Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы


Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
Тақырыбы: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Таяу Шығыстағы халықаралық жағдай
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
1 ХХ ғасыр басындағы Таяу Шығыс халықтарының экономикалық, әлеуметтік саяси өмірі
І. 1. Араб елдері мен Британ үкіметі арасындағы саяси-экономикалық байланыстар
І. 2. Таяу Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстар оның халықаралық деңгейге көтерілуі
2 Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
2. 1. Тәуелсіз Түркия республикасы. М. Кемал реформалары
2. 2. Араб елдеріндегі азаттық қозғалыстар, Британ-Араб келіссөздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
К І Р І С П Е
Тақырыптың өзектілігі: Әлем тарихында әдіснамалық және фактілік тұрғыдан жаңа талдауға лайық тақырыптар аз емес. Мұндай қатынасқа әсіресе араб елдерінің отарлық тәуелдік кезеңі ерекше мұқтаж. Сондай-ақ бүгінгі зерттеу жұмыстарының ерекшелігі осы уақытқа біршама зерттелген тарихи процестермен фактілік материалдарды қайталау емес, мәселенің төменгі астыңғы қыртыстарына бойлап енуде. Міне сондай ғылыми мәселенің бірі Таяу Шығыстағы араб елдерінің тарихы болып табылады. ХХ ғасырдың басында Британ экспанциясының дағдарысы күннен-күнге күшейе түсті. Сонымен бірге араб елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстардың белең алуы халықаралық қатынас жағдайын өзгерте бастады. Сондықтан да Британия өз отарларында доминондық басқару жүйесін енгізуге мәжбүр болды. Таяу Шығыста араб елдерімен келісім шарттар ұйымдастыра отырып кейбір елдеріне тәуелсіздік берді. Кіші Азияда түріктердің ұлт-азаттық қозғалысының жаңа деңгейге өскенін, Осман империясының күйрегенін анықтау әлі де зерттеуді қажет етеді.
Кезінде Кеңестік тарих ғылымы араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарды Мұсылман феодалдарының қозғалысы деп қаралады. Сонымен қатар Британия, Франция мемлекетерімен араб елдері арасындағы келісімдерді көбіне - көп империалистердің Таяу Шығыстағы ықпалы деп жазғырды. Мәселеге бір жақты, таптық принцип тұрғысынан қарады. Таяу Шығыстағы халықаралық байланыстарға қатысты зерттеулер өте аз болды. Жазылған әдебиеттердің өзі арнайы мәселеге қатысты материалдарды бұрмалап, көп бөлігін қарастырмады. Міне сондықтан еліміз тәуелсіздік алып, тарихқа еркін бағытта бойлаған кезде Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастар тарихын жазу тақырыбымыздың өзектілігі болып отыр.
Тақырыптың тарихнамасы мен дерекнамасы: Бүгінгі таңда Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастар тарихына қатысты зерттеулер біршама бар болғанымен, оның кейбір бөлімдеріне көп көңіл бөлінбеген. Оның басты себебі Кеңес үкіметі өзінің құрамындағы халықтарға әлемдік оның ішінде азиядағы араб-түрік елдерінің тарихын барынша бұрмалауға тырысты. Сонымен бірге Кеңестік шығыс халықтарының (қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркімен, татар т. б. ) Мұсылман елдері жөніндегі түсінігін жою үшін де ғылымға империялық саясат ұстап отырды.
Дегенмен диплом жұмысында Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастар тарихын зерттеушілерді үш кезеңге бөліп қарастырдық. Бірінші кезеңге: - Таяу Шығыс халықтары жөніндегі сол кезде жазылған мерзімді басылымдар мен үкіметтердің жүргізген келісім-шарттары мен мәслихаттарына талдау жасадық. Бұндай құжаттарды біз «Хрестоматия по новейшей история зарубежных стран»; (6) Новейшей истории Азии (сборник, документов материалов) (7) атты еңбектерден алдық.
Зерттеушілердің екінші кезеңіне кеңестік тарих ғылымы жатады. Дегенмен кеңестік тарихнама араб елдеріндегі халықаралық қатынастарды, оның ішінде араб-британ, араб-француз экономикалық саяси келіссөздерін «Мұсылман феодальдарының европалық капиталистермен ауыз жаласуы деп қаралады. Көптеген мәселеге байсалды бара алмады. Негізінен кеңестік зерттеушілер маркстік-лениндік методологиядан аса алмады. Яғни коммунистік принцип тұрғысынан қарап отырды. Мұндай зерттеушілер қатарына, «Новейшая история арабских стран» (2) оқулығы, Миллер А. Ф. «Краткая история Турции» т. б. зерттеу еңбектерді айтуға болады.
Мәселенің үшінші кезеңіне қазіргі зерттеушілер еңбектері жатады. Атап айтқанда, Василов Л. С. История Востока (3), Новейшая история стран Азии и Африки (1) оқулығы т. б. жатады. Бұл еңбектер Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастардың тарихына жан-жақты баға беріп әр қырынан ашып көрсетеді. Сондықтан да Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастар тарихына қатысты зерттеулерді басшылыққа алып жазу өте тиімді болмақ.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Таяу Шығыстағы ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар тарихын тың деректік материалдар негізінде жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету-зерттеу жұмысының басты мақсаты. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- Британ экспанциясының Таяу Шығыстағы ықпалын анықтау;
- Кіші Азия мен Таяу Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстардың рөлін ашып көрсету;
- араб-түрік қақтығыстарының сипатын анықтау;
- ағылшын египет қатынастарына талдау жасау;
- Израил мемлекетінің құрылу себебін айқындау.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы: Мәселенің кешенді түрде зерттелуі. Зерттеу жұмысының негізі - Таяу Шығыстағы араб елдерінің азаттық қозғалысы, сонымен қатар Британ, Француз империалистерінің осы аймақтағы саясатын көптеген деректік құжаттар арқылы алғаш рет зерттеліп, оның басым бөлігі ғылыми айналымға бірінші рет енгізіліп отырғандығы. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төмендегідей:
- Таяу Шығыстың европалық алып мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар аймаққа айналуы және оның дүниежүзілік саяси аренадағы орнының анықталуы;
- Британ және Француз әкімшілік мекемелерінің Таяу Шығыста құрылуы мен қалыптасуы және қызметі деректік құжаттар негізінде баяндалуы;
- Еуропалық экспанциялардың араласуымен араб және түрік елдері арасында болған қарама-қайшылықтың себептері мен салдарының алғаш рет талдауға алынуы;
- Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы объективті түрде бағалануы.
Зерттеу жұмысын методолгиялық негізі мен әдістері: Зерттеу жұмысын талдауға біз соңғы жылдары Отандық және Әлемдік тарих ғылымындағы болып жатқан жаңалықтар мен түбегейлі өзгерістерді негізге алдық. Зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан жазылған зерттеулер басшылыққа алынды.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері: Зерттеу барысында біз Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастар тарихын ХХ ғасырдың басынан бастап 1948 жылға дейінгі аралықты қамтыдық.
Тақырыптың құрылымы:
Диплом жұмысы Кіріспеден, әрқайсысы екі бөлімнен тұратын 4 тараудан, әдістемелік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебеиттер тізіміне тұрады.
1 ХХ ғасыр басындағы Таяу Шығыс халықтарының экономикалық, әлеуметтік саяси өмірі.
1. 1. Араб елдімен Британия арасындағы саяси-экономикалық қатынастар
Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастар жүйесі әлі қалыптаспаған болатын. Себебі араб елдері әлі отар елдер тәуелсіздігінен арылмаған еді. Олардың көпшілігі (Сирия, Ливан, Месопотамия, Палестина, Трансилвания, Хиджау) Осман империясы құрамында болды, қалғандары европа державалары арасында бөлінді. Персия бұғазының көп княздіктері (Базрейн, Оман, Маскат, келісімді Осман - қазіргі біріккен араб эмираты) және Оңтүстік Арабиядағы Аден (Оңтүстік Иемен) Ұлыбритания империалистік мемлекетіне тәуелді болды/1, 3б/.
1882 жылы Британдық әскерлер жаулап алған соң египетте осылардың санын толықтырды. Әлемдік коммуникациялардың ең маңызды звенасы - Суэцкий каналы Британия иелігінде болды. Францияға Солтүстік Африканың көп бөлігі қарады - Алжир оның отар елі болды. Тунис және Марокко тәуелді елдер болды /2, 24б/.
1912 жылы Италия түбектерден Ливияны жаулап алды. Марокконың бір бөлігі Сеута мен Мелинья Испания отары болды. Тек Арабия түбегінің орталық бөлігінде араб мемлекеттері өмір сүрді. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Осман испариясы ыдырады. Жеңген державалар пайдасына қарай, Таяу Шығыстағы күш бөлінісі өзгерді. 1914 жылы желтоқсанда Египет ресми түрде түгелдей британдық тәуелді мемлекет деп жарияланды. Түріктердің египетке көтерілісті ұйымдастырып Суэцк каналын алу әрекеттері жеңіліске ұшырады.
Осман империясының соғысқа кірісуі араб ұлт-азаттық қозғалысының дамуына себеп болды. 1908 жылы кіші түрік революциясынан кейінгі бұл бірінші рет көтерілуі еді. Бұл Батыс державалары жағынан үлкен қолдау тапты.
1913 жылы Парижде І араб конгресі өтті, онда Стамбулдан араб уолеәйаттарына кең автономия беру талап етілді және арабтар орталық үкімет құрамына қатысатын болды. Түркия 1913 жылы тамызда араб құқықтары деген декрет шығарды, бұл тек қағаз жүзіндегі әрекет болды. Сондықтан Мекке Әмірі Хұсейн азаттық үшін қарулы күреске дайындық жүргізе бастады /3, 48б/. Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған уақытта Хұсейн Антанта елдеріне «Джихад» жариялаудан бас тартты және ағылшындармен байланыс орнатты.
Ұлыбритания Таяу Шығыста үстемдік етуші күш болу мақсатында араб ұлт-азаттық қозғалысын өз пайдасына пайдалануды ойлады. Әмір Хұсейн өз кезегінде Британ көмегін ала отырып Біріккен ұлттық араб мемлекетін құруды және барлық арабтар королі болуды көкседі. 1915 жылы мамырда Антантаны жақтап, Осман империясына қарсы қарулы күрес мақсаты туралы хаттамаға қол қойылды. Олар ағылшындарға үлкен жалпы араб мемлекетін құруға гарант болуды ұсынды, оның шекарасы бүкіл Арабия түбегін (Британ Аденасынан басқа) Палестина, Сирия, Ливан және Месопотамияны қамтитын болды. Бұл мемлекет Ұлыбританиямен саяси және әскери одақ құруға келісетін болды /4, 82-86б/. 1915 жылы маусым - 1916 жылы наурыз айы аралығында келіссөздер жүргізілді. Соның негізіндн Манмагон ресим мемлекетін құруға келісім берді.
Ағылшындар араб басшыларымен болған бұл шешімді аяқталмаған деп тапты. 1916 жылы мамырда ақ ман-магон - Хұсейн келісімі Сайкс - Пико Азиялық Түркияны бөлу туралы келісімімен сызылып тасталды. Оның шарттары бойынша арабтарға уәде берген Палестина, Шығыс Сирия және Месопотамия Ұлыбритания және Франция арасында бөлінетін болды. Бұл құжат жасырын жасалды және арабтар жағына жарияланбады.
1916 жылы 8 маусымда Хұсейн түріктерге қарсы көтеріліске шықты, осы жылдың қарашасында өзін ұлтының королі деп жариялады. Антанта державалары Хұсейнді тек Хиджаз (Арабия батыс түбегіндегі облыс) королі деп таныды және барлық даулы сұрақтарды соғыстан кейінгі мерзімге қалдыруды ұсынды.
1917 жылы араб қарулы күштері түрік әскерлерін Арабия және Трансилванияның көп бөлігінен қуып шықты, 1918 жылы Дамаск қаласы алынды [5, 48-53] . Осы кезде большевиктер партиясы араб елдеріне көмек берді. Батыс державалары жасырын құрмет жасалғанын амалсыздан мойындады [6, 20-25] .
Одақтастарының мұндай әрекеті араб басшыларының ызасын туғызды. Осман империясымен, яғни Стамбулмен сепаративті бейбіт келісім жасау қарастырылды. Бұған Осман империясы келісім берген жоқ, ал Стамбул келісімі 1918 жылы қазанда алынды. Бірақ бұл кезде оның керегі шамалы еді, себебі Антанта жеңіске жетті. Хұсейн бастаған ұлт - азаттық көтеріліс соғыс жылдары араб уаләйаттарын түріктерден босатып Таяу Шығыс фронтындағы Антанта жеңісіне маңызды үлес қосты және Антантадан берген уәделерінің орындалуын күтті [7, 83-85] . Дамаскіде әмір Файсал (Хұсейн баласы) басқарған жалпы араб үкіметі құрылды. Алайда Париж бейбіт конференциясына келген оның делегациясы Хиджаз делегациясы деп танылды.
Сонымен, Таяу Шығыс мәселесін реттеуде жеңімпаз державалар империялық әдісін пайдаланды. Араб халқына тәуелсіздік берілмеді. Ағылшындарға Палестина, Трансилвания және Месопотамияның, Француздарға -Сирия, Ливанның берілуін араб әлемі жауыздық және отарлық диктат деп қабылдады. Жаңа жерлердегі державалар өкілдері жергілікті халықтың жаппай қарсылығына тап болды. Осыған қарсы 1920 жылы Франция Дамаскідегі жалпы араб үкіметін қуып жіберді және Сирия және Ливанда репрессиялық окупациялық режим орнады.
Египетте жарияланған тәуелсіздік Британия отарлық тәуелділігінен бірінші босаған араб елі болды /8, 60-65бб/.
1919-1921 жылдары Египетте тәуелсіздік үшін қарулы көтерілістер болды, отаршылдар үлкен күшпен оларды басып отырды, қобалжыған Лондон жағдайды бұдан әрі игеру мүмкін еместігін түсінді.
1922 жылы 28 ақпанда Египетке тәуелсіздік беру туралы Ұлыбритания дикларация жариялады. Бұл тәуелсіздік көп жағынан шынайы емес еді. Британдықтар өз құқықтары мен артықшылықтарын сақтап қалды.
Ағылшын - Египет қатынастары 1930 жыл ортасында реттеле бастады. Оған басты себеп Жерорта теңізіне төнген итальяндық қаупі еді. 1937 жылы Британия ұсынысымен Египет ұлттар лигасына қабылданды, содан соң әлемдегі көп мемлекеттер оны тани бастады /9, 31-36 бб/. Одақтық келісім құра отырып Египет толық тәуелсіздікке жақындай түсті.
Ирак тәуелсіздігінің жариялануы бұл соғыс уақытында тәуелсіздік алған бір ғана Британдық мандатты территориясы - Ирак болды. Ұлыбритания басқа да жерлердегі сияқты бұл елде де «Тікелей басқарылмайтын» жүйені енгізді.
1922 жылы ағылшын -Ирак мандатты басқару туралы келісім жасалды. Әмірші Хұсейн аль - Хашимидің корольдік үкіметі ішкі және сыртқы саясатта британдық жоғарғы комиссар «кеңестеріне» сүйенетін болды.
1924 жылы шақырылған құрылтай жиналысы келісім - шартты бекітті және Британдық экспорттер дайындаған конституцияны құптады /10, 56-59бб/. Бұл конституция бойынша билік басында Хашимиттер (династиясы) ұрпақтары отыратын болды. Ағылшындардың ойластырылуымен король заңды жалпы ұлттың басшысы болуы тиіс, ол барлық этникалық және діни қауымдар Суннит және шеиттік арабтар сонымен бірге курттер үшін жаралды. Осындай адам Иракқа аса қажет болды. Төрт ғасыр Осман империясы құрамында болған олар өзінің мемлекеттік дәстүрін жоғалтқан болатын және оны қайта жасау керек болды. Жаңа королдық мемлекеттің шекарасында нақтылау керек болды /11, 74-78бб/. 1926 жылы Иракқа мұнайға бай Мосул ауданы қосылды, онда негізінен курттар тұрды. Ағылшындар қысымнан қорыққан Түркия, Мосулдан бастартуға мәжбүр болды.
Ирак және Сауд Арабиясы королдігі арасындағы шекараны белгілеу көп қақтығыстарға соқтырды. Ирак және Сауд Арабиясы королдығы Ұлыбританияның араласуымен бұл қарулы қақтығыстарға тосқауыл қойылды. Сөйтіп 1931 жылы достық келісім - шарты жасалынды.
1. 2. Таяу Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстар оның халықаралық
деңгейде көтерілуі
Ирак- Иран арасындағы Шатт-аль- Араб өзені ауданындағы шекараны белгілеу де өте күрделі болды. Ирак халқының көп бөлігі мандат режиміне наразы болды және ағылшын әскерлері қарулы шабуылдардан көп әскерінен айырылып отырды. 1930 жылы одақтық келісім бекітілді, ол бойынша Ирак ұлттар лигасына кіргеннен кейін тәуелсіз мемлекет деп жарияланатын болды. Ирак үкіметіне билікті тапсыра отырып, Ұлыбритания, оның саясатына, экономикасына әсер ететін қуатты көздерді сақтап қалды. Британ әскерінің соғыс базасы Ирак территориясында қалды. Иран үкіметі сыртқы саясат және қорғаныс мәселесі бойынша Лондоннан консультация алып отыратын болды 12, 34-38бб/. 1932 жылы қазанда Ирак тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
Халықаралық қатынастағы Палестина мәселесі өте күрделі болды.
Сайкс - Пико келісімі Палестинада ерекше халықаралық басқару режимін орнатуды көздеді, Ұлыбритания бұған келіскісі келмеді. Палестинада үш әлемдік діндердің аса құрметті орындары бар. Ұлыбритания осы елді өз бақылауына алғысы келді. Себебі ол Суэцк каналына жақын болғандықтан стратегиялық маңызды орын деп танылды. Келісімді өз пайдасына шешу үшін Лондон сионистік қозғалысқа сүйенуді ойластырды, сионистер де Палестинаға өз құқы бар екенін талап етті. Сионизм идеялық - саяси доктрина түрінде ХІХ ғасырдың соңында қалыптасқан болатын /13, 89-90бб/. 1897 жылы Базелде Бірінші Халықаралық еврей конгресі өтті. Онда бүкіл әлемдік сионистік ұйым негізі құрылды (ВСО) . Оның бағдарламасы бүкіл еврей халқын Палестинаға жинау болды. Бұл еврей халқын Ата-баба отанына қоныстандыру еді. Бұл жерде олар өздері тарап кеткенге дейін екі мың жыл бұрын өмір сүрген болатын. Сионистер мақсаты тәуелсіз еврей мемлекетін осы жерде құру. 1872 жылдан бастап еврейлер Палестинаға келе бастады, порт Яффо-да алғашқы тұрғындар тұра бастады, кейін сол жерде Пель-ниль қаласы орнады /14, 63-65/. 1917 жылы ағылшындар ВСО-ның председателі Вейцмонмен алдын-ала келісімге қол жеткізді. Вейцмон еврей қауымы ағылшындардың берік одақтасы болады деп уәде етті. Ал ВСО-ға Палестинаны мандатты басқаруды беруін ағылшындарға жеткізді. 1917 жылы 2 қарашада атақты Больфура декларациясы жарық көрді. Бұл Британдық сыртқы істер министрі А. Дж. Бальфураның, Палестина мәселесін шешуде британ саясатына араласушы сионистер лидері Лондондық Банкир Л. Ротшильдуға хаты еді. Онда Ұлыбритания Палестинада еврейлердің ұлттық ошағын құруға қарсы емес, осы мақсатқа жету үшін жан-жақты қолдау көрсететін болады деп атап көрсетілген. Бұл жағдайда еврей емес барлық қауымдардың азаматтық және діни құқықтарының сақталуы қамтамасыз етіледі. Бұл құжатты Франция, Италия, АҚШ қолдады /15, 101-115бб/. Париж Бейбіт конференциясында ВСО басшылығы және сионистер делегациясы болашақта еврей тәуелсіз мемлекеті құрылатынын жасырған жоқ.
Декларацияны дайындауда есепке алынбаған, тіпті консультацияда жасалмаған ел, бұл Палестинадағы тұрғылықты араб халқы болды. Лондонда, басқа да батыс астанадағыларындай, менменсінген қалыппен, ұлы державалар қабылдаған шешімге олар қарсы тұра алмайды және өздерінің тағдырына көнуге мәжбүр болады деп ойлады. Таяу Шығыста Бальфура декларациясына үлкен наразылық білдіреді және тәуелсіз араб мемлекетін құру бойынша Антанта міндеттерін тікелей бұзушылық деген баға қойылды. Оның барлық еврей емес қауымдардың азаматтық және діни құқықтары сақталады деген ережесі Палестинаның арабтарды қанағаттандыра алмайтын еді, себебі оларды жеке халық деп танымады және оларға өзін-өзі басқару құқық беруден бас тартты.
1920 жылы Палестинаға 100 мың еврейлер келді, ал еврей қоры барлық ауыл- шаруашылық жерлерінің көп бөлігін сатып алды /16, 202-215бб/. Бұл палестиналық арабтардың қарсылығын күшейтті, ашық жауласу басталды. 1929 жылы тамызда еврей миграциясына қарсы жаппай араб көтерілісі тұтанды, Иерусалимдегі жылау қабырғасында болған ұлтаралық қақтығыс осыған себеп болды. Осы оқиғаларды араб-еврей қарулы қақтығыстарының басы деп санайды (кейіннен араб-израиль) .
Ұлыбритания, араб-еврей күрделі мәселелеріне байланысты, еврей мемлекетін құру жауапкершілігін өзіне алғысы келмеді және бұл Британияны араб әлемімен араздасуға соқтығатынын ол білді. Алайда, Ұлыбритания ұсынған арабтар Палестинасын құру жоспары - европалық еврейлер геноцидімен өшіріліп тасталды. Бұл геноцидті екінші дүние жүзілік соғыс жылдары нацистік Германия жасады /17, 305-307бб/. Осы жан түршігерлік апаттан кейін еврей халқының өз мемлекетін құру жаңа негіз алды. 1948 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен Палестинаның территория бөлігінде тәуелсіз Израиль мемлекеті құрылды.
«Таяу Шығыстағы Француз саясаты британдық саясаттан өзгеше болды. Франция күш қолдану әдісін көп пайдаланды, мандатты басқару территориясында да, ағылшындар сияқты жергілікті бек-сұлтандар арқылы емес, отарларын өзі басқарды (француз жоғарғы комиссары, француз губернаторы) . Сирия мен Ливанды бөліп басқару ісіне арабтар наразы болды. Бұл екеуі біртұтас мемлекет деп санады, 1920 жылдың соңына дейін бұл территориялар соғыс жағдайында болды.
Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін дүние жүзінің саяси картасында айтарлықтай өзгерістер болды [18, 447-450] . Соның бір айғағы Таяу Шығыста еврейлер негізін қалаған Израиль мемлекетінің пайда болуы . Бұл мемлекет ежелден еврей мен арабтардың қонысына айналған Палестина жерінде құрылған еді. Палестина - Египет пен Сирия арасында орналасқан.
Израильдің құрылуы қазіргі уақытқа дейін шешімін таппаған көптеген даулы мәселелерді туғызып келеді.
Б. з. д. 1 мың жылдықта Палестина жері Египет құрамында болатын. Кейіннен Арабия түбегінде ислам діні пайда болғаннан бастап 1 араб халифы Омар Палестина жерін жаулап алады. Кейіннен бұл жер Осман империясының қол астына өтті. Палестина жеріндегі қасиетті Иерусалим қаласы еврейлер мен христиандар және мұсылмандар үшін киелі жер болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz