Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуына талдау жасау



КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметтін реформалау

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алатын орны мен рөлін бағалау
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қазіргі жағдайын талдау

3 Қазақстан Республикасының банк жүйесін жетілдіру 29

Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі

.

Орындаған:УА-14ск тобының

Оқушысы Абишева Г.

Тексерген:

Қарағанды 2011ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы 5
1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметтін реформалау 14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ 17
2.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алатын орны мен
рөлін бағалау 17
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қазіргі
жағдайын талдау 21

3 Қазақстан Республикасының банк жүйесін жетілдіру 29

Қорытынды 36

Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

КІРІСПЕ

Банктік жүйе ( нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және
айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы
тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер,
ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды
қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді,
қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.
Банк ісінің пайда болуы және дамуы капиталмен байланысты. Капиталдың
басты формасы, проценттер әкелетін ( ссудалық (қарыз капиталы). Жеке
меншіктің пайда болуымен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен қоғамның
меншіктік теңсіздігі күшейді. Ауқатты топтардың өкілдері кедейлерге қарызға
ақша беру мүмкіндігін алды. Банк ісінің пайда болуы өсімқорлық капиталдың
дамуымен өте тығыз байланысты.
Египетте банктік операциялар б.э.д. 2700 жылдары жүргізілген.
Б.э.д. VIII ғасырда Вавилон банкісі белгілі болған. Ежелгі Римде және
Грецияда банктік қызмет балған. Ал қазіргі түсініктегі бірінші банк 1407
жылы Генуяда пайда болған.
Өнеркәсіпте тауар-ақша айналысының дамуы ақша-сауда және банктік
капиталдың құрылуына алып келді. Ақша-сауда капиталы, процент әкелетін
капиталдың алғышарты болады. Ақшамен сауда жасау, әрине, банктердің жалғыз
функциясы болып қалмайды [1,б.60].
Сонымен бірге банктердің пайда болуы экономиканың қолма-қол ақша
артылып бара жатқан секторларының қаражаттарын жұмылдырып, қолма-қол ақша
жетіспеушілігі бар секторларға жіберілуіне мүмкіндік береді.
Банктік несиелік опирациялардың негізі салымдар, немесе депозиттер,
болып табылады, және де есеп айырысудағы делдалдықта. Сонымен бірге,
несиелік операциялардың негізін банктің өзінің капиталы құрайды.
Капитализімнің монополиялық кезеңінде банктік және өнеркәсіптік
капиалдың араласуының нәтижесінде банктер күшейді. Бұл кезеңде банктердің
негізгі клиенттері ірі өнеркәсіптік компаниялар болды.
Банктердің несиелік опирацияларының кеңеюі салымдардың өсуіне, ақша
айналысының дамуына , жарғы копиталдың мөлшерінің өсуіне себеп болды. Мұның
барлығы банктік сферада меншіктің акционерлік формасының пайда болуына алып
келеді [ 1б,70].
Қазіргі кездегі банктік жүйелердің күрделі және көпбөлімді құрылымы
бар. Егер классификацияның негізіне мекемелердің өзінің клиенттеріне
көрсететін қызметтердің сипатын қойсақ онда банк несие жүйесінің үш маңызды
бөлігін бөліп көрсетуге болады, олар:
-орталық (эмиссиондық) банк;
-коммерциялық банктер;
-арнайы қаржылық мекемелер.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының банк жүйесін
зерттеп оған баға беру.
Айтылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қарастырылды:
-Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуын қарастыру;
-Қазақстанда банк жүйесінің қызметтін реформалауды қарастыру;
-Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алатын орны
мен рөлін бағалау;
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қазіргі
жағдайын талдау;
– Қазақстан Республикасының банк жүйесін жетілдіру жолдарын
көрсету.
Курстық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізі болып Қазақстан
Республикасының нормативті-құқықтық актілері, ҚР ҰБ-нің тәлімдемелік
материалдары, отандық ғалымдар мен несиелеу облысындағы мамандардың
еңбектері, статистикалық және қаржы-экономикалық басылымдардың
жариялымдары, мерзімді баспа мәліметтері мен Интернет ресурстары табылды.

1қазақстан республикасының Банк жүйесінің қалыптасуының теориялық
негіздері

1.1Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Қазақстан тереториясында орта ғасырларда (VI-X ғғ.) сауданың
дамуымен бірге ақша және сәйкесінше ақшалай қатынастар. Сауда көбінесе,
XVIII ғасырда негізгі қаланған шекаралық қорғандардағы айырбас аулаларында
жүрді. Сауда ақша нысанында тез өсе бастады, сауда жәрмеңкелері дами
бастады. Жәрмеңкелерде өз кезегінде экономикалық дамуға және тауар ақша
қатынастарының кеңеюіне оң ықпалын тигізді. Сауданың даму нәтижесінде,
әрине, саудагерлер байи бастады. Олар өздерінің қолына үлкен мөлшерде ақша
қаражаттарын шоғырландырып, өсімқоршыларға айналды. XIX ғасырдың басынан
Қазақстанға шетелдік және рессейлік банктік капитал енеді, бұл капитал
аймақтың негізгі қаржылық рсурстарын монополизациялайды. 1889 ж. Рессей
үкіметі Омск қаласында Семей, Ақмола және Жетісу облыстарында қаржылық
істерді басқару үшін қазынашылық палатасын ұйымдастырады. Палатаның міндеті
мынада болады: сауданы бақылау, қазынашылықтардың басқару, мемлелеттік
табыстар бойынша жалпы есеп жүргізу. Қазақстанға банктік копиталдың өне
бастауы және оның териториясында несиелік жүйесінің құрылуы XIX ғасырдың
аяғында басталды. Осы уақыттан бастап несиенің жаңа нысандары пайда бола
бастады. Қазақстанның несиелік жүйесі, Рессей империясының несиелік
жүйесінің бір бөлігі ретінде, мемлекеттік банктің бөлімшелерінен,
акционерлік коммерциялық банктерден, несиелік кооперциялардан және де басқа
да майда несие мекемелерінен құрылды.
Рессей Мемлекетік банктің құрылуымен Қазақстан тереториясында оның
мекемелері пайда бола бастады. Ресей Мемлекетік банкінің бірінші
бөлімшелері Уральскта (1876 ж.), Петропавловскте (1886 ж.), Семейде
(1887.), Верныйда (1911.) ашыла бастады. Ресей Мемлекеттік банкінің
мекемелерінің ашылуынан кейін Қазақстан тереториясында коммерциялық банктер
пайда болды [1,б.78].
1917 жылғы революциядан кейін Қазақстандағы барлық қаржылық
шараларының қаржылық органдарымен жүргізілетін қаржылық саясаттың
принцептерімен сәйкес жүргізіледі. Кеңес үкіметінің бірінші жылдары бұрыңғы
жүйемен несиелеу ережелері қала берді. 1919 жылдың бірінші жартысында бір-
бірімен байланыспаған мекемелердің 2 түрі пайда болды: қаржылық бөлімдер
(губерниялық, уездік және қалалық) және Халық банкінің мекемелері Халық
банкіна бағынышты. Жергілікті қаржылық органдарын ұйымдастыру жұмыстары
Азамат соғысының және әскери интервенция кесірінен созылып кетті. Несие
ісін реттеу жұмыстары жеке банктерді национализациялау негізінде
жүргізілді. 1920 жылы Халық банкі жойылып оның функциялары Халықтық
қаржылық коммисариатының бюджетік-есептік басқармасына ерілді. 1921 жылдың
қазан айында Мемлекетік банкті құру туралы шешім қабылданды. 1922-1925
жылдары бүкіл елде, Қазақстанда соның ішінде, шаруашылықтың бөлек
салаларыны қызмет көрсететін коммерциялық және басқа банктерді ұйымдастыру
процессі жүріп жатты. Одақ үкіметінің 1930 жылғы 30-ші қаңтарындағы үкімі
бойынша елде несиелік реформа жүрді. Бұл реұорма коммерциялық несиелеуден
тікелей банктік несиелеуге көшуді жүзеге асырды. Несиелік жүйені қайта құру
1932 жылғы 5-ші мамырдағы үкіметтің “Банктердің күрделі салымдарды
қаржыландыруы және ұзақ мерзімді несиелеуі туралы” үкімімен аяқталуы.
Ұлы Отан Соғысы Қазақстанның экономикасының алдында келесі негізгі
міндеттерді қойды: Ұлттық шаруашылықты әскери етіп қайта құру, әскери
өнімді көбейту, армияны қарумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Соғыс өтуімен Қазақстандағы Мемлкеттік Банктің мекемерелі ақшаның
айналысқа түсуі және алынуы ережелерін қатаң сақтады. Банктердің кассасына
қолма-қол ақшаларды түсіру және олармен бүкіл халық шаруашылығын қамтамасыз
етуіне байланысты үлкен жұмыс жүргізілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның банктік жүйесі өзінің қызметін
белсенді белсенді жүргізуге шақырылды, экономиканың дамуы және қайта
жандануына тиімді ықпалын тигізуі қажет болды 70-ші жылдары халық
шаруашылығында экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді. Оларды өту үшін
өндірісті дамыту және салалық банктік мекемелер арқылы тиімді басқару
тетіктерін құру көзделді. Банк ісі үш ірі несие институттарымен көрінді:
Мемлекеттік банкі,Құрылыс банкісі, Сырты сауда банкісі. Бірақ қабылданған
шаралар қалаған нәтижелерге алып келген жоқ [1,б.85].
Ұлттық Банкпен “ҚРҰБ туралы ” және “ҚР банктер және банк қызметі
туралы” заңдардың жобаларын өңдеп жасалып шығарылды. Бұл заң жобалары
Республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1993 жыдың сәуір айында қаралып
қабылданған. Оларды ҰБ-мен коммерциялық банктерге бекітілетін экономткалық
нормативтер шеңбері кеңейтілген, ҰБ-тің лицензия берудегі және алудағы
құқықтары кеңеитілген және нақтылынған. Яғни ұлттық валютаны енгізу сәтіне
– Қазақстанда банктік сфераны реформалау бойынша көп жұмыс атқарылған: екі
деңгейлі банктік жүйе жұмыс істеп тұрды, барлық арнайы банктер акционерлі
банктер болып қайта құрылды.
Теңгенің ену сәтінен бастап ҚҰБ ақша-несиелік сфераның қызмет етуіне
және реттеу және механизмдерін берік қылумен банктік қызметті қадағалауға
толық жауапты болды. Бұдан кейін банктік жүйенің дамуы түпкілікті жаңа
этапқа көшті.
1993 жылғы банктік жүйесінің жағдайы.
1993 жылдың басында республикада 204 ком. Банк тіркелген – бұл
банктердің 1023 филиалы болған. Сонымен қатар жинақ банкінің 4 мыңнан
астам агентстволары болды.
1993 жылы банк жүйесінің әрі қарай дамуы банктердің салалық сомманың
өсуімен де және олардың капиталының өсіруімен байланысты болды. Оған
көбінсе коммерциялық банктердің жарғылық қорының минимальді мөлшерінің
өзгеруімен байланысты шаралар өз ықпалын тигізді. 1992 жылдың аяғында
коммерциялық банктердің жарғылық қорлары келесі көлемде белгіленеді:
[2,б.65].
- мемлекеттік банктер үшін. 10
млн. теңге
-бірлескен және шетелдік банктер үшін 1 млн. доллар
АҚШ
- валютаның операцияларды жүргізуге
-лицензиясы бар банктер үшін

1993 жылы комерциялық банктердің жарғылық қорларының жалпы соммасы
68 млн. теңгеден 527 млн. теңгеге өсті (7 есе). Жарғылық қорлардың өсуімен
бірге коммерциялық банктердің жеке ресурстарыда өсті, 25,4 млрд. теңгеге
(8,9 есе).
1993 жылы кейбір банктердің қызметін тоқтату процесі басталды – 15
коммерциялық банк жойылды. Бұл ең бірінші кезекте, ҰБ-тің олардың жұмысына
қадағалауы және бақылауының күшеюімен байланысты болды.
1993 жылдың сәуірінде Республиканың Жоғары Кеңесімен “ҚРҰБ туралы”
Заңды қабылдады. Бұл заңға сәйкес басқарудың 2 деңгейі құрылды. Бірінші
деңгейі – ҰБ-тің басқармасы. Екінші деңгейі – яғни оперативтік міндеттерді
орындау, директоратқа жүктелді. Директораттық – Төрағаның бірінші
орынбасарымен басқарылатын барлық департаменттердің директорларынан тұрды.
Сонымен бірге, Заңға сәйкес ҰБ неізгі міндеті – ҚР-сының ұлттық
валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығы болды. Бұл міндетін орындау үшін
ҰБ өзінің жұмысында ақша-несиелік реттеудің әртүрлі құралдарын қолданды,
жекеше тоқталсақ, міндетті резервтерді және несиелер көлемін өзгерту арқылы
ақша массасының құрылымы мен көлемін реттеу, бағалы қағаздар және шетел
валютасымен операцияларды жүргізу, проценттік ставкаларды реттеу.
ҰБ-нің бақылау және қадағалау функцияларының негізгі мақсаты
комерциялық банктердің кредиторлары және салымшыларының құқықтарын қорғау
болып табылады. Қадағалау функциясын күшейту мақсатында ҰБ-нің құрылымында
арнайы бөлім құрылды, ол бөлім – банктік қадағалаудың департаменті,
облыстарда өзінің бөлімшелері бар. Депортамент республиканың бақылаушы
органдарын тексеру жүргізгендерінде өзінің қызметінің үйлестірілуін жүзеге
асырады.
Республикадағы банкаралық есеп айырысулары тездету мақсатында 268
ЕКО-тар құрылды. Олар 1994 жылдың 1 қаңтарында барлық коммерциялық банктер
мен олардың филиалдарына қызмет ете бастады.
1995 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдаймен ҚР-сының территориясында 184
банк және 1042 филиал, 8 мелекеттік емес ломбарт жұмыс істейді. Қазақстан,
Қырғыстан және Өзбекстан арасындағы үкімет аралық келісімдерге байланысты
Ынтымақтастық және даму Орта-Азия банкісі құрылды. Сонымен бірге 2 Рессей
еншілес банкілері, Голландия АБН-Амро банкісінің еншілес банкісі, Сауд
Аравиясымен Қазақстанның біріккен банкісі құрылды. [3,б.123]
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы негізінде үш
мемлекеттік банк ашылды: “Жилистройбанк”, “Эксимбанк” және Қазақстан даму
банкісі; Арал регионының проблемаларын шешу үшін “Арал Экобанк”ашылды,
украиндық “Приватбанктің” өкілеттілігі ашылды.
1994 жылы жұмыс істеп тұрған банктердің ішінде 31 банктің (17%) 50-
ден 200 млн. теігеге дейін жарғылық қоры болды. Ал жарғылық қоры 1 млн.
теңгеден аз емес, сол кездегі банктердің жалпы санының 60%-де болған.
1994 жылы ҰБ-те банктік қадағалауды жүзеге асыру үшін негіздерді
құру процессі жалғастырылынды. Ортақлық аппараттың банктік қадағалау штаты
өсті және ұйымдастырушылық құрылымы жұмыстың талаптарына және әлемдік
тәжірибеге сай сәйкестендірінді.
Пруденциалдық реттеудің нормативтік базасын құру бойынша үлкен жұмыс
жүргізілді. Банктердің жұмысын реттейтін экономикалық нормативтер, Банктік
қадағалау бойынша Базельдік комитеттің және басқа халықаралық қаржылық
ұйымдардың ұсыныстарына кезең-кезең бойынша сәйкестендірілді. Банктердің
қаржылық тұрақтылықты, ақша-несие жүйесінің тұрақтылықты және
депозиторлардың мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен банктердің
миинмальды жарғылық капиталына талаптар жоғарыланды.
1994 жылы сәуірде экономикалық нормативтер бекітілді, оларға –
жарғылық қордың минимальді мөлшері, тәуекелді активтерге қатынасы бойынша
банктердің капиталына жеткіліктік коэффиценті, өтімділік коэффициенті, бір
қарыз алушыға шаққандағы тәуекелділіктің максималады мөлшері минималады
резерфтік талаптар кірді.
1994 жылы ҰБ-тарда, барлық банктік жүйеде де, бухгалтерлік есеп және
есептілікке көп көңіл бөлінді. Шілде айынан бастап екінші деңгейлі
банктердің есептілігін реформалау басталды. Банктердің шоттар жоспарында
және ҰБ-тің шоттар жоспарында бухгалтерлік есептің облысындағы соңғы
халықаралық принциптер және стандарттар ескерілді. Өз кезінде есеп айырысу
проблемаларының маңызды шешімі-төлем жүцелерінің қызмет етуінің сапалы жаңа
деңгейін құру болды. Бұл бағытта ҰБ-пен төлем жүйесін модернизациялау
саясатын жүргізді. Осы мақсатпен Ұлттық төлем Кеңесі құрылды, оның негізгі
міндеті – төлем жүйесінің құру облысында банктердің қызметін үйлестіру
болып табылады. Кеңестің құрамына ҚР-сының қаржы министрлігінің, ҰБ-тің
және 9 ірі комерциялық банктердің өкілдері кірді. Төлем жүйесін құрудың
әсерлі механизмі құрылған, оының жұмысының негізгі принциптері Қаржы
министрлігінің, ҰБ-тің және комерциялық банктердің үйлесімде шешімдерді
қабылдау болып табылды.
ҰБ-тің екінші деңгейдегі банктердің өтімділігінің және
капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюуі нәтижесінде банктердің
жалпы саны 1995 жылы 191-ден 130-ға қысыарды, филиалдары бар банктер 48-ден
36-ға қысқарды [8,б.69].
Банктердің жалпы санының қысқаруы орта және кіші банктердің
есебінен болды, ал сол уақытта бірнеше ірі банктер жағдайы жақсарта алды.
Шетел банктерінің саны бұрынғыдай қалды (6), ал біріккен банктердің
саны 6-дан 7-ге өзгерді. 1995 жылдың соңына республикада шетел банктерінің
7 өкілеттілігі ашылды: Дойче Банк АГ, Дрезднер-банк АГ, Венгерский банк
сыртқы сауда үшін, “Приват” коммерциялық банкі, Сити-Банк, Сосьете
Женераль, Коммерцбанк АГ.
1995 жылы Агропромбанкті санация жүзеге асты, Халық жинақ банкісінде
мемлекеттік меншік формасы қалпына келтірілген. Реабилитациялық банк
құрылып өзінің жұмысын жүзеге бастаған. Функциялардың қайталануын жоюі
мақсатымен ҚР үкіметінің шешімімен Эксимбанкпен Қазақстан даму банкісін
қосу жүргізілді.
1995 жылдың 16 қарашасында бекітілген “Ломбардтар туралы жағдайға”
сәкес Қазақстан териториясында жылдың соңында 27 ломбард жұмыс істеді.
1995 жылдың 15 сәуірінен бастап банктердің жарғылық қоры 500 мың АҚШ
доллары болуға тиісті болды. Ал шетел валютасымен операцияларды жүргізуге
лицензия алу үшін лицензияларына ие болу үшін минималды жарғылық қоры 1,5
млн. АҚШ долларын құрауы керек болды.
ҚР Президентінің жарлығымен 1995 жылдың 15 ақпанында Қазақстанда
банктік жүйенің реформалау Бағдарламасы бекітілді. Реформаның басты мақсаты
ақшалай ресурстардың қайта реттелінуінің орталықтандылығын максималды
қысқарту болды. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде ақша-несиелік реттеудің
құралдары және әдістерінің дамуы жүрді, банктерді қайта қаржыландыру
механизмі үлкен өзгерістерге ұшырады.
1995 жылдың ақпанынан бастап директивті несие беру тоқтатылды. 1995
жылы ҰБ-тің Басқармасымен 45 банктен бекітілген банктік заңдылық
нормаларын бұзғаны үшін банктік операцияларды жүргізуге лицензиялар
жойылды, банкті ашуға рұқсаттары қайта шақыралды. Жойылу процессі үстінде
62 банк болды, бұл процес 7 банкте аяқталған еді.
1995 жылдың қаңтарында “Ұлттық Төлем Кеңесінің құру және ҚР-сының
Ұлттық төлем жүесін құру облысындағы ынтымақтастық туралы” келісім жасалды.
Ұттық Тлем Кеңесін ҰБ-тің және ірі екінші деңгейі банктерінің өкілдерінен
құралды. 1995 ж. Алматы клиринктік палатасы ұйымдастырылды. Ол халықаралық
стандарттарға толық жауап берді.
ҰБ-тің екінші деңгейі банктерінің өтімділігінің және
капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюі банктердің қосылу және
жойылу процессін тездетті. 1996 жылдың аяғында ҚР-сында 101 екінші деңгейлі
банкілері тіркелген, соның ішінде: мемлекетаралық – 1; мемлекеттік – 5;
шетел қатысуымен – 8.
1996 жылдың ақпанында ҰБ-тің есепайырысу-кассалық орталықтарының
функциялары жаңа құрылған Мемлекеттік кәсіпорынға жүктелді – Республикалық
бюджеттік банкке. Сонымен бірге, 1997 жылдың 1 қаңтарында республикада
мынадай банктік емес қаржылық мекемелер жұмыс істеді: 36 ломбарт, 1
зейнетақы қоры, 1277 айырбас пункттері банктермен өкілеттіктері және 1147
заңды тұлғалардың айырбас пункттері. 10 шетел банктерінің өкілеттіктері
тіркелген, соның ішінде – Пакистан ҰБ-сінің өкілеттігі және Credit
Commerciale France.
Екінші деңгей банктерінің тіркелген жарғылық қорының жалпы соммасы
19646 млн. теңгені құрады, нақты төленгені 17740 млн. теңге болды. ҚР-сының
екінші деңгейі жиынтық меншілік капитал 1996 жылдың аяңында 13533 млн.
теңгені құрады. Меншік капиталының жеткіліктік коэффициенті (КІ) – 0,048
құрады, ал минималдыталап 0,04, бұл капиталдың адекваттылығын көрсетеді
[8,б.136].
Жалпы, банктік жүйенің 1996 жылғы дамуы оның себебі ҰБ-тің екінші
деңгей банктеріне талаптарды жоғарлату болды. ҰБ-пен бұл мәселелерді шешу
екінші деңгей банктерінің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасының
құрамдас бөлігі ретінде болды. Банктер мемлекеттік бағалы қағаздармен
операцияларын белгілі дәрежеде диверсифицикициялады. Бірқатар банктер
халықаралық капиталдар жарықтарына шығу үшін әрекеттер жасай бастады, ол
үшін олар халықаралық аудиторлық тексерулерден өтіп, халықаралық
рейтингтерге қол жеткізуге бастады. Бірақ, 1996 жылғы екінші деңгей
банктерінің қызметі нәтижесінде 1468 млн. соммада олар шығынға ұшырады.
Алдыңғы жылдар шығындары 1236 млн. теңгені құрады. Банктермен резерфтік қор
қалдықтары және тұтыну қор қалдықтары есебінен 821 млн. теңге соммасында
шығын жабылды. Осыны алып тастағанда қаржылық қызмет нәтижесінде банктер
1883 млн. теңге шығынға ұшырады, бұл,әрине банктердің қызметінің негізгі
принциптеріне жауап бермейді.
1997 жылы екінші деңгейлі банктерінің жалпы саны 101-ден 82-ге
қысқарды. 82 қызмет етіп тұрған банктердің ішінде: мемлекетаралық – 1,
мемлекеттік – 5, шетел қатысуымен (еншілес банктерді қосқанда) – 22.
Банктердің санының азаюы оларды жабудың есебінен де және олардың қосылуының
есебінен де болды.
ҚР-сының Үкіметімен банктердің жарғылық қорларында мемлекттің
үлесін азайту үшін шаралар жүргізілді. 1997 жылы 3-ші қазандағы ҚР-сының
Үкіметінің “ҚР Экспорттық-импорттық мемлекеттік банкісінің түрлендірілуі
туралы”. Жарлығына сәйкес, Эксимбанк акционерлік банкке түрлендірілді. 1997
жылдың 27-ші маусымындағы ҚР-сының Үкіметінің “Қазақстанның Халық
Акционерлік Жинақ Банкісінің кезең бойынша жекешелендіру бағдарламасы
туралы”. Жарлығына сәйкес Қазақстанның Халық Акционерлік Жинақ Банкісінің
жекешелендіру бағдарламасы бекітілді (1997-2001 жылдарға).
1997 жылы 4 банк ашылды әжне 1 банк өзінің жұмысын жалғастырды. КАБ
“Туранбанк” және АБ “ӘлемБанкҚазақстан” акцияларын мәжбүрлеп сатып
алынғызылды. Олар кейін ЖАҚ “БанкТуранАлем” болып қайта құрылды. ААҚ
“Каздорбанк” болып бірікті. ААҚ “Казкредсоцбанктің” акциялары мәжбүрлі
түрде сатып алынып, ол ЖАҚ “Жилстройбанкке” қосылуы жүзеге асты.
1997 жылдың 5-ші желтоқсанынна бастап жарғылық қордың минималды
мөлшері ашылып жатқан банктер үшін – 300 млн. теңге, ла жұмыс істеп тұрған
банктер үшін – 100 млн. теңге болды.
Банктік жүйенің меншік капиталы 1997 жылдың аяғында 29,3 млрд. теңге
құрады (1996 жылдың соңына – 29,9 млрд. теңге).
Банктік жүйенің активтерінің құны 1997 жылдың аяғында 169,0 млрд.
теңгені құрады (1996 жылдың аяғына – 141,0 млрд. теңге).
Сыйақы алуменен байланысты активтер жиынтық активтердің 75%-н құрады
[12,б.179].
ҚР-сының 1997 жылғы 11-ші шілдесінен “Банктік қызмет сұрақтары
бойынша ҚР-сының кейбір заңдылық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер
енгізу туралы.” Заңымен банктердің жойылу тәртібі өзгертілді. Банктердің
дпозиттік және инвестициялыққа бөлінуі үшін жойған банктік қызметтің
түрлерін кеңейту қарастырылған. Банктерді ашуға және лицензиялауға
жоғарырақ талаптар енгізілген.
Банктің қаржылық жағдайын CAMEL жүйесімен рейтингтің бағалауы
енгізілді. Екінші деңгейлі банктеріне Ереже қабылданды. Банктердің
мемлекеттік емес жинақ зийнетақы қорларындағы және зейнетақы активтерін
басқаратын компаниялардың жарғылық қорындағы қатысулары анықталған.
Бұл жылға банктердің жиынтық қаржылық нәтижесі 7,2 млрд. теңге
көлемінде шығын болды, соның ішінде 15 банк шығынға ұшырады, 66 банк –
пайда тапты.
1998 жылы мемлекеттің 100%-тік қатысуымен банктердің саны 5-тен 1-ге
азайды. Банктік секторда консолидация процессі белсенді жағдайда болды.
1998 жылда 9 бакн ҰБ-тан қайта құрылуға рұқсат алды, екі осы жылы қосылуын
аяқтады.
Отандық қаржылық нарыққа 3-ірі әлемдік банк кірді. Олар өзінің
еншілес банктерін құрды, яғни: ЖАҚ “Банк Сосьете Женераль Қазақстан”, ЖАҚ
“СитибанкҚазақстан” және ЖАҚ “HSBC Банк Қазақстан”. Жылдың соңына 16 шетел
банкісінің өкілеттіліктері жұмыс жүргізді, 2 шетел банккілерінің
өкілеттіліктері ашылды.
Банктік сектордың копитализациясының деңгейі жоғарылады.банктік
жүйенің жиынтық меншік копиталы 1998 жылдың аяғында 47,3 млрд. теңгені
құрады. Банктердің жарғылық копиталының өсуі банктердің халықаралық
стандарттарға өту бағдарламасы есебінен өсті.
1998жылы банктік копиталдың консолидациясы, банктік сектордағы
мемлекеттік үлесті жекешендіру бойынша жүргізілген шаралар және жалпы
банктердің санының азаюы кезінде, банктердің капитализациялану деңгейінің
едәуір жоғарылауы ғана емес сонымен бірге жиынтық активтердің мөлшері
үлкейіп банктік секторға тартылған ресурыстар анағұрлым өсті.
Банктердің жиынтық активтері жылдың басына 169 млрд. теңгені құрады,
ал жылдың соңынна 195,8 млрд. теңгені құрады (жылжың ішінде 26,8 млрд.
теңгеге өсті немесе 16%-ке өсті). Банктік жүйенің міндеттемелерінің жалпы
соммасы 146,3 млрд. теңгені құрады. 1998 жылы банктердің жиынтық
міндеттемелерінің жалпы өсуге беталысы сақталды. Жылдың нәтижелері бойынша
жеке тұлғалардың депозиттерінің өсуі байқалды (28,9 млрд. теңгеден 31,6
млрд. теңгеге). Осы жылы Қзақстанның 15 ең ірі банктері халықаралық
қаржылық ұйымдары және банктердің зайымдарын игеруге қатысты жекелей айтсақ
халықаралық Европалық даму және қайта құру банктерінің, Азия даму
банккісінің және басқалардың.
1998 жылы банктердің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасын
жүзеге асыру жалғастырылды. Бағдарламада жылдың басында 60 банк қатысты,
жылдың соңына олардың саны 50-ге төмендеді.
1998 жылдың аяғында халықаралық агентіктерден несиелік рейтинг төрт
отандық банктерде болды (ААҚ ”Казкоммерцбанк”, ААҚ “ Халық Жинақ банк
Қазақстан”, ААҚ “ Банк ТуранАлем “, ААҚ “ТемірБанк”), сонымен бірге 9
еншілес банк –резиденттердің бас банктерінде болды. Бұл банктердің банктік
сектордағы жиындық активтердегі үлесі 69,7%-ті құрады
1998 жылы банктердің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша
олар 3,8 мрлд. теңге таза пайда тапты [12,б.188].
1999 жылы банктік секторды сауықтыру және консолидациялау
процесстері екінші деңгейлі анктерінің жалпы санының қысқаруына себеп
болды. Екінші деңгейлі банктерінің саны 71 ден 55 банке қысқарды.
Мемлекеттің 100%-ті қатысуы бар банк – жалғыз ЖАҚ “Эксимбанк
Қазақстан” қалды. Сонымен бірге жарғылық қорында мемлекеттің қатысуы 100%-
тен аз 2 банк жұмыс істеп тұрды (ААҚ “Халықтық Жинақ Банкі Қазақстан”, ААҚ
“Центр Кредит Банк”). Бұл банктердің банктік сектордағы жиындық
активтерінің үлесі 25,5%-тен 24%- ке қысқарды, ал жиынтық меншік
капиталдағы үлесі12,7%-тен 19,6%-ке көбейді.

Кесте 1
Халлықаралық сандарттарға өту бойынша банктердің топтары

Көрсеткіш 01.01.99 01.01.00
І топ банктері 16 11
ІІ топ банктері 34 25
Бағдарламаға кірмеген банктер 17 14
Резидент емес бас банктер “А” 4 4
категориялы – еншілес банктері
Бағдарламаны орындаған 1
банктер
Е с к е р т у - [8,б.142] әдебиеті негізінде жасалған

1999 жылы халықаралық стандартарқа өту бағдарламасының жүзеге
асырылуы жалғастырылды. Барлық жұмыс істеп тұрған банктер халықаралық
тәжірибеде қабылданған стандарттарға 2000-шы жылдың аяғына дейін жетуге
тиіс болды. Бұл талаптарға сай келмеген банктер, соңында қосылу жолымен
қайта құрылуы тиіс болды. (1-кесте)
Халықаралық рейтингтің агентіктерден несиелік рейтингтері бар
отандық банктердің саны 4-тен 7-ге өсті, ал резидент бас банктер –
рейтингтерге ие болған, еншілес банктрдің саны 9-дан 10 банкке өсті.
Сонымен қатар 01.01.00.ж. берілген 17-ті банктің банктік сектор жиынтық
активтеріндегі 77.8%-ті құрады.
Жылдың өтуімен банктік жүйенің өтімділік позициясының деңгейі
артылғандай сипатталды. 2000 жылдың нәтижелері бойынша банктермен 9.5мрлд.
тенге көлемінде жиынтық пайда табылды.

2 кесте жалпы баніктік сектор көрсеткіші

№ Жалпы банктік сектордың көрсеткіштері 1999 ж. 2000 ж.
1. Сыйақы алумен байланысты пайда 20.5 30.3
2. Сыйақы төлеумен байланысты шығын 7.0 12.2
3. Сыйақы алумен байланысты таза пайда (1-2) 13.5 18.1
4. Провизияна құруға қаржы бөлінуі 9.4 18.4
5. Негізгі банктік операциялар бойынша таза 4.1 -0.3
пайдасы (3-4)
6. Таза комиисиондық пайда 6.3 7.6
7. Қарж. (дилинигтік) операциялар бойынша таза 7.4 5.2
пайда
8. Қайта бағалау бойынша таза пайда 0.0 11.8
9. Басқада банктік операциялар бойынша таза 13.7 24.6
пайда (6+7+8)
10. Әкімшілік шығындары 14.6 21.1
11. Банктердің салықтық төлемдері 1.2 2.0
12. Таза пайда 4.2 10.0
Е с к е р т у - [8,б.156] әдебиеті негізінде жасалған

Қазіргі кезде ҚР-сында қаржылық сектордың банктік емес облысы
белсенді түрде дамып жатыр. Банктік операциялардың бөлек түрлерін
жүргізетін ұйымдар, бірте-бірте банктік жүйеде өзінің орынын ала бастады.
Олар микронесиелеудегі халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырып ғана
қоймай, сонымен бірге қызметтің арнайы түрлерін көрстті [13,б.250].
01.01.00. жылғы мекемелердің жалпы саны 88 болды (01.01.99. ж. – 63
ұйым болды). Олардың 25-сі мемлекеттің қатысуымен.
Негізгі қызметі түріне байланысты былай бөлінеді:
- Банктік қызмет олар үшін ерекше қызметтің түрі болатын 41 ұйым,
соның ішінде 36 ломбард, 5 несиелік серіктестік;
-Банктік қызмет олар үшін ерекше қызметтің түрі болмайтын 47 ұйым,
соның ішінде Қаржы Министірлігінің қазынашылық Комитеті және оның 16
аймақтық басқармасы, нашар қамтамасыз етілген азаматтарға көмек көрсететін
Жалпыұлттық қор және оның 16 аймақтық басқармасы, 1 ААҚ “Казпочта”, 5 басқа
да қорлар, 7 басқа да ұйымдар.
Ұйымдардың жиынтық меншік капиталы 6.3 млрд. теңгені құрады. Ол 1999
жылы 5.1 млрд. теңгеге көбейді (5,4 есе).
Банктік жүйесінің қазіргі кездегі жағдайы және структурасы
2001 жылдың 1-қаңтарында ҚР-сында 47 банк, 417 филиалдарымен бар
(55-тен 47 банкке азайды). 7 банк қсылу есебінен қысқарды. Оларға жекеше
тоқталсақ ;
ААҚ “Семипалатинский МАБ” ААҚ “Иртышбизнесбанкпен” қосылу жолымен
қайта құрылды.
ААҚ “Латур Альянс Банк” ААҚ “Көмірбанкпен” қосылу жолмен қайта
құрылды.
ААҚ “Ақмола-Банк” ААҚ “Валют-транзит банкпен” қосылу жолмен қайта
құрылды.
ААҚ “ЗапКаз Банк”, ААҚ “Актан”, ААҚ Банк “Рика” қосылу жолымен ШАҚ
“Жаңағасыр” банк болып қайта құрылды.
Ал “Абдибанк” АТАҚ пруденциалдық ормативтерді орындалмағаны үшін
лицензиясы қайтарылыны алынды.
Банктік жүйенің жиынтық меншік кпиталы 1.07.00-ге 77,362 млрд.
теңгені құрады, ал жиынтық активтері 390,667 млрд. теңгені құрады.
Ал банктік емес қаржы ұйымдарына көз жүгіртсек: Банктік операциялар-
дың жеке түрлерін жүргізетін ұйымдар – 5, Кредиттік серіктестіктер – 8,
Ломбардтар – 42 болды.

1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметтін реформалау

Банктердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, оларды
дерозиторларының мүдделерін қорғау,сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-
несие тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк банктерді реттеуді,
сонның ішінде:
-резервтік талаптар нормаларын, күмәнді және үмітсіз активтерге
қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық нармативтер және банкте сақтауға
міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеу;
-банктерді орындауға міндетті нұсқаулықтармен басқада нармативтік
актілерді жариялау;
-банктердің қызметін испекциялау (тексеру);
-банктердің қаржы жағдайын сауықтыру жөнінде ұсыныстар беру;
-банктерге ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану;
-банктерге санкциялар салу арқылы реттеуді жүзеге асырады.
Пруденциялдық нормативтер және сақталуға міндетті өзгеде нормалар
мен лимиттер.
1.Банктер міндетті түрде сақтау үшін Ұлттық Банк белгілейтін
пруденциалдық нармативтердің құрамына:
-банктің жарғылық қорының ең төменгі мөлшері;
-өз қаражаты жеткіліктілігінің коэффиценті;
-бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері;
-өтімділік коэффиценті;
-ашық вольюталық позиция лимиттері енеді.
Ұлттық Банк халық аралық банк тәжірибесінде пайдаланылатын қосымша
пруденциялдық нармативтер белгілеуге құқылы. Ұлттқ Банк пруденцилдық
нармативтерді бұзғаны үшін банктердің жауапкершілігін белгілейді [12,б.98].
Пруденциялдық нармативтердің нормативтік маңызы мен есептеу
әдістемелерін, ашық вольюталақ позицияларды есептеу тәртібі мен олаодың
еңбектекрін, резервтік талаптардың нормаларын, оарды сақтау әдісі мен
есептеу әдістемесін, тиісті есеп беру нысандарымен оның табыс ету
мерзімдерін Ұлттық Банк белгілейді.
Резервтік қорлар мен күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы
провизиялар:
1)Банк қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындардың орынын жабу
мақсатында банктер резервтік қорлар құруға мінддеті. Резервтік қорлар
дивидентер төлегенге дейін бактердің пайдасы есебінен құралады. Банктің
резервтік қорының ең төменгі мөлшерін Ұлттық Банк белгілейді.
2)Жүргізіліп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз
қызметін бақылаудың тиісті деңгейін және оның сенімділігін қамтамасыз ету
мақсаттында банктер күмәнді және үмітсіз қарыздарды бөле отырып және
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық Банк белгілейтін тәртіпен
шарттар бойынша оларға қарсы провизия жасай отырып, берілген несиелермен
басқада активтерді сыныптауды жүзеге асыруға міндетті.
Банктердің қызметін инспекциялау (тексеру).
1)Банктердің қызметін инспекциялауды Ұлттық Банк дербес басқа
ұйымдарды қарастыра отырып жүргізеді.
2)Ұлттық Банктің тексеру жөніндегі тапсырмасыда көрсетілген
мәселелер боынша банктер инспекциялаушы органға көрсетілген мәселелер
бойынша банктер инспекциялаушы органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез-
келген лауазымды адамдармен қызметкерлерге сауыл-сұрақ қою мүмкіндігін және
тексеруді орындау үшін қажетті кез-келген ақпарат көздерін алуды қамтамасыз
етуге міндетті.
3)Ұлттық Банктің қызметкерлеріне банктердің қызметін инспекциялау
барысында алынған мәлеметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге
тыйым слынады.
4)Инсекциялауды жүзеге асырушы тұлғалар банктерлің қызметін тексеру
барысында алынған және банктік не коммерциялық құпия болып табылатын
мәліметтерді жария еткені үшін жауап береді.
Банктің қаржы жағдайы нашарлаған реттерде Ұлттық Банк оның
акционерлі алдына қаржылық сауытыру, басшылықты ауыстыру қажеттігі туралы
немесе:
-депозиттер қабылдауды шектеу туралы;
-жарғылық қорды ұлғайту туралы;
-дивиденттер төлеуді тоқтатып, провизияларды ұлғайту туралы;
-жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді жабу ақылы, сондай-ақ
қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды
азайту туралы;
-банктің кез-келген лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін мүлде
немесе уақытша қызметін шеттеу туралы;
-тәуекел деңгейі жоғары банк операцияларының кейбір түрлерін тоқтата
тұру немесе шектку туралы ұсыныстар беруде қоса банкті қайта құру
қажеттілігі жөнінде мәселе қоюға құқылы;
Ықпал етудің шектеулі шаралары мынадай:
1)Ұлттық Банктің пруденциал нормаивтерінің және сақталуға міндетті
басқада нормалары мен лимиттерінің бұзылғанын, нұсқаулықтары мен басқа да
нормативтік актілерінің бұзылғанын Ұлттық Банк анықтаған, банктің лауазымды
адамдарымен қызметкерлерінің оның қаржылық қауіпсіздігі мен тұрақтылығына,
сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттері мен корресонденттерінің
мүдделеріне қауіп төндіретіндей заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі
анықталған реттерде Ұлттық Банкбанкке мынадай ықпал ету шараларының бірін
қолдануға:
а) міндеттеме-хат талап етуге;
б) банкпен жазбаша келісін жасауға;
в) ескерту жасауға;
г) атқарылуға міндетті жазбаша нұсқама беруге құқылы.
2) Банктің міндеттеме-хатында орын алып отырған кемшіліктерді
мойындау фактісі және банк басшылығының жоспарланған шаралар тізбегін
көрсете отырып, оларды қатаң белгіленген мерзімде жоятындығы туралы
кепілдемесі болуға тиіс.
3) Жазбаша келісім – бұл анықталған кемшіліктерді дереу жою
қажеттігі туралы және осыған байланысты шараларды бекіту туралы банк пен
Ұлтық Банк арасындағы келісім.

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуына талдау жасау

2.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алатын
орны мен рөлін бағалау

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк)
Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан
Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше
құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге
банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық
банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және
өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін
білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын
басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ
өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде
тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен
үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп
отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит
саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға
жәрдемдеседі [16].
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған
құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару
органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру
үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
-мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс
істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi
функцияларды орындайды:
– Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын
жүргiзедi;
– Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың
эмиссиясын жүзеге асырады;
– банктердiң банкі функциясын жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа
да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің
агенті функцияларын жүзеге асырады;
– төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
– Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық
бақылауды жүзеге асырады;
– Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерiн басқарады;
– қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ
олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін
реттеуді және т.б. жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды
жүзеге асырады.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
12 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 9 дербес
басқармадан тұратын орталық аппарат·
16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық
операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін
қамтамасыз ету орталығы
Ұлттық Банктің 2 өкілдігі:
Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
Ұлттық Банктің Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Біріккен
Корольдігіндегі өкілдігі
4 есеп беретін ұйым:
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп
айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік
кәсіпорны
–Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы
шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
–Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы
шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
–Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы
шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2009 жылы Ұлттық Банк банктерге қайта қаржыландыру заемдарын беру,
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын жəне резервтік ең төменгі талаптардың
нормативтерін төмендету бөлігінде ақша-кредит саясатын жүргізуді
жалғастырды [17].
2009 жылдан бастап Ұлттық Банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын
бірте-бірте 10,5%-дан 7,0%-ға дейін төмендетті. Ставканың соңғы төмендеуі
2009 жылғы 4 қыркүйектен бастап 7,5%-дан 7,0%-ға дейін болды.
2009 жылғы наурызда банктерге ең төменгі резервтік талаптар ішкі
міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін жəне өзге міндеттемелер бойынша
3%-дан 2,5%-ға дейін төмендеді. 2008 жылдың ортасынан бастап ЕРТ
нормативтерінің ішкі міндеттемелер бойынша 6% жəне өзге міндеттемелер
бойынша 8% бірте-бірте жəне бірнеше рет төмендегенін ескере отырып жалпы
сомасы 540 млрд. теңгеге өтімділік босатылды. Бұдан басқа, 2009 жылдың 30
қарашасынан бастап борышты қайта құрылымдау үрдісінде тұрған екінші
деңгейдегі банктер үшін ЕРТ-ның жеке нормативтері белгіленген болатын.
2009 жылы Ұлттық Банк кері РЕПО операциялары жəне 2009 жылғы қаңтар-
ақпанда СВОП операциялары арқылы банктерге қайта қаржыландыру заемдарын
берді. 2009 жылы кері РЕПО операцияларының жалпы көлемі 5,9 трлн. теңге,
СВОП операциялары – 1,4 трлн. теңге болды. Сонымен қатар 2009 жылдың
наурызында Ұлттық Банк валюталық СВОП жəне банктердің Ұлттық Банктегі
корреспонденттік есепшоттарындағы ақша қалдықтарының кепілдігімен СВОП
операцияларын жүргізуді тоқтатқанын атап өтуге тиіспіз. Бұдан басқа, кері
РЕПО операцияларын жүргізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Қазақстанның банктік жүйесі
Банктер жүйесі жайында
Коммерциялық банктердің қызметі саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі
Банктік қызметтің мәні
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
Банк жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы
Банк филиалдары мен өкілдіктері
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
Пәндер