аса көрнекті
ғалымы әрі ақыны Суян Сю (1007-72) бастаған авторлар ұжымы жазған. Таң
әулетінің тарихы жөніндегі екінші еңбек біріншісінен жаңсақтықтар мен
қателер көп табылуына байланысты жазылған. Хроникаларда батыс түріктер,
түркештер, олардың этногенезі, Батыс түрік қағанатының, Түркеш қағанатының
құрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық мәліметтер
берілген.
Қарлұқтар, олардың Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ
қазіргі Қырғызстанда орналасуы туралы қытай материалдары өте құнды.
Ертедегі дәуір мен б.з. УІІІ ғасырына дейінгі Орталық Азия тайпалары мен
олардың мемлекеттік құрылымдары тарихыныңнегізі арқауын нақ қытай
деректемелері бойынша біршама толық жасауға болады, бұл әсіресе
үйсіндердің, қаңлылардың, ежелгі түріктердің, түркештердің, қарлұқтардың
саяси тарихына байланысты.
Орталық Азияға саясатшылардың жазбалар жанры Таң әулеті билеген
кезеңде де, ХІІІ ғасырда да ең басты деректеме болып қала береді. “Сянь
Таншу” мен “Цзю Таншуда” Жетісуға Шығыс Түркістан полистері арқылы жүріп
өткен қытай саяхатшыларының маршруттары: Шу, Талас өзендерінің аңғарлары,
Ыстықкөл суреттелген. Алайда олардың ішінде буддаға тауап етуші Сюань Цзан
(шамамен 596-664) қалдырған жазбалар мейлінше толық болып табылады. Ол
жазған шығарма “Ұлы Таң әулеті кезіндегі Батыс өлкесі туралы жазбалар” (“Да
Таң Сиюйцзи”) деп аталады және Сюань Цзанның Орта Азия арқылы ндістанға
саяхатына арналған. Сюань Цзан Суяб, Невакет, Талас арқылы жүріп өткен. Ол
қаһан сарайын, түрік тайпалары мен басқа да тайпалар кәсібінің әдет-ғұрпын
суреттеген.
Ертедегі және орта ғасырлардағы қытай деректемелері, сыңаржақ
болғанына қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше
құнды.
Біздің заманымыздағы мыңжылдықта ежелгі түрік және түркі тілдес
тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазбаша ескерткіштерінің
құны баға жеткісіз.
Түрік авторлар жазған бұл жазбаша деректемелердің елеулі және даусыз екі
қасиеті бар, олар – автохтондылығымен, яғни жерлекті сипатта болуымен және
түпнұсқалылығымен ерекшеленеді – автор өзінің көз алдында не болғаны немесе
болғанынан көп уақыт өтпеген оқиғалар жайында, өзі жақсы білетін фактілер
туралы жазған. Сол арқылы ежелгі түрік деректемелері түрік қоғамындағы
этникалық, әлеуметтік және мәдени үрдістер туралы жат жерлік байқаушылар
жазған мәліметтерге неғұрлым дәл түсінік береді. Монғолия жерінен мейлінше
құнды ежелгі түр текстері табылды.
Деректеметануда Енисей мен Таластан ашылған ескерткіштердің зор маңызы
бар.
Ең алдымен түрік хандары Күл-тегін (732) мен Білге қаған (735)
құрметіне қойылған ескерткіштер – Кошоцайдам құлпытастарын атап өту керек.
Бұл жазбалардың авторы, басқа да көпшілігіндегі сияқты, қаған әулетінен
шыққан Йолығ-тегін болған, ол түрік тілінде жазған есімі бізге белгілі
тұңғыш жазушы. Осы екі ескерткіш басқа да руна жазбаларының бәрі дерлік
салыстырылатын өзінше бір өлшемдерге айналды. Тоныкөк ескерткіші (шамамен
716), Құлшора құрметіне орнатылған ескерткіш (722), Онгин жазбасы қосылатын
Кошоцайдамның мәнерлі тексі негізінен Шығыс түрік қағанаты жөнінде
мәліметтер береді.
Сонымен бірге оларда Қазақстан мен Орта Азияның батыс түріктері тарихының
оқиғаларына қатысты маңызды естеліктер бар, оларға талдау жасау тарихи-
географиялық, тарихи-саяси және этнографиялық прроблемалардың тұтас кешенін
зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең құндысы – “он оқ” (он
жебе) халқы, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, кенгерестер, Жетісу соғдылары
туралы мәліметтер.
Елтеміш Білге қаған (747-759) құрметіне жазылған эпитафия болып
табылатын Селенга тасы (яғ,и Шине Усу ескерткіші) орхон есерткіштеріне
жатады. Бұл жазбада түріктермен бірге ұйғырлардың тайпалық бірлестігіне
билік еткен қыпшақтар уақыты жағынан бірінші рет ауызға алынады. Елтеміш
қағанның түріктермен, түркештермен, қарлұқтармен және басмылдармен өзара
қатынастарының тарихы да баяндалады.
Батыс түрік қағанатының Жетісудан (Талас өңірінен) табылған
ескерткіштері елеулі мәдени тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге
қойылған құлпытастарға, теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға
жазылған ое екі жазба жатады. Бұл ескерткіштердің жоғарғы мерзімі едәуір
айқын – УІІІ ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі тегінде, УІ-УІІ ғасырлар
шегі болуы ықтимал.
Қорыта айтқанда ежелгі түрік ескерткіштерінің алдыңғы ортағасырлық
Қазақстанның тарихи географиясы мәселелерін талдап шешуге айқын жарық
беретін деректеме ретіндегі маңызы бағалау қиын.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті.УІ-УІІІ ғасырлар
аралығындағы көне түріктер мен қытай елі арасындағы қарым-қатынасты
қарастыру үшін біз алдымызға мынадай мақсаттар мен міндеттерді қойдық:
- УІ-УІІІ ғасырлардағы түріктердің мемлекеттіліктің ерте түрлері
жөніндгі мәселеге ден қою;
- УІ-УІІІ ғасырдардағы қытай тарихын хронологиялық деңгейде түркі
қағанаттарымен өзара саяси байланысын баяндау;
- Түркі қағанатынан батыс қағанатының бөлініп шығу барысын Қытай
мемлекетімен туындаған саяси қайшылықтар негізінде талдау;
- Көшпелілердегі феодалдық қарым-қатынастың ертеректегі түрлерін
көрсету;
- Түрік-қытай арасындағы мәдени қарым-қатынасындағы Жібек жолының рөлін
айқындау;
- Қытай деректеріндегі Түркілержайлы мағлұматтарға талдау жасау,
- Түркі –соғды қатынастарының ерекшеліктері,
- Сасанилік Иран және Византиямен қарым-қатынасындағы Түркілердің рөлін
ашып көрсету
Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспе, үш тарау, қорытынды және
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТҮРКІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫТАЙ
1.1 Түркілер мен Қытайлар арасындағы саяси қарым-қатынасы
545 жылы Ұлы түркілер мемлекеті құрылғаны белгілі. Құрылған
кезеңінің алғашқы жылдарынан бастап түркілер мемлекеті мен Қытай мемлекеті
арасында тығыз саяси қарым-қатынас орнады.545 жылы Солтүстік Қытайда Шығыс
Вэй империясымен Шығыс Вэй империясы соғысты. Батыс Вэй императоры
қарсыласына қарсы соғыста одақ іздеп, түркілер мемлекетіне елші жібереді.
Түркілер қағаны Бумын Батыс Вэй астанасы Чаньанға көп сыйлықпен елшілер
жіберіп, одақ құруды қабылдады.
Бумын қаған түрік елінің ата жауы болып келген аварлар (жужандар
немесе жуань-жуань) қағаны Анағұйдың қызына үйленбекші болып, ханға сөз
салу арқылы аварлармен арада жанжал тудырады. Анағұй келісім бермеді. Өзіне
тәуелді түркілер қағанының бұл қылығына қаһарланды. Бұл жағдай Бумынның
Батыс Вэй мемлекетімен жасаған одағын жандандырып, аварларға қарсы көмек
сұрауға итермеледі. Нәтижесінде, 551 жылы Бумын Анағұйға тосыннан шабуыл
жасап, толығымен жеңді. Бумын Елхан лауазымын алады [1].
Кейінгі жылдары да түркілер мен аварлар арасындағы қақтығыстар
тиылмады. 555 жылы Батыс Вэй территориясына көшіп барған аварларды Батыс
Вэй императоры түркілерге ұстап берді. Өйткені Батыс Вэй басшысы
империясына қарсы соғыста түркілерге үлкен үміт артқан еді. Батыс Вэй
мемлекетінің көмегімен түркілер аварларды тарих сахнасынан жойып жіберді.
Бұл оқиға Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдардың алғашқы ширегінде
орын алды.
УІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, түркі мемлекеті
территориясы шығысында Кәріс түбегінен, батысында Каспий теңізіне дейін,
оңтүстігінде Алашань, Гоби шөлдерінен, солтүстігінен Байкал теңізіне дейін
созылды.
Түрік сөзінің деректерде жиі кездесуі, көрші өркениеттер
жүйесіндегі түркілер елінің басым салмағын көрсетеді. Вэй-Чжоу мемлекеті де
өз қарсыластарымен соғыста Түрік қағанатына үлкен мән беріп, үміт артты.
Батыс Вэй мемлекетінде 557 жылы Вэй әулетінің соңғы императоры тақтан
тайып, орнына басқа әулеттің келуімен, мемлекет Вэй-Чжоу деп аталған еді.
Вэй-Чжоу мемлекеті де шығыстағы Бэй-Ци мемлекетін құлатуды көздеді. Осы
жолда екі император да Мұқан қағанға ханшаларын айттыруға елшілер жіберді.
Мұқан қаған Вэй-Чжоу мемлекетімен одақ құруды қалады
Және келесі жылдары да бұл одаққа адалдығын сақтады. Ал Вэй
империясы да өз тарапынан одақ тәртіптерін орындап отырды. Атап айтқанда
олар түріктер еліне жыл сайын 100 мың тең жібек мата беріп тұрды[10,75].
572 жылы Мұқан қаған қайтыс болды. Оның інісі, әрі мұрагері Тобохан Чжоу
империясымен қатынасын үзбеді. Сонымен бірге Ци империясымен де бітім
жасады. Тобой ханның ”тек оңтүстегі екі бала (Чжоу мен Ци) бізге бағынышты
болып тұрса болғаны, онда кедейліктен қорықпаймыз”,- деген сөзі тарихта
сақталған. Көп мөлшерде Чжоу және Ци мемлекетттері өз тәуелсіздіктерін
сақтап қалу үшін Түрік қағанатына көп мөлшерде алым-салық төлеп тұрған
түркілер мемлекетінің басым күшін мойындағанын байқаймыз.
576 батыс Чжоу мемлекеті шығыс Цилер мемлекетін қирата
жеңеді. Ечен қаласында қоршауда қалған Ци императоры 577 жылы тағын Тао
Юань-Узунь деген князьге беруге мәжбүр болады.Түрік ханы Вэй-Чжоу тым
күшейіп кете ме деген қауіппен жеңілген әулет жағына шығады. 578 жылы
Тобохан Қытайға баса көктеп кіріп, Чжоу әскерінің күл талқанын шығарады.
Алайда Вэй-Чжоу басшысы көлгөсір сыйлықтар жіберіп, Тобоханды өз
жағына шығарады. Нәтижесінде Тобохан түркілер еліне қашып келген Ци
әулетінің соңғы өкілі Гао-Шаоны Чжоу мемлекетіне қайтарады. 581-588
жылдары Суй әулетінің негізін қалаушы жауынгер-генерал Ян Цзянь Чжоу
әулетін құлатқаннан кейін, бытырап кеткен қытайды өз билігінің астына
бағындырады. 581-618 жылдары Суй әулетінің жүргізген реформалары империяның
экономикалық әскери өрісінің күшеюіне әкелді[2].
582-603 жылдары қағанаты құлдырап, орнында Шығыс түрік және Батыс түрік
қағанаттары құрылды.
604 жылы Суй әулетінің құдірет күші тасып, гүлденіп тұрған шағында,
оның негізін салған Ян Цзянь дүние салды. Оның орнында таққа баласы Ян Гуан
Ян-ди деген атпен таққа отырды. Батыс түрік қағанатының территориясы Алтай,
Сібір жерінен бастап, Амудария өзені мен Еділ-Жайық өзендерінің төменгі
ағысына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл қағанаттың жеріне негізінен
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс жері енді.
Енді, Батыс түрік қағанаты мен Қытай империясы арасындағы саяси
қарым-қатынасқа шолу жасайық. Ян-дидің билік құрған жылдары Сүй әулетінде
үлкен дағдарыс болды. Өйткені, бұл билеуші мемлекеттің сыртқы саясатын
барынша шиеленістірді. Бірнеше жылға созылған және т.б. көрші
мемлекеттермен кореямен соғыс мемлекет экономикасын құлдыратты. Ян-дидің
қарапайым халық алдында беделі төмен болды. Өйткені ол халыққа тек өз
билігін мойындату шараларын жүргізді. Сондықтан да, бұл әулетке қарсы
пайда болған күштер төңірегіне халықтың көп бөлігі аз уақытта жиналып,
мемлекеттің өз ішінде азамат соғысы басталды. Бұл қатынас барысында Ян-ди
саясатына тек шаруалар емес, басқа сословие өкілдері де қарсы шықты[3].
Сүй әулеті өз билігін қорғауға бар күшін шоғырландырғандықтан,
түркілермен саяси байланыс баяулады. Яғни, қытайлар алдыңғы әулеттердің
қиын-қыстау кездерде түркілерді өз жағына шығару саясатын Сүй әулеті
билеушілерінің жүргізбеуі, бұл әулеттің аз өмір сүруінің басты себептерінің
бірі болды. Нәтижесінде, Сүй әулеті 618 жылы құлады. Осы жылы Ли Юань өзін
Гаоцзу императорымын деп жариялап, Таң әулетінің негізін салды.
Дерктерге сүйенсек, Сүй әулетінің құлауына түркілердің әсері зор болған.
Түркілер Ли Юаньнің таққа ие болуына көмектескен.
Шығыс түрік қағанатының хандары – Шиби-қаған мен Ел қаған Қытай
елінде болып жатқан саяси оқиғаларға белсене қатысуға тырысқан. Түркі
қағандары Қытайдағы бір-біріне қарсы пайда болған күштердің бір-біріне
айдап салу саясатын жүргізеді. Бұл саясатты іс жүзінде жүргізу барысында
түркілер әуел баста билік жүргізуші императорды қолдаса да қолдау
көрсетуден бас тартпаған. Өйткені, түрік билеушілері мемлекетінің күшеюі
үшін бытырап жатқан Қытайды қалаған. Ғұндар дәуірінен басталған Қытай қаупі
түркілер заманында да тыйылмаған, керісінше, өрши түскен[4].
Енді, Батыс түрік қағанаты мен Қытай мемлекеті арасындағы саяси
қатынастарға толығырақ тоқталуды жөн көрдік. Өйткені, Қазақстан
территориясында құрылған Батыс түрік қағанаты бітіру жұмысымыздың өзегі.
Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахнасына
көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 ж.ж) мен Тон қағанның қағандық құрған
кезеңдері.
Жегу қаған тұсында қағанаттың шығыс шекарасы Алтайға дейін
жетті. Тон қаған өзінің қыстық резиденциясын Суяб қаласына көшірді. Суяб Шу
өзенінің бойында орналасқан аса ірі сауда - өнеркәсіп орталығы болды
(қазіргі Тоқмақ қаласының маңы). Ал, жаздық резиденциясы Исфиджаб маңындағы
Мыңбұлақ қаласына көшірді (қазіргі Түркістан қаласының маңы). Қағандардың
жаңа жорықтары нәтижесінде қағанат шекарасы Амударияның жоғарғы ағысы мен
Гиндукушка дейін жетті[5]. Жорықтар нәтижесінде күшейіп, әбден байыған
тайпа үстем таптары Тон қағаннан мемлекетте орналасқан деспоттық тәртібі
қарсылық білдіретін дәрежеге жетті.
Сөйтіп, қаған ішінде билікке талас қақтығыстары басталады.
Бұл қақтығыстар мемлекеттің сыртқы саясатына кері әсерін тигізді. 630-634
жылдары мемлекет Орта Азия территориясындағы иеліктерінен айырылды. Сонымен
бірге мемлекетте көп жылдарға созылған саяси дағдарыс басталды.
Билікке талас күрес нәтижесінде мемлекет екі конфедерацияға бөлінеді: дулу
және нушуби. Тон қаған өз билігін нығайту мақсатында Қытаймен жүргізілген
келіссөздерге үлкен мән береді. Қытай шарттарын сөзсіз орындап отырды.
Сөйтсе де, ол тәуелсіздігін сақтап, өлер алдында түрік салтына сай, інісі
Ышбарі Төлістадты таққа отырғызды.
Ышбыр қағанның билікке келуімен дулу мен нушуби тайпалары
өздерін өздері басқаруға қол жеткізіп, дулының бес тайпасы мен нушубидің
бес тайпасы бір бастықтан алады. Бұл бастықтар Ашина руынан емес,
жергілікті тайпалар тегінен болған. Екі одақтың шекарасы болып Шу өзені
белгіленеді.
Бірақ, мемлекеттегі бұл келісім негізінде орнаған тыныштық
көпке созылмады. Оқ ала алмаған тайпалар көсемдері наразылықтарын
білдіреді. Таңдаушылар қатарына қорлықтар, яғма, қыпшақтар, басмылдар, сол
сияқты ғұндардың ұрпақтары шумилар мен шаталар кірмей қалады. Мемлекетте
бір-біріне қарсы екі күш төңірегінде дулулар мен нушибилер шоғырланып,
Ышбара қаған билік еткен кезеңнің екінші жартысында тағы да жанданады.
Ышбара ханнан нушуби тобынан болуы дулулар наразылығын өршіте түсті[6].
638 жылы шүйе мен шуми тайпаларын басқарып жүрген кітад “Ірбіс
Дулыхан” деген атпен дулу тобын басқаруға шақырылады. Осы басшының қолынан
639 жылы Ышбара қаған қаза табады. Ышбара қаған қаза болғаннан кейін аз
уақыт ішінде таққа бірнеше қаған отырады. Осы қағандардың ішінде нушубилер
Қытайдың қолдауымен, Ышбара ханның немересі – Ірбіс Шегуханды сайлайды. Осы
хан тұсында Батыс түрік мемлекеті мен Қытай арасындағы шиеленіскен қатынас
қайта жанданады.
Атап айтқанда, бұрын ұсталып қалған қытайлардың бәрі үйлеріне
қайтуға рұхсат алады. Қытайға тиісті алым-салық жіберіліп, некелесуге
ханшайым жіберуін сұрайды. кітадқа қарсы шабуыл жасайды, бірақ нушубилер
жеңіледі.
646 жылы Ірбіс Жегуй хан арадағы одақты Тон үйінен шыққан
ханшайымен некесін бекіту үшін Чаньанға елшілер аттандырады. Бірақ
император ханшайым үшін бес қаланы: Куга мен Хотанды, Қашғар мен Чжубоканы
(Жаркент маңында), Чунлинді (бұл да сол жерде) сұрайды. Бұл бес қала бұрын
Қытай империясы қоластында болып, Куга 630 жылы, Хотан 632 жылы, Қашғар мен
Жаркент 635 жылы батыс ханының қарауына оралған еді.
Хан бұл шартты орындамай, келіссөзді үзіп, одақты бұзды. Осы
кезде сахнаға дулылар шығады. Кезінде кіден жабғы шені мен күллі шығыстағы
жерді бақылаушының қызметін алған, Халлығ деген лақап атпен тарихта аты
қалған дулылардың басшысының рөлі өсті. Дәлірек айтсақ, Халлығ дулылар
басшысы болып тағайындалады. Халлығтың таққа келуімен, нушуби мен дулу
арасындағы қақтығыс өршиді[7].
640 жылы құрамында ондаған мың түркі жауынгері бар қалың қол
Қытай мен түркілер қолбасшыларының бірккен басшылығымен шөл даланы басып
өтіп, гүлденген Тұрфан еліне кіреді. Вэй-тай аяқ астынан қайтыс болады.
Гаочан бекінісін аз мезгілде басып алады. Гаочан бекінісінің
жедел алынуы жергілікті халықтың рухын түсірді. Жиырма екі қала соғыссыз
берілді. Бұдан біз түркілердің Қытай мемлекетінің сыртқы саясатында шешуші
рөл ойнағанын көреміз. Тарихшылар бұл соғысына түркілердің үлкен ерлікпен
шайқасқанын баса көрсетеді.Түркілерге қарсы 641 жылы Сянто ханы Инан шабуыл
жасайды. Инан Тайузун императордың Тань-Шань тауына дәстүрлі құрбан шалу
сапарына атанғаннан кейін, өзіне қарасты күллі тайпаларды жинап, түркілерге
үлкен соққы береді.
Бұл шайқастан кейін, Тайузин Инан императормен саяси байланысты
үзеді. Яғни, бұл жағдай түркілер мен Қытай мемлекеті арасында берік одақ
болғанын дәлелдейді. Көп кешікпей қытайлар Сеянто хандығынан кегін алады.
646 жылы ұйғырлар шапқыншылығынан әлсіреген Сеянто ордасын қытай әскері
талқандап, көп бөлігін қырып жібереді. Қалғаны тұтқындалады[8].
Ірбіс Шегуйхан өзін таққа отырғызған он оқ түріктерінің үміт-
сенімін ақтамайды. Отырықшы иеліктер оның қолынан сырғып шығып кетеді де,
империяның әскері қағанаттың шекарасына тақалып келеді. Осы көршіліктен
ешбір қайырым болмайтынын тайпалар көсемдерінің бәрі айдан анық көреді.
Ірбіс Шегуйханның қуғын-сүргінінен империяның иелігіндегі жерге қашып
кеткен чуйе мен чуми тайпалары туған жерімен тәуелсіздігін қайтып алуға
ұмтылды. Олардың байырғы көсемі Халлығ болатын.Қағанат шебінен қашып шығып,
Тайцзун қызметіне тұрған Халлығ, тезарада іскерлігімен көзге түсіп Тичжоу
соғыс округін (Бесбалық) басқаруға ие болады. Бірақ осынау мансапқұмар
қолбасшы империяның шекара офицері дәрежесін місе тұтпайды да, Тайцзун
өлгеннен кейін, тек Бесбалықты ғана емес, Тұрфанды да азат етуді алдына
мақсат етіп қойған бір құпия қаскүнемдікке қатысқан болып шығады.
Қаскүнемдік дәл кезінде ашылады, бірақ қылмыс әлі
жасалмағандықтан да, Халлығ баласы Тиейіңді аманат ретінде “гвардияда
қызмет ету үшін” Чаньанға аттандырады. Тиейін Қытайда аз уақыт болады. Ол
әкесіне рұқсат алып келіп, оған шығысты жайына қалдырып, Батыс қағанатына
тезірек кетуге кеңес береді.Бұл шабуыл әрекеті Қытайда ойластырылды ма,
әлде азаттыққа ұмтылудан туды ма немесе осы дәлел бірге себеп болды ма –
оны ашып айту мүмкін емес. Тұтас бір орданың империя уәлилерін бейхабар
қалдырып кете қойғанына сенудің өзі қиын, бірақ қалай болған кезде де, ол
әйтеуір әлгілер бақылайтын шептен өткеннен кейін, Халлығ өзін Ышбарахан
(қыт. Шаболо-хан Хэлу) деп жариялайды да, 651 ж. жазында “Дулыханның
бұрынғы жерлерін” (кі) басып алады.
Бірақ 651 ж. оңтүстікке баратын жолды арабтар, шығысқа баратын
жолды империялықтар жауып тастағанды. Тохарстанды кі билеп тұрған,
солтүстіктен шабуылдатып Ышбарахан келеді, ендеше ашық бір-ақ жол – батысқа
баратын жол ғана қалады, өйткені Еділ мен Терек бойындағы хазарлар әлі
түркіттер билігін білмеуші еді. Шынында да УІІ ғ. Орта шенінен бастап,
Каспий жағалауынан дербес Хазар қағанаты пайда болған, оны Ашиндер әулеті
басқарған.
Осынау хан әулетінің УІІ ғ. орта кезінде өмір сүрген
мүшелерінің бәрі белгілі болғандықтан да, шығарып тастау әдісін қолдансақ,
Хазарияда Ірбіс Шегуйханның мұрагері таққа отырғанын мойындатуға тура
келеді. Бұл кезде Хазарияда Батыс қағанатынан бөлініп кеткен болатын. Ал,
Ышбарахан мен он оқтүріктің хазарды ойлауға пұрсаты болмай жатқан.
Ышбарахан түріктердің тілегенін – ішкі тыныштық пен сыртқы
соғысты тауып береді. Біріншіден, ол он тайпа көсемдерінің құқын танып,
бекітіп, дулыларға “чур” лауазымын, ал нушевилерге ”йегін” лауазымын
береді. Ол өзі мен өзінің жасауылына арнап, “Мың бұлақ” алқабынан бекіністі
қала салдырады, ал баласына “Баһадүр-жабғы” лауазымын береді яғни Батыс
қағанатының екінші билеушісі етіп қояды.
Ышбарахан түркіттер мен он оқ түріктерінің өзара көптен күткен
мәмлеге-ымыраға қарсылықсыз хан деп таниды. Бұл ымырашылдық өздерінің
басшылығын орнатуға ұмтылған чүйе, чуми және чумугунь тайпаларының
мақсатына кереғар келеді. Бұл тайпалардың талабын өз халқының негізгі
бұқарасының есебінен емес, өзге жолмен қанағаттандыру үшін кенет
шапқыншылық империямен соғысты тудырады.
562 жылдың бастапқы кезінде Лан Гян-фанның қолбасшылығымен 20
мың қытай әскері және Киби Хэли бастаған 50 мың теле сарбазы Жонғарияға
жөнелтіледі. Соғыс жоспары мейлінше мұқият жасалады. Ұзақ соғыс жүргізуге
азық-түлігі жетпейтін Ышбараханды, теле сарбаздары тез қимылмен тысқырып
тастауы көзделеді. Көшпелі тайпаларға, оның ішінде чуйе мен чумилерге
кешіріммен қарау жағы тапсырылады, Ышбараханның өзі басты жау деп танылады.
Көшпелілерді қуып тастап, бөрілерге яғни түркіттерге бүйідей
тиюге әмір етіледі, қытайлар түркіттерді “түп-тамыр”, ал басқа тайпаларды
“бұтақтар мен жапырақтар” деп атаған.
Өзінің әдепті, иманжүзді қасиетінің арқасында Тайцзун
қоластындағы елді, оның ішінде көшпелілерді де өзіне тәнті етіп қоятын, ал
бірақ Гаоцзун көшпелілерге деген жаңа қарым-қатынасты, дәстүрлі менмендікке
толы бұрынғы қатынасқа айырбастаған еді. Көшпелілер өздерінің бөтен жұрт
екенін тағы сезеді де, оның зардабы дереу, қолма-қол көріне бастайды.
656 ж. ұйғырлар, яғни теле тайпалары – юаньге, бауегу, сиге, пугу
және тунлолар көтеріліске шығады. Оларды марқұм болған көсемнің қарындасы
Бисуду ханша бастайды. 662 ж. бас кезінде көтеріліс жанышталады. Бисуду
қашып құтылады, бірақ қытай әскері қыстың қатты суығынан орасан көп шығынға
ұшырайды.
Жаулап алынған жерлерді ұстап қалу мәселесі бұрын болып
көрмеген дәрежеде шиеленіседі. Тіпті Қытайдың өте мол материалдық және
адамдар қорының өзі жаңадан басып алынған жерлердегі гарнизондарды ұстап
тұруға жеткіліксіз болып шығады. Гаоцзун үкіметінің қолынан келген ең үлкен
іс – төрт бөлімдерімен қамтамасыз ету болады. Осынау “төрт гарнизон” Куча,
Қашғар, Хотан мен Тоқмақта орналасқан еді де, Қытай сарайының ісін
қамтамасыз етіп тұруы керек-ті.
Күллі бағындырылған облыстар төрт уәлилікке бөлінген еді, оның
екеуі шығыста, екеуі батыста болатын. Батыс түркіттерінің жері солтүстік-
батыс уәлилігіне енген-ді. Осы бір аудандарды тікелей басқаруға
мүмкіндіктері болмағандықтан, қытай үкіметі шын берілгендігін іс жүзінде
көрсеткен түркіт сұлтандарының көмегіне сүйенеді. Дулы тайпаларының жер-суы
Мишеге, нушевилер жер-суы – Бучженге сеніп тапсырылады. Бірақ осынау
дарынсыз билеушілердің бодандары арасында ешбір беделі болмайды, қанша күш-
жігер жұмсағанымен олардың сеніміне кіре алмайды.
Рас, көшпелі бексымақтар мен отырықшы иеленушілредің шатағы
оңай басылып тасталатын, бірақ екі хан бір-біріне қарсы айла-шарғылар
жасап, ел арасын шиеленістіріп жібергені сондай, ақырында Қытайдың қыруар
еңбекпен жасаған табыстары зая кетеді. Бучжень 664 ж. Кучаға жазалау
жорығын жасаған кезде Мишені көтеріліс жасауды ойлады деп айыптап, өсек
таратады. Қытай қолбасшысы Су қарауындағы қойшыға дейінгі күллі “жұртты”
жазалап, қырып салады. Бұл дулылардың ашу-ызасын өршітеді, бірақ олар
өздерінің Қытай алдында дәрменсіз екенін біліп, Тибетпен байланысады, бұл
сосын “Батыс өлкедегі” күштердің ара салмағын түбірінен өзгертіп жібереді.
Мишенің кегін жоқтап, орталық Тянь-Шаньды мекендейтін гунюз тайпасы
көтеріледі. Олар теле тайпасы Янь-манмен және тибеттіктермен одақтасып,
империя әскеріне қарсы шабуыл жасамақ болады, бірақ қақтығыста беті
қайтады. Осыған ілі-шала 663 жылы көктемінде Гун-юэ Хотан мен турфандағы
Қытай гарнизондарын шауып кетпек болады, бірақ тағы да сәтсіздікке
ұшырайды.
Ақырында 664 жылы Гун-юэні империялықтар біржолаты жеңеді. Тянь-Шаньнің
теріскей бетіндегі сайын дала мен оңтүстік пен батыстағы қалалы - көгалды
импери құрамына оп-оңай кіре салады, бірақ империя олардың ідет-ғұрпына -,
тұрмыс-салтына тиіспейді.
Шет елден көмек бола ма деген үміттен ештеңе шықпайды: Хорасанды
бағындырған арабтар содан кейін қаруын оңтүстікке қарай бұрады. 662 жылы
олар Кабулды алады, ал 664 жылы Пенджабқа бұзіп-жарып кіреді де Орта Азияны
жаулап алуды келешен күндерге қалдырады. Тянь-Шань тайпалары қыспаққа
қалады да, олардың көсемі ашин Таң империясына адал ниетпен қызмет ете
береді. Бұл жағдай жұртқа өзгерместей болып көрінеді. Бірақ 667 жылы Бучжен
қайтыс болады да, империялықтар оның орнына қоятын адам таба алмайды, ал
оның орнын басатын кісіге зәрулік күннен-күнге аса түседі.
Империяның таңдаулы әскері өз тәуелсіздігін қаһармандықпен
қорғап жатқан Кореяға қарсы ұрыс салады. Тап сол сәтте күштердің ара-
салмағын батыл өзгертіп, ойынға жаңа бәсекеші келіп кіріседі. Тибет – Таң
империясының бақталасы ретінде нық теңестіріп шыға келеді. Жаңа соғыс
Қытайдың бүкіл батыс шекарасын қамтып, лапылдап жана жөнеледі де тездетіп
Тәрім өңіріне тарайды.
1.2 ТҮРКІЛЕР ТУРАЛЫ ҚЫТАЙ ЖЫЛНАМАЛАРЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕР
Түріктер мен соғдылар, парсылар мен гректер үшін соншалық
пйдалы болған сауда-саттықтан, енді жібектің шығатын көзі - Қытайдың не
табатынын байқап көрелік. Бейнеткеш қытай шаруалары осынау құнды тауарды
өндіргенімен, оны өздері мүлде пайдаланбады десе де болғандай еді, өйткені
алым-салық көп еді және олар ұдайы жиналып отыратын. Жібекке айырбастап
алынатын бай жиһаз патша сарайының қажетін қанағаттандырудан артылмайтын
және ішкі базарда елеулі роль атқармайтын.
Мұның үстіне олар шетке шығарылатын жібектен едәуір арзан
болатын, сол себепті де Қытай үшін бұл сауда, тұтас алғанда, зиянды
болатын. Бірақ Бэй-Чжоу үкіметі осы жағдайды өзгерте алмады, дұрысы,
өзгертуге жүрегі дааламады[9], өйткені оның саяси табыстары түгелімен
түсріт хандарының іс-әректтеріне тәуелді еді. Бэй-Ци мен Тогон түркіттердің
көмегі арқасында ғана талқандалған, ал бұған қоса ол енді Оңтүстік Қытайды
бағындыруға тиіс, ал бұл іс тылың қамсыз болмаса – мүмкін емес.
Сонымен бірге естен шығармайтын бір нәрсе, Бэй-Чжоу әулетінің
тегі қанша айтқанмен, қытайдан емес, сәнбиден шыққан және Солтүстік
Қытайдың аса ірі жер иеленушілеріне айналып, қытайланып кеткен сәнбидің
текті дәулетті адамдарына сүйенеді. Баяғы “бұрымды” тобалардың ұрпақтары
өздерінің тілі мен әдет-ғұрпын ұмытып кеткенін, байырғы қытайлар үшін
олардың жексұрын жабайылар, өздерін құлдыққа салғандардың жұрағаттары
екенін айтудың қажеті де бола қоймас.
Бэй-Чжоу үкіметінің сыртқы саясат бағдары да қытай жұрты үшін
тым ерсі көрінеді. Құны аса қымбатқа түсетін түркіттермен одақ та әулеттің
әлі де дала дәстүрінен қол үзбегенін байқатады. Бұны былай қойғанда,
даосизм мен буддизм қудалау осынау ықпалы күшті ұйымдарды оппозиция
қатарына итермеледі. Ақырында халқы қыруар көп Бэй-Ци патшалығын қосып алу
империядағы қытайлық элементтерді күшейе түсті. Бірақ толысып пісіп келе
жатқан оқиғаларда Гуаньлун тобы аталатын ұйым шешуші роль атқарды[10].
Вэй әулеті құлайтын сұмдық қатал кезде, көптеген бай
дәулетті қытай үйлері Шаньдуннен Шэнсидегі Юйвынь Тайға көшіп барып,
Гуаньчжун мен Лунси облыстарында орнығып қалған болатын. Олар бұл арада
жергілікті қытай шенеуніктерімен, помещиктермен көршілік, этникалық бірлік
пен туысқандық байланыс негізінде ынтымақтасып кетеді де, мекенжайлары –
Гуань-(Чжун) мен Лун (си) атымен Гуаньлун атанып кетеді. Ақыры Бэй-Чжоу
монархтары кезінде “гуаньлундықтардың” көсемі бала императордың атасы
(шешесі тарапынан), қолбасшы Ян Цзянь болады. Ян Цзянь “ызақор, ешкімге
сенбейтін және кітапты жақтырмай, тек қулық-сұмдықпен қимыл-әрекет жасайтын
кісі екен; ол жұртты өзінен қолқатын күйге түсіреді, сол себепті де оның
әмірі тез де дәл орындалатын болған, ал өзі қажымай-талмай, ертеден кешке
дейін мемлекет істерімен шұғылданған”[11].
Оның бірдеңені саяси жағынан ұнату, ұнатпауы өзі арқа сүйеген
орта арқылы аынқталып отырған. Ел ішінде ол әлеуметтік қайшылықтарды
жұмсартатын шараларды жүзеге асырады, ал көршілеріне келгенде, қарым-
қатынасты шиеленістіріп жіберуді ұнататын болған.
563 ж. Ян Цзянь саясат бағытын өзгертуге тырысады да, түркіттермен
жанжал тудырады. Ол мұны мынадай дәлелмен негіздейді: “Түркіт сабаздары сый-
сияпатты да, жаза-сазаныдакөздеріне ілмейді, бастықтарын онша сыйламайды
және көп жағдайда тәртіпті, жөн-жобаны сақтамайды. Оларды жөнге салу қиын
емес.
Ендеше олардың құдырет-күші жөніндегі көп сөздер бос былшыл. Осындай
қылығы арқылы, олар аналардың елшілеріне үкіметті мейлінше жомарт сый-
сияпат көрсетуге ынталандырғысы келеді, сондағы үміті өздері ана жаққа
баратындай болса, соның жазасын тарту, солар жөнінен бір сыбыс жетсе
болғаны, үрейлері ұша бастайды. Дұшпандар сырттай қарасақ ержүрек болып
көрінеді, ал шын мәнінде оларды жәукемдей салу оңай. Енді бүгін, менің
ойымша, бұрынғы және соңғы жіберілген елшілердің бәрінің басын шабу
керек”[12].
Алайда бұл сөздер сол кездегі ақиқат шындықты емес, “Гуаньлун
тобының” программасын білдіреді. Түркіттердің ауыр атты әскері, қытай жаяу
әскерінен әлдеқайда оңтайлы-ұшқыр болған мұның үстіне ертедегі
көшпелілердің бір өзгешелігі – маңдайдан соққы беру шеберлігіне жетілген
еді. 578-579 ж.ж. қақтығысу түркіттердің соғыстағы басымдығын айдан анық
етіп көрсетуге тырысады, бірақ мұнысы шындыққа сәйкес келмейтін тәрізді.
Бірақ оның ең маңызды қағидасының бірі – түркіттерге сыйлық, яғни жібек
маталарын бермеу жөніндегі ұсынысы. Бұл шара түркіт хандарының экономикалық
қуатын шын мәнінде кемітіп, сонымен бірге қытайдың өз ішіндегі алым-салықты
азайтуға жағдай туғызар еді[13].
Сөйтіп “ Гуаньлун тобы” елді экономикалық және саяси жағынан
тұйықтап тастауға ұсыныс жасайды. Бұл программаны император қайтарып
тастайды, бірақ Ян Цзянь күтуден жалықпайтын, ал уақыт оның қызметін
атқарып жатқан. Түркіттердің талабы мен қытайлардың күш-қуаты, Бэй-Чжоу
әулетіне адал сәнбилік элементтердің әлсірей беруіне сәйкес күшейе түсті.
581 ж. көктемінде қытай бекзаттары үкіметке қарсы бүліншілік туын көтереді
де, оларға халықтың қалың бұқарасы қосылады.
Осынау сәтті Ян Цзянь соңғы император, тоғыз жасар баланы өзінің
пайдасына тақтан бастартуға мәжбүр етуге пайдаланады. Көп ұзамай бақытсыз
бала өлтіріледі, ал Юйвынь тұқымы, түп-тұқиянымен құртылады, осыдан кейін
бүліншілік те басылады. Жаңа әулет Сүй атағына ие болады.
“Қытай” партиясының түпкілікті жеңіске жеткеніне қарамастан, Ян Цзянь
толып жатқан сәнбилік бай-бағыландарды қатты ашындырып жіберуден тайсалады.
Ол арнаулы жарлықпен “алдыңғы әулеттің күллі дәрежелері мен лауазымдары
бұрыңғыша күшін сақтайды” – деп тағы да тиянақтап қояды.
Қытайланған сәнбилік бай-бағыландар түгелімен аман қалады, бұл
жәйт Қытайдың бұдан кейінгі өз тарихын да, сол сияқты Кіндік Азияның да
тарихын анықтайды. Ян Цзянь азамат соғысына ұрынғысы келмейді, әлгі жарлық
болмаса, соло соғыс сөзсіз туып кетер еді, ал, оның алдыңғы аса маңызды екі
саяси міндет тұрады: Оңтүстік Қытайды бағындыру, ол 580 ж. оңай жүзеге
асырылады, сосын түркіттерді күйрету еді. “Гуаньлун тобының” көсемдері күні
бұрын болжағанындай емес, соңғы міндетті орныдау әлдеқайда ауыр болып
шығады[14].
Сауда саттық қазандай қайнап жататын және тиімді болатын, бірақ
шынайы шаруашылықпен күн көретін халық бұқарасына қызмет етпейтін, тек сән-
салтанат жиһаз мүліктеріне мұқтаж, әлеуметтік сатының биігіндегі бай-
бағыландарға қызмет етеді. Қытайлар, мәселен, Ираннан тек өз патшайымдары
үшін аса қымбас тұратын, қас пен көз сүрмелерін алдыратын, сол сияқты
вавилон кілемдері сирек кездесетін мүлік еді.
Ақырында қытайға Сирияның табиғи да жасанды асыл тастары, Қызыл теңіздің
інжу-маржандары, Сирия мен Мысырдың маталары, Кіші Азияның есіртпе нашалары
жеткізілетін. Бірақ сауданың ең маңызды мүлкі жібек болатын, ол Европаға
Августың заманынан бері түсіп тұратын. Византияның жібекке деген мұқтаждығы
аса зортұғын, өйткені ол хан сарайы мен ақсүйектердің қажетіне ғана емес
түз тағыларымен қарым-қатынаста мәселенки, көмекші әскер жалдаған кезде
валюта есебінде пайдаланылатын.
... 629 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz