XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
1 XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
2 XVII ғасырдағы мемлекет нышандары
3 Билер институты. Құрылтай
4 «Жеті Жарғы»
5 Меншік қатынастары. Салықтар мен міндеткерліктер

Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары
Мазмұны
1 XV -- XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
2 XVII ғасырдағы мемлекет нышандары
3 Билер институты. Құрылтай
4 Жеті Жарғы
5 Меншік қатынастары. Салықтар мен міндеткерліктер
XV -- XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның билігі тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды. Оның бұл кездегі ішкі құрылымы мен сыртқы жағдайынан дербес мемлекетке тән негізгі белгілерді анық байқауға болатын. Бұл уақыт мемлекеттік құрылымның түзілуіне негіз болған, өзіне тән тілі, салт-дәстүрі, мінез ерекшелігі, атамекені, сондай-ақ ортақ мүддесі бар қазақ ұлтының қалыптасу кезеңі еді. Қазақ хандығының құрамына енген ру-тайпалардың өзара экономикалық, мәдениет және қоғамдық-саяси байланыстарының нығая түсуі, этностық аумағының анықталуы, осының негізінде ортақ жалпы ұлттық мүдденің калыптасуы және оны сырттан төнген қауіптен ұйымдаскан түрде қорғау қажеттігі белгілі дәрежеде орталықтандырылған басқарушы билік жүйесінің пайда болып, оның ширай түсуіне алып келді.
XV -- XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында өтті. Еларалық қатынастар тынымсыз жаугершілік пен феодалдық қақтығыстардан тұрған бұл тарихи кезең жалпыұлттық мүдденің маңызын тура түсініп, мақсатты және саналы түрде қызмет жасаған белсенді тұлғаларды да өмірге алып келді. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін-өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұюдың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. XVII ғасырда казақ халқы сандық және сапалық өсу жолында тұрды, ол жалпыұлттық сананың қалыптасуына ұласты, ал бұл рухани-интеллектуалдық дәрежеде жүретін жинақы көрініс, мемлекеттік құрылымның бой көтеруі болатын.
Тарих бізге аксүйек төре (сұлтан) тұқымынан қазақ ұлты мен мемлекеттігінің қалыптасуы жолында еңбек еткен тұлғалардың есімі мен қызметін жеткізді. Солардың алдыңғы легінде Орыс ханның ұрпақтары -- қазақ хандары мен сұлтандары Жәнібек пен Керей, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке хандар тұр. Мәселен, егер жалпыұлттық мүддесін жеке өмірінен жоғары қойған Салкам Жәңгір 600 жауынгерімен 50 мың қалмақ әскеріне қарсы шығып, оны тоқтата алмаған болса немесе ханзадалық жағдайына қарамастан майдан даласындағы жекпе-жекте мерт болып, азаматтықтың биік үлгісін көрсетпесе, кейін ақтабан шұбырындыға ұшыраған қазақ жұртынан Қабанбай, Бөгенбай, Тайлақ және Саурық сияқты батырлар шығар ма еді?
XVII ғасырдағы мемлекет нышандары
XVII ғасырдың соңындағы Қазақ хандығында дербес мемлекеттікке тән қандай нышандар болды? Қазак хандығы бұл кезде шығысында -- Алтай таулары, батысында Жайық өзені, солтүстігінде -- Орал таулары, оңтүстігінде Алатаудың батыс етегі аралығындагы алып еуразиялық кеңістікті өзінің атамекені деп білген қазақ елінің басын біріктірген тұтас мемлекеттік құрылым болатын. Оның экономикасы кең аумақтағы табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан өзара тығыз байланысты көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілікке негізделді. Қоғамдағы саяси қатынастың бастау алар буыны және әуелгі субъекті -- рулық қауым болды, Рулық қауым -- тайпалық, тайпалық жүздік иерархияға ұласты.
Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғыс хан ұрпағы саналатын төре (сұлтан) тұкымына ғана тиесілі болды. Қарадан хан сайланған емес. Хан ел билеуші сүлтандар мен билердің, дінбасылар және ел арасындағы беделді адамдардың жалпыұлттық құрылтайында сайланды.
Ел арасында аса беделді төрт би сайланған. Хандық билік әкеден балаға мұраға өткен. Сонымен бірге қалыптасқан дәстүр бойынша сайланған хан өзінің хандық билікке лайық екендіғін ылғи да атқарған ісімен, қоғамдық мәселелерді шешуде ақыл-парасатымен дәлелдеп отыруға тиіс болған.
Иерархиялық билікте ханнан төменгі сатыда тұрған белсенді және ықпалды жеке сұлтандар бүтін бір тайпа елді билеген. Хан жеке сұлтандардың мұндай құқын мойындаған. Өз ретінде тайпа басы сұлтандар да орталық хандық билікті мойындауға тиіс болған. Күнделікті өмірде жергілікті ру-тайпа билігінің тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолында болды. Мұндай дәрежеге олар сайлау арқылы емес, ел мойындаған қызметі мен ақыл-парасаты арқылы жеткен. Ал олардың шешімі мен ұсынысы әділ болған жағдайда ғана ел арасында өтімді, ал өздері билік өкілі ретінде жұрттың сеніміне ие болған. Халықта Тура биде туған жоқ деген ұғым осы дәстүрлі жолды білдіреді.
Ең жоғары сот билігін хан иемденген. Ал одан төменгі сот билігі билерге тән. Көне дәстүр бойынша, билік қызмет елдің сенімі мен құрметіне ие адамға ғана жүктелген. Көп жағдайда би қызметін немесе сот ісін тайпа басшылары жүргізген, өйткені олардың кінәлі жақты сот үкімін орындауға мәжбүр етерлік күші болған. Әрбір бидің билік ауқымы өз ру-тайпасымен шектелген. Сонымен бірге өзге тайпа, тіптен, жүз адамдары келіп жүгінетін аса беделді билер де аз болмаған. Ал ру-тайпалар арасындағы даулы, сондай-ақ жалпыұлттық мәселелерді арнайы шақырылған құрылтайда талқылап, ортақ шешім қабылдап отырған.
Орыс тарихшысы А.Левшин қазақ мемлекеттігінің осы кезеңі туралы: Ол (яғни, Тәуке хан) өзінің ақыл-парасатымен және әділдігімен бәрін де өзіне бағынуға мәжбүр етті... және жалпыға ортақ заң беріп, сол бойынша төрелік жасады, сөйтіп күшке емес, ақылға, тәжірибеге және айлаға сүйенді. Әрбір Жүздің ерекшелігін ескере отырып басқару және бақылап отыру үшін оған бағынышты үш би сайланды:
Ұлы жүзде -- Төле,
Орта жүзде -- Қазыбек,
Кіші жүзде -- Әйтеке билер.
Билер институты. Құрылтай
Қазак хандығында мемлекеттіктің барлық негізгі белгілері болды. Хан -- мемлекет басы, ал оның жанында тұрақты билер кеңесі жұмыс жасады. Тәуке хан тұсында билер институтының белсенділігі өсіп, олар күнделікті құқық, шаруашылық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz