Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі және оны ұйымдастыру негіздері



МАЗМҰНЫ

Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ОНЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ
ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ... ... ... ... ... ...
БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСУЫ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
АУҚЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ІС.ШАРАЛАРЫ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ КҮШТЕРІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТТЕРІ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ
ҚОРҒАНЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТАБИҒИ, ТЕХНОГЕНДІК
СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
ЗІЛЗАЛА ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
Жер сілкіну
Жер көшкіні (шөккіндер)
Сел тасқыны
Қар көшкіні
Ауа райының құбылыстары
Су тасқындардың түрлері
Орман және дала өрттері
Жанартаулар (Вулкандар)
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ АВАРИЯЛАР
ТҮРЛІ АПАТТАРДА ОРЫНДАЛАТЫН САҚТЫҚ
ШАРАЛАРЫ
Жер сілкінісі кезінде жасалатын әрекегтер
Өртпен күресу

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ОНЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі (ТӘҚ) адамзат әрекетшілік
саласының бірі болып табылады; бұл көп жақты ұғымға саяси, әскері, заңдық,
әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы
басқа аспектілер кіреді.
Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда, ТӘҚ халықты,
қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу объектілерді төтенше жағдайлардан
(ТЖ), олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын
жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Практикалық мағынада ТӘҚ алдын ала ТЖ-дың пайда болу қатерін мүмкін
болғанша азайтуға, халықты дайындау және жаппай оқытуға, ал ТЖ кезінде
адамдарды қорғауға, залал мен материалдық шығынды кемітуге, сондай-ақ, ТЖ-
ды бір шектен шығармауға, түбінде салдарын жоюға бағытталған, қызмет
міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген шаралардың үйлесімді
жиынтығы деп жобалап түсінуге болады.
ТӘҚ-нің деңгейі осы қоғамның жан-жақты жетілуін, рухани және
психологиялық қалпын, ТЖ-ға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу, мүмкін
болатын ең төменгі деңгейіне түсіру қабілетін сипаттайды.
Жоғары оқу орындарында берілетін пән ретінде ТӘҚ тиісті оқу бағдарламалар
бойынша мамандарды осы заманғы әскери зақымдау құралдарының факторларының
әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғану жолдарын
көрсету мақсатымен оқыту және дайындау ниетін білдіреді.

ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ
ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ
БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Халықты және Республика аумағын ТЖ-лардан қорғау, ықтимал болатын
нұқсан және залалды азайту мақсатында, ел тіршілік әрекеті сенімді түрде
болуын және шаруашылық объектілердің жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз, ететін
нәтижелі (тиімді) және тұрақты жүйе қажет. Осы салада біртұтас мемлекеттік
саясат жүргізіліп, Республикалық бағдарлама жүзеге асырылуы тиісті.

Сондықтан Қазақстанда атап өткен мәселеге тиісті бірқатар заңдар,
сондай-ақ өзге де заңдық және құқықтық актілер қабылданды.
Негізгілеріне ҚР-ның мынау заңдары жатады:
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы;
Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы;
Азаматтық қорғаныс туралы;
Өрт қауіпсіздігі туралы;
Атом энергиясын пайдалану туралы;
Халықтың радиациялық қауіпсізідігі туралы.
Аталған ҚР-ның ТӘҚ саласындағы заңдары ҚР-ның Ата заңына
(Конституциясына) негізделеді, оған қайшы келмейді, қайта баптарының
мағынасын кеңейте түседі. Мысалы, Конституцияның 31 бабында былай деп
айтылған: мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы
ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
Осы зандар Қазақстан аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою,
авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының әрекеттері жөніндегі қоғамдық
қатынастарды реттейді, АҚ және ТӘҚ саласындағы орталық, жергілікті өкілді
және атқарушы органдарының, ұйымдарының өкілеттігін, азаматтардың, шетелдік
азаматтардың, және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін
белгілейді.
Сондай-ақ заңдарға сай ТӘҚ-н ұйымдастыру мақсатында қажетті органдар
мен ұйымдар құралған.
Республика Үкіметі ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы туралы
ережені бекітеді. ҚР-ның ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы арнайы
уәкілдік берілген, Үкімет құрамына кірмейтін мемлекеттік орган болып
табылады және оның өзіне бағынатын аумақтық органдары болады.
Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Үкімет құрамына кірмейтін өзге
де орталық атқарушы органдар тиісті аумақтағы ТЖ-лардың алдын алу мен
оларды жою үшін жауапты болады. Ұйымдарда және объектілерде АҚ штабтары
құрылады немесе мамандар тағайындалады.
Сонымен, осындай түрде құрылған бірыңғай мемлекеттік жүйе ТЖ-лардың
алдын алу және оларды жою үшін бейімделген.
ТЖ-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ-лардың пайда болуына
әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қауіпі
туралы хабарлау;
-ТЖ-лар саласындағы білімді насихаттау, халықты және
мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.
Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін
әзірлеу мен ТЖ-лардың деректер банкін жасау, ТЖ-ларды болжау, алдын алу
әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау,
зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы
және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау,
бақылау мен ТЖ-ларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретін
хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы
уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ-лардың
алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
ТЖ-лар саласындағы ақпарат ұйымдардың қызметтері қаншалықты
қатерлі және зиянды екені, қажетті қауіпсіздік, зардаптар, ТЖ-лардың алдын
алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәліметтерден құралады. Ол ашық
және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар
беру жүйелері арқылы жариялануға тиіс. Мемлекеттік органдарды ақпараттық-
техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында ТЖ-лар жөніндегі республикалық
автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі құрылады.
Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейінгі мекемелер мен жалпы
орта білім беретін мекемелерде, жұмыс орындарында мен тұрғылықты жерлердеғі
ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету кәсіптік-техникалық, орта арнаулы
және жоғарғы білім беру, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау
мекемелерінде, ТЖ-дағы іс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс
орталықтарында, жұмыс орындағы ұйымдарда жүргізіледі.
Қорғану шараларына - сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу,
коммуникациялар жүйелерін жетілдіру және гидротехникалық, инженерлік-
геологиялық қорғану шаралары, өрттерге
(жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық
өсімдіктері мен ормандардың кеселдерімен және зиянкестермен зақымдануына
жол бермеу шаралары және басқа да шаралар жатады.
ТЖ-ларды оқшаулау мен жою жөнінде алдын ала арнайы іс-қимылдар
жоспарлары дайындалып бекітіледі.
ТЖ-ды жою шаралары оны жариялаудан басталады. Бірінші кезекте ТЖ
аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын
тарта отырып іс-қимылды жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың
басшылары ұйымдастырады. Олар халықты уақытша көшіру, қажетті материалдық-
техникалық ресурстарын жұмылдыру ісін жүргізуі мүмкін. Объектілердің жұмысы
тоқталады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен
жүктердің тасымалдануына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын
құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық
тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі. Шұғыл медициналық жәрдем
дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болса басқа медициналық күштері мен
құралдары тартылады.
Жағдайды тез арада тұрақтандыру, заңдылық пен құқық тәртібін
қамтамасыз ету, қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын
жүргізуге жағдай жасау мақсатында ТЖ аймағында төтенше режимі енгізілуі
мүмкін. Ондай кезде басқарудың ерекше түрлерінің белгіленуі, азаматтардың
жекелеген құқықтары мен бостандықтарының шектелуі және заңдарда көзделген
басқа да шаралардың қолдануы мүмкін.
ТЖ-дың жойылғаны туралы хабарлағаннан кейін қоршаған ортаны
сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру
жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.
ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру
республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті ТЖ-лар қорлары құрылып, тікелей мақсаты бойынша жұмсалуы мүмкін.
Шетелдік ұйымдар мен азаматтардың ҚР аумағында ТЖ-лардың алдын алу
мен оларды жою жөніндегі қызметіне, егер ол Қазақстан заңдарына қайшы
келмесе немесе Республика бекіткен халықаралық шарттармен реттелетін болса,
жол беріледі:
"Адам тіршілік әрекеттерінің сенімділігі мен шаруашылық
объектілердің жұмысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе" деген
бағдарламада ТЖ-лар жөніндегі мемлекеттік жүйенің жоспарларының бір қатар
бағыттары белгіленген. Олардың ішіне мыналары кіреді:
сейсмологиялық бақылау және жер сілкіністерін болжау жөніндегі
Республикалық жүйені дамыту;
- жаңа құрылыстардың сапалығы мен сенімділігі;
- өнеркәсіп объектілер жұмысының қауіпсіздігі;
- газ шаруашылығының қауіпсіздігі;
- радиациялық қауіпсіздік;
- ауа-райына байланысты маусымды ТЖ-лар;
- сел, көшкін, су басудан қорғану; бөгендер, бөгеттер және өзендер
арналарының жай-күйі;
- Каспий теңізі: деңгейінің өзгеруі және нагон (кері су ағу)
құбылыстары;
- түрлі өрттер; оларды өшіруге дайындылық;
- эпидемияларға қарсы шаралар;
- ақпарат, байланыс және құлақтандыру жүйесін жетілдіру;
- басшыларды, мамандарды және халықты оқытып-үйрету, насихаттау;
- қаржы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық
қорларды жасау;
- ТЖ-лардағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі;
- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, дамыту;
- әскери сипаттағы шаралар;
- нысаналы бағдарламалар;
- халықаралық қатынастар.

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСУЫ

Өміршеңдік қауіпсіздігі іс-қимыл жиынтығы ретінде қалыпты өмір
жағдайын бұзатын зиянды факторлардың алдын алу (жою), мұнымен қоса еңбекті
қорғау, өндірісте және тұрмыста болған қайғылы жағдайларда
жарақаттанғандарға шұғыл жәрдем беру, әлеуметтік елеулі науқастармен күрес,
экология, салауатты өмір сүру, азаматтық қорғаныс және т.б. ірі блоктарды
құрайды. Сондықтан АҚ-ты ТӘҚ-нің құрастырушы бөлігі және біртұтас
мемлекеттік Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің
жалпы маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет. Басқа сөздермен айтқанда АҚ-
ты ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды функцияларының бірі,
оның қорғаныстық іс-шараларының құрастырушы бөлігі деп түсінеміз.
АҚ жайындағы заңда келесі анықтама беріледі: АҚ-бұл басқару
органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекеттік шаралардың
жиынтығы; бейбіт және соғыс жағдайларда жүргізілетін мақсаты: халықты,
шаруашылық жүргізу объектілерін және елдің территориясын қирату (жою)
факторларының әсерінен жаңартылған тәсілдермен қорғау, табиғи және
техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғау. Артынша, АҚ жиынтықтарына басшылық
жасауды жүзеге асыратын басқару органдары, күштер, қызметтер және АҚ
алдында тұратын міндеттерді орындауға көмектесетін ұйымның басқа да
атрибуттары болу керек екені айтылған.

Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік ауқымдағы міндеттері

Ғылыми анықтама негізінде ұтымды тәсілдерді және халық пен
территориясының, шаруашылық объектілерінің алдын-ала дайындықтарын
пайдалана отырып, осы замандағы қарулардан, табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану жұмыстары жүргізіледі. Осы АҚ-тың
бірінші дәрежелі міндетті болып табылады. Ол үшін келесі міндеттер
орындалуы тиіс:
1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін
ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;
2) Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше
жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау;
3) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың,
ұйымдардың қызметшілерін даярлау және халықты оқыту;
4) Радиациялық, химиялық, бактериологиялық
(биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау
жасау;
5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын
жұмылдыруга әзірлікті қамтамасыз ету;
6) Шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің жұмыс істеу
тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
7) қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының
және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинау және
эзірлікте ұстау;
8) халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға адамдардың
өмірі мен денсаулығына төнген қатер жэне орын алып отырған жағдайда іс-
қимыл жасау тэртібі туралы хабарлау;
9) іздеу-қүтқару жүмыстары мен басқа да шүғыл
жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтын тіршілігін және оларды қауіпті
аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
10) азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттаррын, жемшөпті, мал және
өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық)
уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.
АҚ-тың аталған міндеттерін қоса алғанда кейбір іс-шараларды (мысалы,
қорғаныс ғимараттарын салу), төтенше жағдайлар туралы халықты уақтылы
құлақтандыру, төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелерін халыққа үйрету
және тағы басқаларын алдын-ала орындамау салдарынан қорғау және қөмек
көрсету толықсыз болатыны анық. Шын мәнісінде АҚ бүкілхалықтық болғандықтан
қорғану іс-шараларын өткізуге барлық ел-халқы қатысуы тиіс. Қауіпті
аймақтарда дұрыс жұмыс істеуді, қазіргі қарулардан қорғануды, өзін—өзі
қорғауды жұне зардап шеккендерге көмек көрсетуді барлық халық білу
міндетті. Мұның барлығы АҚ іс-шараларын жүргізуде барлық халықтың міндетті
түрде қатысуын, жауапты органдардың үкімдерін ескертусіз орындауын,
тәртіпті, ұйымшылдықты көздейді.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру тәртібі және қағидалары

АҚ мемлекеттің барлық территориясында жергілікті және өндірістік
қағидасымен ұйымдастырылады. Яғни кешенді және жеке қарастыру іс-шараларын
өткізуде АҚ-тың объекті басқару органдарының функциялары және күштері
территориялық және ведомстволық болып бөлінеді. Осы орайда, негізгі
дәрежеден шыға отырып, Мемлекет үкіметі анықтайтын тәртіппен, АҚ бойынша
қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жүзеге асырылады.
АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру жауапкершілігін
меншікті үлгідегі барлық ұйымдардың және орталық, жергілікті мемлекеттік
атқарушы органдардың басшылары көтереді. Бұл органдар мен ұйымдар жыл сайын
АҚ іс-шараларын жүзеге асыру және оларды орындағаны туралы есеп беру керек.
АҚ дайындығы мен іс-шараларды өткізудің мерзімі және көлемі мен тәртібі,
сонымен қатар есеп беру ұсынысы Мемлекет үкіметімен белгіленеді.
АҚ дайындығы жаңартылған қарулардың дамыун есепке алып берілген
территорияда ТЖ-лардың неғұрлым ықтималдығын ескере отырып салалары мен
ұйымдарында алдын-ала жүргізіледі.
АҚ идеясының және іс-шараларының негізінде гуманизм қағидасы жатыр,
өйткені олар қорғауға, құтқаруға және ең ауыр жағдайларда халыққа көмек
көрсетуге бағытталған.

Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары

Мемлекет тарапынан халықты, территорияны және шаруашылық
объектілерін қорғау саласында АҚ іс-шаралары мынау кездерде көзделеді:
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан; жер сілкінісінен;
- үлкен су қоймаларының және теңіз деңгейінің өзгеру
салдарынан;
- пайдалы кен орындарын өңдеумен байланысты төтенше жағдайлардан;
- жаңартылған қауіпті қару-жарақтардан зақымданудан қорғау.
Осымен қатар инжерлі-техникалық іс-шаралардың және тұрғындар мен
мамандардың АҚ-қа дайындығы көзделеді. Аталған іс-шаралардың әр пунктіне
ағымды және перспективті жоспарлар өңделу керек. Мысал ретінде келесі
жағдайларды алсақ болады:
- сель, су тасқыны, жер көшкінін және тағы басқа қауіпті экзогенді
жағдайларды ескеріп, осы ауқымда құрылысты жоспарлау;
- мүмкін болатын ТЖ-лардың жалпылаша жай-күйін бақылау жүйесін ұйымдастыру
(мониторинг), ғылыми зерттеулер және жағдайды жорамалдау;
- азық-түлік, дэрі-дәрмек, тіршілікті қамтамасыз ететін жабдықтар қорларын
құру;
- ғимараттардың және құрылыстардың апатқа қарсы тұру төзімділігін
қамтамасыз ету;
- іздестіру және құтқару, апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарын
ұйымдастыру және зардап шеккендерге жедел медициналы жедел медициналы;
- жер қойнауын пайдалануда барлық сатыдағы экология талаптарын сақтау;
- барлық құрылыс жұмыстарының есеп-жоба құжаттарын АҚ-тың басқару
органдарымен мақұлдасу;
- АҚ-қа арнайы қызметкерлер мен бастыларды дайындау, мектеп жасына дейінгі
мекемелерден бастап, тұрғын аймақтарын арнайы оқу бағдарламасы бойынша
оқыту.

Азаматтық қорғаныстың күштері

АҚ-тың күштері әскери және бейбітшілік кезеңінде әртурлі АҚ іс-
шараларын өткізу үшін арналады және өміршеңдіктің қауіпсіздігі Мемлекеттік
системалардың құрастырушы бөлігі болып табылады; олар үйретілген, қару-
жарақтармен, техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етіліп құрастырылған және
іс-қимылдарға дайын болу керек. АҚ күштерін пайдалануы келісілген
деңгейдегі АҚ-тың басшылары шешімімен жүзеге асырылады.
АҚ күштері мыналардан тұрады: АҚ әскери бөлімдерінен әскери емес
жасақтардан, сондай-ақ, жасақтары
а) территориялық, объектілік жасақтары мен АҚ және төтенше
жағдайлар қызметтерінің жасақтары;
б) республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел-құтқару
отрядтары сияқты әскери емес жасақтар болып келеді.
Әскери емес жасақтар АҚ күштерінің негізін құрайды.
Үкімет шешімімен құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша ІІМ
- ішкі істер министрлігі; ҚМ -қорғаныс министрлігі бөлімшелері,
ведомстволық, мамандандырылған авариялық-құтқару; авариялық-қалпына
келтіру, әскериленген және тағы басқа жасақтар тартылуы мүмкін.
АҚ әскери бөлімшелері бейбіт кезде зардап шеккен халыққа
тіршілікті қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді, туған республиканың
шекарасында да және арнайы келісімі бар шет мемлекеттерде де іздестіру-
құтқару жұсмыстарын жүргізеді;адамдар құрамының білімін бағалаумен және
дайындығымен айналысады;
соғыс кезеңде зақымдану ошақтарында радиациялық және химиялық бақылаулар,
құтқару және тағы басқа шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, халықты
эвакуациялау шараларына қатысады, тылдық елеулі объектілерін қалпына
келтірумен байланысты арнайы тапсырмаларды орындайды (мысалы,
аэродромдарды, көпірлерді жөндеу). АҚ әскери бөлімшелері ішінара азаматтық
персоналмен де құралады. Қорғаныс министрлігі Президент жарлығы бойынша
кәмелетке жеткен азаматтарды нағыз әскери қызметке, сонымен кейбіреулерін
АҚ жүйесінде қызмет атқаруға тартады, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық
атқарушы органдағы, оның территориялық органдарының, АҚ әскери
бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоға бағынатын ұйымдардың шақырылған
контингентпен және мобилизациялық ресурстармен адам құрамын толықтырады. АҚ
әскери емес жасақтары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда
құрылады, сонымен объектілік және территториялық болып бөлінеді. Құтқару
ұйымдары барлауға, іздестіруге және зардап шеккендерді құтқаруға, оларды
үйінділер астынан шығаруға арналады, алғашқы медициналық көмек көрсетеді;
олар жинақталған құтқарушы отрядтардан, командалардан, ізденіс топтарынан,
барлау бөлімшелерінен және тағы басқалардан тұрады. Инженерлік жасақтар
инженерлік барлау топтардан, жол-көпірлік командалардан, жарылыс жұмыстарын
жүргізетін топтарынан және тағы басқадан тұрады, яғни осылар жолды салумен,
қираған ғимараттарды аршумен т.б. айналысады.
АҚ қызметтерінің жасақтары халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге,
құтқару жасақтарды күшейтуге арналады және медициналық, байланыс, қоғамдық
тәртіпті сақтау, өрт сөндіру, транспорттық және тағы басқа қызметтер болып
бөлінеді.
Жедел құтқару отряды жоғары дайындықта тұратын жасақтар болып
келеді, және жоғары дәрежелі объектілерде, күрделі аймақтарда, енуге қиын
аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу үшін, зардап шеккендерге
жәрдем көрсету үшін арналған.
АҚ-тың нысанына баласы 8 жасқа толмаған әйелдерден, жүкті әйелдер
мен мүгедектерден және әскери міндетті мобилизациялық нұсқауы бар
азаматтардан тыс, жұмысқа қабілетті еркектер мен әйелдер алынады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері

АҚ-тың арнайы іс-шараларын орындау үшін және осы мақсатпен
күштердің және құралдардың дайындығы үшін республикалық, аудандық, қалалық,
облыстық АҚ және ТЖ-лар қызмет орындары, сонымен қатар АҚ басшысына тікелей
бағынатын қызметтер құрылады.
АҚ-тың эвакуациялық іс-шараларын орындауды ұйымдастыру
мақсатымен эвакуациялық және эвакуация қабылдау комиссиялары құрылады.

Жоғары оқу орындарындағы азаматтық қорғаныстың ерекшеліктері

Оқу орындарындағы АҚ шаруашылық объектілеріндегідей
ұйымдастырылады, бірақ олардың техникалық мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері
ескеріледі.
ЖОО АҚ басшысы - ректор. Ол бұйрығымен жоғары оқу орнының АҚ
штаб басшысын тағайындайды. ЖОО - да штатты жұмысшының біреуі (мысалы,
алғашқы әскери дайындық мұғалімі) немесе АҚ жүйесінің штатты жұмысшысы АҚ
штабының басшысы бола алады. Сонғы жағдайда оны ЖОО орналасқан аймақтын АҚ
басшысы үсынады; бүл, эдетте, өте үлкен ЖОО-на қатысты.
Оқу орындарында АҚ жоспары әзірленеді. Ол профессорлық-
мұғалімдік құрылымға және студенттерге хабарланады.
ЖОО-да, әдетте, қорғаныс паналарына арналған топтар бөлімшелер,
құтқару топтары, санитарлық, авариялық-техникалық, қоғамдық тәртіпті сақтау
жасақтар қалыптастырылады. Оқу орнының құрамындағы тұрақты тұлға командир
болып тағайындалады. Студенттер АҚ-ты қалыптастыру құрамына кіреді және
штаб өткізетін объектілі жаттығуға тартылады. ЖОО-да АҚ негізінде, өзінің
объектісіндегі адамдарды құтқару үшін құрылады, алайда басқа да мақсаттарға
қолдануы мүмкін, мысалы, қорғаныс паналарында қызмет жасау үшін. Оқу
орнының практикалық тәжірибесіне байланысты аталмыш қызметтер мен жасақтар
үйымдастырылады; медициналық, байланыс, РЗҚ мен ХЗҚ қорғаулары, т.б.;
радиациялық және химиялық бақылау бекеттері, УЗ-ды, РЗ-ды, БҚ-ды нақты
белгілей үшін лабораториялар.
Оқу орындары керекті құралдармен және ЖҚҚ, техника және басқа
мүліктермен ауданның АҚ штабы арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Табельдік қорғаныс заттары жетіспегенде әскери бөлімдерден
немесе әскери оқу орындарынан артық шыққан мүлкін және қарапайым қорғаныс
құралдарды қолдануға болады.
ЖОО-ның АҚ-тың бастығы және оның штаб бастығы басқа да жақын
орналасқан кәсіпорын және мекемелерінің АҚ штабтарымен, жалпы мақсаттағы
жасақтармен және қалалық, аудандық, облыстық АҚ қызметілерімен өзара
қатынаста болуы керек.
Әр студент мыналарды үйреніп, өмірде керек кезінде қолдануға
тиіс:
-ТЖ қауіпіндегі іс - әрекеттерді;
-Жеке дара және үжымдық қорғаныс құралдары мен тәсілдерін
қолдану;
-Тынысалу мүшелерін қорғайтын қарапайым құралдарды дайындау;
-Ауа мен территория РЗ, УЗ, БҚ-мен зарарданғанда аяқ киімдерді
және үй киімдерін қорғаныс құралдары ретінде пайдалана білу;
-Азық-түлік пен ішілетін суды заладан сақтандыру;
Киім мен аяқ киімдерді, дененің ашық жерлерін ішінара санитарлық өндеуден
өткізе білу;
-Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау
құралдарымен жұмыс істеу;
-Радиациялық, химиялық бақылау бекет құрамында және басқа да
жасақтарда қызмет ете білу;
-АҚ нормативтерін тез және толық орындау;
-Жеке дәрі қобдишаны және басқа да медициналық құралдарды
қолдана білу;
-Зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу;
-АҚ туралы басқа да деректермен білімін толықтыру және осы
білімді үйретіп, насихаттау;
-АҚ-тың әскери емес жасақтарына басшылық ете білу.

ТАБИҒИ, ТЕХНОГЕНДІК

СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға,адамдардың өмір сүруіне,
экономикаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және
қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте
ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық
құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне нұқсан келтіруге әкеліп соқтырады.
Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды
өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық - қайта өңдеу
жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік),
табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынымен
(көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорнының жекелеген
жүйесінде), объектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді,
сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады.
Экологиялық апатты қасырет деп те атайды, мысалы, Арал қасыреті. Басты
белгілеріне шығынның ауырлығы және адам құрбандарының болуы жатады. Авария
деп көбіне адам өлімі жоқ оқиғаларды айтады. Стихиялық, апат әдетте көлемді
сипатта болады, сондай-ақ, геолргиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық және
басқа да жағдайлардың себебімен түсіндіріліп (табиғи өрттер, жаппай
көпшілік аурулар) көбіне техногенді сипаттағы авариялар мен апаттардың
пайда болуына әкеледі. Экологиялық апаттар тұрғылықты жерде көптеген
жағымсыз өзгерістерді туындатады, сондай-ақ әдетте тірі организмдердің
өліміне (құстар, балықтар мен көптеген басқа жануарлар) әкеледі; олар
стихиялық құбылыстардан да, техногенді авариялардан да өрістеуі мүмкін.
Авариялар мен апаттардың мінездемелерін, олардың зақымдану
ошақтарының ерекшеліктерін білмей, пайда болған себептерін түсінбей
ауыртпалықты алдын алу және салдарын ойдағыдай жою мүмкін емес десе болады.

Зілзала табиғи құбылыстары

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлардың дамуы байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер
сілкіністер тым көбейді, ал топан су басу және қатты
дауылдар мен ірі тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз
қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп
қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын салу әліде
жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына
септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық
апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда.
- Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы
былай жіктеуге болады:
- геологиялық (геофизикалық) құбылыстар - жер сілкіністер,
жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері,селдер;
- метеорологиялық (ауа-райына тән) құбылыстар-дауылдар,
борандар, құйындар;
- гидрологиялық құбылыстар-топан су басуы, цунами, өзендердегі
мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің
көтерілуі;
- табиғи өрттер - орман, дала, шым тезек өрттері;
- жаппай көпшілік аурулары (жұқпалы аурулардың кең тарап жайылуы) -
эпидемиялар (індет), эпизоотиялар, эпифитотиялар.

Жер сілкіну

Табиғаттың қаһарлы құбылысы - жер сілкіну- жалпы (көбіне)
геофизикалық себептерден болатын жер қыртысындағы, оның астынғы
қабаттарындағы дүмпу (соққы, қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс.
Бұның бәрі былай өрістейтін көрінеді. Жер қайнауында әрдайым күрделі
процесстер орын алуда.
Жер қыртысы бір тұтас емес, оны литосфералық плиталар (блоктар)
құрайды-континенталдық және мұхиттық; плиталардың (тахталардың) шеттерін
сейсмикалық және тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу (уатылу)
аудандар қоршайды. Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-
6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі -
Жер шарының айналу динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының
астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары
шығар деп білеміз. Бір жерде жаңа сұйық зат төменнен жоғары көтеріліп
плиталарды жан-жаққа ығыстырса, екіншісінде плиталар бір-бірін шеттерімен
жанай өтеді, ал тағы басқасында бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп
оны төменге батырып жатады. Тақталардың осындай баяу қимылдары бара-бара
кернеулердің пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра
түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі
болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі физикалық процесстер болуы мүмкін:
ай және күн тартысымен болатын су толысуы; күн белсенділігі; жер
полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының қозғалысы бірқалыпты еместігі
(элипс бойынша жылжуы); басқа жердегі сілкіністер; адам әрекеттері (?);
аталған процесстердің бір-бірімен үйлесіп келуі.
Тереңдіктегі тектоникалық күштер әсерінен орасан зор қысым немесе
жер астындағы жарылыс мантияда кернеулер туындатып, жер астын дүмпітетін
және бетін дірілдететін жер сілкінудің көзін пайда етеді. Қатты күштердің
әсерінен күштену, қозғалыс пайда болады, жер қабаттарының формасы өзгереді,
қатпарлары жиырылып, бір-бірінен ажырап, жер түйдектерге айналады. Жарылыс
айтарлықтай лезде болатын қатты соққы сипатында, немесе бір қатар дүмпулер
түрінде өтеді. Жер қойнауында шоғырланған энергия бәсеңдетіледі.
Ол жер қабатының қалыңдығында серпінді толқындар туындатып, солар
арқылы жер бетіне жетеді де, қирату себебі болып, бара-бара сейіледі.
Жер астынан дүмпу пайда болатын алап- жер сілкіну ошағы -ішінде көптен
бері жиналған энергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы
болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп аталатын нүкте
алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы (пішіні) эпицентр деп
аталады. Гипоцентрден тұс-тұсқа бойлай және көлденең жайылатын серпінді
сейсмикалық толқындар, ал эпицентрден тұс-тұсқа жердің бетімен үстінгі
сейсмикалық толқындар таралады. Күшті жер сілкініс кездерінде жер қабаттың
(топырақ) тұтастығы бүлінеді, жер сілкініс жер астынан шығатын гуілге
ұласады. Жер сілкіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейін, қашықтыққа
байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Эпицентрге жақын
жерде қатпарлы шоқы үйіндісінің опырылғанындай қатты дыбыстар естіледі;
одан гөрі алыстаңқыраса дыбыстар күннің күркіреуіне немесе жарылыстың
гуіліне ұқсап кетеді.
Жер қойнауындағы дүмпулердің нәтижесінде бірнеше секундтың арасында
немесе көзді ашып-жұмғанша жер қыртысының бір учаскелері көтерілсе, келесі
учаскелері бірнеше сантиметр немесе тіпті, бірнеше метр төмен түседі, ал
кейбір учаскелер басқаларына қарағанда горизонталь бағытта да қозғалады.
Үйлер мен ғимараттар, көпірлер қирайды, темір жол рельстері иіліп үзіледі.
Ағаштар бұтақтарын жерге тигізе теңселеді. Коммунальдық-энергетикалық
желілері істен шығып қалады, адамдар құрбан болады. Газ және электр
желілерінің бүлінуінен өрт шығады. Тауларда опырылып құлау және көшкіндер,
үлкен ойыстар да болуы ықтимал.
Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар - цунами пайда
болады; құрғақта сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын
цунами тіркелген. Жер сілкіну адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала
құбылыс. Жер сілкінудің материактерде де, мұхиттарда да болып тұратынын
бақылаулар көрсетеді.
Жер сілкіну ошағының көлемділігі бірнеше километр мен бірнеше жүз
километр арасында өзгермелі. Екі негізгі сейсмикалық белдеу белгілі. Жер
орта теңізі - азиаттық сейсмикалық белдеу; бұл Португалия, Италия, Грекия,
Туркия, Иран, Солтүстік Үндістан және әрі қарай Малайзия архипелагын
қамтиды; Тынық мұхиттық сейсмикалық белдеу- Жапония, Қытай, Қиыр Шығыс,
Камчатка, Сахалин және Курил аралдарын қамтиды (Жер шарының сілкіністерінің
90% осы белдеуде өтіп жатады). Қазақстан шекарасында Алматы, Қызыл-Орда,
Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары
сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.
Жер сілкінудің негізгі сипаттары деп ошағының тереңдігін,
магнитудасын және жер бетіндегі қарқындылығын айтуға болады.
Жер сілкінудің ошағы әрқилы терендіктерде, көбінесе 20-30 километр
тереңціктегі жер қыртысында пайда болады. Кейбір аудандарда жүздеген
километр тереңдіктен шығатын қимылдар байқалады.
Магнитуда жер сілкінісінің жалпы энергиясын сипаттайды. Ол
эпицентрден 100 км қашықтықта микрон бірлігімен сейсмограф өлшеген топырақ
қимылының максимальды амплитудасынан (топырақ теңселу ауытқу шегінен)
алынған логарифм болып табылады. Рихтер бағанасы бойынша магнитуда (М) ноль
мен тоғыз сандардың арасында өзгереді. Егер Магнитуда бірлікке арттса
топырақ ауытқуы он есе ұлғаяды, сондай-ақ жер сілкінудің жалпы энергиясы
отыз есе артады. Оны түсіндіру үшін мынаны көрсетеміз.
Түсіндірме:
М- магнитуда;
X- жер тербелісінің амплитудасы (микрон өлшемінде).
Олай болса:
М=lgХ, Х=10М;
Егер М2=М,+ п, онда: X2=10M2=10M1+n=X1*10n
n- толық сан болатын жерде.
Сол арқылы: п= 1, Х2= 10 X,.
Жер бетіндегі энергияның қарқындылығы баллмен өлшенеді. Ол
ошақтың тереңдігіне, эпицентрден қашықтығына, топырақтың геологиялық
құрылысына және басқа да факторларға байланысты болады. Өзінің қарқыны
бойынша, яғни жер бетінде білінуіне қарай, халықаралық сейсмикалық М8К-64
бағанасына сәйкес, жер сілкіну 12 градацияға - баллға бөлінеді. АҚШ-да 12
баллдық ММ бағанасы қолданылады. Жер қыртысында пайда болған негізгі сызат
(жарық, жарықшақ) тереңдікте тоқтап қалуы немесе жер бетіне шығуы мүмкін;
оның ұзындығы бірнеше метрден жүздеген километрге барады (ірі сілкініс).
Сілкіну ауданның радиусы орта қарқындылығында 5-15 км, ал күшті болған
кезде 50-160 км құрайды. Көлемді сейсмикалық толқындар (алғашқылары,
негізгілері) 3-8 кмс жылдамдықпен таралады, екінші кезеңдегілер - 2-5
кмс.
Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспаптар, сейсмографтар, оның
болмашы сілкінуін өлшеп, жазып отырады. 1-2 баллдық әлсіз жер сілкінуді
адам сезбейді, оларды аспаптар ғана тіркейді. Олар планетамызда күнделікті
болып тұрады. 4-баллдық жер сілкінісінде заттар (ыдыс, шыны, есік)
теңселеді және жеңіл сылдыраған дыбыстар естіледі; 6-баллдық (күшті)
сілкінуде қабырғадан картиналар құлап, сылақтардың бөлшектері уатылып
ғимараттардың қабырғалары жарылып, үйлер жеңіл бүлінеді; 7- баллдық (өте
күшті) сілкінуде тасты үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, нашар
үйлер қирайды; 8-баллдық (қирататын) сілкінуде мықты салынған ғимараттар
ішінара қирайды; 10 баллдық (жойқын) сілкінуде құрылыстар толық бұзылады,
темір жол рельстері майысып, жер бетінде жарықтар пайда болады, көшкін,
опырылып құлау деген құбылыстар орын алады; 12-баллдық сілкінуде ешқандай
құрылыс шыдамайды, жерді үлкен жарықтар бөліп тастайды, көшкіндер мен
опырылып құлау саны өте көбейеді, су құламалар (сарқырамалар) пайда болады,
өзендер ағысы бағытын өзгертеді. Осылайша, жаппай көпшіліктің зардап шегу
ошақтары жер сілкінісі 7-8 баллдан бастап, одан да жоғары болған аймақтарда
орын алады.
Жер сілкіну оқиғаларын жыл бойынша планетамызда болатын жиілігі
және ұзақтығы бойынша да жіктеуге болады, олар да баллдың өсуіне
байланысты. Мысалы, 11-12 баллдық жер сілкінулер жылына 1-2 ғана рет болса,
олардың ұзақтығы 30 секунд пен 90 секунд арасында созылады. Бұндай жағдайда
сілкініс алатын аумақтар (6 баллдық сілкінуден бастап қосқанда) радиусы 80-
160 км-ге жетеді. 7-8 баллдық сілкінулер 10-30 секундта өтіп, жылына 100-
150 рет болады. Күшті жер сілкіністері, қарқындылығы 5-6 баллға
баратындары, жылына 8000 реттей орын алады, ұзақтығы 5 секунд. Яғни, жер
сілкіну - бұл айтарлықтай жиі және қауіпті табиғи құбылыс. 1999 жылы
көптеген адам құрбаны мен орасан қиратулар әкелген жер сілкіністер
Түркияда, Грекияда және Тайванда өтті. Жалпы, жер шарында жылда 100 мыңға
таяу сілкіністер өтіп жатады.
Жер сілкінісі басқа да стихиялық және техногенді апаттарға,
ауыртпалықтарға себеп болады, мысалы, топан су басуына (бөгендер мен
бөгеттерді бұзу арқылы), өрттерге (мұнай қоймаларын қиратуында, газ
құбырларын үзгенде), күшті әсер ететін улы заттарды ашық далаға шығарып
жіберетін химиялық кәсіпорындардағы аварияларға, радиобелсенді заттарды
қоршаған ортаға шашырататын атом электростанциялардағы апаттарға және тағы
басқаларына. Күшті жер сілкіну ядролық зақымдау ошағында болатын салдарын
еске түсіреді.
Ғылым және техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, жер
сілкінісінің болуы мүмкіндігін алдын ала білу мақсатында, бір қатар
мемлекеттер осы салада ғылыми зерттеулер және тәжірибе өткізуде.
Белгісіздік (көп ұштық) шарттарының көп болуының салдарынан сілкіністі дәл
болжау өте сирек кездеседі. Дегенмен, жер сілкіну жаршыларына мыналар жатуы
мүмкін: әлсіз сілкіністерінің болуы, жатады. 10-30 км тереңдікте жердің
кейбір орындарында әрқилы себептерден балқытылған магма жиналады; ал
тектоникалық қимылдардан жер қыртысында жарықша сызаттар пайда болса, сол
магма сызаттар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап жер бетіне
төгіледі. Бұл процесс барысында су булары жэне әр түрлі газдар бөлініп
едәуір қысыммен жолында кездесетін бөгеу нәрселерді айдап ұшыртады. Жердің
бетіне шыға магманың бір бөлігі шлак болып, екіншісі лава түрінде ағады.
Шлактар, пемза, күлі, тау жыныстары шыққан жердің айналасында қоқырап
үйіледі де бара-бара өсетін тауды құрайды. Осындай тауды жанартау деп
атаған. Оның түрі көбінесе конусқа келеді.
Құрлықтың беті мен мұхиттардың түбінде осылай пішіні мен құрамы ерекше боп,
тау жыныстары пайда болады.
Магманың жоғары көтерілетін өзегі вулканның көмейі деп аталады,
көмей кратермен аяқталады. Газдар мен су буы, вулкан тозаңдары, орасан зор
күл және атқылап шығатын тастар, магма сол кратер арқылы жер бетіне шығады.
Вулканның күлі жарылыс кезінде түзелетін лаваның өте ұсақ бөлшектері болып
табылады. Ауада суыған күлдің бір бөлігі таудың айналасына шөгіп,
қыстақтарды басып қалады; келесі бөлігін жел жүздеген километр қашықтыққа
ұшырып әкетеді. Жерге шөккен вулкан жыныстарын тефра деп атайды. Тефраны
қатып калған лаваның сынықтары құрайды. Сынықтардың ірілерін таужанардың
бомбалары дейді, майдаларын -таужанар құмы, ал ең ұсақтары күлі деп
саналады. Вулкан күлі әдеттегі отын жанғаннан кейін алынатын күлге
ұқсамайды.
Тефраның жерге түсуі мал, жануарлардың, өсімдіктердің жоюлуына, ал кей
кезде адам құрбанына әкеліп соғады.
Вулкан атқылаған кезде жер астынан гуіл естіледі, кейде жер
сілкініп, жаңбыр жауады. Егер атқылауға дейін жанартауды қар мен мұзбасып
жатқан болса, қызған лава оларды ерітіп жібереді. Күлмен араласқан су өте
күшті лай тасқынын туғызып, ол беткейлерді бойлай төмен зор жылдамдықпен
ағады. Едәуір тығыздығы бар бұл ағындар кездескен ірі тас кесектерін
қозғалтып өзімен бірге тартып түсіреді де қауіптілікті одан әрі
жоғарлатады. Құтқару жұмыстары және елді басқа жерге көшіру бұндай кезде
ауырлана түседі.
Жанартаудан шыққан газ бен су булары шыжып тұрған бұлттарды
түзейді, ол соққы толқын түрінде, жылдамдығы сағатына 40 км-ге,
температурасы 1000°С-дейін баратын жылжыған ыстық дуал сықылды келеді.
Мұздақтар ерігенде аз уақыт арасында топан суға айналып кетеді. Лава
ағынының температурасы да 900-1000°С-қа жетеді, бірақ оның жылдамдығы тау
конусының еңісіне байланысты; көбіне олі кмсағ аспайды.
Жанартаудың атқылауы өте улы, адам денсаулығына зиян, аса
қауіпті газтектес қоспаларының шығуымен ұштасады - күкірт тотықтары, күкірт
сутегі, хлорсутегі және фторсутегі қышқылдары, көміртек газдары – бәрі өте
биік концентрацияда таралады. Бұл газдардың бөлінуі ұзақ уақыт, вулкан лава
мен күлін шығаруын тоқтатса да, жалғаса беруі мүмкін.
Мексиканың оңтүстігіндегі 1943 жылы жүгері егістігінде басталған
вулкан бес күнде биіктігі 160 м конус тәрізді тауды пайда етіп 1952 жылы
сөнді; бұл кезде оның биіктігі 2800 м бодды. Ең биік сөнбеген жанартау -
Ключи Шоқысы- Камчатка түбегінде орналасқан. Әлденеше рет атқылаудың
нәтижесінде 5 мың жыл ішінде оның биіктігі 4750 м-ге жеткен. 1975 жылы сол
Камчаткада бірнеше айдың ішінде бірден жаңадан сегіз вулкан пайда болды.
Күл бұлты 10-15 км биіктікке көтерілді, атқылаған жерден күл 200-250 км
радиусты басты. Кавказ тауларының ең биік шыңы - Эльбрус- сөнген
вулкандардың қатарына жатады Бір вулкандардан ұзақ уақыт бойы газ, бу
бөлініп шығады, жарылыс болады, тас ұшып жатады, бірақ тұтқыр лава жер
бетіне төгілмей, кратердің ішінде қатады. Басқаларында лава сұйық болып,
газдар күшті жарылыссыз-ақ, оңай бөлініп шығады. Конусы аласа, беткейлері
түйетайлы болып келетіндері де кездеседі. Сұйық лава кең кратердің жиегінен
асып, беткейлерді бойлай құйылады да, толқындатып жатады. Мысалы Гавай
аралдарындағы Килауза атты вулканның биіктігі 300 м, ал кратердің диаметрі
4-6 км. Оның ішін бұрқылдап қайнаған лава толтырып, лава көлін түзген.
Ғалымдар вулкандар атқылауын зерттеу нәтижесінде литосферада
бірнеше ондаған километр тереңдікте орналасқан заттардың құрамы мен
қасиеттері жөнінде мағлұматтар (мәліметтер) алады. Жер сілкінетін және
жанартаулар атқылайтын аудандар көбіне ұштасып жатады. Мұндай құбылыстар
жер қыртысы тұрақсыз аудандарда өтеді. Пайда болу жағдайына қарай
жанартауларды төрт түрге жіктеуге болатын сияқты. Бірінші түрдегі вулкандар
мұхит тақтасы құрлық тақтаның астына киістіру нәтижесінде пайда болады.
Жылу энергиясының шоғырлануына байланысты тақталар бір-бірінен ажыраған
кезде сызаттарда төменнен көтерілген лава жиналады. Бара-бара жиналған лава
жер бетіне ұмтылады. Екінші түрдегі вулкандар рифтолық зоналарда туылады.
Оның себебі - жер қыртысының жұқалауы, әлсіреуі. Бұл жерде мантия мен жер
қыртысының арасы адыраяды. Үшінші-жер қыртысының едәуір омырылған
аумақтарда өтеді. Төртінші - мұхит табанындағы кейбір жекелеген жерлерінде
"ыстық нүктелер" пайда болады, тау жыныстары балқып базальт лава түрінде
бетке шығады.
Әрекетіне байланысты жанартаулар белсенді, ұйқыға кеткен және
сөнгендер бөлінеді. Белсенді вулкандардың саны 900-ге жақын болып саналады,
бұларға адамзат тарихы басталған заманда атқылағандары жатады. Сөнгендерге
осы уақытта атқыламағандары, ал ұйқыға кеткендерге - белсенділіктің
белгілерін анда-санда көрсеткен, бірақ атқылауға бармағандары жатады.

Жер көшкіні (шөккіндер)

Гравитация күшінің әсерінен тепе-теңдікті сақтай алмай тау
жыныстар массалары баурайдан төмен қарай сырғып барып орын ауыстыруы,
шөккіндер деп аталады. Бұл құбылыстардың бірнеше себептері болады. Кебіне
ол табиғи немесе антропогенді себептері. Табиғи жолда шөккіндер баурайдың
етек жағын су орып кетудің салдарынан құламаның тіп-тік жарға айналуынан,
жауын-шашын және жер асты суымен аса ылғалдану себебінен жыныстардың босап
кетуінен, жер сілкіністер дүмпулердің әсерінен орын алады. Антропогенді
(адамдардың шаруашылығына байланысты ) себептерге баурайдағы баулар мен
бақшаларды аса көп суару, жолдар жасағанда геологиялық жағдайларын есепке
алмай топырақты алу, тағы басқа құрылыс және шаруашылық жұмыстарын жүргізуі
жатады.
Көбіне шөккіндер көктем немесе жаз мерзімдерінде баурайдың еңкіші
20°-тан көп, және жоғарыда айтылған себептері жеткілікті болса кездеседі.
Шөккіндердің артуына баурайды құраған материалдар (мысалы, құрамы құм-
қиыршық тасты болса) немесе сол бағытты жарықтар кесіп өтсе қосымша
себепкер болады.
Тау жыныстардың сырғуы баяу да болуы мүмкін, жылына бірнеше
сантиметр шамасында. Аса ылғалданған балшықты жыныстардың шөккіні, тас, қар
және басқа қатты материалдармен араласып жылжығанда, ол ірі апатқа,адам
құрбандарына әкеліп соғу әбден ықтимал. Өйткені дәл осындай жағдайда
шөккіннің жылдамдығы өте биік, іс лезде өтеді. Ірі шөккіндер әдетте табиғи
себептерден болып баурайларда жүздеген метрге созылады, олардың қалыңдығы
10-20 метрге барады. Кейде шөккінге ұшыраған материал біртұтастығын сақтап
жеке біртұтас дене сияқты қозғалады. Сырғыған жыныстардың көлемі миллион,
керек болса миллиард текше метрді құрайды.
Әрине, шөккіндер құбылыстары осындай салмақтары мен жылдамдылығы
арқылы адам өміріне, оның шаруашылығына қауіп төндіреді. Олар байланыс
желілерін, туннелдерді, құбырларды, су қойма бөгеттерді бұзып, ауыл
шаруашылық алқаптарды, елді мекендерді жойып жібереді, ал кейде тау
суларына бөгет болып тау көлдің пайда болуына әкеледі. Бұндай көлдер
қашанда болса қауіпті, өйткені су жиналу барысында талай жерді басып
кетеді, сондай-ақ көл толысып ақыры бөгетті бұзады да орасан күрделі топан
суына айналады. Памир тауларында 1911 жылы күшті жер сілкініс үлкен
шөккінді қоздырды, 2,5 млрд.м3 болпыр материал Мургаб өзенді тасалады да
ұзындығы 54 км, тереңдігі ЗООм шамалас көлді түзді. Көл астында Усай, Сараз
деген кишлактар мәңгі қалды.
Әрине, кенеттен басталатын шөккіндер аса қауіпті. Кейде жылжи
бастаған шөккіндердің алғашқы белгілері көзге көрінеді - жердің бет жағында
сызаттар пайда болуы, жол үстінің және жағалаудағы бекіністердің жарылуы, •
ағаштардың, телеграф бағаналарының қопарылуы. Жалпы, шөккіндер туралы
мәліметтерді жинау олардың алдын алу үшін өте маңызды. Шөккіндерді айыра
білсек олар ескі және осы заманғы, кіші-гірім дөңесті және ірі дөңесті,
жыныстар блогы сырғанақтың үстімен жылжып шөгетін және опырылып құлайтын,
тағы да басқа түрлеріне бөлінеді. Жасанды топырақ құрылыстарындағы
шөккіндерді -темір жолдағы үйінділерді, террикондар (кеннен әбден
тазартылған жыныстар үйіндісі) мен тау жыныстарының үйінділерін-жеке топқа
жатқызуға болады.

Сел тасқыны
Сел тасқындары көбіне кенеттен басталады. Кішкене тау өзендерінің
бассейіндерінде және құрғақ боп тұрған сайларда минералды бөлшектердің,
тастардың, тау жыныстар сынықтарының концентрациясы өте биік болып.түзілген
лай судың ағындары деңгейін күрт көтеріп өтеді.
Ереже бойынша сел тасқындары толассыз жауған нөсерден, сирегірек
сырғыма мұздақ немесе маусымды қар жамылғысының күрт ери бастауынан, сондай-
ақ өзен арнасына сырғыған топырақ пен шөп-шаламның көп түсуі салдарынан
пайда болады. Жанар тау оянғанда ең күшті сел тасқындары болады. Селдің
себептеріне тау сайларында жиналған үлкен көлемді көлді түзеген ( мұздың
қозғалысынан пайда болған тау жыныстар сынықтарының үйіліп қалғандары,
немесе шөккіндер болғанда өзен арнасын бөгеп-морена көлін пайда еткен)
судың бөгетті бұзып өтуі де жатады.
Зор қирату күші бар сел бір ағызындыларының көлемінде жүздеген
мың, кейде, тіпті, миллион текше метрге дейін жететін (домалата ағызатын
тас кесектерінің колденеңінен көлемі 3-4 м, салмағы 100-200 тоннадан
;асады) материалды таудан төмен қарай жылжытады.
Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, сел тасқыны
бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай
болады. Селдің жылдамдылығы әдетте 2,5-4,0 мс аспайды, бірақ су бөгетті
бұзып - жарып селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 мс және одан да
көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15Ц, кейде 25 м-ге жетеді,
яғни "сел бась”деп аталады.
Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су
ағыны жағауларындағы қиыршық тас пен құм, шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің
етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтырады-
бұл процессті сельдің түзілуі деуге болады. Бөгетті бұзып - жарып сел
басталатын механизмінде су жиналуымен тау жыныстарының бара-бара сумен
қаныға жүретін процесстер бір-бірімен қатар, бір мезгілде өте береді. Бір
кезде шегіне жетіп сел массасы бөгеуді жарып шығады. Құлама-шөккінді
механизмде селдің пайда болуы әбден ылғалданған тау жыныстарының және қар
мен мұздың өзен ағынына құлап немесе сырғып қосылуынан басталады.
Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың
сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап
қоюы жатады. Су әр-түрлі үйінділерді (ұзақ жаңбырлар кезінде) батпақ пен
лай аралас массаға айналдырады.
Физикалық түрлері жағынан селдер байланыссыз және байланысты болып
бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын - қатты заттар қосылыстар бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту
Азаматтық қорғаныстың міндеттері жайында
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Тіршілік қауіпсіздігі
Азаматтық қорғаныс құрамалары
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері
Топырақ - өсімдік қорлары
ЕО тәжірибесінің негізінде ішкі қауіпсіздік мәселелерінің методологиялық аспектілері
Пәндер