Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І тарау. Мұсылман құқығы
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІ тарау. Мұсылман құқығының бастаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1.Құран ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2.Сұнна ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3.Иджма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.4.Кияс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.5.Фирман, Канун ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ІІІ тарау. Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
3.1 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері 18
3.2 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу ... 23
3.3 Қылмыс, жаза, сот ісі 25
3.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қолданылған әдебиеттер 31

Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Мұсылман құқығы
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
ІІ тарау. Мұсылман құқығының бастаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..9
2.1.Құран ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2.Сұнна ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3.Иджма ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.4.Кияс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.5.Фирман, Канун ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қолданылған әдебиеттер 31
Кіріспе
Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.
Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы - мұсылман құқығы (шариғат). Бұл құқықтық жүйе, ең алдымен Араб халифатында пайда болып, кейіннен әлемдік сипат алды. Оның даму тарихы араб мемлекетінің эволюциясымен, VІІ ғ.патриархалдық діни қоғамнан VІІІ-Х ғ.ғ. Омеяд және Аббасид династиясының ірі империясына дейінгі дамуымен тығыз байланысты. Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңыздылығын жоғалтпай, ислам дінін қабылдаған Азия және Африка елдеріндегі негізгі құқықтық ережеге айналды.
Мұсылман құқығы бойына Шығыстың құқықтық мәдениетін, оның ішінде исламға дейінгі Аравия мен арабтар жаулар алған территориялардағы елдердің құқықтық ережелерін, салт-дәстүрлерін сіңіріп алды. Омеяд тұсында көп уақыт бойы сасанидтік Иран, Византия, сонымен қатар Римдік құқық қолданылады. Осының бәрі Шығыс және Батыс өркениетінің байланысын көрсете отырып, шариғатқа біршама өзгерістер әкелді. Бірақ, шариғаттың өзіне тән ерекшелігін олар айқындаған жоқ. Шариғаттың қалыптасуындағы маңызды рөлді Мұхаммедтің және алғашқы төрт халифтің қызметі алады. Олардың тұсында пайғамбардың іс-әрекеті мен ой-пікірлерін талдау нәтижесінде мұсылмандардың қасиетті кітаптары - Құран мен Сұнна құрастырылды.
Мұсылман құқығының принциптері бүгінгі саяси өмірде кеңінен қолданылады. Кейде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуі мүмкін. Мұсылман құқығы кеңінен тарап, тұрақтап қалған мұндай елдерге: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкістан, Ирак т. б. жатады.
Қоғамдық өмірдегі жалғыз ғана реттеуші заң ретінде шариғатты ұзақ мерзімге орнықтыруға бірнеше себептер ықпал жасады. Шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға көптеген ғасырлар бойы ислам діні жетекшілік етті және оның батыс діндерден елеулі айырмашылығы болды. Феодализм дәуірінен бері қарай ислам діні мындаған жылдар бойы қоғамдық қозғалысқа мұрындық бодды.
Айтарлықтай маңызды орын алатын жағдайдың бірі - мешіт ұзақ уақыт бойы діни орын ретінде қызмет етті. Онымен қатар шариғаттың тірегін әрқашанда адатпен байланыстырған жөн, халықтың күнделікті тұтынатын ислам қағидалары діни құқық болып қалыптасқан.
Арабтар жаулап алу кезіңдегі шариғат шарттары құқық ретінде Египет, Сирия, Месопотамия, Кавказ бен Орта Азия елдерінде қабылданған. Адат шариғаттың, шариғат адаттың сақталуына мүмкіндік туғызып отырған.
Бұл жағдай сапасы жағынан алғанда шариғат қолданыстағы бірден бір заң ретінде мұсылмандардың қоғамдық өмірдегі құқына байсалды түрде әсер етіп отырды. Ол тіпті капиталистік қарым-қатынас пен тәртіптің орнауына айтулы ықпал етті. Бірақ буржуазиялық қарым-қатынастардың дамуы шариғат монополиясын бұзды.
Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялык ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.
І тарау. Мұсылман құқығы.
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері
45 афро-азиаттық мемлекеттердің құқықтық жүйесі (Мароккодан Индонезияға дейін) мұсылман құқығы жүйесіне жатады. Ең негізгі мұсылман мемлекеттері болып 33 ел саналады( Иран, Ауғанстан, Турция, шығыс араб елдері, оңтүстік және оңтүстік шығыс Азия және Африка мемлекеттері және т.б.). Мұнда 80%-тен астам тұрғындар мұсылмандар болып саналады, ислам конституцияда мемлекеттік дін ретінде жарияланған.
Мұсылман құқығы - бұл діни түрде көрсетілген және мұсылман діні - исламға негізделген ережелер жүйесі. Исламның шығуы оны өзінің пайғамбары Мұхамед арқылы Алланың адамға тарихтың бір айқын кезінде жеткізуінен шығады. Ол Омеяд кезінде біраз уақыт сасанидтік Иран, Византия құқығы және сонымен қатар кейде рим құқығы қолданылып тұрды. Бұл көздердің барлығы шариғаттың қалыптасуына аздаған сырттай және көзге түспейтіндей әсер етті, сонысымен шығыс және батыс мәдениетінің байланысын көрсетті.
Бірақ ақыр аяғында дербес және өзіндік құқықтық жүйе ретіндегі шариғаттың қайталанбастығын және өзіндік бейнесін олар анықтамаған. Шариғаттың қалыптасуына Мұхамед пен оның төрт әділ халифтерінің қайраткерлігі ерекше маңызды рөл атқарды, пайғамбардың өсиет, пікірлері мен әрекеттерін түсіндіру жолымен мұсылмандардың қасиетті кітабы - Құран мен Сұнна құрастырылды. Құқықтық реттеу жағын ғана емес, әлеуметтік өмірдің барлық аумағын қамтиды. Алла құқығы адамға бір рет және мәңгілік берілген, бірақ діни жаңалықтар түсіндіру мен мәлімдеулерді қажет етеді. Ислам - үш әлемдік діннің ішіндегі ең жасы, бірақ кеңінен тараған. Бұл дін мұсылман неге сенуі қажет; шар немесе шариғат, яғни діндарларға олар не істеп, не істемеуі қажет деген теологиядан тұрады.
Шариғат орыс тіліне аударғанда "қолдану жолы" дегенді білдіреді және мұсылман құқығы деп аталатынды құрайды. Бұл құқық мұсылман өзі міндеттемесін өзі сияқтыларға және құдайға қатысты бөлмей қалай ұстауы керектігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, шариғат адамның иелігіндегі құқық емес, адамға жүктелген міндеттер идеясына негізделген. Міндеттерін орындамау күнә болып саналады, сондықтан мұсылман құқығы ереже бойынша бекітілген жазаларға көп көңіл бөле қоймайды. Ол мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты ғана реттейді. Исламда мемлекет діннің қызмет етушісі рөлін атқарады. Ислам өз мәні бойынша иудаизм секілді - заң діні болып табылады.
Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:
1. Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі кітап - Құран
2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы - Сұнна.
3. Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері - Иджма
4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік құбылыстарын сәйкесінше талдау - Қияс.
Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.
Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып кетті.
Мұсылман құқығының негізгі мазмұны - дін адамының іс -әрекеті мен ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.
Мұсылман құқығы (шариғат) - Құран және Сұнна негізінде құрастырылған, мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және неке-отбасы құқығынан тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат - исламның діни - мистикалық ұғымдарымен тығыз байланысты құқықтық ереже.
Ислам құқықтық ережені Алланың заңдары мен тәртібінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Осыған сәйкес, бұйрықтар мен тиымдарға да ерекше қасиет беріледі.
Құқықтың Исламмен тығыз байланысын мұсылманның шариғатта көрсетілген 5 түрлі іс-әрекетінен көруге болады:
1.Міндетті
2.Кеңес беру
3. Рұқсат етілген
4.Кінә қойылады, бірақ жаза қолданылмайды
5.Тиым салынған және жаза қолдану.
Шариғаттың негізгі бағыты - әр түрлі өмірлік жағдайды діни тұрғыдан бағалау. Сондықтан, шариғаттың негізгі ерекшелігі, ол тек мұсылмандарға және мұсылмандар қарым-қатынасына ғана байланысты. Шариғат қағидасы үшке бөлінеді: ғибадат (діни салтқа байланысты міндет), муамалят (тек қана заңдық ережелер) және укубат (жазалау жүйесі).
Шариғат ережелері көптүрлі және қатал. Ол адамның қоғаммен, отбасымен қарым-қатынасын, азаматтық қатынастары, мүліктік дауларды шешу ережелерін қамтиды. Шарғат ережелерін бұзғандарға қатал жаза қолданылады.
Шариғаттың Европа елдеріндегі құқықтық ережелерден үлкен айырмашылығы бар. Ол қоғамдық өмір мен мешітті реттеп қана қоймайды, сонымен қатар Азия мен Африка елдерінің басым көпшілігінде орнап, Орталық Азия мен Кавказдың бір бөлігіне, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің бір қатарына әсерін тигізген ережелер жүйесін құрайды. Бірақ, ислам мен шариғаттың бұлай кең таралуы, оның көп салаларын әр елде әртүрлі өзгеріске түсірді. Сонымен, исламда екі бағыттың, ортодоксальды бағыт - суннизммен қатар, оған қарсы бағыт шиизмнің пайда болуына байланысты шариғатта бөлініс пайда болады.
ІІ тарау. Мұсылман құқығының бастаулары.
Орта ғасырлардағы шығыс үшін Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы - Шариғат болып табылады. Шариғат жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда қолданыла бастады. Яғни, халифат жеткен жерге дейінгі аралықты қамтыды.
Мұсылман құқығы дін ретінде феодалдық қатынастардың дамуына және нығаюына мүмкіндік туғызды. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен толығып, феодалдардың мүддесін қорғады. Бұл діни тәртіп бодды, ірілі-уақты шарттарды қоғамдық өмірдің барлық жақтарында жүргізді.
Мұсылман құқығының әдебиеттегі бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман құқығының атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының орнын анықтап берді. Давид Рене мыналарды бөліп көрсетеді: романдық-германиялық құқықтың отбасы, ортақ немесе роман-германиялық отбасы, социалистік құқықтық отбасы жүйесі, діни жүйелер. Діни жүйелер кезеңінде үшке белінеді: мұсылмандық, иудаизм және индуизм.
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы, өзінің түбегейлі тұжырымдамасы және теориялық қайнар көзі арқылы басқа құқықтық, отбасылардан өте өзгешілігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынаста реттеледі.
Біз осы құқық жүйесінің феодализм дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі құқықтық діни этникалық нормалар, мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтаса отырып, біртұтас біріккен кешен түзейді.
Мұсылман құқығы мен мемлекеттің арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар. Шариғаттың барлық нормалары Құран мен суннадан тұрады. Олардың құдайдың құдіретінен тыс болуы және принципті түрде қолданылуы мүмкін емес. Алайда, мемлекет дін сенімінің негізі және діни міндеттердің орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгізді. Соңғысы құқықтық норма болып қалыптасты.
Формальды құқықтың нұсқаларымен таныса отырып, оның мемлекетпен қатынасына көңіл бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің заң шығаратын формальды түпнұсқалары халифаттың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана қолданылған (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.). Алайда бұл процесті тәмамдау мен мұсылман құқығының одан әрі дамуына тікелей мемлекеттік пәрмен бола қойған жоқ. Мемлекет құқықтың дамуы процесіне объективті түрде ықпал ете алмады. Мұсылман құқығының негізгі ерекшелігі - оның доктриналығы, құқықтанушы беделді оқымыстылардың еңбектері. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет өзінің рөлін жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылмандар құқығының доктриналығымен және өнегелілігімен тұжырымдалған. Мұсылман құқығында көпшілік және жеке құқық нормалары әрқашан тәуелсіз болып келді. "Мұсылман ойының бағыты, -деп жазды Р. Шарль, -қатаң тәртіп пен нақтылық жағдайында ешқашан тәуелді болмау".
Сол кезеңдерде түсініктілік және айқындылық принципі батыс үшін аса маңызды болып есептелді.
Мұсылман құқығы - дін мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі. Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана жағы. Бұл дін мыналардан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы, міне, мұсылмандар осы ұғымға сенуі керек: шариғат-адамгершілік жолы.
Шариғат адам баласы үшін жүзеге асуы міндетті идея ретінде түзілген. Міндетін орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Ислам әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды ірі теократиялық қоғамның тұжырымдамасына жетекшілік етеді. Таза құдай жолымен шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі исламға бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам - заңның діні.
Мұсылман құқығы - мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағыты.
Мұсылман құқығы ғылымының екі тарауы бар: шариғатты құрайтын тұтас бір кешенді түсініктер ережесі, шығу тектері, материалдық мұсылман құқығының нормасына жататын шешімдер.
Мұсылман құқығының қайнар көздері:
1). Құран-ислам дінінің бас кітабы.
2). Сунна-құдайға байланысты дәстүрлер.
3). Иджма-мұсылман қоғамының біртұтас келісімі.
4). Қияс-аналогиялық пікірлер.
Құран - Алланың соңғы Пайғамбары Мұхаммедке жіберген қасиетті кітабы. Бірақ ол құқық кітабы немесе кодекс емес.
Сунна - Пайғамбардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде діни нанымдағылардың қалай басқару керектігі туралы әңгімелейді. Мұсылмандық дәстүр, адаттың жинағы. Бұл Мұхаммедтің қағидаларының бір тармағы. Бұл салттардың жинағы мұсылман құқығының теориясы болып есептеледі.
Иджма - докторлардың өзара келісімінен құралған. Құран да, сунна да барлық сұраққа толық жауап бере алмайды.
Мұндай күрделі жағдайда (қандай да бір сұраққа жауап жоқ кезде), жауап орнына қатып қалған дайын догмалар мен мұсылман қоғамының тұтастығы мысал ретінде ұсынылады.
1). Адат менің қоғамым қате шешімді ешқашан қабылдамайды;
2). 115 қатар 4 өлеңнен тұрады "кімде-кім наным жолына жатпайтын басқа жол іздесе, ол тозаққа тап болады". Иджма Еуропа салтына жатпайды. Ол жалпы мойындауды да талап етпейді. Талап ететіндер барша ілімді жетік білетін адамдар тобы. Олардың рөлі құқық белгілеуден тұрады. Оқымыстылар-пайғамбардың мұрагерлері. Құқық докторларының бір қалыппен ойлауы - исламның қағидаларының кең қанат жаюымен түсіндіріледі. Құранның практикалық мағынасы - сунна мен иджма. Мұсылман құқығының үш қайнар көзі, міне, осылар. Құран мен сунна негізгісі. Бірақ бүгінде бұл тек құқық ілімінің тарихи қайнар көздері, оларды қалай болса солай пайдаланбауы керек. Тек құқық кітаптары ғана иджманы мақұлдаған. Біздің жағдайымызда мұсылман құқығын оқу үшін пайдалану керек.
Мұсылман құқығы догма негізінде біздің дәуіріміздің X ғасырында өзгермейтіндей болып белгіленген. Ислам діні өкімет құқығының өзгерістерін мойындамайды. Мұсылман мемлекеттеріндегі үкімет басындағылар құқық қызметін заңды жолмен құра алмайды. Олар тек заң актілерін мұсылман құқығы рұқсат еткен мөлшерге дейін бере алады. Қияс - аналогияны құқық қолдану ретінде талқылауға болады. Құқық сенімдегілері діни істерге байланысты жүргізуі керек. Ол ақиқаттың айнасы деңгейіне көтерілуі шарт емес.
Әрине, құқық жүйесінде Құран негізгі орын алады. Ол мұсылмандар үшін қастерлі. Бұл қасиетті кітап барлық белгілі оқиғаларды түсіндіреді: адамның өмірге келуін, тууын, өліміне дейін талдау жасайды. Ол ежелгі араб тілінде жазылған.
Құранда соңғы жағынан қысқартылған 90 меккелік, 24 мединалық сүре бар. Олар шабытты жазылған. Айқын ырғақпен ұйқастырылған сөйлемдер тыңдаушыға әсер етіп, ислам құдіретін сездіреді.
"Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед - оның Пайғамбары" - деген исламның негізгі қағидасы. Мұсылмандықтың негізгі өзегін фатализм құрайды. "Сіздерге берілген уәдені сіз әлсірете алмайсыз". Құран бастаған істі аяқтауды уағыздайды: пітір төлеу, бес мезгіл намаз оқу, ораза ұстау сияқты мұсылманның бес парызын қатаң сақтау керек.
Әдебиеттерде Құранға әртүрлі баға беріледі. Құран заңның бастапқы көрінісі. Құранда қоғамдық-бұқаралық жеке бас құқықтық нормалары ещқандай бағынушылықсыз қолданылған: догмалармен суарылған мұсылман құқығының жасанды болуы мүмкін емес. Мұсылман түсінігіндегі ойлы бағыт ешқашан қатаң тәртіп алдында бас июге әкелмеді. Мұсылмандар әлемдегі жаңа көзқарастарға сақтықпен қарайды: "Біз іздейтін жұртпыз, бірақ ойдан шығармаймыз!" дейді олар өздері жөнінде.
Дінге байланысты кейін пайда болған тұжырымдаманы негізге алды. Басқа жағынан алғанда, араб мұсылман империясының жеңімпаздарын өз жүйесімен, тәртібімен өсіруге мәжбүр болды. Жаулап алынған елдердегі өмір құбылыстарынан тәлім ала отырып, өмір сүрді. Ал иудейдің христиандыққа өту кезеңіне қарағанда ислам догмасы әлдеқайда дәлелденген болып табылады.
Араб жаулап алу жылдарында (639-750) жаулап алушылар қабілетті болып шықты: олар дамыған мәдениеттің жетістігін алып, шын көңілмен пайдаланды, жаңа үлгідегі мұсылмандар ислам дініне өздерінің ойлары мен тәсілдерін әкелді. Бағынышты болған халықтармен ақыл-ойлылық, мазмұндылықпен, шыдамды түрде араласа білді.
Арабтардың бақытына қарай олар әртүрлі облыстардың жақсы мәдениетін қабылдап, осының арқасында мұсылман құқығының негізін жасауға мүмкіншілік алды.
"Діни тарихтардан бізге жақсы белгілі, - деп жазады көрнекті кеңестік ислам зерттеушісі Е.Н. Беляев.' - Бұрын болып кеткен оның оқуын және әсер етуін сынамаған, бұған жатпайтын. Мұндай идеологиялық жүйелер мүлде жоқ. Мұсылман құқығы мен ислам дінінің өзіндік ерекшелігі мынада: олар қоғамдық болмыста қандай да бір кезеңде қандай да бір аумақта көп мәдениет қоныстанған халықтармен бірге дамытты. Олардың экономикалық және мәдени арақатынасы және мәдениеттің болып өткен әсерлері орта ғасырлардағы араб мәдениетінің жарыққа шығуы болды және адамзаттың мәдени даму тарихындағы оның орны ерекше еді. Құран - бұл исламның "Библиясы". Бұны бір жағынан күрделі, қарама-қарсы мағынадағы ережелердің жинағы деуге келеді. Ал екінші жағынан-күрделі варварлық әдет-ғұрыпқа қарсы реакция байқалады. Ол араб тілін, шығыс христиандығын, еврей әдет-ғұрыптарын және басқа да тәуір үлгілерді өзіне қабылдады.
Құранды түсіну үшін ислам діні туралы әртүрлі көзқарастар болған Француз ислам зерттеушісі А. Массэнің айтқандарынан мысал келтіреміз: "Мұхаммедтің діни және саяси данышпандығына орай, әдіс-тәсілмен жұртты біріктірген арабтар өздерін тани отырып, өз орнын тарих дамуынан мәңгілікке орын алу үшін, мәдениетсіздіктен және анархиядан шыға отырып мынаған дайын болды: "Ол Мұхаммедті Меккенің буржуасы ретінде анықтайды. Ол араб жаулап алушыларын ислам империализмінің пайда болуы деп санайды".
Мұсылман құқығында істің бес түрлі категориясы бар: міндетті, айтылған, бейтарап, ұрысқан, жабылып тасталған.
Мұсылман құқығы ғылыми орта ғасырларда терең қалыптасты, сондықтан көптеген нормалар архаистік сипатқа ие болды, бұл жүйелендірілмеген казуистика болып табылады. Бірақ мұнда бастысы мұсылман құқығының өз табиғаты түпнұсқалық өзгеше орында.
Исламның бір бөлігі - мешіт құқығы. Кім оның талабына бағынбаса, сол кәпір деп саналып, ол мұсылмандар қоғамынан қудаланады. Әкімшілік тәртіппен, өздерінің келісімімен оны жаңа заманға бейімдейтін мұсылман құқығы өзгеріссіз, бірақ үлкен мүмкіншіліктер ұсынады. Дүние жүзінде мұсылман құқығы төрт мағынада өмір сүреді:
1) Ханифиттік (Иран, Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет);
2) Малакиттік (Солтүстік және Батыс Африка);
3) Шафегиттік (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка);
4) Ханбалиттік (Аравия).
2.1.Құран.
Шариғаттың бастауы мұсылмандардың киелі кітабы - Құран, ( араб тілінен аударғанда, ал-құран-"дауыстап оқу", "ілім"). Ол 610 және 632 ж ж аралығында Мұхаммед қалдырған хадистерден, үгіт-насихаттардан тұрады. Зерттеушілер Құраннан ерте Шығыстың құқықтық ережелерін және Исламға дейінгі Аравияның салт-дәстүрлеріне ұқсас жақтарын тапты.
Алғашқыда пайғамбар хадистері ауызба - ауыз беріліп отырды. Олардың көбісін дінге сенушілер жазып алып отырды, кейіннен Мединада Мұхаммед пайхамбардың бұйрығы бойынша олар жүйелі түрде жазылып алынып отырды. Құран мазмұнын заңдастыру және оны басып шығару Олиф халиф (644-656жж) тұсында болды. Құран арабтарға "әкелер дәстүрін" тастап, Ислам орнатқан ережелерді ұстануға шақырады. Оның құқықтық маңызы жөнінде Құранның өзінде былай делінген: "Сонымен, біз оны арабтардың құқықтық жинағы ретінде жібердік".
Құран 6219 аятқа бөлінген, 14 сүреден тұрады. Аяттардың көп бөлігі аңыз тұрінде, тек 500 аяты ғана мұсылмандардың өзін-өзі ұстау ережелерінен тұрады. Соның ішінде оның 80 көбін ғана құқықтық ережелерге (бұл ережелердің басым көпшілігі отбасы мен жанұяға арналған), қалған бөлігі діни міндеттер мен дәстүрлерге арналған. Құранның басым бөлігі кездейсоқтық сипатта және Пайғамбардың басынан өткен жағдайларды талқылайды. Бірақ көпшілік ережелердің мағынасы анық емес және жағдайға байланысты оны әр-түрлі талқылауға болады. Көпшілік діни соттарда және құқықтық доктринада олар әр-түрлі талқыланып отырды, кейде мүлде қарама-қайшы сипатқа ие болды.
2.2.Сұнна.
Мұсылмандарға міндетті тағы бір құқықтық ереже, Мұхаммедтің іс-әрекеті мен ой-пікірлерінен (хадис) тұратын - Сұнна. Хадистерде де араб қоғамының әлеуметтік дамуын көрсететін құқықтық ережелерді көруге болады. Хадистерді соңғы басып шығару 9 ғасырда жүзеге асты, ол кезеңде сұннаның жинақтарыда шығарылды, ол әсіресе Бұхарада мәлім болды. Сұннадан неке және мұра,сот құқығы, құл туралы ережелер т.б. алуға болады. Сұнна хадистері, талқылаудан өткеніне қарамастан көптеген қарама-қайшы ережелерден тұрды және оның ішіндегі ең нақты делінгендердің өзі діни көсемдер мен соттардың еркімен бұрмаланып отырды. Мұхаммедтің шәкірттері айтқан хадистер ғана заңды күшке ие деп саналды, ал сүннитерге қарағанда шейттар халиф Али мен оның жақтастарын мақтаған хадистерді ғана мойындады. Сонымен, "Сұнна Алла елшісі" (Сұннаның толық аты) - Мұхаммедтің өмірін, оның сөзі мен ісін баяндаған мәтін жиынтығы, ал толық қарастырсақ - Құранды толықтыратын және онымен бірге киелі саналатын, діни ережелер жиынтығы. Сұннаны оқыту- діни білім мен тәрбиенің ең маңызды бөлігі, ал Сұннаны білу және оны ұстану- дін жолындағы адамның ең алғашқы бастаушысы.
2.3.Иджма
Мұсылман құқығының үшінші сатысы иджма, мұсылман қоғамының жалпы келісімі. Құран және Сұннамен бірге, ол шариғаттың ең беделді бастауының бірі болып табылады. Иджмада Мұхаммедтің жақтастары немесе мұсылман діндарлары (имам, муфти) айтқан діни және құқықтық мәселелер қарастырылған. Иджма, Құран және Сұннаның мәтіндерін түсіндіру арқылы және де Мұхамедке қатысы жоқ, жаңа ережелер арқылы да дамып отырады. Олар, өзін ұстау ережелерін қамтып, егер мүфтилер мен муджатахидтер қолдаса міндетті ережеге айналып отырды.
Мұсылман құқығының мұндай жолмен дамуы "Иджитихад" деп аталды. Шариғаттың негізгі бастауы болған иджманың заңдылығын Мұхамедтің мына сөзінен білуге болады: "Егер сендер өздерің білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар". Шариғаттың дамуындағы иджманың үлкен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz