5-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығымен оқушылардың жұмыс істеуі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

«5-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығымен оқушылардың жұмыс істеуі»

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім.

1-ші тарау. Тарихи білім негіздерін оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу тәсілдері . . . 8

1. 1. Тарих пәні, маңызы және міндеттерін оқыту . . . 8

1. 2. Тарихи деректерді оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу

тәсілдері . . . 15

1. 3. Жыл санау жүйесін оқыту . . . 22

2-ші тарау. Алғашқы қауымдық қоғам тарихын оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеуі . . . 26

2. 1. Адамның қалыптасуы туралы мәселелерді оқыту . . . 26

2. 2. Тобырлық қауым тарихын оқыту барысында оқулықпен

жұмыс істеу . . . 29

2. 3. Рулық қауым тарихын оқыту барысында оқулықпен

жұмыс істеуі . . . 37

Қорытынды . . . 44

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 46

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін негізгі мектепте дүние жүзі тарихын оқытудың білімдік, тәрбиелік, сондай-ақ оқушылардың таным қызметін дамытушылық маңызы зор. Ежелгі заманнан осы күнге дейінгі адамзат тарихының аса маңызды құбылыстарымен, оқиғаларымен таныстыра отырып, ол алдымен жас жеткіншектерді оқытып, тәрбиелеуде қазіргі мектептер алдына қоғам қойып отырған міндеттерді - жеке тұлғаның күш-қуат мүмкіндіктерін барынша ашуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға, әрбір оқушының қабілетіне сай интелектін байытуға, халық, қоғам және мемлекет алдындағы жеке адамның азаматтық құқылары мен міндеттерін ұқтыруға, өз елінің мәдени, экономикалық және халықаралық мүдделерін толығырақ түсінуге көмектеседі.

Қазіргі кездегі тәуелсіз еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындаған «Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы /1/ мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең ойшыл, білгілерініз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындарымен салыстырғанда анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кеше отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана, оларды адамдық, адалдық, тазалық, гуманизм, отан сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиеленуінен де танылады», - деп, ұстаздардың қоғам өміріндегі алатын орны мен атқарып отырған асқаралы міндеттердің айрықша маңызын ашып көрсеткені мәлім.

Оқу-тәрбие үрдісі ұйымшылдықпен жүргізуде - мұғалім басты тұлға.

Осындай талапқа сай жұмыс істеу үшін ол алдымен өзінің теория және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және қызметі саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Сонда ғана мұғалім қызметі бүгінгі күннің талабына сай болады.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның әлемнің білім кеңістігімен ықпалдасуы Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы талаптарына сәйкес отандық білім беруді модернизациялау мен орта 12 жылдық оқудың ұлттық моделін орнықтыру - білімдік шоғыр нышанын өзгерту және оның әдіснамасына пара-пар біліктілікке, мемлекеттегі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуге және жаңартуға ұластыра шешілуі тиіс.

Оқытудың ұлттық принциптері және ондағы оқулықтың атқаратын рөлі де түбегейлі өзгеріп отыр: оқушы, білім, білік және дағдыларды енжар қабылдаушыдан таным процесінің белсенді субъектісіне айналуы тиіс. Демек жалпы білім беретін мектеп теориясы мен тәжірибесінде тиянақталған ғылымилық көрнекілік, саналылық, білімді берік игеру, оқытудың жүиелілігін және қол жетерлігін, дамыта оқыту, оқытудың жеке дара және ұғымдық түрлерінің оңтайлы алмасуы және т. б. - сияқты негізгі дидактикалық прициптерімен қосу тұлғаға бағдарланған оқыту желісін іске асыру қажет.

Жалпы орта білім беру мазмұнын білім берудің тұлғаға бағдарланған нышанына сәйкес болуы және білім берудің қазіргі саясатының мына сияқты бағыттарын аиқындауы тиіс.

  • Сапалы білім алу үшін барлық азаматтарға тау мүмкіншіліктер беру;
  • Қазақстандық отаншылдыққа, адамның жеке құқығы мен бостандығын сыйлауға, азаматтық жауапкершілікке және жеке құқықтық өзіндік санаға тәрбиелеу;
  • Ұлттық мәдениетті құрметтеуге, толеранттілікке, басқа мәдени көзздерге қатысты ашықтыққа тәрбиелеу;
  • Оқушының пәндік, әлеуметтік құқықтық, қатысымдық және ақпараттық біліктілігін қамтамасыз ету;
  • Қоғамдағы сәтті әлеуметтену қабілеттерін қалыптастыру;
  • Академиялық жетістіктерді қамтамасыз ете отырып, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті іске асыру; /2/

Осы айтылған міндеттер мен бағыттарды іске асыру барысында пайдаланылуға тиісті бірден-бір тиімді тәсіл - жеке тұлға ретінде оқушының оқулықпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін айқындау.

Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі білім саласындағы ірі жетістіктерінің бірі - отандық төл оқулықтардың жазылып, пайдаланылуға берілуі болды. Солардың ішінде жас ұрпақтың дүниетанымдық қөзқарасымен қалыптастыруда оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде терең білім ала отырып, қоғамдағы өз орнын таба білуіне үйренуінде тарих пәндері бойынша оқулықтардың маңызы зор. Әсіресе орта мектептегі тарихи білімнің бастауы болып отырған «Ежелгі дүние тарихы» пәнін оқып үйрену барысында оқулықпен жұмыс жасау тәсілдерін меңгерудің орны ерекше. Жаңа буын оқулықтарының негізінде көптеген методикалық еңбектер жазылып, олар ғылыми тұрғыда жүйеленуі қажет. Тарих пәндерінің ішінде бұрынғы кеңестік кезеңдегі оқулықтардын құрылымы мен мазмұны бойынша мүлде өзгеше «Ежелгі дүние тарихы» әдістемелік негізде бірнеше бағытта жаңаша зерттеуді қажет етеді. Сондай бағыттардың бірі оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу тәсілдерін зерттеу болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын айқындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Тақырыптың зерттелу деңгейіне тоқталсақ, бұл тақырып бүгінгі күнге дейін методикалық әдіс-тәсілдерді қолдану түрінде арнайы зерттелмеген. Орта мектептерде тарихты оқытудың әдіс-тәсілдері туралы көптеген еңбектерде тарихи білім берудің маңызы, құрылымы, тәрбиелік міндеттері, сабақ өту тәсілдері, пәнаралық байланыстар, олардың ерекшеліктері мен сабақтан, мектептен тыс жұмыстарда пайдалану жолдары туралы мәселелер Н. Г. Дайридің редакторлық басшылығымен 1978 жылы Москвада шыққан «Методика обучения истории в средней школе»/3/, Г. А. Щукинаның 1979 жылы Москвадан шыққан «Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном процессе»/4/, Т. А. Кулагинаның 1967 жылы шыққан «Сто игр по истории» /5/, Г. В. Гораның 1991 жылы Москвадан шыққан «Методическое приемы и средства наглядного обучения истории в средней школе»/6/ және 1988 жылы шыққан «Повышение эффективности обучения истории всредней школе»/7/, А. С. Макаренконың «Воля, мужество, целеустремленность»/8/, А. Г. Колосковтың басшылығымен шыққан «Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе»/9/, С. А. Ежова т. б. Методика преподавании в средней школе»/10/, Ш. А. Амонашвилидің 1984 жылы шыққан «Воспитательная и образавательная функция оценки учения школьников»/11/ т. б. еңбектерінде қарастырылған.

Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеуі туралы мәселелер Ф. П. Коровкиннің басшылығымен шыққан «Методика обучения истории в средней школе»/12/еңбегінің 7-ші бөлім, «Оқушылардың тарихты оқу барысында біліми деректермен жұмыс істеуі» атты тарауының 1-ші параграфында оқушы жұмысындағы оқулықтың ролі, тарих оқулығымен оқушылардың алғашқы танысуы, оқулық мәтініндегі термин сөздермен және жеке элементтерімен жұмыс, түсіндіре оқу, оқулық ішіндегі құжаттармен жұмыс және оқушылардың өздігімен жұмыс жасауы, оқулық, оқулықтағы тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс туралы айтылған.

Г. И. Годердің 1977жылы шыққан «Методическое пособие по истории древнего мира» еңбегінде мектеп курсындағы «ежелгі дүние тарихының» басты мәселелерін өтуде мұғалімнің рөлі жөнінде: «Одним из путей осмысления курса начинающим учителем является ознакомление с тем, как раскрываются в курсе важнейшие исторические проблемы. Данный раздел пособия ставит своей целью помочь учителью представить себе перспективу изучения той или иной проблемы: каково ее полное на уровне 5-класса содержание, на каком уроке она рассматривается впервые, где в курсе работа надней продолжается и где находит свое завершение»/13/

Тәуелсіздік алғаннан бері қарай кезеңде жазылған Т. Тұрлұғұлдың, /14/ «Тарих сабағын жетілдіру жолдары»т. б. еңбектерінде оқулықты пайдалану жөнінде біраз мәселелер айтылған.

Х. Тұрсынның «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі»/15/ еңбегінде «Тарих сабағында оқулықпен жұмыс істеу жүйесі» жөнінде оқулықпен жұмыс істеудің бастапқы дағдылары: түсіндіре оқу тәсілін қолдану, оқулық бойынша тапсырма беру, Мұғалімнің оқушыларды оқулықтарының түсініксіз жерлерін, белгісіз терминдерді таба білуге, қорытынды жасауға, қорытындылаудың немесе пайымдаудың дәлелдеуін оқулықтан табуға үйретуі және безендіру жұмыстары қарастырылған.

«Оқулықпен жұмыс барысында оқушыларда мынадай қорытынды дағдылар қалыптасуы тиіс; 5-сынып - мәтін үзіндісінен ең бастысын бөліп алу; оқулықты пайдаланғанда бағдар алу үшін оның мазмұнын пайдалану; бзендіруді қолданып, әңгімелеудің жай жоспарын құрастыру, мәтінді мазмұндап беру». /15. 31/

Жұмыстың деректік негізі : Бітіру жұмысын жазу барысында басты дерек көзі «Ежелгі дүние тарихы»/16/ оқулығы болып табылады. Оқулық материалдарын мынандай топтарға бөлу арқылы пайдалану қарастырылған:

1. Тарихи тақырыптағы хронологиялық жүйе негізінде сипатталған тарихи оқиғалар туралы мәтін;

2. Параграфтар соңында берілген қосымша пайдалануға арналған құжаттар;

3. Үйге берілетін тапсырмалар мен сұрақтар;

4. Оқулықтағы суреттер, кестелер, сызбалар және т. б.

Тақырыптың мазмұны осылармен жұмыс жасау тәсілдерін зерттеу, сипаттау, баяндау негізінде ашылады.

Мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты 5-сынып оқушыларының « Ежелгі дүние тарихы» оқулығын сабақта жне үйге берілген тапсырмаларды орындау барысында пайдаланып, мүмкіндіктер мен әдіс-тәсілдерін зерттеу. Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер айқындалды:

Тарихи білім негіздерін оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету, соның ішінде:

- Тарих пәні, маңызы және міндеттерін оқыту.

- Тарихи деректерді оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу тәілдері.

- Жыл санау жүйесін оқыту.

Алғашқы қауымдық қоғам тарихын оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеуін зерттеу, негізінен: адамның қалыптасуы туралы мәселелерді,

тобырлық қауым тарихын, рулық қауым тарихын оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеуі тәсілдерін зерттеу.

Зерттеу тақырыбының методологиясы мен әдістері: Методика саласындағы әртүрлі әдіс-тәсілдер басшылыққа алынды. Хронологиялық шеңбері. Бітіру жұмысымда 5-сыныптың Ежелгі дүние тарихы оқулығы қарастырылғандықтан, адамның пайда болуынан бастап ежелгі өркениет ошақтарының қалыптасуына дейінгі, яғни шамамен б. з. д. 2млн. жыл мен б. з. д. 5 мыңжылдықтың аралығын қамтиды.

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде бітіру жұмысының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, жұмысты жазу барысында пайдаланған методологиясы мен әдістері, жұмыстың мақсат-міндеттері туралы айтылған. 1-тарау «Тарихи білім негіздерін оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу тәсілдері» деп алынды. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады: 1. 1. «Тарих пәні, маңызы және міндеттерін оқыту»,

1. 2. «Тарихи деректерді оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу тәсілдері»,

1. 3. «Жыл санау жүйесін оқыту». Бұл тарауда оқушылардың оқулықты пайдалану жолдары көрсетілген. 2-тарау «Алғашқы қауымдық қоғам тарихын оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеуі» деп аталды. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады: 2. 1. «Адамның қалыптасуы туралы мәселелерді оқыту», 2. 2. «Тобырлық қауым тарихын оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу», 2. 3. «Ру-қауым тарихын оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеуі». Бұл тарауда «Ежелгі дүние тарихы» оқулығымен жұмыс істеу барысында

әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы түсіндіру көрсетілді.
1-тарау. Тарихи білім негіздерін оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу тәсілдері.

1. 1. Тарих пәні, маңызы және міндеттерін оқыту.

Мұғалім бастауыш мектептен сыныпты қабылдап алғанда ең алдымен оқушылардың оқу сауаттылығын тексеруі тиіс. Оқу сауаты төмен оқушылармен дербес жұмыс жүргізуге тура келеді. Оқу техникасы оқулық параграфын оқушылардың кезектесіп оқуы арқылы тексеріледі.
Оқулықпен алғашқы танысу оны мазмұндап, оқушылардың нені үйренетіндігі, оқулықпен хронологиялық шеңбері туралы ұғымдарды түсіндірумен басталады. Содан соң барып мұғалім оқушыларды оқулықытың құралымымен, жасалу ерекшеліктерімен, сұрақтар мен тапсырмалар, безендіру және карталармен таныстырады.
Алғашқы сабақтарда оқушыларға бастауыш сыныптан белгілі түсіндіре оқу тәсілін қолдануға болады. Ол тәсіл бір-бірімен тығыз байланыста оқу, түсіндіру, оқығанды толықтыру және безендіруді талдап, әңгімелеуді қамтиды. Бұл тәсіл оқушылардың оқыған материалды игеріп, есте сақтауына көмектеседі, оның алдында әңгімелесу тәсілін қолданған тиімді.
Түсіндіре оқыту кезінде азат жолдары, оларды құрайтын жекелеген сөйлемдерді бөліп алып, олардың басты ой, мағыналық байланыстары айқындалады.
Оқулық бойынша тапсырма біртіндеп күрделене түседі. Оқушылар деректік материалды табуды, оларды жазып алуды; сұрақтарға жазбаша жауап дайындап, оны оқып беруді; оқулықта дайын күйінде кездеспейтін жауаптарды өз бетінше құрастыруды үйренеді.
Оқулық оқушыларға үй тапсырмасын тексеру кезінде де қажет болады. Сұрау кезінде олар кітаптан анықтама іздеп, жолдастарының жауабын тексеріп отырады. Жауап беруші оқушы да оқулықтан қажетті мәтінді оқып, өз жауабын түзете алады. Мұғалімнің ең бірінші кезектегі міндеті - оқушыларды оқулықтарының түсініксіз жерлерін, белгісіз терминдерді таба білуге үйрету. Оқушыларды белгісіз сөздер мен терминдерді қалт жібермей, олардың түсінігін анықтама, сөздіктен мұғалім баяндауынан іздеуге баулудың маңызы зор.

Оқулық параграфымен оқушылардың жүргізетін жұмыстарын ұйымдастыруда мынадай жадынаманы қолдануға болады:

1. Параграфты түгел оқып шық, ондағы оқиғалар мен құбылыстар туралы тұтас ұғым қалыптастыр арпа, сұлба, безендіруді мұқият қарап шық.

2. Әсіресе оқулықта ерекшеленген деректер, тұжырым, идеяларға баса назар аудар.

3. Кеңейтілген жоспар жаса, ол үй тапсырмасын орындауды жеңілдетеді.

4. Сабақта естігеніңді параграф материалдарымен байланыстыр.

5. Тақырып бойынша не оқығаныңды, қандай фильм, экспонат көргеніңді еске түсір.

6. Қажеттілігінше өткен параграфтарды қарап шық.

7. Түсінбеген сөз, мәселелер бойынша сөздік, энциклопедия көмегіне сүйен.

8. Жоспардың көмегімен, кейін тақырып материалын мазмұнда.

9. Параграф соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайында. Мұғалім ұсынған тапсырмаларды орында.

Егер мұғалім жұмысты жаңа сыныппен бастаған жағдайда да ол оқушылардың оқу әрекетінің деңгейін, негізгі дағдыларын анықтау тиіс.

Жаңа материалдарды түсіндіруде оқулықтың көмегі мол. Тақырыпты оқып-үйрену барысында мұғалім оқушыларға оның атауын, сосын параграфтың, тақырыптардың аттарын оқыту арқылы жаңа материалдың жоспарымен таныстырады.

Оқулықпен жұмыста мазмұнда және нақты жауап беруге арнайы тапсырмаларды орындау көмектеседі. Ол тапсырмалар: оқу мәтінінен сұраққа жауап тауып оны дауыстап оқу, өз сөздерімен баяндау, бірнеше сұраққа жауап беру үшін материал таңдау және т. б. болып келеді. Оқулықтар оқушылардың зейінін дамытуға да көмектеседі. Мысалы, түсіндіруден соң мұғалім оқыушыларға оқулықтағы парграфты оқып шығып, мәтіннен қандай мәселені тастап кетті және одан тыс қандай материал қосты деген тапсырма береді.

Мұғалім оқушыларды қорытынды жасауға үйреткенде де оқулықтың көмегіне сүйенеді. Мұғалім басшылығымен оқушылар бұрынғы бір немесе бірнеше тұжырымның негізінде жаңа қорытынды жасайды, өз қорытындыларын оқулықпен салыстырады. Кейін олар қорытындыны бір-екі параграф, тұтас тақырыптар бойынша жасайтын болады да, ол тарихи құбылыс себебінің, маңызы мен оқиға салдарының қорытындысына айналады.

Оқушылар мұғалім жасаған қорытындының немесе әлдебір пайымдаудың дәлелдеуін оқулықтан іздейді.

Тарихқа барынша қызығатын оқушылар көркем әдебиетте баяндалған тарихи деректердің шындығына көз жеткізуге құлшынады. Оқушылардың тақырыпты мұғалімнің алдын-ала түсіндіруінсіз өз беттерінше оқып-үйренуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалім жаңа тақырыптың материалын, сұрақтар мен тапсырмаларды алдынала ұсынып, негізгі ережелерді қысқаша түсіндіруі мүмкін.

Сабақта оқулыққа енгізілген карта үнемі паидаланылуы керек. Қабырғалық карта да көрсетілген нысанды оқулықтағы картадан іздеп табу қатар қолданылуы тиіс.

Төменгі және орта буын оқушыларына оқулық мәтінін әңгімелеп беру көп уақыт алады. Ол әңгіме байланысты және бірізді болуы тиіс. Әңгімелеу барысында оқулықта безендірулер қолданылады. Оқушыларға безендірулерді түсіндіргенде ол суреттердің нақты тарихи шындық емес, адамдардың қиялға негізделген түсінігі, шарты сипаттағы құрал екендігіне көзін жеткізу керек. Оқушыларға безендірудің түсіндірме мәтінін оқып, оның бейнелеу сипатын анықтау ( фото әлде сурет, тарихи құжат әлде қайта құрастырылған ақиқат), қайта құрастыруды құжатты сипаттаумен салыстыру ұсынылады. Бұл тапсырманы орындауға қабырғалық картина, кино үзінді, диапозитивтерді қолдануға болады.

Оқулық безендіру бойынша көптеген тапсырмалар орындалады, мысалы, безендіру бойынша әңгіме құрастыру; желі құрастырушы деректерді түсіндіру; күрделі емес суреттерді қайта салу, диаграмма, картаграммаларды қалпына келтіру; әртүрлі халықтардың әртүрлі дәуіріндегі еңбек құралдары, қарулары бойынша безендіруді салыстыру. Немесе оқулықтарға суретте бейнеленгенді анықтау туралы тапсырма беруге болады.

Оқулықпен жұмыс істеу барысында оқушыларда мынадай қорытынды дағдылар қалыптасуы тиіс. 5-сынып -мәтін үзіндісінен ең бастысын бөліп алу; оқулықты пайдаланғанда бағдар алу үшін оның мазмұнын пайдалану; безендіруді қолданып, әңгімелеудің жай жоспарын құрастыру, мәтінді мазмұндап беру. /15. 31. /

5-сыныпқа арналған «Ежелгі дүние тарихы» оқулығында «Тарихи білім негіздерін оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу тәсілдері» мәселелері 4-64 беттер аралығында жазылған тақырыптар бойынша қарастырылады.

Бұл бөлімде тарих пәнінің мазмұнын, ерекшеліктерін, деректік негіздерін және халықаралық жүйесін оқытып үйрету төмендегідей мәселелер негізінде іске асырылуы жүйеленген: «Тарих деген не», «Ежелгі дүние нені оқытады», «Табиғат, адам және қоғам», «Тарихты қалай зерттеп оқытады», «Археология негіздері», «Этнография негіздері», «Тастағы тарих», «Жазба деректер», «Жер-судың аты-тарихтың хаты», «Шежіре сыр шерткенде», «Жыл санау жүйесі», «Дәуірлер тоғысында». /16. 175. /

5-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығында тарих пәні, маңызы және міндеттерін оқыту барысында оқулықпен жұмыс істеу тәсілдері ондағы алғашқы үш параграф бойынша іске асырылуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу жұмысын ұйымдастыру
Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптер. жаңа оқулықтардың ерекшеліктері
География оқулықтары
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі әдістері
Орта мектепте физика курсында энергияның сақталу заңдарын оқыту
Тарих пәнін мектептерде оқыту
Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері
Білімнің жаңа мазмұны негізінде ана тілі пәнінің оқыту ерекшеліктер
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz