Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері



Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері (сократтыққа дейін)
Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері
(сократтыққа дейін)

1. Сократтыққа дейінгі философиялық мектептердің жалпы түсінігі.
Ежелгі Грецияның Сократтыққа дейінгі философиялық мектебі б.э.д. VII-V ғ пайда болды. Ерте ежелгі грециялық полистерде пайда болды.
Ежелгі Греция ең танымал философиялық мектептері:
- Мемлет мектепбі
- Пифагорлар мектебі
- Гераклит Эфесскийдің мектебі
- Элейстер мектебі
- Атомистер

Ерекшеліктері : Жарқын сипатталатын космоцентризм қоршаған табиғат құбылыстарын түсіндіру мәселелеріне деген өте жоғары көніл бөлу.Барлық алғашқы тіршілікті тудырған бастаманы іздеу.
Гилозоизм (өлі табиғаттың тірілуі) Философиялық ілімнің дискуссиялық емес сипаты

2. Милеттік мектеп (фмизиктер )- Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.
Милетті мектеп Ежелгі Грецияда б.э.д 6 ғ әрекет етіп, өзі қалыптасқан өаладан өз атауын алды. Милетта орта азиядағы ірі сауда полисі .
Ерекшеліктері : Милет мектептің философтары материалистік көзқараспен жүрді. Тек философиямен ғана емес, басқа да нақты және естественный ғылымдар мен айналысады.Табиғат заңдарын түсіндіруге тырысады (физика атауын осыған байланысты алған) Қоршаған ортаның пайда болуын іздеді.

Қайраткерлері:

Фалес (640-560 б.э.д.ғ) Милеттік мектептің негізін қалаушы, әйгілі грек ғалымы, философиялық мұралар қалдырған.

Негізгі көзқарастар. Барлық тіршіліктің негізі су дейді. Жерді тегіс диск ретінде көрсетіп, суда тыныш деп айтқан.
Барлық өлі табиғат пен заттардың жаны бар деп есептеген көптеген құдайлар болуы мүмкін деген.
Жер жүзінің орталығы жер деп білген жылдың нақты ұзақтығын анықтады 365 күн. Бірқатар математикалық жаңалықтар жасады (Фалес теоремасы)Анаксимандр (б.э.д 610-540 ғ) Фалестің ізбасары.

Негізгі көзқарастар. Барлық тіршілікті бастауы Апейрон деп есептеген, яғни бәрі шексіз, мәңгілік, өлшенбейтін субстанция дейді.
Материяның сақталуының заңын ашты (заттың аталарлық құрылымын айтты.) Барлық тіршілік атаулы заттар микроскопиялық элементтерден тұрады.Тірі организмнің өлімінен кейін заттар элементі (атомдар) қалады, нәтижесінде жаңа заттар организмдер пайда болады. Алғашқы болып адамның басқа жануарлардың эволюциясының нәтижесінде қалыптасқан деген ойды ұсынған. Анаксимен (б.э.д. 546-526 ғ) Анаксимандрдің оқушысы
Негізгі көзқарастар. Барлық тіршіліктің бастауы ауа деп есептейді. Жердегі барлық заттар ауаның түрлі концен-нан туған деген ойды ұстанды. (ауа қысылып суға, сосын жерге , тасқа айналды деген.Адам жаны мен ауа арасында паралельдер жүргізді) Құдайшылықты табиғат күштерін қатар көрген.

3. Гераклит Эфесский

Гераклит (6 ғ аяғы мен 5 ғ басы б.э.д)-философиялық бағыттың негізін қалаған ірі көне гректің материалист философ алғашында логикалық мектепке жататын.

Негізгі көзқарастар. Тіршіліктің бастауы от деп білді.Қарама қайшылықпен күресу мен тұтастықтың заңын алты диалектиканың басты заңы (Гераклиттің ең маңызды философиялық жаңалығы.) Бүкіл әлем үнемі қозғалыс пен өзгерісте болады деп есептеді.Табиғаттағы заттар айналымда болады және тарих циклды болып келеді деп айтқан.
Қоршаған әлемнің қатыстылығын мойындаған (теңіз суы адамға кір , балыққа таза, әртүрлі жағдайларда адамның бір қылығы жақсы да, жаманда юолуы мүмкін ) Ең құдіретті деп, әлемдік ақылды есептеген.
Адамзат пен әлемдік рухтың , жанныңматериалдығын қолдаған қоршаған шындықтың сезімдік танымын жақтаған барлық процестің қозғаушы күші деп күресті есептеген.

4. Пифагорэйлер

Пифагорэйлер ежелгі грек философы, математигі Пифагордың (6 ғ басы-5 ғ аяғы) ізбасарлары мен жақтастары.

Негізгі көзқарастар Тіршіліктің бастауы сандар деп білген (барлық қоршаған шындықты, барлық болып жатқан дүниені санға келтіріп, сан арқылы өлшеуге болады.)
Өлемді, дүниені сан арқылы тануға шақырған бірлікті тұтастың ұсақ бөлігі деп есептеген әлемнің диалектикалық бірлігін көрсететін , қарама- қарсы категорияларды анықтауға тырысты. (тақ-жұп , жарық- қараңғы, түзу- қисық)

5. Элеаттар

Элеаттар - қазіргі кездегі Италия территориясындағы 6-5 ғ б.э.д. өмір сүрген ежелгі грек Элеа деп аталатын көне грек полисінде өмір сүрген, Элеаттың философиялық мектептің қайраткерлері Осы мектептің әйгілі философтары.Парменид Зенон Элейский Мелисс Самосский

Негізгі көзқарастар Таным мәселелерін зерттеді .Сезімдік таным мен жоғары деңгейдегі рухани идеолгоияның танымды қатаң бөлектеген.Монизмнің жақтастары болған барлық құбылыстарың көптігін тұтас бастаудан шығарып отырған барлық тіршілікті ойдың материалдық сипаты деп есептеген.
6. Атомистер
Атомистер қайраткерлері барлық тіршіліктің құрылыс материалы , алғашқы кірпіш деп микроскопиялық бөліктер - атомдар деп есептеген, материалистік философиялық мектеп (Демокрит, Левкипп ). Демокрит философиядағы материалистңк бағыттың негізін қалаушысы болып есептелінген. (Демокрит жолы, бағыты - Плотон бағыты-қарама қарсы бағыт.)

Демокрит ілімінің негізгі жағдайлары. Барлық материалды дүние атомдардан тұрады. Атом тіршілік атаулының кішкентай бөлшегі, алғашқы кірпіші.
Атом бөлінбейді (бұл жағдай ғылыммен бүгінгі таңда жоққа шығарылды)Атомның түрлі өлшемі бар, түрлі формасы бар.Атомдар арасында , бостықпен толтырылған кеңістік бар.Атомдар айналысы бар.Заттар тірі организмдер өмір сүреді.өледі, адам басқа, жақ заттар, организмдер қалыптасады.Атомдарды сезімдік таным арқылы көруге мүмкін емес.

Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.

Б.з.д. мың жылдыктың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.

Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epic кезең- (б.з.д. IX -- VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады - және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екінші кезең -- (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең -- (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)
Б.З.Д. IX -- VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мен Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды.

Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.

"Одиссея" поэмасында халық жиналысының ролі мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкілдік органның қызметі туралы грек жауынгерлерінің Троя түбіндегі жиналысынан, "Илиада" поэмасындағы мысалдан, "Одиссеяда" Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан білуге болады. Троя түбіндегі жиналыста қатардан жауынгер Тереитжауынгерлердің мүддесін қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерін лауазымды басшылардың ерекше атауы халық жиналысының ролін айкындай түседі. Ал халық жиналысы маңызының төмендеуі "Одиссеяда" айқын көрсетілген Итака аралында Одиссей болмаған жиырма жылда халык жиналысы бірде-бір рет шақырылмаған. Ал Одиссеидің ұлы Телемак жиналыс шақырған, тұрғындардың көпшілігі бұл жиналысқа мән бермеген.

Поэмада Гомер қолданған "дике" (әділдік) және "темис" (әдет, әдет-ғұрыптық құқық) ұғымдары Гомер дәуіріндегі саяси-құқықтық жағдайды түсінуге жәрдемін тигізеді. Гомердің әдеп (дикс) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негізі мен принципі түрінде көрінеді, ал әдет-ғұрыптық құкык (темис) өмірлік әдептің, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрінісін білдіреді.

Б.з.д. VII ғасырдан ежелгі Грецианың саяси және қоғамдык өмірлік қатынастар Гесиодының "Еңбек жөне күндер" мен "Теотония" поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар кең дүниенің пайда болуындағы гректердің көзқарастары және адамгершілік-құқықтык принциптер сипатталады.

"Теогония" поэмасы бойынша Зеван Фемидамен (мәңгі табиғи тәртіп пен әділдікті жаратушы) неке одағынан екі қыз-құдай Дике (әділдік) және Эвномия (ізгі заңдылық) өмірге келеді. Дике табиғи әділдікті күзетеді және әділетсіздікті жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық бастауының құдайлық сипатын және полистік құрылымдағы заңдылықтың терең ішкі байланысын білдіреді.

Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежелгі Грециядағы "Жен данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питгак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енген. Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтык идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон. Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлген мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасының авторы спартандык, Хилонның "Заңға табын" дсген шақыруы Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең үлкені полис деп Хилон азаматтары шешендерден ірі заңдарды көбірек тындайтын полисті санады.

"Жеті ғұламаның" қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638 -- 559 жж) тарихта атанды реформатор, мемлекеттік кайраткер және заң шығарушы ретінде де білген. Б.з.д. 621 жылы орхон Драконт жазған заң нормалары демос пен евиатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткені ол демостын экономикалық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпеді. Драконт заңдары сонымен бірге шектен тыс қаталдығымен де әйгілі болды. Сондықтан да Афин халқы полисті басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгілі болған Солонға тапсырды.

Архонт болып сайланған ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық және қалалык демостық және оған қосылған ешатридтердін, мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаске-сіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған.

Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Фклолай, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі -- аристократиялық идеяалды жақтады.

Самос аралында туып өскен Пифагор Поликрат тиранның билігінен кейін туған жерін тастап, Египетте, Вавилонда, Үндістанда болып, ең соңында "Ұлы Элладаның" Критон қаласында өмір кешеді. Ол осы қалада, кейіннен басқа да полистерде өзінің мектебін ашады. Оның ілімі негізінде пайда болған пифагоршылдық гетрийлер рухы жөнінен аристократиялық құпия философиялық-саяси одақтар Грецияның көп бөлігі мен Оңтүстік Италияда үлкен ықпалға ие болады.

Б.З.Д- V ғасырда саяси-құқықтық ойлардың дамуына қоғам, мемлекет, саясат және құқық туралы проблемаларға философиялық және әлеуметтік талдаулардың терендеуі едәуір ықпал етті. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды.

Мемлекеттік басқаруда халық билігі -- демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.

Саяси-құқықтық тақырыпты көпшілік назарына талқылауға ұсыну б.з.д. V ғасырда антикалык ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері (сократтыққа дейін)
Антикалық жерорта теңізінің медецинасы
Антикалық философия қалыптасуының алғышарттары және даму кезеңдері
Сократтыққа дейінгі философиялық мектептердің жалпы түсінігі
Аң шаруашылығы кезеңіндегі медициналық білімнің дамуы
Сократ философиясы
Көне Греция философиясы
Көне Греция философиясы жайлы
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Пәндер