Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. БИЗНЕС ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
1.1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты ... ... ... ... ... ...7
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
2.1. Шағын бизнестің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2. Қазақстандағы бәсекелік ортаны қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің рөлі ... ... ... 12
2.3. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН БИЗНЕСТІН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру ... .19
3.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу ... ... ... ... ... ..31
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ--------------------------- ----------------------------------- -------
---------3
І. БИЗНЕС ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
1.1. Кәсіпкерліктің
қалыптасуы------------------------ ---------------------------------5
1.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының
экономикалық
саясаты.-------------------------- ----------------------------------- -------
7
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
2.1. Шағын бизнестің
дамуы----------------------------- -------------------------------10
2.2. Қазақстандағы бәсекелік ортаны қалыптастырудағы шағын және
орта бизнестің
рөлі------------------------------ ----------------------------------1 2
2.3. Шағын және орта бизнесті
қаржыландыру---------------------- ------------16
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН БИЗНЕСТІН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ
3.1. Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру-----19
3.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті
несиелеу.---------------------31
ҚОРЫТЫНДЫ
---------------------------------- ---------------------------------35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- -----------------37
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын және орта
бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын және орта
бизнес Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20
жыл толған еліміздің дамуына шағын және орта бизнесті дамыту өте қолайлы.
Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: Қазақстан Республикасында
шағын және орта бизнестің дамуы тақырыбын таңдадым.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік
проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын және орта бизнес
саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету
деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде
дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі
қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын
кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.
Бұл курстық жұмыстың міндеті:
1.аймақтық экономиканы жандандыру;
2.қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту;
3.шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;
4.қазақстанда шағын және орта бизнес қарқынды дамуына қол жеткізу.
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын және
орта бизнесті қолдау механизмін құру негізінде шағын және орта бизнесті
қарқындап дамыту.
Шағын және орта бизнесті дамыту саласында Қазақстан авторларынан
Мәуленова С.С, Бекмолдин С.Қ, Құдайбергенов Сәбденова Жанар Оралқызы,
Көкшетау экономика және менеджмент институтының экономика және менеджмент
кафедрасының аға оқытушысы Нұрпейісова Жанат Нұрпейісқызы көп еңбек
сіңірді. Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық
мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс
тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан,
ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономпкалық
көзқарастары ғана карастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ
Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі
өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған.
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730
жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды.
177жылы Адам Смитт өзінің" Халық байлығының табиғаты мен
себептері туралы зерттеу" атты еңбе гін жазғанда,ол негізгі өндіріс фак торлар
ын бөліп көрсетті:жер, еңбек, капит ал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы
ештеме
айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі
мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап
айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы
елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін
көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және
одардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы
шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытушы Д.Лонгенеко (Longenecker
Justin G.) У. Петти (J.William Petty), К. Моор (Саrlos W.Мооrе) сияқты
американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты. [1]
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және
дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында
кәсіпкерліктің даму болашағын анықтай отырып кәсіпкерлердің әр түрлі
топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін
алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс -
әрекеттеріне көңіл бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.
Жалпы құрылымы бойынша менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады:
1 бөлім – Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және
ерекшеліктері.
Бірінші бөлімде мен шағын бизнестің экономиялық мәнін, Қазақстан
Республикасындағы шағын бизнестің негізгі ерекшеліктерін қарастырдым.
2 бөлім – Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі шағын бизнестің
дамуы
Екінші бөлімде шағын бизнестің даму этаптарын, оны ары қарай дамытудың
кешенді бағдарламаларын, шағын бизнесті несиелеу жолдарын қарастырдым.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты
экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму болашағын анықтай
отырып кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын
жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта
кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс - әрекеттеріне көңіл
бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.
І. Бөлім БИЗНЕС ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
1.1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы
Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) —
экономикалық ғылымның ең манызды категорияларының бірі, нарықтық
шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан
бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы
түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан
кейін — өнеркәсіптік. Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен
Д.Рикардоның еңбектеріңце зерттелген. Капиталдың формаларымен экономикалық
мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің —
меркантилистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі
болды.
Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке
негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз
еңбегінің шарттарына меншікген шеттету процесі. Ол бір жактан, тікелей
өндірушілердің тек ғана жұмыскерге —идеалдық жұмыскерге, екіншіден,
қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге кажет құралдардың капиталға
алмасуы болып табылады
Бұл жағдай Еуропада 16 - 18 ғғ. орын алды. Сол замандағы
кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және
әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдын алғашкы
корлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық базасының қалыптасу
шарттарын өмірге өкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық
кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты.
Біріншіден, еңбек бостандық алып, жалдама жұмыскерлер табы
қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден
шеттелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып ғана күнін көретін адамдардың
көбеюі — бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.
Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыққа ие болған
жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды
отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал
бола алады — бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, қоршап
тастау әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу
кең өріс алды.
Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары — сауда, өсімқорлық,
өнеркәсіптік — екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-
жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм
жүйесі қызмет етті. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығьшың жоғары
болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және
өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол
ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым
салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан
ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.
Бүгінгі біздің елдің басындағы етпелі кезенді кейбіреулер капиталдың
алғашқы қорлану процесімен тендестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен
толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және
ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден,
реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай,
капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі ұғым бойынша, негізгі
айырмашылықты белгілейді.
Ішкіге алдымен жекешелеңдіру жатады. Ол мемлекеттік меніпікті келесі
әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді: өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде
әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің
пайдасына сәйкес кайта бөлу;капиталды қызметтер мен сауда сферасында
шоғырландыру;
• жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да
қуат сактаушылардың өз еркімен өзіне қаратып алуы;
• таңдаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік
айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету
құқын беру;
• сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы
шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
• челнок импортынан түскен табысты алу;
• мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ,
темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;
• коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б.
Капиталдың алғашқы қорлануының манызы мынада: осы процесс барысында
кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар
формасын алады және өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. [2]
1.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық
саясаты
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен
Қазақстанның азаматтарына жайлы қүқықтық жене экономикалық жағдай туғызу
үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру экомомикалық шаралар жасалды.
Шағын және орта бизнеске қаржылай қолдау көрсетуге келсек, Қазақстан
Республикасының үлттық банктің оперативтік мемлекетері бойынша ағымдағы
берілген несие портфелі 24298,8 млн. теңгені құрады. Қысқа мерзімді
несиелердің үлесі 74 пайыз, ал орта және ұзақ мерзімді несиелердікі 26
пайыз. Шағын бизнеске қаржылай қолдау көрсету мақсатында Республикада
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ЖАҚ құрылды.
2000 жылдың басынан бері жұмыс істейтін өңдірістерді дамыту бойынша
1722 жобаны қаржыландыру үшін жоспарланып отырған 5189,5 млн. теңгеден
5372 6 млн теңге сомасында несие қаражаты бөлінді, ол 103,5% құрайды,
нәтижеде қосымша 19743 жұмыс орындары ашылды.
Жұмыс істейтін кәсіпорындарды дамыту үшін ақша қаражаттарының ең
белсенді түрде берілуі Алматы мен Қостанай облыстарында болды.
Бұл жерлерде республика бойынша жалпы көрсеткіштердің тиісінше 44%-ы
немесе 2393,5 млн. теңге және 30,2%-ы немесе 1624,7 млн. теңге сомасында
несие қаражаты берілді. Оның үстіне бұл аймақтарда ашылып жатқан жұмыс
орындары санының жоғары екендігін атап кету қажет. Алматы облысында
жоспарланған 478 жұмыс орнының саны 9868-ге, ал Қарағанды облысында
жоспарланған 742 жұмыс орнының жеріне 2640-қа жетті.
Республикалық шағын бизнесті дамытудың бағдарламасының
негізгі қосалқы бағдарламаларына аймақтық және жергілікгі деңгейде
дайындалған қосалқы бағдарламалар жатады. Шағын бизнестің дамуын
қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламаларға - нормативті-құқықтық, қаржылық,
материалды-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін қосалқы
бағдарламалар жатады. Бұл қосалқы бағдарламалардың соңғы мақсаты іске
асыруға тікелей әсер етпеуіне қарамастан, олар оған қол жеткізу үшін барлық
қажетті жағдайлар жасайды.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес
басқару объектісі ретінде, оның ерекше баскару механизмін дайындауды
талап етеді.
Біріншіден, ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін
соңғы мақсаттарға бағдарланған.
Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие және мақсатқа
жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді.
Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралардан тұрады, олардың біреуінің жоқ
болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады.
Төртіншіден, бағдарламаның шаралары функция аралық сипатқа ие,
олардың орындалуына республика және аймақтар бойынша барлық функционалды
комитеттер мен бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті колдаудың кешенді
және жүйелі тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара
байланысты және үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.
Жалпы кәсіпкерлік бірнеше қызметтер атқарады: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері бар. Енді әрқайсысына
жеке–жеке тоқталып мәнін ашатын болсақ: Өндірістік қызметі өндіріс пен
материалдарды
– техникалық қамтамасыз етуді және шаруашылық қызметке қажетті шикізат,
құрал – жабдықтар және тағы да басқалармен өзара байланыстылығын
қарастырады және өндірістік сипатта жүзеге асады.
Кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін
анықтау және кәсіпорындар мен нарықтық контрегенттер арасындағы айырбас
процестерін басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар ақша және сауда
– айырбас операциялары бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.
Ал кәсіпкерліктің қаржылық қызметі келеі функцияларды іске асырудан тұрады:
қаржы есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың
мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау, ақша нарығы, банктер,
инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыста қалыптастыру; сатып
алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингтік қызметтер
және тағы басқалар.
Келесі кәсіпкерліктің қызметі – ол басқарушылық функциясы кезінде
кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен өзара
қарым-қатнастардын басқару; кәсіпкерлік идеялар, инициативалық талаптарды
және басқару тәжірибелерін қалыптастырып, тарату; капиталдар мен
табыстардың қолданылуын басқару; ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобалық
жұмыстарды тиімді пайдалану; бизнес қажеттліктеріне сәйкес жұмысшыларды
тарату, таңдау, жұмысқа алу сияқты қызметтер атқару.
Сонымен кәсіпкерлік қызметінің сферасына байланыссыз өз
қабілеттіліктерін келесі функциялардыорындау арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің қызметін бағалаудың бірнеше бағыты бар,
шағын кәсіпкерлікті анықтаудың сандық, сапалық және аралас әдістері бар.
Сандық көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорындардың шағын бизнес секторына
кіретіндігін анықтау үшін: персонал саны, жалпы өнімнің көлемі, өндірістік
қорлардың көлемі; өндіріспен сату көлемі; активтердің баланстық құны сияқты
сандық көрсеткіштермен анықталады: ал шағын кәсіпкерлікті анықтауда сапалық
көрсеткіштерге негізінен субьективті сипаттар мен тәжірибе;
Аралас әдіс экономикалық және статистикалық тәсілдерді қолдануды
ұсынады: нарықтағы үлесі; тәуелсіздік, жалпы ұлттық өнімдегі үлесі;
бірқалыпты басқару айналымы.[3]
Өткізу көлемдері мен пайда динамикаларының өсуі мен өсім қарқындары.
Көрсеткіштер 2000 2001 2002
өсу өсім өсу өсім өсу өсім
Өткізу көлемі 169,33 69,33 116,39 16,39 109,26 9,26
пайда 207,27 107,27 153,51 53,51 185,71 85,71
- өткізу көлемінің өсу қарқындары - пайда көлемінің өсім
қарқындары.
IІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
2.1. Шағын бизнестің дамуы
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы
ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын және орта бизнес Қазақстанда
қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің
дамуына шағын және орта бизнесті дамыту өте қолайлы.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге
негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру
арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту
тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға
деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді.
Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне
сай келеді.

3.шағын бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;
4.қазақстанда шағын бизнес қарқынды дамуына қол жеткізу.
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын бизнесті
қолдау механизмін құру негізінде шағын бизнесті қарқындап дамыту.

өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған.[4]
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары
Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды.
1776 жылы Адам Смит өзінің "Халық байлығының табиғаты мен себептері
туралы зерттеу" атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп
көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме
айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен
мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.

американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.

2.2. Қазақстандағы бәсекелік ортаны қалыптастырудағы шағын және орта
бизнестің рөлі
Рынок қатынастарының пайда болуы мен дамуы көптеген жағдайларды
қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рынокты
экономикалық қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді.
Негізгілері: икемді рынок жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік
қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана
емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән
ерекшеліктері бар құбылыс.
Сонымен қорыта айтқанда Кәсіпкерлік, Бизнес және Коммерция
түсініктері әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге тән болған. Бірақ
ғылыми және күнделікті айналысқа бұл түсініктер тек капитализм тұсында ғана
енгізілді.
Алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік
мәмілелер формасында болған. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған
қауымдастықтардың ыдырап құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді.
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты
– жаулап алу нәтижесәнде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар.
Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі - сауданың пайда
болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және
миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған.
Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу рыноктарында қиыншылық
тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік
қоғамдардың құрылуына – Ост-Индиямен, Гудзон шығанағымен сауда жасаған
ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан
кейін акционерлік капитал өнеркәсіпте, банк саласында ары қарай жалғасын
тапты. Осы мезгілде бұрын болмаған жаңа мамандық пайда болды. Ол –
менеджер.
Қазақстандағы кәсіпкерлік және коммерция жағдайына келсек, мұнда бұл
салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу
қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер
орталықтары болған.
XIII ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан
территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс
Шығыс халықаралық сауда жолы өткен.
XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарымен –
мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ
жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл,
Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған.
XIX ғасырдаң алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами
бастады. Сонымен қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып,
балқыту және темір илеу зауыттары ашыла бастады. Малдың тауарлық маңызы
барынша өсті.
Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта
таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдак жүйедегі экономиканың күйреуі,
жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы
шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі
деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы,
негізінен, шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шағын бизнес қоғамдық қатынастардың бірден-бір түрі ретінде қоғамның
рухани және материалды потенциялын көтеріп қана қоймай, сонымен қатар әрбір
индивидтің таланты мен мүмкіндіктерінің практика жүзінде көрінуіне жағымды
бастау бола отырып, ұлттық бірігуіне, оның ұлттық рухының және мақтанышының
сақталуына әкеледі.
Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша бекітілген кәсіпкерліктің анықтамысы
жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизричтің пайымдауы бойынша
кәсіпкерлік – белгілі бір құқы бар, жаңа бір нәрсені шығару процесі, ал
кәсіпкер – осы процеске қажетті уақыты мен күшін жұмсайтын қаржылық,
психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өз мойнына алып, бұл үшін ақша алып
және жеткен жетістігіедеген рахат сезімін алатын адамды айтады.
Америкалық оқу және ғылыми әдебиеттерінде кәсіпкерлік пен кәсіпкерді
экономикалық, саяси – экономикалық, психологиялық басқару және басқа да
жағынан сипаттайтын көзқарастар бар. [5]
Ағылшын профессоры Алан Хоскинг былай дейді: индивидуальды кәсіпкер
деген, істі өзіне ғана сеніп жүргізетін, бинесті тек өзі басқарып, керекті
қаражаттармен қамтамасыз етіп, өз еркімен шешім қабылдайтын тұлғаны айтады.
Ол үшін алған сыйы болып, кәсіпкерлік қызмет нәтижесінен кейін түскен пайда
және еркін кәсіпкерлекпен айналысқандағы қанағат сезімі. Бірақ, осылармен
қатар ол кәсіпорынның банкротқа ұшырау жағдайында барлық шығын тәуекелін өз
мойнына алады.
Кәсіпкерлік – бұл өзіндік көзқараста, жауапкершілікте және
инновациондық кәсіпкерлік ойда кегізделген экономикалық белсенділіктің
ерекше түрі.
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде көрінеді,
себебі оның бастапқы кезеңі тек идеямен байланысты балады. Соңына ол идея
материалды формада көрінеді.
Кәсіпкерлік инновациондық кездің болуымен сипатталады – ол жаңа
тауардың өндірісімен немесе жаңа кәсіпорын құруымен байланысты болады.
Өндірісті басқару, сапаны жақсартудың жаңа жүйесі, өндіріске жаңа
методтар енгізу немесе жаңа технологиялар енгізу – бұл да инновациондық кез
болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы күштерінің
ішінде кәсіпкерлер негізгі орын алады. Кәсіпкер – бастамашыл негізде, толық
экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте
табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге
қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Республика экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндiрiстi басқару
құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерiстер болып жатқаны байқалады.
Соның iшiнде маңызды бағыттардың бiрi шағын кәсiпкерлiктiң дамуы болып
табылады. Кәсiпкерлiк алымдылық қабiлеттiң, пысықтықтың шынығуына жағдай
жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының да болуы мүмкiн емес.
Сондықтан қазiргi кезеңде өз ойлау қабiлетi мен еркiндiгiн мол пайдалана
кәсiпкерлiкке назарды баса аудармасқа болмайды.
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк мекемелер мен iрi фирмалар шағын бизнестiң
дамуына жан-жақты атсалысуда. Өйткенi олар әлеуметтiк -экономикалық
мәселелердiң бiрқатарын шешедi. Бiрiншiден, жұмысшыларға жалдамалылар
қатарынан шығып, өз кәсiбiнiң қожасы болу мүмкiндiгi туады. Екiншiден, кiшi
кәсiпкерлiктi халықтың жұмыспен қамтылу мәселесiмен де бiрлестiрiп
қарастыруға болады. Үшiншiден, шағын кәсiпкерлiктiң өркендеуi тауарлар
өндiрудi ұлғайтуға және қызмет көрсетудi дамытуға жол ашады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан 1997 жылдың қаңтар айында
құрылған шағын бизнес мәселелерi жөнiндегi ынталы топ, экономиканың даму
саласын реттейтiн заңдылық және нормативтiк – нұсқаулық актiлерiн
жетiлдiруге көмектеседi деп күтiлуде.
Сонымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 18 маусымында шыққан
“Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” заңында шағын кәсiпкерлiк
тұлғаларын тiркеу процедурасын барынша оңайлату туралы атап айтылған едi.
Жарғылық капиталға қойылатын талап та жеңiлдетiлдi. Мысалы, бұрын заңды
тұлғаны тiркеу үшiн кәсiпкерлер ақша мен уақыттарын шағындап 10-12 түрлi
құжаттар жинауы керек-тiн. Ал, ендi жаңа заңдылық бойынша тәртiп ыңғайлы.
Бекiтiлген үлгi бойынша өтiнiш тек әдiлет басқармасына ғана көрсетiледi.
Бекiтiлген жарғының бiреуi бойынша жұмыс iстеуге келiсiм берiледi және
тiркеу үшiн екi есе төлем көрсеткiшi бойынша салық төленедi. 3 күн iшiнде
әдiлет басқармасы кәсiпкерге тiркеу туралы куәлiгiн және статистика органы
мен салық инспекциясына қажеттi мәлiметтердi беруге мiндеттi.
Шағын бизнестің дамуы республиканың барлық азаматтарына қатысы бар
күрделi әрi көпқырлы iс. Пәрмендi де оңтайлы қаржы институттарын құрмайынша
шағын бизнес пен орта кәсiпкерлiктi қолдау, оған демесiн болу мүмкiн емес.
Өмiр көрсетiп отырғанындай, кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi
бұрынғы мемлекеттiк қор қызметiнiң басты қателiгi оның қаржысының
чиновниктiк құрылым арқылы бөлiнуiнде едi.
Республика Президентiнiң “Шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдауды және
оның дамуын жеделдету шаралары туралы” Жарлығы материалдың өнiм өндiру мен
айналысатын кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық және кеден салымына
байланысты жеңiлдiктер беруді көздейдi. Экологиялық тұрғыда қолайсыз және
бару қиын шалғай аудандарда өнiм өндiрумен айналысатын шағын кәсiпорындарға
аумақтық жеңiлдiктер жасау, олардан салық жинамау, ауылдық жерлерде өнiм
өндiрумен айналысатын және сол жерде жұмыс орнын құруды мақсат ететiн шағын
кәсiпорындарды салықтан мүлде босату қарастырылған. Олай болса, заңдық
база, оған қоса жеке және шағын кәсiпкерлiктiң дамуына мемлекет тарапынан
көмектесу әсiресе өндiрiс саласындағы шағын кәсiпкерлiктiң iлгерiлеп өрге
басуына жол ашады.
Экономиканың мемлекеттен тыс секторларының дамуына жол салған
кооперативтер орнына шағын, сонан кейiн жеке кәсiпорындар келдi. Дегенмен
жүргiзiлген талдау көрсеткендей, экономиканың жеке секторының, әсiресе
шағын кәсiпкерлiктiң 1990 жылдың басымен салыстырғандағы қазiргi жай-күйi
күрделiрек. Iс жүзiнде кооперативтердiң 1994 жылы өндiрген тауар көлемi
1993 жылмен салыстырғанда 19,3 процент кемiдi, ал жаңа мерзiмде сауда –
саттық және делдалдық қызметпен айналысатын жеке кәсiпорындар саны 3,2
есеге өстi.
Қалыптасқан құқықтық ортаның шағын кәсiпорындарға тигiзетiн келеңсiз
ықпалы, бiрiншiден, заңдылықтың дәйексiздiгiнен көрiнедi. Өйткенi
кәсiпорындар қызметiнiң ереже-тәртiптерi, әсiресе және сыртқы экономикалық
байланыстар саласында тым жиi өзгерiстерге ұшырап отырады. Екiншiден,
заңдылықта елеулi олқылықтар бар. Айталық, меншiктiң барлық түрлерiнiң
теңдiгiне және жекеменшiктiң қорғалуына құқықтық кепiлдiк өте осал.
Үшiншiден, шағын кәсiпорындарды зорлық-зомбылық пен өктемдiкпен,
чиновниктердiң парықсыздығы мен бiлiксiздiгiнен қорғаудың нақты
тетiктерiнiң жоқтығы да көп зардабын тигiзедi.
Жалпы алғанда, ұсақ кәсiпкерлер әлi де болса қолайсыз әлеуметтiк
ортада, халықтың бiрсыпыра топтары тарапынан ұнатпайтын, ықылас та
немқұрайды ахуалда, күрделi жағдайда жұмыс iстеп жатыр. Жұртшылықтың мұндай
көңiл күйiн сондай-ақ көбiне – көп кәсiпкерлердiң белгiлi бөлiгiнiң
өркениетке жат, мәдениеттен алыс әрекеттерi мен мiнез – құлқы отқа май
құйғандай қыздыра түседi. Қиын кезеңдегi күрделi iс-кәсiпкерлiктiң бiз
байқаған кейбiр қырлары, мiне осындай.
Көптеген экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге
қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық экономикадағы маңызы
зор.[6]
2.3 Шағын және орта бизнесті қаржыландыру
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры — бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997
жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын
мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары
түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес
қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту;
шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде
оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын
кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын
бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс
орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан
орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың
негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан,
халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша
түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың несие қоржыны
мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму
банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл
шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық
тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік
субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде
әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын қалаларды
дамытудың 2004 — 06 жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік
субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын
кәсіпкерлікті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру
бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат
есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда
кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы —
кішігірім несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие жүйесінің 3-деңгейін)
дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу
мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын
ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер
беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы — шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы
міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес
аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі”
бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары
бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын
кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес
беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының
құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-
кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасында Шағын
және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005 — 07 жылдарға арналған жеделдетілген
бағдарламасына сәйкес осы үш жыл үшін қорды капиталдандыруға республикалық
бюджеттен 30 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде кішігірім
несиелендіру бағдарламасын дамытуға 11 милллиард теңге, кепілдендіру
бағдарламасына 15 миллиард теңге, жобалық несиелендіру бағдарламасына 4
миллиард теңге жұмсалды.[7]
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи
тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік
үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен Шағын кәсіпкерлікті
дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы
Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес
жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық
негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге
бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің
Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың
Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы
акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру
табысталынған болатын.
Қор іске асыратын бағдарламалар:
• Қазақстанда шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша шағын
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторы үшін халықаралық қаржы
институттарының кредиттік желісі;
• бюджеттік қаражаттардан шағын кәсіпкерлік субъектілерін (соның ішінде
әйел кәсіпкерлігін) кредиттеу бағдарламасы ;
Қордың меншікті қаражаттары есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерді
кредиттеу, соның ішінде:
• факторинг;
• қаржылық лизинг (таза және қайтарылатын лизинг);
• дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру;
• екінші деңгей банктерімен шағын кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын
ортақ қаржыландыру;
• шағын кәсіпкерлік субъектілердің ойдағыдай жобаларын қайта
қаржыландыру;
• шағын кәсіпкерлік субъектілер іске асыратын франчайзинг жобаларын
қаржыландыру;
• жұмыс істеп тұрған бизнестің айналым қаражаттарын қаржыландыру;
• шағын кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын кейін 50 пайызға дейін
өтейтін сапаның халықаралық стандарттарын енгізуді қаржыландыру;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдау инфрақұрылымының қатысушыларын
кредиттеу;
• оралмандар, жастар, зейнеткерлік жастағы әлеуетті кәсіпкерлер,
қолөнершілер, мүгедектер іске асыратын жобаларды қаржыландыру;
• Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру;
• әкімяттармен бірлесіп шағын кәсіпкерлік субъектілерді ортақ
қаржыландыру бағдарламасы;
• микрокредиттеу;
• кепілдік беру.
Қор микрокредиттік ұйымдардың желісін құрған, микрокредиттік ұйымдарды
қаржыландырады, соның ішінде қаражаттар рынокта іс-әрекет етуші
микрокредиттік ұйымдардың экономикалық айқындамасын күшейтуге бағытталады,
Қордың қатысуымен құрылған микрокредиттік ұйымдар қаржыландырылады.
Микрокредиттеу секторына жекеменшік капиталды тарту мақсатымен ШКДҚ
жарғылық капиталда ШҚДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды
құру жөніндегі механизм әзірленді. ШКДҚ-ның үлестік қатысуымен
микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі жобалар жіберіледі. ШКДҚ шағын
кәсіпкерлік субъектілері үшін оларға екінші деңгей банктерінде кредиттер
алу кезінде кепілдіктер береді. Бұл механизмді енгізу шағын бизнес
сферасына ресурстардың үлкен көлемін тартуға мүмкіндік береді, сонымен
бірге Қазақстанда сақтық компаниялары қызметтерінің спектрін кеңейту үшін
қозғау салады.
Лизинг - Қордың қаржылық қызметі бағьттарының бірі; ірі лизингтік
компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын бизнестің
қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы -
төмен пайыздық мөлшерлемесінде және мәміленің ең жоғары сомасына
шектелімдердің жоқтығында.
Қордың өңірлік филиалдарының торабы, кәсіпкерлік практиканың
республикалық оқу орталығы, оқу-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және
кәсіпкерлікке консалтингтік қолдау көрсететін кәсіпкерлікті қолдаудың
өңірлік орталықтары бар. [8]
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай
еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын
көтеру мүмкін емес. Соның бірі – шағын бизнестің дамуы болып табылады. Ел
экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын
шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын
қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеу, жұмыссыздық
мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын бизнес шешуші
фактор ретінде маңызды роль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда
нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс
істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті Қазақстан
Республикасы Агенттігінің мамандандырылған бюллетенінде жарияланылған
статистикалық мәліметтерге сәйкес, статистика бойынша қазіргі кезде шағын
кәсіпкерліктің жеке меншік субъектісіне жалпы жеке меншік, мемлекеттін және
муниципалды қоғамдық шағын кәсіпорындар 86 пайызы келеді. Бұл мәліметтер
шағын кәсіпкерліктің дамуының тез дамып келе жатқанын көрсете
Тіркелген, сондай-ақ жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың саны
жағынан ең көбі Алматы қаласында байқалуда, онда тіркелген 33395
кәсіпорынның 23034-і жұмыс істеуде немесе 69%. Астана қаласында бұл
көрсеткіш сәл жоғарырақ, ол жерде тіркелген 5282 шағын бизнес
субъектілерінің 4342 немесе 82,2%, Қостанай қаласында жұмыс істейтін шағын
кәсіпорындардың пайызы 80,3%.
2001 ж. 1 қазанынан бері Қазақстан Республикасында 885906
адамды жұмыспен қамтамасыз ететін ш аруа қожалықтарын қосқанда бүгінгі
таңда 257937 жеке кәсіпорын жұмыс істеуде.
Аймақтар арасында жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша
алдыңғы
орында Оңтүстік Қазақстан облысы иеленуде, онде шағын бизнеспен 54849-дан
астам адам айналысуда немесе республика бойынша жалпы көрсеткіштің 21,2%.
Ақтөбе облысында 22865 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген,
бұл 1998 жыл басындағы көрсеткіштің 128% құрайды. Жалпы облыстағы шағын
бизнес саласында жұмыс істейтіндер саны бүгінде 77080 адамды құрауда немесе
өткен жылдың мерзіміне қарағанда 147%. 2007 ж. ауылшаруашылық жобаларын
қолдау мен дамыту үшін 11 ай ішінде 24 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
44,9 млн. теңге бөлінді. Ақтөбе облысында шағын бизнес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz