Мемлекет және құқықтың пайда болуы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Информатика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекет және құқықтың пайда болуы

Орындаған:

Қабылдаған:

Астана, 2008 жыл

Мазмұны

І БӨЛІМ. КІРІСПЕ

Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы . . . 3

ІІ БӨЛІМ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Құқықтың түсінігі және мазмұны . . . 5

2. 2. Құқық туралы негізгі теориялар . . . 9

2. 3. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар . . . 12

2. 4. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары . . . 15

ІІІ БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан мемлекетін нығайту - тұрақтылық пен прогрестің басты факторы . . 19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 21

І БӨЛІМ. КІРІСПЕ

Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы

Алғашқы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, процестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінеді:

  1. Жабайы адам дәуірі- 40-12 мың жылдықтар арасында. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып, қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.
  2. Экономиканы қолдан жасау дәуірі- 12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-сезім, білім жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілк қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық, егіншілік арқылы сертификациялық, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы - экономиканың негізгі сипаты: қоғамдық еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс, қоғамдық өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестіктер.

Бұл құрылымдарды құруды, дамытуды қоғамның экономикасының, тәжірибесінің, құралдарының даму деңгейіне сәйкес жасап отырған.

Қоғамды басқару және әлеуметтік нормалар - қоғамдық күрделі мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған. Күнделікті мәселелері шешіп, басқару үшін ру басшылары сайланып отырған. Тайпа, одақ, бірлестіктерді күнделікті басқару үшін Кеңестің мәжілісінде тайпа, одақ, бірлестіктерді басшылары сайланып отырған. Олар жұртпен бірдей еңбектеніп, қоғамдық жұмыстарын атқарып жүрген.

Алғашқы қоғамның даму процесінде әлеуметтік мононормалар (бірігу, бірлесу) қалыптасып, солар арқылы қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отырған. Мононорманың негіздері мен түрлері: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық континенттерде бірдей болды. Тек мемлекет пен құқықтың пайда болуы кезеңінен бастап айырмашылықтар, ерекшеліктер молая бастады. Мысалы, шығыс елдерінде (Араб, Үнді, Иран, Қытай) мемлекет пен құқықтың дамуы бір-біріне ұқсас, Афин, Рим, Спартада мемлекет пен құқықтың дамуы басқа түрде болды. Еуропаның, Азияның басқа елдерінде - үшінші түрде дамыды. Бұл елдер алғашқы қоғамнан феодалдық формацияға көшті.

ІІ БӨЛІМ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Құқықтың түсінігі және мазмұны

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әр түрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өтейік, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдында бірнеше талаптар қойды:

  • қоғамның әкімшілік территориясында тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;
  • қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;
  • ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Осы күрес-қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіліп, реттеу қажет болды.

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың

бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуын қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі - адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызды. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс, бірақ жеткіліксіз.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.

1 . «Құқық» деген - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.

2. «Құқық» деген - құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық процесс арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқық туралы Конституциясының 4-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері» болып табылады.

3. «Құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, конституциялық құқық, әкімшілк құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы т. б.

4 . «Құқық» термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықтық жүйе.

Сонымен, «құқық» терминінің көптеген мәні бар, оны зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді.

Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:

  • қоғамның жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
  • қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
  • қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси - әлеуметтік, мәдениеттілік т. б. бағытын дамытып, нығайту;
  • мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-қатынасын реттеп, басқарып отыру;
  • халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.

Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады: біріншісі - құқықтың

объективтік түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап, бекіту.

Құқықтың негізгі қағидалары:

1 . Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп басқару;

2. Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс-әрекетінің деңгейін, шеңберін норма арқылы анықтап отыру;

3. Адамдардың, ұйымдардың ара-қатынасындағы келіспеушілікті шешудің, реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру;

4. Мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен нормативтік актілерінің орындалуын бақылап отыру.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады: біріншісі - құқықтық нормада қатынастың орындалу жолдарын, бағытын көрсету; екіншісі - нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету.

Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Бұл функцияның әдіс-тәсілдері:

  • қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;
  • құқықты нормаға тыйым салудың себептерін көрсету;
  • жауапкершіліктің түрін көрсету;
  • жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тарту.

Құқықтың функциясы дегеніміз - адамдардың іс-әрекетіне, мінезіне,

тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері, сол арқылы қатынастардың дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

2. 2. Құқық туралы негізгі теориялар

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.

Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымын күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әр түрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.

Табиғи теория - бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны - адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды-деп түсіндірген. Цицерон - табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес - деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т. б. өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір-біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарды.

Тарихи теория - бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-сезімінің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ - деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген. Бұл теорияның өкілдері: Густав Гуго, Карл Савиньи, Фридрих Пухта, Штиль т. б.

Реалистік теория - құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады - деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын, субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.

Әлеуметтік теория - 20 ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты, адамдардың құқықтық тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды. Өкілдері: Эрлих, Леон Дюги, С. М. Муромцев, Г. Н. Шершеневич, Р. Паунд. Құқықтың әлеуметтік мазмұнын зерттеуге көңіл бөледі, құқықтық мемлекетті жақтайды.

Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде-мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың әлеуметтік мазмұнын зерттеуге жақтайды. Құқықтың белгі-нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылуды ұсынады. Бұл теорияның өкілдері: Р. Штаммлер, Г. Кельзен, П. И. Новгородцев.

Психологиялық теория - 20 ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып, олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын Петрижицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды (позитивтік) . Жеке тұлғалық құқық - жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық - басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.

Материалистік теория - құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады - деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстемдік таптың мүддесі.

Бұл теорияның тарихи даму процесін үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең - Марксизмнің құқықтың мазмұнын түсінуі және оның қоғам дамуындағы маңызы; екінші кезең - құқықтың болашағына марксизмнің көзқарасы; үшінші кезең - марксистік көзқарасты бұрмалау.

Бірінші кезеңде марксизмнің құқықтың мазмұнын түсінуі дұрыс еді - құқықтың экономикалық базиспен және таптық күреспен тығыз байланысты болуы. Екінші кезеңде - буржуазиялық мемлекет пен құқық теориясының мазмұнын бір жақты зерттеп, оның прогрестік рөлін, маңызын дұрыс түсінбеді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Үшінші кезеңде одағының басшылары марксизмнің мазмұнын сорақы түрде бұрмалап, өздерінің әкімшілік-әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.

Марксизм жай теория қалпында қалмай, оны социалистік мемлекеттердің басшылары субъективтік жолмен ондаған жылдар социализм моделіне айналдыруға тырысып бақты. Бірақ одан ешқандай нәтиже болмады.

Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да, бұрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде, бірнеше дұрыс қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:

  • құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болашақ емес;
  • құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғайтын негізгі құрал;
  • құқық жеке адамның меншігін қорғайтын негізгі күш;
  • құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал.

Сонымен құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік

т. б. бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара-қатынасын реттейтін негізгі күш-құрал.

2. 3. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс - бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі, бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т. б.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өзерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды. (Фильмер, Михайловский т. б. )

Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б. з. д. 4-3ғ. ) . Бірақ теория толық түрде 19 ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т. б.

ХІХ ғасырдағы ғалымдар жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.

Табиғи құқықтық теория - 17-18ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцкий, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж. Ж. Руссо, Б. Спиноза, А. И. Радишев т. б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау т. б. ) . Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара-қатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап, мемлекетті құрды. Бұл шартың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

Психологиялық теория - 19 ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, л. И. Петражициский. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.

Күштеу теориясы - 19 ғасырда қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л. Гумплович, к. Каутский, Е. Дюринг т. б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады - деп түсіндіреді.

Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т. б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.

Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктер бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін - тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды - қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.

Кемшілігі - мемлекет пен құқықтың тек экономикалық базиспен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер.

2. 4. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары

Алғашқы экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объекивтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б. з. д. 10-15 мың жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.

Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:

  • қосымша өнімнің пайда болуы;
  • жеке меншіктің қалыптасуы;
  • таптар мен топтар арасында күрестің басталуы;
  • қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Құқықтың пайда болу негіздері
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ, АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ
Құқықтық жүйе ұғымы
Мемлекет және құқық теориялық негіздері және әдістері
Қауымдық-рулық құрылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz