ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы

Бітіру жұмысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕҚЫҰ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Орындаған 4-курс студенті Доллин Д. М.

Ғылыми жетекші Бюжеева Б. З.

т. ғ. к., доцент

Норма бақылаушы Садықова Р. О.

оқытушы

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді Макашева К. Н.

т. ғ. д., доцент

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ-НЫҢ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕРІ

1. 1. ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-ның қалыптасу тарихы, қызметі, маңызы . . . 10

1. 2. Әскери-саяси саладағы ынтымақтастық . . . 20

1. 3. Лаңкестікпен күрес . . . 28

ІІ ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

2. 1. Экологиялық ынтымақтастық . . . 39

2. 2. Экономикалық ынтымақтастық . . . 43

ІІІ ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

3. 1. Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы мәдени, діни және этникаралық төзімділік бойынша өзара әрекеттері . . . 51

3. 2. ҚР және ДИАҚБ/ЕҚЫҰ арасындағы демократиялық реформаларды жүргізу бойынша ынтымақтастығы . . . 52

3. 3. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары және оның алғашқы қорытындылары . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметін зерттеу аясында Қазақстанның халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын зерттеудің үлкен маңызы бар. Көптеген халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықты дамыту Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының көпвекторлық бағытына және оның ұлттық қауіпсіздігін күшейту мүдделеріне сәйкес келеді. Қазақстан 1992 жылдың басында байланыс орнатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы еуропалық қауіпсіздік құрылымдарының ішінде ерекше орын алады.

ЕҚЫҰ Біріккен ұлттар ұйымы Жарғысының VІІI тарауына сәйкес аймақтық ұйым түрінде құрылып, өз мүше-мемлекеттер аймағындағы қақтығыстарды ерте ескерту, алдын алу, реттеу және постқақтығыстық қайта қалпына келтіру мәселелерімен айналысады.

ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттері арасындағы шын ынтымақтастықты дамыту және тереңдетуге шақырады. Нақ осы мақсат Ұйымның барлық қызметінің негізінде жатыр және оның әрбір әрекетінің сипатына үлкен әсер етеді. Ал әскери-саяси, адами және экономико-экологиялық өлшемдердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету барлық мүше-мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы негізінде жүргізілуі керек.

ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі аясындағы қызметі Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Әскери саладағы ЕҚЫҰ-ның басты мақсаты мүше-мемлекеттер арасындағы ашықтықты күшейтіп, ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Қазақстан нақты жобаларды іске асырумен қатар, бұл өлшем аясында нормативтік негізді кеңейту аса маңызды деп есептейді.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықта экономикалық және экологиялық өлшемдер салаларында, соның ішінде трансшекаралық су қорларын саналы түрде және келісімділік негізінде басқаруға ерекше назар аударылады.

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты дамыту Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басты мүдделерінің бір болды және келешекте де болмақ. ЕҚЫҰ-ның адами өлшем саласындағы негізгі институттармен құрылымдық диалог орнату Қазақстандағы демократиялық жаңартулар, азаматтық қоғамды құру және де заң үстемдігін орнату үшін өте маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасының Парламентінің жоғары палатасының төрағасы Қ. Тоқаевтың ойы бойынша, ЕҚЫҰ-ның мәртебесін көтеру, құрлықтағы саяси тұрақтылықты сақтау бойынша мүмкіндіктерін кеңейту, барлық, яғни гуманитарлық, экономикалық, экологиялық, әскери-саяси бағыттардағы потенциалын жоғарылату Қазақстан Республикасының ұзақ уақытқа белгіленген міндеттері болып табылады [67, С. 316-317] .

Сандық, құрылымдық және функционалдық жағынан кеңейе бастағаннан кейін, ЕҚЫҰ өзінің бас басымдықтары етіп жаңадан демократиялық даму және нарықтық экономика жолына түскен мемлекеттерге ұйым стандарттарына қарай жаңартулар жасауға көмектесу деп белгіледі. Гуманитарлық өлшем саласында функционалдық және құрылымдық кеңейтулер көбірек орын алып, ол өз кезегінде ХХ ғ. соңында ЕҚЫҰ-ның басты ерекшелігі және де басқа халықаралық ұйымдардан айырмашылығы болып табылатын «тегіс қамтушы қауіпсіздік» тұжырымдамасының теңсіздігіне әкелді. Бұл орайда, екі жақтың арасындағы ынтымақтастықты зерттеу жаңа маңызға ие болуда, себебі ол Ұйымның құрылымындағы және іс жүзіндегі қызметінің өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасы мен құрамына 50-ден астам мемлекет кіргізетін ірі аймақтық қауіпсіздік құрылымы ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасу және даму тарихы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы мен даму тарихын жан-жақты зерттеу, сараптау болып есептеледі.

Осы мақсатқа жету барысында мынандай міндеттер қойылды:

― ЕҚЫК даму процесі мен оның институционалдық негізін қарастыру;

― ЕҚЫҰ-ның «тегіс қамтушы қауіпсіздік» тұжырымдамасы мен оның негізгі компоненттерін зерттеу;

― Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасу процесін қарастыру;

― ЕҚЫҰ-ның адами өлшем саласындағы институттарының Қазақстан Республикасындағы қызметіне баға беру;

― Қазақстан Республикасындағы экономикалық және экологиялық сипаттағы мәселелердің шешімін табуға ЕҚЫҰ мүмкіндіктерін көрсету;

― ҚР мен ЕҚЫҰ арасындағы әскери-саяси өлшем саласындағы ынтымақтастықты зерттеу;

― ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының әскери-саяси, экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшем салаларындағы ынтымақтастықтың келешек даму жолын көрсету;

- Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерге қол қою арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындау бойынша іс-шараларын таныстыру.

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері 1992 ж. Қазақстан Республикасы бұл халықаралық ұйымға мүше болып кіргеннен бастап қазіргі таңға дейінгі ауқымды қамтиды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысындағы міндеттерді орындау үшін келесі топтарға біріктіруге болатын кең ауқымды дерек көздері пайдаланылды.

Деректердің бірінші тобын Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президентінің Жарлығы, сонымен қатар республиканың нормативтік-құқықтық актілері, мемлекеттік бағдарламалары құрайды. Мемлекеттің Ата заңы гуманитарлық өлшем саласындағы жұмыс барысында Қазақстан өз азаматтарының барлық құқықтары мен бостандықтарын қорғайтынын көрсету мақсатында қолданылған [1-9] .

Деректердің екінші тобын екіжақты және көпжақты сипаттағы дипломатиялық құжаттар, мысалы ДИАҚБ/ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы арасындағы Меморандум және әскери-саяси өлшем саласындағы бірқатар құжаттар құрайды [] .

Деректердің үшінші тобына мемлекетіміздің саяси қайраткерлерінің сөйлеген сөздері, мәлімдемелері және сұхбаттары кіргізіледі. ҚР Президенті мен сыртқы істер министрлігі өкілдерінің сөйлеген сөздері Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын дамытудағы ұстанымдарын көрсетіп, болашақ бағыттарын айқындауға тұжырымдық негіз болды [12-19] .

Деректердің төртінші тобын ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы құжаттар құрайды. 1999 жылы Стамбул саммитіндегі қол қойылған құжаттар осы кезге дейін ең жоғары деңгейде қабылданған ең соңғысы болып табылады [20-22] .

Бұл топқа жалпы сипаттағы құжаттармен қатар, қауіпсіздіктің әр өлшеміндегі жасалған келісімдер кіргізілген. Әскери-саяси салада бірқатар маңызды құжаттар қабылданған. Экономикалық және экологиялық саладағы бастысы 2003 жылы қабылданған Стратегия-құжат болып табылады. ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшем саласындағы басты жетістіктері 1990-1991 жылдары қабылданған Мәскеу, Копенгаген құжаттары болып есептеледі. Одан басқа, бұл топқа ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесінің жыл сайынғы қабылданған құжаттары жатқызылған [22-32] .

ЕҚЫҰ құрылымдарының есеп берулері, сонымен қатар, шолушы конференциялардың материалдары, анықтама және баспасөз парақтары деректердің бесіншіі тобын құрайды [33-38] .

Деректердің алтыншы тобын зерттеу жұмысының тақырыбына тікелей байланысты мәселелерді қамтушы бұқаралық ақпарат құралдарының, мерзімдік басылымдардың және ақпарат агенттіктерінің материалдары, интернет-ресурстар құрайды [39-43] .

Жоғарыда көрсетілген дерек көздері дипломдық жұмысты жазу үшін деректік негізді құрады. Бұл деректерді қарастыру қойылған мәселенің жан-жақты зерттеліп, мақсаттары мен міндеттерінің ашылуына толықтай көмектесті.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. ЕҚЫК/ЕҚЫҰ процесі әрқашан зерттеушілердің ерекше бақылауында болған. Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу аясында еуропалық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуде басты назар ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-ға аударылған болатын. Кеңес шақырылған уақыттан бастап қауіпсіздіктің дәстүрлі түрлерін ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық, экономикалық және экологиялық сипаттағы мәселелерді қарастырған болатын. Жоғарыда аталғандардың бәрі көптеген зерттеулерге арқау болды. Сонда да ЕҚЫҰ миссияларының жұмысы және мүше-мемлекеттердің ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынас орнату формалары толығымен зерттелмеген.

ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-ның халықаралық және аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлін түсіндіру мақсатында көптеген батысеуропалық және американдық зерттеушілердің жұмыстары қарастырылған [44] .

ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттерінің мүдделері және Ұйымның мүмкіншіліктерінің әрі қарай дамуы Kurt P. Tudyka [45], F. Cameron [46] сияқты зерттеушілердің жұмысында қарастырылған. Авторлардың айтуы бойынша, ЕҚЫҰ шеңберіндегі шешім қабылдау процесіне Еуропалық Одақ, АҚШ және Ресей Федерациясы көбірек әсер етеді.

ЕҚЫК-тің кеңею процесі, құрылымдық жаңарулар Ст. Крофт, Дж. Редмонд, Дж. Риса, М. Веббер секілді британдық зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған [47] .

ЕҚЫҰ зерттеулерінің көп бөлігін Женева халықаралық зерттеулер институты Халықаралық ұйымдарды зерттеу бағдарламасы аясында жасаған болатын [48] .

ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси саладағы қауіпсіздігі және Тәртіп кодексінің іске асырылуы Нидерландылық “Clingendael” халықаралық қатынастар институты еңбектерінде қарастырылады [49] .

ЕҚЫҰ-ның қазіргі қызметі «Хельсинки монитор» журналында ашылып жазылады. Бұл журнал адам құқықтары бойынша Хельсинки Федерациясы және Нидерландылық Хельсинки Комитеті секілді үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен шығарылады [50] .

Таңдалған тақырыпты зерттеу кезінде ЕҚЫҰ жоғары лауазымды тұлғаларының еңбектері қарастырылған болатын [51] . 1999-2001 жылдары ЕҚЫҰ-ның Орталық Азия мемлекеттеріне байланысты саясатын жүргізуге тағайындалған Төрағаның жеке өкілі-елшісі В. Хойнктың жұмысы ерекше назар аударуға тұрарлық [52] . Орталық Азиямен байланыс бойынша ЕҚЫҰ Бюросы қызметінің қалыптасуы мен дамуы Бюро қызметкері Т. Доренвендт (T. Dorenwendt) жұмысында зерттеледі [53] .

ЕҚЫҰ-ның Орталық Азияға байланысты аймақтық стратегиясын жасап шығару дағдарыстардың алдын алу бойынша Халықаралық топ сияқты өте белгілі халықаралық үкіметтік емес ұйымның жұмыстарында зерттеледі. ЕҚЫҰ бұл аймақтағы өз қызметін функционалдық өзгеріске түсірмесе, оның жұмысы өте тиімсіз болады деп ойлайды бұл ұйым [54] .

ЕҚЫҰ-ның жаңа мүше-мемлекеттердің ұлттық саясатына әсер етуінің өсуі Д. Тренин, Э. Ремакль, Э. Барбе, Н. Саинз [55] секілді ресейлік және батыстық авторлардың біріккен зерттеуінде орын алады. Авторлар ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-ның Балтық елдері, Грузия, Молдова, Тәжікстан, Таулы Қарабах, Украина және Чечнядағы саясатын қарастырады. ТМД елдерінің ЕҚЫҰ-дағы рөлі туралы зерттеу А. Загорский [56], О. Быковтың [57] кітаптарында жазылған.

Жалпы, ЕҚЫҰ-ның құрылуы, онымен әрекеттесуші ұйымдар, жалпы қауіпсіздік бойынша С. Крылов [58], М. Горбачев [59], И. Плугатарев [60], А. Макаренко [61] және А. Загорскийлердің [62] жұмыстарында кездестіруге болады. Сонымен қатар, В. Найденко, Л. Губанов, Е. Петровалардың [63] біріккен жұмысында әлемдегі, соның ішінде ЕҚЫҰ кеңістігіндегі экономикалық-экологиялық мәселелер туралы жазылған.

Еуропалық қауіпсіздік бойынша тұжырымдық сипатта Қ. Тоқаев [64-68], Е. Идрисов [69] сияқты бірқатар қазақстандық дипломаттардың жұмысы жазылған болатын. Белгілі дипломат және саясаткер Қ. Тоқаевтың монографиялары және мақалалары Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті мәселелеріне арналған. Автор Қазақстанның сыртқы саясатының бастауларында тұрған, сондықтан оның екі жақты ынтымақтастықтың сараптауы үлкен ғылыми-практикалық қызығушылық тудырады.

Қазақстанның ЕҚЫҰ шеңберіндегі сыртқы саяси қызметінің жалпы сараптауы К. Абусеитов [70-72], С. Турсунов [73-75], Е. Қазыханов [76] секілді ғалымдардың жұмысында жасалған. Абусеитовтың ойынша, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ қызметіне қатысуы аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаушы сыртқы саясаттың басты бағыттарын қалыптастыруға мүмкіншілік береді.

ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-ның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін сараптаған Қазақстандық зерттеушілердің ішінде У. Касенов [77], С. Кушкумбаев [78], М. Лаумуллин [79], С. Акимбеков [80], Р. Бурнашев [81], Е. Пастуховтардың [82] ерекше бөліп қарастыруға болады.

Қазақстанда ЕҚЫҰ-ын ғылыми мағынада зерттеудің басталуы ЕҚЫҰ-ның 25 жылдығы, сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ЕҚЫҰ: Еуропалық қауіпсіздік хартиясы» атты конференциядан орын алды. Еуропалық қауіпсіздік құрылымдарының қызметін сараптауда Ж. У. Ибрашев[83], Г. Б. Хан[84], К. И. Байзакова[85], М. Ш. Губайдуллина [86], Л. Р. Каратаева [87], К. Н. Макашева [88], И. А. Черных[89] сияқты зерттеушілердің еңбектері өте қатты қызығушылық тудырады. БҰҰ, ЕҚЫҰ халықаралық құжаттарында адам құқықтарын қорғауды қалыптастырудың дипломатиялық аспектілері Б. З. Бюжееваның [90] еңбегінде жақсы қарастырылған.

ЕҚЫҰ-ның ТМД елдеріндегі дауларды мен қақтығыстық жағдайларды шешуіне саяси сараптау Ж. Жабинаның [91] диссертациялық зерттеуінде жасалған.

Отандық тарихи ғылымда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың дамуы нақты зерттеудің пәні болмаған. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы саясатын күшейту, ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық сипаттағы мәселелерін шешудегі рөлі, сонымен қатар Ұйымның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі толығымен зерттелмеген болып табылады.

Бітіру жұмысының әдістемелік негізі.

Бұл дипломдық жұмыстың жазылуы барысында бақылау, құжаттарды қарастыру, жүйелік, құрылымдық-функционалдық, мәселелік-хронологиялық және сараптау сияқты жалпығылыми әдістер қолданылды, бірақ бұлардың арасындағы айырмашылық шартты болып табылады. Тарихи-саяси сараптау Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-мен әскери-саяси, экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшем саласындағы ынтымақтастығының қалыптасуы және даму процесін түсінуге көмектеседі. ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі және практикалық қызметіне салыстыру әдісін қолдану арқылы ЕҚЫҰ-ның тегіс қамтушы қауіпсіздік тұжырымдамасындағы географиялық және функционалдық теңсіздігін байқауға болады. Ал жүйелік тәсіл мәселені бірлігінде және тұтастығында қарастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының қолданыстық маңыздылығы оның өзектілігі мен қолданбалы сипатымен тікелей байланысты. Зерттеу жұмысының материалдары ҚР сыртқы саясатын зерттеушілерге, Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастығына қызығушылық танытқан мамандарға маңызы зор. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының негізгі жағдайларын «халықаралық қатынастар», «аймақтану» мамандықтарының оқу процесінде, жоғары оқу орындарында оқу курстарын жасауда пайдалануға болады.

Қорғалуға ұсынылатын тұжырымдамалар:

1. ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-ның эволюциясының тарихи-саяси сараптауы «қырғи-қабақ соғысы» кезінде дипломатиялық форум сипатында қызмет еткен ЕҚЫК 1990 ж. кейінгі институционалдық, функционалдық және сан жағынан кеңейгеннен кейін әскери-саяси, экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшемдер саласында жұмыс істеуге бағытталған аймақтық құрылым болып қалыптасты. Берілген үш өлшем ЕҚЫҰ-ның «тегіс қамтушы қауіпсіздік» тұжырымдамасын құрайды. Бұл тұжырымдаманы орындау барысында көптеген сәтсіздікке жолыққанмен, ЕҚЫҰ қазіргі уақытта өз қызмет ету аймағында консультация жүргізу, шешім қабылдау және ынтымақтастық үшін кең өкілеттікті ұйым болып табылады.

2. ЕҚЫК-тің өзге қауіпсіздік құрылымдарынан ерекшелігі превентивтік сипаттағы кооперативтік ынтымақтастық тұжырымдамасына негізделген жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін құрғандығында болып табылады. Алайда, ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-тың даму процесінен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұндай саясаты әлсіз екендігі көрінді. Қазіргі таңда ЕҚЫҰ-ның рөлі аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өте аз екендігі белгілі.

3. 1990 ж. Орталық Азия аймағы ЕҚЫҰ-ның қызмет ету аймағындағы басымдықтарының бірі болып анықталады. Орталық Азия ЕҚЫҰ үшін үлкен маңызы бар, себебі бұл аймақсыз ЕҚЫҰ тек оңтүстік-шығыс Еуропада қызмет ететін аймақ болып табылады. Алайда Орталық Азия аймағының басымдылығы оның Орталықтарының аймақтағы бюджетінің өсуіне алып келмеді, сонымен қатар бұл аймаққа байланысты ұзақ уақытқы аймақтық стратегия құралмаған.

4. Хельсинки Қорытынды Актісіне қол қойылғаннан кейін Батыс мемлекеттері демократизация және либерализация мәселелері бойынша шығыс елдеріне, кейінірек жаңа қосылған мемлекеттерге, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттеріне қысым жасауға ЕҚЫК потенциалын толығымен қолданды. Алайда, ЕҚЫҰ-ның кеңес мемлекеттеріндегі адами өлшем саласын іске асырудағы қалпы мен тәсілдері белгілі бір жағдайларда оның негізгі қағидаларын, соның ішінде өзара түсінушілік және мемлекеттердің өзара теңдігі қағидаларына бұзған болатын.

5. ЕҚЫҰ өзінің саясатын өткізгіші ретінде Алматыда, кейінірек Астанада ЕҚЫҰ Орталығының ашылуымен Ұйым өз қызмет ету ауқымын кеңейтті. Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы үкіметтік құрылымдар, Орталық Сайлау Комиссиясымен ғана емес, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, әр түрлі қозғалыстармен тығыз қарым-қатынастар орнатқан. Мемлекетаралық ынтымақтастыққа жол ашуға негізделген ЕҚЫҰ Қазақстанның ішкі саяси өмірінің белсенді қатысушысына айналды. ЕҚЫҰ Орталығы өз мандатынан тыс міндеттерді атқара бастағаннан кейін Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның «алаңдық қызметін» реформалауды ұсынатын мемлекеттер тобына қатыса бастады.

6. Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты зерттеу барысында Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-мен жұмысындағы басшылыққа алуға болатын басымдықтар анықтау бойынша ұсыныстар жасалған. ЕҚЫҰ-ның мүмкіншіліктеріне нақты баға беріп, оларды барлық мүше-мемлекеттер пайдасына қолдану керек, соның ішінде Қазақстан Республикасының мүдделеріне жауап беретін экономикалық және экологиялық өлшем салаларындағы ЕҚЫҰ қызметінің дамуына Ұйынның потенциалын толықтай пайдалану қажет. ЕҚЫҰ әрі қарай дамуы бойынша өзінің аймақтағы саясатын өзгерту керек.

Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ-НЫҢ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕРІ

1. 1. ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-ның қалыптасу тарихы, қызметі, маңызы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) құрамына 56 мемлекет, олардың ішінде барлық еуропалық мемлекеттер, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Канада, Орталық Азия аймағы мемлекеттері және Кавказ мемлекеттері кіретін аймақтық мемлекетаралық саяси ұйым болып табылады. Ұйым Жерорта теңізі аймағы және Азиядағы мемлекеттер, Алжир, Мысыр, Израиль, Иордания, Марокко, Тунис, Ауғанстан, Моңғолия, Корея Республикасы, Таиланд және Жапониямен әріптестік қарым-қатынастар дамыту үстінде. Ең жас ұйымдардың бірі болып табылатын ЕҚЫҰ-ның өзіндік қалыптасу тарихы 1973 жылы 3 шілдеде Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің ашылуымен басталады. Бұл кеңес тағы екі жыл бойы Женевада жалғасып, 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропа мен Американың 35 мемлекеті қол қойған Қорытынды Актімен бітеді.

Сонымен, қазіргі кезге дейін жалғасып келе жатқан жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуына бастау салынды. Жалпы, оның қалыптасуына алғышарттар өткен ғасырдың 60-70 жж. биполярлық әлемдік жүйенің екі тобының арасындағы текетірестік жағдайынан пайда болды. Ал бәрін тегіс қамтитын қауіпсіздік жүйесінің идеясы Еуропадағы ұзақ уақыттық соғыстардың нәтижесі ретінде пайда болды. Қазіргі жалпыеуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кейбір ережелер 1814-1815 жж. өткен Вена конгресінде талқыланған болатын. Бұл ойлар 1815 жылы құрылған Қасиетті Одақтың қызметі арқылы жүзеге асты [92] .

Қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуына тағы бір қадам жасалып, 1919 жылы Ұлттар Лигасы құрылды. Бұл ұйым алғашқы болып халықаралық қатынастардағы либерализм және бостандық қағидаларын ұсынып, құпия келісімдерден бас тарту мен ашықтыққа, қарама-қайшылықтарды бейбіт жолдармен шешуге шақырды, бірақ та агрессорды тоқтатудың нақты механизмдері болмағандығы және Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Ұлттар Лигасының тарауына әкеліп соқты [93] .

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көптеген адамдық және материалдық шығын бейбітшілікті қамтамасыз ететін нақты механизм құру мақсатын алға шығарды. Бұл идея 1945 жылы Жарғысы қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуына себеп болды. Оның қалыптасуына Ұлттар Лигасының көптеген қағидалары қабылданды. Нәтижесінде, әмбебап халықаралық ұйым құрылып, ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің негізі салынды [58] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Федерациясымен қарым - қатынастары
Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Азиядағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық төңірегіндегі мәселелер
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Солтүстік-атлант альянсы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz