Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
1 Қазақтардың поэтикалық өнері
2 Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
3 Дәулескер күйшілер
4 Айтыс
2 Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
3 Дәулескер күйшілер
4 Айтыс
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Мазмұны
1 Қазақтардың поэтикалық өнері
2 Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
3 Дәулескер күйшілер
4 Айтыс
5 Пайдаланылған әдебиет
Қазақтардың поэтикалық өнері
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа қарай қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Ән салу, күй тарту қазақ даласындағы жәрмеңкелердің де сәнін кіргізетін. Әр түрлі еңбек үрдістері мен тұрмыстық салт-сана жоралары да ән мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен балаларға арналған әндер де кеңінен таралған дәстүрлі әдет-ғұрып болатын.
XIX -- XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы толғанысында шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кәсіби поэзия қалыптаса бастады.
Қазақтың поэтикалық және музыка өнерін дамытуға Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақжігіт (Ақан сері) Қорамсаұлы сияқты тағы басқа да көптеген ақындар мен өнерпаздар үлкен үлес қосты.
Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
Махамбет Өтемісулы (1804 -- 1846) поэзиясы Исатай Тайманұлы бастаған 1836 -- 1838 жылдардағы көтеріліспен тығыз байланысты болды. Махамбет 1804 жылы Ішкі Ордадағы Бекетай құмында дүниеге келді. Ол жастайынан ақындық өнерге құмартып өсті. Оның асқан дарындылығына қалың жүрт- шылық бас иді. Махамбет от ауызды сөз шеберлігімен қатар, өзінің домбырашы-күйшілігі, батырлығы, ақындығы мен даналығы арқасында ел арасында даңққа бөленді. Ол орыс, татар және араб тілдерін жақсы білді. Сондықтан да ол 1824-1829 жылдары Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі ретінде Орынбор қаласында тұрды. Осы жылдары орыс жазушысы, этнограф В.И. Дальмен, саяхатшы ғалым С.Г. Карелинмен жақын танысып, достасып кетті.
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтерілісте өзінің жалынды өлеңдерімен халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Ол өз елінің отарлық езгіден азат болғанын көрсем деп армандаумен өтті. Махамбеттің өлеңдері халық көтерілісінің қуатты дауысы, бостандық пен әділдіктің ұраны болып табылады. Ақын көтерілісшілерді өзінің жалынды жырларымен жігерлендіре түсті әрі қарулы шайқастарға өзі де белсене қатысты. Ол патша өкіметінің халыққа қарсы саясатын, жергілікті хан, сұлтандардың қарапайым халыққа шектірген касіреттерін аяусыз сынға алды. Еңбек адамдарының құлдық өміріне қарғыс айтты: Қапыда өткен дүние-ай, Халқымның көрген қорлығы, Хандардың еткен зорлығы... Ата-ананы сөктіріп, Ат басына соқтырып, Нәлет айтса болмас па Осылай жүрген жүріске... 1838 жылы Исатай Тайманұлы қанды шайқас үстінде ерлікпен қаза табады. Махамбет Өтемісұлы қазак халқының тәуелсіздігі жолындағы күресті одан әрі жалғастыра береді.
Махамбеттің Ереуіл атқа ер салмай..., Соғыс, Алайма, сұлтан, алайма!, Баймағамбет сұлтанға айтқаны, Тарланым, Тайманның ұлы Исатай, Мұнар да мұнар, мұнар күн, Қызғыш құс және басқа өлеңдерінде көтерілісшілердің бейнесі, Исатайдың қаһармандық ерлігі шебер суреттелген. Өр рухты ақын туған халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресті жырға қосып өтті. Ақын Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881) қазіргі Ақтөбе облысының аумағында дүниеге келді. Жас шағынан өлең шығара бастады. Махамбет Өтемісұлы сияқты ол да Бөкей хандығындағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысты. Өзінің жалынды жырларында ол да халықты азаттық жолындағы күреске шақырды. Оның билеуші сұл- тан Баймағамбет Айшуақұлына арнаған өлеңі халық арасында кеңінен мәлім. Онда Б. Айшуақұлының халықтың мүддесіне қарсы жасап отырған озбырлығы, сұлтанның арамзалық әрекеттері аяусыз сыналады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында поэзияда күнделікті өмірдің әр түрлі салаларын, қарапайым адамды жыр етуде жаңа бастама қалыптасты. Осы орайда Жанақ Сағындықұлы (1775 -- 1846), Шөже Қаржаубайұлы (1808-1884), Сүйінбай Аронұлы (1815-1898) сиякты көрнекті ақындар шығармашылығының маңызы зор болды. Олардың поэзиясына патша өкіметінің отаршылдық езгісі кезіндегі елдің ауыртпалықжағдайы, күнделікті өмірдегі әлеуметтік-экономикалык мәселелер арқау болды.
XIX ғасырдың 40-60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат Бабатайұлын (1802 -- 1871), Шортанбай Қанайұлын (1818 -- 1881), Мұрат Мөңкеұлын (1843 -- 1906) қосуға болады. Бұлар зарзаман дәуірінің ақындары аталды. Олардың поэзиясының негізгі сарыны өткен заманды, қазақ халқының бұрынғы ерлік істері мен аңызға айналған өмірін аңсау, жаңа заманның зардаптарын сынау болды. Мұрат Мөңкеұлы Үш қиян деген өлеңінде Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі казақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттейді.
Еділді тартып алғаны -- Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны -- Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны - Ойындағысының болғаны. Маңғыстауда үш түбек Оны-дағы алғаны. Үргеніш пен Бүхарға Арбасын сүйреп барғаны - Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал мен басты есептеп, Баланың санын алғаны -- Аңғарсаңыз жігіттер, Замананы тағы да -- Бір қырсықтың шалғаны!
Біржан сал Қожағұлұлы (1825 -- 1887) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге келді. Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Жас кезінен-ақ ән салуға, өз жанынан ән шығаруға бейім еді. Ақын, сазгер әрі әнші ретінде ел арасында кеңінен танылды. Екі сыныптық қазақ-орыс мектебінде сауат ашты, содан соң Петропавл қаласындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білді. Біржан сал махаббат лирикасы саласында көптеген ән шығарды. Оның музыкалық-ақындық шығармашылығының демократиялық сипаты айқын байқалады. Біржанның әндерінде байлардың, старшындар мен болыстардың озбырлығы әшкереленеді.
Жаяу Мұса Байжанұлы
Ақын әйелдердің теңсіздігін жою жөнінде жар салды. Біржан салдың Айбозым, Ақ тентек, Біржан сал, Ғашығым, Айтбай, т. б. 40-қа жуық әні бар.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы
(1835 -- 1929) болды. Ол Баянауыл округының Ақшоқы деген жерінде дүниеге келген. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбыда оқып білім алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйренді. Көрнекті орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларымен таныс болды. Жаяу Мүса өзінің өлеңдері мен әндерінде жергілікті болыстардың зорлық-зомбылыктарын, патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі. Оның атақты Ақ сиса әні әлеуметтік Жаяу Мұса. әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Ол өзінің отаршыл үкіметіне қарсылығы үшін қырдағы қауіпті адам ретінде сотталып, Тобыл қаласына жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторына хат жазып, өзін армияға жіберу жөніндегі өтінішін жолдайды. Оның бұл тілегі қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда,
Ақан сері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz