Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы



Жоспар:
 Денсаулық . адам организмінің қалыпты жағдайы
 Рационалды тамақтану бойынша ұсыныстар
 Тамақтанудағы 10 қателік
 Қорытынды

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

РЕФЕРАТ
Студенттің дұрыс тамақтануы

Орындаған:МС-11 топ студенті Салауат Б.Ғ.
Тексерген:аға оқытушы Мурзагалиев Д.К.

Орал - 2011 жыл
Жоспар:
Денсаулық - адам организмінің қалыпты жағдайы
Рационалды тамақтану бойынша ұсыныстар
Тамақтанудағы 10 қателік
Қорытынды

Денсаулық - адам организмінің қалыпты жағдайы.
Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық жәнебиохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы - жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының Бірінші байлық - денсаулық, Дені саудың - жаны сау, Жаны саудың - тәні сау деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Ас - адамның арқауы демекші, дұрыс тамақтану режимін сақтау асқазан-ішек жолдарының әртүрлі ауруларынан, зат алмасу бұзылыстарынан, семіздіктен және осы секілді көптеген дерттерден сақтайды. Дұрыс тамақтану режимі деп үнемі бір уақытта, бірақ күніне 4-5 реттен кем емес ас ішуді және әртүрлі тағам түрлерін қабылдауды айтады. Түрлі сырқаттардың алдын-алу үшін йодталған тұзды, сүт және сүттен өндірілген тағам түрлерін, етті, бауырды, жемісті, көкөністі, балықты, сонымен бірге теңіз тағамдарын жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет.
Тиімді тамақтанудың негізгі принцип - теріне мыналар жатады:
1. Күнделікті әртүрлі тағам өнімдерін көп мөлшерде қабылдау.
2. Табиғи жағдайда өсірілген көкөністер мен жемістерді жаңа үзілген күйінде пайдалану.
3. Майсыз сүт өнімдерін (айран, майсыз сыр, йогурттар, ірімшік ) ішіп-жеу.
4. Нанды, дәнді дақылдарды, макарон өнім - дерін, күріш немесе картопты күніне бірнеше рет тұтыну.
5. Күнделікті қант мөлшерін 60, ал йодталған тұз мөлшерін 4-6 граммнан артық пайдаланбау.
6. Шайды тамақтан кейін 1-2 сағаттан соң ішу.
7. Майлы етті құс етіне, балыққа, бұршаққа, фасольге ауыстыру.
8. Дене шынықтыру белсенділігін арттырып, ішімдік пен шылым шегуді тоқтату.
9. Дене салмағын қадағалап, бір қалыпты ұстау.
Рационалды тамақтану бойынша ұсыныстар:
а) Тамақтану рационының негізгі бөлігі таңертеңгі және күндізгі сағаттарға түсуі керек. Яғни, таңертеңгі ас - толыққанды, түскі ас - орташа, ал кешкі астың жеңіл болғаны жөн.
ә) Кешкі сағат 7-ден соң қабылданған калория ағзаға сіңіп үлгермейді де денеде майлы шөгінділер ретінде қалып кетеді.
б) Тамақ ішер алдында міндетті түрде бір стакан сұйық (шай, сок, минералды су) ішуді әдетке алған жөн. Тағамды мөлшерден тыс жеуден аулақ болу керек.
в) Тағамды жәй жеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін оқыту(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі
Физиология ғылымы
Қартайған кездегі ең маңызды физиологиялық жүйелердің жағдайы
Денсаулық – адам организмінің қалыпты формасы
Денсаулық туралы ұғымдар
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
СТУДЕНТТЕР ГИГИЕНАСЫ
Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайлары
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Пәндер