Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе . . . 3
І тарау Ақпараттық қоғамдағы Интернеттің ролі
1. 1 Интернет тарихы және қайнар көзі. Интернеттің теориялық негіздері. Интернет қызметтері . . . 6
1. 2 Ақпарат қауіпсіздігі және оның құрамы . . . 12
ІІ Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері
2. 1 Халықаралық тәжірибеде ақпараттық ортаның құқықтық
реттелуі . . . 16
2. 2 Қазақстан Республикасындағы Интернет-Казнет
желісінің қалыптасуы . . . 21
2. 3 Қазақстан Республикасындағы Интернеттің электронды ортасын
реттеудің құқықтық аспектілері . . . 29
Қорытынды . . . 37
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Елімізде әлемдік ақпараттық кеңістікке ену процесі басқа дамушы елдермен салыстырып қарағанда көп кешеуілдеуде. Республикамызда желілік ақпараттар технологиясына негізделген біртұтас ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру мен оны дамытуға бағытталған мәселелерді шешу жыл өткен сайын қордаланып жинақталуы салдарынан қазіргі кезде әлемдік аренада үлкен сұранысқа ие болып отырған.
Өткен жылы ғана ақпараттандыру мен желілік-ақпараттар технологиясына қатысты субъектілердің іс-шараларын құқықтық реттеуге байланысты елімізде «Интернет ресурстары туралы» заң қабылданды. .
Әлемдік аренада мемлекетаралық банк төлемдері мен басқа да іскерлік мақсаттарда кеңінен қолданыла бастаған электрондық құжат, электрондық қол қою туралы заңдардың болмауы көп ұзамай-ақ республикамыздың саяси-экономикалық өмірінде орны білінері сөзсіз.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың халықты интернет арқылы хабардар етіп отыруын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық талаптар мен міндеттердің болмауы себебінен ақпараттық технологиялардың басару органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелердің жұмысына ену барысы өте баяу. Республика деңгейіндегі орталық басқару органдарының ақпарттық сайттарының сапасы да сын көтере бермейді, олардың басым көпшілігі мемлекеттік тілде жұмыс істемейді.
Ана тілімізде Интернет жүйесі арқылы төл әліпбиімізбен ақпарат алмасу проблемасы да әлі күнге дейін біржақты шешімін таппай келеді. Интернетте халқымыздың сауатын жетілдіріп отыратын қазақ тіліндегі ақпараттық сайттар тіпті жоқтың қасы.
Елбасы 1997 жылы «Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық- кеңістік қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. . Үш жылдан кейін 2001 жылы наурызда «Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Елбасының жаңа Жарлығы шықты. Бұл құжатта межеленген міндеттерді шешу мақсатында Үкімет «Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 2001-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылдады. Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 358 Қаулысымен қабылданды.
Қазақстан Республикасында Интернет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілердің мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен заңнама актілеріне түзетулер енгізілген болатын.
Зерттеу нысаны: Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектісі
Зерттеу пәні:. Интернет электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілерінің жүзеге асырылуы
Зерттеудің мақсаты : Қазақстанда Интернеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастырудағы құқықтық реттеу Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1) Интернет желісінің ұлттық сегментін дамыту саласындағы мемлекеттің саясатты және оны іске асырудың кешенді шаралары мен әдістерін зерттеу;
2) Интернет желісінің ұлттық сегментін дамыту саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдірудегі атқарылған шараларға талдау
3) Қазнеттің инфрақұрылымын дамыту;
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту мен оны ұйымдастыруды жетілдірудегі бағыттарды айқындау;
5) ғаламдық ақпараттық желілер мен жүйелерді құру мен пайдалану үдерістеріне Қазақстанның қатысуы.
Зерттеудің болжамы: Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектісі жетілдіреді, тәжірибеде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектісі жетілдірудегі іс-тәжірибелік әдістемелер мен ғалымдар пікірі алынды.
Зерттеу әдістері: Қурстық жұмыста жаңа технологияға қатысты бағдарламаларды пайдалану әдістері, жинақтау, талдау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден және екі тараудан, қортынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Ақпараттық қоғамдағы Интернеттің ролі
- Интернет тарихы және қайнар көзі. Интернеттің теориялық негіздері. Интернет қызметтері.
Компьютерлік желілерді құрастыру негіздеріне құрылғыларды электрикалық және механикалық сипаттамалары бойынша сәйкестеуді қалыптастыру және ақпараттық қамтамасыздандыруды кодтау жүйесі мен деректер форматы бойынша үйлестіру жатады. Бұл есепті шешу стандарттаудың OSI деп аталатын моделіне жүктелген (Ашық жүйелер әрекеттесуінің моделі) . Бұл модель ISO - стандарттаудың халықаралық институтының техникалық ұсыныстары негізінде құрылған.
ISO/OSI моделі бойынша компьютерлік желілер архитектурасын жеті деңгейде қарастыруға болады. Ең жоғарғы деңгей - қолданбалы . Бұл деңгейде пайдаланушы есептеу жүйесімен әрекеттестікте болады. Ең төменгі деңгей - физикалық. Ол құрылғылар арасында сигнал алмасуды қамтамасыз етеді. Байланыс жүйелерінде деректер алмасу жоғары деңгейден төменге қарай жүргізіледі, содан соң тасымалдау, ақырында клиент компьютерінде төменгі деңгейден жоғарыға ауысу нәтижесінде қайтадан қалпына келтіріледі. Жеті деңгейдің әрқайсысында қажет сәйкестікті орнату үшін хаттама деп аталатын арнайы стандарттар қолданылады. Олар екі түрге бөлінеді:
- аппараттық;
- программдық.
Қолданылатын хаттамаларға сәйкес компьютерлік желілер бөлінеді:
- локальды (LAN - Local Area Network) ;
- глобальды (WAN - Wide Area Network) .
Локальды желідегі компьютерлер барлық қатысушылар үшін хаттамалардың бірыңғай комплектісін пайдаланады. Локальдық желілер бір ғимараттың, этаждың, ықшам орналасқан ғимараттар топтарының компьютерлерін қоса алады. Глобальды желілердің географиялық өлшемдері үлкен болады. Олар жеке компьютерлерді де, сол сияқты жеке локальды желілерді де, оның ішінде әртүрлі хаттамаларды пайдаланушыларын да қоса алады.
Компьютерлік желілердің барлық түрлері келесі екі функцияны орындауы тиіс:
- желідегі аппараттық және программдық ресурстарды ортақтасып қолдануды қамтамасыз ету;
- деректер ресурсына бірлесіп қол жеткізу.
Егер желіде қатысушылар үшін бірігіп қолдануға бөлінген арнайы компьютер болса, онда ол файлдық сервер деп аталады. Бөлінген сервері жоқ компьютерлік желілер біррангілік деп аталады. Локальды компьютерлік желіде қатысушылар жұмысын ұйымдастыруды басқаратын адам жүйелік администратор деп аталады.
Әртүрлі хаттамалармен жұмыс істейтін бірнеше локальды желілерді байланыстыру үшін шлюздер деп аталатын арнайы құралдар қолданылады. Шлюздер аппараттық және программдық болуы мүмкін. Желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін локальдық және глобальдық желіліер арасында брандмауэрлар қондырылады. Брандмауэр ретінде, желілер арасында деректердің санкцияланбаған қозғалысына қарсы тұратын, арнайы компьютер не компьютерлік программа болуы мүмкін.
Ұлттық масштабтағы бірінші желі ARPANET АҚШ-тың қорғаныс министрлігінде 1969 ж. құрылды. Бұл желі бірнеше ірі ғылыми, зерттеу және оқу орталықтарын байланыстырды. Интернет 1983 ж. пайда болды. Бұл дата TCP/IP - хаттамасының стандартталу күніне сәйкестелді. TCP/IP - бұл желілік бір хаттама емес, әр деңгейде жатқан екі хаттама. TCP хаттамасы - транспорттық деңгейдегі хаттама. IP хаттамасы - адрестік, ол желілік деңгейде болады және хабар қайда баратынын көрсетеді .
TCP хаттамасына сәйкес, жіберілетін деректер кішігірім пакеттерге «бөлінеді», содан соң әр пакет таңбаланады(маркирленеді) . Әр пакет ішінде алушының компьютерінде құжатты дұрыс жинақтауға қажет деректер болуы тиіс.
IP хаттамасы - бұл Дүниежүзілік желіде қатысушының бірегей адресі. Ол төрт байтпен беріледі, мысалы 195. 38. 46. 11. Желідегі қандай компьютерлер бір-біріне «жақын» немесе «алыс» орналасқанын шешетін арнайы құралдар - маршрутизаторлар деп аталады. Маршрутизаторлар ролін арнайы мамандандырылған компьютерлер немесе желідегі серверде жұмыс істейтін арнайы программалар атқарады.
Microsoft Internet Explorer және онымен жұмыс жасау
Интернет - ол бүкіл әлем бойында миллиондаған компьютерлерді қосатын сансыз көп компьютерлік желі. Интернетте жұмыс істеу үшін аса маңызды деректер қорына жетуге арналған желіге қосу құралы - браузер бағдарламалары қолданылады. Бірнеше браузер-бағдарламалары бар (Netscape Communicator, Mozilla, Firefox, Opera), бірақ қазіргі кезде аса танымалы Internet Explorer бағдарламасы болып табылады.
Шолушы панелі деген не?
Internet Explorer бағдарламасының басты мәзірінің төменгі жағында қолданушы жиі қолданатын басты мәзірдің функцияларын қайталайтын саймандар панелі (шолушы панелі) орналасқан. Оның төменгі жағында Internet Explorer бағдарламасының шолушы панеліндегі батырмаларға сипаттаманы және олардың Интернетте орын ауыстыруға арналған функцияларын көре аласыз.
Адрестік жол деген не?
Адрестік жол Web-парақ адресін енгізу және шығару үшін қолданылады. Адрестік жолдың көмегімен Сіз жай ғана find, go, немесе ? командаларын және Сіз іздеп отырған сөзді теріп, web-түйінді іздей аласыз.
Адрестік жол
Сонымен, Интернеттің қандай-да бір парағына көшу үшін адрестік жолда оның адресін (доменді) енгізіп, ENTER пернесін басу керек. Біраз уақыттан кейін бұл парақ Интернет шолушысының жұмыс өрісіне шығады. Интернет сайттардың барлық адрестері тек латын әріптерімен және кіші әріптермен теріледі.
Домен деген не?
Домен (ағылш. тілінен domain - область, территория) - ол Интернеттегі сайттың символдық (мәтіндік) адресінің құрамдас бөлігі.
Домендер әр түрлі деңгейлерден тұрады: бірінші деңгей (оны «зона» деп те атайды; мысалы ru , com , org ), екінші деңгей ( yandex . ru), үшінші деңгей ( hosting . rbc. ru) және т. б.
Internet’тік адрестегі оң жақтағы шеткі элементті жоғарғы деңгейдегі домен (top level domain) деп атайды. Жоғарғы деңгейдегі доменнің бірнеше түрлері бар:
. com - бұл доменнің аса кең тараған түрі. Негізінен коммерциялық құрылымдармен қолданылады.
. edu - университеттер қолданады.
. net - әр түрлі компьютерлік желілерге қатысты.
. org - негізінен коммерциялық емес ұйымдар қолданады.
. gov - үкіметтік мекемелер қолданады.
. mil - әскери мекемелер қолданады.
. ru, uk, . kz және т. с. с. - географиялық жерін анықтайды.
. firm, . shop, . web, . arts, . rec, . info, . nom - бекіту сатысында тұрған және әзірше кіруге рұқсат жоқ, бірақ кейбір компаниялар доменді осы кеңейтілудің біреуімен кейінге сақтап қалуды ұсынады.
Интернетте ақпараттар іздеу және іздеуші жүйелер
1961 ж. Defence Advanced Research Agensy (DARPA -алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының қорғаныс агенттігі) АҚШ қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша пакеттерді жіберудің экспериментальдық желісін жасау жобасына кірісті. ARPANET деп аталған бұл желі, алдымен ядролық шапқыншылық жағдайында байланысты қалай үзбеуге болатынын үйренуге және зерттеушілерге қорғаныс өнеркәсібінің барлық штаттарда шашыраған зерттеу ұйымдарының арасында ақпарат алмасуына көмек үшін арналды.
ARPANET-пен эксперимент табысты болғаны сондай, тіпті көптеген ұйымдар, деректерді күнделікті жіберу мақсатында қолдану үшін, оның құрамына енгісі келді. 1975ж. ARPANET экспериментальдық желіден жұмысшы желіге айналды.
80-ж аяғында Ресей APRANET желісіне қосылды. 1990ж. APRANET желісі тоқтатылып, оның орнына Интернет пайда болды. Интернет мемелекеттік шекаралар қашықтығына қарамай, ақпаратты еркін алмасуға мүмкіндік берді.
Интернет қызметшілері . Әр қызметтің өз хаттамалары болады. Мысалы, интернетте файлды жіберу үшін арнайы қолданбалы хаттама FTP (File Transfer Protocol) қолданылады. Интернеттен файлды алу үшін қажет:
Компьютерде клиент болатын программа болу керек(FTP -клиент) ;
FTP қызметін беретін сервермен байланысты орнату (FTP - сервер) .
Тағы бір мысал, электрондық поштаны пайдалану үшін хабарларды жіберу және қабылдау хаттамаларын қолдану керек. Ол үшін пошталық клиент программасы болуы қажет және пошталық сервермен байланысты орнату керек.
Терминалдық режим - Telnet - бұл компьютерді алыстан басқару қызметі. Көп жағдайда Telnet хаттамаларын техникалық обьектілерді дистанциялық басқару үшін қолданады, мысалы телескоптарды, видеокамераларды, өндірістік роботтарды.
Электрондық пошта (E-Mail) . Пошталық қызмет екі қолданбалы хаттама SMTP және POP3 негізделген. Біріншісі корреспонденцияны компьютерден серверге жіберуге, екіншісі -келіп түскен хабарларды қабылдауға арналған. Клиенттік пошталық программалардың әртүрлері бар. Мысалы, Microsoft Outlook Express программасы операциондық жүйе Windows - дың стандарттық құрамында орналасқан.
Тізімді тарату (Mail List) . Бұл арнайы тематикалық серверлер. Телеконференциялар қызметі (Usenet) . Мұнда бір хабар бір корреспондентке емес, үлкен топтарға жіберіледі (мұндай топтар телеконференциялар немесе хабарлар тобы деп аталады) .
World Wide Web (WWW) қызметі.
WWW -World Wide Web (бүкіләлемдік өрмек) - Интернеттің аса танымал сервисі. Ол әр әлемге таралған және ақпараттың аса көп көлемінен тұратын ондаған миллион Web-серверлер жиынтығынан тұрады. Web-парақтар деп аталатын Web құжаттар мультимедия элементтерінен (аудио, видео, графика және т. б. ), сонымен қоса бір құжаттан басқа құжатқа көшуге болатын гиперсілтемелерден тұратын графикалы түрде дайындалған құжаттардан тұрады.
- Ақпарат қауіпсіздігі және оның құрамы
Ақпараттың қауіпсіздігі - ақпарат тұтастылығының физикалық және логикалық бұзылуынан немесе санкцияланбаған пайдаланудан қорғаныс дәрежесі. Ақпаратты қорғау - бұл автоматтандырылған жүйелерде оның бекітілген қорғаныс статусын қолдайтын арнайы механизмдерді құрау және қолдау процессі.
Практика жүзінде ақпарат қауіпсіздігінің маңызды үш аспектісі бар:
- қол жетерлік(қажет ақпараттық қызметті ақылға сиярлық уақыт ішінде алу) ;
- тұтастылық(ақпараттың өзектілігі және қарама- қайшылықсыздығы, бұзылудан және санкцияланбаған өзгерістерден оның қорғанысы) ;
- құпиялығы(ақпаратқа санкцияланбаған жетуден қорғаныс) .
- Ақпараттық қауіпсіздік іс-тәртібін құрастыру - комплекстік мәселе. Оны шешу әдістерін бес деңгейге бөлуге болады:
- заң шығарушы (заңдар, нормативтік актілер, стандарттар және т. б. ) ;
- моральды-этикалық (әртүрлі мінез-құлық ережесі, оларды орындамау нақты бір адамның немесе барлық ұйымның беделін түсіруге әкеледі) ;
- әкімшілік (ұйым жетекшілерінің шара қолдану әрекеттерінің жалпы сипаттамасы) ;
- физикалық (потенциалды бұзушының өтуге мүмкін жолдарындағы механикалық, электрлі - және электронды-механикалық бөгеттер) ;
- аппаратты-бағдарламалық (ақпаратты қорғаудың электронды құрылғылары және арнайы бағдарламалары) .
Барлық осы шаралардың біртұтас жиынтығы қорғаныс жүйесін құрастырады. Мүмкін зияндықты минимумға жеткізу мақсатында қауіпсіздік қатеріне қарсы тұруға бағытталған осы шаралардың біртұтас жиынтығы қорғаныс жүйесін құрастырады.
Мүмкін қатерлерді, сонымен бірге қорғаныстың әлсіз жерлерін білу, қауіпсіздікті қамтамасыздандырудың үнемді құралдарын таңдауға қажет.
Қауіптілік - бұл ақпараттық қауіпсіздікті белгілі бір түрде бұзудың потенциалды мүмкіндігі.
Қауіптілікті іске асыруға тырысу шабуыл деп аталады, ал оған тырысушы - қаскүнем. Потенциалды қаскүнемдер қауіптіліктің көзі деп аталады.
Көбінесе қауіптілік ақпараттық жүйелерді қорғаудың әлсіз орындары болуының салдарынан туады (мысалы, бөгде адамдардың маңызды құрылғыларға жете алатыны немесе бағдарламалық қамтамасызданудың қателері)
Қауіптілік жіктемелері:
- ақпараттық қауіпсіздік аспектілері бойынша (қол жетушілік, тұтастылық, құпиялық), бұларға қатерлік бірінші кезекте бағытталған;
- ақпараттық жүйелер компоненттері бойынша (деректер, бағдарламалар, аппаратура, қолдаушы инфрақұрылым), оларға қатерлік мақсатталған;
- жүзеге асу әдісі бойынша (кездейсоқ/табиғи/техногенді сипаттағы қасақана әрекеттер) ;
- қауіптілік көзінің орналасуы бойынша (қарастырылатын АЖ -ның ішінде/сыртында) .
Ең жиі және ең қауіптісі штаттағы пайдаланушылардың, операторлардың, жүйелік администраторлардың және ақпараттық жүйелерге қызмет көрсетушілердің ойластырылмаған қателері.
Кейде мұндай қателер нағыз қатерлікті тудырады (дұрыс енгізілмеген деректер немесе бағдарламадағы қателер), кейде олар қасақана жасаушылар пайдаланып кететін әлсіз жерлерді жасайды (әдетте әкімшілік етудің қателері осындай) . Кейбір деректер бойынша - 65% дейін шығындар - ойластырылмаған қателер салдары.
Өрт және су тасқындарына қарағанда, сауатсыздық пен ұқыпсыздық одан көп бәлеге ұшыратады.
Сондықтан ойластырылмаған қателермен күресудің ең тиімді әдісі -- максимальды автоматтау және қатаң бақылау.
Қатерлік мақсатталған АЖ компоненттері бойынша жіктемелер:
- пайдаланушылардың қабыл алмауы;
- ақпараттық жүйенің ішкі қабыл алмауы;
- қолдаушы инфрақұрылымның қабыл алмауы.
Қолдаушы инфрақұрылымдарға электрлік-, су- және жылумен жабдықтау, кондиционерлер, коммуникация құралдары, әрине, қызметкөрсетуші құрамы жүйелерін жатқызуға болады.
Әдетте пайдаланушыларға қатысты келесі қауіптіліктер қарастырылады:
- ақпараттық жүйемен жұмыс істеуді қаламау (көбінесе бұл жаңа мүмкіндіктерді меңгеру қажеттілігінен, пайдаланушылар сұраныстары мен нақты мүмкіндіктер айырмашылықтарынан және техникалық сипаттамалардан туындайды) ;
- сәйкес дайындықтың жоқтығынан жүйемен жұмыс істеу мүмкінсіздігі (жалпы компьютерлік сауаттылықтың жетілмеуі, диагностикалық хабарларды түсіне алмау, құжаттармен жұмыс істеуді білмеу және т. б. ) ;
- техникалық қолдаудың жоқтығынан жүйемен жұмыс істеу мүмкінсіздігі (құжаттардың толық еместігінен, ақпараттық анықтамалардың кемшілігінен және т. б. )
Ішкі қабыл алмаудың негізгі көздері болып табылады:
- тағайындалған пайдалану ережелерінен шегіну (кездейсоқ немесе қасақана) ;
- пайдаланушылардың немесе қызмет көрсетушілердің кездейсоқ немесе қасақана әрекеттері салдарынан пайдаланудың штаттағы іс-тәртібінен жүйенің шығуы (сұраныстардың есептелген санынан жоғары болуы, өңделетін ақпараттардың шектен тыс көлемі және т. б. ) ;
- жүйені қайта конфигурациялау кезіндегі қателіктер;
- бағдарламалық және аппараттық қамтамасызданудың қабылданбауы;
- деректердің бұзылуы;
- аппаратураның қиратылуы немесе бұзылуы.
Қолдаушы инфрақұрылымдарға қатысты келесі қауіптіліктерді қарастыруға болады:
- байланыс жүйелерінің жұмысын бұзу (кездейсоқ немесе қасақана) электрлік қуат көзі, су- және/немесе жылумен жабдықтау, кондиционерлеу;
- ғимаратты қирату немесе бұзу;
- қызмет көрсетуші персоналдың және/немесе пайдаланушылардың өз міндеттерін орындау мүмкінсіздігі немесе қаламауы (азаматтық тәртіпсіздігі, транспорттағы авариялар, террорлық актілер немесе қауіптіліктер және т. б. ) .
"Өкпелеген" деп аталатын - қазіргі және бұрынғы қызметкерлер өте қауіпті. Әдетте олар "жәбірлеген" ұйымдарға зиян келтіруге тырысады, мысалы:
- жабдықтарды бүлдіру;
- уақыт өтісімен бағдарламаны және/немесе деректерді бұзатын логикалық бомбаны ішіне салу;
- деректерді жою.
Өкпелеген қызметкерлер, тіпті бұрынғылары да, ұйымның тәртіптерімен таныс болғандықтан, талай зиян келтіруге қабілетті. Қызметкер жұмыстан кеткенде оның ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтығы (логикалық және физикалық) жойылғанын қадағалау керек. Стихиялық апаттар және жағдайлар, әрине қауіпті - өрттер, су тасқындары жер сілкінулер, дауылдар. Статистика бойынша от, су және соған ұқсас "қаскүнемдердің" (олардың ішіндегі ең қатерлісі - электрқуаткөзінің кідірісі) ақпараттық жүйелерге түсіретін шығындары шамамен 13% құрайды.
ІІ Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері
2. 1. Халықаралық тәжірибеде ақпараттық ортаның құқықтық реттелуі
Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің әмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz