«Нұрбанк» АҚ-ның қаржылық қызметін талдау
1. КІРІСПЕ
1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1Банктік маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Банк маркетингін басқару стратегиясы
1.3 Шетел мемлекеттерінің банктік маркетингі
2 «НҰРБАНК»АҚ.НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 «Нұрбанк» АҚ.ның шаруашылық қызметінің сипаттамасы
2.2 Қаржылық талдаудың мәні мен мазмұны
2.3 Банк балансының актив бөлімін талдау
2.4 Банк балансының пасив бөлімін талдау
2.5 Каммерциялық банктердің табысы мен шығысын талдау
3 БАНК МАРКЕТИНГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
3.2Банк қызметтерін жылжыту арналарындағы маркетинг концепциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Президенттің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында елдің
бейтараптандыру жағдайындағы қаржы жүйесінің тұрақтылық пен бәсекеге
қабілеттіліктің жаңа деңгейіне жету өз қаржыларын инвестициялау ісіне
белсенді салуларына көмектесу жолдары арқылы да қарастырылған.
2030 даму стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы
мемлекетерінің қатарына қосылу мақсат қойып отыр. Мақсатқа жету үшін 2030
саратегиясың барлық бөлімдерінде соның ішінде қаржы нарығында, банктік
секторда реформаларды жүзеге асырса жете аламыз.
Банктік жүйе-нарық эканомикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы.
Банктер қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың
сақтаған ақшалары мен шаруашылық әрекеті негізінде босайтын ақша құралдарын
тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен
экономикаға қажетті өзге де түрлі қызметтерді жүзеге асырады, сол арқылы
өндіріс тиімділігіне оңды әсерін тигізеді.
Елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісін дамытуда жаңа
кезеңге жол ашты. Нарық жағдайына өтуде банктерді дамыту мен оны тәжірибеде
жүзеге асыру мәселелері басты назарға алынып отыр.
Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстандық және шетел банктері
жұмысын жете зерттеп, ең тиімді деген жолдорды тәжірибеде орындау қажет.Бұл
зерттеу тақырыбының өзектілігін бекіте түседі.
Соңғы жылдары банктік өнім нарықтары-ақша және капитал нарықтарының
дамытылуы жедел түрде жүзеге асып жатыр. Соңғысының дамытылуы сақталған
ақшаны мобилизациялау мен ақша құралдарын инвестициялау процестерінсіз
мүмкін болмайды. Сақталған ақша кіріс пен тұтыным арасындағы айырмашылық.
Инвестициялар – пайда алу мақсатымен ақша салымын жасау. Оның алуан
түрлері болуы мүмкін: өндіріске ақшаны тікелей салу немесе ақша иесі мен
оны тұтынушы арасында қаржылық дәнекерлер әрекет ететін жанама түрі. Ең
бастысы, салынған ақша өндірістің дамуы мен экономиканың жандануына оң
әсерін тигізсе болғаны. Өз әрекеті барысында пайда табу мақсатымен банк
бәсекелестер, тұтынушылар, мемлекет секілді әртүрлі аудиториялармен
байланысқа түсуі мүмкін.
Бірақ бұл банк өнімдер нарығында банк атқаратын жалғыз әрекет емес.
Бұдан өзге банктер қаржы ресурстарының икемділігі мен кірісі, банк атағын
жасамдау мен көтеру және т.б., істерімен айналысады. Өз кезегінде банктің
жақсы атағы оған келетін тұтынушылар санын арттырады. Банк пен тұтынушылар
арасындағы қатынас банк өнімдерін сату, сатып алу процесінде туындайды.
Оның құрамына: несиелер беру, депозит есепшотторын алу, құнды қағаздарды
шығару, сатып алу мен сату опрерциялары, валюталық қатынастар, есеп
операциялары, траст қызметтері, асыл бұйымдарды сақтау және т.б., енеді.
Көп тұтынушылармен банктік операцияларды орындау-дамыған несиелік
жүйесі бар әлем банктерінің ең маңызды ерекшелігі.Өз кіріс базасын
кеңейтіп, рентабельділік пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
Қазақстанның жетекші сауда банктік маркетингті кеңінен қолданып,
тұтынушылар санын көбейтуге тырысады. Және бір маңызды нәрсе банк ісін
дамыту үшін тұтынушыларға минималды қызмет ақысы мен бағалар ұсынылуы
керек. Тиімді және икемді банктік өнімдер жүйесі ішкі салымдарды
мобилизациялауға жағдай туғызуы қажет. Бұл ретте экономиканың үнемі өзгеріп
отыратын қажеттіліктеріне жауап бере алатын банк өнімін ерекше назарға
ілінеді.
Банк өнімдері нарығындағы бәсекелестік банктік қызмет көрсетудің
сандық және сапалық мінездемелеріне де әсерін тигізеді. Ақпаратық
технологияларға назар аудармастан қызмет көрсетудың классикалық түрін
қолдану банкроттыққа алып келуі мүмкін. Сондықтан банктердің барлығы жаңа
техналогияларды ендіруге көп күш салуда.
Жаңа өнімдер қатарына пластикалық карточкалар, банкаралық электронды
есептер, әлемдік Интернет желісінде қаржы нарығын құру және т.б. жатады.
Халықтың ақшасын депозитерге тарту, несиелер беру мен есеп-кассалық
қызмет көрсету секілді дәстүрлі қызметтермен қатар, өз еліміздегі банк
институттары электронды қызметтерді де көрсетуде. Олардың қатарына
пластикалық карточкалар, банкаралық электронды есептеулер, әлемдік Интернет
желісінде қаржы нарығын құру жатады. Тұтынушылар тапсырыстары бойынша
маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, трасттік, ақпараттық-
кеңес беру, қор қызметтері және т.б. көрсетіледі.
Халыққа қызмет көрсететін банктердің мәні – тұтынушылар көңілінен
толықтай шығу, жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер сапасын жаңарту,
қызметтер шегін ұлғайтып, өзіндік құнын төмендетуде жатыр.
Банк өзіне жаңа клиенттерді тарту үшін нарыққа жаңа немесе жаңартылған
өнім шығару қажет. Банктік маркетингті қолдана отырып банктер нарыққа
сапалы өнім шығара алады. Банк өнімін жаңа дәрежеге шығару үшін банкирлер
көбіне банктік маркетингті қолдануда, сол сепептен менің дипломдық
жұмысымның тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.
Банктік маркетингтің негізгі теориялық ережелері мен оның
ерекшеліктерін түсіну аталмыш тақырыптың мақсаты болып саналады. Міндеті-
банктік маркетингке анықтама беру, түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ
Қазақстан банктеріндегі маркетингтің даму стратегиясын көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты– Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктердің өнімдер мен қызметтерді банк маркетингін қолдану арқылы жылжыту
тәжірибесін талдау және жаңаша аспектілерін жүзеге асыру.
Жұмыстың негізгі міндеттері.Диплом жұмысының мақсатына сәйкес келесі
міндеттер қойылып, шешімі табылады:
- банк маркетингінің теориялық аспектілерімен танысу;
- қолданыстағы және жаңа банк өнімдерін бағалау және талдау жасау;
- банк өнімдері нарығының дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
- банк өнімдері нарығында туындайтын мәселелерді қарастыру мен оларды
шешу жолдарын анықтау.
Жұмыстың әдістемелік негізі ретіндеҚазақстан Республикасы Үкіметінің
заңнамалық және нормативтік актілері банк істеріне жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі актілері, Қазақстан Республикасы
сатистика Агенттігінің материалдары қолданылады.

Банк ісіндегі маркетинг XX ғ. 70ж. бастап қолданыла бастады. Мұның
себебі бәсекелестік.
1.70 ж. көптеген американдық банктер европа және азия нарықтарына енді
және керісінше. Банк индустриясын орталықтандыру тенденциясы байқалды. АҚШ
банктерін негізге алған аталған ел банктері өзге де елдер мен құрлықтарға
еніп, жергілікті банктермен бәсекелес болды. Пайда болған банктер капитал
жасап қана қоймай жаңа банктік қызметтерін клиенттер сұранысын
қанағаттандырудың жаңа бағыттарын ойлап тапты.
2.Салымдардың дәстүрлі жүйесін көшіретін капиталдардың жаңа нарықтары
ашылды. 70 ж. банк депозиттерінің көп пайызы өзге банк құралдарынан
құралды. Алғашқыда еуропалықтар Лондонда орналасты, кейіннен аталған
капитал рыноктары әлемнің негізгі қаржы орталықтарына жинақталды.
3.АҚШ банктерінің енуіне жауап ретінде еуропалықтар ескі әлем банктері
өзінше құрылып, АҚШ-тың ішкі рыногында бәсекелестікке қол жеткізді.
4.Банктік индустрия АҚШ заңнамасы тыйымына қарамастан, көптеген
елдерде диверсификацияны бастап та кетті. Бұл аралық сақтандыру мен
кепілдік операциялар, кепілдеме мен компьютер қызметтерін қозғамағаннан
пайда болды. Осының нәтижесінде 70 жж. аяғында бәсекелестік қысымы әсерінен
коммерциялық несие мен өзге де ақылы операциялар көлемі төмендегеніне
қарамастан банктер өз қызметтерін кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Аталған
қызметтер көп мәнге ие бола бастады.
5.Банк индустриясына технология көп әсер ете бастады. Әсіресе бұл
қағаз ағымы мен операциялар құны көп жеке тұлғаларға қызмет көрсету
саласына қатысты еді. Ол көлемді басқару үшін банктер пластикалық
карточкалар, ЭЕМ кассалық автоматтарын одан соң автоматикалық касса
машиналарын енгізуге тырысты. Сөйтіп көптеген мекемелер автоматтандырылды
да, қызмет көрсетудің жаңа түрі пайда болды.
6.Жекелеген тұлғаларға қызмет көрсету саласында да бәсекелестік күшейе
бастады. Жинақ және ссудалық банктер жүзеге асырған салымшылар ақшасын
тиімді ету коммерциялық банктермен бәсекелестікке алып келді. Сөйтіп 70 ж.
аяғына таман банктік индустрия бәсекелестікке анағұрлым қабілетті атанды.
Қаржы институттары арасындағы дәстүрлі ерекшеліктер тез арада өшірілді.
Бәсекелестердің көбі ұлттық шекарадан тыс кетіп, әлемдік масштабта әрекет
ете бастады. Жаңа технологиялар мен альтернативті қызметтердің пайда болуы
банктердің дәстүрлі әдістері үшін аса қауіпті болатын.
Өндіріске қызмет көрсететін банк ісінде мынаны атап көрсету керек:
1.Бәсекелестің күшеюі. Банктердің күресі 10жыл жалғасты. 70 ж.
американдық халықаралық банктер орнына Париж Ұлттық Банкі, Неміс Банкі,
Жалпы Банк, Лиондық несие секілді еуропалық банктер келді. 70 ж. дейін
негізгі бәсекелес банктер қатарына Жапониялық индустриялды банкі, Токио
банкі және т.б. мүлдем кірмейтін. Аталған банктер күшті әрі бәсекеге
қабілетті, ұлттық шекара аясынан шыққан соң Жапонияның халықаралық
аренадағы жағдайын бекітіп берді. 80 ж. ортасына таман әлемнің 10 жетекші
банкінің құрамына 5 жапон банкі кірді. Бұдан өзге жақын болашақта әлемдік
банк ісіне Бразилия Банкі, Hong Kong және Shanghai және Парсы шығанағы
мемлекеттерінің банктері келмек.
Бәсекелестік банктермен шектелмейтіндігін айта кетейік. Банктік емес
институттар – қаржы-несиелік, сауда, сақтандыру, және өзге де компаниялар
тарапынан бәсеке жоғарылап барады. Ірілері корпоративті нарықтан өз
орындарын алды және бұл тенденция жалғаса түсетін секілді.
2. Жүйелік қызметтерді дамыту. Клиенттер көңілін табу үшін ірі
банктер өз әлімдік жүйелері мен байланыстарын, ақпаратты компьютерлік өңдеу
мүмкіндіктерін қолданады. Банктер қолма-қол ақшаны басқару жүйесі мен
әртүрлі ақпаратты өңдеу қызметтерін ұсына бастады.
Бәсекелестіктің күшеюі мен өзгерістердің көп болуы әсерінен көптеген
банктер стратегиялық жоспарлауға көңіл бөліп, бәсекелестікте жеңіп шығу не
сыртқы қауіптен құтқарылу үшін ақша құралдарын тиімді пайдалануға тырысуда.
Осымен бір мезетте маркетинг банктік жоспарлаудың маңызды элементі болып
табылды.
Сөйтіп 80 ж. бәсекелестік орта банктердің дәстүрлі әдістерден бас
тартып, басқару шеберлігі, маркетинг концепциясына көшуіне ұйытқы болды.
Сауда-өндірістік сферада дүниеге келген маркетинг көп уақытқа дейін қаржы
нарығының құрылуы мен дамуына өз орнын таппай келді. Бірақ бұл жағдай көпке
созылмады, бәсекелестігі күн санап артып келе жатқан банктер өз
әрекеттерінде маркетингті кеңінен қолданып жүрген сауда-өндірістік
компаниялар тәжірибесіне жүгінуге мәжбір болды. Қаржы нарығының
ерекшеліктеріне байланысты банктік маркетинг өзіндік мінездемелерге ие
болып, маркетинг ғылымының бір саласына айналды.
Қазіргі кезде халық шаруашылығын тұрақтандыру мен даму негізі саналып
отырған нарықтық қатынастарға көшу үшін алдымен қаржыны ретке келтіріп,
банктік жүйені қайта құрылымдау керек. Осыған байланысты қаржы нарығының
құрылуы мен дамуы – объективті процесс. Бұл процесс қаншалықты сәтті жүріп
жатыр, нарықтың экономикаға көшудегі жаңа банктік жүйе рөлі қандай екендігі
банк сферасындағы маркетингтің дамуы, әртүрлі банктер, банктер мен
клиенттер арасындағы байланыстар, пайыздық саясат пен банктің өзге де
әрекеттерімен байланысты.
Банк ісінің коммерциялануы, банктер санының өсуі маркетингтің негізгі
элементтерін қаржы нарығына тездеп ендіруді талап етті. Бірақ маркетинг
сауда-өндірістік компаниялар арқылы танылған. Батыс елдерінен бір ерекшелік-
біздің елімізде нарыққа бір мезетте барлық құрылымдар мен сфералардың
көшуімен сипатталады. Бұл банк ісі активизациясын ғана емес, нарыққа
бағытталған жаңа банктік жүйені құруды жеделдететін маркетинг мәнін арттыра
түседі.
Маркетинг – бұл экономика, социология және басқару арасындағы ғылым.
Нарықтың экономикаға кез келген кәсіпкерлік нарыққа шығарумен, барлық
процестерді білумен және өнімдерді алға жылжытумен аяқталды. Егер дамыған
елдерде маркетинг жарты ғасырдан аса бұрын өнеркәсіпте тарау алса, оның
соңын ала, 40 – жылдай бұрын маркетинг ірі банктер аясында қолдауға ие
болады. Қазақстандағы нарықтың экономиканың дамуы мен прогресі жағдайында
банк маркетингі мен оның ерекшеліктерін үйрену – бұл қажеттілік және
банктік менеджменттің ажырамас бөлігі болып саналады.
Банктік меркетинг толығымен маркетингтің жалпы қағидаларына
негізделеді, алуан түрлі қызметтерді орындайды, маркетинг жалпы
түсінігінің құрамды бөлігі мен буынын білдіреді. Маркетинг – бұл өндіріспен
және бәсекелестік ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткізумен байланысты
кәсыпкерлік қызметтің түрі, кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен басқару
жүйесі.
Банктік маркетингтің ерекше саласы, клиентердің нақты қажеттіліктерін
ескере отырып, банк өнімдерінің неғұрлым пайдалы нарықтарын іздеу және
пайдалануға бағытталған коммерциялық, сол сияқты барлық басқа банктердің
қызмет түрлері қарау керек.
Шетелдердегі, сол сияқты біздің еліміздегі қазіргі заманғы банктердегі
маркетинг алдыға қойылған мақсаттарды орындаудағы өз стратегиясы мен
философиясының, иделогиясы мен саясатының жиынтығын білдіреді.
Маркетингтік қызмет көрсетілетін қызметтеріне активті және әлеуметтік
сұранысты зерттеу мен талдаудан басталады. Маркетингтік қызмет жүйесі
олардың өнімдеріне (банктік қызметтерге) сұраныс болуының арасында ғана
өмір сүреді. Банк өз шығындарының деңгейіне қатысты олардың бағасын алдын
ала белгілей отырып, қызметтердің дайын қоржынымен нарыққа шығып және пайда
алады.
Соңғы уақыттарда барлық елдердегі ірі коммерциялық банктердің басым
көпшілік саны клиеттерге кешенді қызмет көрсетуге көшуде. Бұл банктердің
несие-есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуден тысқары өз клиенттеріне
өзге де тұтастай қызмет түрлерін көрсететіндігін білдіреді.
Кешенді қызмет көрсету тәжірибесі бізге де толық түрде қолдануға
қолайлы екендігін көрсетіп отыр, сондықтан да отандық коммерциялық
банктердің оны қолдауы, депозиттер мен жаңа салымшыларды тартудағы олардың
бәсекеге төтеп беру қабілеттілігін артыратын сөзсіз. Бұл бәсекелестік
күресте клиеттерге көрсететін қызметінің ауқымын тұрақты түрде кеңейтіп
отыратын, олардың құнын төмендететін, несие-есеп айырысу және кассалық
қызмет көрсету сапасын жақсарта түсетін, несие беру кезінде қандай да бір
жеңілдіктер жасайтын клиенттерге әртүрі кеңестер беретін банк қана төтеп
беріп, жеңіп шыға алатын болды, ондай болған жағдайда банктің несие
ресурстарының көлемі күрт қысқарып, оның құрлымы, одан көзделетіндей,
бухгалтерлік баланстың өтімдігі нашарлауы мүмкін. Ақыр соңында, мұндай банк
банкротқа ұшырайды.
Сөйтіп, коммерциялық банктердің нарықта жаңа қызмет түрлерін табысты
түрде алдыға жылжытуы, банктердің нарыққа кешенді талдау жасауға және
маркетинг теориясы мен практикасын қолдану негізінде оны қайта өңдеуге
көшуімен ғана мүмкін болады.
Мынаны атап өту көзделеді, маркетингті енгізу кірістіліктің өсуіне,
тәуекелдің төмендеуіне әкелмейді және әкеле алмайды. Аталмыш екі көрсеткіш
банк капиталын басқаруға, актив пен пассив теңестіруге қатысты банк
қызметінің нарықтағы дамушы процесінің тепе-теңдігін ұстап тұру тетігі
болып саналады. Банктік маркетинг пен нақты қоғамдық-саяси және
экономикалық ахуалдарға қатысты оның қызметі туралы жалпы түсінікті келесі
суреттен алуға болады.
Банктік маркетинг – бұл нақты саяси – қоғамдық
және эконоикалық ахуалдарға қатысты оның
қызметінің сыртқы және ішкі саясаты, стратегиясы мен
тактикасы
Клиенттердің басым Өмір сүруші әлеуетті
Банк қызметін әзірлеу;
топтарын анықтау клиенттердің
игеру; алға жылжыту
қажеттіліктерін, талап -
және т.б.
тілектерін және құндылық-
тарын анықтау
Өнімнің Тезарада Өнімді Жарнама-
Жеңілдік
сапасы жеткізу пайдалану лық қолдау
есебінен
мен және ға өткізу
бағаны
сенімді- сенімді- кезіндегі
төмендету
лігі лік қызметтер
Сызба 1– Банктік маркетингтің қатынастары
Банктік маркетинг – капитал нарығында жалпы және жеке секторында, яғни
банктік сфера, несиелік жүйеде, құнды қағаздар нарығында болатын
процестерді есепке алу және зерттеуді көрсететін банкті басқару жүйесі.
Банктік маркетингтің негізгі міндеті капитал нарығында болып жатқан
процестерді талдаудан тұрады, яғни тікелей несие қаржы институтының әрекеті
сферасында, әсіресе банктік секторда, бастапқы екінші, биржадан тыс құнды
қағаздар нарығында. Бұл банк басшысына ең алдымен банктік қызметті
кеңейтуге және сәйкес кірісті көбейтуге бағытталған икемді шешімдерді
қабылдау үшін қажет.
Банктік маркетингтің мақсаты-капитал нарығының талаптарына икемделуге
қажетті жағдайлар жасау, нарықты зерттеу бойынша шаралар жүйесін өңдеу,
бәсекелестік қабілет пен кірісті жоғарлату.
Біздің экономикалық әдебиеттерде банктік өнім термині нарықтық
экономикасына өту процесінде пайда болды. Банктік өнімге банктің барлық
жүзеге асыратын қызметері мен операциялары жатады.
Банк әртүрлі операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратыны белгілі.
Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк ісі туралы заңында банк
әрекетіне банк операцияларын жүзеге асыру сонымен қатар баптарда
көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру деп анықтама береді. Ресей
Федерациясындағы банктер мен банк ісі туралы заңында банк әрекеті-банк
операциялары мен өзге де әрекетерді жүзеге асыру деп анықтама береді.
Аталған екі ұғымға да көптеген мінездемелер беріледі. В.Ф.Гарбузовтың
басшылығымен шығарылған Финансово-Кредитный словорь сөздігінде банк
операцияларына мынадай түсініктеме беріледі: банк операциялары-ақша
құралдарын тарту мен орналастыру, шығару мен қолданыстан алу, есептеу
жүргізу және т.б., банктік операциялары. Бұл мәселеге жете түсіну үшін,
алдымен банк ұғымын қарастырайық.
Банк - заңды және жеке тұлғалар ақшаларының ағымымен байланысты және
сол ақша құралдарына қызмет көрсететін экономикалық институт.
Банк өзге қаржы делдалдардан несімен ерекшеленеді? Біріншіден
банктерге қарыз міндеттерін екі жақты алмасу тән: олар жеке қарыз
міндеттерін орналастырып, осы негізде мобилизацияға ұшыраған құралдарды
қарыздық міндеттемелерге апарады және құнды қағаздарды да дәл осылай
орналастырады. Екіншіден, банктер заңды және жеке тұлғалар қарыздарын
қабылдар алады. Үшіншіден банктер мемлекеттер, өндерістер, халық арасында
ақша құралдарының таратылуына дәнекер болып, электронды ақшалар мен
пластикалық карточкаларды шығарады. Банк қызметі өндіріске тікелей
қатыспайтын капитал көмегімен жаңа қызметтерді жасап шығаруда жатыр. Яғни
банктер өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал болып, екі жақты айырбасқа
қатысады. Мұны келесі суреттен көруге болады:
Бос ақша
Несие
құралдары
Тұтынушы Банк Өндіруші
Тұтынушы Банк
Өндіруші
Несие Несиені өтеу
Сызба 2 Тауарлар мен қызметтер қатынасы
Банктер өзге кез келген өндіруші секілді жеке заңды тұлға болып
табылады, арнайы өнім, қызметтер өндіріп, пайда көреді, өз әрекеттерін
жүзеге асырады.
Банктің маркетингтік әрекетерінің негізін нарықтағы несиелік капитал
орнын анықтау мақсатымен маркетингтік зерттеулер жүргізуді талап ететін
оның нарықтағы мүмкіндіктерін талдау құрайды.
Әдетте, банк басқармасы нарықты зерттеу мақсатын қояды, яғни нарық
туралы мәліметті жинау мен талдау, бәсекелестер, банк өнімдері мен
қызметтері туралы біліп, статистикалық тізімін білу және т.б. Маркетингтің
жекелеген мәселелерін қарастыру маңыздылығы банк әрекетінің маштабы, оның
дамуының жалпы стратегиясы мен маркетинг мәселелерімен айналысатын
мамандардың кәсіби дәрежесіне тікелей қатысты болады. Жалпы алғанда
маркетинг мәселелері жалпы капиталды ұлғайту, әрекет ету аясын кеңейту
секілді шешімдерді қабылдағанда қарастырылуы керек.
Маркетингтің негізгі мақсаты – банк мекемесінен тұтынушыға жеткенге
дейінгі аралықта банк қызметтерін мүлтіксіз орындау.
Маркетинг процесі тұтынушы мен оның қажеттіліктерін толық түрде
қанағаттандырумен аяқталады. Банк өнімінің жаңа түрлерін ұсыну процесі банк
жұмысшыларын, қызмет орындары мен қызмет көрсету тәсілдерін даярлаудан
басталады. Мысалы: банкке кіре берісте тұтынушы өз әрекетін солдан оңға
қарай бұрылумен бастайды. Егер жаңа өнім түрлері сол бөлікке орналастырсақ
тұтынушы оны бірден аңғарады, сөйтіп тұтыну деңгейі жоғарлай түседі.
Келесі қадам – аталған қызметке қатысты маркетинг жоспарын даярлау.
Жоспарға қызмет тарихы мен ерекшелігі нарық жағдайы, бәсекелестер,
маркетинг бағытындағы банк міндеттері өнімдерді өндіру, аталған
стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешуге көмектесетін құралдар
тұралы барлық мәнімен енгізілуі керек.
Сөйтіп тұтынушының белгілі бір өнімді қажет етуі оған әсер ететін күш
деңгейімен өлшенеді.
Әдетте нарықты зерттеу және болжамдаумен ірі әрі бай банктерде арнайы
бөлім не арнайы жалданған маркетингпен кәсіби түрде айналысатын мамандар
тобы айналысады. Тұтынушыларға жүргізілген зерттеулер негізінде
нәтижелердің салыстырмалы сараптамасы жасалып, сұраныс пен ұсыныс қисығы
салынады.
Коммерциялық банктер мен өз қаржылық – несие институттары маркетинг
мақсатары мен міндеттерін жүзеге асыруда клиенттердің қажеттілігіне
бағдарланудың бірінші кезекті келістерін әзірлеп-жасайды, осыған орай
клиент пен банктің мүдделерін үйлестіре білу маңызды болып саналады.
Банктік маркетинг банк өнімдерін көбейтуге бағытталған (банк
операциялары, қызметтер) қызметтердың нақты түрлерін жүзеге асыру арқылы өз
қызметін жүргізеді. Оған мыналар жатады:
- Маркетинг зерттеулерді жүргізу, ақпаратарды жинау, талдау.
- Банк өнімін жасау. Банктің өз қызметінің сатушысы болуы.
- Көрсетілетін қызметтер мен операцияларға баға белгілеу.
- Банк өнімдерін таратуды ұйымдастыру.
Банктік маркетинг клиент басты орын алады. Банктегі басты тұлға –
банктің клиенттері деп айтуға болады. Банк қандай операцияларды немесе
қызметтерды көрсетуге тиіс екендігін солар алдын ала болжайды.
Банк клиентері:
1. Үкіметтік мекемелер.
2. Корпорациялар.
3. Банк-кореспонденттер.
4. Депозиттер мен несие бойынша беру бағыттары тұлғалардың санаттары, ірі
немесе ұсақ кәсіпорындар.
5. Тарст-қызмет бағыттары бойынша банк клиенттері болып саналатын заңды
және жеке тұлға.
6. Заңды және жеке тұлғалар, меншік иелері немесе қозғалмайтын мүлікпен
операция жасаушылар.
Жаңа клиентерді тарту нарықты жақсы білу мен клиеттер тарапынан
сұраныс болған кезде ғана мүмкін болады. өз клиенттерін ұстап тұру мен
көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту мақсаты алдыға қойылуы тиіс.
Банк қызметтері – қаржылық мәселелер бойынша сарапшы және оны
клиенттер сезінуі қажет. Ең соңында, сенімді нығайтуға өзіндік әсерін
тигізеді. Банктердің бәсекелестігі жағдайында баға белгілеу саясаты маңызды
рөл атқарады. Ол келесідей алты кезеңнен тұрады:
1. Баға белгілеу міндеттерін қою.
2. Сұранысты анықтау.
3. Шығындарды бағалау.
4. Бағаларды және бәсекелестердің банк өнімдерін талдау.
5. Баға белгілеу әдісін талдау.
6 .Түпкілікті бағаны белгілеу.
Банк оларды меншікті бағаны анықтау негізі ретінде пайдалану үшін
бәсекелестердің бағаларын зерттейді. Осыған орай банк тәуекелі дәрежесі,
оны сақтандыру және банк үшін міндетті нормативтер мен көрсеткіштер
анықталады және салыстырылады.
Солардың бірін банк таңдап алатын баға белгілеу әдістері келісідей
болуы мүмкін: пайда қосылған орта шығындар, шығынсыздықты талдау және
мақсатты пайданы қамтамасыз ету. Түпкілікті баға оны клиенттердің, банк
қызметткерлері мен бәсекелестердің неғұрлым толық өзіне қолайлы қабылдануын
ескере отырып дәстүрлі түрде белгіленеді.
Нарыққа кешенді зерттеу жүргізіп, клиенттердің қажетіліктері мен талап-
тілектері анықталғаннан кейін барып банк шығындары мен көрсететін банк
қызметтерінің болуы мүмкін бағасы анықталады.
Банк өнімдерін тарату маркетинг қызметінің қорытынды түрі болып
саналады.
Банктік маркетингте соның көмегімен маркетинг мақсатына жетудің
табыстары ашылып көрсетілетін дәстүрлі тәсілдер өмір сүреді. Бұл –
клиенттермен қарым-қатынас жасау, қызмет тиімділігі, клиенттердің
басымдыққа жетуі үшін өз акционерлерін дивидентермен қамтамас етуі болып
саналады.
Банктік маркетингте маркетинг қағидаларына жауап беретін, төмендегідей
маңызды ерекше нақыл сөздерді сақтай білу көзделеді:
1. Тұтынушыныкы әрқашанда дұрыс.
2. Барлығы тұтынушы үшін.
Маркетингтік қызметтің түрлерін қарастыру маркетингтің негізгі
тәсілдерін зерттеумен қоса қабаттасып жүреді. Оқу әдебиеттері неғұрлым
маңызды деген екі тәсілді – бірыңғайлау (типологизация), нарықтық
сегменттеу тәсілін біліп көрсетеді.
Бірыңғайлау (типологизация)-әлеуметтік сипаттамаларына, демографиялық
және әлеуметтік-экономикалық факторларға сәйкес тұтынушыларды жеке ыңғайда
қарастыру және топтастыру процесі.
Нарықтық сегменттеу – банк үшін неғұрлым болашағы зор болып саналатын
нарық тұтынушыларын нақты топтарға бөлу процесі. Банк қызметінің сипаты,
клиенттердің географиялық, демографиялық, психомәдени, мінез-құлық
белгілері, негізінен, сегменттеу белгілері болып қатысады.
Банк қызметтерінің сипаты бойынша олар несие, операциялық,
инвестициялық, делдалдық және басқа да сегментерге бөлінеді.
Клиентуралық белгі нарықты заңды және жеке тұлғаларға,
корпорацияларға, банк-корреспонденттерге, мемлекеттік оргондарға бөледі.
Аумақтық құрлымдар, экономикалық аудандар, әкімшілік бірліктер
географиялық сегменттеу объектілері болып саналады. Демографиялық
сегменттеу халықты жас мөлшері, кірістері бойынша әлеуметтік-кәсіби
тұрғыдан бөлуге негізделеді.
Психомәдени сегменттеу – бұл жеке тұлғалардың банктердің көрсететін
қызметіне қатынасы.
Мінез-құлықтық сегменттеу банктің әрбір клиентінің бос уақытын
зерттеуге негізделеді.
Ал нарықты сегменттеу мен анықтау банктің өзіне қажет. Белгілі бір
қызмет түрлерінен алынатын тиімділіктер клиенттердің белгілі бір топтары
үшін ғана пайдалы болып табылады. Ал басқа бір топтар үшін мұндай қызмет
түрлері қымбат немесе дәл сол сәтте пайдасыз болуы мүмкін. Аталмыш қызмет
түрлері қызықтыратын клиенттердің топтары мақсатты нарықты құрады.
Жоғарыдағылармен қатар, маркетингтік зерттеулердің өзге де белгілі
тәсілдерінің өмір сүретін атап өту көзделеді. Оған активті және пассивті
маркетинг келесілер кіреді:
1. Тікелей (жарнамалық). Жер-жерлерде клиенттер арасына қаржыларды
басқару жүйесін құру. Тікелей маркетингтің мақсаты – клиентті тез әрекет
етуге мәжбүрлеу.
2. Байланыс құралдарын (пошта, теледидар) пайдалану. Телемаркетинг
бұл жеке адамдардың компьютерлерін қолдануға негізделген банктік қызмет
көрсетуді үйде жалғастыру.
1. Халықтың кең ауқымды топтары арасында сұрау жүргізу.
2. Әлеуетті клиентпен жеке қарым-катынас орнату.
3. Фокус-топ құру. Фокус топ бұл клиенттермен жеке байланыстарға
негізделген, маркетинг әдістерін логикалық жалғастыру. Мақсаты
– клиенттердың жағдайын анықтау.
4. Пассивті маркетинг – бұл банктің қызметі мен жағдайы туралы
материалдардың баспасөз беттерінде жариялануы.
Банктер өз қызметтерінде активті, сол сияқты пассивті маркетингті
пайдаланулары тиіс. Сонымен бірге, тәжірибе көрсетіп отырғанындай,
негізінен, активті маркетингке басымдық беріледі.
Банктік маркетинг толығымен банктің көрсететін қызметтерін дамытуға
бағытталған және бұл жеткілікті кең ауқымды өзара байланысты түсінік болып
саналады.
Банктік маркетинг функциялары.Банк маркетингі арнайы функцияларға ие.
Ол – банк өнімдерін өткізу бағытындағы банктің маркетингтік әрекеті
түрлерінің қосындысы.
Банктік маркетингтың негізгі функциялары:
- ақпарат жинау;
- маркетингтік зертеулер;
- банктік өнімді шығару мен айналысқа түсіруді жоспарлау;
- жарнама;
- банк өнімдерін айналымға енгізу;
Маркетингтік зерттеулер банк өнімдерінің жаңа идеялары мен түрлерін
іздеуден бастап оны тұтынушыға жеткізетін аралықты түгел қамтиды.
Сондықтан маркетингтік зерттеуге банк маркетингінің барлық әрекеттері мен
сфералары кіреді (банк өнімдері, салымшылары, қаржы нарықтары, жарнама және
т.б.)
Маркетингтік зерттеулер әрекеттерінің кешенді түрін қамтиды:
- қаржы нарығындағы бәсекелес-банктер мен сатып алу әрекетін зерттеу;
- қаржы нарығы мен оның секторлары мүмкіндіктерін талдау;
- банк өнімдерін сапасы мен көнектілігіне қарай зерттеу;
- банк өнімдерін айналымға ендіру мәліметтерін талдау;
- бәсекелестерді зертеу;
- қаржы нарығының ең қолайлы сегментін таңдау;
Банктік маркетинг қаржы нарығын міндетті түрде сегментеуді талап етеді
яғни банк өнімдерін әртүрлі белгілері бойынша нақты топтарға бөлып тастау;
Банктік сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өнімі
спецификасына шартталады. Біздің әдебиеттер мен тәжірибеде банк өнімі
деген термин нарықтың экономикаға көшкеннен кейін пайда болды. Банк өнімі
бұл банк іске асырған кез келген қызмет пен операция.
Банк сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өніміне
байланысты. Ол банк жасаған кез-келген қызмет не операция банк әкімшілігі
мен оның барлық қызметтерінің саясатының мақсаты – клиенттерді тарту, өз
қызметтерін тарату сферасын кеңейту, нарықты жаулап алу, алынатын түсімді
көбейту болып табылады. Осыдан келіп мәні мен мақсаты қаржы нарықтарында
бәсекелестігі күшейіп бара жатқан банк маркетинг жұмысының тиімділігі келіп
шығады. Маркетинг – үлкен дайындықты, терең және жан-жақты талдауды қажет
ететін, банк бөлімшелерінің басшысынан төменгі бөліміне дейін белсенді
жұмыс істеуді қажет ететін банк философиясы мен стратегиясы. Маркетингтік
бағыт банктің өз өніміне емес, алдымен клиент сұранысына икемделуін талап
етеді. Сондықтан нарықты жете зерттеп, өзгеретін талғамдарды талдау, банк
қызметтерін тұтынушылар сұранысын білу аса қажет.
Банктік маркетингті клиенттер сұранысына сай банктің ең түсімді банк
өнімдерін іздеуі және қолдануы ретінде көрсетуге болады. Бұл банктің
мақсаттарын анықтап нақты жету жолдары мен тәсілдерін және арнайы шараларды
ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Маркетингтік әрекет аясында жаңа өнімдерді қолданысқа енгізу барысында
банк жоғалтатын шығын көлемін білу де маңызды. Банк бағалы ресурстарды
қолданатындықтан, оларды нарықтың ең түсімді сегменттерінде қолданған жөн.
Банк әрекетінің коммерциялық мінездемесін маркетингті кеңінен
қолдануды талап етеді. Банктегі маркетинг ерекшелігі ақша қорларын тиімді
пайдаланып қоюды ғана емес, ақша айналымы ерекшелігінде де көрінеді.
Сондықтан банктік маркетинг қолма-қол емес шаруашылық қаржысы есебіне ақша
айналымы жеделдетуге бағытталуы керек. Маркетинг банк клиенттері
сұраныстарын қанағаттандыруға, есептерді тез әрі дұрыс жүргізуге, шикізат
және материал жеткізушілер, дайын өнімді сатып алушылар, жұмысшылар мен
қызметкерлермен қарым- қатынас орнатуға бағытталған.
Банктік маркетинг банк клиенттерінің шаруашылық жағдайын максималды
түрде есепке алатын, оларға одақтастар табу ерекшелігі бар есептеудің жаңа
түрімен байланыстырылады.
Банкте салымшылар санын көбейтіп қоймай, оларға қызмет ету сапасын
жақсартатын интеграцияланған маркетинг кең қолданысқа енуде. Банк
сферасындағы маркетинг ерекшелігі – мұндағы коммерциялық банктер салымдарды
тартуға ғана емес, әр түрлі ұйымдар, өндірістерді, несиелеу арқылы
тартылған ақшаны дұрыс қолдануға да қызығушылық танытуда. Бұл коммерциялық
банктердің клиенттерімен қатынас сферасы сол секілді несиелік салымдар
сферасындағы маркетингтің кешенді дамытылуы керектігін көрсетеді.

Маркетинг басқару жүйесінің мәні мен мазмұны нақты банк топтары қызмет
ететін нарықтың құрылу процесінің түсініктерімен және осы нарықта, нарықтық
қатынаста болып, оның субъектісі болып табылатын сатушылар нарығының
қызметі түсініктерімен тығыз байланысты. Маркетингтің классикалық
анықтамасы - болашақ айырбас арқылы қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды
қанағаттандаруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Қазіргі кездегі нарық және нарықтық қатынастар нарық кеңістігінде
тұрақты қызмет атқарудың кепілі ретіндегі банктің басқарылуының тиімділігін
арттыруқажетілігінгізделуде.
Клиенттерге көрсетілетін банк қызметтерінің кең тармағын құру
және дамыту бірқатар негіздерге сүйенеді: банк стратегиясын жасау,
тиімділікті анықтау концепциясы, қызметті сату, нарықты зерттеу, кадрлар
саясаты.
Банк жүйесіндегі маркетинг ерекшелігі банк өнімінің өзінің ерекшелігімен
түсіндіріледі. Біздің экономикалық тәжірибеде “Банк өнімі’’ термині
нарықтық экономикаға көші процесінде пайда болды. Банк өнімі ретінде банк
жүзеге кез келген қызмет немесе операциялар түсіндіріледі.
Қызмет немесе өнімді өткізу – нарық жағдайында қызмет ететін кез
келген кәсіпорының қызметінің маңызды міндеті болып табылады. Онсыз бизнес
міндетті түрде жеңіліс табады. Банк ісі де осылардың қатарына жатады. Банк
басшыларының саясатының және оның барлық қызметінің мақсаты – клиенттерді
тарту, өздерінің қызметін өткізу сферасын кеңейту, нарықты жаулау, алынатын
пайда өсімі. Ендеше, банктің маркетингтік жұмыстарының мәні шығады. Оның
мазмұны мен мақсаты клиенттер мен банк арасындағы қатынастың өзгеруімен
және қаржы нарығында бәсекенің күрт үдейуінің әсері соңғы уақытта күрт
өзгеріп отыр.
Қазақстанның экономикасын тұрақтандырудың негізгі бағыты ретіндегі
нарықтық қатынастарға өту, бірінші кезекте, қаржыны нығайтып және банк
жүйесін қайта құруға негізделеді, қаржы нарығының құрылуы мен дамуына
негізделеді. Ел экономикасының нарық қозғалысындағы жаңа банк пен оның
клиенттерінің арасындағы өзара қатынас және де банк қызметінің нарығының
қалыптасуы мен процестік саясаты анықталады.
Қазақстаның банк саласында маркетингті ендіру шаруашылықтың барлық
салалары мен құрылымдарының нарыққа өту процесінен параллельді жүргізуде.
Бұл жағдай мүлдем жаңа банк жүйесінің құрылуының үдеуіне және банк қызметін
белсенділеуге бағытталған қазіргі кездегі маркетингтің мәнін арттыра түседі
.Банктің әрбір басшысы және маманы маркетинг бойынша эксперт ретінде
көріне білуі қажет. Нарықтағы түрлерін ұсынады. Олар қазір өздерінің бар
ықыласын нарық қызметінің негізі ретіндегі клиенттердің қажеттіліктерін
максимальды қанағаттандыруға қоюда.
Маркетинг – басшылардың төменгі звеносынан бастап банктің барлық
бөлімдерінің белсенді жұмысын, терең және жан-жақты талдауы, жақсы
дайындықты талап ететін, банк философиясы мен стратегиясы.
Қазіргі маркетинг шеңберінде банк жүйесіне клиенттің қатынасы
өзгереді. Егер, бұрында банк салымшылары мен қарыз алушылар банк
өнімдерінің стандартты түрлерін ұсынатын болса, ал қазір клиенттердің нақты
топтарына бағытталған жаңа қызмет түрлерін әрдайым жасап отыруы қажет. Банк
жұмысының бір ғана критериі клиенттердің нақты қажеттілігі болып отыр. Егер
банк қызметінің қандайда бір клиенттеріне сұраныс болмаса, онда оны
ұсынудың қажеті жоқ, ал тұтынушыларды мәжбүрлеу тіптен болмайды.
Банктік маркетингтік мақсаттарының бірі – жаңа клиенттерді
әрдайым тартып отыру. Индустриалды дамыған елдерде тұрғын халықты банктік
операциялармен қамту үлесі жоғары: 80% үй-қожалықтары банк клиенттері болып
табылып, олардың ағымды және жинақ шоттары, несие карточкалары бар. Сонымен
қатар банктер өздерінің клиенттеріне жаңа қызмет түрлерін ұсынуда,
кеңейтуде. Адамдар белгілі бір банктердің операцияларды жүзеге асыруы үшін
барып, аралас немесе қосымша қызмет түрлерінің сатып алатын болса, онда
клиентке қосымша шетелдік сапарлар кезіндегі қолайлы жағдайлардан
сақтандыру қызметін ұсынады.
Бәсекелік күрестің күшті жағдайында банктер өздерінің ресурстарын
жүйелі түрде толықтыру әдістерін жүргізіп отырады. Жеке тұлғаларды тарту
үшін, бір банктер көрмелер және спорттық іс-әрекеттер өткізіп отырады.
Салымдардың жаңа түрлерін құрады. Банктік маркетинг, клиенттердің нақты
тұтынушыларын есепке ала отырып, банк өнімдерінің тиімді нарықтарын іздеу
және қолданудан анықтауға болады. Бұл - банк мақсатын тағайындап, жоспарды
жүзеге асыру үшін нақты шараларды жасауды және оларға жетудің әдістерін
жасау және жолдарын табу. Маркетингтік қызмет проблемасының екінші жағы
бар, яғни жаңа өнімді жасау және сатудағы банк көтеретін шығын көлемі. Банк
құны жоғарғы ресурстармен жүргізеді, сондықтан, оны қызмет көрсету шығыны
төмен және сұранысы жоғары, пайдалы нарық сегменттерінде қолдану қажет.
Банк саласындағы маркетингтің ерекшелігі банк жұмысын
коммерциализациялауға ықпал етіп және ақша ресурстарының қолданылу
тиімділігімен ғана шектелмей, барлық банк қызметінің объекті ретінде
болатын ақша айналымынң ерекшелігін қамтиды. Ендеше, банктік маркетингтік
басқару шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысудағы үдету және жетілдіру
есебінен, ақша айналымын жылдамдатуға бағытталуы қажет. Маркетинг
клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандыруға және талдауға, есеп айырулардың
тез және дұрыс жүргізілуіне бағытталған.
Банк саласындағы маркетингтік басқару несие ресурстары нарығын
зерттеуге, клиенттердің қаржылық жағдайын талдауға және банктердің
салымдарды тарту мүмкіндіктерін, банк қызметінің өзгерістерін болжауға
бағытталған. Қазір кәсіпорындар мен ұйымдардың кез келген банкте шот ашу
құқы болғандықтан, банк ісіндегі бәсекенің негізін байытуда. Ендеше,
маркетингтік басқару қызметінің салаларын кеңейту, осы банк шотына
өздерінің қаражатын салуға клиенттердің ықыласын тудыратын шоттар да
қамтамасыз етуге бағытталған.
Банк саласында интеграциялық маркетингке көп көңіл бөлінуде. Өйткені ол,
салымшылар көлемін кеңейтуге бағытталып қана қоймай, оларға қызмет көрсету
сапасын жақсартуға да бағытталған. Банк саласындағы маркетингтік басқарудың
ерекшелігі, коммерциялық банктердің салымшыларды тартып қана қоймай,
тартылыс қаражаттарды несиелеу жолымен белсенді қолданылуымен
маңызданады.Бұл коммерциялық банктердің салымшылармен қатынас сферасында
кешенді даму қажеттілігін негіздейді де, несие саласындағы маркетингтің
күшеюіне де әкеледі. Бұл екі саладағы маркетингтің мақсаттыра да өзгеше:
біріншісі - қаражат салуылар есебінде банкке клиенттерді тарту, ал екіншісі
– банк үшін тиімді шарттармен қолданылатын кәсіпорындар мен ұйымдарға
несиелік ресурстарды бағалау.
Банктік маркетингтік басқару бір мақсаттың жүзеге асуына
бағыттайды: табысты тиімді қолдану және шаруашылыққа уақытша босаған ақша
қаражатын тиімді пайдалану.
Банктік маркетингтік басқару ерекшелігі оның тәжірибеде жүзеге
асырылу әдістерімен анықталады. Соңғы 10 жылдықта еліміздің банк жүйесінде
елеулі өзгерістер болып, банк қызметін күрделендіруде. Бұл құбылыстарды
қысқаша былай бейнелеуге болады:
-салымшылардың ресурстары үшін, тартылған ресурстардың орналастырудағы
тартымы үшін банктер арасындағы бәсекесінің күшеюі, бұл банк қызметінің
көрсеткіштеріне ықпал етіп, кейде банк пайдасының қысқаруына активті
күмәнді қарыздың өсуіне әкеледі;
- банктік емес қаржылық мекемелер тарапынан бәсеке күшейді - әртүрлі
сақтандыру зейнетқорлары, қаржылық, инвестициялық компаниялар;
- ақша қаражатын қарызға алудың банктік емес әдістері күшейді;
- бағалы қағаздардың жаңа түрлері белсенді қолданылуда;
- шетелдік банктер тарапынан бәсеке күшеюде.
Банкті маркетингтік басқару ерекшеліктірінің бірі, ол банк қызметінің
мемлекет тарапынан белсенді реттеліп отыруымен байланысты. Ресми заңдарға
қосымша, несие мекемелерінің өнімділігін қамтамасыз етуге бағытталған
міндетті нормативтер мен нұсқаулар бар. Бұл өз бетінше шешім қабылдауды
шектейді.
Банкті маркетингтік басқарудың ерекше белгілері ретінде көптеген
факторлар гаммасын көрсетуге болады. Ол оларды әрқашанда бақылауда ұстау
қажет: ақша айналымы және макро-микро деңгейдегі несиелер қатынастар,
ақшалық операциялардың орындалуында тәуекелдің төмен болуы.
Нарықтағы жетістік, маркетингтің үлкен жетістігі ахуалды жүйелі түрде
ұғуға, банктің күш-жігерін нақты үйлестіруге, мақсаттар мен міндеттерді дәл
белгілеуге және жетістіктерді бағалаудың ең жетілген әдістерін пайдалануға
мүмкіндік беретін стратегиялық жоспардың сапасымен анықталады
Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стратегиялық жоспардың
негізігі элементі болуы тиіс. Банктің маркетингілік стратегияны әзірлеудегі
нақты жұмысының негізгі кезеңдері қандай?
Бұл саладағы жоспарлау банктің күшті және әлсіз жақтарын, банк өз
қызметінде алдағы 3-5 жыл ішінде кездестіруі мүмкін қолайлы және жағымсыз
факторларды детальды түрде талдай алатын экономикалық болжау бойынша
тәжірибелі мамандарды жасақтаудан басталады. Бұл арада банк жұмыс істейтін
орта мен жағдай тиянақты талданатын болады. Саяси және экономикалық
факторлардың ықтимал ықпалы, банк заңдарының ықтимал өзгерістері,
технологиялық және әлеуметтік факторлар қарастырылады.
Стратегиялық міндеттерді анықтағаннан кейін топ банктің ағымдағы
жағдайынан алға қойылған мақсатына жылжудың желісін қалыптастырады.
Банк басқармасының қарауына және бекітуіне ұсынылатын баяндама жасалады.
Міндеттердің бекітілуі мен оның көрініс табуы жыл сайынғы нақты сандық
көрсеткіштерде түрленіп отырады.
Маркетинг стратегиясын банк мақсатына маркетинг құралы арқылы қол
жеткізудің ең жақсы жолы ретінде анықтауға болады. Маркетинг стратегиясының
сәтті жүзеге асуы мынадай факторларға байланысты:
Банктің ұйымдық құрылымында банк бизнесінің, маркетингтік жаңа
формаларын әзірлеумен айналысатын стратегиялық тұрғыдан дамытудың арнайы
тобын құру;
Стратегиялық жобаларды жүзеге асырушы жұмыскерлерді ынталандыратын
арнайы жүйені ұйымдастыру;
Стратегиялық жоспарлаудың артықшылықтарына банк басшылығын иландыру,
яғни стратегиялық жоспарда қарастырылатын міндеттердің басымдықтарына банк
басшылығының мүдделілік деңгейін көтеру;
Банктің стратегиялық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыруқызметіне
барлық деңгейдегі басшыларды тарту;
Стратегиялық жоспарлы бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы, яғни
қалайша орындалып жатқаны жөнінде оған жауапты барлық тұлғалар үшін ақпарат
жүйесін ұйымдастыру;
Нақтыбақылау жүйесін қалыптастыру.Маркетинг қызметінің тиімділігін
арттыруда банктік өнімдерді шығаратын отандық банктердің қызметінің негізгі
шарттары мен әдістерінің өзгеруі ерекше маңызға ие болады. Көптеген
банктерде, олардың ұйымдастыру құрылымын жетілдіру үдерісі, түбегейлі
түрдегі өзгерістерді енгізбей-ақ жасала береді. Лауазым иелерінің атауларын
механикалық түрде өзгерту ісі жүргізіледі, мысалы, өткізу ісін басқарушылар
көбінесе маркетинг ісін басқаруға тағайындалады.
Сонымен қатар, көптеген банктерде техникалық, қаржылық мақсатты
көздейтін маркетингтің өндірістік тұжырымына сәйкес менталитеті сақталады,
ал коммерциялық қызмет өндірілетін заттың өткізілуіне себеп болады. Сұраныс
пен бәсекелестіктің зерттелуіне жеткіліксіз түрде көңіл бөлінеді. Банк
басқармасының маркетингті түсінбеуі және оған күдікпен қарауы осыдан келіп
туады, банктік қызмет нарығы қызмет сапасына қарай тең дәрежедегі өте
жоғары бәсекелестікпен сипат алғандықтан осы терминнің кең түрде тұтыну
тауарларымен ассоциациялық байланысы болады. Сөйтіп нақты банк алдында
тұтынушылар сұранысын, олардың сатып алу процесін және өз алдына мақсат қою
талабын, өз қызметін көре және жобалай білуін, нарыққа табысты түрде
сатылатын тауарлар шығаруды зерттеу қажеттілігі туды.
Маркетинг банк үшін мақсатты нарық көзін анықтай отырып, банктің
барлық қызметін, өндіріс пен басқаруды қосқанда, жалпы мақсатқа жету жолына
бағыттай білуі керек.
Маркетинг кез-келген банктер қызметінде қолданыла беретін әмбебап
тәсіл болып табылмайды. Себебі әрбір кәсіпорынның қызмет ету жағдайы әр
түрлі, олардың әрқайсысы мүмкіндіктері мен тәсілдеріне қарай ерекшелінеді.
Сондықтан маркетингті пайдалануда отандық, шетелдік банктермен бірге,
басқаларының тэжірибесін механикалық дәрежеде ауыстыру мүмкін емес
болғандықтан, шығармашылық көзқарас мәселесі туындады.
Нарық қатынастары даму деңгейінің төмендігі, өндіруші мен тұтынушы
арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, нарық инфрақұрылымының дамымағандығы
банктердің маркетингті енгізіп және тиімді түрде қолдануына кедергі
келтіреді.Маркетингтің қолданылу тиімділігін төмендететін келесі себептер
бар:
- нарықтық қатынастар мен нарық мәдениеті деңгейінің төмендігі;
- отандық банктердің маркетингтік қызметін жобалау және жүзеге асыруға
қатысты практикалық және әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы;
- маркетингтің өндірістік менталитеті және оның тұтынушыға бағытталмай,
өткізуге бет бұруы. Табыс, не өткізуді арттыру немесе ұжымды сақтауға
бағытталған шаралардың артықшылығы;
- кәсіпорындардың түбегейлі түрде маркетингтік зерттеулер, үлгілер
жасау және жобалау конъюнктурасын өткізуде әдістемесі мен тәжірибесінің
жоқтығы;
- мәлімет көздерінің жеткіліксіз даму деңгейі.
Банктердің барлық бөлімшелерінде "айқын" бағыт алу, сонымен қоса,
банктің барлық қызметкерлерінің нарыққа бағытталу қызметінің жоқтығы.
Жоғарыда көрсетілген маркетингтің төмен дәрежедегі тиімділігіне қатысты
мәселелерді маркетинг қызметінің тиімділігінің артуына орайластыра шешіп
отыру қажеттігін көрсетеді.
Осы мәселенің шешімін табудың көптеген жолдары бар. Мәселен, отандық
банктердің маркетингтік қызметін жетілдіру мәселесін шешу үшін маркетинг
қызметін біртұтас жүйе ретінде құру қажет және ол қызмет атқара бастауы
керек деген көзқарастар бар екені белгілі. Мұны жүзеге асыру үшін
маркетингтің барлық қызметін банктің іскерлігімен байланыстыратын және оның
бүкіл қызметін нарыққа бағыттайтын маркетинг жүйесін әзірлеген жөн.
Жемісті маркетингтік іскерлік үшін оның жіктеулік көрсеткіштері маңызды
роль атқарады. Осы тұрғыда біз жіктеуді сыныптамалық - белгілер таңдауын
есепке ала отыра жүргіздік.
Сонымен бірге осы мәселені шешуші негіз ретінде жоспарлаудың толық түрде
өте дамыған жүйесін айтамыз.Бақылау деңгейіне байланысты маркетинг
көрсеткіштерінің макро- және микро ортасын бөліп көрсетуге болады.
Көрсеткіштерінің сипаты олардың сапалы және мөлшерлік болып
бөлінуін анықтайды.
Бақылау жүйелілігі көрсеткіштерді банктің жоспарлық болжамдары мен
жобаларының орындалуын сипаттайтын жергілікті түрі (локальдық) және банктің
үлкен, орасан зор мақсаттары мен жобаларының орындалуын сипаттайтын кең,
жаппай тараған түрі деп, бөлуге мүмкіндік береді. Маркетинг тиімділігінің
көрсеткіштерін бақылау дәрежесіне байланысты, маркетинг құрамына енетін,
оның жекелеген бағыттарының тиімділігін жекелеген және жалпы маркетинг
жүйесінің тиімді түрде қолдануылын сипаттайтын жалпылық көрсеткіштерге бөле
отырып, оларды түр-түрге бөлу жөн.
Жалпылық және жекелеген көрсеткіштер тиімділігінің өзара тығыз
байланысын ескере отырып, осы көрсеткіштер динамикасын, жүйелік талдау,
оның негізгі бағыттары болып табылатын: мақсаттылық, тұтастық, үзіліссіздік
бағытынан дұрыс деп ойлаймыз. Сонымен қатар, жүйелі түрде талдау шарттарына
сүйеніп отыру қажет.
Банктің нақты анықталған түрдегі маркетингтік жағдайын сипаттау және
орын алып отырған кезең жағдайын анықтау оның әрі қарай жетіліп отыру
бағыттарын толық және дұрыс түрде табуға мүмкіндік береді.

Шетел мемлекеттерінң банктік маркетингіне тоқталатын болсақ,
шетел елдердегі банк жүйесіндегі маркетингтік қызметтің дамуын
бақылаудың ерекше маңызы бар, өйткені дамыған елдердегі банктердің
тәжірибесі біздің отандық банк жүйесіндегі маркетинтік саланың қалыптасуына
әсер етеді. Сөйтіп, оны халықаралық стандарттарға жақындата түсіп,
Қазақстан банктерінің әлемдік деңгейде шығуына ықпал етеді. Демек, осыған
орай шетелдік әріптестеріміздің біздің елге, оның ішінде біздің банктік
жүйеге деген сенімін арттырады. Қазіргі тауар және қаржы рыноктарының
дамыған жағдайында банк жүйесіндегі маркетингтік қызметтің ауқымы күрт
күрделене түсуде. Қаржы мекемелерінің жаңадан несие мекемелерінің
тұтынушыларға қызмет ету құралдары мен әдістерінің жаңа түрлері пайда
болды.
Қазіргі кезде маркетинг банктердің қызметін жоспарлау, оны
ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы
замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz