Шығармашылықтағы еркіндік пен қажеттілік арасындағы өзара қатынас


Еркін шығармашылық - қоғам жетілуінің рухани шарты ретінде.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Шығармашылық түсінігі және оның маңызы . . . 7
1. 1 Философия тарихындағы шығармашылыққа берілген анықтамалар . . . 7
1. 2 Эвристика - шығармашылық туралы ғылым ретінде . . . 11
1. 3 Ғылыми шығармашылық пен шығармашылық психологиясы . . . 15
2. Шығармашылықтағы еркіндік пен қажеттілік арасындағы өзара қатынас . . . 21
2. 1 Шығармашылық еркіндігі еркіндіктің ең жоғарғы түрі . . . 21
2. 2 Шығармашылық тұлғасының өзгешелігі . . . 24
2. 3 Еркін шығармашылықтың қоғамның рухани өміріндегі гуманистік аспектісі . . . 30
Қорытынды . . . 42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 45
Қосымша әдебиеттер тізімі . . . 48
КІРІСПЕ
Еркін шығармашылық мәселесі философиядағы мәңгілік мәселелер қатарына жатады. Жалпы мәселелерді негізінен - философиялық және жеке ғылымдық мәселелер деп екіге бөлуге болады. Жеке ғылымдардың мәселелеріне қарағанда философиялық мәселелер өзінің жалпылығы және мәңгілігімен ерекшеленеді. Философияның мәселелері нақты шешілмеген, олар әр уақытта өз заманына, сол қоғамдағы жағдайларға байланысты түрлі шешім тауып отырған. Мысалы ежелгі антика заманында Аристотель, Сократ, Платон, Гераклид, Парменид және тағы басқалар қарастырған ақиқат, болмыс және оның мәні мен мақсаты, рух, тән, адам өмірінің мәні, жаратылыс сияқты мәселелер өз актуальдылығын осы уақытқа дейін жоғалтқан жоқ.
Жеке ғылымдардағы мәселенің өзі шешілуі керек есеп секілді. Ол есеп ертелі-кеш шешімін тапқан соң, оған қайта ешкім оралмайды. Мысалы, XXғасыр теоретикалық механикасы Ньютон заманындағы мәселелерді (формулаларды) қайта қарастырмайды. Сонда жеке ғылымдар ілгері дамиды да, философияда прогресс жоқ деуге болмайды, философтар жаңа білім мен тәжірибеге сүйене отырып мәселелерді қайта қарастырып, одан әрі шыңдай түседі. Сол сияқты шығармашылық мәселесін қарастырып, өз шешімдерін берген философтар ежелгі Грециядан (б. з. д. ) басталып кейінгі Бердяев, А. Осборн, Гордон (Gordon WJ), Г. С. Альтшуллер және т. б. аяқталады. Бірақ соңғы сөз әлі де айтылған жоқ.
Танымдық қабілет негізінде адамның шығармашылық әрекеті ашылып, оның жасампаздығы дами түседі. Адамның сезімдік әлемі немесе қабылдауы құрамында шығармашылық сарқыншақтары болады. Танымда параллель екі механизм - қайталау (отражение) және шығармашылық болады. Бұл екі механизм - әр түрлі, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Кейбір ғалымдар қайталау механизмінің болу мүмкіндігін жоққа шығарып, бір ғана шығармашылық механизмі болады деп тұжырымдайды. Алексеев П. В. пікірінше кез келген таным таза көшіру болмайды, әр адам өздігінше қабылдайды, бұл процесс таза индивидуалды. [1]
Көпшілігі шығармашылықты объективті заңдар негізінде адамның және адамзаттың мақсаты мен қажеттіліктеріне сәйкес қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертетін іс әрекет деп түсінеді. Бірақ, мұндағы объективтік заңдарға сүйене отырып деген шығармашылықтың бір белгісі міндетті болып табылмайды. Егер олай дейтін болсақ, дін, мифология және өнердің басқа түрлеріндегі шығармашылық қалып қояды. Шығармашылықтың объективті заңдылықтарға негізделуі шарт емес.
Ендігі бір анықтамада шығармашылық деп, қоғамға пайдалы болып келетін және адамзаттың прогрессивті дамуына себеп болатын жаңаны айтады. Шығармашылықты бір прогрессивке байлап қою да дұрыс емес. Прогресс деген сөздің анықтамасын алсақ, ол өндіргіш күштер, экономика, ғылыми жаңалықтармен байланысты. Ал мәдениет, яғни рухани құндылықтар бір шетте қалып қояды. Менің ойымша келесі анықтама басқаларына қарағанда дәлірек берілген, яғни шығармашылық - сапалы жаңа материалдық және рухани құндылықтар өндіретін адам әрекетінің процесі. Тек процесі, кейбір түсініктерде шығармашылық нәтижесі деп те келтірілген, нәтиже негізінен екінші орында.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Адамның ерте замандардан бері тілеп келе жатқан бір арманы -еркіндік. Еркіндік адамға ғана өзге де қасиеттердің қатарында елеулі орын алады . Адам өзіндігін сезіну үшін, тұлғалығын таныту үшін еркін әрекеттер жүзеге асырып отыруы қажет . Сол себепті де еркін шығармашылық мәселесі мәңгі қаралып келе жатқандардың есебінде .
Еркін шығармашылықтың мәнін ашу, оның қаншалықты дәрежеде болатындығын анықтау маңызды. Сондықган да адам баласы өмір сүретін қай уақытта, қандай кеңістікте болмасын еркін шығармашылық мәселесі қойылып отырады. Сол себепті, осы маңызды мәселенің мәнін дұрыс ашу жолында жүмыстар жүргізілуі тиіс. Қазіргі философияның оқулықтары толығымен аударылып болмаған, қысқаша мәліметтер берілген оқулықтар студенттерге толық мағлұмат бермейді.
Жұмыстың зерттелу деңгейі мен қойылу бағыттары.
Дүние жүзілік философия өкілдерінің қай - қайсысы болмасын еркіндік және шығармашылық мәселесіне көңіл бөлген. Дегенмен де, осы мәселе тұрғысынан жүйеге түсірілген, топтастырылған еңбек жоқ. Ал, қазақ философиясы бойынша жазылып жатқан еңбектер, зерттеліп жатқан дүниелер өте аз. Көбіне ресейлік философтар еңбектерін пайдалануға тура келеді. Ресейлік философтардың ішінде Н. Бердяев шығармашылық тақырыбын өзінің өмірлік тақырыбы деп есептейді. Оның жазбалары бойынша адам жаратылған және жарату қабілетіне ие. Адам өзінің өмір сүріп жатқандығы үшін құдай алдында қарыздар, сол себептен өзгелерге арнап өшпес дүние қалдыруға тырысу керек. [2]
Шығармашылық мәселесі бүгінгі таңда да, осыған дейін де маңызды болғандығын таныту жұмыстың негізгі мақсаты. Сонымен қоса, әлемдік философияның көрнекті өкілдері мәселені қалай қарастырған, Шығыс пен Батыс философтарының шығармашылық мәселесін қарастырудағы ерекшелігі мен ұқсастығын қарастыру, олардың осы мәселені кеңінен қарап, терең түсінгендігін байқату .
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан(шығармашылық түсінігі және шығармашылықтағы еркіндік пен қажеттілік арасындағы өзара қатынас), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Бітіру жұмысы мәселесін қарастыруына көңіл бөлу . Осы ретте зерттеудің басты міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады ;
- шығармашылық мәселесінің маңыздылығын ашу;
- мәселенің философия тарихында қарастырылуына назар аудару;
- шығармашылық түрлері мен деңгейлеріне көңіл бөлу;
- шығармашылық тұлғасының ерекшелігін анықтау;
- жаңа әдістемелер мен болжамдарды қарастыру;
- еркіндік пен қажеттілік диалектикасы;
- шығармашылық мәселесін философиялық тұрғыдан талдау;
Бітіру жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Әлемдік философия тарихи өкілдерінің шығармашылық туралы ойлары тікелей беріліп, сонымен қатар қазіргі уақыттағы ғалымдар ілімдегі еркін шығармашылық мәселесінің қарастырылу әдістерін жан-жақты қарау, осы ойшылдар еңбегі нұсқау болған. Теориялық талдау тұрғысынан талдау және синтез, жалпылау мен жекелік әдістері қолданылады .
Зерттеуде қазіргі кезде саяси, экономикалық, ғылыми мәселелерді шешуде қолданылатын жаңа әдістер туралы мағлұматтар ашық жазылған(метод «мозовой штурм» и т. д. ) . Негізінен меніңше мәселенің философиялық тұрғыдан қарастырылуы дұрыс. Бірақ жұмыста психологиялық, психоанализ, кибернетика теориялары қарастырылған. Философиясының тарихы мен саяси қоғамдық ой - санасын теориялық зерттеу, оны әрі қарай тереңдете түсу үшін қолдануға болады . Бұл жұмыс еркін шығармашылық мәселесінің бірқатар қырларын ашады . Бірқатар әлемдік философияның көрнекті өкілдерінің озық ойлары мен пікірлері бірдей орын алып, салыстыру жасауға, бірге қарастыруға мүмкіндік береді . Сонымен қоса тәуелсіздіктің таңы арайлап атып келе жатқан біздер үшін еркіндік және шығармашылық мәнін шынайы түсіне білу артық емес.
Адамзаттың жинақтаған рухани қазынасында философиялық ой кешудің мәні терең. Философияны толғандыратын мәселелер қатарының ауқымы шексіз. Даналық ой ағымы дүниенің барша қыр-сырына өз тұрғысынан қанық болғысы келеді. Сондай мәселелер қатарына шығармашылық мәселесін жатқызуға болады. Адам баласы сонау Адам Ата мен Хауа анадан өмірі басталып, өзінің ұзақ ғұмыр кешуінде әрдайым осы мәселемен, яғни, шығармашылық түсінігімен ұшырасып отырған десек, артық айтпаған болар едік. Ықылым замандардан бері қаншама құндылықтар жүйесі, мәдениет туындылары адамның осы бір қабілетінің арқасында дүниеге келді. Бұл қабілетке жер бетінде тіршілік етушілердің ішінде адам ғана ие.
Философия тарихында да шығармашылық мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады. Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған.
Алдымен, шығармашылық түсінігін тарамдап айтып алған жөн болар. Осы бір сөзді естігенде ең алдымен оның жазушылар шығармашылығымен байланыстыратыны белгілі. Ал екіншіден жарату деп те түсінеді.
Философия шығармашылықтың дүниетанымдық, яғни гуманистік, әлеуметтік-аксиологиялық, мәдени-тәрбиелік, ақпараттық және танымдық, әдістемелік мәселелерін зерттейді. Шығармашылық бір текті емес: шығармашылық көріністерінің көп түрлілігі оларды негіздері бойынша классификациялауға мүмкіндік береді. Шығармашылықтың бірнеше түрлері бар: өндірістік-техникалық, ғылыми, саяси, ұйымдастырушылық, философиялық, көркемдік, мифологиялық, діни, күнделікті-тұрмыстық және тағы басқалары.
Шығармашылық мәселесімен соңғы жылдары айналысып жүрген және оны рационализациялауға тырысатын Альтшуллер бойынша шығармашылық процесі:
Біріншіден, жалпы, басқарылмайтын, адамға белгісіз күштерге байланысты құбылыс.
Екіншіден, болжауға, программалауға келетін және саналы түрде басқарылатын құбылыс.
Былайша екіге бөліп, көрсеткенмен өмірде (біздің практикамызда) шығармашылықтың бұл екі сипаттамасы белгілі бір мөлшерде араласып кетеді.
1. Шығармашылық түсінігі және оның маңызы.
1. 1 Философия тарихындағы шығармашылыққа берілген анықтамалар.
Еркін шығармашылық тек философияның маңызды мәселесінің бірі емес сонымен қатар философиядан бөлініп шыққан: мәдениеттану, әлеуметтану, өнертану, психология, педагогика және тағы басқаларының маңызды мәселесі. Көп жылдар бойы шығармашылық тақырыбы әлеуметтік зерттеу пәні болған жоқ. Бірақ, соңғы XIX-XX ғасырларда оған жаппай көңіл аударыла бастады.
Еркін шығармашылық мәселесі туралы айтқанда біз іс-әрекеттің ерекше түрін қарастырамыз. Алдымен еркіндік пен шығармашылық арасындағы қатынасты жалпы философиялық деңгейде анықтап алсақ, өйткені тек философияда ол өзінің барынша жалпы, дұрыс шешімін табады. «Шығармашылықты тек ғылым немесе бір ғана ғылым саласы тұрғысынан түсіндіру» - Батищев бойынша дөрекілеу болу қаупі бар. [3] Шынында да жеке ғылымдар шығармашылықтың тек бір ғана қырын көрсетіп береді, ал философия мәселеге жалпы негізде көңіл аударады. Сондықтан шығармашылықтың тек философиялық теориясы психология, педаогика және басқа ғылымдарға негізгі болу керек. Осы мәселеге байланысты нақты келісілген концепция жоқ болғандықтан, жеке концепцияларды қарауға тура келеді.
Шығармашылыққа берілген орыс тіліндегі оқулықтар, философиялық сөздіктер мен энциклопедиялардағы анықтамалар жалпы бір-біріне өте ұқсас, бірақ олардың барлығымен келісуге болмайды. Ал қазақ тіліндегі философиялық сөздіктерде шығармашылыққа мүлдем анықтама берілмеген.
Көпшілік анықтамаларда шығармашылықты «жаңа әрекет» деп көрсеткенімен, сапасы туралы ештеме айтылмайды. Дәл осылай өзгеріс ұғымын айтқанда да, қандай өзгеріс екені тағы да ескерілмеген. Тамаша бір туындыны өртеу, ғимараттарды талқандау сияқты адам әрекеті де өзгеріс болып табылады. Бірақ бұл өзгеріс шығармашылық емес.
Философия тарихына үңілсек, мұнда әр философ шығармашылыққа түрлі түсініктеме берген. Егер кезең-кезеңімен қарастырар болсақ, мен олардың жетеуін өзіндік ерекшелігіне байланысты қарастырғалы отырмын. Біріншіден, әрине ежелгі антикалық философиясының белді өкілдері Гераклит, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель және тағы басқа өкілдер. Кең мағынада шығармашылық немесе жарату Платон бойынша бейболмыстан болмысқа өту, әлемге оған дейін болмаған жаңаны еңгізу, болмысты өзгерту. Платон немесе қазақша Аплатон шығармашылықтың екі түрін ажыратқан: құдайлық және адамдық. Сонымен бірге құдайлық шығармашылық адамдық шығармашылықты рухтандыратын түпкі себебі болып табылады (Эманация ілімі) . Шығармашылық нәтижелері Платон бойынша мемлекет тарапынан қатал бақылауға алыну керек. Барлық туынды парасатты цензурадан өту қажет. Адам бостандығын мемлекет қадағалауы тиіс, өйткені адамның шектен шығуына жол берілмеуі керек. Ал бұл деген ой мен сөз бостандығына шектеу қою емес пе? Платон бойынша негізгі ереже немесе заң бірге өмір сүретін адамдардың өмірін шектемейді, қайта керісінше реттейді. [4]
Ал Аристотель тек өнердегі шығармашылық туралы жазады. Шығармашылықтан жоғары Аристотель бойынша - даналық. Адамзаттың ұлы ұстазы адамдарды төмендегідей төрт группаға бөледі:
Сезімдік танымға негізделген білімі бар адам
Тәжірибесі бар адам
Шығармашылық қасиеті бар адам
Ойша ғылыммен айналысатын адам (Даналық - себептер мен бастаулар туралы ғылым) .
«Кез-келген адам білуге ұмтылады, әсіресе білуде сезімдік танымның ролі жоғары. Адам көп жағдайда өз көзіне сенеді, өйткені басқа сезім мүшелеріне қарағанда (сипап сезу, дәм, есту, иіс) көз түрлі айырмашылықтарды ажыратады және тануға көбірек көмектеседі. Адам тәжірибеге сүйеніп, олардың нәтижелерін есте сақтау арқылы ғылымға, өнерге жетті. Тәжірибесі көп адамға қарағанда тәжірибесі аз, бірақ білімі бар адам жоғары тұрады. Тәжірибесі көп адамдар бір нәрсенің «не» екенін білгенімен, оның «себебін» білмейді. Қол өнерші, жер өңдеуші немесе бақташы бір жұмысты әдеттегідей қайталап, жасай берсе, ол жансыз затқа айналып кетеді. Ұстаздар нәрсенің себебін білгендіктен тәжірибелі адамға қарағанда ақалдырақ. Өйткені ол ақылға сүйенеді, ал қалған адамдар сезімдік танымға сүйенеді. Сезімдік таным «себеп» туралы мәлімет бермейді». (Мир философии) . [5] Гераклит болмыстың мәңгі өзгеретіндігі туралы айтса, элеаттар мәңгі өзгермейтін болмысты ғана мойындайды.
Неміс классикалық философиясының беделді өкілі И. Кант адам ойына шек қоюдың мүмкін еместігін айтады. Адам шығармашылықта еркіндікке қол жеткізеді. [6]
Идеалистік философияда шығармашылық адамда жарқ етіп кенеттен пайда болатын санасыз процесс ретінде қарастырылады. Шығармашылық санадан тыс болады деп қарайтын идеалистік теория өкілдері бұлай айтқанда мынандай деректерге сүйенеді. Біріншіден, шығармашылық міндеттің шешімі кенеттен туғандай болып көрінеді (ғылым тарихында мұндай жағдайлардың болғаны шынында да тіркеуге алынған) . екіншіден шығармашылық процесіндегі психикалық әрекеттің өту барысы жайлы адам жөнді, түсінікті етіп ешнәрсе айтып бере алмайды (мұндай жайттар да белгілі) . Бірақ бұл деректер шығармашылықтың санадан тыс сипатына дәлел бола алмайды. Шығармашылықтық міндетті «кенеттен» шешу, оны дөп басу - адамның жалықпай еткен ой қызметінің нәтижесі. Дөп басу көп жағдайда өзінің негізгі қағыдалары жағынан да, детальдары жағынан да істің толық шешілу дәрежесіне дейін «жеткізу» қажет етеді.
Идеалистердің түсіндіруі бойынша кездейсоқтық ғылыми ашылуларда маңызды роль атқаратын шығармашылықтың елеулі факторы болып есептеледі. Диалектикалық-материалистік таным теориясында кездейсоқтық теориясы жоққа шығарылмайды, бірақ қажеттілікке кез-келген құбылыс немесе процестің себепті шарттылығына қарсы қойылмайды. Белгілі бір ассоциация немесе белгілі бір бейне адамға қаншама кездейсоқ пайда болған тәрізді көрінгенімен, олардың заттық шартты себептері бар, яғни адамның объективтік шындықты бейнелеу процесінде сана ағысына, зат табиғатына сай пайда болып отырады. Тіпті қайсыбір жаңа нәрселердің кездейсоқ пайда болған бейнесі де (өзінің объективтік шартты себебінен тысқары) субъективтік - жеке адамдық себептерге байланысты болып келеді. Адамды мазмұны жағынан жаңа бейне немесе идея жасауға итермелейтін нағыз шынайы себептерді субъективті - жеке адамдық шартты себептер деп түсіну керек.
Идеалистік қатынас. Бердяевтың жазуы бойынша шығармашылық оның өмірінің ең маңызды сұрағы. Бүкіл болмыста шығармашылық мөрі (печать) айдан анық көрінеді. Бүкіл болмыс - жаратылыс нәтижесі, оның өзі жаратылған және өзі де жарата алады. Болмыстың жарата алу мүмкіндігінің өзі Жаратушы туралы айтып тұр. Әлемді жарату құдай шығармашылығының одан әрі дамуы, ол өзінің жалғыздығын шығармашылық арқылы жеңді. Тек жаратылған табиғатты мойындаған адам ғана шығармашылықты, жаңа және одан алдын болмаған дүниенің мүмкіндігі туралы айта алады. Егер де болмыс жаратылмаған, өздігінен бұрыннан бар болатын болса, онда шығармашылық туралы идея біздің санамызда тумас еді. Егер болмағанды жаратқан құдайлық жарату акті болмаған болса, онда әлемде де жарату актісі болуы мүмкін емес. Жарату идеясы жаратушының өзі бар болғандақтан ғана мүмкін. Шығармашылық актісі ештемеден жаратады. Кез-келген шығармашалық әрекеті ештемеден пайда болады, яғни - жаңа күш. Ештеме дегеніміз - еркіндік күші, тек еркін адам шығармашылықпен айналысады. [2]
Бұрыннан бар ескіні өзгерту, басқаша құрау шығармашылық болып табылмайды. Натуралистік материализм және натуралистік пантеизмнің болмыс туралы түсінігі шығармашылық туралы ештеме білмейді. Ол болмыс шектелген, онда рухани өсу жоқ.
Ақиқатқа жету рух шығармашылығының белсенділігін туғызады. Адам космосқа жақын және ұқсас, оның бөлігі болғандықтан емес, оның өзі құрамы жағынан да тұтас бір космос. Адамның космостығы күнәһарлықпен жабулы, ал шығармашылық дәуірде адам бойындағы космостықты қайта ашылады. Нағыз, шынайы шығармашылық Бердяев бойынша - теургия, яғни құдайлық іс, құдаймен біріге отырып жасалған іс. Адам өзінің о бастағы кінәларын өтеу үшін бар ынтасымен құндылықтар жасайды.
Мистиктер құдайдың адам бойында туылу құпиясы туралы оқытты. Бірақ тағы да бір құпия бар, ол құдай бойындағы адамның туылуы. Адам өз бойына құдайды қалай шақырса, құдай да сол сияқты адамды күтеді. Құдай және адам, жалғыз құдайдың өзіне қарағанда жоғары (Бог и человек - больше, чем один Бог) . Мен жоғарыда келтіріп кеткендей, Платон шығармашылықтың эманациясы туралы айтады. Осы жөнінде Бердяев былай дейді. Әлем құдай эманациясының нәтижесі болса, мұнда сонда қандай шығармашылық туралы сөз болуы мүмкін. Адам көлеңкенің көлеңкесі болса, оның шығармашылығы да көлеңке. Ол шығарманың жоғары, әсем болуы мүмкін емес, өйткені демиург көлеңкесі өзінен алыстаған сайын, құндылығын жоғалтады емес пе?
Материалистік эволюционизм мен эманация ілімі арасында бір жақындық бар. Эволюцияда да, эманацияда да жаңа ештеме пайда болмайды, тек біртіндеп қажеттіліктен өзгереді. Бірақ материалистік эволюцияда біртіндеп даму процесі жүрсе, эманацияда құдайдан алыстаған сайын бұзылу процесі жүреді.
Материализм мен пантезмде шығармашылық мүмкіндігі жоққа шығарылады.
Ал Бердяев Н. А. шығармашылықты бірнеше сатыға бөліп қарастырады, ең бірінші суретшінің (творец) шығармашылықтық интуициясы, түпкі ниеті, оның ойындағы көркем немесе поэтикалық образ бейнесі, құлағына естіліп тұрған симфония, ішкі әлі ашылмаған жаңалық немесе өнер табысы. Одан кейін оны жүзеге асыру, яғни шығармашылық процесі жүреді, бұл процестен артық ештеме жоқ. Шығармашылық нәтижесіне қарағанда, Бердяев оның процесін анағұрлым жоғары бағалайды. Қазіргі заман философтарына келер болсақ бір-біріне қарама-қарсы, мүлдем жаңа, гуманистік, абсурдтық түсініктер толып жатыр. Экзистенционалист Жан-Поль Сартр : «Человек существует настолько, насколько он себя осуществляет», - деп, өзінің «Экзистенциализм - это гуманизм» атты еңбегінде жазады, ол үшін адам ешқашан танылмайтын, ішкі ойлары ешкімге белгісіз жан. [7] Бір қарап адамның кім екенін айтуға болмас, ол сен ойлағаннан (больше) артық, адамның өткені мен қазіргісіне қарап шешім жасау жеткіліксіз, өйткені оның болашаққа жасаған жоспары, сезімі, үміті бар.
Альбер Камю. Шығармашылық тантықтың (абсурд) ең жоғарғы қуанышы. Камю шығармашылықты көбіне өнермен байланыстырады. Өзінің «Шығармашылық және еркіндік» атты еңбегінде Ницщенің: «Өнер, тек қана өнер және одан басқа ештеме де емес» - деген сөзін келтіреді. Камю бойынша өнер адамдардың шындықтан өліп қалмауы үшін берілген. [8]
Жарату - яғни екі рет өмір сүру, тантық адамдары шынайы шындықты қайталау арқылы, салу арқылы басқа, өзгермейтін әлемге кіріп кетеді. Өнер туындысы арқылы адам өз санасын бекітеді. Бірақ бұның барлығы алдамшы түсінік. Адам қанша жаратса да, ол «бостан бос» дүние, өйткені ол да бір күні қирайды, жойылады. Адам өмірде бір нәрсе жаратсын, жаратпасын оның бәрі адам өмірін ұзартпайды. Жарату тек өз тағдырыңа форма беру, бос кеңістікті толықтыру. Өзін-өзі алдау, өз өмірін мағыналы ету, жақсы істер жасау шығармашылық арқылы жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz