Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар



КІРІСПЕ

І АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ РУХАНИ . ИМАНДЫЛЫҚ ОЙ.ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Абай Құнанбайұлының дін туралы және еркін ой көзқарастары
1.2 Хакім Абайдың тәңір түсінігі

ІІ АБАЙ . ИСЛАМ БАҒЫТТАРЫН СИНТЕЗДЕУШІ ҒҰЛАМА РЕТІНДЕ
2.1 Абайдың Алланың салған жолында болу амалдары туралы
2.2 әл.Фараби, Шәкәрім және Абай дүниетанымдарындағы ислами.философиялық үндестіктер

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар

МАЗМҰНЫ

беттері
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3
І АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ РУХАНИ - ИМАНДЫЛЫҚ
ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Абай Құнанбайұлының дін туралы және еркін ой
көзқарастары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 6
1.2 Хакім Абайдың тәңір түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ АБАЙ – ИСЛАМ БАҒЫТТАРЫН СИНТЕЗДЕУШІ ҒҰЛАМА
РЕТІНДЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 22
2.1 Абайдың Алланың салған жолында болу амалдары
туралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 22
2.2 әл-Фараби, Шәкәрім және Абай дүниетанымдарындағы
ислами-философиялық үндестіктер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі.
Тәуелсіздік алғанға дейінгі діни дамуы кеңестік дәуір идеологиясы
үстемдік етуімен тығыз байланысты екені баршаға аян. Бұл кезең жас ұрпаққа
коммунистік негіздегі біржақты атеистік тәрбие берумен ерекшеленеді. Ұзақ
жылдарға сан ғасырлар бойғы қалыптасқан тәрбие негіздерінен айырды.
Халықтың рухани санасы азғындап ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан
адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерге түп негіз болған ділі мен
дінінен ажырады. Басқаша айтқанда, өзіндік имандылық келбетінен қол үзді.
Осының салдарынан рухани тұлға мұрасын оқытуда да осындай келеңсіздіктерге
жол берілді.
Тәуелсіздікті нығайтуда, жас ұрпақты осы айтылған ұлттық биік рухта
тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы кеңестік дәуірде жоғалтқан имандылық қалпын
қайта жаңғыртудың маңызы зор. Осы орайда, Ел Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың сөзімен айтқанда, “... жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек
бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты” дер кезінде
ең қымбат адами, дүнияуи көзқарастар негізінде адамгершілік, имандылық ізгі
қасиеттерге баулу қажет 1.
Бұл оң өзгерістер ғалымдар алдында жас ұрпақты тәрбиелеудің жаңа
міндеттерін әкелді. Оның бастысы – ұлттық ерекшеліктер мен жалпы
адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, рухани дүниесі бай, жан-жақты
мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу 2.
Мұндай жауапты міндеттерді шешу, бұған дейін қалыптасқан халықтық бай
рухани тәжірбиеге сүйенуді қажет етеді. Оның маңызды бөлігін ірі рухани
тұлғалардың мол мұрасы құрайтыны белгілі. Осындай тұлғалардың бірегейі –
Абай Құнанбайұлы. Оның есімі бүгінгі таңда тек қазақ жұртына ғана емес,
барша әлемге кең танылған.
Алайда, оның рухани мол мұрасының танылып болмаған қырларын таныту ісі
ешқашан тоқтамақ емес. Соның бірі – біздің зерттеуімізге өзек болған Абай
дүниетанымындағы ислами құндылықтар.
Абайдың негізгі зерттеу объектісі – адамның қоғамдағы болмысы. Сол
адамның эстетикалық, этиккалық талғамы, арман - мақсаты, өмірінің мәні,
сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең
тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен
ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық тұрғыдан
зерделеді. Ол адам табиғатын этикалық тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы,
бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға
тартады.
"Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов.
Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жан жарығы",
"хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық
адам", т.б. философиялық ұғым танымдар жөніндегі көзқарасы Ислам
философиясын терең танығанын байқатады.
"Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген
хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" -  деген пікір - ғұламаның
философиялық көзқарасы. Жалпы, Абайдың көркемдік, әлеуметтік, гуманистік
және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі -  қара сөздері. Абайдың қара
сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын,
философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде
жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын
Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.
Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсы біреуі мазмұн, тақырып жағынан
өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың
ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер
салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана
мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік,
ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір
қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері
сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара
сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында
жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б.
көптеген әлем тілдеріне аударылды 3.
Абай дүниетанымындағы ислами, рухани-имандылық идеяларына тікелей
қатысты зерттеулерге келетін болсақ, оның кейбір мәселелері 20-жылдардағы
саяси қуғындауға ұшыраған қазақ зиялыларының Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, сондай-ақ, тың
көзқарастар Абайтанушылар М.Әуезов, К.Бейсембиев, С.Байжанов, Ғ.Есім,
М.Мырзахметұлы, М.С.Орынбеков, Б.Сапаралы және т.б. еңбектерінде кездеседі.
Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар мен рухани – имандылық тәрбие
идеяларын бүгінгі ұрпақ қажетіне толыққанды жаратуда, жоғарыда аталған әр
кезең ерекшеліктерін ескере отырып, Абайдың ислами құндылықтарындағы ой
негіздерін тұтастай өз дәрежесінде қарастыру – ұлттық рухани-имандылық
мазмұнын байытпақ.
Зерттеудің мақсаты:
Хакім Абай мұрасындағы ислами құндылықтар мен рухани-имандылық
идеяларына тарихи-философиялық, дінтанулық талдау жасау, оның қазіргі
кездегі дамуы үшін қосатын үлесін анықтау. Осы мақсатқа жету негізінде
мынадай,
Зерттеу міндеттері ұсынылған:
• Абай дүниетанымындағы рухани-имандылық идеяларындағы ой-
пікірлердің қалыптасу көздеріне тарихи-философиялық талдау жасау;
• Абайдың ислами құндылықтарының мәнін ашу;
• Ислами ой-пікірлердің діни мағынасы ұғымын енгізудің ғылыми
негіздемесін жасау;
• Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтардың негізгі қағидаттарын
анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар мұрасын қалыптастыра отырып,
рухани – имандылық идеяларына діни-философиялық талдау жүргізілді.
Зерттеу объектісі: Қазақтың ұлы ақын-ғұламасы Абай Құнанбайұлының діни
- философиялық мұрасы.
Бітіру жұмысымның құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай
кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ РУХАНИ - ИМАНДЫЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Абай Құнанбайұлының дін туралы ойлары

Абайдың дін туралы ойлары оның балалық шағынан басталғаны айдан анық.
Соған байланысты біз осы зерттеу жұмысымыздың негізін ғұламаның балалық
шағынан бастағанды жөн көрдік.
Абай  бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын,
ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен,  ынталылығымен
ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап
өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.
Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға
карап: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек
болмас",—дегені халық аузында  мәтел болып кеткен.
Құнанбай кажының да кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының
ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен;  Құнанбай қажы
"Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының
балаларын окытқан. Абай сегіз жасында әуелі сол "Ескітам" медресесінде
дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін
байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне
береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы
"Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста
М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым
зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты
молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа
қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде
оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген.
Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі
сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-
ақ тез есейіп, ілім қуған кісінің қалпына оңай түсіп кеткен. Оқыған
кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Өзінің
әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде
жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен
шықпаған, ұмытылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның қалыптасу кезеңін
айғақтайды.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи,
Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И.
Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой,
И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын
оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты
ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді.
Есейген шағында, осы өзі оқыған философ,  ақын,  ғалымдармен тең
дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған
кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік
жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай
Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай
оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай
әке ықпалымен әкімшілік-билік жұмыстарына араласады. Ол әке касында болған
жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани
түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің,
жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді,
зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның
тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда
қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның
аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз
болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына
түсіп, жеңіп шығады.
1875 — 1878 ж. Қоңыр кекше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз
қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салды. Абай
кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика
комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А.
Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне
араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында
беделі өседі." 4
Ойшыл ұлы ақын Абайдың туындылары өз кезеіндегі әлеуметтік ой-пікірдің
сарқылмайтын бұлағы, алуан салалы энциклопедиясы. Ақын халықтың жоғын
жоқтап, мұңын жырлады, ал халық онан ақыл сұрап, кеңес алып, жарыққа
ұмтылды. Абай халықтың игі қасиеттерін бойына сіңіріп, жанына рухани азық
етті, халық мұрагері болды, ал халық өз перзенті – Абайдың мұрагерлеріне
айналды.
Міне, сондықтан да, Абай қалдырған ұлы мұра Кеңес заманында көп
тексерілді, тексерілуі де керек, тексеріле де бермекші. Бүгінгі ұрпақ
Абайды өз тұрғысынан сөз етсе, келешек ұрпақ өз тұрғысынан сөз етіп, ақын
мұрасын өз кезеңіндегі қоғам дамуының дәрежесі тұрғысынан қарастырып, үлкен
рухани тірегіне айналдырары анық деп білеміз.
Біз бұл кітапшада ұлы ағартушының дүниеге көзқарасының тек бір қырын
ғана, атап айтқанда, Абайдың дін туралы ойларына ғана талдау жасамақпыз.
Ең алдымен, Абай туралы еңбектерінде, оның дінге көзқарасы туралы екі
түрлі қате пікір болып келді. Кейбір зерттеушілер Абайды Ислам дінің қазақ
ішінен шыққан өкілі деп келді. Бұл пікір 30-жылдарда айтылды. Ал екінші
бір зерттеушілер, ақынның дүниеге көзқарасының басқа жақтарын кең де,
дәйекті талдап келіп, дін мәселесіне келгенде үстірт, жол-жөнекей ғана
соғып, Абайдың дін туралы түсініктері ақын шығармашылығының әлсіз,
кертартпа жағы деп сылап-сипаумен ғана тынды. Бұл пікір, тіпті соңғы кезге
дейін өзгермей келді.
Бірінші пікір Абайға тағылған жала болса, екінші пікір Абайдың дін
туралы түсініктеріне тарихи тұрғыдан қарамай, тұрпайы әлеуметтенуға бас
июдің салдарынан туған еді.
Кемеңгер ақынның дін туралы пікірлерін дұрыс түсіну, бағалау үшін оған
тарихи тұрғыдан қарау керек. Абай заманында қазақ сахарасында ислам дінінің
ықпалы бұрынғыдан да күшейе түскенін, оның күшейе түсуіне жергілікті
феодалдар да, патша үкіметі де жарыса ат салысқанын еске алу қажет.
Феодалдар бұрын көбіне рулық патриархалдық әдістермен жүргізіп келсе,
кейіннен ру жігі ыдырап, сауда капитализмі кіре бастаған кезде үстемдік
жүргізу тәсілдерін өзгертеді, ислам дініне табан тірейді, оны идеологиялық
құралға айналдырып, халық санасына мұсылмандық, діншілдік көзқарасты
сіңіруді мақсат етеді. Осы мақсатпен халыққа үлгі көрсетіп, ру басы
ақсақалдар, байлар мен билер дінге қарай ойысады. Қажыға бару оңтүстікте
күшейе түссе, батыс, орталық, шығыс Қазақстанда жаңадан өрби бастайды.
Мешіт, медресе салынып, молда, ишан, имам, хазірет саны көбейе түседі.
Ал патша үкіметін алсақ, отарлаудың алғашқы кезіндегідей әскер
жүргізіп, зеңбірек атып, ат ойнатып, көрінеу зорлық көрсетудің орнына, енді
отаршылыдқтың жаңа айла-тәсілдерін қарастырады. Бір жағынан, сауда
жүргізіп, зат сатып, арзанын қымбатқа өткізіп, сахараның экономикасын қолға
алады. Екінші жағынан, ертерек кездегі миссионерлік саясат, бұратана
халықты христиан дініне тікелей жақындату саясаты, ойдағыдай нәтиже
бермегендіктен, патша үкісеті халық алдында өзін дін бостандығын жақтаушы
етіп көрсету үшін ислам дінінің тарауына бөгет болмай, бұл дінді өз
мақсатына пайдалануға тырысады. Үстем тап пен дін иелерін қолда ұстаса,
халықты ақ патшаға шіркеу арқылы ғана емес, мешіт, медресе арқылы да бас
идіруге болады деп ұйғарады. Осы мақсатпен патша үкіметі сахарада мұсылман
молдаларының көбеюіне ат салысып, Татарстан мен Башқұртстаннан қазақ
даласына дін иелерін жіберіп отырады.
Абай өскен орта – Семей қаласы мен Құнанбай ауылы – айтылған саясаттың
айқын көрінісі көбейте бастайды. Семейдегі Абай оқыған молдалар –
Ғабдулжаппар мен Ахмет Риза сол ішкі жақтан келгендер. Бұлар мешітте
имамдық қылып, соның жанынан медресе ашады, онда ылғи дін сабақтарын
оқытады. Бұл медреселердің түпкі мақсаты – жергіліікті халық өкілдерінен
молдалар даярлау, солар арқылы халық арасында ислам дінінің ықпалын күшейту
болды 5.
Абай заманында ислам дінінің ықпалы қырдан гөрі қалада басымырақ еді.
Бірақ, сахараның алпауыттары қаламен ұштаса отырып, қырда да дін үстемдігін
арттыруға әрекеттеріп бақты. Бұған Құнанбай ауылы көрнекті мысал. Құнанбай
мұсылманшылықтың қырдағы ұйтқысы болып, қазақты “құдайдың” құлы,
Мұхаммедтің “үмбеті” етуге ыжда-атпен ат салысты. Ислам дінінің қырдағы бір
тірегі болуға ұмтылған ол аулында молда, қожаларды көп ұстады. Қарқаралыда
мешіт салғызды, өз балаларын діни мектепте оқытты. Ол 1879 жылы Меккеге
барды. Егер бұған дейін қажыға барушылар көбіне қожа, хан, төре тұқымынан
болса, қыр қазағы Құнанбайдың Меккеге баруы – қара қазақтан шыққандардың
қажыға баруына мұрындық болды. Феодалдардың түсінігінде, Құнанбай қарадан
хан болған адам болса, дін иелерінің түсінігінде, қарадан қажы болған адам
болып көрінеді. Құнанбай Меккеге барып, онда Тақия (қажыға барғандар
түсетін қонақ үй) салдырып, қайтып келген соң қазаққа қажыға баруды
үндейді, өзі енді халықтың қаны мен терін тек “Құнекең” болып қана сормай,
оның үстіне “қажекең” болып та сорады. Әдістің бір жағы - әкімшілікке
негізделсе, екінші жағы – діни үгіт-насихат ісін күшейте түседі. Бұл амалды
сол кездің бір ақыны:
“Найманды аралады помощник боп,
Сол елге ақыр заман болды сол топ.
Ақырды, дүре соқты, дін үйретті,
Айтайын қайсыбірін қылғаны көп”,
- деп дінді Құнанбайдың халық арасына күшпен тарататынын
суреттесе, екінші бір өлеңінде:
“Кешегі елден асқан біздің қажы
Молда алып дін үйретті қысы-жазы”, - 6
деп Құнанбай мен құнанбайшылардың елге таратқан “өнерін дәріптейді”.
Жазықсыз жандарды жазалауды, қарапайым халық өкілдерін қорлықпен
өлтіруді әдетке айналдырға Құнанбай мен оның сыбайластары ислам дінін,
шариғат жолын қаталдық пен қайырымсыздықтың, үстемдік пен жүгенсіздіктің
берік құралына айналдырды.
Абай заманындағы және оның өскен ортасы Семей қаласы мен Құннбай
ауылындағы ислам дінінің қысқаша мән-жайы осындай еді. Мұның үстіне, ХІХ
ғасырдың екінші жартысында, Қазақстанда діни кітаптар-қиссалар көп тарап,
сол кітаптар арқылы панисламизм уыт шаша бастайды. Бұл жөнінде М.Әуезов:
“Сол кезде басылып, тарап жүрген шала қазақша сексен шамалы кітаптың басым
көбі қиссалар болатын. Ол кітаптардың бәрін де қазақтың діншіл, кітапшыл
(исламшіл) молда ақындары шығарған. Осы шығармалардың көптен көбі
панисламизмді қазақ сахарасына таратып, сіңірудің үгіті еді”7, - дейді.
Сөйтіп, Абайдың дін туралы ресми түсініктері мен иелеріне қарсы күрес
жүргізген дәуірі – жергілікті үстем тап пен царизмнің бірлесіп алып, ислам
дінін қалады да, қырда да өрістетуге бой ұрған кезең еді. Феодализм мен
колониализм халық басына жоқшылық пен қанаудың ауыр салмағын баса салған
кезең еді. Сонымен қатар сол мұқтаждық пен қанауға қос қабаттасып
қараңғылық пен надандық, шамандық пен мұсылмандық та өрістей бастаған,
халық санасын уландыруды қаракет еткен қара ойлы бақсы – балгерлердің,
“сүйенгені надандық, сөйлегені жалған, дәлелдері тасбығы мен шалмасы”, “мал
құмар”, “жем құмар” молдалар мен ишандардың, имамдар мен хазіреттердің
көбейген кезеңі еді.
Міне, осындай кезеңде Шоқан мен Ыбырай сияқты Абай да халық тағдырына
ара түседі, сахараны басқан қараңғылықта сәуле болып, өз халқына білім мен
мәдениеттің рухын сеуіп, бұқараның “көзін қойып, көңілін ашуды” арман
етеді.
Ұлы ағартушының дінге көзқарасын сөз еткенде, оның дін туралы
түсініктеріне; Қазақстанда ислам мен этика туралы түсініктеріне;
Қазақстанда ислам дінінің қалай тарап, қалай дамығандығы жөніндегі
пікірлерінің; дін иелері мен мекемелерге, діни әдет-ғұрыптарға берген
сынына; әдебиеттегі діншілдік бағыттармен күресе отырып, халықтар достығы
идеясын қалай қуаттағандығына жан-жақты тоқталамыз.
Дін мәселелері туралы Абайдың талдамдары мен түсініктері, діни әдет –
ғұрып пен дін иелеріне берген сыны – ағартушылық, антиклерикалдық бағыттағы
талдам, сын. Сондықтан (басқа елдердің ағартушыларындай) Абайдың дін
жөніндегі пікірлерінде көптеген қайшылықтар бар. Сонымен бірге
бұрынғылардың ескерткеніндей, өткен дәуірдің мәдениет өкілдерін өзінен
бұрынғылармен, өз замандастарымен салыстырғанда, қоғам өмірінің рухани
мәдениетіне қандай үлес қосқандығымен бағаласақ, Абайдың дін мәселелері
жөніндегі пікірлерінде көптеген озық ой, алысқа сілтейтін арна бар
екендігін сезбеуге болмайды.

Өмірін тобықты ішінде өткізген, мектеп тәрбиесін Семейде алған
Абайдың дін жөніндегі түсінііктері қалай қалыптасты?
Діндар әке Құнанбай, басқа балалары сияқты, он жасар Абайды Семейдегі
мұсылман медресесіне береді. Сол кездегі көптеген діни медреселер сияқты,
Абай оқыған медресе де ишан мен имам, қари мен халфе жайлаған, құран мен
әптиекті түсіндірмей жаттататын, ораза ұстау мен намаз оқуды үйрететін
шексіз қараңғылық пен түпсіз надандықтың ордасы еді. Әке жарлығымен жас
сәбидің рухани өмірі де дін мен дін иелерінің ғұзырына тапсырылады.
Келешек ойшыл ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына медресе
бірталай әсер етеді, ықпал тигізеді. Бұл жай Абайдың алғашқы кезде жазған
“Иузи – рәушан, көзі – гау-ар”, “Әлифби” өлеңдерінен айқын сезіледі. Жас
Абай бұл өлеңдерін өзі медреседе оқыған араб, парсы тілдерімен шұбарланады.
Бұл өлеңдер – жас ақынның алғашқы тілін және оның сол кездегі ойлау
тұрғысын бейнелейді.
Ол кездегі әдеби тіл діни кітаптардың ықпалымен, араб сөздерімен
шұбарлана түскен. Қазақ ауылының “оқымыстылары” – молдалар мен қожалар.
Абай оқыған медрсесінің ғұламалары араб, парсы, қазақ, татар сөздері
араласқан шұбар тілде сөйлеушілер еді. Осы шұбар тіл – солардың
“білімпаздығының” белгісі іспетті-тін. Сондықтан да білімге құмартқан жас
шәкірттің бұл тілге еліктеуінен гөрі, еліктемеуі таңқаларлық болар еді.
Ал есейе келе Абай шұбар тілді, сонымен бірге дін иелерінің ықпалын да
сыртқа тебеді, ол кезде көп тараған кітап тіліне, қисса тіліне қарсы
күреске шығады, өз бетімен қазақтың әдеби тілінің негізін салуға талпынып,
өз халқының бай тілін, өткір сөздерін өнеріне асыл арқау етеді. Араб
мәдениетінің тілі болған араб тілін біліп, оған еліктесе де, ислам дінінің
тілі болған араб тілінің ықпалынан есейе келе бас тартпауы, ана тілін
ардақтауы, біріншіден, Абайдың ана тіліне сіңірген тарихи еңбегі болса,
екіншіден, оның ақыл-парасатының ислам дініне құштар болғанын көрсетеді.
Орыстың революцияшыл-демократтарындай, дүниетанымында атеистік ой-
пікірлерді толық қолдамағанымен, өзінің дін туралы түсініктерінің
қалыптасуының барысында Абай орыс жазушыларынан көп үйренді. Мысалыға Ю.М.
Лермонтовтан аударылған “Күнді уақыт итеріп” деген өлеңдегі мына екі
шумақты алайық:

“Көкке бақтым “Алла” деп,
Тамаша етіп құдіретін.
Рахматы оның онда көп,
Бізге түк жоқ тиетін”, -
деп құдіреті мен рахметін көк аспанға тығып алып, “Алла” жердегі адамға
рахымсыз қарайды деп Абай құдайға тіл тигізуге дейін барады. Екінші
шумақта:
“Неге сүйсін ол мені,
Өзім ақымақ, алмадым,
Көрдім артық бір сені
Рахматынан Алланың”, -
деп сүйгенін Алланың рахматынан артық бағалайды. Ал Абай заманындағы
түсінікте сүйген жарды рахматынан артық көру – дін бұзғандық, имансыздық.
Құдайға тіл тигізетін өлеңдер Абайдың төл туындыларында бар. Келтірілген
шумақтарға да тек аударма деп қарауға болмайды. Аурумен қатар бұл өлеңде
Абай өз ойын, көңіл күйін, құдайға қарым-қатынасын білдіреді. Аталған
өлеңде Лермонтов “құдай” деген ұғымды ашық айтпай, астарлап қана сездірсе,
Абай ешбір іркілместен, “Алла” деген ұғымды өз аудармасына еркін кіргізеді.
Демек, Абайдың дін туралы түсініктерінің қалыптасуына орыс ақын-жазушылары
да ықпал етті.
Абайдың ұрпаққа көрсететін жолы – адамгершілік жолы. Сол себепті ақын
өзінің көптеген шығармасына “Адам бол” деген этикалық принципті арқау
етеді.
Абай “адам” деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның
түсінігінде “Адам – ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен
білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы Тек осы қасиеттерді
түсінікті бір-бірінен мұқият ажырата білу қажет.
Діни түсініктегі нағыз адам – құдайға құлшылық етіп күніне бес рет
намаз оқитын; жылына бір ай бойы ораза ұстайтын, мешіттің, дін иелеріне
зекет-ұшырын үзбей беретін, қажыға барып, Меккедегі Қағбаға барып, Аллаға
сиынатын, мұсылманнан басқа дін өкілдерін кәпір деп санап, дін үшін күресте
шәйіт болуға әзір тұратын, - қысқаша айтқанда, исламның бес перызын
бұлжытпай орындайтын адам.
Абай дінді, оның қоғамдық өміріндегі көріністерін қатты сынға алғанша,
адамның жеке тұлғалық өміріндегі ислами құндылықтарды жоққа шығармайды.
Абай сыртқы діндарлық көріністерін ішкі имандылық мазмұнымен салыстыра
қарастырды. Абайдың иман ұғымы И.Канттың “таза моральдық сенім” ұғымымен
сәйкес келеді.

1.2. Хакім Абайдың тәңір түсінігі.

Абайдың шығармашылығы мен ой-тұжырымдарында иман мәселесі үлкен орын
алады.
Он үшінші қарасөзінде Абай иманға былай деп анықтама жасайды: Иман
деген – Аллаһ Тәбаракә уә Тағаланың*шариксіз*, ғайыпсыз, бірлігіне,
барлығына уә һәм неге бізге Пайғамбарымыз (с.а.с.) арқылы жіберген
жарлығына, бірлігіне мойынсұнып инандық.
Иман сөзі сөздікте дұрыстау, қабыл ету, қуаттау, сүйену, көңілмен
растау, сенімді болу т.б. мағынаға келді. Ал ислами ұғымда болса иман
пайғамбарымыздың Аллаһ тағала тарапынан алып келген хабар және үкімдерді
шын көңілмен жүрекпен сеніп, тілмен тиектеу дегенді білдіреді.
1. иман адамның қасиеті бір нәрсеге ішкі дүниесімен сену.
2. иман яғни Аллаһқа сенуде адамның өзіне ғана белгілі.
Иманның дәрежелері 1. ижмали иман иман етілетін нәрселерге жалпылай
сену. Аллаһтың жіберген заңдылықтарын мойындау. Лә иләһә иллаллаһ сөзімен
растау 2. тафсили иман иман етілетін нәрселердің әрбіріне ашық және кең бір
түрде иман ету. Аллаһқа, пайғамбарға, одан соң пайғамбардың хабар берген
үкімдерін рет-ретімен үйреніп, соларды растап, илану.

Иман тасдиқ және иқрар

Ислам ғұламалары иман тек жүрекпен тасдиқ па немесе иқрармен бірге
тасдиқ керек пе деген сұрақтарға әртүрлі жауап берген. Имама Ағзам Әбу
Ханифаның ойы бойынша шынайы иман жүрекпен тасдиқ деуде.

Тақлиди иман

Бір кісінің ешбір зерттеу іздеуінсіз ата-анасының қоршаған ортаның,
естіп үйренгендеріне сүйеніп, илануды тақлиди иман дейміз. Тақлид дегеніміз
еліктеу. Көбінесе мұндай жолмен сменген адамдар жаратушысын оның құдіретін
тереңінен түсіне алмайды. Сол себептен әр мезгілде бұның иманы күманға түсе
береді.
Исламда инанш системі
Тахқиқи иман тақлиди иманның керісіншесі болған тахқиқи иман сахыбтары
заттарға қарап немесе оқиғалармен жағдайяттарға көз жіберіп, ондағы
құдіретпен хикметтерді түсініп, мұның түбінде не жатқанын ойланып,
Құрандағы шындықтарға көрегендіктерімен сену.
Абайдың бұл анықтамасы иманның Ислам дініндегі анықтамасына дәлме-дәл,
тура келмесе де оған біраз ұқсайды. Ол анықтамада былай делінген: Иман –
Аллаһқа Мұхаммед (с.а.с.)-ның құлы және оның Аллаһ Тағаланың алып,
адамдарға білдірген, мүлтіксіз дәлелдермен білінген нәрселердің шын
екендікерін жүрекпен қабылдау, тілмен айту және дене мүшелерімен амал
қылу.
Абай иманның анықтамасынан кейін сөзін былайша жалғастырады:
... Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі, не
нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып,
ақылы дәлел испат* қыларға жарасса, мұны иақини иман* десек керек, екінші
кітаптан оқу бірлән, яки молдалардан есті бірлән иман келтіріп, сол иман
келтірген нәрсесіне соншалық беріктік керек. Біреу өлтіремін,-деп
қорқытса да, мың кісі мың түрлі нәрсе көрсетсе де, соған айнып, көңілі
қозғалмастай берік болуға керек. Бұл иманды иман тақлиди47* дейміз.... Иман
ету екі түрлі жолмен болады. Мұның біріншісі әлемдегі үйлесімділік
заңдылығына, ондағы құбылыстар арасындағы тәртіп жүйесіне, жаратылған
мақлұқтарға қарап ойланып, осының бәрінің жаратушысы, реттеушісі,
басқарушысы бар екендігіне өз ақылымен жетіп, осыған әлемнен, табиғаттан
және ондағы жан-жануарлар мен өсімдіктерден дәлелдер тауып, жүрегін барлық
күмәндардан тазартып барып, иман негіздеріне сену болып табылады. Осы
жолмен келтірілген иманды иақини иман деп атайды.
Иақин – көңілдегі күмәнді ойларды кетіруші ерекше бір ілім. Иақин
жолымен иман еткен адамға иақин егесі делінеді.
Иман етудің екінші бір түрі тақлиди иман деп аталады. Дәлел іздемей,
еш қарастырмай, тексеріп зерттемей иман етуге тақлиди иман дейді.
Осылайша иман еткен адамды муқаллид деп атайды.
Тақлид сөзінің сөздіктегі мағынасы көп. Солардың біздің қарастырып
отырған мәселеге қатысты еліктеу деген мағынасы.

Абай тақлиди иманды сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас
буын керек дейді және сөзін одан ары қарай былайша жалғастырады:
... Иақини иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алданғанға, я азғырғанға, я
бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп
ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай Тағала өзі сақтасын. Уа, әрнешік
білмек керек – жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы
келерлік орын ешбір пенде Құдай Тағала кеңшілігімен келеді дағы демесін,
оның үшін Құдай Тағаланың ғафуына*, яки пайғамбарымыздың шапағатына
симайды. Уа, мүмкін де емес. Қылыш арасында серт жоқ деген, Құдай
Тағаланың кешпес күнәсі жоқ деген жалған мақалды қуат мұндай пенденің жүзі
құрсын8
Абайдың бұл сөздері өте дұрыс айтылған. Оның Иманға қарсы келерлік
орын деп отырғаны иман негіздерінің бірін немесе Құран Кәрім мен
хадистерде айтылған нәрселердің бірін жоққа шығару, діни үкімдер, яғни
әмірлер мен шектеулердің Аллаһтың хикметімен қойылғанын қабыл етпеу болып
табылады. Енді бұл істерді істеген адамдар жайында не айта аламыз?
Абай он екінші қарасөзінде осы мәселе жөнінде де айтып өткен. ...Уа,
ләкин кімде-кім иман неше нәрсе бірлән51* кәмәләт52* табатұғын уә неше
жерден бұзылатұғынын білмей шалма басына орап, бірәдәр атын көтеріп,
рузашыл, намазшыл болып жүргені көңілге қалық бермей тұрып жартысын
салғанға ұқсайды...9
Абай отыз сегізінші қарасөзінде иман туралы былай дейді:
Әуелі, дін Исламның жолындағы пенделер иманның хақиқатын білсін. Иман
дегеніміз – бір ғана инандық емес, сен Аллаһ Тағаланың бірлігіне, Құран
Кәрім Оның сөзі екендігіне, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.)-ның Оның
тарапынан елшісі екендігіне инандық. Жә, не бітті? Сен Аллаһ Тағала иман
келтіремісің, я өзің үшін де иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де
Аллаһ Тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді, я өзің үшін иман келтіресің,
жә, инандық. Ол инанмақтығың құр ғана инанмақпенен қалса, саған пайда
бермейді. Оның үшін сен өзің инанмақтығыңнан пайдаланамын десең, пайда
береді, кәміл иман болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек10
Абай бұл қарасөзінде негізінде толық иман және шынайы мүмін жайында
айтқан. Ол бір мұсылман әуелі иман, яғни толық иман туралы білу керек
дейді. Иман дегеніміз – бір ғана инанмақ емес деген сөздермен шынайы
нағыз иман дегеніміз жалғыз сенумен ғана болмайды дегенді меңзеп отыр.
Нағыз мүмін, яғни Аллаһ Тағалаға лайықты құл болу үшін, жәннәтқа кіру үшін
жеткіліксіз. Бұл жайында Құран Кәрімде баяндаған:
Адамдар, сірә иман еттік, (болды), енді ешқандай сыналмай жайымызша
жүре береміз деп ойлай ма екен? (Ғанкәбут сүресі 2-аят).
Адам өзгелермен қарым-қатынасында жанын таразы етіп, барлық нәрсені
осымен тартуы тиіс. Жанының қалауларын өзгелер үшін де тілеп, өзіне
ұсқынсыз, жағымсыз жағдайларды өзгелерге де тілемеуі тиіс.
Сен (адамзат баласы) өзіңе жасалған жақсылықтардың салдарынан ар-
ожданыңды оятып, жақсылық жасаушының қадірін білмек керек. Адам
жақсылықтың құлы - демекші қайырымдылық та жамандықтан қорғану жолының
бірі.
Адамның адамдығы – ақиқатты қайда болса да жақтап, одан айырылмай,
қолынан келгенше қайырымдылық жасауға тырысқанда белгілі болады. Иә, адам
жамандық көрген адамнан бір жолата бет бұрып кетпей, барынша адамгершілік
қасиеттерінен айырылмауға тырысқан жөн. Сондай-ақ жамандық жасау хайуани
бір қарекет, ал жамандыққа жамандық жасап есесін қайтару, бұл адамдағы
үлкен бір кемшілік. Жамандыққа жақсылық болса, бұл мырзалық, ездік емес
ерлік.
Бір адамның өзге адамдар үшін ең жақсы ізгілігінің бірі оның бойындағы
кемшіліктерін тәптіштемей, жіберген қателіктерін кешіре білу. Адамдарға
жасаған таудай жақсылығын жариялай бермей, өзгелерден алған титтей де
болсын жақсылығын көкейінде әрдайым сақтап, керісінше өз бойындағы
қателікке зер салып қарау орынды. Бұл Абайша:
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым,-демекші бәрінен бұрын адам қателікті өз бойынан
тауып, өзгелерді сынамағаны жөн.11[1,252-бет ]
Біз адам бойындағы қателікті кешіру барысында кейбір зұлымдық,
бұзықтық, бүлікшілік сияқты жағдаяттар орын алса, онда оны ескертіп,
айыптай білуіміз керек. Өйткені мұндай қасиеттердің қоғамға қаупі зор.
Негізінде адам баласының бір-бірімен татуластыратын да, шиеленістіретін
де қарым-қатынас. Бұл қарым-қатынас әртүрлі болады. Соның оңтайлы
позициясын алып қарайтын болсақ, адамдар арасындағы біріне-бірі көмек беру.
Яғни, бір сөзбен айтқанда адамның күні адаммен деп түйіндейміз.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) Бауырың залым болса да, зұлымдық көрсе
де, жәрдем ет дейді. Яғни, мұнда көмектесу сөзі екі тұлғаға да ортақ
болып тұр12.
Бастапқысы залымды зұлымдығынан қайтару шараларын іздестіріп, ол жолдан
құтқаруға тырысу. Бұл жерде залым да өз нәпсісінен зұлымдық көріп отыр. Ал
екіншісі болса, зұлымдық көрген кісінің халі. Бұған тоқталмасақ та белгілі.
Абай атамыз: Адамшылықтың алды-махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек
емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол жаратқан тәңрінің ісі,-
дегендей, адамдар арасында да өзара махаббат болса қайырлы13.
Адам тұрақты емес, әрдайым өзгеріп, даму үстінде болады. Адам- дамушы
немесе құлдыраушы, есейеді, қартаяды, нәзік, бірақ та нәзіктігін мойындай
алмайтын бір жаратылыс.
Дүниеде ең құпия нәрсе адам демекші адамды түсіну, ұғыну, бұған қоса
біреуге түсіндіру өте қиын болса керек. Біз өз өзімізді тануда бір
тығырыққа тірелеміз. Дәл өзіміздей басқа адамдардың жанын түсіну қиын
болса да, біз олармен қарым-қатынас жасаудамыз.
Шынында да адам кім? Оның қандай қасиеттері бар?- деген сұраққа жауап
іздеп көрейік.
Адам мен демекпен басқаларын да танытып отыр. Біздің мендігіміз бір-
бірімізбен тығыз байланыста екенімізді көрсетіп отыр. Аллаһтан басқа Тәңір
жоқ деп айтқандар Жаратушының алдында Жаратушының барлығын, сонымен қатар,
өзінің бар екендігін де дәлелдеуде. Адам Аллаһ және адам махаббатымен өзін
ашуға шақырылған. Сондай-ақ адам Аллаһты сүю үшін Оны тану, білу ләзім.
Аллаһты тану – адам және әлемді танумен басталады. Жын мен адамды өзіме
құлшылық үшін жараттым.(Зәрият 5156).
Аллаһқа деген махаббат оның жаратқан адам және заттарды тану және
оларға деген мейіріммен қарау. Расулұллаһты (с.а.у.) да сүю ләзім. Аллаһты
ақиқатпен (мағрипат) тану ғибадатқа жетелейді. Мағрипат төртеу: нәпсісін,
Раббысын, дүниені, ақыретті тану.
Адам ұғымын араб тіліндегі инсан сөзімен салыстырып қарастырсақ
инсан сөзі екі мағынаға сай келеді. Алғашқысы инс сөзі даму, жанға жақын
болу деген мағынада. Ал екінші мағынасы болса неси, мұнда неси
сөзінисян деген ұғымды қамтиды. Бұл ұмыту дегенді білдіреді.
Негізінде бұл жоғарыда айтылып кеткен екі ұғым да адамның табиғатында
кездеседі. Адам өмірін жалғастыру үшін әрдайым жан-жағындағы адамдармен
қарым-қатынас жасауға міндетті14.
Сонымен қатар адам ұмытушы, қайғы, уайым, дерттерді, қуаныштарды,
өмірде басына келген жақсылық пен жамандықты ұмытуы деп білеміз.
Адам барлық нәрсені ұмытып, өз өмірін жалғастыра береді. Ең жақынынан
айырылған адам өзінің қасіретін ұмытпаса, әрі қарай өмірін жалғастыруы
қиын. Сол себептен де болар ұмыту адам үшін берілген бір нығмет болып
табылады.
Адам бойында позитивтік және негативтік қасиеттер бар. Адамның нәзік
тарапын айтар болсақ, олар: мал және дүниеге қызығушы, тәкаппар, сараң,
үмітсіз залым, надан талас-тартысты сүйеді т.б. Ал адамның позитивтік
жағын айтар болсақ мынадай қабілеті бар: заттарға есім қою қабілеті,
жақсылықты сүю, сабыр, әділетсіздікке қарсы болу, кешірімшіл, жақсылыққа
бастаушы т.б.
Адам баласына өз бойында мынадай төрт фактор әсер етуде. 1. Адамның өз
нәпсісі 2. Жаратушы Аллаһ 3. Адамның затпен қатынасы 4. Адамның өзгелермен
қарым-қатынасы.
Адамның аталып өткендердің ішіндегі ең бірінші назар аударарлық
мәселесі өз нәпсісі. Өйткені адамның өз ішкі дүниесімен болған байланысы
тура болса, басқа да айтылған факторлармен ара қатынасы жақсы болады. Егер
де бұл болмаса барлық нәрсе керісінше халге көшеді15.
Өкінішке орай адамдар өзін танымастан бұрын өзгелерді тануға тырысады.
Өзінің ішкі дүниесіндегі сезімдер арпалысып жатқан адамның өзгелермен қарым-
қатынасы қалай дұрыс болсын. Тіпті адам өзінен қандай ұзақтағанын білмей,
өзін-өзі алдайды.
Міне адам осы сияқты мәселелерге түспестен бұрын өз нәпсісімен,
менімен дұрыс танысуы тиіс. Өзіне Мен кіммін? , Ей жан сен кімсің?
деген секілді сұрақтарға жауап беру керек сияқты. Мәселен бір нәрсені
жақсы көрсең жаным дейсің, сондай-ақ жан досым- дегендей сөздер бейне
бір ішкі дүниеңнен сыр шерткендей, ішіңіздегі жанға әуелі кімсің деген
сұрақты қоя білу өзіміздің бар екеніміздің дәлелі. Өйткені мен кіммін?
деген сұрақ мен бармын - деген сөз.
Адамның өзінің ішкі дүниесін таныған соң жаратушымен байланысы
басталады. Адамның мен бармын деуі жаратушы бар демек. Яғни, кім
нәпсісін, өзін таныса жаратушысын тани бастайды. Шынында да нәпсісін
таныған бұл дүниеде өзінің бар екенін, ішкі дүниесін тура жолға бағыттаған
әлбетте Аллаһ тағаланы таныр.
Адамның ақылы жаратушысын тануға қабілетті. Адам жаратушысын мағрипат,
сену, амал, шешім жолдарымен таниды. Аллаһ хақындағы білімдерге мағлұмат
емес мағрипат дейміз. Мағлұмат тек қана білудің дәлелі болса, мағлұмат
болса білудің һәм танудың дәлелі. Жартушыны тану жолының ең алғашқы сатысы
осы мағрипат болып табылады.
Ал сезіну мағрипат ақылдың құралы болса, сезіну жүректің құралы. Ақыл
бір білімге қол жеткізсе, жүрек оның дұрыстығын, туралығын растайды.
Адамзаттың жаратушысын тануы ақылдың алғырлығы мен жүректің сезуінің
бірігуімен болады. Сенімсіз иман болмас.
Адамзат Алласын танудағы жолда ақылға жетіп, жүрек сезген соң осы екеуі
тәнді бір іске бастауға итермелейді . Өйткені ақиқатқа қол жеткізген ақыл
мен жай тапқан жүрек екеуі бірігіп, тәнді бір қарекетке бастайды. Түптеп
келгенде бұл амал болып саналады.
Адам баласының Аллаһты танудағы соңғы сатысы – шешім болып табылады.
Амалдан кейінгі келетін шешімнің орны өте маңызды. Өйткені адам көрген
тәжірибелерінен барып шешім шығарады.
Мұны Абайдың тілімен түсінуге тырыссақ он үшінші қара сөзінде : Енді
бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуел не нәрсеге иман
келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып ақылы дәлел
испат қыларға жараса, мұны яқини иман десек керек.16
Міне мұнда жоғарыда біз таныстырып өткен иман сипаты осыған дөп келеді.
Айналамыздағы қоршаған заттарды көру, білу, тану адамдардың қабілетіне
байланысты. Мәселен бір ғалым мен ағаш ұстасының немесе физиктің қарапайым
ағашқа қарағанда әрқайсысы түрліше қортынды шығарады. Демек барлығының
назарын аудартқан обьект біреу болғанымен олардың әрқайсысының өзіндік
көзқарастары бар.
Адамзат табиғаты алуан түрлі қасиеттерден құралған. Сол сияқты адам
өзгелермен қарым- қатынас жасауы да күрделі процесс. Өйткені өз бойында
табылатын дүниеге қызығушылық, опасыз, өз пайдасын ойлаған, сабырсыз т.б.
Сол сияқты жақсы тарапынан қарастырсақ жауапты, жақсылыққа шақырған,
шыдамды, сабырлы т.б. қасиеттері бар адаммен қарым-қатынасқа түседі.
Мінекей адам мен адам қарым-қатынасы екі адам әлемінің бір жерге келіп
үйлесуін білдіреді. Сондай-ақ адам бұл әлемде өзіндей адамдарға мұқтаж,
бұған қоса солармен араласу жолын қарастырады. Адам қарым-қатынасының мәнін
түсіну ерекше бір қасиет тудырады. Осы қасиет саясында адам өткенін және
келешегін дұрыс түсінудегі жолын таба алады.
Егер де адам басқалармен құрған қарым-қатынасын дұрыс реттей алса
бақыттылық пен шаттыққа қол жеткізеді. Адам өзгелермен қарым-қатынасында
бірінші өзін солардың орнына қойып: мен оның орнында болғанымда не істер
едім-деген сұраққа жауап беруі тиіс.
Қазіргі уақытта мұны импатия (empati) деп атауда. Яғни, бұл өзге
адамдардың сезімдерін түсінуге тырысу. Сонымен қатар адам өзгелердің
сезімдерін бөліспестен бұрын, адам өзін өзгенің орнына қоюға дағдылана
білуі оңды іс.
Өзің үшін тілеген нәрсені, өзгелер үшін де тіле,- дейді
пайғамбарымыз(с.а.с.).17
Мұны дұрыс ұстанған адам өзінің жек көретін нәрселерін өзгелердің де
ұнатпайтынына көзі жетеді. Өзінің әрбір іс-әрекетін қадағалай білгендей,
басқаларды да тура түсіне алады. Ал мұны меңгере алмаған адам әрдайым
өзінен сыртқы дүниеге көз тігіп, өз істеріне қарамай, өзгелерден мін іздей
бастайды.
Мінекей мұндай қатынастардың оңтайлы жолы импатия болып табылады. Оның
орнында мен болуым мүмкін, менде ұмытамын, менде қателік істеймін деген ой
тумалы. Мұны ойлай білген адам кішіпейіл, қателіктерді кешіре алатын
мейірімді, жанашыр бола алады.
Адамдардың кемшіліктерін көрмей жақсылықтарын ескер. Адамдар қарым-
қатынаста бір-бірінің қателіктерін, кемшіліктерін көруі мүмкін. Бірақта
мұндай уақытта оны елемей, оның бойынан мін іздемеуі тиіс.
Нағыз идеалды адам бауырының басына келген бәлелерден құтылу үшін
онымен дерттесіп, сүйеніш бола алады. Оның қуанышымен бірге болады.
Адамдардан қазір қандай қателік істейді екен,- демей, олардан үнемі
жақсылықты ғана күтеді.
Сөзімізді түйіндей келе адам өзіне дұшпан іздеместен бұрын, достыққа
ұмтылу керек секілді. Байыптауымызша Абайдың мына отыз сегізінші сөзіне
көңіл бөліп қарасақ мұнда достықтың адамдыққа көптен-көп қызметін байқауға
болады. Ол мынадай үлгіде еді: Құдай тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен
жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы
адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейтпек. Ол
досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық
макамында болмақ. Кімге достығың болса, достық достық шақырады, ең аяғы
ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я
қылықпен өзін өзі артық көрсетпек мақсатынан аулақ болу.
Бойын жамандыққа алдырған адамның үнемі өзгелермен қарым-қатынасында
нұқсандарын көріп, өзінің замандастарының татулығын бұзып, адамның өзіндік
дамуына кедергі болады. Яғни, басқаларды үмітсіздікке түсіріп, тіпті:
меннен ештеңе шықпайды деген ойға итермелейді.
Сондай-ақ адамдар өмірде жақсылық жасап, адамгершілігін арттырудың
орнына, үмітсіздік пен жаманшылықтың жолына түсе бастайды. Болашағы
белгісіз бағыттан құтылудың жолы қуанышта да, қайғыда да табанды болып,
әділеттілік пен ақиқатты тартынбай тілге тиек ету. Мұндай шиеленіскен
шеңгелден адамды сергек ақыл мен ыстық қайрат қана алып шығады.
Құранда айтылған әф’идә (kalbler, hearts) сөзінің мағынасы да
осыған сай келеді (Мүлік 6723).
Мұхаммед (с.а.у.) Оларға: Ол сондай Аллаһ – сендер үшін есту, көру
және сезу жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер! – де.
Яғни Аллаһ бізді хайуан сияқты емес, адам етіп жаратты. Сондай-ақ адам
баласына тура жол мен жаңылысты айырып, түсіну үшін мүмкіншіліктер берілді.
Жаратушы есту сезімін беріп, сол қасиетпен тура жолды үгіттеген кісілердің
сөздерін естіп, сол жолмен жүруге шешім (қарар) беру мүмкін, әлемдегі
Аллаһтың бірлігіне ишарат болған әр түрлі көріністер мен жаратылыстарды
көріп, мұның түкпірінде жатқан Жаратушының шеберлігін тану.
Сіздерге түсіну қабілетін қолданып тура және жаңылысты ажырата білсін
деп тарту еткен. Тек қана Аллаһ сіздерге бұл білім, ақыл, көру, сезім
нығметтерін хақты білуің үшін сыйға тартқанына байланысты барлық істе
қолданасыңдар. Бірақ та көп адам бұларды хақ жолында емес, керіснше
қолданады (Мүминун 75-76).
Егер оларға мархамат етіп, бейнеттерін айықтырсақ та қасарысуларында
абыржып кете береді 18.
Рас оларды одан да алдық. Сонда да Раббыларына мойынсал болмады әрі
жалбарынбады19.
Сондай-ақ ақыл және тәжірибемен қаншама білімдердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Бақыт ұғымының теориялық негізі
Абай қарасөздерінің зерттелуі
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Ислам теологиясы
Абай Құнанбаевтың дүниетанымындағы адам мәселесі
Пәндер