Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов


Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
XIX ғасырдың екінші жартысы - орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі. Қазақстанды игерудің барысы және орыс-қазақ катынастарының терендеуі өлкені зерттеуді кеңейту қажеттігін туғызды. Дүние жүзіне белгілі ғалым П. П. Семенов-Тяңьшанский (1827-1914 жж. ) Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхаттар жасап, өлкені жан-жақты зерттеді. Оның басшылығымен дайындалған "Ресей. Отанның толық гео-графиялық сипаттамасы" деген еңбектің "Қырғыз өлкесі", "Түркістан өлкесі" атты екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Саяхатшы ғалым Верный, Семей және басқа да Қазақстан коныстарында болған. Бұл өлкелер әсіресе қазақ халқының тарихы туралы, ұлы саяхатшының сипаттамалары мен тарихи шолуларының маңызы зор.
Орыс ғалымдарының қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-салтын зерттеуі - қазак-орыс достығының айқын көрінісі. Көрнекті шығыс зерттеушісі, академик В. В. Радлов (1837-1918 жж. ) Іле алқабын, Жетісуды зерттеп, ол жердегі халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырып, жариялады.
М. Красовский "Сібір кырғыздарының облысы" деп аталатын еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді. Көрнекті зерттеуші Л. Мейердің "Орынбор ведомствосындағы кырғыз даласы" атты еңбегі Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттауға арналды.
Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген А. Добросмысловтың "Торғай облысы. Тарихи очерк" атты еңбегінде Қазақстанның саяси дамуы жөнінде сирек кездесетін мәліметтер сакталған. Сонымен қатар қазақ халқының келелі мәселелеріне И. И. Крафт, В. Н. Витевский, Н. А. Макшеев, Л. Ф. Костенко, т. б. авторлар бірқатар еңбектерін арнады. Мұрағаттарда сақталынған белгісіз деректерді жарыққа шығарып, орыс-қазақ халықтарының байланысын барынша зерттеуде бұл авторлардың үлесі зор.
Украин халқының ұлы акыны Т. Г. Шевченконың шығармашылығында да қазақ халкы тақырыбы белгілі орын алды. 1847 - 1857 жылдар аралығында қазақ жерінде айдауда болған ақын жергілікті тұрғындардың кайыршылық өміріне көңіл аударды. Оның "Қазақ шаңырағы", "Атка мінген казак", "Байғұстар" және баска суреттері - тұрмыстың шындык жақтарын бейнелеген туындылар. "Менің ойларым" деген өлеңінде қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлайды.
Қазақ халқының қоғамдық ойы мен мәдениетінің дамуында мәдени ағарту және тұңғыш ғылыми ұйымдар мен мекемелердің ашылуы, олардың қызметі айрықша еді.
XIX ғасырда халыктың жаңаша сауатын ашып, тіл білімі мәселесін зерттеуді жолға коюда Тобольск, Томск, Орынбор, Саратов, Астрахан және басқа қалалар гимназияларында татар тілін оқыту біршама орын алды. Қазан мен Петербург университеттерінің шығыстану бөлімдері де Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуге ат салысты.
Өлке тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюда 1845 жылы ашылған орыс географиялық қоғамының Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі және басқа ірі коныстардағы бөлімдері мен бөлімшелері үлкен рөл аткарды.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде ұйымдастырылған облыстық статистикалық комитеттер қазақ өлкесінің тарихы, әтнографиясы, рухани-материалдық мөдениеті хакында кептеген мәліметтер жинады. Олар "Облыстарға шолу жасау" атты жылма-жыл жарияланатын арнайы жинақтарда жан-жақты сипатталатын.
Қоғамдың кітапханалар жергілікті халықты ағарту ісіне тартуда бірқатар еңбек сіңірді. Ресей азаттык қозғалысының Қазакстанда айдауда болған өкілдері: Е. П. Михаэлис, А. В. Леонтъев, Н. И. Долгополов, С. С. Гросс, А. М. Богомолец, т. б. қазақтар арасында жиі болып, ауылдарды аралады, Ресейде жүріп жаткаң окиғалармен жергілікті қазақтарды таныстырып, сауатын ашты. Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығының та-маша бір көрінісі - Абай мен Е. П. Михаэлнстің, қарым-катынасы.
Шоқан Уәлихановтың (1835 -1865 жж. ) шын есімі - Мұхаммед-Қанапия, Шоқан -анасының еркелетіп койған аты. 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Ол балалык шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің атамекені Сырымбетте өткізген. Сырымбет - Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналіан сұлу өңір. Болашақ ғалым бойындағы рухани қасиеттердің басты белгілері жастық шағынан-ақ қалыптаса бастады.
Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін ересек жастағы адамдар сияқты тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғанымның ыкпалы ерекше болды. Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген Шокан сүйікті әжесі жөнінде суық хабарды алған бойда Сырымбетке арнайы келіп, Айғаным ханшамен қоштасып, оны ақырғы сапарына шығарып салады.
Шоқанның жас шағынан ғылымға ден коюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялылары өкілдермен тығыз байланыста болуы да үлкен әсер етеді. Академик А. И. Шренк, С. М. Семенов, А. И. Штейнгелъ, Н. В. Басаргин және Қазан университетінің студенті С. Сотников, сонымен қатар Н. Ф. Костылецкий, Т. Сейфуллин сияқты білімді адамдар Шыңғыстың аулында талай рет болып қайткан.
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет сапар шегіп, әкесімен Омбыға келеді. Әкесі өзінің орыс достарының көмегімен баласын сол кездегі ең алдыңғы қатарлы оқу орнына - Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Декабрист И. Завалишиннің әділ бағасы бойынша, ол - "ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы" еді.
Белинский мен Герценнің азаттықка шақырған идеялары Шоқан білім ала бастаған Сібір кадет корпусына да жетеді. Жан-жақты әрі терең білім беретін кадет корпусында Қазақстан географиясына барынша көңіл белініп, өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу мен игеру колға алына бастады. Қазақ халқының тарихына да көңіл бөлінді. Шоқанның көрнекті орыс ғалымы И. Н. Березинмен, таңдаулы ұстазы Н. Ф. Костылецкиймен байланыста болуы әуелден-ақ ғылымға деген бағытын дұрыс анықтауына себепші болды.
Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясы Шоканға да әсер етті. Олардың көптеген өлеңдерін жас Шоқан жатқа біліп, сол кездегі Батыс Еуропа жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Айдаудағы ақын С. Ф. Дуров, саяхатшы, ғалым П. П. Семенов-Тяньшанский, Г. Н. Потанин Ш. Уәлихановтың білімділігін жоғары бағалаған. 1853 жылы кадет корпусын он сегіз жасында бітірген Шоқан корнет деген офицерлік атақка ие болды. Батыс және Шығыс елдерінің бірқатар тілін жетік білген Шоқан шығармашылық еңбек етуді аңсады. 1855 жылы ол генерал Г. Х. Гасфорттың әкспедициясына қатысып, Жетісу, Тарбағатай мен Орталық Қазақстанды аралады, Іле Алатауы өңірінде болды. Шоқан тарихи аңыздарды, өлеңдерді жинай жүрді. 1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстыққөлдің көлемін топографиялық, және картографиялық деректерде сипаттады. Кей маршрут-тарда ол көрнекті ғалым, географ П. П. Семенов-Тяньшанскиймен бірге болып, достығы жалғаса түсті. 1856 жылдың күзінде екеуі Құлжаға барып қайтты. Ол Қытаймен екі арадағы сауда байланысын жақсартуға үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссез жүргізеді. 1857 жылы Ш. Уәлихановтың Алатау қырғыздарына сапары Қашқар экспедициясының алдындағы сын қадамы болды. Қырғыздардың "Манас" атты тамаша
Шығармасына көніл аударды. 1858-1859 жылдары
Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатына барып қайтты. Марко Поло мен жиһанкез Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған шетелдік - Шоқан еді.
Петербургте болған жылдар (1859 - 1861) Шоқан өміріндегі ең бір қызықты кезең болды. Орыстың озат ойлы, зиялы қауымымен араласып, өзінін білімділігін, талантын танытты. Шоқан Шығысты зерттеушілер В. В. Григорьевпен, В. П. Васильевпен, В. В. Веньяминов-Зерновпен, Петербург университетінің профессоры, Құлжадағы бұрынғы орыс елшісі И. Захаровпен, сыншы Н. Н. Страховпен, ақындар А. Н. Майковпен, Я. П. Полонскиймен және басқа орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен байланысын үзбеді. Шоқанның достары қатарында аса көрнекті орыс жазушысы Ф. М. Дос-тоевский де болды. Тұңғыш рет 1854 жылы Омбыда танысқан, кейіннен Семейде жалғаскан бұл достық - ғалым өміріндегі ірі оқиға. Бұл достық Петербургте де үзілмеді. 1861 жылдан кейінгі дара билеушілікке қарсы күрестен соң бұрынғы бағытынан ауа бастаған өз досынық көзқарасына Шоқан сын көзбен қарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz