Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие саясатына талдау


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 3
1-Бөлім. Ақша-несие саясатының теориялық негiздерi
1. 1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәнi және оны
жүргiзу құралдары . . . 5
1. 2 Ақша-несие теориясы негiзiнде экономиканы реттеу . . . 10
2-Бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие
саясатына талдау
2. 1 Ұлттық Банктiң ақша-несие саясатын реттеу механизмi . . . 18
2. 2 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының
негiзгi даму кезеңдерi . . . 27
2. 3 Ақша-несие саясатының проблемалары . . . 30
3-Бөлім. 3 ТАРАУ. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ
3. 1. Ақша несие саясатының даму келешегі . . . 35
3. 2 Шетел елдерiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi тәжiрибесi . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 46
КIРIСПЕ
Еңбек өнiмдiлiгiнiң төмен деңгейi, еңбекке қабiлеттi халықтың көпшiлiгi жұмыспен қамтылмаған, шығарылған өнiмнiң басым көпшiлiгi бәсекеге қабiлетсiз, халық шаруашылығы салаларының импорт жеткiзiлiмдерiнен едәуiр тәуелдiлiгi және т. б. орын алған жағдайда ұлттық валютаның белгiленген бағамы экономиканы қазынашылық және ақша -несие жағынан реттеу үшiн ұлттық ақшаның дүниежүзiлiк нарықтағы нақты құнын көрсетпеуiнен қолайсыз болады. Үкiмет көпшiлiктi жұмыспен қамтуға және экономикалық өсуге бағытталған тәуелсiз экономикалық саясатты жүргiзуге мүмкiндiгi болмайды.
Төлем балансының тапшылығы ұзақ уақыт сақталған жағдайда, Үкiмет қаржы қорларын жоғалтуы мүмкiн. Тiркелген ұлттық валюта бағамы баланстағы туындайтын үйлесiмсiздiктердi пайдалануы, ықтимал iрi алтын-валюта резервтерiнiң болуын талап етедi. 1998 жылы дүниежүзiлiк нарықтағы және Ресей экономикасындағы экономикалық жағдайдың нашарлау жағына қарай күрт өзгеруi, тiркелген ұлттық валюта бағамының өзiнiң тiршiлiк етуге жарамсыздығын көрсеттi. Қазақстан экономикасы өз валютасының тұрақтылығын қолдау үшiн алтын-валюта қорларының едәуiр мөлшерiн жоғалтты.
Үкiметтiң саясаты бюджет тапшылығы мен салықтардың мөлшерлемелерiн көзделген деңгейде сақтау арқылы экономиканы тұрақтандыруға бағытталған болатын. Салықтық-бюджеттiк реттеу әлсiз болса да жиынтық кiрiстiң өсуiн ынталандыруды негiзге алған. Ақша-несие саясатының рөлi айырбастау бағасының жарияланғанмен тепе-тең сәйкестiгiн қамтамасыз ету үшiн ақша ұсыныстарын реттеумен шектелген едi.
Несие ұйымдарын ынталандыру мен олардың экономиканың нақты секторымен өзара iс-қимыл жасауын қолдау мәселелерi ҰБ тарапынан тiкелей реттеу аясынан шығарылып, ақша нарығының өтiмдiлiгiн басқару қиындады, ашық нарықта ломбардтық несиелеу және РЕПО мәмiлелерi, коммерциялық банктерге күндiк қарызбен “овернайт” несиелерiн беру сияқты классикалық операцияларды жүзеге асыру қиындады.
Осымен бiрге, Үкiмет жұмыссыздықты азайтудан ұлттық валютаның құнсыздауымен күресудi маңыздырақ деп санап, тiркелген айырбастау бағамы қолданылған жағдайда, инфляцияны ауыздықтау мен инфляциялық болжамды төмендетуде едәуiр нәтижелерге қол жеткiздi.
Баланстағы тепе-теңсiздiк кезiнде орын алатын ұлттық валюта бағасының ауытқуына сыртқы қаржыландыру көздерiн тартпай-ақ түзету жасалады. Осы мақсаттарға Халықаралық Валюталық Қор несиелерiн қарызға алу, қосымша валюта мен алтын резервтерiн жасау қажет болмайды.
Еркiн айырбас режимiне көшкен кезде ұлттық валюта құнсызданғаннан кейiн, шетелдiк нарықтағы ұлттық тауарлар арзандап, бұл өз кезегiнде экспорт мөлшерiнiң қалпына келуiне және импорттың кемуiне, елге еркiн айырбасталымды валюта ағымының артуына ықпал еттi.
Еркiн өзгермелi ұлттық валюта бағамы жағдайында Үкiмет елдiң экономикалық ахуалына, сыртқы экономикалық қатынастарына, валюта резервтерiне, берешектерге, тауарлық және қаржылық ағындардың серпiнiне тiкелей ықпал етуге мүмкiндiк алды.
Сонымен бiрге, Қазақстан экономикасында бiрқатар дағдарыстық жағдайлар соңына дейiн әлi де жойылмай келедi. Экономиканың кейбiр салаларында өндiрiстiң құлдырауы тоқтатылмады, салық салу және бюджеттiк кiрiстi арттыру проблемалары орын алуда, мемлекеттiк iшкi және сыртқы қарыздар мөлшерi өсуi жалғасуда және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiк табалдырығының мағынасына жақындады, өндiрiстiк салаға берiлетiн несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып қалуда, шаруашылық етушi субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгi тиiстi деңгейде емес және т. б. Мұның барлығы ақша-несиелеудi реттеу жөнiндегi шаралар бюджеттiк шығындар мен салық салуды басқару жөнiндегi мемлекеттiк шаралармен тығыз байланысты болу керектiгiн дәлелдейдi.
Жұмыстың тақырыбы “Ақша-несие саясатының теориялық негiздерi”
Жұмыс ақша-несие саясатының мәнi мен қазiргi кезеңдегi оның даму проблемаларын айқындауды мақсат тұтады.
Қойылған мақсатқа байланысты мына мiндеттер белгiлендi:
- Бұл тақырып бойынша экономикалық әдебиеттi зерделеу және талдау:
- Ақша-несие саясатын басқарудағы зерделеу әдiстерiн таңдау;
- Ақша-несие саясатының негiзгi сипаттамалары мен өлшемдерiн зерделеу;
- Банк iсiнiң теориялық негiздерiн қарау;
- Ақша жүйесiнiң негiзгi сипаттамалары мен қазiргi заманғы өлшемдерiн және ұйымдастыру тетiгiн дамыту деңгейiн зерделеу;
- Ақша-несие саясатының негiзгi проблемаларын және оларды жою жолдарын айқындау.
Ақша-несие саясаты жүйесiн қалыптастыру мен жұмыс iстеу мәселелерi Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдармен тығыз байланыстырып қаралған.
1 ТАРАУ. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
1. 1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәнi және оны
жүргiзу құралдары
Нарықтық экономикаға көшу мен ақша-несие саласында мемлекеттiк саясат рөлiнiң белсендiлеуi ақша мөлшерiнiң баға деңгейiне әсер етуiн күшейттi, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдiгi ақша теориясы мәселелерiне мүдделiлiктiң артуына ықпал еттi. Баға деңгейiн белгiлеу мен өндiрiс тиiмдiлiгiн өзгертуде ақша мөлшерiнiң артықшылығын мойындау, айналымдағы ақшаның сандық теориясының негiзгi мазмұнын құрайды.
Ақшаның осындай әсерi американдық экономист И. Фишердiң ақша теориясының неоклассикалық бағытының бөлiгi болып табылатын айырбасты теңестiруде келтiрiлген:
MV= PQ,
мұнда:
M-айналымдағы ақша мөлшерi немесе ақша ұсынысы;
V-ақша айналымының жылдамдығы;
P- тауарлық мәмiлелер бағасының орташа деңгейi;
Q- тауарлық мәмiлелердiң мөлшерi (ұлттық өнiм) ;
Iс жүзiнде бағалардың өзгеруi айналымдағы ақша мөлшерiмен ғана емес, сондай-ақ тауарлар бағасының өзгеруiмен де байланысты (өндiрiс шығындары) .
Ақша мөлшерi теориясының тұжырымдамасы ақша айналымы жылдамдығының тұрақты шамасы (V) мен тауарлық мәмiлелер саны (Q) үшiн дұрыс болып табылады, ол iс жүзiнде болуы мүмкiн емес. Сандық доктринасының басқа өкiлi (кембридждiк) ағылшын экономисi А. Пигу ақша ұсынысының мына формуласын ұсынады) :
M=K x P x T
мұнда:
- ақша мөлшерi;
K - ақшалай нысанда иеленгiсi келетiн жылдық кiрiс үлесi;
P - баға деңгейi;
К- өндiрiстiң нақты мөлшерi;
Экономистер ұзақ жылдар бойы экономикалық өсу факторларына ықпал ететiн ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына қатысты пiкiр таластыруда.
Нарықтық экономика iштей тұрақсыз өзгермелi жүйе болып табылады, мемлекеттiк реттеуге онда негiзгi рөл берiлген. Реттеушiлер қатарында мемлекеттiң монетарлық саясаты маңызды орын алады; ақша ұсынысындағы өзгерiс инвестициялық сұраныстың өзгеруiне әкелiп соқтырған пайыздық мөлшерлеме деңгейiнiң өзгеруiнiң себепкерi болып табылады, ал мультикативтiк әсер арқылы атаулы жалпы ұлттық өнiм (ЖҰӨ) өзгередi.
Кейнсиандық теорияның негiзгi теориялық теңдеуi мынадай:
ЖҰӨ=С+1+G+NX
мұнда:
С- халықтың тұтыну шығындары;
1- инвестициялар;
G- тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған мемлекеттiк шығындар;
NX- таза экспорт;
Кейнсиандықтар мемлекеттiк реттеу процесiнде тоқыраған экономиканы тұрақтандыру iсiнде бюджеттiк саясатқа, салық жүйесi мен мемлекеттiк шығындар құрылымының өзгеруiне негiзгi маңыз бередi. Олардың түсiнiгiнше өндiрiстiң құлдырау, жұмыссыздық пен инфляция жағдайында монетарлық саясаттың макроэкономикалық салдары көп мәндi. Кейнсиандық тұжырымдаға сәйкес нақты пайыздық мөлшерлемесiнiң деңгейiн төмендетумен (инфляция пайызы шегерiлген пайыздық мөлшерлеме) монетарлық саясатты ынталандыру ақша ұсынысын көбейтедi және инвестициялық сұранысты арттыруға жетелейдi.
Осыған байланысты ЖҰӨ мультипликациялық тиiмдiлiгi артады. Өндiрiстiң құлдырауы тоқтап, жұмыссыздық азаяды, халықтың кiрiсiнiң артуы үшiн жағдайлар жасалады. Ақша ұсынысы артқанда, олардың қысқа мерзiмдi артықшылығы пайда болады. Халық артқан ақша запастарын тауар сатып алуға немесе банктердегi салымдарда жинақтайды. Ақша сұранысы артып, тиiсiнше бағалар да өседi. Халық пен фирмалардың шоттардағы қолма-қол ақшанысың мөлшерi де артады. Егер ақша ұсынысын азайтса, онда пайыздық мөлшерлеменiң өсуiмен тепе-теңдiк белгiлiнедi.
Монетаризм нарықтық экономика - өзiн-өзi реттеуге қабiлеттi iштей тұрақты жүйе деген сенiмге негiзделген. Ол инвестициялар мен ЖҰӨ арасындағы емес, айналымдағы ақша жиыны мен нарықтық ЖҰӨ арасындағы тығыз байланысқа негiзделедi. Осы бағыттың бас теоретигi М. Фридмен мемлекет айналымдағы ақша жиынының негiзделген тұрақты өсуiн қолдауға негiзделген “ұзақ мерзiмдi тепе-теңдiк монетарлық саясаттың ақша тәртiбiн” алдыға тартады. М. Фридменнiң теңдеуi бойынша осындай өсу шамасы:
∆M=∆Р+∆Y
мұнда:
∆M- ақша өсiмiнiң орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзiмдi пайызы;
∆P - болжалды инфляцияның орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзiмдi пайызы;
∆Y - ЖҰӨ өсiмiнiң орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзiмдi пайызы;
Қазiргi заманғы сандық теория классикалық канондарды жетiлдiрдi. Теориялық ақша үлгiлерi синтетикалық нысанды иелендi, оларға екi теорияға тән мемлекеттiк ақша-несие саясатындағы элементтерi де Үкiметтiң айналымдағы ақша мөлшерiне әсер ететiн саясаты Республиканың ақша-несие саясатындағы монетарлық тұжырымдама ережелерi өтпелi кезеңнiң экономикасының ерекшелiктерiне орай iшiнара iске асырылған болатын (мысалы, ақша жиыны төмендегенде төленбеген ақшаның өсуi) . Iс жүзiнде қиын проблемаларды шешу үшiн ымыралы шешiм iздестiру, қарама-қайшы үрдiстердi байланыстыру, естi тиiмдi шараларды пайдалану қажеттiлiгi туындады.
Дамыған елдерде банк қадағалауы қаржы дағдарыстарына, экономикалық оқиғалар мен саясаттағы құбылыстарға жауап ретiнде дамыды. Екi деңгейлi банк жүйесi болған кезде орталық банк ақша мультипликаторларының тетiгiн немесе екiншi деңгейдегi банктер жүргiзетiн ақша аударымдарының эмиссиясын (қайталама эмиссия) қадағалауды жүзеге асырады. Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк экономика жағдайында ақша рөлi өнiм шығарудың әртүрлi шығындар жиынтығына (материалдар, амортизация, еңбекақы және т. б. ) бағынысты болады. Ақшаның басымды есептiк және бақылау рөлi “қысымға түскен инфляцияны” жасыруға, тұтынушылық тауарлар тапшылығында әркелкi бағалар белгiлеуге және ресурстарды өтiмсiз тауарларға шашырауға ықпал еттi. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңсiздiк ара қатынасында нұсқаумен белгiленген бағалар негiзсiз тұрақты болып қалды.
Ақша айналымының жылдамдығы төмендедi, жинақтаулардың нақты сектордан алып-сатарлық сипаттағы сипаттағы қаржы операцияларына өту процесi жеделдетiлдi.
Дүниежүзiнiң 83 елiнде инфляция мен айналымдағы ақша мөлшерiнiң байланысын зерделеу айналымдағы ақша мөлшерi мен инфляция жылдамдығының арасындағы жоғары деңгейдегi тәуелдiлiктi айқындады.
Дүниежүзiлiк экономикалық тәжiрибеде ақша-несие саясатын реттейтiн әртүрлi құралдар пайдаланылады:
ашық нарықтағы яғни, құнды қағаздар нарығында операциялар;
есептеу мөлшерлемесi саясаты, яғни, екiншi деңгейлi банктердiң орталық банктен қарыздары бойынша пайыздарын реттеу;
мiндеттi резервтер нормативiнiң өзгеруi.
Ақша-несие саясатының басқарушы құралдары: қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесi, қысқамерзiмдi теңге несиелерi және үш айлық мекамдар бойынша сияқы мөлшерлемесi ақша эмиссиясын бақылау кезiнде Ұлттық банктiң монетарлық процесi тетiгiнiң негiзiн құрайды.
Орталық банк осындай құралдардың жәрдемiмен тiкелей және Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша осы кезеңдегi монетарлық саясатқа сәйкес пайыздық жағдайларды, ақша нарығындағы ұсыныс мөлшерiн қалыптастырады.
Осы үшiн ол қайта қаржыландыру мен ашық нарықтағы операцияларда өзiнiң пайыздық мөлшерлемелерiн өзгертедi, ақша нарығында басқыншылық сәтi туралы шешiм қабылдайды. Экономиканы қаржы сiлкiнiстерiне неғұрлым шыдамды етуге тырысу, оның икемдiлiгiн және нарықтық қатынастарға оның бейiмделуiн арттыру банк жүйесiн дамытудың негiзгi мақсаттарының бiрi болып табылады. Экономикалық саясат теориясына сәйкес, өтпелi экономика кезеңiнде монетарлық саясат ақшаның тауарлық бағасына әсер ететiн ақша, несие және валюта саясатының өлшем жүйесiнiң тепе-теңдiк сипатын бiлдiредi. Ақша-несие және бағам саясаты қол жетiскен құралдар тiзбесiнде көрсетiлген барлық шешiмдер ақшаның тауарлық бағасына әсер етедi. Ақшаның тұрақтылығын реттеу нарық жағдайларына макроэкономикалық құралы, екi каналды ақша эмиссиясы (ақша жиыны) мен ақша айналымының жылдамдығы арқылы ақшалай қаржылардың айналым саласын бақылауды күшейту құралы болып табылуда.
Iс жүзiнде ақша және несие саясатының қарама-қайшылығы, ақшаның тұрақтылығын және экономиканы дамуын реттеудi теңгеруге тиiс.
Ақша-несие саясаты мемлекеттiк жалпы экономикалық саясат бөлiгiн, оның элементерiнiң (өнеркәсiптiк, құрылымдық, сыртқы сауда, қазынашылық және басқа да саясат түрлерiмен қатар) бiрiн бiлдiредi және үкiметтiң басымдықтарымен және мақсаттарымен тiкелей белгiленедi. Әдетте, экономикалық өсу тұрақтылығы, жұмыссыздықтың төмен деңгейi, бағалардың тұрақтылығы, тұрақты төлем балансы осындай түпкiлiктi мақсат болып табылады.
Әртүрлi ақша түрлерi ретiнде белгiлi ақша агрегаттары М 0 , М 1 , М 2 және т. б. түсiнiледi. Олардың мазмұнын егжей-тегжейлi қарайық:
М 0- айналымдағы банкноттар (орталық банк шектерiнен тыс) және орталық банктегi екiншi деңгейлi банктердiң шоттарындағы қаржылар. Бұл ақша базасы немесе орталық банктiң ақшалары.
М 1 - халықтың қолындағы кез-келген ақша белгiлерiнiң мөлшерi мен кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың кассаларындағы қаржылар.
М 2 - М 1 барлық құрамдастары және араласқан пайдалану режимдi заңды және жеке тұлғалардың депозиттерi, халықтың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың жедел салымдары, банк жинақтау сертификаттары, еркiн айналымдағы займдардың облигациялары, банк резервтерi.
М 4 - М 1 басқа халыққа, банктерге, кәсiпорындар мен ұйымдарға тиесiлi шетел валютасындағы қаржылар.
М 1 және М 2 ақша жиынының бiрдей көрсеткiштерi болып саналады. М 4 соңғы көрсеткiшi жеке де, сондай-ақ өндiрiстiк тұтынудағы тауарлар мен қызметтерге барынша жоғары төлемге қабiлеттi жиынтық сұранысын сипаттайды.
Осы ақша агрегаттарының, бiз көрiп отырғандай, өтемпаздықтарының әртүрлiгiмен, яғни, олардың қолма-қол ақшаға жеңiл айналып кетуiмен ерекшеленедi. Тиiсiнше, ақша қажеттiлiгi туралы айтқан кезде қазiргi заманғы жағдайларда, олардың жалпы мөлшерiн ғана емес, әртүрлi ақша түрлерiнiң арасындағы ара қатынасты және трансакциондық iс-қимылдарда оның мұқтаждығына сәйкес олардың осы жерде (аймақта) болуы ескерiледi. Сондықтан орталық банктiң жоғарыда атап өтiлген бас функциясы- айналымын реттеу жалпы мөлшердi ғана емес, сондай-ақ ақша түрлерi арасындағы ара қатынасты қадағалауды көздейдi. Iс жүзiнде кез-келген қазiргi заманғы мемлекет үшiн ақша эмиссиясын және ақша айналымын реттеу елдегi жиынтық ақша жиынының бiрнеше аса маңызды көрсеткiштерiнiң жобаланған және нақтылы мөлшерiн талдау, бақылау, салыстыру қажеттiлiгiн бiлдiредi.
Осы ақша-несие құралдарына қысқаша сипаттама берейiк:
Ресми есеп мөлшерлемесi - орталық банктiң мөлшерлемесi, ол бойынша банк вексельдердi санайды немесе соңғы сатыдағы несиелер ретiнде енiншi деңгейлi банктер мен несие мекемелерiне несие бередi. Орталық банк ресми есеп мөлшерлемесiн жоғарылатып немесе төмендетiп, екiншi деңгейлi банктердiң мүмкiндiктерiне несие алу үшiн олардың клиенттерiне ықпал етедi, бұл өз кезегiнде экономикалық өсуге, ақша жиынының артуына, нарық пайызының жоғарылуына әсер етедi. Орталық банктiң ресми есеп мөлшерлемесiнiң өзгеруi нарықтық пайыздың тиiстi өзгерiстерiн туындата отырып, төлем балансы мен валюта бағамының жай-күйiнде бiлiнедi. Мөлшерлеменiң артуы елге қысқа мерзiмдi шетел капиталының тартылуына ықпал етедi, осының нәтижесiнде төлем балансы жанданады, тиiсiнше, шетелдiк валютаның бағамы төмендеп, ал ұлттық валютаның бағамы көтерiледi. Мөлшерлеменiң төмендеуi керi нәтижелерге әкелiп соқтырады.
Ашық нарықтағы құнды қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар- орталық банктiң қысқа мерзiмдi операцияларды қоса алғанда, кейiн керi мәмiле жасай отырып, коммерциялық және қазынашылық вексельдердi, мемлекеттiк облигациялар мен өзге де құнды қағаздарды сатып алу-сату жөнiндегi операциялары. Орталық банктiң мұндай iс-қимылдары екiншi деңгейлi банктердiң қызметiне олардың қолда бар ресурстар мөлшерi арқылы әсер етедi. Егер орталық банк ашық нарықта құнды қағаздарды сатса, ал екiншi деңгейлi банктер оларды сатып алады, онда соңғылардың ресурстары мен тиiсiнше олардың клиенттерге несие беру мүмкiндiктерi сарқылады. Бұл айналымдағы ақша жиынының қысқаруына және несие пайызының артуына әкелiп соқтырады. Орталық банк нарықта екiншi деңгейлi банктерден құнды қағаздар сатып ала отырып, оларға қосымша ресурстар ұсынады. Несие беру жөнiндегi олардың мүмкiндiктерiн кеңейтедi. Ашық нарықтағы операциялар банк ресурстарын, пайыздық мөлшерлемелердiң және мемлекеттiк құнды қағаздарды реттеуге және соңғы есепте ақша нарықтағы сұраныс пен ұсыныстарды реттеуге ықпал етедi.
Мiндеттi резервтер- банктер мен несие мекемелерiнде орталық банктiң талабы бойынша, әдетте, пайызсыз шотта ашылған несие ресурстарының бөлiгi. Екiншi деңгейлi банктерге олар өздерiнде сақтайтын мiндеттi резервтер нормасын арттыра немесе төмендете отырып, орталық банк банктер мен несие мекемелерiнiң несиелеу мен депозиттiк эмиссияны жүзеге асыру мүмкiндiктерiн шектейдi немесе кеңейтедi.
Мiндеттi резерв нормасының өзгеруi екiншi деңгейлi банктердiң несие ресурстарына, олардың несие беру мүмкiндiктерiне елеулi әсер етедi. Норманы арттыру екiншi деңгейлi банктердiң несие беруге арналған өздерiнiң ресурстарының бөлiгiмен пайдалана алмауын бiлдiредi. Нәтижесiнде банк несиесi мен айналымдағы ақша жиыны да қысқарады, банк несиелерi бойынша пайыздар өседi. Банк резервтерi нормаларының төмендеуi банк несиелерi мен ақша жнынының өсуiне және нарықтық пайыздың төмендеуiне жетелейдi.
Мiндеттi резервтер едәуiр шамада әкiмшiлiк тұтқаны бiлдiредi. Бiрқатар елдерде олар толықтай жойылған немесе олардың мөлшерi елеулi түрде төмендетiлген. Кейбiр елдерде қызмет бабын терiс пайдалануға жол бермеу үшiн осындай резервтердiң ең жоғары мөлшерде заңнамада белгiленедi.
Осы негiзгi құралдардан басқа дүниежүзiлiк банк тәжiрибесiнде орталық банктердiң ақша-несие саясатының басқа құралдары кең танымал, жақсы пысықталып және кеңiнен пайдаланылады. Оларды қайсыбiр елдiң нарықтық немесе өтпелi экономикалық нақты жағдайында өтiмдiрек пайдалану туралы сөз қазғалады. Оларды қысқаша сипаттап өтейiк.
Капиталдар нарығын бақылау- акциялар мен облигациялар шығару тәртiбi, сырттан қарыз алу шектерiн белгiлеу және т. б.
Нарықтарға қол жеткiзу- жаңа банктер мен несие мекемелерiн, оның iшiнде шетелдiктердi ашуды реттеу.
Валюта басқыншылығы- ақша бiрлiгiне сұраныс пен ұсыныс мөлшерiне ықпал ету үшiн едәуiр мөлшердегi валюта сатып алу-сату.
Шектеу (таргеттеу) - ақша жиыны көрсеткштерiнiң өсуiнiң мақсатты болжалын белгiлеу.
Мемлекеттiк құнды қағаздарға инвестициялау нормалары-мемлекеттiк қарызды тұрақты орналастыру мен алып-сатарлық операцияларды шектеу мақсатында банктер, несие мекемелерi үшiн белгiленедi.
Нарықтық экономика жағдайында экономикаға ықпал етудiң атап өтiлген және басқа кейбiр құралдарын пайдалану жолымен iскерлiк белсендiлiктi арттыруға немесе төмендетуге қол жеткiзiледi. Мұның өзiнде банктердiң төлемге қабiлеттiгiне ықпал ету шешушi болып табылады. Олар кәсiпкерлерге арзан несиенi көбiрек ұсынса, соңғылар соғұрлым өз iсiн ашуға ынталанады, өндiрiстi кеңейтiп немесе жетiлдiредi, экономикалық өсудi жеделдетедi.
Көрсетiлген құралдардың әртүрлi қиыстырулары орталық банкке мемлекеттiң осы кезеңдегi экономикалық стратегиясына байланысты “қымбат” немесе ”арзан” саясат жүргiзуге жол ашады. Орталық банк аталған құралдардың көмегiмен ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады: ақша жиынының деңгейiн (қатаң монетарлық саясат) немесе пайыздық мөлшерлеменi белгiленген деңгейде ұстайды (икемдi монетарлық саясат) .
Ақша-несие саясатының құралдарын пайдалану бюджеттiк-салықтық саясатпен, заңнамамен тығыз байланыстырған жағдайда ғана тиiмдi болуы мүмкiн.
1. 2 Ақша-несие теориясы негiзiнде экономиканы реттеу
Экономиканы ақша-несие реттеудiң теориялық тұрғылары қазiргi заманғы экономикалық ғылымның ең бiр қимылды-қозғалысты бағыттарының бiрi болып табылады, бiрiншiден, осы тұжырымдама әдiстемелерiнiң ерекшелiгiмен, екiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң қазiргi заманғы дамуының объективтi заңдылықтарымен түсiндiрiледi.
Ақша-несие реттеу тұжырымдамасының қолданбалы тұрғыларын әзiрлеу орталық банкке экономиканың жай-күйiн ақша-несие бақылаудың құралдар жүйесi мен әдiстерiн қамтамасыз етедi.
Мемлекет ақша-несие реттеудiң жәрдемiмен экономикалық дағдарыстарды жұмсартуға, инфляцияның өсуiн тоқтатуға ұмтылады, мемлекет экономикалық жағдайды қолдау мақсатында, ел экономикасының түрлi салаларына күрделi салымдарды ынталандыруға арналған несиелердi пайдаланады.
Ақша-несие реттеу тетiгi мына негiзгi әдiстерден тұрады: банк өтiмдiлiгiн реттеу, мемлекеттiк қарызды басқару, банк несиесiнiң мөлшерiн реттеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz