Егемен Қазақстанның саяси жүйесін қалыптастыру және сыртқы саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Тақрыбы: ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

  • Қазақстан өзінің жаңа саяси жүйесі
  • Еліміздің Ата заңы
  • Қазақстаннын, қазіргі сырткы саясаты
  • ҚР БҰҰ
  • Сыртқы саясат

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

ХХғ аяғына қарай жаңа тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа саяси жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік тәуелсіздіктің басты атрибуттарына ие болды. Олар - толық шексіз суверенитет, республиканың территориялық бірлігі, республикалық азаматтығының бар болуы және құқықтық жүйе, өзінің мемлекеттік рәміздер және т. б.

Қазақстанның мемлекеттік егемендікке қарай конституциялық эволюциясын басынан бастап көрсету үшін мына өлшемдерге сүйенуге болады:

- Конституциялық - құқықтық реттеу объектісінің дамуы, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін қоғамдық қатынастардың даму барысында индустриалдық кезеңге өтуі, сондықтан егемендік идеясының маңыздылығын түсініп, оны талдап ету қажет.

- Конституциялық құқықтық қатынастардың іс жүзінде пайда болуы.

- Қазақстанның бірынғай территориалдық бүтіндік ретінде конституциялық - құқықтық субъектілігін институцияландыру және ережелер арқылы бекіту.

1991 жылы Кеңес одағының тарқалуымен суверенитетті шектейтін факторлар толық жойылды. Соған байланысты Қазақстанның ТМД-ға кіргеннен кейін суверениет шектейтін факторлармен байланысты емес. Құқықтың мемелекеттегі билік бөліну принципі қазіргі Ата заңда бекітілген.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықтық кедергілір толық жойылып еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палаталы Парламент құрылды, Үкіметтін ролі артты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды.

Еліміздің Ата заңында егеменді мемлекет құру туралы тұжырымдалған негізгі қағидалары мен бағыттары, ерекшеліктері бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясында мынандай түйінді мәселелер көтерілген. Атап айтқанда, біріншіден, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде еркіндік, теңдік, бейбіт сүйгіштік мұраттарына берілген азаматтық негізіндегі мемлекет орнатады делінген, екіншіден, біздің ел - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік, біртұтас (унитарлық) мемлекеттер қатарына жатады. Үшіншіден, Ата Заңымыздың негізіне енді, бұрынғыдай мемлекет емес, халық, адам (жеке тұлға) алынып отыр, яғни мемлекеттік биліктің басты қайнар көзі-халық деп көрсетілген (3 бап) . Төртіншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі (7 бап) . Яғни, Ата заңымызда азамат, қоғам және мемлекет арасындағы қатынастар шын бейнесін тапқан.

Қазақстан Республикасының жалпы жер көлемі 3 млн. шаршы км-ге жуық, оның мемлекеггік аумағы (Ресей Федерациясын қоспағанда) бүрынғы 13 одақтық республиканың тұтас алғандағы жер көлемінен әлдеқайда көп. Біздің аумағымыз - бес Францияның немесе он Англияның аумағына сәйкес келеді. Табиғи ресурстардың қоры жағынан да Қазақстан Республикасы алғашқы орында тұр. Ал халықтың орналасу жиілігіне келетін болсақ, I шаршы км-ге орташа 6 адамнан келеді. Бұл басқа мемлекеттерден әлдеқайда төмен, мысалы, Англиямен салыстырғанда 5 есе.

Қазақстан Республикасының аумағында І20 ұлттың өкілі еңбек етіп, елдің болашақ іргетасын қалап жатыр. Жергілікті ұлт өкілі қазақтар - Қазақстан Республикасының 17 млн-нан тұратын халық санының жартысын - 43, 2 процентін қүрайды. Ал қалған қазақстандықтарды орыстар (36, 4 процент), украин (5, 2 процент), неміс (4, 1 процент), өзбек (2, 2 процент), татар (2 про-цент) және ұйғыр, корей, әзірбайжан үлтының өкілдері (0, 6 - 1 процент аралығында) құрайды. Бірақ олар Қазақстан аумағында біркелкі орналаспаған. Бұл, әсіресе, жергіліті ұлт - қазақтарға байланысты: қатты сезіледі. Сондықтан осындай алуан турлі ұлт мүдделерін мемлекет тарапынан үйлестірудің қиындығы, елде ұлттық жөне азаматтық теңдіктің сенімді кепілдіктерін қалыптастыру, сонымен қатар тарихи тұрғыда қалып-тасқан аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігі Қазақстан қоғамының мемлекет басшысының жалпы халықтық сайлануы мен өмір кеңістігінің қарапайым құрылысын талап етеді.

Ішкі ұйымдасудың бірлігі мен Қазақстан аумағының саяси бөлшектенбеуін көрсететін қарапайым біртұтастық қана алдағы уақытта (бүгінге дейін кызмет етіп келеді) ұлтаралық қатынастың әлеуметтік түрақтылығы мен үйлесімділігінің, барлық азаматтардың ұлттық беделін қорғаудың экстерриториялығы мен тең қүқығьн қамтамасыз етудің шарты болуы мүмкін. Президент басқарып отырған Қазақстан мемлекетінің унитарлы тұтастығы оның көп ұлтты сипаты мен ұлан-байтақ аумағына елдің алдағы дамуының қайнар көзіне айналдыруға қабілетті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2 бабы 3 пунктіне сәйкес халық қолындағы билігін тікелей (тура немесе тікелей демократия арқылы: республикандық референдум және еркін сайлау жолымен) және өзінің сайлаулы өкілдері арқылы (өкілді демократияның институттары: мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы) жүзеге асырады. Сонымен қазіргі Қазақстан Республикасында халықтық егемендіктің әр түрлі ұйымдық нысандары жүзеге асырылады.

Қазақстаннын, қазіргі сырткы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:

- мемлекеттік мүддені қорғау;

- елімізде экономикалык, реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

- әлемдегі барлык елдермен теңқұқықты және серіктестік катынастарды дамыту;

- ғаламдық және аймақтык, интеграциялык, процеетерге бел-сене катысу;

- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты терендету.

Казақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын үлтгық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мүның жаркын дәлелі - Казақстан Республикасының Біріккен Үлттар Үйымының толық қүқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-І Шартына, Лиссабон хаттамасына қол коюы және Ядролык қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бүған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" кол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылу. АҚШ, Ресей, Үлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген кауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.

Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы үйымдарына - Халыкаралык, валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалык, қайта қүру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалык. Одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық үйымында белсенді түрде жүмыс істеуде.

Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы - ұлы Абайдың 150 жылдык. мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.

Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олардың 105-імен дипломатиялык қатынастар орнатылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу тарихы және егемен сыртқы саясаты
Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясаты
Тәуелсіз Қазақстанның саяси қалыптасуы, сыртқы саясаты және мемлекеттік басқару
Қазақстан-Қытай сыртқы саяси қатынастары және Қазақстанның сыртқы саясаты: аналитикалық шолу
Егемен Қазақстан: тәуелсіздіктің 20 жылындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық даму және сыртқы саясат
Жаңаша саяси ойлау контекстіндегі халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты
Әлемдік саяси үрдістер мен Қазақстанның сыртқы саясаты: жаһандану, қауіпсіздік және аймақтық интеграция
Қазақстанның геосаяси жағдайы мен сыртқы саясаты
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық және сыртқы саяси дамуы
Қазақстанның сыртқы саясаты және Ресей Федерациясымен ынтымақтастығы: саяси, экономикалық және әскери байланыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz