Атлант мұхиттың зерттелу тарихы



ЖОСПАР

Кіріспе

1. Атлант мұхиттың зерттелу тарихы
1.1. Рельеф және геологиялық құрылымы
1.2. Атлант мұхитының гидрологиялық режимі
1.3. Атлант мұхитының климаты
1.4. Мұхиттың органикалық дүниесі
1.5. Мұхитты шаруашылық әрекеттерге тиімді пайдалану
Кіріспе
Атлант мұхиты – жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық
мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған.
Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік шығысында Африка мен Антарктида аралығындағы Үнді мұхитымен, оңтүстік батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91,6 млн. км², орташа тереңдігі 3597м., суының көлемі 329,7 млн. км³.
Жұмыстың мақсаты – Атлант мұхитына жалпы сипаттама бере отырып, мұхиттың зертелу тарихына, рельеф және геологиялық құрылымына, климаты мен гидологиялық режимі органикалық дүнтесі, мұхитта жүргізідген шаруашылық әрекет түрлерімен танысу.
Жұмыстың міндеті – Атлант мұхитының физикалық – географиялық жағдайын сипаттап, қазіргі таңдағы соңғы ғылыми ашылулар, жаңалықтар мен өзгерістерді толық қарастыру.
Жұмыстың өзектілігі – Атлант мұхиты адамзат өмірінде ерекше маңызды орын алып отырғандықтан оны шаруашылыққа пайдалану
мұхиттың жалпы климаты, гидрологиялық режимі, органикалық дүниесіне әсерін анықтап, оны шешу жолдарын көрсету.
Жұмысты орындау барысында Хейзен Б; Тарп М; Юинг М;
« Дно Атлантического океана » кітабы мұхиттың рельефі мен геологиялық тарихын сиапттауда мәліметтің басты көзі болып табылады.. Мұхиттың физикалық – географиялық жағдайы, климаты мен гидрологиялық режимі жайлы мәліметтер А.В.Рябчиковтың « Физическая география материков и океанов » әдебиетінен негізге алынды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
1. Атлант мұхиттың зерттелу тарихы
1.1. Рельеф және геологиялық құрылымы
1.2. Атлант мұхитының гидрологиялық режимі
1.3. Атлант мұхитының климаты
1.4. Мұхиттың органикалық дүниесі
1.5. Мұхитты шаруашылық әрекеттерге тиімді пайдалану

Кіріспе
Атлант мұхиты – жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық
мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың
солтүстік батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты
атаған.
Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және
Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында
орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және
Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік шығысында Африка мен
Антарктида аралығындағы Үнді мұхитымен, оңтүстік
батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен
жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың
км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан.
Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы
91,6 млн. км², орташа тереңдігі 3597м., суының көлемі
329,7 млн. км³.
Жұмыстың мақсаты – Атлант мұхитына жалпы сипаттама бере
отырып, мұхиттың зертелу тарихына, рельеф және геологиялық
құрылымына, климаты мен гидологиялық режимі органикалық дүнтесі,
мұхитта жүргізідген шаруашылық әрекет түрлерімен танысу.
Жұмыстың міндеті – Атлант мұхитының физикалық –
географиялық жағдайын сипаттап, қазіргі таңдағы соңғы ғылыми
ашылулар, жаңалықтар мен өзгерістерді толық қарастыру.
Жұмыстың өзектілігі – Атлант мұхиты адамзат өмірінде
ерекше маңызды орын алып отырғандықтан оны шаруашылыққа
пайдалану
мұхиттың жалпы климаты, гидрологиялық режимі, органикалық
дүниесіне әсерін анықтап, оны шешу жолдарын көрсету.
Жұмысты орындау барысында Хейзен Б; Тарп М; Юинг М;
Дно Атлантического океана кітабы мұхиттың рельефі мен
геологиялық тарихын сиапттауда мәліметтің басты көзі болып
табылады.. Мұхиттың физикалық – географиялық жағдайы, климаты мен
гидрологиялық режимі жайлы мәліметтер А.В.Рябчиковтың
Физическая география материков и океанов әдебиетінен негізге
алынды.

1.1 Атлант мұхиттың зерттелу тарихы

Атлант мұхитын адамдар ежелгі уақыттан игере
бастаған. Мұхит пен оның теңіздерінің жағаларында
әртүрлі дәуірлерде Ежелгі Грецияда, Карфагенде,
Скандинавияда теңізде жүзу орталықтары пайда болған.
Ұлы Географиялық ашулар дәуірінен бастап, Атлант
мұхиты жердегі басты су жолына айналды.
Атлантиканың табиғатын комплексті зерттеу ХІХ
ғасырдың аяғында ғана басталды. Челленджер кемесімен
ағылшын экспедициясы мұхиттың тереңдігін өлшеді, су
массасының қасиеті жөнінде, органиклық дүниесі туралы
материал жинады. Оны зерттеуге орыс, одан кейін
советтік мұхит зерттеу экспедициялары елеулі үлес
қосты. Әсіресе, Халықаралық геофизика жылы кезеңінде
көптеген деректер алынды. Ол 1957 – 1958 жылдар болатын.
Қазіргі кезде көптеген елдер ғалымының 40 кемеден
тұратын экспедициялық эскадрасы су массасының
қасиеттерін, мұхит
түбінің жер бедерін зерттеуді жалғастырып келеді.
Мұхитты зерттеушілер мұхиттың атмосферасымен өзара әсерін
бақылап білуде,
Гольфстрим мен басқа ағыстардың табиғатын зерттеуде.
Витязь ғылыми - зерттеу кемесі бұл жұмысқа белсене
қатысуда.
Атлант мұхитының зерттелу тарихы 3 кезеңге
бөлінеді.

Ежелгі дәуірден 18 ғасырдың ортасына дейінгі 1 – ші
кезеңде, көптеген саяхатшылар теңізшілер мұхиттың
шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықтаумен
айналысты. Соның ішінде, атап айтар болсақ финикиялықтар,
карфагендіктер. 9 - 10 ғасырларда нормандықтар Исландия, Гренландия,
Солтүстік Америка жағалауларына дейін жүзіп барған. Ал славян
халықтары болса орта ғасырларда Балтық теңізі бойынша жүзіп
өткен. 15 ғасырларда испандықтар мен португалдықтар Индия мен
Қытайға саяхаттар жасай бастады. Солардың ішіндегі ең танымал
саяхатшылар: Б.Диаш, Васко-да-Гама, Х.Колумб, Дж. Кабот, Ф.Магеллан,
Дж. Дейвис, Г.Гудзон, Баффин т.б.
1520 жылы Ф. Магеллан бірінші рет дүние жүзін айналып
өткен саяхатында Магеллан бүғазы арқылы Атлант мұхитынан Тынық
мұхитына өткен болатын.
2 – ші кезеңде (1749-1872), мұхит суының
температурасы, ағыстар, тереңдіктер, т.б. мұхит өлшемдері
анықталды. Бұл тұрғыдан
елеулі еңбек еткен ғалымдар Г.Эллис, Дж.Кук, О.Соссюр,
И.Ф.Крузенштерн, Э.Ленц т.б.
3 – ші кезеңде 1872 жылдан бастап қазіргі кезге
дейін арнайы жабдықталған кемелермен кешенді мұхиттық
зерттеулер жүргізілді.
Челленджер, 1872-1876; Витязь, 1986-1989; Метеор, 1925-1938;
Дискавери – 11, 1931 жылдан қазірге дейін; Атлантис 1933
жылдан қазірге дейін; Халықаралық геофизикалық
экспедициялар, 1957-1958; Калипсо, 1952 жылдан қазірге дейін.
1960 жылдардан бастап Халықаралық геофизикалық ұйымдар
мен мемлекеттер арасында байланыстар оң жолға қойылды. Бұл
халықаралық байланыстар дүниежүзілік мұхитты зерттеуге зор
мүмкіндік туғызды.
Атлант мұхитында жүргізілген ең соңғы ірі экспедиция
1963 - 1964 жылдары болды. Бұл зерттеу мұхиттың экваторлық
және тропикалық зоналарын зерттеуге бағытталып, оған Эквалант
кемесінде КСРО, АҚШ, Бразилия т.б. мемлекеттердің ғалымдарының
бірлесіп ат салысты.
Қазіргі кезде Атлант мұхитын зерттеу жұмыстарында
Мемлекетаралық бағдарламалар бойынша Англия, Франция, Нидерланды,
АҚШ, Бразилия, Аргентина және т.б мемлекеттерінің ғалымдары жұмыс
істеуде.

Рельеф және геологиялық құрылымы

Литосфералық плиталар теориясына сәйкес Атлант
мұхиты әлі жас. Мұхиттың орташа тереңдігі Тынық және
Үнді мұхиттарына қарағанда таяз; ең терең жері
8742 м-ге жетеді.(Пуэрто – Рико шұңғымасы).
Рельеф және геологиялық құрылымын сипаттағанда
Атлант мұхитының жер бедерінің басты ерекшелігі Орта
Атлантика
жотасы болып табылады. Ол меридиан бойынша
орналасқан және Аилант мұхатын екі бөлікке, яғни
шығыс және батыс бөліктерге бөледі. Бұдан шығыс
және батысқа қарай суасты үстірттері : Бермуд, Риу-
Гранди және көтеріңкі аймақтар Роколли және Сьерра
– Леоне орналасқан. Су түбіндегі тау жүйелері
Атлант мұхитын үлкен қазаншұңқырларға бөледі : Лабрадор,
Солтүстік Америка, Гвиана, Бразильдік, Аргентиндік – батысында, Батыс
Европалық, Солтүстік Африкалық, Гвинея, Ангола, Кап,
Агульяс – шығысында, Африка – Антарктикалық – оңтүстігінде орналасқан.
Қазаншұңқырлардың тереңдігі 3000м - ден 7200 – 7300 м-ге
дейін барады. Қазаншұңқырлардың көп бөлігі тегіс
абиссальді жазық түрінде болып келеді.

Атлант мұхитының қазаншұңқырлары

Қазаншұңқыр атауы Максималды тереңдігі,м
Лабрадор 4180
Ньюфаундленд 4685
Солтүстік−Америка 6594
Гвиан 4830
Бразилия 6059
Аргентиндік 6212
Батыс Европа 5668
Иберий 5100
Канар 6501
Жасыл Мүйіс 7297
Сьерра − Леоне 6040
Гвиней 5215
Ангола 5699
Кап 5457

Тек кей жерлерінде ғана тау жүйелері бар.
Бұл таулардың шыңдары кей жерлерде жанартау тектес
аралдар түрінде су бетіне шығып тұрады. Мысалы : Бермуд,
Азор, Канар, Жасыл Мүйіс, Фернанду – ди – Наронья, Гоф т.б.
Ірі суасты таулары : Алтаир, Анти-Алтаир, Милн, Келвин, Сан
– Пабло, Рехобос, Ронкевей, Якутат, Атлантис, Плато Дейвис,
Колумбия, Дисковери, Шмитт – Отт, Метеор, Альфред, Мерс.
Орталық Атлант жотасы Исландия жағалауларынан
Рейкьянес жотасы деген атпен басталады. Ол Атлант
мұхитының осімен мыңдаған километрге дейін барады. 52 -
53° ендіктерде бұл жотаны Гиббс және Рейкьянес
жоталары кесіп өтеді. Осы жерден Солтүстік
Атлантика жотасы басталады. Ол айқын көрінетін
маржанды зона мен маржанды үстіртпен және де
көптеген көлденең қатпарларымен ерекшеленеді. Орталық
Атлант жотасының 40° ендігінде негізгі элементі Азор
жанартаулық үстірті болып табылады. Азор жанартаулық
үстірті су беті аралдарымен және суасты
жанартауларымен көзге көрінеді.
Азор үстіртінің оңтүстігіне қарай жүргізілген
бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде маржанды белдемнің
әктасты қабатының астында 300 м тереңдікте базальтты
қабат бар екені анықталды. Сонымен қатар суастына
жіберілген аппараттардың көмегімен келесі фактілер
айқындалды : мұнда әлі де қарқынды жанартаулық әрекеттер
және гидротермальді әрекеттер жүріп
жатыр екен.
Шельфтің едәуір бөлігі солтүстік жарты шар
бөлігінде және Европа мен Солтүстік Америка
жағалауларына таяу орналасқан. Жоғарғы ендіктерде жер
бедерінің реликтілі мұздық формалары көп таралған. Мұның
себебіне келетін болсақ шельфтің көп бөлігі төрттік
дәуір кезеңіндегі мұз басу процесіне ұшыраған.
Реликтілі жер бедерінің басты элементі – ескі өзен
аңғарлары Атлант мұхитының барлық аумақтарында кездеседі.

Атлант мұхитына қыртыстың жер типтес түрі,
сонымен қатар материктік платформа тән. Материктік жер
қыртысы тек Бискай шығанағы мен Мексикан
шығанағына дейін ғана жалғасқан, ал қалған жерлері
белгісіз. Қазаншұңқырлардың түбіне қыртыстың мұхиттық
типі тән. Ол шөгінді, вулканогенді және магмалық,
габбро базальт тау жыныстарының қабаттарынан құралады.
Одан төмен мантияның жоғарғы бөлігімен жалғасады.
Атлант мұхитының геологиялық құрылымы басқа
мұхиттарға қарағанда жақсы зерттелінген. Мұның бәрі
көптеген скважиналарды бұрғылау нәтижесінде белгілі болды.
Мысал ретінде Мексика шығанағы мен Солтүстік
теңізінде мұнай мен газдың көп барлануын айтуымызға
болады.
Атлант мұхитында өтпелі зона аймағы үш
облыспен көрсетілген. Олар : Карибтік, Жерортатеңіздік, Скотия
теңізі аумағы немесе Оңтүстік Сандвичтік.
Карибтік облысқа сәйкесінше Кариб теңізі, Мексика
шығанағының терең жерлері және шұңғымалар кіреді.
Мұнда келесі арал топтарының негізін ажыратуымызға
болады : Кубиндік,
Кайман – Сьерра - Маэстра, Ямайка – Оңтүстік Гаити, Кіші Антилл.
Кубиндік негізде құрылымы өте күрделі болып келеді.
Ол Кубаның солтүстігінде көп бөлігін қамтиды және
қатпарлануы ларамилік түрде болады. Бұл қатпарлы
құрылымның жалғасы ретінде Гаити аралының
солтүстігімен жалғасады. Келесі қатпарлы құрылым Кайман –
Сьерра - Маэстра Юкатан түбегіндегі майя тауларынан бастау
алып суасты Кайман жотасы және Кубаның
оңтүстігіндегі Сьерра – Маэстра тау жотасы ретінде
жалғасады.
Кіші Антиль өзіне бірнеше жанартаулы түзілістерді
қамтиды. Соның ішінде үш сөнбеген вулкандар, мысалы
Мон – Пеле жанартауы бар. Жанартау атқылауының өнімдері –
андезит, базальт, дацит.
Оңтүстігінде Кариб теңізі екі бір–біріне паралель
орналасқан жас жоталарды қамтиды : Подветреннный аралдары
мен шығысында Тринидад и Тобаго аралдарына ұласатын
Карибтік Анд тау жүйелері.
Суасты жоталары Кариб теңізін бірнеше
қазаншұңқырларға бөледі. Соның ішіндегі ең тереңі
Венесуэлдік қазаншұңқырдың тереңдігі 5420 м. Карибтік өтпелі
облыста екі терең шұңғымалар бар – Кайман және
Пуэрто – Рико.
Скотия және оңтүстік Оркней жоталары
бордерлендтер ретінде қарастырылады. Яғни олар жер
қыртысының
тектоникалық қозғалыстарының әсерінен бөлінген, континенттік
аймақтар болып табылады.
Қазіргі таңдағы Оңтүстік Сандвич аралдары бірнеше
жанартаулармен қамтылған. Шығысында ол терең Оңтүстік
Сандвич шұңғымасымен қоршалған. Бұл шұңғыманың ең терең
жері 8228 метрді құрайды.
Жерорта теңізінде мұхиттық қайраң Адриатика
теңізі мен Сицилия аралдарының төңірегінде ғана жақсы
дамыған. Жалпы алғанда Жерорта теңізінің жер
қыртысының континенттік типі кең ауқымды алып
жатыр, бұл Жерорта теңізінің ең терең жерлеріне де
тән. Субмұхиттық жер қыртысы кей жерлерінде дақ
немесе терезе түрінде байқалады және де бұл
ең терең қазаншұңқырларда болады – Болеар, Тиррен, Орталық ,

Криттік т.б.
Жерорта теңізіндегі Гломар Челленджер кемесімен
жүргізілген аса үлкен тереңдіктегі бұрғылау нәтижесінде
теңіздің құрылымы тұзды мессиндік ярусты болып
келетіні анықталды. Жүргізілген анализдер нәтижесінде
Жерорта теңізі жоғарғы миоценде бірнеше уақыт
аралығында Атлант мұхитымен ешқандай байланысы болмағаны
белгілі болды. Яғни ол үлкен ағынсыз бассейн
болған, осы себепті мұнда тұз қабаттары жиналған. Ал
мұхитпен байланыс тек төменгі плиоценде болған.
Жерорта теңізі геосинклинальдық дамудың өте кеш
сатысында. Дегенмен бұл аймақ бүгінге дейін
сейсмикалық белдеу ретінде танылады. Мұнда әлі де
болса сөнбеген вулкандар бар, соның ішінде Везувий,
Этна, Санторин. Ал Этна вулканы жақында ғана Сицилия
халқына көптеген зиян әкелді.

Атлант мұхитының гидрологиялық режимі

Атмосферадағы ауа айналымы ықпалымен мұхиттың
солтүстік және оңтүстік бөліктерінде және теңіз
ағысының негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Бұл ағыстар
пассат желдерінің әсерінен пайда болады. Солтүстік
Пассат, Гольфстрим, Солтүстік Атлант жылы ағыстары мен
Канар суық ағысы солтүстік теңіз ағысының айналым
жүйесін құрайды. Оңтүстік Пассат пен Бразилия жылы
ағыстары оңтүстік теңіз ағысының айналым жүйесіне
кіреді. Бұлардан басқа Солтүстік Американың шығыс
жағалауын бойлап Лабрадор, ал Оңтүстік Американың шығыс
жағалауымен Фолькленд суық ағыстары ағады. Бұл ағыстар
мұхит суының температурасы мен тұздылығына (орташа
тұздылығы 35,4%) әсерін тигізеді. Мұхит суының деңгейі
Айдың тартылу әсерінен жарты тәулік сайын өзгеріп
отырады. Ашық мұхитта судың көтерілу биіктігі 1 м - ге
дейін, ал Солтүстік Америкадағы Фанди шығынағы
жағалауында 18 м-ге дейін жетеді. Мұхиттың солтүстік
қоңыржай ендіктердегі ішкі теңіздерде ғана мұз қатады.
Мұхитқа солтүстіктен теңіз мұзы мен мұзтаулар
(айсберг), негізінен, Солтүстік Мұзды мұхиттан келсе,
оңтүстік бөлігінде Антарктида және Уэдделл теңізінде
түзіледі.
Басқа мұхиттарға қарағанда Атлантикада ағыстың
бағыттары көбіне ендік бойынша емес, мередиандарды
бойлай түзіледі. Мұның себебі мұхиттың солтүстіктен
оңтүстікке қарай ұзыннан - ұзақ созылып жатуына және
жағалық сызығының пішініне байланысты. Атлантикадағы ағыстар
басқа мұхиттарға қарағанда күштірек, суды, жылу мен
суықты бір белдеуден екіншісіне тасымалдайды.
Атлант мұхитының суларының қалыптасуы оның
жанындағы мұхиттар және Жерорта теңізінің климаттық
ерекшеліктері мен қоршап жатқан құрлықтың
конфигурациясына тікелей байланысты. Атлант мұхитының
гидрологиялық режимінегі басты қасиеті – жылы ағыстардың
күшті жүйесі. Соның ішінде мұхиттың солтүстік
бөлігіндегі Гольфстрим және оның жалғасы Солтүстік
Атлант ағысы мұхиттың солтүстік және батыс бөлігіндегі
суайналымының жүйесін құрайды.
Ағыстар мұхитқа сіңірілетін жылудың біркелкі
таралуына басты себепкер болып табылады.
Ағыстардың таралуы климаттық ерекшеліктерге
тікелей байланысты. Тропикалық ендіктерде пассаттар күшті,
жылы әрі тұзды сулардан ағыс тудырады. Олар Солтүстік
және Оңтүстік Пассаттар деп аталады да, мұхитты батыстан
шығысқа қарай кесіп өтеді.
Оңтүстік Пассат ағысы Солтүстік жарты шарға дейін
жетіп Сан – Рока мүйісінде екіге бөлінеді. Оның бірі
солтүстікке қарай Кариб теңізіне құятын Гвиан ағысын
тудырады. Екіншісі оңтүстікке қарай ағатын Бразилия ағысын
тудырады.
Солтүстік Пассат ағыстары да Кіші Антиль аралдары
тұсында екіге айырылады. Солтүстік тармағы Үлкен Антиль
аралдарының тұсында солтүстік батысқа жалғасады. Оңтүстік
тармағы Кіші Антиль бұғаздары арқылы өтіп Кариб
теңізіне құяды. Біріккен су ағыстары теңізден өтіп
Юкатан бұғазы арқылы өтіп Мексикан шығанағына келіп
құяды. Одан су ағып Флорида бұғазы арқылы шығып
Флорида ағысы құрылады. Оның жылдамдығы 10кмсағ
құрайды. Флорида ағысы әйгілі Гольфстрим ағысының бастауы
болып табылады. Гольфстрим Америка жағалаулары арқылы
өтеді. 40° с.е. батыс желдер мен Корнолиус күшінің
әсерінен ол шығыс, содан соң солтүстік шығыс бағытта
ағып Солтүстік Атлант ағысы атына ие болады. Солтүстік
Атлант ағысы негізінен Испания және Скандинавия арқылы
өтіп Солтүстік Мұзды мұхитқа құяды. Осы арқылы
Арктиканың Европалық бөлігінің климтын жұмсартады.
Солтүстік Мұзды мұхиты өз кезегінде
Атлантиканың солтүстік бөлігін екі суық ағыстармен
қамтиды. Біріншісі Шығыс Гренландия ағысы – Гренландияның
шығыс жағалауымен өтеді, екіншісі Лабрадор ағысы. Лабрадор
ағысы Лабрадор, Ньюфаундленд арқылы оңтүстікке Гаттерас
мүйісіне дейін барып Гольфстримді Солтүстік Америка
жағалауынан ысырады.
Жоғарыда айтылғандай Оңтүстік жарты шарда Оңтүстік
Америка жағалауында Оңтістік пассат ағысы Бразилия
ағысына ауысады. Бразилия ағысы Ла – Плата аймағында
суық Фолкленд ағысымен кездеседі.
Африканың оңтүстігінде Батыс Желдер ағысы Бенгаль
ағысына ауысады. Бенгаль ағысы Оңтүстік батыс Африка
мен Анголаның солтүстігі арқылы өтіп Африка
материгінің жағалауын салқындатады. Бенгаль ағысы Гвинея
шығанағының оңтүстігінде Оңтүстік Пассат ағысының
антициклонды су айналымын тұйықтайды.
Атлант мұхитының суларының динамикасының басты
ерекшелігі гидрологиялық фронттар болып табылады. Олардың
бөлінуі мұхиттың нақты аудандарындағы ағыстарын көрсетеді.
Флорида және Гольфстрим ағыстары меандрлар тудырады.
Меандр толқындарының ұзындығы 220км, амплттудасы - 10–30 км.
Болжамдар бойынша Гольфстрим ағысы судың 1000 – 1500 м
аралығында қозғалыста болады да, ал одан төмендегі
сулар бірқалыпты қозғалыссыз деп есептеліп келген.
Қазіргі таңда бұл көрсеткіш
3500 м дейін жететіні анықталып отыр. Яғни бұл
дегеніміз су 3500 м тереңдікке дейін қозғалыста болады.
Оның жылдамдығы 20кмсағ. Соңғы онжылдықтың ірі
гидрологиялық жаңалықтарының бірі Атлант мұхитының
экватор зонасындағы Ломоносов ағысы. Ол мұхитты
батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді. Ломоносов ағысының
бастауы Флорида және Солтүстік Пассат ағыстарынан
туындайтын Антилло–Гвиан ағысынан басталады. Ломоносов
ағысы Гвиней шығанағына дейін жетеді және одан
оңтүстікке қарай тұйықталады. Бұл ағыс Тынық және
Үнді мұхитындағы Кромвелл және Тареев ағыстарының
аналогы.
Соңғы жылдары Атлант мұхитының шығысындағы күшті
әрі терең Лузитан ағысы жақсы зерттелуде. Лузитан
ағысы Жерорта теңізі суларының Гибралтар бұғазы арқылы
өтуінен туындайды. Жереорта теңізі суларының мұхиттың
солтүстік бөлігіне әсері үлкен аумақты алып жатыр. Сол
себепті мұхиттың бұл бөдігі өзгелеріне қарағанда тұзды
және жылы болады.
Атлант мұхиты суларының температурасының жылдық
ауытқуы көп емес : тропико– экваторлық белдеуде – 1–3 °;
субтропикалық және қоңыржай ендіктерде 5– 8° шамасында.
Полярлық ендіктерде температура ауытқуы қоңыржай
ендікке қарағанда аз – солтүстікте 4° және оңтүстікте 1°С.
Ағыстар мұздарға да әсер етеді. Мұхиттың
ерекшелігі – онда көптеген айсбергтер мен қалқымалы теңіз
мұздары бар. Гренландияға таяу жатқан су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхит суының температурасы
Мұхиттың зерттелу тарихы
Колумбтың екінші экспедициясы
Колумбтың төртінші экспедициясы
АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ
Тынық мұхиты
Солтүстік Американың физикалық – географиялық жағдайы
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Австралия жағаларының пішіні
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Пәндер