Тұлға типологиясы


Жоспар
I. Кіріспе4
II. Негізгі бөлім
2. 1 Тұлға типологиясы7
2. 2 Батыс әлеуметтанушыларының тұлғаны типтерге бөлуі8
2. 3 Қазақстан әлеуметтанушылары тұлға типологиясы жөнінде13
III. Қорытынды19
IV. Пайдаланылған әдебиеттер20
V. Сілтемелер21
I. Кіріспе
Тұлға ұғымы “индивид”, “адам” ұғымдарымен салыстырғанда анықталады. “Адам” ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануардан, өсімдіктерден, машинадан айырмасын атап көрсетеді. Хомо Сапиенс - ақылды адам-тарихи дамудың барлық саласындағы, жер шарының барлық нүктелеріндегі адам дегенді білдіреді.
Индивид - ол адамзаттың жекелеген (бірлі-жарым, дара) өкілі, адамның ақыл, ерік, қажеттілік, көзқарас, т. б. барлық әлеуметтік және психологиялық сипаттарының нақты таратушысы.
Тұлға - бұл адамның қоғамдық бет пердесі. Тұлға - бұл индивидтің дамуының қорытындысы, жемісі, оның аталған қоғамдық жағдайлардағы көрініс. Егер жаңа туған жас егіз баланы алып, оларды әр түрлі жағдайлары, бірін Африка, Қытайда, бірін Еуропа, не Америкада өсірсе, онда бұндай бірдей индивидтерден әр түрлі тұлғалар өсіп шығады. (қалыптасады) .
Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады. Жаңа туылған жас нәресте - адам, бірақ жеке тұлға емес. Ол өзінің іс-әректі үшін әлі жауап бере алмайды. Онда ешқандай ұғым жоқ. Сәбидің тұлғаға айналуы жегеніміз - ол мүмкіндіктің шындыққа айналуы. Тұлғаның қалыптасуына басты орын алатын не нәрсе: тұқым қуалшылық па, тәрбие ме? Психлолгтар мен педагогтар бұл мәселе туралы айтысуда. Кейбір зерттеушілер барлығы тәрбиеден деп есептейді. “Жаман оқушы жоқ, жаман оқытушылар бар”, - дейді олар. Екіншіден, керісінше, туа біткен қасиеттерге мән береді. Орыс халқында: “Бүкірді (қисықты) көр ғана түзетеді”, - деген мақал бар.
Профессор В. П Эфроимсонның “Этика мен эстетиканың шығу тегі” атты кітабында мынандай мысал келтіріледі. Эдвин Иски мен Ф. Нестор - бір-бірімен бірдей, ұқсас айнымайтын егіздер. Бірақ олар туылғаннан ажыратылып, екі түрлі отбасында бөлек өскен, 25 жылдан кейін кездескен. Олар өздерінің тағдырларының ұқсастығына таң қалған. Екеуі де бір-бірінен 1500км. Қашықтықта бір компанияның филиалдарында монтер болып жұмыс істеген. Олар бір мезгілде бір-біріне ұқсас қыздарға үйлеген, Олардың бір-бірімен жасты бір-бірден ұлдары бар және тұқымдас “Трикси” атты иттері бар.
Кеңес кезеңінде жеке тұлғаның қалыптасуындағы негізгі мәселе қоғамдық жағдай деп есептелінеді. Қазіргі уақытта кейбір ғалымдар екінші шекке қарай тура ұмтылады. Олар жеке тұлға тек туа біткен ерекшеліктерімен анықталады деп мәлімдейді. Алайда бұл проблема тек бүгін туып отырған жоқ. Италияның психиатр-дәрігері Черазе Ломброзо - қылмыскерлік адамға (тұлға) туа бітеді деп есептейді. Ол өзінің еңбегін 1876ж. жариялады. Туа біткен қылмыскерлер, оның пікірінше, бүкіл қылмыскерлердің жалпы санының 40%-ін құрайды. Өзінің еңбегінде Ломброзо иллюстрациялау үшін қылмыскерлердің, олардың ішінде қылмысты істермен шұғылданушы адамдар, анархистер, қылмыскер балалар, төңкерісшілер, т. б. бар, портреттер берген. Төңкерісшілердің портреттерінің ішінде Н. Г. Чернышевский, С. Л Перовская, М. А Бакунин, т. б. бар.
Өзінің сыртқы түрі мен ақыл-ой деңгейі жөнінен Ломброзоның өзі қандай адам болғанын Лев Толстойдың Ясная Полянада жүргізген күнделігіндегі 1887ж. жазған естелігінен көруге болады: “Ломброзо шектелген, аңқау шал болатын. Мұның бәрі де қисынсыз сандырақ” . . . Ал “шал” 52-де еді.
Американдық автор С. Чавкин “Ақыл-ойды ұрлаушылар” атты кітабында: “Ломброзо теориясы оның шәкірттері Италия әскерлерінің 63% қылмыстық іске бейім екендігін байқаған кезде өзінің әйгілігін, танымалдығын жоғалта бастады. Бұл теория ағылшын түрмелерінде қамалған 3000 айыпталғандарды Ломброзо теориясының қорытындыларын растап, дәлелдемеген кезде түбегейлі күйреуге ұшырады”.
Сөйтіп, тұлға проблемасы өте күрделі, қажет ететін мәселе болып табылады. Тұлғаны философия, психология, социология, т. б. ғалымдар зерттейді. Философия тұлғаны, оның дүниедегі жағдайын әрекеттің, танымның, шығармашылықтың субъектісі көзқарасы тұрғысынан қарайды. Психология тұлғаның психикалық процестердің, қасиеттер мен қарым-қатынастардың: темперамент, мінез, қабілет, ерік, т. б. тұрақты бүтіндігі ретінде зерттейді.
Тұлғаны социологиялық тұрғыдан зерттеу тұлғаның әлеуметтік типін бөліп шығарады. Осымен байланысты тұлғаның қалыптасуы, оның түрлі топтар мен ұжымдардағы қажеттілігінің мұқтаждығының дамуы, тұлғаның өзінің мінез-құлқын басқаруы, өзіне-өзі ие бола білуі, айналасындағылармен қарым-қатынасы, т. б. зерттеледі.
2. 1 Тұлға типологиясы
Қазіргі социологида жеке тұлға типологиясын құндылық бағыттылығына байланысты бөлу кеңінен тарауда.
Дәстүрлі бағыттағылардың борыш, тәотіп, заң тыңдау, сол сияқты дербесті, тіл табысқыштық, өзін жүзеге асыру сияқты қасиеттері неғұрлым төмен. Идеалистердің, керісінше, дәстүрлі нормаларға, тәуелсіздік және беделге бой ұсынбау, қандай жағдайға болмасын, өзін дамытуға деген сындарлы көзқарасы айқын байқалады.
Жеке тұлғаның фрустрирланған (сөзбе сөз: қиындықта қалған ) типі үшін өзін-өзі төмен бағалаушылық, жабырқаушылық, тұнжырау, өмір ағымынан өзін лақтырып тастағандай сипат тән болады.
Реалистерде борыш пен жауапкершілік сезімін дамыту арқылы өзін жүзеге асыруға, өзіндік тәртіп пен өзін бақылауы басым салауатты скептицизмге ұмтылу басым болады.
Гедонистикалық (грек. hedone - рахаттану) материалистер алдымен “осында және қазір” ләззат алуға бағытталады және бұл өмір рахатын алуға деген құштарлығы тұтынушылық тілегін қанағаттандыру формасына ие.
Социологияда жеке тұлғаның модалді, идеалды, базисті типтері бар. Жеке тұлғаның модалді типі - осы қоғамда шынайы орын алғандар.
Жеке тұлғаның идеалды типі нақты жағдайларға байланысты болмайды. Жеке тұлғаның бұл типі болашаққа тілек сияқты, Мысалы, К. Маркста жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға.
Жеке тұлғаның базисті типі қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі қажеттіліктеріне жақсы үлгіде жауап беретіндер.
Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның әлеуметтік типі қоғамдық жүйенің адамның құндылық бағыттарына және олар арқылы нақты мінез-құлыққа әсер етуіне қарай бейнелену.
2. 2 Батыс әлеуметтанушыларының тұлғаны типтерге бөлуі.
Тұлғаның әлеуметтік типі дегеніміз - адамдардың тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда тұрмыс құру, тіршілік ету жағдайларының күрделі жиынтығының жемісі. Әлеуметтануда тұлғаны әлеуметтік түрге бөлудің әр түрлі варианттары ұсынылған. Мысалы, М. Вебер түрге бөлудің негізіне әлеуметтік әрекеттің ерекшелігін, дәлірек айтқанда, оның ұтымдық дәрежесін алса, К. Маркс формацмялық және таптық ұғымға осы тегін жатқызған. Э. Фром болса, орныққан мінез-құлықты тұлғаның әлеуметтік түрі, индивид пен социумның байланыс формасы деп қарайды.
Әлеуметтік мінез-құлықтың түбегейлі қалыптасуын Э. Фром әрбір тұлғаның қоғам талаптарына мейлінше тиімді бейімделуінде және қауіпсіздік пен өзін-өзі қорғаудағы сана-сезімін нығайтудың мүмкіндігінде деп бағалайды. Адамзат тарихын сараптаудың нәтижесінде Э. Фром әлеуметтік мінез-құлықтың бірнеше типтерін: рецептік (енжар), қанушылық, дүние жинаушылық және нарықтық дер түр-түрге бөледі.
Қазіргі әлеуметтану саласында тұлғаларды олардың құны бағыт-бағдары мен қадір-қасиеттеріне байланысты бөлу кең түрде тарады. Олар:
- дәстүршілдер негізінен мынандай құндылықтарды: міндетті, тәртіпті, жөнге салушылықты, заңды қолдаушылықты ұстанса, ал креативтік болса: адамдардың өзін-өзі көрсету, өз бетімен жүру сияқты сапаларды басшылыққа алады. Мұндай мінез-құлықтар ешкімге ұнамайды, оны өрескел, өрмінезділікке ұқсатады;
- ал идеалистер, керісінше, дәстүрлік нормаларға, тәуелсіздікке бейім болады жән басқа адамның беделін мансұқ етпейді, өзін-өзі ғана басқарады, басқаларға еліктеп алаңдамайды;
- фрустрировтік мінез-құлыққа адамның өзін өзгеден төмен бағалауы, көңіл-күйінің басыңқы болуы, өзін өмір ағымынан тыс қалдым деп сезінуі жатады;
- реалистер өзін-өзі ел алдында айрықша көрсетуді міндет санайды және халыққа деген жауапкершілік сезімін дамыта түсуге тырысады, орынды скептицизмді өзін-өзә дәріптеу мен өз-өзіне бақылау жасау арқылы жүзеге асырады;
- гедонистік материалистер ең алдымен “осы жерде және дәл қазір” рахатқа кенелуге бағыт ұстайды және бұл “өмір ләззатінің” ізіне түсуге тырысу қабілеті молшылық тілеуді қанағаттандырудың формасына айналады;
Әлеуметтануда солармен қатар тұлға типтерін модальдық, идеалдық және базистік деп ерекшелеу көзқарастары да қабылданған. Тұлғаның модальдық типі - қоғамда нақты көпшіл болып көрінгісі келетін, соған лайық орындарда отырғандар. Тұлғаның идеалдық типі нақты жағдайда араласпайды, оған байланыспайды. Тұлғаның бұл түрі болашаққа тілек-ұсыныс білдірумен шектелетін адамдар, мысалға алсақ, олар К:Маркстің - жан-жақты дамыған тұлғасы немесе Э. Фромның жаңа адамы. Тұлғаның базистік түр -тұлғасы қазіргі кезеңдегі қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне барынша жауап бере алатындар. Басқаша айтар болсақ, тұлғаның әлеуметтік типі - бұл адамның құнды бағыт-бағдарына қоғамдық жүйенің ықпал жасауының және сол арқылы оның нақты мінез-құлқына әсер етудің көрініс болып саналады.
Батыс әлеуметтанушыларының зерттеулері көрсеткендей, қоғамдық өмірдің әр саласындағы бітім-болмыс пен ерекше іс-әрекеттер тұлғаның белгілі бір сапалары мен мінез-құлық тұрпаттарының қандай тұрғыда көрінетінінайғақтайды. Мысалы, бұл сипаттар нарықтық қатынастар прагматизмінің, қулық-сұмдықтың өріс алуына, өндіріс саласындағы эгоизмнің, мансапқорлықтың қалыптасуына және еріксіз түрде кооперациялауға көшуге, ал отбасы саласында және жеке өмірде - кңіл-күй мен адамның ішкі сезіміне, т. б. ықпал етеді.
Сонымен қатар, әлеуметтануда осы айтылғандарға кереғар механизмдердің болатыны белгілі. Белгілі бір қоғамдық қатынастар үрдісінің пайда болуы мен дамуына тұлғалық сапалардың ықпал ететіні анық. М. Вебер тұжырымдамасында сана саласындағы өзгерістерді, құнды бағыт-бағдарлары қайта құру және еңбекке деген көзқарасты жаңа тұрғыда қалыптастыру капитализмнің пайда болуына серпіліс бергенін дәлелдеді. Демек, белгілі бір жеке тұлғаның бойындағы сапалардың кешені қайсыбір бағытта қоғамдық дамуды тездете алады, керісінше, оның дамуына кедергі келтіруі немесе оны тіптен тоқтатуы да мүмкін.
Әлеуметтанушылар мен психологтар социалистік қоғамда мейлінше тұрақты түрде қалыптасқан бірнеше мінез-құлық стереотиптерін, тұлғалық комплекстерді айрықша атап көрсетеді. Бұл - “жаттанды шарасыздық”, “ұзаққ созылған инфантилизм”, екі мағыналық және кең көлемді екі стандарттық практика, “паразиттік жаңашылдық”.
Кез-келген тұлға өзінің әлсіздігі мен шарасыздығын психологиялық тұрғыдан сезінсе - ол сол қоғамдағы құрылыстың заңды түрдегі салдары болып саналады, өйткені мұндай қоғамда жеке адамның рөлі мүлде төмендетіледі. Тоталитарлық жағдайда немесе соған жақын сипаттағы өмірді қатаң бақылауға алатын және ондағы жағдайларды реттеп отыратын, өз мүддесіне орай үйлестіріп отыратын елде ерте ме, кеш пе, әйтеуір бұқараның шарасыздыққа ұшырайтыны анықталды. Бұл эффектінің мәні мынаған саяды. Адам қоғамдағы жағдайдың (ситуация) бақылаусыздыққа ұшырағандығына әлденеше рет көз жеткізген соң, оқиғалардың барысын өз әрекетімен өзгертуге мүмкін еместігін түсінеді де, оны жөндеудің жолдарын ізденуден жалпы бас тартады. Сөйтіп, бас ию мен айтылғанды атқарушылық мінез-құлықтың бөлінбес бөлігіне айналады. Тұлға өзіне сырттан ықпал еткісі, беделі арқылы өмірін жүргізгісі келетін билік құрылымының шешімінен тыс өзі қабылдаған шешімге сүйенген кезде өзін-өзі еркін сезінеді. Ьұған көнбеген жағдайда тұлға тек қана әлгілердің айтқанын орындаушы болудан бөтен жол таба алмайды.
Психотерапиялық жұмыстың тәжірибесі көрсеткеніндей, өз шарасыздығын жиі сезінуі адамның жеке басына қатысты және жалпы әлеуметтік жағдайды сипаттауымен ғана шектелмейді, оның сол жағдайды қалай және қай мағынада қабылдауына да қатысты. Көптеген адамдар өз өміріне қатысты дүниені немесе соның төңірегіндегі жағдайларды өзгерту мүмкіндігін дұрыс бағалай алиайды. Адам өмірде өзгерістер жасаудан өзі қашқақтауға тырысады, өйткені ондай өзгерістердің болашақта неге ұрындыратынын көп адам нақты болжап біле алмайды. Ол үшін мойнына жауапкершілік жүктеуі, ізденуі қажет.
Жаттанды түрде шарасыздыққа ұшырау эффектісі - пролонгированды инфантилизм (яғни ұзаққа созылған балалық шақ) деп аталатын тұжырыммен де байланысты. Бұл ең алдымен жауапкершіліктен қорқу және одан ересек адамдардың өзін аластату, оны басқа бір адамның иығына артуға тырысу көріністерден байқалады. Соның салдарынан өздерінің өмір сүрулері, оы жақсарту жөніндегі талаптар мен әлеуметтік жағымен қорғалу мақсатындағы сенімсіздіктерге ұрынып, енді тек өз күштеріне арқа сүйеуге тырысады, оның үстіне осы бағытта үкімет тарапынан бір өмек болар деп соған үміттенеді. Бұл екі комплекстердің: халықтың жаттанды шарасыздығы мен ұзаққа созылған инфантилизмнің келесі бір көрінісі - паразиттік жаңашылдық. Паразиттік жаңашылдыққа мінез-құлықтың типі ретінде “мемлекетті алдауға және жүйені ақымақ етуге” тырысу жатады, яғни өзінің мақсатына жүйенің арқасында жетуді көздейді, оған қалайда жетеді. Мұндай тәртіп кезінде соған жұмсалған шығынды өтеу немесе іске аспаған мүмкіндіктерді нақты немесе гипотетикалық тұрғыда қайтару қарастырылады. Бұл кезде халықты тұрақты және заңсыз алдайтын өкіметтен “кек” алу жолы әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру мақсатындағы қоғамның өзіндік тәсілі болып табылады.
Қазіргі ТМД елдеріндегі қоғамның жалпы сипаттамасы - құнды және практикалық қайта бағдарлауға көшу, яғни экономика саласында - жеке меншік формасындағы мемлекеттік жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға өту, саясат саласында - авторитаризмнен демократияға, рухани салада - таптық құндылықтардан жалпы адамзаттық құндылықтарға көшу. Біздің өмір сұріп отырған кезеңді өтпелі кезең дейді. Бұл әлеуметтік жүйенің ерекше тұрғыдағы және сапалы түрдегі өз бетінше өмір сүруге ұмтылу қалпы, олай дейтініміз - бұл кезең өмірлік құбылыстардың тұрақсыздығы, дағдарыстары, басқарудың әлсіздігі, соны әлеуметтік тұрғыда реттеудің тиімділігінің төмендеуі, әр түрлі балама құрылымдардың пайда болуы арқылы ерекшеленеді.
Мүдделердің арасындағы тепе-теңдікті бұзу жеке тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы азайып барады деген сезімін қалыптастырады және мұндай бұзу тұсында адамның үш реакциясы алдыңғы қатарға шығады. Олардың біріншісі - вертикалды мобильдікке шығу мақсатындағы жеке тұлғалардың бағыт -бағдарының енжарлығы, одан да өмірде тірі қалуға бағыт-бағдар ұстаудың күшеюі. Екіншісі - топтық “эгоизм” деп аталатындарының артуы, яғни индивидуалдық мүддені топтық мүдде арқылы қорғауға талпынушылар, мұны олар кез-келген құралдар мен тәсілдер арқылы іске асыруға тырысады: формалдық емес тәсілден оның ықпалын күшейтуге, қылмысқа дейін шара қолдануға барады. Үшіншісі - әлеуметтік салыстыруда стихиялық процестің күшеюі, соның нәтижесінде мінез-құлықтың ерекше агрессивті түрі пайда болады. Бұларды жүзеге асырушылар, яғни осы бағыттағылар жағдайының түбегейлі нашарлауын есепке алмайды, керісінше, басқалардың жағдайын әділетсіз түрде жақсартуға ықпал етеді.
ТМД елдерінде жағдайлардың тез өзгеруі адамдардың жаңа әрі тосын міндеттер қоюда. Мұндай міндеттерді шешуге қалыптасып отырған тәрбие жүйесі де, бұған дейінгі бүкіл өмір тәжірибесі де адамдарды дайындаған емес. Адамның осындай жағдайда жақсы өмір сүруіне белгілі бір тұлғалық белгілері мен мінез-құлық, тәртіп дағдылары ықпал етеді. Солардың арқасынан ең алдымен іскерлікті, адамның қуаттылығын, белсенділігін, бұрығыға балама өмір қалпын таңдау қабілеттілігін және әрқилы оқиғалардың дамуына орай соған бейімделіп, алдын-ала дайындалуын, когнитивтік плюрализмді, жауапкершілікті, профессионализмді және біліктілікті ерекше айтуға болады. Бұл белгілердің жарым-жартылай ғана қолданылуы бұрынғы жүйенің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз етті және әлі де болса кездесіп отырған әлеуметтік бұрмалаушылықтарды тудырды.
Тұлға әлеуметтануы арнайы әлеуметтану теорияларының бір саласы ретінде тұлғаның әлеуметтендірілуі мен қалыптасуын, т. б. мәселелерін зерттейді.
2. 3 Қазақстан әлеуметтанушылары тұлға типологиясы жөнінде.
XIX ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уалиханов (1835-65), Абай Құнанбаев (1845-1904), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:
1. Классикалық кезең - Ш. Уалихановтан, А. Құнанбаевтан және Ы. Алтынсариннен бастау алады;
2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М. Сералин, С. Торайғыров (1893-1920), С. Дөнентаев.
Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г. Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды.
Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі-төменгі саты, онда белгілі бір әлеуметтік тәртіп, өмірлік бағдарлар жоқ. Бұл «жарым адамның» ауыр, ұзақ, бақытсыз өмірі, ол адамды Абай жануарға теңейді. Екінші кезеңде қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады, оны нығайтады, материалдық молшылыққа қол жетеді, ақыл-ой арқылы рухани болмыс ретінде жалпы адамзаттың негізі танылады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды «адам» деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуге тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған «толық адам» жетеді. Алайда, бұл деңгейге жалпы қоғам түгел қол жеткізе бермейді, оған тек жекелеген адамдар қол жеткізе алады, сондықтан да ол алдағы мақсат болып қала береді. Қоғамдық процестің қозғаушы күші тұлға болып табылады. Қазақ ойшылы үшін прогресс - қоғамның алға жылжуы, оның жоғары сатысы әлеуметтік тәртіп пен жоғары парасатты тұлғаны қоса қамтиды. Төменгі саты - бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы саты - тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі.
Іс жүзінде Абайдың барлық шығармашылығы адамның табиғатын, оның әлеуметтік мәнін түсінуге арналған. Ол былай дейді: «Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені». Жалғыз қалуды тұлғаның өліміне теңей отырып адам мәнінің әлеуметтілігін көрсетеді.
«Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Адам баласы адам баласынан әділ, ғылым, ар, мінез, деген нәрселерден озады». Бұл жерде Абай ойлары А. Тойнбидің пікірімен үндеседі, ол жеке бастық «менді» немесе жеке адамды жала абстракция деп есептейді. Өйткені «мен» жалғыздықта, жеке оқшау қалғанда және тұйықтықта емес, қоғамда, өзінің араласып, қарым-қатынас жасайтын басқа адамдардың ортасында жүзеге асады. Абайдың пікірінше, жеке тұлға - қоғамның және қоғамдық қатыастардың айнасы. Ол былай дейді: «Адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандастардың бәрі виноват».
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) - Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар бір тума алып тұлға.
Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш . . . көсемі» болған А. Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресей ішіндегі саяси-әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді. Бұл кезеңде ол Қарқаралы қаласында қызмет істейтін еді. Өз халқының мүддесін, болашағын ойлаған А. Байтұрсынов осы кезеңде саясатқа белсене араласты. Осы мәселені М. Әуезов «Қарқаралыда тұрғандағы соңғы 4 жыл Ақаңның саясат ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен де бой көрсеткен кезі, сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мәскеуден келген бірен-саран студенттері, басқа қалаларда оқып жүрген жастары һәм ескіліктен келе жатқан пікірі түзу үлкендердің арасында өзгеріс рухы жайылып, өазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері сол мезгіл болатын» деп атап көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz