Қазақстан Республикасында ақша айналыстарының дамуы және оның қазіргі жағдайын талдау


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДА МЕТАЛЛ АҚША, ОНЫҢ БАСҚА ДА АҚША ФОРМАЛАРЫНА ӨЗГЕРУ СЕБЕПТЕРІ . . . 4- Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы . . . 4
1. 2 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері ……. . …. 9
1. 3 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары . . . …14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚША АЙНАЛЫСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . ……17
2. 1 Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы ақша айналысының даму барысы . . . . …. 17
3 ЕЛІМІЗДЕГІ АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . …. …29
КІРІСПЕ
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша болып табылады.
Ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны, оның бағасы болып табылады.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Ақша өзінің даму тархында көптеген даму сатыларынан өтті. Ол сонау ақшаның алғашқы белгілерінен бастап қазіргі замаңғы электронды, несие ақшаларына дейін сан алуан формаларға ауысумен және дамумен болды. Алайда қанша ақша формалары өз сипаттарын өзгерткенімен ақшаның металдық теориясы, яғни алтын мен күміс осы уақытқа дейін өзінің толық құнды ақша сипатынан айрылған емес. Металдық ақша айналысын құраған алтын мен күміс нағыз ақшаларды көрсете отырып ақшаға тән барлық қызметерді атқара алады. Бірақ қоғамның дамуына байланысты металдық ақша айналысы өзінің даму барысында қағаз және несие ақшаларға ауысты. Яғни қоғамдық дамуда қағаз және несие ақшаларға деген қажеттілік туындады. Металл ақшалар өзінің формасын сақтағанымен олар бүгінгі таңда нақты айналыста емес. Яғни металл ақшадан қағаз ақшларға өтудің өзіндік себептері бар.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері ” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ақшаның экономикадағы маңыздылығын, оның бүкіл шаруашылықты ынталандыру қасиетін, металл ақша айналысының осы күнге дейінгі өзінің маңыздылығын жоғалтпау себебі және металл ақша айналысынан қағаз ақшаларға өтудің басты себептерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - металл ақша айналысы мен дамуы және қағаз ақшаға өту себептерін толығымен зерттеу.
Курстық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттер қарастырылады:
- Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысының ерекшеліктерін талдау;
- Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептеріне тоқталу;
- Ақша айналысының даму мәселелері мен оларды шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
1 ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДА МЕТАЛЛ АҚША, ОНЫҢ БАСҚА ДА АҚША ФОРМАЛАРЫНА ӨЗГЕРУ СЕБЕПТЕРІ
1. 1 Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы
Ақшаның металдық теориясы.
Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер (Томас Мэн, т. б. ) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс, яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистiк сипатта, себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз.
Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер М. М. Сперанский (1771-1839 ж. ж. ) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi - ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақшаның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi. /5, 38 б/
Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген. Ол кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон - Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ -тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi.
Қағаз - несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң (экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т. б. пайда болды.
Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.
Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте - бiрте монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.
Монета - ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.
Монета бет жағы - аверс, келесi жағы - реверс, кесiндiсi - гурт болып ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:
Биметализм - жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.
Металдық айналысқа байланысты аталып өткен екi ақша жүйесi - биметализм және монометализмге тән. /7, 107 б/
Биметаллизм - бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:
Паралелдi валюта жүйесi, алтын және күмiс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;
Қосарлы валюта жүйесi, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
“ақсақ” валюта жүйесi, күмiс монеталар алтын белгiсi болып табылады.
Монометаллизм - жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын ақша жүйесi. Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:
Алтын монета стандарты , оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады.
Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
Алтын девиз стандарты - Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.
Осылай, б. э. дейiн III - II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж. ж. аралығында - күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.
Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан.
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективтi заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.
Бiрақ қағаз ақшаның шығу тарихы б. ғ. д. I ғ. тән, яғни ол кездегi терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император меншiгiнде болған.
Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуы Шынғысханның немересi Хубила ханмен байланыстырылады.
XVII ғ. алдындағы капиталистiк тауарлы өндiрiстiң дамуымен қағаз ақшаның қолданылуы өрiс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстiк Американың Британиялық отар елдерiнде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та, 1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 ж. II Екатерина тұсында пайда болды.
Сырттай қарағанда, қағаз блгiлерi мемлекет тарапынан жасалынған - толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрiздi әсер етедi деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуынан көбеюi есесiнен пайда болды.
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан бiртiндеп бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн белгiсiнiң ақырғы формасы.
Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға ие ақша белгiсi.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерiнiң сатып алу қабiлетiн сақтай алады.
Егер “нағыз” ақшалар айналыста өзiнiң меншiктi құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесiнде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдiң көлемiнде ғана оларға ерiксiз өзiндiк құн белгiлейдi. Осылайша, Қазақстанда 1993 жылы ең iрi капюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелiк капюрлар шығарылған болатын.
Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылмаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездерi болған.
Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы атқарады.
Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына байланысты олар өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi. Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк емес шығындарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға дүниежүзiлiк ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi және тауар массасының қысқаруы, т. б.
Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн емес, сондықтан да олармен қатар несиелiк ақшалар жүредi.
Несиелiк ақшалар - бұл несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”. /6, 89 б/
Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.
Ақшаның сандық теориясы.
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстiң ашқан ақша айналысының заңымен реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi. Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебiнiң ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:
PY = TV+DV 1
мұндағы: P - бағаның жалпы деңгейi;
Y - өндiрiс көлемi;
T - ақша белгiлерiнiң саны;
D - депозиттер;
V және V 1 - ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.
1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн ақшаның сандық теориясы өзiнiң күшiн жоғалта бастады, себебi кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңiл бөлдi.
Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын, американ экономистерiн монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды, себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.
Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi: неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:
А с = Т б. с. - Н т. б. с. + Т с - О т. м. с. / А + АР
А с - төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;
Т б. с. - тауар бағасының сомасы;
Н т. б. с. - несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,
Т с - қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Ө т. м. с. - өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;
АР - ақша резервтерi;
А - ақшаның төлем және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа саны.
Теңдiкте көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн себептердiң бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi болып табылады.
Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.
Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының масасын беретiн, өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады. Ақша екi түрлi формада болады: қолма - қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi. Ақшаның бұл екi формасы бiр - бiрiмен тығыз байланыста. Банктiк айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.
Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi. /8, 64 б/
Сонымен мен бірінші тарауда ақшаның жалпыға бірдей эквивалент тауар ретінде пайда болуы мен ондағы ақша айналысы теорияларының дамуын және ондағы металл ақшалардың пайда болуы мен олардың даму барысына тоқталып өттім. Енді келесі тарауда металл ақша айналысының экономикалық сипаты мен оның басқа ақша формаларымен ара қатынасын, бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуына тоқталып өтуді жөн көрдім.
1. 2 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері
Ақша өзінің материалдық - заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ір қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі - егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгілерінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналысқа түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін XVIII ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауларымен бірдей. Мысалы, фунт стерлинг, ливер, марка - «жарты фунт» деген ұйым. Ал фунт - қадақ -орыстың бұрынғы 409, 5 грамдық өлшеміне тен екен. Киев Русьіндегі ақша өлшемі грифна күмістің фунты деген мағынаны білдірген, ал оның тең жартысы рубль деп аталған.
Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл. Оның формасы да әр түрлі болған (шыбық, сым, табақша және т. б. ) . салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан сауданың баяу жүруіне әкеп соқтырған. /9, 114 б/
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін жолақша сызығы бар табақша, ең соңғысы екі жағында суретт салынған массасы бір немесе екі фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп металл ақшалардың формасының неше түрі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар - ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғарғы сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты тауар сатушылардың арасынана көпестер бөлініп шығып, олар тауар айырбасына тек делдалдық кәсіппен щұғылданды. Сонымен монета деген заң жүзінде құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын, массасын, типін, ремедикмын (заңды түрде бекітілгн нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия ережесін бекітті. Монетаның бет жағын - аверс, сыртын - реверс, жиегін обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн монета соғуға жұмсалған металдың құнына тен ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болады және ақшаның барлық қызметін атқарады. Толық құны жоқ ақша - монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдеоді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Осы билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты кұнвн жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы стандарт кезінде де кембағалы металдардан соғылды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе және қазір металдар қоспасынан және аллюминийден соғылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz