Жыраулар поэзиясы



Жоспары:


1)Жыраулық поэзия
2)Кетбұға
3)Халық қамқоршысы
4)Жыр.дастан
5)Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
6)Асан қайғы (XV ғасыр)
7)Қазтуған Сүйінішұлы
8)Шалкиіз Тіленшіұлы
9)Сарыұлы Ақтамберді (1675 . 1768)
10)Жиембет жырау
11)Қалқаманұлы, Бұқар жырау
12)Оңдасұлы Базар жырау

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
мемлекеттік мекемесі

Жыраулар поэзиясы

2012-2013 оқу жылы

Жоспары:

1)Жыраулық поэзия
2)Кетбұға
3)Халық қамқоршысы
4)Жыр-дастан
5)Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
6)Асан қайғы (XV ғасыр)
7)Қазтуған Сүйінішұлы
8)Шалкиіз Тіленшіұлы
9)Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)
10)Жиембет жырау
11)Қалқаманұлы, Бұқар жырау
12)Оңдасұлы Базар жырау

Жыраулық поэзия
Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының тәл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан кршы, Қазтұған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Асан қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, карақалпақ халықтарында да сақталган. Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. Ол оз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Сахара эпосын тудырушылардың бірі, ірі эпик ақын, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болган Қазтуғанның (15 ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсеретті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523) шығармаларынан ортағасырлык жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465- 1560). Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бір сыдырғы толық жетті. Жиембет жырау (17 ғасыр) мен Маргаскр жыраудың (17 ғасыр) өмір жолы Есім хан тұсындагы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа бағынған күшті мемлекет кұру туралы идеяларының ұраншысы атанса, Жиембет жырау ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізді. Жиембет жыраудың толғаулары ең алғаш 1908 жылы "Жақсы үгіт" кітабында жарияланса, Марғасқа толғаулары кеңес заманында зерттеліп, баспа бетін керді. 18 ғасырда Жыраулық поэзия тақырыптық жағынан кеңейіп, идеялық-көркемдік тұрғыдан байи түседі. Жоңғар шапкыншылығы және "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" жылдары, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер - ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да жыраулар шығармаларғында өзінің көркемдік шешімін тапты. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны, әсіресе, Ақамберді жырау (1675- 1768) шығармаларынан айқын көрінеді. Оның шығармаларғындағы отаншылдық, патриоттық сарындар 18 ғасырдағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі, бағыт-бағдарын айқын танытады. Осы кезеңде өмір сүрген Улбешей жырау(1706-1778) мұрасындағы жетекші тақырып - сырт жауларға қарсы күресте көзге түскен, ел корғаны болған батырларды мадақтау. 18 ғасырдағы Жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі - Тәтікара жырау. Ол кене заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, отаншылдық идеяны насихаттайтын жорық жырларын туғызған. Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара шығармалары кейінгі жылдары ел аузынан жазып алынып, бірнеше жинақтарға енді. 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Бұқар жырау (1668 - 1781). Ол жырау ғана емес, қабырғалы би де болған. Ол қоғам өміріне белсене араласып, ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Бұқар жырау шығармалары ғақлия толғаныстар, нақыл афоризмдер түрінде келеді. Оның туындыларының олең олшемі өте күрделі. Бұқар жырау шығармалары ең алғаш "Таң" журналында (1925) жарияланғанымен, ғылымының түрде жүйеленіп зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарының үлесіне тиеді. 18 ғасырдағы халық поэзиясының танымал өкілдері - Көтеш (1745- 1819). Котеш шығармаларындағы негізгі сарын - кедейлік таксіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық. Ал Шал ақынның біздің заманымызға жеткен мұрасы тақырып жағынан алғанда біршама бай. Бұлардің, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік жайлы философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылар, тұрмыстық олеңдер мен арнау жырлар. Екі ақын шығармағынан да әлеуметтік әуен айқын сезіледі. Жыраулық поэзия деген ортақ тақырыпқа біріктірілген 15 - 18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы көне дәстүрді қайта түлетіп, жаңа тақырып, соны мазмұнмен дамытты. Осы тұста өмір сүрген және әдеби мұралары бүгінгі күндерге там-тұмдап болса да жеткен жыраулар шығармаларғы сол заманның тұтас бір шежіресін құрастырады. Олар да ел өміріндегі елеулі окиғалар, қоғамның ащы шындығы, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы бейнелі тілмен келісті корініс тапқан. Бұл кезеңде тол әдебиетіміздегі ұлттық дәстүр дамып, халық поэзиясы сапалы жаңа биіктерге көтерілді.[1]
Кетбұға
Кетбұға (шамамен 1150 - 1225) - жырау, күйші, аңыз кейіпкер,қазақтың ұлы жыршысы, сазгер-күйшісі және халықтың тарихи аңыздарының кейіпкері. Оны көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп те атайды. Кетбұға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер "Шадтжарат өл-атрак" (Түркі шежіресі) кітабы мен халық аңыздарында кездеседі.
[өңдеу]Шыңғыс ханға естірту
14 ғасырда жазылған "Шаджарат әл-атрак" ("Түрік шежіресі") атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздар бойынша иісі Дешті-Қыпшақты аузына қаратқан Жошы хан аңда жүріп, мерт болғанда, осынау қаралы хабарды Шыңғыс ханға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұға жырау: "Хан ием, қайнар көзі лайланған теңізді кім тазартар?", "Түп-тамырымен қопарылған ағашты орнына кім қондырар?" -- деген сауалдар қою арқылы әміршіні қаралы хабарға іштей дайындап алып, оның ұлы Жошының өлімін "Ақсақ құлан -- Жошы хан" күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұға жырауды жазалауға шешім қабылдайды. Алайда қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құюды бұйырады. Осылайша домбыраның беткі жағында кішкентай саңылау пайда болыпты-мыс. Бұдан домбыра іске аспай қалған жоқ, керісінше, оның үні нақышты болып, көркейе түсті.Кетбұғаның "Ақсақ құлан -- Жошы хан" күйі мен оның орындалуы алдында оқылған өлең жолдары бізге жетті. Сол кезеңде халық арасында кеңінен таралса да, Кетбұға жыраудың басқа рухани мұрасы, әдеби шығармалары біздің заманымызға жеткен жоқ. Ол қарапайым халықтың өмірін өзекті мәселелері туралы жыр жолдарымен беруге ұмтылды, сондықтан да халық оны "Ұлы жырау" деп атап кетті.
Халық қамқоршысы
Кетбұға сөз өнерінің дамуына да өзіндік үлес қосты. Ол көптеген қазақ жырауларының шығармашылығы мен стиліне игі ықпал етті. Мәселен, ХV-ХVӀ ғасырлар шегінде өмір сүргенДоспамбет жырау бір толғауында: "Кетбұғадай билерден, кеңес сұрар күн қайда?!" -- деп жырлайды, оның сөздерімен таныс екендігін білдіреді.Халық Кетбұғаны "Ұлы жыршы" деп те атаған. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының бағаналы тармағынан шыққан. Халық аңыздары мен өлеңдерінде ол халық қамқоршысы мен даланың дана биі бейнесінде сипатталған.Кетбұға жырау туралы аңыздар қырғыз фольклорында да кездеседі.[2]
Жыр-дастан
Жыр-дастан-қазақ поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жыры, эпостық ғашықтық жыролар). Сонымен қатар, стильдік ерекшеліктері, өлең өрнегі жағынан оларға ұқсас толғау, терме секілді көлемі ықшамдау поэзиялық үлгілер де жыр деп аталған.
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, - дейді М.Әуезов, - ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария - Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:
Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырып салма жағы артық,
Айтады олар ойланбай,
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей мен Марабай
Алды-артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландай.
Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында "терең сыр" барын таниды. Олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір қудың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", "адам жанының жайма шуақ кезеңі" - бар-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та "Батыр Баян" поэмасында:
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда
Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр, -
деп аса қадірлеген. Демек, жыраулар поэзиясы - халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы.
Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы -- туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" - деген ақылгөй сөзі - сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" - деп еңіреп өткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" - деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", - деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Тәтіқара ақын:
Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде, ер Жабайды айт, - деп дәріптеген.
Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен.
Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған" - Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық.
Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды.
Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)
Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім сені есірткен,
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін, -
деп тәж-тағына есірген Есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен.
Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның "Күмбір-күмбір кісінетіп" толғауынан:
Күмбір-күмбір кісінетіп ,
Күреңді мінер ме екенбіз...
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке тон киер ме екенбіз?!
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз?! -
деген жолдар арқылы өлеңнің әсерлілік қуатын күшейткен, әрі "к" дыбысын қайталай қолдану нәтижесінде өлеңнің саздылығын үдеткен. Жыраулар психологиялық синтаксистік параллелизмді де шеберлікпен қолданған. Мысалы:
Уа, қарт Бөгембай!
Құяр жалын аспаннан
Қара бұлт торласа,
Пәлекет елде көбейер
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа,
Пеңденің бағы ашылмас,
Маңдайы қалың сорласа... - (Ақтамберді) -
деп, табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.
Әдебиетімізді жаңа тарихи кезеңде, ел басына қиын қатер төнген шақта, екіталай кезеңде - XVIII ғ. бірінші жартысында жаңа, соны ой-толғанысымен, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай дамытқан Бұқар жырау. Оның жыр-толғаулары - сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі.
XVIII ғ. әдебиетінен соның ірі өкілі Бұқар жырау поэзиясы монографиялық түрде арнайы өтіледі.
Асан қайғы (XV ғасыр)
Енді XV-XVIII ғғ. елдің әлеуметтік тіршілігі, халық тағдыры, арман-мұраты жеке жыраулар поэзиясында қалай көркемдік шешімін тапқан екен, соған тоқталып көрелік. Асан - өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған "таза мінсіз асыл сөз" аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына "қайғы" деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.
Мал баққан көшпелі елге керегі - бейбіт тіршілік. Бірақ, ол кезде жаугершілік, басқыншылық, соғыс, құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған.
Олар ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген.
Асан қайғы "Әй, хан, мен айтпасам білмейсің" деген Жәнібек ханға айтқан толғауында "шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсің" - деп күйзелген халқының қамын ойлау орнына "қымыз ішіп қызарып, масаттанып, қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына масаттанған" ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ, парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген. Елінің қамын, ертеңін ойламаған ханға жырау "Ойыл көздің жасы еді... Ойылдан елді көшірдің, Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің... Еділ деген қиянға, еңкейіп келдің тар жерге", - деп нали тіл қатады.
Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды. Жырау ханға:
Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір, -
деп ақыл-кеңес береді. Онан әрі ханға:
Аңдып жүрген көп дұшпан, Өз басына келеді.
Елге жау боп келеді. Құлың кеп сені өлтірер.
Құладан қуды өлтірсе, Осыны Асан біледі, -
деп, жырау халық көтерілсе, хан басына ауыр күн туарын ескертеді.
Ақылгөй жырау "ата жұрты - бұқара" күшін жоғары бағалайды. "Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа" - деп, елді бірлік-ынтымаққа шақырады. Жырда ғибрат, өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да, келешек ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздаған. Жырау:
Ашу - дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің.
Түбі терең қуысқа, -
деп шалдуарлық теріс мінездерден сақтандырады. Сол сияқты "Ердің құны болса да, қол қусырып барған соң, аса кеш те қоя бер, бұрынғыны қуыспа", - деп, қайырымдылық, ерлік істерге жетектейді. Асан қайғының:
Арғымаққа міндім деп, Достарыңмен санаспа!
Артқы топтан адаспа! Ғылымым жұрттан асты деп,
Күніңде өзім болдым деп, Кеңессіз сөз бастама!
Кең пейілге таласпа! Жеңемін деп біреуді
Артық үшін айтысып, Өтірік сөзбен қостама! -
деген жолдарындағы өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы, философиялық терең ойлары бүгінгілерге де үлгі-өнеге.
"Көлде жүрген қоңыр қаз" толғауындағы ғибратнамалық ойлары да тереңділігімен, парасаттылығымен таңдандырады.
Асан жырлары тек өзінің мазмұнымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жырау поэзиясы толғау түрінде келеді. Ол өз жырларында синтаксистік параллелизмді шебер қолданған.
Таза, мінсіз, асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз, асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады, -
деген жолдардан мұны айқын аңғаруға болады. Жырау бұл тәсілді тек көркемдік үшін ғана қолданбаған, сол арқылы терең ой түйіндеген, сөз өнерінің қадірін білдірген, сөз жалаң дүние емес, адам жанының ішкі толғанысының, жан сырының көрінісі екенін тамаша өрнектеген. Ақын поэзиясы дыбыс үндестігіне құрылған.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойыңды...
Елбең-елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген... -
деген жолдарда жырау өз ойын айтып беру үшін көркемдік тәсілді ұтымды қолданған. Мұндай өрнекті "Қырында киік жайлаған" өлеңінен де кездестіреміз.
Қазтуған Сүйінішұлы
Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) - жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі.
Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде Бұдырайған екі шекелі, Алаң да алаң, алаң жұрт, Белгілі биік көк сеңгір деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына негіз бола алды. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған.
Жыраудың Бұдырайған екі шекелі толғауында әрі жырау, әрі батырға тән өз портретін өзі жасап, ұтымды да дәл метафоралық салыстырулар арқылы әсем көмкерген. Ал, Алаң да алаң, алаң жұртта халықтың туған мекен - Еділін тастап, шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Қазтуғанның туған жер, өскен елге деген махаббаты да кіршіксіз әрі шексіз. Ол Кіндік кесіп, кір жуған ата қоныс - Еділдің дарқан байлығы мен шексіз де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясын оқыту
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Жырау және тарих
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Ежелгі жәдігерліктер мен жыраулар поэзиясының поэтикалық үндестіктері
Жыраулар шығармашылығы
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Пәндер