Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қазақстанның қаржы секторының экономика жүйесіндегі орны мен мәні . . . 5
1. 1 Қаржы секторының тұрақтылығының мазмұны және сыныптамасы . . . 5
1. 2 Қазақстанның қаржы секторының мониторингі және даму негіздері. . 11
2. Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау . . . 20
2. 1 Ұлттық Банктің валюталық саясатының қаржы тұрақтылығына әсері . . . 20
2. 2 Қазақстанның банктік секторы, оның несиелік саясаты және басқа секторларға ықпалы . . . …32
2. 3 Қазақстан жинақтаушы зейнетақы қорларының негізгі көрсеткіштері . . . 43
2. 4 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру секторының даму үрдістері . . . 51
3. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуының кейбір мәселелері . . . 61
3. 1 Кластерлік саясаттың есебінен қаржы секторының дамуы . . . 61
3. 2 Алматы аймақтық қор орталығына (РФЦА) қалыптасу және қаржы секторының даму перспективасы . . . 70
Қорытынды . . . 75
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 77
Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі санаулы жылдар ішінде тек өз экономикасын құрып қана қоймай, жалпы экономикада өз мүмкіндіктерін кең ауқымды пайдаланып, әлемдік нарықта бәсекеге төтеп беретін, Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықты.
Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» - деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон.
Астана қаласында 2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы секторларымыз салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы секторы бұған дайын болуы керек ».
Сондықтан, диплом жұмысының мақсаты қаржы секторларын талдау және дамыту болып табылады.
Қазіргі танда Республикамыздың қаржы секторларын тұрақтандыру және дамыту жөнінде көптеген мәселелер бар. Олар:
- құнды қағаздар нарығын бүгінгі күн талабына сай етіп құру.
- қаржылық қордың нарығына қарапайым халықты тарту. Құнды қағаздар сатып алуға кез келген Қазақстан азаматының мүмкіндігі болуы шарт.
- зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, бұл бағдарлама бойынша біздегі зейнетақы қорларының инфляцияға тәуелділік қаупінен ажырауы тиіс және жеке кәсіппен айналысқан азаматтардың да зейнетақымен қамтамасыз етілуі тиіс.
- сақтандыру саласын дамыту, ел экономикасының барлық саласында сақтандыру енгізу қажет.
- қаржылық дағдарыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі. Біздің нарыққа келген кез келген инвестор, банкир, кәсіпкер біздің қаржы институттарының қауіпсіздігіне сеніп, біліп келулері тиіс.
- шағын несие институттарын дамыта түсу.
- Оңтүстік астананы халықаралық қаржы орталығына айналдыру. Алматы алып бизнес ошағына айналуы үшін қаржыгерлер қаржы салуы тиіс. Мемлекеттік органдар тиімді жағдай, инфрақұрылымын дамытуға күш салуы тиіс.
Ендігі міндет осы жетістіктерді баянды етіп, ілгерілете беру және Қазақстанның қаржы секторын дамыту жөнінде үшінші бөлімінде кейбір мәселелерді қарастырдым. Осы орайда ең алдымен жалпы таңылған халықаралық стандарттарға негізделген реттеу арқылы қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда экономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын маңызды сектор-банк секторы болып табылады. Диплом жұмысында банк секторы туралы екінші бөлімінде қарастырып және банктін қаржы секторында басты орын алатының көрсеттім. Себебі, банк секторы арқылы елдің барлық салалары тікелей ақшалық қарым - қатынаспен байланысып қана қоймай, ақша нарығындағы ресурстардың қозғалуы мен жылжуын, ағылуын және олармен байланысты қаржы институттарының қызметін реттейді. Міне, осындай аты аталған және аталмаған басқа да себептер арқылы банк секторы экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыратындығын көруімізге болады.
Сондықтан Қазақстанның банк секторын бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл еліміздің экономикалық өміріне дамыған мемлекеттердің Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Турция және басқалардың қатысуы осы елдің банк секторларымен байланыс орнату үшін тұрақты және бүгінгі күн талаптарына жауап беретін банк секторын құру қажеттілігі және оны одан әрі жетілдіруді талап етеді.
1. Қазақстанның қаржы секторының экономика жүйесіндегі орны мен мәні
1. 1 Қаржы секторының тұрақтылығының мазмұны және сыныптамасы
Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» - деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон. Бұл жөнінде Алматыда болған қаржыгерлер конгресінде де атап өтілді. Бұл конгресс 2006 ж 19 қаңтарыңда өткен еді, оған еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев қатысып қаржыгерлер алдына жеті мәселені атап - атап беріп, шешімін табуды аманат етті.
Алғашқысы, құнды қағаздар нарығын бүгінгі күн талабына сай етіп құру.
Екіншісі, осы қаржылық қордың нарығына қарапайым халықты тарту. Құнды қағаздар сатып алуға кез келген Қазақстан азаматының мүмкіндігі болуы шарт.
Үшіншісі, зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, бұл бағдарлама бойынша біздегі зейнетақы қорларының инфляцияға тәуелділік қаупінен ажырауы тиіс және жеке кәсіппен айналысқан азаматтардың да зейнетақымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Төртінші міндет, ол - сақтандыру саласын дамыту, ел экономикасының барлық саласында сақтандыру енгізу қажет.
Бесінші міндет, ол - қаржылық дағдарыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі. Біздің нарыққа келген кез келген инвестор, банкир, кәсіпкер біздің қаржы институттарының қауіпсіздігіне сеніп, біліп келулері тиіс.
Алтыншы міндет, шағын несие институттарын дамыта түсу.
Жетінші міндет - әсем Алматыға қатысты, Оңтүстік астананы халықаралық қаржы орталығына айналдыру. Алматы алып бизнес ошағына айналуы үшін қаржыгерлер қаржы салуы тиіс. Мемлекеттік органдар тиімді жағдай, инфрақұрылымын дамытуға күш салуы тиіс. Президент қаржыгерлер конгрессінде бұл жеті міндетті тек қаржыгерлерге ғана емес, үкіметке де үлкен сын болмақ. 1
Ендігі міндет осы жетістіктерді баянды етіп, ілгерілете беру. Осы орайда ең алдымен жалпы таңылған халықаралық стандарттарға негізделген реттеу арқылы қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету уәкілетті қадағалау органы ретінде ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі үшін басты бағыт болып табылады.
Бұл агенттік ҚР-сы Президентінің 2003 ж 31 желтоқсандағы № 1270 жарлығымен бекітілген. ҚР - ның Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі. ҚР-ң Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін, мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік - орган болып табылады. Агенттік өзінің қызметін ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның заңдарына, ҚР-сы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды, оның ішінде шоғырландырылған негізде, ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларда банктік, сақтандыру, жинақтаушы зейнетақы және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды орындайды. «Шоғырландырған қызмет негізінде, Агенттік: - өзі белгілеген тәртіппен банктер мен ломбардтар ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыру және таратуға, банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға, сондай-ақ банк тура немесе жанама дауыс беретін заңдытұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға, сондай-ақ банктің заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді олардың арасында жасалған шарт бойынша айқындау мүмкінділігін иеленуге рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартады, ҚР-ның аумағында, ал резидент банктер үшін республика аумағынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашуға, жеке және заңды тұлғаларға банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім береді».
2008 ж Еуроодақтың директивалары тұрғысынан қаржылық ұйымдарды реттеудің негізгі рәсімдерін қайта қарау көзделіп отыр. Сонымен қатар еліміздің қаржылық қызмет көрсету бөлігінде, ДСҰ-ға кіру шарттарын; интеграциялық процестерді; Алматыда халықаралық қаржы орталығын құру үшін жағдайларды айқындау бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұл айтылғандармен қоса қаржы рыногының одан әрі дамуы үшін мәселелер бар:
1. Банктік сектор.
2006 ж. 4 ай ішінде банктік сектор тұрақты дамыды. Бұл ретте банктік сектордың жай - күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштің динамикасы оң болды. 2006 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша ІІ-ші дәрежелі 35 банк жұмыс істейді, оның ішінде 1 банк консервация жағдайында. Осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шетелдік қатысуы бар 15 банк (ҚР - ның резидент емес банктерінің еншілес 9 банктерін қоса алғанда ) және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ.
Банктердің жиынтық меншікті капиталы 354, 7 млрд тг дейін (валюталық баламасы (1, 5) 7, 1 млрд АҚШ долларынан астам) 2, 0% өсті. Банктердің жиынтық активтері 2, 1% төмендеді және 56, 6 млрд тг жуық болды.
2006 ж. 1 ақпандағы бағаланған жағдай бойынша банктердің кредиттік протфельдің құрылымындағы стандарттық кредиттердің үлесі 55, 9%, күмәнді кредиттер - 41, 3 % үмітсіз кредиттер - 2, 8 % болды.
2006 ж. 1 ақпандағы ІІ-ші деңгейлі банктердің жиынтық табыс сомасы 30, 8 млрд тг. болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғаңда 12, 41 % өсті. Ал банктердің бөлінбеген таза табысы 3, 1 млрд тг. болды, бұл былтырғы жылдық көрсеткіштен жоғары, яғни 41, 9% - өсті. Қазіргі таңда 14 банк жабылу үстінде тұр.
2. Сақтандыру нарығы.
Сақтандыру ұйымдарын кезең-кезеңімен капиталдандырудың үш жылдық жоспары енгізілуде. Бұл отандық сақтандыру ұйымдарының тұрақтылығын жоғарылату, сондай - ақ шетелде сақтандыруға бағытталатын сыйлықтардың көлемін қысқарту үшін қажет.
2006 ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша 36 сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия алған, оның 2 адам өмірін сақтандыруға, 29 автокөлік жүргізуші ұйымдары, 8 сақтандыру брокерлік, 26 актуаршілік, 34 аудиторлық ұйымдар мен 68 аудиторларда бар.
Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 2006 ж, 113, 0%- өсті, бұл 44, 1 млрд тг. құрды. Жиынтық меншікті капитал 167, 8% - өсті. Бұл 24, 1 млрд теңге. Сақтандыру резервтері 14, 7 млрд тг. құрды. Сақтандыру премияларының көлемі 2006 ж 40, 0 млрд тг. құрды, бұл өткен жылдың көрсеткіші бойынша 11, 1 млрд тг. жоғары, яғни (38, 4 %) . Сондай - ақ міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру көлемінің көрсеткіші 4, 4 млрд тг., ерікті түрдегі сақтандыру 4, 6 млрд тг., және ерікті түрдегі мүлікті сақтандыру 31, 0 млрд тг. құрды. Қазіргі танда 11 сақтандыру ұйымы жабылу үстінде.
3. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
2006 ж 1 ақпандағы жағдай бойынша республикада 14 ЖЗҚ жұмыс істейді, республика бойынша олардың 73 филиалы мен 75 өкілдіктері бар. Оның ішінде 2 корпоративтік және 1 мемлекетгік қор.
Жыл басынан бері жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақ ақшасы 38 % өсті және 2006 ж 1 ақпанда 356, 0 млрд теңге болды. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны 2006 ж басынан бері 6, 5 млн адамға дейін ұлғайды. Таза инвестициялық табыс сомасы ағымдағы жылдың қаңтар айында 6, 5 млрд тг. құрады. Осы жылдың жинақтаушы зейнетақы қорларының номиналды табыс коэффиценті 5, 02% құрды.
Зейнетақы жүйесін дамыту үшін мыналар аса қажет:
• Ұлттық компаниялардың, олардың еншілес компанияларының, даму институттарының акцияларының бір бөлігін жария айналымға жіберу;
• Стратегиялық маңызы бар ұзақ мерзімді, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін зейнетақы активтерін тарататын үкімет, Қазақстанның Даму банкі кепілдік берген бірінші класты бағалы қағаздар эмиссиялары;
• Құнсыздану бойынша индекстелген ұзақ мерзімді мемлекеттік қағаздар эмиссиясы.
Қазіргі уақытта агенттік бірқатар мүдделі ведомстволармен бірге ҚР-ның 2006-2008 ж. ж. арналған жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеу үстінде.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеудің басымдылықтарының бірі жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз ету және зейнетақы активтерінің кірістілігін көтеру болып табылады. Бұл ретте ұлттық зейнетақы жүйесін дамытудың белгілі бір кезеңдерінде әрі қарай оң кірістілікпен жабылатын теріс кірістіліктің пайда болуына жол беріледі.
Жоғарыда баяндалған жәйттерге байланысты агенттік ең төменгі шекті инвестициялық кіріс деңгейін белгілеуді ұсынады. Инвестициялық кірістің жетіспеушілігі жағдайында зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым (ЗАИБЖҰ) немесе ЖЗҚ оны меншікті капиталдың есебінен төменгі шегіне дейін қалпына келтірілетін болады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесің дамыту бағдарламасының жобасы:
• Зейнетақы активтері портфелін ұзақ мерзімді қаржы құралдарымен қалыптастыруға жағдай жасайды;
• Құнсыздану деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшеріндегі жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына мемлекеттік кепілдік берудің орындалу тәртібін көздейді.
4. Бағалы қағаздар рыногы.
Агенттік бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарын пруденциалдық реттеу жөніндегі халықаралық стандартқа сәйкес келетін және Еуроодақтың директиваларының ережелерге ескерілген жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде. Жақын уақытта инвестициялық портфельді басқарушыларға, брокерлер - дилерлерге және тіркеушілерге арналған пруденциалдық нормативтер бойынша жаңа талаптар күшіне енеді. 2006 ж 1 ақпандағы жағдай бойынша корпоративтік бағалы қағаздар рыногында 57 брокер - дилер, 19 тіркеуші, 10 кастодиан банк, 2 өзін - өзі реттеу ұйымы және инвестициялық портфельді басқаратын 14 жұмыс істейді. 2006 ж 1 ақпанда қолданылып жүрген акциялар эмиссиясымен 2605 акционерлік қоғам тіркелді. Айналыста 2924 қолданылып жүрген акциялар эмиссиясы және жиынтық номиналды құны 409, 8 млрд тг. болатын қолданылып жүрген 110 мемлекеттік емес облигациялар эмиссиясы болды. 2006 ж 1 ақпандағы жағдайы бойынша КАSЕ - де жасалатын мәмілелердің негізгі үлес салмағы бұрынғыша «А» санатындағы ресми тізім бойынша КАSЕ - дегі сауда - саттыққа жіберілген 134 мемлекеттік емес бағалы қағаздарға сай келеді. Бұл факт - бағалы қағаздар рыногының басты инвесторлары - ЖЗҚ - ның, банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерін «А» санаты бойынша КАSЕ ресми тізіміне «В» санатындағы 42 енгізілген эмиттердің бағалы қағаздарына орналастыруға жататындарының нәтижесі болып табылады. 2
Биыл көп жағдайларда әлемдік стандарттарға сәйкес келетін «Инвестициялық қорлар туралы» жаңа Заң күшіне енді. Осы Заңға ұжымдық инвестицияларды жаңа бір сапалы деңгейге көтеруге қабілетті негізгі көз ретінде үлкен үміт артылып отыр.
Заң толыққанды жұмыс істеуі үшін агенттік қазір парламент Мәжілісінде талқыланып жатқан Салық кодексіне бірқатар толықтырулар жасады.
Сонымен бірге, шетелдік инвестицияларды біреуді жеңілдететін «валюталық реттеу туралы» жаңа заң жобасы Мәжілісте қаралу үстінде.
5. Банктгк операциялардың кейбір түрін жүзеге асыратын ұйымдар секторы
2006 ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша банктік және өзге де операцияларды орындауға 77 ломбард, 85 несиелік серіктестік пен 47 өзге де ұйымдар лицензия алған, оның ішінде 2 ипотекалық компания.
2006 ж. 1 қаңтарында несиелік серіктестердің жиынтық активтер сомасы 10, 2 млрд тг., 121, 7%, міндеттеме - 5, 7 млрд тг., 123, 0 % өсті, баланс бойынша өзіндік капитал 120, 1 % өсіп 4, 5 млрд тг құрады.
Несиелік серіктестіктердің кредиттік портфель 2006 ж 1 қаңтарында стандартты кредиттер 82, 4 % құрды, оның ішінде күмәнді кредиттер - 17, 4%, үмітсіз кредиттер 0, 2%. 2004 ж 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша стандартты - 66, 8%, күмәнді - 30, 7 %, үмітсіз - 2, 5 % құрды.
Жалпы айтар болсақ, тәуелсіздік жылдар ішінде өнірде күші басым болып табылатын тиімді қаржы секторын құру үшін көп нәрсе жасалды. Біз тәуекелдерді бірдей басқаруға негізделген қаржы секторына келуіміз керек. Реттеуші органның стратегиясы дәл осы бағытта дамиды. Бұл жөнінде Ресей экономисті, академик О. И. Лаврушин өте ұтымды жазған: «Банктер өндірістің экономикалық субъектісінің бірі бола тұрып, өзі өсіп, өркендеп келе жатқан елдің, қоғамның азаматы. Банкінің азаматтық саясаты оның жұмысынан лажсыз көрінуі керек».
- Қазақстанның қаржы секторының мониторингі және даму негіздері
Астана қаласында 2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы жүйемізбен салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы секторы бұған дайын болуы және Үкімет қаржы секторының шығындарын азайту жөнінде қамдануы керек. Жұмысты келісе жүргізу керек».
Сондай-ақ отандық банктердің іс-әрекеті мөлдірлігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керектігін атап өтті. «Әр банк, әр қаржы ұйымы өз жұмысының барысын көру стратегиясына ие болуы керек. Жаңа қаржы өнімдерін дамытып еңгізу, соңғы инновациялық жетістіктер авангардында болу, менеджмент сапасын арттыру керек» - деді. 3
«Қаржыгер күніне» дейін 2 апта бұрын қаржы блогын басқаратын вице-премьер Өмірзақ Шөкеев Үкіметте селекторлық кеңес барысында қараша айынан бастап Қазақстанда әлемдік және ішкі рыноктар мониторингі мен онда қалыптасқан жағдайды шұғыл елеу жүйесі еңгізілетінін айтты.
Бұл жүйе Премьер - министрдің тапсырмасына сәйкес әзірленді. Оны әзірлеуге Үкімет, министрліктер, Ұлттық Банк, АФН және өзге де құрылымдықтар мамандары қатысты. Әзірленген мониторинг жүйесі көрсеткіштердің бес блогынан тұрады, олар үнемі тексеріліп отырады. Жүйе әлемдік қаржы және ішкі рыноктарға, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, экономиканың нақты секторы мен мемлекеттік қаржыландыру секторына мониторингті қамтиды.
«Бізге рейтингтік агенттіктер жұмысын, елдік рейтингтер мониторингі мен Қазақстан орнын үнемі бақылап отыру керек. Ішкі қаржылық валюта рыноктары, отандық компаниялар, қаржы институттарының құнды қағаздар бағамы, валюта нарығында сауда көлемдері, алмастыру бағамының динамикасы - осының барлығы үнемі көңіл бөлуді талап етеді», - деп атап өтті Ө. Шүкеев.
Сондай-ақ өтімділік дағдарысы салдарынан баға белгілеу құлдырап кеткен шетелдік рынокта қазақстандық эмитенттер акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Үкіметінің хабарламасы маңызды көңіл бөлуді талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі аз, себебі акцияларды халықаралық қорлар биржасында сатып алу қазақстандық компаниялардың беделін ұзақ мерзімді келешекте жоғалтуға әкеледі. Акциялар бағасының белгіленуі инвесторлардың кәсіпорындарға қалай қарайтынын, олардың әлеуетін қалай бағалайтыны туралы маңызды ақпарат береді. Егер жоғары баға белгілеулер мемлекеттік көмек күтумен байланысты болатын болса, бұл теріс көрсеткіш екені белгілі, себебі сыртқы инвесторларға өз қаражатымен баға белгілеуді қолдайтын мемлекетке емес, компаниялардың өзіне сенгені қажет. Бұл Қазақстанда ресурстық байлықтың ақша байлығына көшудің маңызды процесі жүріп жатқан кезеңде маңызды. Мысалы Норвегияның шикізатты сатудан алынатын жоғары кірісті жинақтау арқылы келешек ұрпаққа қажетті болашақ қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәжірибесі дәлел бола алады. Норвегия бюджеттік түсімдердің маңызды көзі болған қордан жыл сайын ірі табыс алып тұрады. Қордың әртараптандырылған портфелінің артықшылығы оның мұнайға тәуелсіздігі мен шикізатқа арналған бағаға тән волатильдікке ұшырамайды. Мұнай резервінің бітуі бұл жағдайда ұлттық мұнай байлығының бітуін білдірмейді. Қазақстанның күн тәртібінде экономикалық дамуға қатысты мәселелер өте көп. Бүгінгі күні қанша жұмсау керек мәселесі - барынша күрделі сұрақ. Бастысы - Ұлттық қордың болуы, ал мемлекеттік шығындардың өсуі бәсеңдеуі керек. Әйтпегенде экономиканың тұрақсыздануына ұшырауымыз мүмкін, себебі осы кезеңде бюджет кірісі Ұлттық қор қаражатын жұмсамай даму жобаларын қаржыландыру үшін жеткілікті болып отыр. Қазіргі уақытга Ұлттық қор сыртқы жағдай нашарлаған жағдайда маңызды бюджеттік резерв болып табылады.
Отандық банктер мамандарының пікірінше 2007 және 2008 жылдар шегінде қазақстандық эмитенттердің акциялар мен облигациялар нарығы үшін негізгі проблема - қысқа мерзімді шетелдік инвестор алып сатарлардан қашқақтау сезімі. Инвесторлар төлемдік теңгеріс тапшылығының мүмкін болатын шұғыл өсуінен және оның салдарынан қазақстандық банктердің қаржылық көрсеткіштерін төмендететін теңгенің шұғыл құнсыздануы салдарынан микроэкономикалық жағдайдың нашарлауынан секемденеді. Олар сыртқы нарықтарда өтімділік тапшылығынан салдар шеккендер және олар үшін шикізаттық емес салаларда өсу қарқынының төмендеуі ерекше қауіп тудырады.
Қазақстандың акциялардың үлгілік портфелінің негізгі бөлігін (шамамен 70%), бүгінгі танда (және келешекте) мұнай-газ және металлургия саласының қағаздары құрайды (және құрайтын болады) . Шикізаттық емес сектор компанияларының акциялары портфельде 20%, $1 млрд-тан астам активті «екінші деңгейлі» банктерде - шамамен 10% құрайды.
2007 жылғы желтоқсан басында Астана қаласында Қаржы министрлігі мен Астана қаласы әкімі, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, «Қазақстан ипотека компаниясы» АҚ және екінші деңгейлі банктер арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz