Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері


Алматы энергетика және байланыс университеті
Жылуэнергетика факультеті
Әлеуметтік пәндер
кафедрасы
№1 семестрлік жұмыс
Тақырыбы: «Саяси режимдер»
Орындаған:Халидуллин Б.
Топ:АУТк-09-01
Тексерген:Қабылова А.
Алматы 2011
Мазмұны
Кіріспе3
1. Қоғамның саяси өмірінің қызмет ету тәсілі ретіндегі саяси режим түсінігі4
1. 1. Саяси режимнің қоғамның саяси жүйесімен өзара байланысы4
1. 2. Саяси режим сипаттамасы7
2. Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері10
2. 1. Тоталитаризм, авториторизм демократиялық саяси режимдердегі мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам11
2. 2. Антидемократилық режимдердің демократиялыққа трансформациялануы жолдары14
Қорытынды17
Қолданған әдебиеттер18
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы көптеген дүниежүзіндегі республикалар өз бастарынан түрлі режимдерді кешіру арқасында билеудің жеке формасына жетіп отыр. Нақты мысал ретінде біздің қазіргі Қазақстан республикасын айту өте орынды. 70 жылдан астам КСРО құрамында, сталиндік тоталитаризм аясында өмір сүріп, бүгінгі таңда демократиялық, егеменді, тәуелсіз мемлекетке қол жеткізіді. Конституциямыздың I - бабы міне осымен бекітілген.
Сондай-ақ 1990 жылы ғана азаматтық билеу құқына жеткен авторитарлық режимде өмір сүрген Чилиді атаған жөн. Авторитарлық саяси режим демократияға өтудің бір түрі. Оны Голландиялық журналист Ф. Верстич былайша сипаттайды: Англиядан басқа Европа елдерінің барлығы авторитаризмді басынан кешірді. Авторитарлық бисмарктық Германиямен Мейдзи кезеңіндегі Жапония халқының бөлігі жалпы дауыс беру құқығына ерлер 1917 жылы, ал әйелдер 1922 жылы қол жеткізген.
1. Қоғамның саяси өмірінің қызмет ету тәсілі ретіндегі саяси режим түсінігі
Қазіргі саясаттануда ең кең тараған жіктеудің түрі қоғамдағы қалыптасқан саяси тәртіптің ерекшеліктерінде негізделеді. Саяси тәртіп деп, саяси билік, қоғамды басқару әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.
Саяси билікті жүзеге асырудың қоғамды басқарудың тәсілдер жиынтығы ретінде демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші өлшеуші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады.
1. 1. Саяси режимнің қоғамның саяси жүйесімен өзара байланысы
Сондықтан да саяси жүйенің мәнді элементерінің бірі саяси режим, тәртіп, нормалар мен принциптер. Қоғамның саяси ұтымы, билікті жүзеге асыру жүйесі және құқық пен еріктілік жүйесі саяси режим деп аталатын құбылысты туғызады. Саяси режим негізінен үш жағдайда негізделеді. Экономикалық меншіктің иесі болған топ үшін ыңғайлы саяси жағдай туады. Саяси үстем таптың мүддесін қорғайтын мемлекет, олар үшін тиімді тәртіп орнатады. Идеологияда үстем таптың идеологиясы бүкіл халыққа таратылады. Осыған байланысты үстем тап мемлекет арқылы өздеріне ыңғайлы режим орнатады. Ол либералдық немесе күштеу болуы мүмкін. Ол тәртіп азаматтардың құқығы мен еркін, демократияның түрлерін шектеуге апарып соғады. Олар сөз, баспасөз, жиналыс, митингілер, көшедегі шерулер сияқты саяси еріктілікке теңдік, мемлекеттік және қоғамдық істерге, заң қабылдауға қатысуға байланысты болады.
Саяси режим саяси билікті жүзеге асырушы әдістер жиынтығы. Саяси режим қоғамның саяси өмірінің ортасын анықтайды, басқа сөзбен әр елдің тарихи дамуы кезеңіндегі нақты саяси климатын айтады. Бұл ұғым көптеген елдердегі саяси биліктің шындық образын көрсететін нақты дәлел. Бұл ұғым латынның «regimen» деген сөзінен шықан. Белгілі бір мемлекеттің саяси билігіндегі басқару әдіс-тәсілдері.
Саяси режим ұғымы саяси жүйе ұғымымен қатар қолданылады. Бұл екі ұғымның бір-бірінен айырмашылығына келген кезде, әр зерттеуші әр түрлі пікір айтады. Мысалы: Американдық саясаттанушы М. Хогопян «полития», «саяси жүйе» және «саяси режим» ұғымдарын синоним ретінде қолданады. Оның ойынша бұл терминдер кең мағынада саяси тәртіптің жалпы құрылымдық мінездемесінде қолданылады. М. Дювержьеде осы мәселені көп зертеген. Бұл ұғымдарды ол да синоним ретінде қолданады.
Саяси режимді либералдық-демократиялық жүйеде жіктеу билікті бөлуге қатысты. Ең алдымен режимдер биліктерді рөлі бойынша анықтайды яғни биліктегі мемлекеттің және үкіметтің рөлін. Диктаторлық саяси жүйеде билікті бөлу мүлдем жоқ. Сондықтан негізгі критерий ретінде унитарлық иерархиялық биліктің қызмет ету формасын алуға болады.
Саяси режимнің өзіне тән бірнеше ерекшеліктері бар: олар: 1. Саяси лидерлік үшін күрес, мұндай күрес ашық (сайлауда еркін конкуренцияның болуы) ; жабық (оппозицияға жол берілмеу) ; аралық сипат алатын күрес; саяси қатысу деңгейі; (аз таптың билігі), кең деңгейде (саяси шешімдерді қабылдауға халықтың ат саысуы) ; саяси басшылықтың құндылықтары мен басымдылықтары. Осы критерийлер негізінде саяси режимнің мынандай типтері бөлінеді: дәстүрлі (жабық түрде саяси лидерлікке күрес, саяси қатысу деңгейінің төмендігі, консерватизм) ; жарыстық түрдегі олигархия (саяси лидерлікке ашық күресу, саяси қатысудың шексіздігі, революцияға бейімделу т. б. ), әскери (консервативтік және реформистік құндылықтар) ; популистік немесе мобильдік типі (ең төменгі дәрежедегі саяси қатысу, революцилық құндылықтар) ; коммунистік тип (саяси лидерлікке күрес жабық түрде, саяси қатысу мүмкіндігі кең, революциялық құндылықтар) ; либералдық-демократиялық тип (саяси лидерлікке күрес ашық түрде, саяси қатысу деңгей жоғары, реформистік құндылықтармен) сипатталады.
Саясаттануда саяси режимнен бөлек мемлекеттік режим ұғымы бар. Саяси режим саяси билікті жүргізудің әдіс-тәсілдер жиынтығы болса, ал мемлекеттік режим қоғамның яғи өмір сүріп отырған ортаның саяси оспектісі болып табылады. «Саяси режим» ұғымы «мемлекеттік режим» ұғымына қарағанда кең ұғым болса керек. Саяси режим тек қана мемлекет жағынан жүргізілетін саяси биліктің әдіс-тәсілдерін ғана емес, сондай-ақ саяси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдардың әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.
Саяси режим саяси биліктің тұрақтылығын, азаматтарды басқару, саяси қатынастағы билік үшін бағыттар мен динамиканы, қоғамдағы билеуші элитаның өз мақсатына жетуін қамтамасыз етеді.
1. 2. Саяси режим сипаттамасы
Саяси режим қоғамдық - саяси процестің интенсивтілігі мен даму деңгейімен, басқарушы элитаның құрылымдылығымен, бюрократиямен қарым-қатынас жағдайымен, қоғамдағы саяси сана мен мінез-құлықтың қоғамдық-саяси дәстүрлі дамуымен анықталады.
Саяси режимдердің тарихқа белгілі үш түрі бар:
- Тоталитарлық режим.
- Авторитарлық режим.
- Демократиялық режим.
Саяси режимдердің демократиялық және антидемократиялық түрі бар. Демократиялық режим президенттік және парламенттік болып бөлінеді. Президенттік режимде атқарушы органдан тікелей үкімет басшысына бағынады. Президент белгілі бір мерзімге бүкіл халықтық сайлау негізінде сайланады. Мысал ретінде біздің ҚР-сы президенттік басқарудағы мемлекет.
Парламенттік режимде - заң шығарушы өкіметтің рөлі басым болады. Онда атқарушы өкімет парламентке бағынады. Мысалы Англия парламенттік республикаға жатады.
Антидемократиялық режимдер тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.
Тоталитарлық режим дегіміз - қоғамның барлық салаларына, мемлекеттің толық бақылау жасауы. Тоталитарлық режим адамның саяси билік пен қоғамдағы идеологияға бағынуымен сипатталады.
Тоталитаризм термині - латынша “totalitas” (жаппай, бүкіл) деген мағына береді. Бұл ұғымды тарихқа ең алғаш рет италияндық фашизм идеологы Дж. Джитиле ХХ ғасырда енгізді. 1925 жылы бұл ұғым ең бірінші рет Италия парламентінде қолданды. Бұл ұғымды италияндық фашизм лидері Б. Муссолини қолданып, саяси лексиконға енгізді. Осы кезден бастап Италияда тотаритарлық құрылыс басталды, кейін КСРО Сталинизм Германияда Гитлеризм кезеңдері басталды.
Тоталитаризмнің өзіне тән белгілері бар:
- биліктің жоғары концентрациялануы, билік аппаратының гипортрофиялануы және оның бүкіл қоғам өміріне еніп кетуі;
- тоталитарлық құрылыс бір партиямен шектеледі яғни қоғамды жалғыз партия билейді;
- тоталитарлық режимде бүкіл Бұқаралық Ақпарат Құралдарын (БАҚ) (өз) мемлекет өз (құр) бақылауына алады;
- адамдардың тәртібін бақылап отыратын зорлық жасау жүйелерінің болуы. Осы мақсатты жүзеге асыратын лагерлер, гетто яғни қиын еңбекпен адамдарды сынау, сондай-ақ кінәсіз адамддарды жазалау шаралары жүзеге асырылады. КСРО-ға ГУЛАГ лагерін айтуға болады. Оған 1941 жылға дейін 53 концентрациялық лагер, 425 еңбек колониясы және кәмелетке толмағандарға 51 лагер болған. Осы лагер өмір сүрген кезде 40 млн-нан аса адам қырылған.
Тоталитарлық қоғамда репрессивтік аппарат болады. Репрессивтік аппарат негізінде тоталитарлық режим басшылары өздеріне оппозицияны болғызбауға тырысады.
Кезінде репрессивтік аппарат негізінде Қазақстандағы қаншама кінәсіз «сүт бетіндегі тұрған қаймақтарымыз» қырылды. Олардың қатарына С. Сейфулин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т. б. интеллигенция қауымы «халық жауы» деп аталып құрбан болды.
Сондай-ақ мұндай қоғам партияның демократиялық емес жолмен құрылуы, бір идеологияның үстем болуы, адамдардың саяси процестерден шетте қалуы, биліктің бір орталыққа бағынуы, демократиялық құқықтармен бостандықтарға жол берілмеуі, экономикаға, дінге, мәдениетке т. б. мемлекеттік монополияның орнауы, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам принциптерінің болмауы мен сипатталады.
Режимнің бұл түрінде мемлекеттік биліктің орталығы диктатор және оның қарамағындағылардың қолында болуы мен айқындалады.
«Қырғи - қабақ» соғыс кезінде тоталитаризм концепциясы Батыс пен Шығыс арасындағы идеологиялық күрестің негізіг элементіне айналды. Сол кезде демократия мен тоталитаризмді өмірдің қарам-қарсы екі образы, екі мәдениеті ретінде қарастырды.
Батыстың көптеген зерттеушілері X. Арнедт («Истоки тоталитаризма» 1951), К. Фридрих пен З. Бзежинскийдің («Тоталитарная диктатура и авкратия 1956), Р. Аронның («Демократия и тоталитаризм» 1965) еңбектерінде тоталитаризм фенониміне ғылыми анализ жасаған. Мысалы, К. Фридрих тоталитаризмнің теориялық жағынан өзекті бес белгісін бөліп көрсеткен. Олар:
- Бір идеологияның үстемдігі.
- Бір партия билігі.
- Террористік жасырын полицияның болуы.
- БАҚ-тағы монополия.
- Экономиканың орталықтандырылуы.
Тоталитаризмнің өзіне тән белгілері мен қатар түрлері де бар. Олар:
- коммунистік тоталитаризм
- фашизм және социализм.
Коммунистік тоталитаризм тотаритарлықтың нақты көрінісі. Ол қоғамдағы экономикалық өмірді толық бақылауға алады, жеке меншік, индивидуализм ұғымдары жойылады.
2. Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Тоталитаризмнің келесі типі - фашизм. Фашизмнің ең бірінші тараған жері - Германия мен Италия. Италияда фашизм 192 ж. орнады. Оның негізгі мақсаты Ұлы Рим империясын қайта құру еді.
Фашистік тоталитарлық режим расизм, шовинизммен ерекшеленеді. Тоталитарлық ұлттық - социализм 1933 ж. Германияда пайда болды. Ол фашизм мен коммунистік тоталитаризм негізінде пайда болды. Айырмашылығы әлеуметтік басымдылығымен ерекшеленеді. Германиядағы арийліктердің билігін орнату еді.
Тоталитаризм режимде өмір сүрген елдерде бұл режим экономикалық прогресті тоқтатты.
Көбінесе тоталитарлық режим әр елдердегі экономикалық кризиске де байланысты болады. Мысалы: Германия мен КСРО-дағы режимдердің орнауы осыған байланысты болды.
Авторитарлық режим латынның «autoritas» - билік, жеке адамның билеуімен сипаталады, биліктің диктаторлық әдісі.
Бүгінгі күнге дейін ғалымдар авторитаризм мен тоталитаризмнің бір-бірімен байланысты деген мәселе ауқымында бәсекелесуде. Кейбіреулері тоталитаризмді реакциялық негізгі және авторитаризмнің түрі деп қарастырады, ал басқалары осы режимдерді өзбастақ деп қарастырады.
Әрине, бұл жерде екеуінің арасында едәуір ұқсастық болғанымен елеулі айырмашылықтары бар екенін айта кету керек. Бұл екеуін біріктіру себебі екеуі де диктатура, бірақ тоталитаризм - мемлекеттің диктатурасы болса, ал авторитаризм жеке адам диктатурасы болып табылады.
Авторитаризм демократияға және құқыққа қарсы биліктің тұжырымдамасы мен тәжірибесі. Ондай саяси режимде тиран, деспот, форер т. б. құқықтарды аяққабасатын топ басқарады. Ол кезде билікті бөлісу болмайды. Осы күнгі авторитаризмге жататын режимдер әскери-полициялық, фашистік. Авторитаризм жағдайында азаматтық қоғамның құқығы мен бостандығы, мемлекетке қатынасы жөнінде адамның дербестігі есепке алынбайды.
2. 1. Тоталитаризм, авториторизм демократиялық саяси режимдердегі мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам
Авторитаризм өзінің ерекшеліктеріне байланысты тоталитарлық және днмократиялық режимдермен салыстырғанда аралық сипат алады. Авторитаризм дегеніміз - халықтың аз мөлшерде араласуымен, саяси билікті жеке тұлға (топ, элиталық топ, партия) жүзеге асыратын мемлекеттік саяси құрылысты айтады.
Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, ол кеңесші органға айналады. Тоталитаризммен салыстырғанда авторитаризмде бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері азырақ қолданылады. Әдетте бұл режим саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді.
Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Авторитаризмге Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, Иорданияны, Кувейтті жатқызуға болады.
Авторитаризмнің негізгі белгілері. Олар: халықты мемлекеттік биліктен шеттететін, билікті бір орталыққа бағындырған белгілі бір топтың қолында болуы, билікті бөлу принципінің болмауы, мемлекеттік органдардың сайлау арқылы сайлану принципі бойынша шектелуі, мемлекеттік басқаруда әкімшіл-әміршіл әдістердің қолданылуы, репрессиялық күштеу әдістерінің қолданылмауы, жасырын цензураның болуы, оппозицияға жол бермеу, лидер ролінің жоғары болуымен сипатталады.
Авторитаризмнің монархиялық, хунталық, деспоттық түрі бар.
А. Пиночет Чилиде хунталық билікті орнатқан болатын. Августо Пиночет Чилидің 1973-1990 ж аралығындағы әскери диктаторы.
1973 жылы 11 қыркүйекте Латын Америкасында қанды төңкеріс болды. Мемлекетке қарсы солшыл саяси көзқарастағылар репрессияға ұшырады. 13 қыркүйекте хунте А. Пиночеттің ең бірінші қатынасын жою еді. Пиночеттің негізгі мақсаты Чилидің саяси тұрақтылығын сақтау еді. Пиночеттің авторитарлық саяси тәртібі 20 мы адамның өліміне себеп болды. Бірақ Пиночет кезінде Чилиде экоомикалық прогресс байқалды, жұмыссыздың 8% қысқарып, инфляция 10, 9% - 7, 1% төмендеген.
Жалпы, авторитарлық жүйеде үстем орын алатын мемлекет, үстем партия мемлекеттің саясатын қолдайды, мемлекет партияны қалыптастырады, басқа партиялар қосылып, ұлттық майдан ұйымдастырады.
Авторитарлық режим негізінен демократия мен тоталитаризм арасында аралық сипат алатын режим. Мұнда экономика, мәдениет, діни, білім саласында еркіндіктер болады.
Зерттеушілер авторитаризмнің мынадай типтерін бөліп көрсетеді:
а) Теократиялық авторитарлық режим, яғни билікте діни басшының үстемдігі және мемлекет шариғат заңдарына бағыну мен сипатталады; мысалы Ирандағы Хомийни билігі;
б) Тоталитарлыққа дейінгі режим. Мұнда тоталитаризм белгілері ерекше сипат алады. (Остров А. А. «Сто великих провителей ХХ века» М. 2000)
в) Посттоталитарлық режим.
Сонымен, авторитаризм жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Демократияға өтудің түрімен сипатталады.
2. 2. Антидемократилық режимдердің демократиялыққа трансформациялануы жолдары
Демократиялық режим гректік «demos» - халық, «kratos» - билік яғни халық билігі деген мағына береді. Демоератиялық тәртіп деп - қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуі, биліктің негізгі қайнар көзі халық, оның мемлекеттік және қоғамдық шешімдерге қатыса алуын айтады.
Демократиялық көріністіің айқын мысалдарының қатарына бүгіндегі демократиялық ҚР-сын, АҚШ-н, Ресейді т. б. атауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz