Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі


Кіріспе

Ертедегі қазақ халқы ұлттық тағылымдарға, салт-дәстүрлері ұлттық тәрбие кешені жан-жақты жылдан-жылға сараланып, ғасырлар талқысынан өтіп отырған және де халқының табиғат туралы, оның байлықтары мен оларды қорғау туралы атадан балаға беріліп келе жатқан тізбекті ұлттық насихаты болды. Көшпелі өмір сүрген ата бабаларымыз күндіз-түні, жыл бойы малының жағдайын ойлап, көшіп-жүруінің өзі табиғатты қорғаудың көшпелік үрдісі. Өзі тұрған жерінің құсын, аңын, шөбін үнемдеп пайдаланды. Төрт түлікті бабын ойлап табиғатпен үйлесімді экожүйе ұйымдастыра білді. Қазақ халқының тұрмысындағы көктеу, жайлау, күздеу, қыстау болуының өзі табиғатты қорғаудың үлгісі. Табиғатты қорғау үлгісі қазақ жерінде өте ертеден бастау алды. Қазақ халқы көктемде аң ауламаған табиғатқа аяушылық көзбен қараған. Жаугершілік заманда жау келіп қалғанда Төле би бабамыз басқа халық көшсе де көшпеген, себебі киіз үйге қарлығаштың ұя салуы екен. Қарлығаш қашан да балапан шығарып кеткенше көшпеймін деуі, айтқанынан жауды қарсы алуы, табиғатқа деген үлкен жанашырлықтың, философиялық көзқарасының белгісі. Сонау заманнан бері ата-бабаларымыздың түсінігінде жер - қазына, су -алтын, мол байлық деп келген. Ұлтаралық болса да, Ата қоныс, жер қымбат деп туған жерді қорғау әрбір азаматтың борышы екендігін жырлап өткен.

Қазақ халқы ұғымында «Табиғат пен туған жер» деген сөздер мағыналы, мазмұндас «Туған жердің топырағы да киелі», «Жері байдың елі бай», «Қара жер қарыз арқалайды», «Тозған жерде тоқшылық болмайды», «Күте білсең жер жомарт» деген ұлағатты сөздер нақты өмір шындығынан алынған.

Ертедегі қазақ халқының тіршілік барысында мал бағумен айнала суына байланысты жайылым мен шабындығы мол жерлер іздеп, өмірінің болашағы тағдыры жерге байланысты екенін сезінген. Көкті жұлма көктей соласын деген нақыл сөздер көк шөпке деген жанашырлық, қамқорлық, философиялық терең мағына жатыр. Жерге байланысты бұдан басқа Жер - ырыстың кіндігі, жер байлықтың көзі деп жерге өте жоғары баға берген. Күнкөріс көзі өсімдік шөптер болғандықтан қазақ халқы сан ғасырлар бойы көптеген нақыл сөз, мақал-мәтелдерді өмірге келтірді. «Ағаштың жемісін жеймін десең түбіне балта шаппа, қураған ағаш иілмес, қураған шыбық егілмес, суы көп бақтың жемісі көбейеді» деген сөзден туындады.

Тіршіліктің өзегі суды қорғау туралы суды сабалама, бұлақты лайлама, күлді су басынан аулақ төк, суға түкірме деген нақыл сөздер де тазалығы ғана емес, судағы тіршіліктің қамын, құстар және су жиегіндегі өсімдіктердің де жағдайын ойлағандықтан болып табылады. Қазақ халқының жан-жануар мен табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарасы балаларына атын малдың төлін, әсем құстың, алғыр бүркіттің аттарын қоюдан байқалады. Жануарларға байланысты Құралай, Ботакөз, Қарлығаш, Тоты, Бүркітбай тәрізді аттар болса, өсімдіктерге байланысты Алма, Мейіз, Шырын, Гүлім, Қызғалдақ т. б. аттар бұған себеп табиғатқа деген құштарлық сезімді шығармашылық туындылар арқылы «Ақсақ құлан», «Бозторғай», «Қараторғай», «Аққу», «Жез киік» тәрізді ән-күй жыр, толғау түрінде ұрпақтан-ұрпаққа таратты. Ғасырлар бойы табиғат құшағында көшіп-қонып жүріп оның сырын жақсы білуге дағдыланған. Осының арқасында халқымыз табиғатпен етене біртұтас болып кеткен. Табиғат қамқоршысы бола білген халқымыздың дәстүрін танып білу, олардың ісін әрі қарай жалғастырушы бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге ету болашақ ұстаздарының басты борышы.

Әрбір халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі, мейір шапағаты, аялы алақаны сол табиғатқа деген қарым-қатынасы арқылы айқын білінеді. Қазақ халқы өзінің жаратылысынан-ақ эколог болып туылған халық. Біздің өмір салтымыз, табиғатқа көзқарасымыз, айналысқан шаруашылығымыз бойымызға асыл адамгершілік қасиеттеріміздің бәрі де табиғатқа деген жанашырлық сезімді айқын аңғартады. Тек ғана «Табиғат ана» деген сөздің өзінде ғана қаншама сұлулық, ұлағат тағылымы мол тәрбие, дарынды даналықтың үлгі өнегесі өмірмен өзектесіп, тағдырмен тамырласып жатқандығын көкірек көзімен де сезінуге болады. Халқымыздың өз ұрпақтарына қалдырған сан алуан асыл мұраларының ең қомақтысы да, ең бағалысы да табиғатты аялай білуге арналған толыққанды ой-пікірлер, ұтымды ұғымдар, даналық тұжырымдар.

Экология ғылымының зерттеу нысанының бірі тірі ағзалар арасындағы қоректік байланыс заңдылықтары. Қоректік тізбекке қатысы бар ұлттық ұғымдар түрлі ағзалар арасындағы қарым-қатынасы ғылыми тұрғыда дәлме-дәл мысалдар арқылы түсіндіреді.

Мал шаруашылығына қажетті жайылымдарды дұрыс пайдалануға ерекше көңіл бөлінген. «Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді ток деме» деген нақылдағы от сөзі шөбін шүйгін, өсімдік мол өскен жер деген ұғымды білдіреді. Мысалы, бетеге, қаудан, қияқ, бидайын мол өскен алқапты - боз от деп атаған. Мұндай жер жылқы малы үшін өте қолайлы жер. Ал «қара отты» жер түйемен қой түлегіне ыңғайлы жер деп есептелінген. «Өлеңді жерде өгіз семіреді» - деген нақыл сөз көл жағалауында батпақты жерге шығаратын шалғын жайылымды «өленді» жер деп атаған. Мұндай өңір қара мал үшін өте қолайлы деп есептеген.

Табиғатты ойлауға оған қамқорлық жасау қажеттігі жөнінде ұлттық ұғымдардың тек тәрбиелік мәні ғана емес, сонымен бірге танымдық жақтары да мол. Мысалы, жеті жасар бала асырамайды, жеті жылдық ағаш асырайды. «Арман көп болса, олжаң көп, Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір». Мұндай экологиялық ұғымдар табиғаттың әрбір қайталанбас туындыларының да киелі, қасиеті бар екенін, олардың обалы болатынын кейінгі ұрпақтарына ескерту ретінде ерекше айбарлы ұғымдармен аңғартқан.

Ұлттық экологиялық ұғымдарды әрбір ұстазбен тәрбиеші отбасындағы ата-ана күнделікті өздерінің өнегелі істерімен байланыстырып отыруы абзал.

Табиғатты қорғау деген - қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, экология қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғатын қорғап қастерлеуге негізделген ғылым.

Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууынЛаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі - иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Суарылған ядролық темірмен

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1, 7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.

Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Невада - Семей

Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма? 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған - белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу - мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні - 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы
Семей ядролық полигоны
Ғылыми техникалық даму
Семей полигонының инфрақұрылымы
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Ядролық қарудың жарылыс ошағы
Невада - Семей полигоны
Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы. Семей полигоны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz