Билік - қоғамдық феномен



1. Билік — қоғамдық құбылыс. Саяси биліктің мәні
Бүкіл саяси қызметтің мақсаты адамдардың өз мүдделерін қорғау үшін билікті иемденуі және пайдалануы болып табылады. Кез-келген қоғамның өмір сүруі үшін оны белгілі бір теңдікте ұстап тұру қажет емес. Бұған билік арқылы қол жеткізілсді. Экономикада ақша қандай орын иеленсе, билік те саясатта сондай орынға ие (Т. Парсонс). «Билік» ұғымыпыц мәнін түсінуде, біздің ойымызша, тағы бір батыс оқымыстысының аныққтамасы қызықты. Ол билік махаббат секілді — күнделікті әңгімеде жиі қолданылатын, түйсікпен ұғынылатын және анықталуы қиын сөз» деп тұжырымдайды. Биліктің қоғамда, қоғамның саяси өмірінде алатыи аса маңызды ролі кратология секілді ғылымның пайда болуына жағдай жасады.
«Билік» ұғымы әдеттегі өмірде және ғылыми әдебиетте әртүрлі мағынада қолданылады. Философтар биліктің мәнін қоғамның объективті заңдарымен, социологтар әлеуметтік билік туралы, экономистер — шаруашылық билік туралы, заңгерлер — мемлекеттік билік туралы, саясаттанушылар -саяси билік туралы, табиғат зерттеушілері — табиғатқа билік ету туралы, пенхологтар — адамның-өзін-өзі билеуі туралы, ата-аналар — отбасы билігі туралы, діндарлар — Құдайдың билігі туралы және т.б. пайымдайды.
Билік адамзат қоғамының тууымен бірге пайда болған және оның дамуына ықпал жасайды. Таптар мен мемлекеттер пайда болғанға дейін билік қоғамдық сипат иеленді: қоғамнан жоғары тұратын аппарат, ерекше мәжбүрлеу мекемелері болған жоқ. Алғашқы қауымдық қоғамда билікті ақсақал сайлау арқылы бүкіл ру жүзеге асырды.
Таптар мен мемлекеттер пайда болғаннан кейін қандас рулық байланыстардың іргесі ыдырады, ақсақалдың моральдық беделінің орнын көпшілік биліктің беделі басты, ол қоғамнан бөлініп, одан жоғары тұрды .
Билік феномені көп қырлы. Билік барлық жерде болады, барлығын қамтиды. Сонымен бірге оның құрылымына үнемі үстемдік — яғни біреудің басқаның үстінен билік кұру ұғымы кіреді. Осы құқықтың неге негізделгені

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
БИЛІК - ҚОҒАМДЫҚ ФЕНОМЕН
1. Билік — қоғамдық құбылыс. Саяси биліктің мәні.
2. Биліктің өзекті тұжырымдамаларының негізгі ережелері.
3.Билікті бөлу принципінің қолданылуы (елдердің тәжірибесі бойынша).
1. Билік — қоғамдық құбылыс. Саяси биліктің мәні
Бүкіл саяси қызметтің мақсаты адамдардың өз мүдделерін қорғау үшін
билікті иемденуі және пайдалануы болып табылады. Кез-келген қоғамның өмір
сүруі үшін оны белгілі бір теңдікте ұстап тұру қажет емес. Бұған билік
арқылы қол жеткізілсді. Экономикада ақша қандай орын иеленсе, билік те
саясатта сондай орынға ие (Т. Парсонс). Билік ұғымыпыц мәнін түсінуде,
біздің ойымызша, тағы бір батыс оқымыстысының аныққтамасы қызықты. Ол билік
махаббат секілді — күнделікті әңгімеде жиі қолданылатын, түйсікпен
ұғынылатын және анықталуы қиын сөз деп тұжырымдайды. Биліктің қоғамда,
қоғамның саяси өмірінде алатыи аса маңызды ролі кратология секілді
ғылымның пайда болуына жағдай жасады.
Билік ұғымы әдеттегі өмірде және ғылыми әдебиетте әртүрлі мағынада
қолданылады. Философтар биліктің мәнін қоғамның объективті заңдарымен,
социологтар әлеуметтік билік туралы, экономистер — шаруашылық билік туралы,
заңгерлер — мемлекеттік билік туралы, саясаттанушылар -саяси билік туралы,
табиғат зерттеушілері — табиғатқа билік ету туралы, пенхологтар — адамның-
өзін-өзі билеуі туралы, ата-аналар — отбасы билігі туралы, діндарлар —
Құдайдың билігі туралы және т.б. пайымдайды.
Билік адамзат қоғамының тууымен бірге пайда болған және оның дамуына
ықпал жасайды. Таптар мен мемлекеттер пайда болғанға дейін билік қоғамдық
сипат иеленді: қоғамнан жоғары тұратын аппарат, ерекше мәжбүрлеу мекемелері
болған жоқ. Алғашқы қауымдық қоғамда билікті ақсақал сайлау арқылы бүкіл ру
жүзеге асырды.
Таптар мен мемлекеттер пайда болғаннан кейін қандас рулық
байланыстардың іргесі ыдырады, ақсақалдың моральдық беделінің орнын
көпшілік биліктің беделі басты, ол қоғамнан бөлініп, одан жоғары тұрды .
Билік феномені көп қырлы. Билік барлық жерде болады, барлығын қамтиды.
Сонымен бірге оның құрылымына үнемі үстемдік — яғни біреудің басқаның
үстінен билік кұру ұғымы кіреді. Осы құқықтың неге негізделгені туралы
мәселе әр кезеңдегі зерттеушілерден түбегейлі жауап ала алмай келеді.
Мысалы, антик философтары үстемдікті еңбек бөлінісін ұйымдастыратын құрал
ретінде қарайды (үстемдігі, пайдалылығы осында), орта ғасырда үстемдікті
адамзат күнәсіне өтеу ретінде қарайды, биліктің ешкімге түсінікеіз қандай
да бір құдайлық әділдікті орындаушы ретінде, тіпті ауа жайылған әрекеттері
үшін де бағыныштылық,, шьщамдылық және көнгіш құлақ асушылық рухы
сіңірілген болатын (әрине бұл жердегілердің әрекетімен).
Үстемдіктің қосарлы сипаты: ол бір жағынан, тортіп орнататын билікке
қатысты борыш ретінде, екінші жағынан, бағыныштылардың берілгендігі ретінде
ұғынылады. Билік ұстаушылар мұны бағыныштыларға сіңіруге ұмтылады, осындай
мойынұсынушылық ізгі мінез-құлық үлгісі ретінде әспеттелді. Үстемдік етуші
қауымның өкілдері осындай мақсатты тұжырымдай отырып, оларды өздерінің
жогары санасының жемісі және іске асуы ретінде қарады және осы негізде олар
барлығының мүдделері мен талпыныстарын білдіреміз деп есептеді.
Үстемдік бағыңдыру принципі ретіңде адамға оның саналы тіршілік иесі
екендігін, сондай-ақ құқықтық қатынаста еркін екендігін түсіндіріп, сіңіре
бастаған кезден бастап, тіпті осы билеуші теологиялық түрғыдан
заңдастырылса да немесе қандай да бір құқыққа ие болса да оның ешкімді
өзініц мырзасы деп танымауын санасына құйылған кезден бастап тұрақты
сынның объектісіне айналды.
Ақыр соңында үстемдік ұғымы мемлекетпен астастырылды, ол бейтарап
функция атқаратын бірнәрсе ретінде танылды; мемлекет болса өз кезегінде
саяси және әлеуметтік жүйенің агентімен (әрекет ететін тұлғасы)
теңестірілді.
Маке Вебер (1864-1920 жж.) Жаңа дәуір басталған сәттен сол жағдайдан
барынша радикалды тұжырым жасады, денерсонификация және өсіп бара жатқан
анонимділік барысында нақты үстемдікке қатысты, тіпті үстемдік ұғымының өзі
ғылыми абстракция болды. Үстемдік пен билік арасындағы қарым-қатынасты
үстемдікті авторитарлық өміршілдік жүйе ретінде оған қатысты кез келген
қарсылықты жұмсарту арқылы анықтай отырып, Маке Вебер өз теориясында
цезарлық шешімді қолданып қана қоймайды. Сонымен біргс ол түпкілікті
бихевиористік типтегі үстемдікті ықпал ету және әсер ету теориясын құрды.
Сөйтіп, үстемдік ретінде бұйрық беретін және бұйрықты орындайтын қоғамдағы
жүйе ұғынылады. Үстемдік басқалардың мінез-құлқын анықтау, ал билік —
адамдар мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқына ықпал ету. Осыдан шығарып
саясаттың өзі үстемдікке негізделген қоғамдық өмірді жалпылама реттеу және
қалыптастыру ретінде қарастырылады.
Билік феноменін нақтырақ анықтау үшін кратологияның әртүрлі теориясына
жүгінуге болады, мысалы, интеграция теориясына, онда барлық кезеңде билік
амбивалентті (екі жақты, екіұшты) қарастырылған: бір жағынан билік -
біреудің екінші біреудің үстінен еркін білдіруі; бұл А-ның Б-ны өзге
жағдайда істемейтінін істетуге мәжбүрлеу. Бұл билікті жағымсыз тұрғыдан
түсіну. Бірақ билікті тек осы мағынада және бір ғана қара түсте түсіну және
көру, демек, билікті бүкіл тіршілік иелері үшін құбыжық деп тану деген сөз.
Бұл билік тануда барынша тар ауқымды және бір жақты көзқарас. Биліктің
мақсаты — қоғамдық тортіпті қамтамасыз ету. Иптеграцияға қол жеткізу,
қоғамдық күштерді біріктіру, қоғамды тортіпке келтіру элементтері - бұған
биліктің, оның құрылымының ғана күйі жетеді.
Қоғамдық тортіптің негізгі элементтері: ұлттар, тап, таптық топтар,
мүдделері бойынша қауымдар, конфессиялық (діни) аумақтық қауымдар.
Биліктің жоғары мақсаты — қоғамдық тортіптің осы элементтерінің
интеграциясы.
Интеграцияның негізгі құралдары:
- адамзат тұрағының ережелері мен рәсімдерін (құқығын) әзірлеу;
- ұжымдық қызметті ұйымдастыру және қоғамды бірлесіп басқару;
- азаматтарды басқару (жалпы және саяси модениет) ретінде биліктің
осындай әдістерін пайдалану;
- насихат.
Осылайша билік позитивті валенттілікте (валенттіліктің тап осы түрі
қоғамдық тортіпті ұстап тұрады), сол секілді теріс валенттілікке де ие
(валенттіліктің бұл түрі белгіленген тортіпті бұзғаны үшін жазалайды).
Билік өз функциясын табысты жүзеге асыруы үшін ол қоғамның көптеген
бөлігінің мүдделерін міндетті түрде ескеруі тиіс, олай болмаса ол көп
ұзамай қоғамды әлеуметтік жарылысқа әкеледі.
Қоғамда билік барлық деңгейде көрініс табады: макродеңгейде (бүкіл
қоғам ауқымында), мезодеңгейде (белгілі бір қауым ауқымында) және
микродеңгейде (ұйым, ұжым, шағын топ, отбасы шеңберінде).
Қазіргі заманғы француз социологы Мәрие Дювержеміц (1917 ж.) пікірі
бойынша: Екі жүзді Янус бейнесі билік туралы дұрыс түсінік болып табылады.
Бір жағынан, бұл бір топтың өз пайдасы үшін басқаларға зиян келтіре отырып,
басқалардың үстінен үстемдік ету құралы, және екінші жағынан — бірқатар
әлеуметтік тортіпті, көпшіліктің игілігі үшін барлығын ұжымға бірқатар
интеграциялауды сақтау тәсілі. Осы және басқа тараптың тендестігі кезеңге,
жағдайга жөне елге әрай барынша әр алуан, бірақ биліктің осы екі жағы үнемі
өмір сүреді.
Поляк ғалымы Ежи Вятр билікті жіктеудің бірнеше тәсілін бөліп
көрсетеді. Оған сәйкес тіршілік иелерінің үстінен билік мыналарға қарай
бөлінеді:
1. Билікті жүзегс асыру үшін пайдаланылатын құралдар:
а) тікелей күш көрсету арқылы жасалатын билік;
о) ұйыту (қамшы мен бал арқылы, яғни жазалау және көтермелеу
арқылы);
б) пікірге әсер ету арқылы, яғни кең мағынасындағы насихат арқылы
немесе көптеген қайталаулар және жаттығулар (мысалы, әскерде) нәтижесінде.
Биліктің осында келтірілген түрлерінің әрқайсысынан билік
субъектісінің өзін байқауға болады. А) тармағы бойынша: — мұнда әскер мен
полиция күш көрсету билігін іске асыру субъектісі болып табылады. Ә)
тармағы бойынша: - жазалау және көтермелеу тәсілдерін, мысалы, экономикалық
институттар пайдаланады. Б) тармақбойынша:
— көптеген қайталаулар арқылы пікірге әсер етуді мектептер, шіркеулер,
мешіттер және саяси партиялар пайдалануға ұмтылады. Бұл ретте бұндай
тәсілдің шартты екендігін ескерген жөн, өйткені биліктің осы
субъектілерінің әрқайсысы басқа да құралдарды пайдаланады.
2. Билік субъектісіне қарай:
а) ұйым билігі;
ә) жеке адамның табиғатқа және басқа адамдарға билігі;
Оған қол жеткізу адамның билікке және даңққа табиғи талпынысы,
пенхологиялық ерекшеліктері ретінде көрінеді. Адамның билікке ұмтылуы
қоғамдық қатынастардағы қызметінің негізі болып табылады. Осы фактілерді
түйсіне отырып, Бертрап Рассел адамзат тарихын түсінуге және түсіндіруге
болады деп есептейді. Осылайша биліктің мәні биліктің осы а және ә
нысандарының тоғысуы ретінде көрінеді.
Саясаттанушылар биліктің мәнін анықтаумен айналыса отырып, оны
түсіндірудегі әр түрлілікті ескереді:
1. Биліктің көзі мен мазмұны — белгілі бір нормалар жүйесі бар,
мысалы құқықтық (заң немесе Құдай белгілі бір адамдардың қолына билік
береді).
2. Билік жалпыға ортақ функцияны атқарады, ол барлығы үшін қызмет
етеді, оган барлығы да тендей мүдделі (функционалдық, ортақшыл тәсілдер).
3. Биліктің негізі меп мәні — адамдардың туа бітті үстемдікке
бейімдігі, басшылыққа немесе игіліктерді жинақтауға деген түйсігі, ерекше
типтегі индивидтердің өзін өзі көрсету нысаны (субъективтік-пенхологиялық
тәсіл).
4. Билік — шарт нәтижесі, жекелеген мүдделердің ойыны, біреулердің
еркіндігі мен басқаларды шектеу арасындағы қарама-қайшылық (индавидуалистік-
социологиялық тәсіл).
5. Билік таптық қоғамда таптық сипат иеленеді, таптық үстемдікті
қамтамасыз ету функциясын, сол секілді жалпыға ортақ мүдделерді іске асыру
функциясын орындайды (марксистік тәсіл).
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, билікке сөздің жалпы мағынасында:
билік адамдардың әрекетіне, мінез-құлқына ерік, бедел, құқық, күштеу
секілді құралдар арқылы белгілі бір әсер ету қабілеті және мүмкіндігі деп
анықтама беруге болады.
Саяси билік — биліктің күрделі түрі, биліктің басқа түрлерін де
қамтиды және ешқашан таза күйінде кездеспейді. Саяси билік биліктің нақты
нысандары арқылы іске асырылады және ең алдымен, мемлекеттік, сондай-ақ
идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік нысандар арқылы іске асырылады.
Саяси биліктің мәні оның функцияларынан көрінеді:
1. Қоғамның нақты саяси жүйелерін ұйымдастыру.
2. Бүкіл қоғамның істерін әр түрлі деңгейде басқару.
3. Билік органдарына, қоғамдағы саяси (саяси емес) процестерге билік.
4. Қоғамдағы саяси (саяси емес) қатынастарға бақылау жасау.
Осылайша, саяси билік — қоғамдағы билік органдарын, саяси (саяси емес)
процестерді нақты басқару және қоғам өміріне бақылау жасау мүмкіндігі.
2. Биліктің өзекті тұжырымдамаларының негізгі ережелері
Егер көптеген ежелгі халықтардың саяси ойлары билік туралы мифтік
түсініктерге барып тірелсе, ал Ежелгі Грекия және Ежелгі Рим ойшылдары
билікті дәстүрлі-теологиялық түсіидіруден іргесін аулақ салады. Мысалы,
Цицерон үш түрлі басқару нысанын көрсетеді (билеушілердің санына қарай):
патшалық билік, оптиматтар билігі және халық билігі: Жоғарғы билік бір
адамда болған кезде біз оиы жалғыз патша, ал мемлекеттік құрылымды —
патшалық билік деп атаймыз. Ол сайланушыларда болса, онда бұл азаматтық
қауым оптиматтар еркімен басқарылады деп айтады. Халықтық деген... барлығы
халықтың қолында болатын қауым болып табылады. Осы нысандардың әрбіреуінің
артықшылықтары мен кемшіліктері бар... Өзінің жарылқауымен, — деп атап
көрсетеді Цицерон, бізді патшалар, даналығымен — оптиматтар, бостандығымен
— халыкты қызықтырады.
Цицерон биліктің аралас нысанын — зұлымдығы аз нысан ретінде қолдады.
Ол патшалық билік жалғыз дара билеушінің шексіз бетімен кетушілігімен
тиранияға оңай айналады, ал билік ішіндегі үздік оптиматтардың билігі
(даналығы мен айбындылығы бойынша) байлар мен атақтылардың (олигархтардың)
үстемдігіне айналады деп есептеді. Оның ойынша, іс жүзінде бай адамдар ең
жақсы болып саналатын басқару нысанынан асқан нашар билік жоқ. Тиісінше
халықтың толық билік етуі, оның ойынша, тобырдың топастығы мен бетімен
кетушілігі салдарынан оны тираниялық билікке (охлократия) апатқа
ұщырауға алып келеді. Цицерон құқықтың маңызды принципін тұжырымдады:
Барлығы да заңның ықпал аясында қамтылуы тиіс. Құқықтың негізінде
табиғатқа тән жалпы табиғаттың және адам табиғатының мәңгілік, өзгермейтін
және ажыратқысыз қасиеті ретінде әділдік жатады.
Аралас баскару нысаны принципін алғаш рет Рим саяси жүйесі іске
асырды. Мұнда демократия құлағанға дейін консулдық билік (патша билігі),
сенат (оптиматтар, ариетократтар), халық трибунаты (халық билігі —
демократия) бірге қолданылды. Рим саяси жүйесінің символы жаңа деңгейде
көптеген елде өркендеді.
Саясаттанушылар саяси биліктің мемлекеттік билік және оның үш тармағы:
заң шығару, атқару және сот билігі секілді нысаңдарының маңызын атап
көрсетеді. Осыған байланысты мемлекеттік биліктің үш тармагын бөлу принципі
тұжырымдамасы өзекті болып табылады, оның мәні осы үш биліктің тәуелсіз
әрекет етуінде.
Бұл тұжырымдаманың негізін қалаушы XVIII ғасырдағы француз ғалымы
Шарль Монтескье болып табылады, ол бұл проблемаға Заңдардың рухы туралы.
XI кітап деген арнайы еңбегін арнаған. Мүнда ол осы маңызды принцип саяси
бостандықты қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік биліктің қызметін,
әрекетін дұрыс және табысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді деп атап
көрсеткен.
Монтескьенің пікірі бойынша, бостандық не істегің келсе соны істеу
емес, заң мүмкіндік берген нәрсенің барлығын істеу. Халықтың бостандығын
бекіту үшін де осы биліктің былайша бөлінуі керек: Билікті теріс мақсатқа
пайдаланбауды ескерту... үшін бұлардың өзі затгардың табигатынан туындап
жататындай бір биліктің басқа билікті тежеп отыратындай болуы керек ... Заң
шығарушы, атқарушы билік бір органға біріккен кезде ... бостандықтың болуы
мүмкін емес... Екінші жағынан, егер сот билігі заң шығарушы және атқарушы
биліктен бөлінбесе, бостандықтың болуы мүмкін емес... Егер сол бір тұлға...
биліктің барлық үш түрін де жүзеге асыратын болса, барлығы бітті деген
сөз... (Ш. Монтескье).
Билікті бөлудің жалпы принципін айта отырып, оқымысты жекелеген
биліктің жемісті қызмет етуі үшін қалайша ұйымдастырылуы тиіс екендігін
түсіндірді.
Біріншіден, сот билігі қандай да бір тұрақты мекемеге емес, халық
арасынан белгілі бір уақытқа сайланатын адамдарға берілуі керек деп санады.
Екіншіден, еркін мемлекетге заң шығару билігі халыққа тиесілі болуы
керек, өйткені өзін еркін санайтын әрбір адам өзін өзі басқаруы керек.
Бірақ бұл ірі мемлекеттерде мүмкін емес, ал шағын мемлекеттерде үлкен
қолайсыздықтарға душар болады, онда өкілдерді сайлауға жүгінуге тура
келеді.
Өкілдік жиналыстың, парламенттің (франц. раrler — сөйлеу) міндеті заң
шығаруға және оның орындалу дұрыстығын бақылауға дейін келтірілуі керек.
Монтескье оның негізіне ағылшын құқықтық тортібін ала отырып, екі
палата туралы да пікір айтты. Жоғарғы палата түпкілікті мұрагерлік
аристократиядан тұрады, бірақ төменгі палатаны, өкілдер палатасын сайлау
кезінде ол жалпы ортақ дауыс беруден тыс тұрады: бұл жағдайда өз еркін
білдіре алмайтындарды, мүлдем төмен жағдайдағыларды қоспағанда, дауыс беру
құқығы барлық азаматтарға тиесілі болады.
Үшіншіден, атқарушы билік оқымыстының пікірінше, бір адамның қолында
болу керек, ол - монарх. Орындау әрқашаида әрекеттің жылдам болғанын
қалайды, сондықтан да ол көп адамға емес, бір адамға берілсе, дұрыс болады
дейді ол. Екінші жағынан, орындау заң жиналысына қатыссыз азаматтық
еркіндік қауіп төндіретін адамға тапсырылуы тиіс. Сол секілді атқарушы
билік өкілдері секілді миниетрлср де сондай себептен заң шығарушы
палаталардың құрамынан сайлана алмайды.
Өмір бұл теорияның өміршеңдігін дәлелдеді. Әрине, уақыт өте келе бұл
тұжырымдама демократияландыру жағына қарай біршама өзгерді. Мемлекеттік
биліктің үш тармағы қазіргі кезде былайша көрінеді.
Парламент заң шығарушы биліктің басты механизмі ретінде заңдар мен
қаулылар шығарады. Президенттік басқару нысанындағы елдерде ішінара аталған
функцияларды президенттің белгілі бір уақытқа заң күші бар жарлықтары мен
қаулылары атқарады.
Үкімет мемлскеттің атынан саяси және экономикалық тұрғыда әрекет ете
отырып, атқарушы билікті білдіреді.
Сот — биліктің үшінші тармағы. Оның басты ролі — мемлекеттің бүкіл
өмірінің заңға сәйкес болуын бақылау. Ол биліктің саяси желісін қорғай
отырып, мемлекетгегі заңның үстемдігін қамтамасыз етеді.
3. Билікті бөлу принципінің қолданылуы (елдердің тәжірибесі бойынша)
Мысал ретінде АҚШ секілді елдегі билікті бөлудің қолданылып жүрген
жүйесін қарастырып көрелік.
Заң шығарушы билік барлық штаттан сайланатын өкілдерден жинақталады
және федералдық заңдарды бірден бір шығарушы ретінде, федералдық салықты
енгізу және жинау, соғыс жариялау және шет мемлекеттермен шарттарды
қолданысқа енгізу құқығы бар. Заң шығарушы билікті Конгресс бейнелейді, ол
палаталар: Сенат және Өкілдер палатасы деп аталатын екі бөлімшеден тұрады.
Сенатқа алты жыл мерзімге сайланатын заң шығарушылар кіреді. Әрбір
штаттан халықтың санына қарамастан екі сенатор сайланады. Осылайша шағын
штаттардың Конгрестің палаталарының біріне теңдей өкілдігі қамтамасыз
етіледі. Сенатқа сайлау кестесі былайша құрылған, әрбір екі жылда
сенаторлардың небәрі үштен бірі қайта сайланады, осының арқасында әрбір
сайлаудан кейін Сенаттың құрамында тәжірибелі қайраткерлердің белгілі саны
қалады.
Өкілдер палатасы екі жылға сайланатын заң шығарушылардан тұрады.
Палатаның әрбір мүшесі өз штатының округын білдіреді. Штаттағы округтер
саны әрбір он жыл сайын жүргізілстін халық санағының негізінде анықталады.
Халқы көп штаттар халқы шағын Палатада небәрі бір өкілден ғана иеленетін
округтерге қарағанда көп округке, тиісінше көп өкілге ие болады.
Конгрестің басты міндеті заңдар қабылдау, оның ішінде салықтар туралы
заң қабыддау болып табылады, федералдық үкіметтің қызметіне қаражат
төленеді. Заң билл деп аталатын заң жобасына өзгерістер енгізуден
басталады. Оны комиссияларда оқиды және зерттейді, оған ол енгізілген
палатада түзетулер енгізеді. Содан кейін дауыс беру жүргізіледі. Егер заң
жобасы мақұлданса, ол басқа палатаға жіберіледі, онда да осындай рәсімдер
жүреді. Егер палаталар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Билік саяси феномен ретінде
Саясаттанудың пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері
Саяси әлеуметтану
Қазақстанда саяси топтар демократиялық қоғам қалыптасуы
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Дін феноменологиясы
Ғылым және мәдениет
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Пәндер