Түркі тілдері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР 5
2 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУ СӨЗ ТАБЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ 14
2.1 Септеуліктер 14
2.2 Демеуліктер 18
2.3 Жалғаулықтар 23
3 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА . ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАЛАРЫ 33
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздерді түрлі семантика - құрылымдық топтарға жіктеу теориясының тіл білімінің тарихын айқындауда өзіндік орны бар. Мұнда сөз таптарын сөздерінің құрылымдық - семантикалық немесе лексика – грамматикалық топтары деп топшылайда да, олар бір – бірінен білдіретін мағыналары мен морфологиялық белгілері, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері, сөйлемдегі синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады. Тілдегі осындай сөз таптарының бірі – шылаулар. Шылау сөз табы атауыш сөздерден кейін қалыптасқан деген пікірдің бары шындық. Бірақ мұның дәрежелік деңгейі әлі зерттеуді қажет етеді. Жалпы көне түркі тілдеріндегі шылаулардың мәнін ашып, табиғатын тану, жүйелі анықтамалар мен дәлелді тұжырымдар жасау зерттеушілер тарапынан белгілі бір мөлшерде жүйеленген. Бүгінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі жаззба ескерткіштер тіліндегі шылаулардың пайда болуы мен қалыптасуы, даму факторлары мен үрдісі, тарихи құрамы мен лексика – грамматикалық мағыналары, сонымен қатар өзге сөз таптарының шылаулануы және синтаксистік қасиеттері лингвистикалық тұрғыдан бағаланбақ. Көне түркі тіліндегі шылаулардың орнын белгілеу қажет.
Зерттеу нысаны. Көне түркі тілінде жазылған жазба ескерткіштері «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газет материалдары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипатын қарастыру.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу жөн деп есептедім.
- Шылаулардың қалыптасу тарихын анықтау.
- Көне түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлерін ажырату.
- Көне түркі тіліндегі шылауларды қазіргі қазақ тілі шылауларымен салыстыру.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Байтұрсынов А.Ақ жол/А.Байтұрсынов.–Алматы:Жалын,1991.-493б.
2 Саади А.Тіл, әдебиет, язу әм олардың өсулері/А.Саади.-
Қазан:Татгосизд,1926.-127б.
3 Жұбанов А.Қ., Куманша - қазақша жиілік сөздік / А.Қ.Жұбанов.,
А.Қ.,Құрышжанов. А.Қ., А.Б.Белботаев. – Алматы:Қаз.ССР ҒА – Тіл
білімі институты,1978. – 277б.
4 Тронский И.М. Учение о частях речи у Аристотеля/ И.М.Тронский. –
Уч.зап.ЛГУ,1941. - 174c.
5 Мұхтаров С.С. Қазақ тілі біліміндегі сөз таптастыру териясының
қалыптасуы/ С.С.Мұхтаров. – Алматы: 1999.- 30б.
6 Базылхан Б.Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы
мәселе/Б.Базылхан //Алматы: ҚР ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет
сериясы. - 1996.-№2. – 32-35б.
7 Оразов М.Қазақ тіл тарихын дәуірлеу мәселесі/М.Оразов // Алматы: ҚР
ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№4. – 23-22б.
8 Нұрмаханова Ә.Н.Түркі тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы/Ә.Н.Нұрмахнова. – Алматы:Мектеп,1971.-290б.
9 Карымшакова А.Т.Семантико – грамматические функции частиц в
киргизском языке/А.Т. Карымшакова. – Бишкек:Дис.канд.фолол.н. –
1992.- 192с.
10 Шақаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық
құрамы.Филол.ғ.канд.дис. авторефераты/Ы.Б.Шақаман.–Алматы:1997.-
26б.
11 Әбілқасымов Б.Дала уәлаяты газет тіліндегі грамматикалық
ерекшеліктері/Б.Әбілқасымов. Алматы: ҚР ҒА хабарлары , қоғам
ғыл.сериясы.1964. - №4.
12 Омарбеков.С.Ауызекі тілдердің дыбыс жүйесі/С.Омарбеков., Н.Жүнісов.-
Алматы:Мектеп,1985.-69б.
13 Мырзабеков С.Қазақ тілінің фонетикасы/С.Мырзабеков. –
Алматы:КазГУ,1993. – 136б.
14 Аманжолов А.Глагольное управление в языке древнетюрских
памятников/А.Аманжолов. – М:Наука,1969. – 104б.
15 Айдаров Г.Служебные части речи в языке надписей Орхонских
памятников. Исследование по тюркологии/Г.Айдаров. – Алматы: Наука
Каз.ССР,1969. – 296б.
16 Балақаев М.Б. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері/
М.Б.Балақаев. – Алматы:Қазақ мемлекеттік баспасы, 1941. –32б.
17 Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексика дамуының этимологиялық негіздері/
Б.Сағындықұлы. – Алматы:Санат,1994.- 172б.
18 Орысша – қазақша сөздік:Алматы:Инст.языкознсния АН Каз.ССР, 1981.-
2том.585б.
19 Щербак А.М.Очерки по сравнительной морфологии тюркских
языков/А.М.Щербак. – Л:Наука,1987. –104с.
20 Насилов В. Язык Орхон – Енисейских памятников/В.Насилов. – М:Изд-во
вост.лит.,1960. – 87с.
21 Шукюров А.Д. К этимологизации первообразных послелогов в тюркских
языках/А.Д.Шукюров. –Алматы:1990.- 249с.
22 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.Морфология/А.Ысқақов. – Алматы : Ана
тілі, 1991. – 382б.
23 Шерер В.Э. Классификация кетскиз послелогов/В.Э.Шерер. –
Новосибирск:1986. –88с.
24 Ертаев К.Е. Лингвистический статус послелогов в трудах
В.В.Радлова.Автореферат./К.Е.Ертаев.- Алматы: 1992.- 24с.
25 Теория части речи.Теория и типология –М: Наука,1990. – 268с.
26 Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного
языка/А.Н. Кононов. – М-Л: Изд – во АН ССР, 1960. – 446с.
27 Рамстедт Г.И.Введение в Алтайское языкознание/Г.И.Рамстедт. – М: Изд
– во иност.лит, 1957. – 254с.
28 Котвич В. Исследование по алтайским языкам/ В.Котвич. - М: Изд – во
иност.лит, 1962. – 371с.
29 Сравнительно – историческое грамматика тюрских языков. М.: Наука,
1988. – 264с.
30 Базылхан Б. Қазақ және моңғол тілдерінің грамматикасынан
салыстырмалы қысқаша белгілер. Улан – Батыр: 1984.№ 1,807– 886с.
31 Базылхан Б. Қазақша – моңғолша сөздік.Улан – Батыр:МХР ҒА – Тіл мен
әдебиет институты, 1977. – 392б.
32 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/Қ.Жұбанов. –
Алматы:Ғылым, 1966. – 362б.
33 Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/
С.М.Исаев. – Алматы:Рауан, 1998. – 52б.
34 Қалыбаева А.Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі/А.Қалыбаева,
Н.Оралбаева. – Алматы: Ғалым, 1986. – 190б.
35 Шақаманова Ы.Б.Шылаулардың дамуы және зерттелу тарихы.Қазіргі
қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің
мәселелері/Ы.Б.Шақаманова. – Алматы:АГУ, 1995. – 84б.
36 Соболевский С.И.Древне – гречский язык/C.И.Соболевский. – М:Изд –во
лит. на иност.яз, 1948. – 614с.
37 Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских
языков/А.М.Щербак. – Л:Наука, 1987. – 104с.
38 Кондратьев В.Г. Грамматический строй языка памятников
древнетюркской письменности 8-11вв./В.Г.Кондратьев. – Л:Из – во ЛГУ,
1981. – 190с.
39 Томанов М.Қазақ тілінің тарихи грамматикасы/М.Томанов. – Алматы:
Мектеп, 1988. – 264б.
40 Әміров Р.Қазақ тіліндегі жалғаулықтар/Р.Әміров. – Алматы:Қаз.мет. оқу
пед.баспасы, 1959. – 70б.
41 Иманалиева Г.Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі/
Г.Иманалиева. – Алматы:1994. – 151б.
42 Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі/Е.Ағманов. – Алматы:
Рауан, 1991. – 238б.
43 Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселесі/ Т.Қордабаев. – Алматы: Ғылым,
1964. – 244б.
44 Кенжебаева Ф.Қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер мен демеуліктер/
Ф.Кенжебаева. – Алматы: 1964. – 200б.
45 Аманжолов С.Қазақ әдебиеті тілі синтаксисінің қысқаша
курсы/С.Аманжолов. – Алматы:Санат, 1994. – 320б.
46 Молгаждаров Қ.К.Шылау сөз табының қалыптасу
тарихы/ Қ.К.Молгаждаров. – Көкшетау:2002. – 135б.

1. КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР 5
2. КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУ СӨЗ ТАБЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ 14
1. Септеуліктер 14
2. Демеуліктер 18
3. Жалғаулықтар 23
3. КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАЛАРЫ
33
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздерді түрлі семантика - құрылымдық
топтарға жіктеу теориясының тіл білімінің тарихын айқындауда өзіндік орны
бар. Мұнда сөз таптарын сөздерінің құрылымдық - семантикалық немесе
лексика – грамматикалық топтары деп топшылайда да, олар бір – бірінен
білдіретін мағыналары мен морфологиялық белгілері, сөзжасамдық және
сөзөзгерімдік қасиеттері, сөйлемдегі синтаксистік қызметі жағынан
ажыратылады. Тілдегі осындай сөз таптарының бірі – шылаулар. Шылау сөз табы
атауыш сөздерден кейін қалыптасқан деген пікірдің бары шындық. Бірақ мұның
дәрежелік деңгейі әлі зерттеуді қажет етеді. Жалпы көне түркі тілдеріндегі
шылаулардың мәнін ашып, табиғатын тану, жүйелі анықтамалар мен дәлелді
тұжырымдар жасау зерттеушілер тарапынан белгілі бір мөлшерде жүйеленген.
Бүгінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі жаззба
ескерткіштер тіліндегі шылаулардың пайда болуы мен қалыптасуы, даму
факторлары мен үрдісі, тарихи құрамы мен лексика – грамматикалық
мағыналары, сонымен қатар өзге сөз таптарының шылаулануы және синтаксистік
қасиеттері лингвистикалық тұрғыдан бағаланбақ. Көне түркі тіліндегі
шылаулардың орнын белгілеу қажет.
Зерттеу нысаны. Көне түркі тілінде жазылған жазба ескерткіштері
Түркістан уәлаяты, Дала уәлаяты газет материалдары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты
көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипатын
қарастыру.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу
жөн деп есептедім.
- Шылаулардың қалыптасу тарихын анықтау.
- Көне түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлерін ажырату.
- Көне түркі тіліндегі шылауларды қазіргі қазақ тілі шылауларымен
салыстыру.
- Көне түркі тіліндегі шылаулардың лексикалық, грамматикалық
мағыналарын саралау.
Жұмыстың жаңашылдығы. Шылаулану - өзге сөз таптарының шылаулар
қатырына ауысуын білдіретін бірден – бір процесс. Шылаулану үрдісі көне
дәуірде емес, одан әрірек болған да, категориялық мағынада топтасуы Орхон –
Енисей жазбаларынан басталады. Бұл құбылысқа ғылымда жіті зер салынбай
транспозициялық тәсілдің конверсия құбылысы анайы түрде айтылып, сөздердің
грамматикалық формалары арқылы лексикалануы семантикалық мағынаның өзгеруі
сияқты мәселелер толығымен қамтылмай келді. Сонымен қатар көне түркі
руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің синтаксисі де тіл
білімінде өзін таныта алған жоқ. Осы мәселелер жұмыста шешімін табады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу нысанын тілдің
теориялық тұжырымдарымен негіздеу үшін де оларды құрылыс материал есебінде
қарамай, дайын тілдік құрал ретінде алып қарастыру ғылым теориясы
принциптерінің бірі. Жұмыстың нәтижелері мен деректері практикалық тұрғыдан
көне түркі тілі, түркі тідернің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тілінің
тарихи грамматикасы, түріктануға кіріспе, жалпы тіл білімі курстарына
жәрдемші құрал бола алады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш негізгі тараудан және
қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысының соңында пайдаланған әдебиеттер
тізімі, шартты қысқартулар берілген.
1 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ Шылаулардың қалыптасуЫ жӘне ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ
ҒАЛЫМДАР
Түркітану саласында осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер
тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу ретінде алынып
қарастырылмаған. Дегенмен тіл ғылымындағы XІX ғасырдың екінші жартысынан
бастап бой көрсете бастаған еңбектерде түркі танушы ғалымдардың азды –
көпті пікірлерімен әртүрлі көзқарастары бар. Бірақ олар алғашқы
зерттеулердің бірі болғандықтан, тіл даму эвалюциясына байланысты кейбір
пікір көзқарастары қазіргі түркі тілдес тілдер жүйесіне сәйкес келе
бермейді. Себебі негізгі міндеті мен мақсаты белгілі бір сөз табын жан-
жақты зерттеп, оған ғылыми тұрғыдан болжамдар мен дәлелдемелер жазып,
елеулі еңбектер қалдыру емес. Мұнда тіл білімі саласындағы қайшылықтар мен
басы ашылмаған мәселелерді реттеу, қандай да бір халықтың тіл
ерекшеліктерін айқындау, тілдік жүйесін бір ізге келтіру сияқты көпшілікке
танымал грамматикалық оқулықтар жасау десек артық не кем айтқандық бола
қоймас. Мәселен, И.Гиганов Грамматика татарского языка, М.Казем –Бек
Общая грамматика турецко-татарского языка, Алтай тілдері грамматикасы,
П.Мелиоранский Краткая грамматика казак-киркизского языка, М.Терентьев
Грамматика турецкого, персидского, киргизского и узбекского языка деген
еңбектерде әрбір жеке сөз табын көбінесе ғылыми жағынан гөрі, жалпы
сипаттамалық тұрғыдан қарастырған. Жалпы жоғарыда көрсетілген грамматикалық
оқулықтарда көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер
жайлы жекелей тарау болмағаныме.н, олардың табиғатына қатысты деректер жоқ
деуден аулақпыз.
Қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған тілші
ғалым А. Байтұрсынов сөзімен айтқанда Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын
аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйінін түйгенінше
айтуға жарау [1]. Ендеше, тілдің маңызды міндеттерін атқару үшін халықтың
өзіндік рухани тәжірибесінен туындайтын жетістіктер мен тарихи атамұра
жазба ескерткіштер тілін жан-жақты зерттеу қажет.Олай болса Орхон-Енисей
жазба ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып қана қоймай, оны
әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі. А. Саади қазақ тіліне қатысты
ойын : Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай бұрынғы қалпында
сақталып қалған бір тіл болса, ол – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын
ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек деп бағалайды [2,б.18]. Осындай
таза да бай тіліміздің бойындағы қасиеттері қаншалықты шұрайлы екендігін
көрсету үшін тілдің тарихына жүгінеміз.Тілдің әрбір тарихи кезеңіндегі
күйін білдіретін жазба материалдар тіл тарихының шежіресі және негізгісі
болып саналады. Мәселен қазіргі қазақ тіліндегі бір шама шылау сөздердің
архетиптері Орхон –Енисей жазба ескерткіштер тілінде кездеседі. Бұндағы
айғақ – қазақтың ана тілі өзімен бірге туып, бірге өсіп, дамып келеді деген
сөз. Жалпы зерттеу барысында қазіргі қазақ тіліндегі қолданылып жүрген
кейбір шылаулардың тарихи таным өрісі кеңейген сайын бағзы бір күрделі
немесе көмескі мәселеле рдің басы ашылып, толығып, өзіндік тілдік жүйеге
еніп, меңгеріліп отырылады. Ендігі кезде, әсіресе көне мұралардың тілін
зерттегенде әрі тарт, бері тартқа салмай, өзінің қалпында, мұртын бұзбай,
мызғытпай зерттеу керек.Олар қазіргі заман мамандарының өзіндік ой-
эксперименттері үшін жазылған емес деген орынды ескертпеге де үн қосуысыз
қажет[3,б.30]. Зерттеу нысанын тілдің теориялық тұжырымдарымен негіздеу
үшін де оларды құрылыс материалы есебінде қарамай, дайын тілдік құрал
ретінде алып қарастыру ғылым теориясы принциптерінің бірі екендігін ескере
кеткен жөн. Өз алдына бөлек категория болып қалыптаса бастаған көне түркі
руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің лексика –
грамматикалық сипатын қазіргі қазақ тіл білімі даму дәрежесіндегі теориялық
негіздермен тарзылаған уақытта, оның принциптік маңызы мен кумулятивтік
қасиеті арта түспекші. Бұл ескертпелерді ескере отырып, атамұра жазба
ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің лексика-грамматикалық сипаттын
қарастыру зерттеудің басты принципі болса, қазіргі қазақ тіліндегі шылаудың
сөз табылық дәрежесімен салыстырып, қаншалықты ұқсас - ерекшеліктері бар
екендігін айқындау – зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты. Бұл тек қана қазақ
тіл тарихын танудағы мәселе емес, жекелеген түркі тілдеріне де ортақ
нәрсе. Негізінен шылаулар категориялық болмыс ретінде түп қазығы (ауызекі
сөйлеу тілін есептемегенде ) көне түркі руникалық жазба ескерткіштер
тілінен бастап қалыптасты десек артық айтқандық болмас. Мұны Орхон-Енисей,
Талас жазба ескерткіштер тілінде қолданылған шылау сөздер құптай түсері
хақ. Осы уақытқа дейін түбірінің мағынасын, жұрнағының және жалғауының
қайсысы екенін айыра алмай келсек, енді оларды зерттеп, ғылыми баға беруді
уақыттың өзі талап етіп отыр.
Шылаулардың дербес сөз табы болып қалыптасуына байланысты айтылған
пікірлерге келетін болсақ, жалпы тіл білімі саласындағы көптеген
лингвистикалық түсініктер тәрізді сөз табы туралы ұғым өзінің шығу
төркінін көне антикалық дәуірден бастайды. Сөз табы жөніндегі алғашқы
түсінік біздің дәуірге дейінгі 4 ғасыр шамасында есім сөздер мен
етістіктерге қатысты қалыптасқан деген пікір бар [4,б.170]. С.Мұхтаров :
Үнділердің ұзақ мерзімдік тіл туралы толғамдарының нәтижесі біздің
эрамызға дейінгі 4 ғасырда өмір сүрген Панинидің еңбегінде толық көрініс
тапты.Ол еңбегінде санскриттің толық жүйесін бере отырып, алғаш рет сөз
таптарын ажыратты. Кейінгі үнді ойшылдары Яска, Вапаруди, Катяанна,
Патандыжалилер Панини салған ізбен жүрді. Бұлар тілдегі сөздерді негізінен
төрт сөз табына ажыратты: есім (naman), етістік(akhyata), сөз алдына
қойылатын көмекші сөздер (предлог - unasarga) және демеулік (частица –
nipata ) деп шылаулардың алғаш сөз табы болғандығынан түсінік береді
[5,б.6]. Мұны Б. Базылханның алтайлық тектілердің дәуірлік долбарымен
топшыласақ, күрделі сөз дәуірінде абстракт сөздер қалыптаса бастаған
дегенімен тұспа-тұс келеді[6,б.11].Ал М.Оразовтың қазақ тілінің такрихи
даму жолын үш дәуірге бөлгенімен есептесек, соның біріншісі тарихқа
дейінгі дәуірмен немесе Н.А.Баскаковтың Алтай дәуірімен сәйкеседі
[7,б.35]. Шылау сөз табы- даму барысында көптеген ғасырлар бойғы тілдік
процестерді басынан кешірген туында тарихи категория . Олай дейтін
себебіміз, қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір шылау сөздердің құрамындағы
аффикстер шығу тегі жағынан алғанда, сөздің түбірінен ажыратып алуға
келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге сіңісіп бір тұтас бөлінбейтін бөлшек
болып келеді. Осындай түбір мен қосымшаның жымдасуынан, яғни
транспозициялық тәсілдің нәтижесінде шылаулар қалыптасқан. Тарихи шығу
төркіні жағынан алып қарағанда, шылау сөздердің бәрі дерлік атауыш
сөздерден, демек әуелдегі дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан
шыққан. Бұл процесс тілдің белгілі бір даму тарихында кейбір есім,етістік
формаларынан бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте қолданыста
солғындап, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуының нәтижесінде
қалыптасады. Жалпы шылаулардың дамуында көне түркі, орта ғасыр, қазіргі
түркі тілдеріне тін негізгі ортақтық – етістіктің көсемше формалары мен
есімдерге тән формалар арқылы көнеленіп шылаулану процесіне өтуі. Содан
барып, біртіндеп тіл дамуында өзінің қолданылу аясына байланысты шылау сөз
табының құрамына енген. Бұл сөз табы ретінде түркі тілдерінде басқа сөз
таптарынан кенже қалыптасқан. Олардың сөздік құрамы мен грамматикалық
құрылысы тілдің ғасырлар бойындағы тарихи даму барысында әр түрлі
өзгерістерге ұшырап отырған. Бұдан жалпы сөз таптарының бірден пайда
болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығын шылаулардың
сөз табы ретінде қалыптасуынан – ақ айқын көруге болады. Осылайша дамудың,
қалыптасудың барысында сөздердің топтары сараланып, грамматикалық тұрғыдан
сөз таптарына бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялық
мағынаға ие. Себебі тіл - тілдегі әрбір сөздің белгілі бір мағынасы мен
атауы болады. Сөздердің лексика – грамматикалық топтары бір – бірінен жалпы
категориялық мағынасы мен белгілері жағынан ажыратылады. Шылау сөздердің
лексикалық мағынасынан гөрі, грамматикалық мағынасы басым болатындығы тіл
ғылымында айтылған пікір. Олар тек тіл-тілде алуан түрлі грамматикалық
мағыналарды білдірудің тәсілі ретінде қолданылады.Бұл- оның басқа сөз
таптарынан ерекшелінетін басты қасиет.Екінші бір қасиеті көмекші сөздер
қатарына шылау сөздерден басқа көмекші есім, көмекші етістік және бейтарап
сөздер жатады.Бірақ солардың ішінен жалпы категориялық мағынаны иеленген
лексемелер тек шылау сөздер ғана.Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер
тіліндегі шылауларды туыстас түркі тілдердегі шылулармен салыстырып
қарағанда, оның ішінде тең жартысының астамы қазақ тілімен сәйкес
келетіндігі байқалады.Кейбір аздаған фонетикалық ерекшеліктері болмаса,
лексика- грамматикалық сипаты жағынан сабақтасады.
Қазақ әдеби тілін зерттеуші ғалымдар Ғ.Мұсабаев әдеби тіліміздің
тарихын 2- ғасырдан бастауымыз керек деп дәлелдейді.[8,б.14].Қалай дегенмен
де қазақ тілі тарихының тамыры ежелгі дәуірде жатқандығын аңғартады.Көне
түркі руникалық жазбалардағы шылау сөздер саны жиырма шақты.Соның тең
жартысы лексика - грамматикалық жағынан еш өзгеріссіз қазіргі қазақ тілінде
қолданылып жүр.
Шылаулану үрдісі- транспозиция тәсілі арқылы жүзеге асады.Ол ұзақ
жылдар бойы сұрыпталып, лексика- грамматикалық және қолданылу аясы жағынан
әбден өрістеп, ерекшеленіп қалыптасады. Олардың бастапқы лексикалық
мағыналары көмескеленіп өздеріне тән дербестіктерінен айырылып, көмекші
сөздер қатарына өтуіне грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен. Сол
себепті шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарынан
әлдеқайда басым түсіп отырады.
Сонымен тіліміздегі сөз қазынамыз да бар біраз сөздер өзінің
лексикалық мағынасынан гөрі граммитикалық мағынасынан басым болып сөз бен
сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру және қосымша
мағына үстеу үшін жұмсалады.Осындай грамматикалық амал ретінде қызмет
атқаратын лексемелер тобы түркі тілдеріне ортақ мұра руникалық жазба
ескерткіштер тілінде категориялық мағынаны иеленетін шылау сөздер негізін
қалаған.Тіл ғылымында ғалымдар тарапынан шылау жайында жалпы ұғым
категориялық мағынаға ие болғанға дейін өзіндік болжамдар болды.Кейбір
ғалымдар шылауларды арнайы сөз табына жатқызады.Ф.Буслаев, П.Давыдов,
А.Потебня шылауларда өзіндік лексикалық мағынасы болмағанмен аффикстен
ерекшеленетін белгілеріне және сөздерді топтастыру шарттылықтарына
байланысты жеке сөз табы болу керектігін түсіндіреді.Шылауды жеке сөз табы
ретінде қарау керек деген критерии А.Доблаштың еңбегінен кейін ғана іске
асты деп қырғыз ғалымы А.Т.Карымшакова өз зерттеуінде атап көрсеткен
болатын[9,б.192].
Жалпы шылаулардың кеңес туркологиясы кезеңінде жеке бір тарау ретінде
қаралатындығы белгілі.Қазақ тіл білімінде шылау атауымен сөз табы
есебінде А.Байтұрсыновтың Тіл құралы атты еңбегінен басталады.Мұнда
шылау сөздер аффикс деп қаралмай, сөз таптары қатарында болған.
Ы.Шақаманова өз зерттеуінде шылаулардың аффикске айналу қасиетінің барын
жоққа шығара алмайтындығын айта кеткен[10,б.14].Жалпы Орхон-Енисей және
Талас жазба ескерткіштер тілімен қазіргі қазақ тілі аралығында 16 ғасырлық
айырмашылығы болғанымен, екі тілде де бар шылауларды алып қарасақ,
соншалықты алшақтық жоқ.
Кесте 1 Руникалық көне түркі ескерткіштер тіліндегі қазіргі
қазақ тіліндегісімен салыстырылуы.
Көне т. тіліүчун тегі сайу өкоқ кісре өтрі Тада баму
кідін
Қазақ тілі үшін дейін сайын ақ кейін соң Даде маме
Тате папе
Көне т. тіліғугү аша че тапа түгүл қына Бірле қоды
Қазақ тілі ғой аса шақты таман түгіл ғана Бірге бойы
қой қана
20 ғасырдың 80- жылынан бастап шыға бастаған Дала уалаяты газеті
беттерінде бірле, бірлән, білән және мынан формалары жарысып
қолданылған.Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі менпенбен қысқа
формаларының негізі жасала басталған.Мысалы:Көптен бері мені қалап едім
сеніңменен сөйлесуге, менің қымбатлы достум!(ДУГ). Мұнда көмектес септігі
ілік жалғауынан соң тіркесіп жалғанған. Қазіргі қазақ тіліндегі ілік
жалғауының соңғы – ң фонемасы элизияға ұшырап менімен, сенімен, онымен
болып қолданылатыны белгілі.Тіл тарихында мұндай құбылысты сөз құрамындағы
әр түрлі сырт жағдайларға байланысты пайда болған дыбыстар немесе сөз
құрамында бұрыннан бар форманттар деп түсіндіріледі. Б.Әбілқасымов Дала
уалаяты және Түркістан уалаяты газет тілдерінде менен және мен қысқа
формалары сөзден бөлек қолданылғанын көрсетіп, бирлан, білән, илан
формалары көбінесе ресми материалдар мен жеке авторлардың мақалаларында
кездесетіндігін айтады[11,б.75]. Қазақ тлінде тілдік нормаларда көмектес
септігінің жіңішке варианттарының көрсетілуі көне түркі тіліндегі бірле
шылауының әсерінен болған емес. Оның жуан варианттары ауызекі тілде бар
екендігі көпшілікке мәлім. Бұл жайлы деректер С.Омарбеков, Н.Жүнісов
бірлесіп жазған ғылыми еңбекте беріледі[12,б.69]. С.Мырзабеков
варианттықты ескерте отырып, жалғаудың тек бір вариантта ұшырауын
сингармонизммен үйлеспейтіндгін тілге тиек етеді. Ғалым бұл форманың қазақ
тілінде қалыптасуына байланысты өз ойын: Көмектес септік- терінде жазу-
сызу өріс ала бастаған кезде пайда болған жалғау. Көмектес септіктің
жалғауы бірден жазуға килікті де, шылау кезіндегі жіңішке қалпынан ұзай
алмай қалды деп түйіндейді[13,б.78]. Осымен үндес пікірді А.Аманжолов та
өз зерттеуінде айта кеткен[14,б.50].
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі көмектес септікті
меңгеретін бірле сөзі қазіргі түркі тілдеріндегі бірге, бирга, берабер,
биле сөздері сияқты шылау қызметінде болған.Қазіргі қазақ тілінде бірге
сөзі көне түркі тілдіндегідей көмектес септікті меңгертеді. Сол себептен
бірле тұлғасын бірге септеулік шылауы деп қараймыз. Орхон-Енисей жазба
ескерткіштер тіліндегі шылаулар қатарына қосып жүрген кейбір шылау емес
сөздер жайлы Ғ.Айдаров Служебные части речи в языке надписей орхонских
памятниковдеген мақаласында олардың зерттелуі жайлы қысқаша тоқталып әлі
де зерттеу қажеттігін айтқан.Осы мақаласында Ара сөзін септеулік шылау
деп берген және йалуыңус, йана сөздерін демеуліктер қатарына
жатқызған[15,б.148-153]. Ара сөзі көне мәтінде көбінесе ілік жалғаулы
екін сан есімімен тіркесіп келеді.Сонымен ол аталмыш тұлға ескерткіштер
тілінде оғуз ара- оғуз арасынан, шад ара – уәзір арасынан сияқты есім
сөздермен тіркесіп келеді де мекен мағынасындағы зат есім болып, үстеу
қызметінде қолданылған.
Көне түркі жазбаларындағы шылау сөздердің жасалуына көсемше формалары
негіз болған.Сонымен қатар есім сөздерден шылау жасайтын басқа формалар да
жоқ емес. Көсемше формаларына келетін болсақ, жалғанған сөздер бастапқыда
қимыл атаулы етістікке тән іс-әрекетті білдіреді. Кейіннен өзінің алғашқы
мағынасы мен функциясынан алшақтап, шылауларға тән мағынаның белгісін,
сипатын білдре бастаған. Бұған себеп, аталмыш тұлғаның активті түрде екі
жақты қызметке ие болып бейімделуінен. Көне жазба тілінде кейбір сөздер
көсемше формаларында тұрып, бірде үстеуге тән, бірде шылауға тән функцияда
жұмсалады. Кейіннен сол сөздер бір жақтылыққа ығысып, яғни басқа қызметінен
алшақтап толығымен шылаулардың қатарына өткен. Тарихи тұрғыдан алып
қарағанда, шылаулардың барлығы дерлік әуел баста басқа мағынадағы бүтін
бөлшектер болып келеді. Оларға белгілі бір тілдің даму кезеңінде қосымшалар
жалғану арқылы жаңа мағынадағы туынды тұлғалар жасалынған. Біздің зерттеп
қарастыратынымыз осы туынды тұлғалардың ішіндегі шылау сөздер болмақ. Оның
аса ежелгі дәуірде өмір сүрген фонетикалық семаларын мәні мен қызметі жуық,
ұсақ семалармен салыстырып зерттеу мақсат етілмейді. Көне түбір мен көне
қосымшаның аражігін ашып түсіндірудің өзі қиынға соғады. Сонымен қатар тіл
білімінде олардың қандай түбір сөзден болғандығы жайлы көзқарас әр түрлі.
Тіпті түбір түгіл қосымшалардың өзінажыратып алуда да әр түрлі болжамдар
айтылып келеді. Қазақ тіліндегі сөздердің этимологиясын зерттеуші
Б.Сағындықұлы: Тіл тарихы зерттелмейінше оның даму, өзгеру,
қалыптасузаңдылықтары ашылмайды, жүйе құрылымы да, бай мазмұны да сан-
салалы әлеуметтік, қоғамдық қызметі де өз дәрежесінде танылмайды
дейді[15,б.3]. Ғалым тіл тарихын зерттеу арқылы бүгінгі тілдің күй –
қалпынан мәлімет бере алатындығына мезгейді. Ж.Вандриес: Ни одно слово не
стоит одиноко в сознаний говоряшего.Наоборот, мы всегда стремимся
группировать слова, открывать новые соединяющее их связи.Слово всегда
ассоцируется с каким- либо жестом слов , через свою семантему или морфему
или даже через своей фонемой деп сөздердің қандай да болсын элементі
арқылы этимологиясын анықтауға болатындығын айтуға болады[16,б.172].Жалпы
көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тіліндегі қолданылған шылау
сөздердің морфологиялық құрылымын зерттеуші ғалымдар екі негізіне алып
қарастарыды. Оның бірі – етістіктен жасалынған шылаулар, яғни етістік
негізді шылау сөздері де, екіншісі есім сөздерден пайда болған шылаулар
делінеді.(А.Кононов[17,б.200],А.М.Щ ербак[18,б.58], В.М.Насилов[19,б.41],
А.Д.Шукюров[20,б.249]). Бұл шылаулардың шығу тегіне, тарихи морфологиялық
құрамына қатысты пікірлеріндегі бір ерекшелік болып саналады. Тіл ғылымында
екінші бір көзқарас шылаулардың пайда болуын анатомиялық атаулармен де
байланыстырады. Мәселен, қазақ тіл білімінде шылаулардың этимологиясына
байланысты пікір білдірген ғалымдарымыздың бірі М.Балақаев Қазақ тілі
грамматикасының мәселелері деген зерттеу еңбегінде шылаулардың шығу тегін
осы қырынан алып қарастырады. Ғалым: тегінде шылау сөздер ерте кездегі
толық мағыналы сөздердің олқы мағыналы не мағынасыз сөздерге айналуын
екінші басқышы екендігін айқын көрсетеді дейді[16,б.4]. Ары қарай
Н.Маррдың осы күнгі шылау сөздердің көбі ерте кезде кісінің қолы, аузы,
көзі, қасы, басы, арқасы, асқазаны сияқты адам мүшелерінің аттары болған
деген пікірі барын айтып, тарихи құрылысы жағынан ондай шылау сөздердің
кейбір бастапқы сөзден онша өзгере қоймаса, кейбірі көптеген өзгеріске
ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдм қашықтап кеткен деген тұжырым жасайды.Жалпы
түркі тілдеріне ортақ шылаулардың этимологиясын зерттеу 17 ғасырдан
басталса да, ғалымдардың болжамдары бірізділік таныта алмай келеді.
2 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ Шылау сӨз табының мағыналық түрлері
Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік - бағыттықты, мезгіл –
мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп,
қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар
тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер,
жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. Бұлардың өзара атқаратын
қызметтері әр қилы. Мәселен, жалғаулықтар сөзбен - сөз, сөз тіркестері және
сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, септеуліктер өздеріне тиісті септік
формаларындағы атауыш сөздермен тіркесіп, сөйлем мүшелерінің арасындағы
бағыныңқылық, мекендік, мезгілдік, ортақтық қатынасты білдіреді де септік
жалғаулы сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі. Ал демеуліктер
болса, орын тәртібі арқылы атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздерге болжау,
күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау сияқты мағыналарды үстеп, әр түрлі
грамматикалық қосымша реңк береді.Жалпы тілі білімінде шылаулардың бір
қатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін,
толықтыру үшін қызмет етсе, біразы сөз тіркестері мен сөйлемдердің
арасындағы байланысты айқындау үшін дәнекер болады.Ал кейбіреулері жеке
сөздер мен сөз тіркестері немесе сөйлемдерді нақытылау үшін, толықтыру
үшін, я қосымша реңк беру мақсаттарда қолданылады делінген[22,б.362]. Осы
теориялық тұжырым негізінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер
тіліндегі шылау сөздердің мағыналық түрлері қарастырылады.
2.1Септеулік шылаулар
Септеулік шылаулар шығу тарихы жағынан әуелгі лексикалық мағынасы бар
атауыш сөздерден транспозициялық тәсілі арқылы пайда болған туынды тұлғалар
болып саналады. Олар тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып, бастапқы
лексикалық мағынасынан айырылып, қосымшалар жалғану арқылы сіңісу процесі
негізінде біріктіріліп, абстрактылы грамматикалық
мағынаны иеленген жаңа сөздер құрайды.Мәселен, В.Э.Шерер, М.И.Стеблин-
Каменскийдің: Мы же склонны придерживаться точки зрения тех лингвистов,
которые пологают, что послелоги и грамматические значения деген пікіріне
қосылып, оны О.Суник және Дж.Мураталиева құптайтынын айтады[23,б.53-
59].Қ.Ертаев кейбір түркі тілдерінде септеуліктер жеке сөз табы
болатындығын және В.Радловтың еңбегінде қырықтан астам септеуліктер барын
сөз етеді[24,б.30-34].Ал апача тобына жататын навахо тілінде: послелоги
это показатели ролей неядерных актантов и сирконстантов , так сказать
косвенные падежи.Таким образом, это не самостоятельные слова, а префиксы
глагола, грамматические единицы делінген[25,б.246].Сонымен жоғары да
берілген ғалымдарың тұжырымдары бойынша пікір білдіретін болсақ, онда жалпы
тіл білімінде септеулік шылаулар жайлы аффикс және дербес сөз мағынасындағы
екі негіздің барын байқаймыз.Бұған қоса категория дәрежесіндегі
септеуліктер бойына лексикалық және грамматикалық мағыналарды
сіңдіретіндігі және өз алдына жеке сөз табы ретінде қаралатындығы
бар.Мәселен, демеуліктер мен жалғаулықтар өздері тіркесетін немесе
байланыстыратын сөздердің грамматикалық тұлғасын талдамайды.Атауыш сөздер
қай сөз табына жатса да, қай тұлғада тұрса да жалғаулық пен демеуліктер оны
елемей тіркесе береді.Септеуліктер олай емес, атауыш сөздердің арнаулы
грамматикалық формада тұруын қалап, меңгеріп барып тіркеседі. Десек те,
көне түркі тіліндегі септік жалғаулары бірінің орнына бірі
қолданылған.Оларды қазіргі қазақ немесе басқа түркі тілдеріндегідей нақты
жүйелік байқалмайды. Сол себептен септеуліктердің грамматикалық
көрсеткішпен тіркесуін сөйлемнің мазмұны мағынасы арқылы анықтаймыз.Мысалы:
Йағру қоңдуқта кісре аңығ білік анта өйүр ерміс – Жақын қонғаннан кейін
жаман ілімді сонда үйренген еді. Осы сөйлемдегі қоңдуқта кісре тіркесі
жатыс септігінде тұр. А.Кононов септеулік шылаулар сөйлемде есім мен
етістік арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Яғни септіктердің
мағынасын толықтырады деген[26,б.296].
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі септеулік
шылауларға үчун, тегі, кісре, че, аша, бірле тұлғалары жатады.Сонымен қатар
бірде үстеу, бірде септеулік шылау қызметін атқаратын тұлғалар да бар.
Олар: тапа, артуқ, өтрү, қоды, ұдұ, өңре. Бұлардың ішіндегі рурү және че
формалары түріктанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерінде шылау есебінде
қаралмайды.
Көне түркі тіліндегі септеулік шылау сөздерге жеке – жеке
тоқталмастан бұрын, жоғарыда айтылған (рурү, че) лексикалық единицалар
жайында ойымызды ортға салалық.Ең бірінші мәселе құранды жұрнақ болып
танылып келген қарукеру , ғаругеру формаларының құрамындағы рурү тұлғасы
жөнінде болмақ. Көне түркі тілінен белгілі қарукеру формалары қазіргі
түркі тілінің деректерінде үстеулік мән – мағына беретін сөздердің
құрамында өлі форма немесе көнеленген құранды септік жалғау есебінде
танылған.Ізін жоғалтқан бұл формаларды көне түркі руникалық жазба
ескерткіштер мәтіндерінен ғана кездестіре аламыз.Түркітанушы ғалымдардың
зерттеу еңбектерінен қарукеру тұлғалары көне жазбалар тілінде бағыттық
мағынаны білдіретін барыс септігінің қосымшасы деген негізде орын
алған.Г.Рамстедт бұл құранды форманы – ға барыс септігі және – ру бағыттық
формасын директив деп көрсетеді де, - ғару тұлғасынан маған, саған, оған,
бұған сөздері қалыптасқан дейді[27,б.44].Ғалымның пікірін кейінгі жылдары
В.Котвич қолдап, өз болжамын монғол сөз жасаушы - ғаду формасымен
сабақтастырады[28,б.324].Зерттеуші В.Банг пен А.Габэн бұл қосымшалардың
құрамындағы рурү формаларының пайда болу жолын зерттей келіп, көсемшеден
шыққан деп қорытындылап, төмендегідей мысалдармен дәлелдей түседі. Кең рү
сөзінің құрамындағы – рү барыс септік формасы емес, керісінше кеңүр
етістігіне – ү көсемше формасы қосылып, кейіннен үстеуге айналған деп
айтады[29,б.264].
Руникалық жазбалардағы рурү формаларына қатысты негіздерді жинақтай
келіп, аталмыш форманы ғылыми тұрғыдан септеулік шылаулар түріне
жатқызамыз.Бұған дәлел ретінде мынандай тұжырым негіздер бар:
а)Септік категориясының формалары түбір сөзге бірден екі рет
жалғанбайды.Және – те көне түркі тілінде барыс септігінің жалғауы басқа
жалғауларға қарағанда тұрақты болып келеді.Мысалы:Түпітке кічіг тегмедім –
Тибетке кішкене жетпедім.
ә)Көне ескерткіштер жазбаларында кейбір шылау сөздер аралығында тыныс
белгі қойылмаған. Мысалы: Йерғару йер Байырқу йеріне тегі сүледім – Солға
қарай йер Байырқу жеріне дейін соғыстым.
б)Аударған кезде бергеру – бері қарай , тарқанғару – тарқанға қарай,
ілгеру – алға қарай болып өздігінен қарай шылауымен тіркесіп келеді.
в)Алтай тілдеріне жататын аталас монғол мен түркі тілдерін
салыстырған кезде монғол тіліндегі рурү формалары қарай шылау
мағынасындағы сөз ретінде дербес қолданылған. Мысалы: гэр руу – үйге қарай,
уул уруу – тауға қарай болып келеді[30,б.807].Бағыттық мағынадағы таман
сөзі де сөздікте руурүү деп берілген[31,б.295].Қарай шылауының құрамындағы
қа-ра-й (-ру,-рү,-ры,-рі) бағыттық мағынадағы көне рудиментті байқау қиын
емес.Жалпы қорыта көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі құранды
жұрнақ немесе барыс септік жалғауы болып осы уақытқа дейін танылып келген
рурү тұлғасы - лексикалық единица.Нақты айтқанда, барыс септік жалғаулы
сөзден кейін келетін бағыт – бағдар мағынасындағы септеулік шылау. Рурү
және че тұлғалары көне түркі тілдеріндегі атауыш сөздермен тіркесіп келіп,
мезгілдік, мекендік, божаулық, бағыттық мәнді грамматикалық мағыналары
білдіріп, байланыстырушылық қатарына жатады. Септеуліктерге тән қасиет
тіркесетін сөздерінің белгілі бір грамматикалық тұлғада тұруын талап етеді.
Мұндай белгілі бір грамматикалық тұлғада тұратын негізгі сөздер – зат есім,
есімдік, етістіктің есімше түрі және қимыл атаулары. Аталмыш шылаулар тобы
сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік байланысты білдіреді.Яғни
септеулік шылаулар септік жүйемен тікелей байланысты.Олар септіктердің
мағынасын толықтырады, нақтылайды. Сонымен бірге септік жалғаулары бере
алмайтын синтаксистік қатынастағы грамматикалық мағыналары мен
ерекшеленеді.
2.2Демеулiк шылаулар
Қазақ тiл бiлiмiнде демеулiк шылауларға қатысты ғылыми еңбектер мен
зерттеу жұмыстар бiршама бар. Дегенмен олардың мағыналық құрамына және орын
тәртiбiне (позиция) қатысты даулы мәселелер жоқ емес.Мәселен,Қ.Жұбанов
Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер атты еңбегiнде шылауларды қосалқылар және
жалғауыштар деп бөлiп, қосалқылардың өзiн iштей дәйек және аяқ қосалқы деп
бөлген. Соның iшiнде дәйекке тым, өте, ең т.б. деген қазiргi күшейткiш
үстеулердi шылау есебiнде қарастыру керектiгiн сөз еткен [32,б.162].Бүгiнде
бұл көзқарас кейбiр тiлшi ғалымдардың еңбектерiнен жалғасын табады.С.Исаев
күшейтпелi асырмалы шырай тұлғасын жаасайтын күшейткiш үстеу деп аталып
жүрген өте, тым, аса, тiптi т.б.тәрiздi көмекшi сөздердiң сапалық сынбармен
тiркесүi де сөздiң аналитикалық формасына жатады. Өйткенi бұл жерде
күшейткiш буындар да (уп-улкен, қып-қызыл т.б.), күшейткiш көмекшi сөздер
де (өте үлкен, тым тамаша т.б.) бiрiншiден форма тудыратын қосымшалар
сияқты өзi тiркескен сөзге қосымша грамматикалық (күшейткiш) мағына
үстейдi, бiрақ лексикалық мағынасына нұқсан келтiрмейдi, не оны өзгертiп
жiбермейдi деп тұжырымдайды [33,б.52]. Сол сияқты А.Қалыбаева, Н.Оралбаева
бiрлесiп жазған еңбекте де аталмыш тұлғалар күшейткiш үстеу есебiнде
қаралмай, дербес сөздiң формасын талғамайтын көмекшiлер қатарына жатқызады
[34,б.162].Қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердi зерттеген
Ы.Шақаманова,Қ.Жұбанов, Н.Оралбаева, С.Маралбаева, С.Исаев, М.Серғалиев
пiкiрлерiне қосыла отырып, өз ойын былай түйiндейдi: Қазiргi күшейткiш
үстеу деп танылып жүрген сөздердi шылауларға кiргiзiп, оның iшiнде тағы да
саралап, грамматикалық мағынасына, тiркесетiн сөзiне орай күшейткiш
демеулiк немесе сындық демеулiк деп қарастырған жөн сияқты” [35,б.128].
Шындығында, қазақ тiл бiлiмiнде бұл негiздiң барына бiраз уақыт өтсе де,
аталмыш тiлдiк единицалардың сау басы саудаға түсiп әлi жүр.
Негiзiнен, ең, тым, өте осы сияқты лексемалар кейбiр туыстас түркi
тiлдерiнде шылау сөздер қатарына жатқызылады. Мысалы: қырғыз, ұйғыр,
ғағауыз, хакас, түрiк, шор тiлдерiндегi. Көмекшi сөздер атауыш сөздерден
кейiн келедi деген тұжырым жалпы тiлдiк сиптттамалық дәрежеде айтылған
заңдылық. Десек те, тiлдiң кейбiр iшкi флексиялық заңдылықтарына байланысты
өзгешелiктерi болады. Мәселен қазақ тiл бiлiмiнде сөз алдында тек демеулiгi
ғана келедi деймiз. Егер де күшейткiш үстеулер деп танылып жүрген
единицаларды күшейткiш демеулiктер деп есептейтiн болсақ, онда жалғыз тек
сөзi ғана емес өте, аса, тым, ең, тiптi т.б.осы сияқты сөздердi де сөз
алдында келетiн демеулiк сөздер қатарына жатқызуға болар едi. Мұны айту
себебiмiз, көне түркi тiлiнде өте, ең тұлғалары кездесiп, қазiргi
дәрежесiнде қызмет атқарған. Мысалы:
Көне түркi тiлi: Ең iлгi Тоғу балықта сүңiшдiм – Ең бiрiншi Тұғы
балықта соғыстым. Екiншi сүңiс ең iлгi ай алты йаңқа...- Екiншi соғыс ең
бiрiншi айдың алтысында...Көзде йаш келсер өтi де көңүлге сығыт келсер...
Көзге жас келсе өте көңiлге шер келер.
Қазақ тiлi:Ескiнiң ең жақсысын ала бiлмей,жаманнан арыла бiлмей
жүргендерге ренжiдiм.Ал мұндай күресте жазушылардың, өнер қайраткерлерiнiң
алатын орны өте зор.
Екiншi бiр тiлдiк нормаға сәйкессiздiгi – демеулiктердiң қосымшаға
айналу мәселесi.Бұл - өзгешелiкте айтылып жүрген мәселелердiң бiрi. Мысалы:
Келесiң бе? – келемiсiң, барасың ба? – барамысың. Сонымен қатар кейбiр
демеулiктердiң жiктiк жалғауын қабылдап, басқа сөз таптарының қызметiнде
көрiну де жоқ емес. Мысалы:
I. Мен ғанамын Бiз ғанамыз
II. Сен ғанасың Сендер ғанасыңдар
Сiз ғанасыз Сiздер ғанасыздар
III. Ол ғана Олар ғана
Сол сияқты әдемi – ақсың, жаман – ақсың ақылшысыдамын, әкесi демiн
деген сөздердегi күшейткiш мәндi демеулiктер сөз құрамында келiп, өзiнен
кейiн көптiк, жiктiк жалғауларын да қабылдайды.
Көне түркi жазба ескерткiштер тiлiнде кездесетiн күшейткiш
мағынасындағы қына (ғанақана), оқөк (ақ), таде (тате, даде) және
сұраулық мағынадағы түгүл (түгiл) демеулiктер де бұндай өзгерiстер
байқалмайды.
Жалпы тiл ғылымында шылаулар сөз табы бола алмайды деген көзқарасқа,
әсiресе, осы демеулiктердiң қосымша формаларына ұқсас болуы себеп болған.
Сондықтан да жоғары да айтылған қосымша мәселесiне байланысты кейбiр
ғалымдар бiр кездерi демеулiктердi аффикс деп таныған болатын. Түркiтанушы
ғалымдардың тiлде бұрыннан қалыптасып, демеулiк қызметiне ежелден енiп
кеткен тұлғаларды табиғи деп көрсетуi және сол демеулiктердiң аффикстiк
элемент деп қарауы жағынан пiкiрлерi сәйкеседi. Бұл жайлы қырғыз ғалымы
А.Карымшаков турголктардың демеулiктердi аффикстiк элемент деп көрсетуiн
қостап, түркi тiлдерiндегi сөздердiң көмекшi сөзге, одан қосымшаға айналуы
заңды құбылыс деген ойын бiлдiредi [9,б.192].Демеулiктердiң бiразы
тұлғалық жағынан қосымшаға ұқсас келгенмен және олардың лексикалық
мағыналары солғын, грамматикалық мағыналары абстрактылы болса да,
аффикстерге қарағанда дербестiгiнен мүлде айырылып қалмайды. Сөзден бөлек
тiркесiп дербестiгiнен қолданылуын сақтап қалғаны бұрынғы дербестiгiнiң
қалдығы деп түсiнуiмiз керек. Ал түркологияда жұрнақтардың өзi дербес
сөздерден пайда болған деген пiкiр көптен берi айтылып келе жатқаны
белгiлi.Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде болымсыздық
мағынада қолданылатын түгүл формасы мен шектеу, нақтылау мағынасындағы қына
демеулiктерден басқалары тұлғалары жағынан аффикстерге ұқсас келедi.Мысалы
оған: таде, оқөк, баму, гугүкүк, чаче, рурү сияқты бiр буынды
формалар жатады. Олар тұлғалық жағынан қосымшаларға ұқсас келгенмен, тiлде
атқаратын қызметтер екi басқа. С.И.Соболевский көне грек тiлiндегi
демеулiктердiң де қосымшаға ұқсас болғанмен, олардың атқаратын тiлдiк
қызметтерi мен дәрежелерiнiң әр түрлi екендiгiн сөз етедi. Көне грек
тiлiнде көне түркi тiлiндегi демеулiктермен сәйкес қата, те, бе, ге
формалары бар [36,б.273]. Демеулiктердiң ескерткiш тiлiнде септеулiк шылау
рурү немесе че сияқты сөз құрамында келуi жоқ. Атауыш сөздерге тiркесiп
келiп, сол сөздерге әр түрлi грамматикалық мағыналар үстейдi. Демеулiктер
де тiлдiң даму эволюциясында бiртiндеп барып бастапқы лексикалық
мағыналарынан айырылып, абстрактылы грамматикалық мағынаны иеленген жаңа
мағынадағы шылау сөздер тобын қалыптастыра бастаған.
Орхон – Енисей жазбаларындағы шылау сөз табының лексикалық құрамына
қатысты сөз еткенде, кейбiр шылау сөздер деп танылып келген единицалардың
басқа сөз таптарына жататындығы демеулiктерде де кездеседi. Бүгiнгi күнге
дейiн зерттеу еңбектерде демеулiк шылаулар деп танылып келген йалаңус,
йана, анығ, нең, ерiнч, ерсер сияқты әр түрлi категориялық мағынадағы
сөздердi жалпы шылау сөздер қатарына қосып қарастырамыз. Бұлардан да басқа
септеулiктер және жалғаулықтар деп танылып келген тұлғалардың барлығына
дерлiк түсiнiктер берiлдi. Сонымен бiрге түркологияда қалыптасқан демеулiк
атауына қактысты пiкiрлер де айтылған болатын.Қазақ тiл бiлiмiнде бұл атау
алғаш А.Байтұрсынов еңбегiнен бастап, демеу деген терминмен аталады.
Қ.Жұбанов зерттеуiнде үстеуiштер деп берiлсе, С.Аманжолов еңбегiнен
бастап демеулiктер деген атау толық өз атын иемденген. Содан берi
Р.Әмiров, К.Амиралиев, Ф.Кенжебаева, Ғ.Иманалиева, В.Исенғалиева,
Ы.Шақаманова сынды тiлшi ғалымдар оларды арнайы зерттеген. Олар жалпы
шылаулар тарихын сипаттай отырып, бiрi жалғаулықтардың, бiрi
септеулiктердiң, ендi бiрi демеулiктердiң әр қырларынан ғылыми зерттеулерiн
танытып, өзiндiк құнды пiкiр – тұжырымдарын жасаған. Аталмыш ғалымдардың
зерттеу еңбектерiне сүйене отырып, көне түркi руникалық жазбалардағы
шылауларды салыстырып қарағанымызда, бүгiнгi түркi тiлдерiндегi шылаулар
сөз табының қалыптасуындағы алғашқы сатысы болып отыр. Яғни қазiргi қазақ
тiлiндегi демеулiктердiң қалыптасу тарихы да көне түркi руникалық жазба
ескерткiштер тiлiнен бастау алады деген сөз. Орхон – Енисей жазбалар
тiлiндегi демеулiктерге таде, оқөк, баму, ғугүкүк, қына, түгүл
тұлғалары жатады. Сонымен қатар таде демеулiгiнiң орнына жүретiн жартылай
жалғаулық шылау мағынасындағы йеме формасын да жатқызуға болады. Аталмыш
тұлғаларды қазiргi қазақ тiлiндегi қолданылып жүрген формаларымен
салыстырып көрсететiн болсақ мынандай: таде – тате, даде; оқөк – ақ;
баму – маме, папе, бабе; ғүгүкүк – қойғой; қына – қанағана; түгүл –
түгiл болып келедi. Көне түркi тiлiндегi демеулiктер қазiргi қазақ
тiлiндегiдей өздерi тiркескен сөздерге қосымша грамматикалық мағына
үстейтiн шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi болып саналады.
Демеулiктер септеулiктер сияқты өзi тiркесетiн сөздердiң белгiлi бiр
грамматикалық формада тұруын талап етпейдi.Атауыш сөздерге тiркесiп, сол
сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау мағыналарын үстейдi.
Қазiргi қазақ тiлiнде демеулiктердiң септеулiктер мен жалғаулықтарға
қарағанда дамуы да, қолданылу аясы да бiршама активтенген. Көне түркi
тiлiндегi демеулiктердiң сөйлем iшiндегi грамматикалық қатынастағы
дәрежелерiн көрсету үшiн қазiргi қазақ тiлiндегi жекелеген авторлардың
еңбегiнен мысалдар алып, салыстырып қарастырамыз. Жазба ескерткiштер
тiлiнде шылаулардың өзара (аз – көп) қолданылуына байланысты Күлтегiн,
Тонйұқақ, Бiлге қаған, Құтлық қаған (Онгин), Ырғақ бiтiг, Күлi – Чор, Мойын
– Чор, Тариат жазбалары бойынша статистикалық мәлiметтеме жасалынды.
Сонымен қатар қазiргi түркi тiлдерiндегi шылау сөздермен салыстырылынып,
өзгерген дыбыстық варианттары да көрсетiлдi.
ТаДе: Руникалық жазбадағы таде демеулiгi – қазiргi қазақ тiлiндегi
тате, даде формаларындағы күшейткiш демеулiктер. Көне түркi тiлiнде тек
демеулiк мағынасында ғана болады. А.Ысқақов қазақ тiл бiлiмiнде тате,
даде шылаулары сөздер не сөйлемдердi байланыстыру қабiлетiне байланысты
бiрде жалғаулық, бiрде демеулiк мағынасында болатындығын айтады. Жалғаулық
шылау қатарына қосқан таде формасын ғалымдар пiкiрiне сүйене отырып,
демеулiктер құрамына жатқызамыз. Себебi мынандай: демеулiк ретiнде
қолданылғанда, бiр сөздiң немесе бiрыңғай мүшелердiң әрқайсысының жетегiнде
болып, оларға күшейту, анықтау, тәтпiштеу мағыналарын үстемелеп
отырады[22,б.336].
2.3Жалғаулық шылаулар.
Тiл бiлiмi негiзi алғашқы қазығы есебiнде тiлдiк элементтер мен
единицаларды зерттеуден бастайды. Себебi ең бiрiншi тiлдiң құрылымдық
бөлшектерiн және олардың ерекшелiктерi мен қағидаларын нақтылы зерттеп
бiлмейiнше, ғылымды танып бiлу мүмкiншiлiгi жоқ. Бұл – тiл- тiлдiң
қайсысына болмасын қатысты ортақ заңдылық. Бiздiң қарастыратын мәселемiз
осы тiлдiк бiрлiк, яғни 5-8 ғасыр аралығындағы руникалық жазбаларда
жалғаулық шылау сөздерiнiң бар – жоғына қатысты болып отыр. Көне түркi
тiлдерiнде жалғаулықтардың бар – жоғын анықтау үшiн оның ең бiрiншi ғылыми
– теориялық негiзiн бiлуiмiз шарт. Келесi бiр шарты – оны дәлелдейтiн
деректер, тiлдiк материалдар болу керек. Осы екi негiзде Орхон – Енисей
және Талас жазбаларындағы шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi
жалғаулықтар туралы сөз болмақ. Жалғаулықтар – сөз бен сөздi, сөйлем мен
сөйлемдi байланыстыратын, бiр сөздiң аясында қалмай екi сөзге, екi сөйлемге
бiрдей мағына қосатын шылау сөздер. Тiл ғылымында олар аналитикалық
форманттар есебiнде қарастырылады. Жалпы олардың да қалыптасуы өзге
грамматикаланған сөздердей грамматикалық жағынан дерексiзденуi, лексикалық
дербес ұғымнан жалпы категориялық дәрежеге жетуi өте баяу және бiрте –
бiрте даму жолымен болатындығы анық.Тiл бiлiмiнде бұндай номинациялық
процестердiң болуын түбегейлi шешiп беру оңайға соқпайды. Ғылым үшiн тiлдiң
табиғаты - өте күрделi құбылыс. Тiлдiң табиғи құбылысы тұрақты болғанмен,
грамматикалық құрылысы тұрақсыз үнемi даму үстiнде болады. Сондықтан да тiл
ғылымында әр түрлi көзқарастардың туындауының өзi – заңды нәрсе.
Орхон – Енисей ескерткiштер тiлiндегi шылауларға қатысты айтылған
ғалымдар пiкiрлерiне назар аударалық.Мәселен, Ә.Құрышжанов, М.Томанов
бiрлесiп жазған Орхон – Енисей жазуы ескерткiштерiнiң зерттелу тарихы мен
грамматикалық очерктерi атты еңбекте көне түркi тiлiндегi шылауларды
қазiргi түркi тiлдерiндегi шылаулармен салыстырады. Олар көне түркi тiлiнде
шылаулар категориялық дәрежеде қалыптаспағандағын айта келе, көмекшi
есiмдердi қосып қараған. Одан кейiн жазбалар тiлiнде бүгiнгi түркi
тiлдерiндегiдей жалғаулықты шылау жүйесi жоқ, сондықтан оларды
салаластырушы, құрмаластырушы деп бөлуге негiздiң жоқ екендiгiн айтады. Бiз
ғалымдардың жалғаулықты шылау жүйесi жоқ дегенге келiскенмен, категориялық
негiзде көрiне алмайды дегенiне қосыла алмаймыз. Әрине, қазiргi қазақ
тiлiндегi жалғаулықтар тобы көне түркi тiлiмен салыстырғанда сан жағынан да
мол және беретiн мағынасы да сан қырлы. Оның үстiне олардың қолданыс ыңғайы
да көне тiлмен салыстыруға келе бермейдi. Сонымен қатар көне түркi
тiлiндегi кейбiр шылау сөздер қазiргi қазақ тiлiнде сақталмаған және
олардың орнына басқа сөздер қолданылады. Мәселен, А.Кононовтың осыған
қатысты ойы мынандай: Позднее, начиная с караханидского периода, под
воздействием арабского и персидского языков и литературы на этих языках
собственно тюркские союзы, модальные слова и частицы были почти полностью
вытеснены арабскими и персидскими займствованиями[26,б.200]. Бұл пiкiрге
көз қарасымызды айтсақ, көне түркi тiлiндегi жалғаулық шылаулардың барлығы
дерлiк қолданыстан шығып қалмаған. Ал араб – парсы сөздерi орын басқанымен
шылау сөздерге зиян келген жоқ, керiсiнше кiрме сөздердiң баламасы ретiнде
дамып, бүгiнгi тiлде қолданылып жүр. Ал жалғаулық шылаулар болса, көне
ескерткiштер тiлiнде өте сирек.Олар бұл дәуiрде жаңа да iзiн сала бастаған.
Тiл құрамы өседi, өзгередi, қайта қалыптасады, ескiредi,кемидi, ақыр
соңында ұмытылады, бiрақ ол мүлде жоғалып кетпейдi., бiр күйден екiншi бiр
күйге көшiп немесе бiр түрден екiншi бiр түрге ауысып, дамып қалыптасып
отырады. Осыған қатысты А.Щербак өзiнiң Очерки по сравнительной морфологии
тюркских языков деген еңбегiнде руникалық жазба ескерткiштерiнде жалғаулық
шылаулар кездеспейтiндiгi туралы түйiнi мынандай: Некоторые экспрессивно –
выделительные частицы примечательны тем, что являясь акцентирующим
средством, они одновременно выполняют сочинительные и подчинительные
функции. И посколько частицы, как акцентирующее средство, имеют тюркских
языках длительную, а союзы появились относительно поздно, прочно
укоренилось мнения о том, что многие тюркские союзы ведут свое
происхождение от усилительных частиц[37,б.104].Ғалым әрi қарай
байланыстырушы элементтердiң басқа тiлдерден де қалыптасатындығын
түсiндiредi. В.Насиловтың пiкiрi де осы тәрiздес жалғаулықты шылаулардың
орнына демеулiктер қызмет еткендiгiн көрсетедi.: В грамматическом строе
Орхон – Енисейских памятников не являются сложившейся категорий.
Синтаксический строй рассматриваемых текстов исключает как соединительно –
сочинительные, так и подчинительные союзы, что неоднократно
констатировалось многоими тюркологами.Единственными лексическими средствами
, приблежающимисяк категории союзов, слушает частицы та – и, да, же и йеме
– и, также, еще дейдi[20,б.44]. В.Кондратьев зерттеуiнде йеме шылауының
жалғаулық мағынасында қолданылатындығын айта келе, азу сөзiн жалғаулық
шылау деп тұжырымдайды.[38,б.131].Ғ.Айдаров жалғаулықтар қатарына йеме,өк,
тате, даде – лердi жатқызады[15,б.148].Ал А.Кононов өзiнiң Грамматика
языка тюркских рунических памятников 7-9 вв.деген еңбегiнде жалғаулықтарға
азу, йеме, тақы, уду, та, артуқы сөздерiн алып, оларды iштей ыңғайластық
жалғаулықтар және талғаулық жалғаулықтар деп екiге бөлiп жiктеген.
Осылардың iшiндегi уду (ұдұ), та, тақы, йана сөздерiне қатысты ой –
пiкiрiмiздi бiлдiре кетейiк.А.Кононовта артуқыартуқ Большой, больше -
ы афф.принадлежности еще, кроме того: Қырқ артуқы йетi йолы сүлемiс –
Сорок да еще семь раз ходили они в поход – деп берiлген[20,б.200].Бiздiң ше
артуқы сөзiн шылаулар қатарына қосып қарағанына келiскенмен, жалғаулықты
шылау түрiне жатқызғаны дұрыс емес. Себебi түркологияда кейбiр сандардың
орын алмасып келулерi сияқты немесе санаулық атауының айтылуы жөнiнде
өзiндiк ерекшелiктерi мен қасиеттерi туралы айтылған мәлiметтер
баршылық.Мәселен, М.Томанов: Көне түркi тiлiнде санаудың басқа да бiр
тәсiлi болған.Әуелi ондықты бiлдiретiн сөз, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz