«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-9 бб
І - тарау. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы . . . 9-31 бб
1. 1 Жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы қазақ хандығының ішкі және
сыртқы жағдайы . . . 9-16 бб
1. 2 Жоңғар - қазақ қатынастары . . . 17-22 бб
1. 3 «Ақтабан шұбырындының» басталуы . . . 23-31 бб
ІІ- тарау. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ
халқының тәуелсіздік үшін күресі . . . 32-53 бб
2. 1 Ордабасыдағы құрылтай . . . 32-36 бб
2. 2 Аңырақай шайқасы . . . 37-45 бб
2. 3 Батырлар мен билердің тәуелсіздік жолындағы күрестегі рөлі . . . 46-53 бб
Қорытынды . . 54-56 бб
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі . . . 57-60 бб
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. ХV II ғасырдың алғашқы үштен біріндегі Қазақстан тарихы жоңғар шапқыншылығындағы қарсы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінің жарқын беттеріне толы. Соның ішіндегі шайқастардың ең шоқтығы биігі - Аңырақай шайқасы. Зерттеуші - тарихшылардың әр дәуірдегі өкілдері Аңырақай шайқасынан халықтың бірлігін, ұлттық тұтастықты, халықты әскери өнерінің жетістігін, азаттық күрестегі тарихи тұлғалар мен ата - бабалар ерлігін көрсетеді. Осы арқылы әр кезеңдегі жас ұрпақ бойындағы Отансүйгіштік рухты тәрбиелеуде Аңырақай шайқасының орны ерекше.
Аңырақайға байланысты зерттеуші - ғалымдар арасында ортақ бір пікір қалыптаспаған. Ғалымдар ғасыр шайқасының болған жері, мерзіміне қатысты ортақ бір тұжырымға келе алмай отыр. Сонымен қатар шайқасқа Абылай қатыспады деушілер де кездеседі.
Өткір пікірталас әсіресе, шайқастың болған жеріне байланысты өрбуде. Бізге жеткен аңыздарға сүйенген кей зерттеушілеріміз оқиға Жамбыл облысы аймағында болған деседі. Тапонимикалық жер атауларының көптеп кездесуіне байланысты Аңырақай шайқасының болған жерін Алматы облысы территориясында дегенді жақтаушылардың үлес салмағы басым. Қалай десек те, бұл мәселеде объективті тұжырым жасалды деп ойлаймыз.
Аңырақай шайқасының болған мерзімі де әр зерттеушілердің әртүрлі көрсетулерінде көрініс тапқан. Зерттеп, дәлелдеуді қажет ететін мәселе.
Көріп отырғанымыздай, Аңырақай шайқасының тарихы әлі де болса жан - жақты зерттеуді қажет етеді. Тарих тылсымы Аңырақай шайқасының ақиқатын толық ашуға мүмкіндік бермей отыр. Бүгінгі ұрпақты өзінің ерекшелігімен қызықтырып отырған тарихтағы айрықша оқиғаның өскелең ұрпаққа берер ұлағаты, тағылымы мол.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Өкінішке орай, Аңырақай шайқасы тарихына арналған арнайы еңбек әлі күнге дейін жазылмаған.
Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың баяндалуына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет - ретімен баяндалмайды. Әсіресе, бұл екі шайқастың: 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр деген жерде және Аңырақай даласындағы жоңғарларды жеңген шайқастардың жай - жапсарына қатысты.
Қазақ - жоңғар қатынастарын ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында М. Ж. Көпеевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш - жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей - тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723 - 1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр жағдайы, басқа да мәселелер ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы тарихнамада И. Я. Златкиннің, Н. Г. Апполованың, В. А. Басиннің, В. А. Моисеевтің және басқалардың монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.
Атап айтқанда В. А. Моисеев жоңғарлардың қазақтармен арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынастарының, оның даму барысының сипатын ашып берді. Ол жоңғарлардың қазақтарға және Орта Азия халықтарына қарсы күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептерін ашып көрсетіп, Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себептерін түсіндірді. Сондай - ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесін айқындай бастаған жаңа күштердің (Ресей мен Қытайдың) саяси аренаға шығу белгілерін анықтап берді. /2/. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «ХҮIII ғасырдағы Қазақстан тарихынан» деген бірлескен еңбегінде осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қазақстанның Ресеймен, сондай - ақ Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» - XҮIII ғасырдағы Жоңғар хандығымен өзара қатынастарының тарихы түйінді проблемалардың бірі болып қалуда.
Сондай - ақ М. Тынышбаев өз еңбектерінде ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақтар тарихын кеңінен қамтиды. Атап айтсақ, «История казахского народа», 1926 жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «киргиз - казаки в ХҮІІ-ХҮІІІ в. в. » атты еңбегі, Ташкентте 1927 жылы жарық көрген «Великие бедствия . . . » атты еңбегінде зұлматты жылдардағы халқымыздың жоңғарлар тарапынан көрген тауқыметін, тағдыр тәлкегіне түскен қазақ халқының ауыр жағдайын суреттейді. Сонымен қатар, топонимикалық жер атауларына қатысты өз дәйектемелерін келтіреді /3/.
Кеңестік дәуірде Аңырақай шайқасы туралы ой - пікірлер тек жалпылама еңбектерде көрініс тапқан. Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы қалам тартқан Т. Рұсқұлов, Н. Г. Аполлова, Д. Дулатованың, т. б. ғалымдардың еңбектерінде сол кездегі саяси жағдай сипатталып, қосылу себептері көрсетіледі. Мысалы, Т. Рұсқұлов қазақ жүздерінің Ресей бодандығына өту себептерін бірінші кезекте Қазақстанның сыртқы саяси жағдайымен байланыстырады. Оның сыртқы саяси жағдайы қазақтарды шығыстан - жоңғарлардың, оңтүстіктен - Хиуа, Бұхара, Қоқан хандықтары, батыстан - ноғайлар мен қалмақтардың қысым жасауынан көрінген /4/.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеушілер ұзақ жылдардан соң отандық тарих проблемаларын жоғарыдан араласусыз және иделогиялық өктемдіксіз зерттеуге мүмкіндік алды. Бұрын көңіл бөлінбей қалған тарихи даталарды мерекелеу қолға алынды. Аңырақай шайқасы туралы еңбектер жариялаудың басты жетістігі де осы шаралармен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі және Білім және ғылым министрлігі Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметіне Аңырақай шайқасының 270 жылдығын мерекелеу туралы жасаған ұсынысына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылғы 8 тамызда №1221 қаулы қабылдады. Қаулыда: «Аңырақай шайқасының 270 жылдығын мерекелеу» 1999 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлардың тізбесіне енгізілді, - делінген. /5/.
Осы шараларға байланысты шайқастың маңызы жөнінде Алматы және Талдықорған қалаларында облыстық ғылыми - практикалық конференциялар өткізілді. Отар гарнизонында сарбаздар қатысқан конференция ұйымдастырылып, Аңырақай жеңісінің жауынгерлерге патриоттық тәрбие берудегі рөлі туралы баса айтылды.
Конференцияларда тарихшы - ғалымдар Ж. Қасымбаев, Б. Кәрібаев, М. Қойгелдиев, Б. Аяған, С. Жолдасбеков және сол кездегі ҚР Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаев т. б. жасаған баяндамалар негізінде «Армысың, ата тарих - Аңырақай» атты конференция материалдар жинағы 2001 жылы Алматы қаласында жарық көрді.
Аңырақай шайқасы жөнінде басталған жұмыстар ел құлағын елең еткізіп, қоғамда серпіліс жасады. «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылының» қорытынды шараларын өткізу аясында және Аңырақай шайқасының 270 жылдығына орай Манаш Қозыбаевтың, Талас Омарбековтың, Бақтияр Әбділдаұлының, Берекет Кәрібаевтың, Әділхан Байбатшаның, С. Дүйсеновтың т. б. көптеген зерттеушілердің жекелеген мақалалары «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттері мен «Қазақ тарихы», «Ақиқат» сияқты ғылыми - әдістемелік журналдарда, яғни мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының басты мақсаты - ХҮІІ ғасырдың соңы мен ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақ хандығының жоңғар агрессиясына қарсы жүргізген күресін, оның ішіндегі айшықтысы және ұлт тұтастығының көрінісі болған Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығын соңғы кезеңдерде жарияланған материалдар негізінде зерттеу. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегі тақырыптарды арнайы талдау объектісі ретінде алынып, одан мынадай міндеттер туындадаы:
- Жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайына сипаттама беру;
- Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы шиеленіскен қарым - қатынастардың себептері және барысы;
- Ордабасы құрылтайының мәнін ашуға тырысу;
- «Ақтабан шұбырындының . . . » қазақ халқына тигізген әлеуметтік зардаптарын ашып көрсету;
- Халықты жоңғар шапқыншылығынан азат еткен Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығын бағалауға тырысу;
- Тәуелсіздік жолындағы күрестегі батырлар мен билердің атқарған рөлін айқындау.
Осылайша, бітіру жұмысының хронологиялық шегі 1680-1730 жылдар аралығын қамтиды.
Бітіру жұмысының деректемелік негізі. ХҮІІ - ХХ ғасырдың бас кезі кезеңіндегі қазақтар тарихы жөнінде тарихи деректемелердің ауқымы кең дегенімізбен, жоңғарларға қарсы күрес туралы жазбаша деректер немесе архив деректері мүлде кездеспейді. Мұны біз ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырларда қазақтарда жазба мәдениетінің болмауымен байланыстырамыз.
Бұл кезең туралы басты деректемелік база ретінде халық ауыз әдебиеті алынғандығын атап көрсеткен жөн. Ауыздан - ауызға тараған шайқас туралы аңыздардың және жоңғар шапқыншылығын көзбен көріп, оған қарсы күрестерге қатысқан Қожаберген, Бұқар, Ақтамберді жыраулардың өлең - жыр, дастандарының бізге жеткен нұсқалары қамтылды. Сондай - ақ топонимикалық жер атауларының шығу тарихы болған оқиғалармен біршама сәйкес келуімен түсіндіріледі.
Бітіру жұмысының методологиялық негізіне айтулы тарихи оқиғаға объективті баға беруді басшылыққа алатын салыстырмалы тарихи талдау алынды. Тақырыпты жан - жақты ашу үшін ұлттық ой - сананың оянуы және соның негізінде отандық тарих саласында кейінгі жылдары ғылыми айналымға түскен іргелі еңбектерге сүйендік.
Бітіру жұмысының қолданбалық негіздеріне оның тарихи маңызын қоғамдық ғылымның әр алуан саласындағы еңбектерде қолдануға болатынын атап өткен орынды. Өйткені, Аңырақай шайқасының тарихы тек тарихи оқиға емес, сонымен қатар отансүйгіштікке тәрбиелеу құралы, әскери өнер жетістігі ретінде де дәріптелуде. Әдебиет саласымен байланысы өз алдына бір төбе.
Сондықтан, бұл зертеу бүгінгі тарихшылар, педагогтар, қоғамтанушылар мен әдебиетшілерге сол кезеңдегі Қазақстанға қатысты мәліметтер алуға өз пайдасын тигізеді деп білеміз.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, әрқайсысы үш тармақшадан тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І- тарау. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.
1. 1 Жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы қазақ
хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
ХҮІІ ғасырдың соңы - ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақ хандығының мемлекеттілігінің дамуында оның аймақтық байланыстары, қоғамдық қарым - қатынастарындағы әлеуметтік өзгерістері, хан билігінің күшеюі, қазақ жерін сыртқы жаулап алу факторы тұрғысынан тарихтың қатаң сынағынан өтуі тиіс болды.
ХҮІІ ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақ хандығының географиялық - саяси территориясына және мемлекеттілігінің саяси ахуалына арналған зерттеулердегі пікірлер ортақ емес. Мұның басты себебі - ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырларда қазақ тарихында сыртқы факторлар алатын үлес жоғары. Сондықтан, ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырларда қазақ жерінің территориялық шекаралары тұрақсыздық жағдайында болды.
ХҮІІ ғасырдың соңы ХҮІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ жерінің шекарасы солтүстігінде - Тобылдан Ертіске дейінгі аралықты, оңтүстігі - Сырдың орта ағысын және Ташкент қаласын қамтып өтіп, ал шығысында Жоңғар Алатауындағы Еміл өзенінен, батысында Сырға дейін созылып жатты. Қазақ қауымдық құрылымдарының ең көп бөлігі аймақтың оңтүстік, орталық және солтүстік - шығыс жақтарында шоғырланған. Ұлы жүз қазақтарының қысқы жайылымдары - оңтүстік Балқаш өңірінің құмдарында, Мойынқұмда, Іле, Шу және Талас өзендерінің аңғарларында, ал жазғы жайлауы Тянь - Шань мен Қаратау жотасының солтүстік сілемдерінде орналасты. Аймақтың оңтүстігінде Ұлы жүздің көшіп - қонатын өңірі Ташкент қаласы мен оған жапсарлас жатқан қалаларды және отырықшылық - егіншілік қыстақтарды қоса алғанда, Ферғана алқабының солтүстік - батыс бөлігіне дейін жетіп, Шыршық және Арыс өзендерінің аңғарларына созылып жатты және Сырдария маңында Бұқара хандығымен шектесті, ал оның Жетісу аумағы арқылы өтетін солтүстік шектері Орта жүз қазақтары қоныстанған ауданмен тікелей ұласты. Орта жүз қазақтары ол кезде Солтүстік - шығыс, Орталық, ішінара Оңтүстік - шығыс Қазақстанның кең - байтақ кеңістігін алып жатты. Кіші жүздің жері қазіргі Батыс Қазақстан аумағында орналасып, шығысында Орта жүздің қоныстарына, ал оңтүстігінде Қарақұм құмдарына қарай және Сырдарияның төменгі ағыстарына дейін қарақалпақтардың қоныстарына, сондай - ақ Түркістан қаласы аймағына қарай созылып барып, онда Ұлы жүз бен Орта жүз тайпаларымен шектесті.
Осы кезде халықты қазақ тарихында өшпес із қалдырған ірі тұлға Тәуке хан басқарды. Тәуке қазақ тарихында ақылдылығымен, парасаттылығымен, даналығымен аты шыққан хан болды. Халық оны пір тұтып, «Әз Тәуке» деп атады /6/.
Белгілі тарихшы - ғалым А. И. Левшин Жәңгір ханның баласы және мұрагері Тәукені ежелгі дәуірдің атақты ойшылы әрі философы Ликургке теңеп, «Айдаһар» деп бейнелеген.
Тәуке хан билікке келген уақытта ішкі жағдай шиеленіскен, саяси тұрақсыздық сипатында еді. Ел ішінде сұлтандар билігі күшейіп, билік үшін талас - тартыс өршіп тұрған кез болатын.
Әз Тәуке уақытша болса да ішкі өзара қырқысты тоқтатып, жүздер арасында тыныштық орната білді, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Тәуке билігі кезеңінде қазақтар мемлекеттілігінің күшті жаулар арасында беделін арттыру мақсатында, оны нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды. Кіші жүздің саны аз және әлсіз жеті руын «Жетіру» деген бір тайпаға, ал Орта жүздің уақтары мен керейлерін бір Уақ - Керей бірлестігіне біріктіруді халықтың ауызша әдебиеті осы ханның есімімен байланыстырады. Жауға қарсы күресу үшін ірі бірлестіктер мен рулар ғана күшті және жақсы қаруланған қол шығара алатынын ескергенде әлгі шаралар қазақ жасақтарының жауынгерлік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік берген. Кейбір зерттеушілеріміздің пікірінше, Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80 мың сарбазға жетіп отырған, ал бейбіт өмірде 500-1000- ға жуық жасағы болған /8/.
Сонымен бірге жер мен су жөніндегі топтар арасындағы таусылмас алауыздықтар мен жанжалдарды жою үшін Тәукенің бастамасы бойынша билер мен ақсақалдар кеңесі әр түрлі қауымдар мен рулардың көшіп жүретін жерлері неғұрлым айқын бөлініп, ру бөлімшелері ішінде ру таңбаларын пайдалану ретке келтірілген, қазақ қоғамында тарихи қалыптасқан дағдылы құқық нормаларын бір жүйеге келтіру, ішінара толықтырулар жүзеге асырылған.
Тәуке өте ақылды мемлекет билеушісі болды. Хандық өкімет тұрақты және билігі Қазақ хандығының үш жүзіне қатар жүрді.
Тәуке ханның Қазақ хандығында билік құрған алғашқы жылдарында оның барлық іс - әрекеті ішкі саяси тартыстан әлсіреген хандықты ішкі жағынан нығайтуға арналғандығын «Жеті Жарғының» қабылдануымен негіздеуге болады. Тәуке қазақ қоғамындағы қарама - қайшылықтарды шешуде, әлеуметтік және құқықтық нормаларды заң жүзінде баянды ете отырып, әрбір қауым мүшесі хандықтың қоғамдық құрылымына енуіне мүмкіндік жасады. «Жеті жарғының» қабылдауының басты себебі: әдеттегі құқықтық нормаларды реттеу қажеттілігінің туындауы, екінші жағынан саяси - әскери жағдай болғандығын оның баптарынан анықтауға болады.
Қазақ хандығында Тәуке хан тұсындағы ішкі саяси билікте «Жеті Жарғы» бойынша Шыңғыс ұрпақтарына қауым мүшелерінен артықшылықтар қарастырылған болатын. Ал іс жүзіндегі билік хандық ішіндегі «дала аристократиясымен» бөліске түскен еді /9/.
1680-1718 жылдары Қазақ хандығының ішкі саясатында билер үстемдігі күшейді. Ұлы жүзді Дулат, Жаныс руынан шыққан Төле би, Орта жүзді Арғын, Қаракесек руынан ұрпағы - Қазыбек би, Кіші жүзді Әлім руынан Әйтеке би басқарғаны туралы мағлұматтар белгілі. Бұлармен қатар Қаражігіт, қу дауысты Құттыбай, Шаппа, Тиес, Сасық билер болған. Билер сот қызметінен бастап ру басшысына дейінгі, қажет болған жағдайда елшілік қызметті де атқарған. Ел, мемлекет мәселесін шешуде хан айналасындағы от ауызды, орақ тілді шешен билерден құралған «билер кеңесімен» ақылдасып отырған. Билер кеңесіне тұрақты күші бар, кеңесші мәртебесі берілген. Билер кеңесі заң шығарушы міндетін де атқарған, сот істерін жеке билер шеше алмаған жағдайда кеңеске жүгінген.
Тәуке ханның заманында билер кеңесімен қатар «халық жиналысы» өткізіліп тұрған. Ол орыс деректерінде «старшындар жиналысы» делінеді /10/. Халық жиналысы төтенше жағдайда ғана емес, сыртқы саяси мәселелерді шешу мақсатында да шақырылып отырған. Тәуке тұрақты күздік жиналыс бекітеді. Бұл жиынға хан, басқа сұлтан, ақсақалдар, ру басылары тең халық ісін шешу үшін күзде жиналуы қажет және мұнда қару жасанып келуге міндетті /11/.
Сонымен қатар күздік жиналыста «қайда қыстап, қай өңірді жайлау керек, тыныштыққа қалай қол жеткізіп, қалай соғысу керек» деген мәселелер талқыланған. Мәслихаттарда аса маңызды экономикалық және саяси мәселелер, соның ішінде қоныстарды бөлісу, көшіп - қону тәртібі, ру аралық жанжалдарды талқылау мәселелері, соғыс пен бейбітшілік және сыртқы қатынастар мәселелері жөнінде шешімдер қабылданған.
Билер кеңесі мен халық жиналысы ел ішінде хан билігін нығайту, оны тұрақтандыру үшін, өзге сұлтандар арасындағы тартысты жою үшін де қажет болды.
Қазақ хандығының сыртқы жағдайы Тәуке хан билігі кезінде бірсыпыра тұрақтанып, нығайғаны белгілі. Тәуке хан билігі күшейген кезден бастап сырқы саясатта көрші елдермен бейбіт түрде байланыс жасай отырып, экономикалық қарым - қатынас та орната білді. Соның ішінде ұзақ уақытқа үзілген Ресей елімен мәмілегерлік сауда байланысын жаңартады.
ХҮІІ ғасырдың соңы ХҮІІІ ғасырдың басындағы бүкіл Орталық Азия мемлекеттерінде саяси тұрақсыздықтың өршіген кезеңі болды. Бұл әр түрлі топтардың мемлекет ішінде жеке билікке ұмтылған уақыты еді. Нәтижесінде Орталық Азияда оншақты жекелеген тәуелсіз ұлыстар пайда болды. Соның ішіндегі ірілері - Бұхар және Хиуа хандықтары. Тәуке хан Бұхар, Хиуа хандықтарымен бейбіт қарым - қатынасты сақтауды көздеді /12/. 1678 жылы Бұхар ханы Субханқұлы Қазақ хандығына Хошин би басқарған елші жібереді. Субханұлы ханның дәл осы жылы елші жіберуінің саяси мәмілегерлікте зор мәні бар. Оның жіберген елшісі Сыр бойындағы Ташкент, Сығанақ, Сауран сияқты қалаларды және соғыс тұтқындарын қайтаруды, Бұхар көпестерінің Қазақ хандығына ішкерілей еніп, сауда жасау құқықтарын беруді талап етеді. Тәуке хан шамамен 1687-1688 жылдары Бұхар ханы Субханқұлымен келіссөз жүргізген деген болжамдар болған. Сонымен, ХҮІІ ғасырдың соңы ХҮІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы мен Бұхар хандығының арасындағы бейбіт қарым - қатынас сауданың едәуір дамуына өз ықпалын тигізді.
Бұхар хандығымен көршілес орналасқан Хиуа да ХҮІІ ғасырдың соңында Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ оқиғада - іштей қырқысу жағдайында болды. 1687-1710 жылдар аралығындағы биліктің тұрақсыздығы соншалықты, Хиуа тағында 10 хан ауысты /13/. Өзбек аристократиясының көңілін табу өте қиынға соқты. Сондықтан болар Тәуке тұсындағы Хиуа мемлекетімен өзара қарым - қатынас нашар дамыды.
ХҮІІ ғасырдың соңы ХҮІІІ ғасырдың басында қазақтар Сырдарияның төменгі ағысында көшпелі мал шаруашылығымен, балық аулау кәсібімен шұғылданған қарақалпақтарға өз саяси үстемдігін жүргізді. Орыс жазбаларында Тәукені тек қазақ ханы ғана емес, қарақалпақтардың да ханы деп көрсетеді. Әмударияның төменгі ағысын мекендеген қарақалпақтардың ауыз әдебиетінде, олардың ханын өлтіріп, өзіне бағындырған Тәуке хан туралы аңыз сақталған. Тәуке ханның қарақалпақтарды өзіне бағындырып, оларды Сасық бидің көмегімен билегендігі белгілі.
Тәуке қарақалпақтармен, қырғыздармен саяси одақ құру нәтижесінде ойраттардың шабуылына тосқауыл қоя білді. Сонымен бірге Тәуке қырғыздармен әскери одақ құрған. Деректерге сүйенсек, ол қырғыздардың біраз бөлігін өзіне толығымен бағындырған. Тәукенің мұндағы билігі Қоқым би Қаршорин басқаруы арқылы жүзеге асты.
Тәуке хан билігі тұсында Тәуке қазақ - орыс байланыстары мен қарым - қатынастарын қайта жалғау үшін барлық мүмкіндікті қарастырып бақты. Өйткені, осы кезде қазақтар тарапынан Ресейдің бекіністеріне шабуыл жасау секілді әрекеттер арандатушылық мақсаттар болып тұратын. Бұл мәселені өзара түсіністікпен шешу мақсатында 1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған елшілік жіберіледі. Бұл елшіліктің негізгі мақсаты бұрынғы сауда байланыстарын қалпына келтіру еді /14/. Тәуке қазақ жері арқылы Ресей, Бұқар, Хиуа, Үндістанға өтетін керуендерінің қазақ хандығының экономикалық дамуына әсері зор екендігін көрегенділікпен болжай білді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz