Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны


Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
Отбасы - мемлекеттің іргетасы. Отбасы - қоғамның бастапқы бөлшегі, алғашқы ошағы. Бірге өмір сүріп, бала өсіруді мақсат етіп, екі адам шағын қоғамды құрады. Отбасының қызметтері көп: жеке, әлеуметтік, экономикалық т. б. Отбасының негізгі қызметі - баланы әлеуметтендіру, яғни қоғамда өмір сүруге жан-жақты дайындау. Әлеуметтендіру - қоғамда қалыптасқан мәдени-әдептілік нормаларға, әлеуметтік құндылықтарға сәйкес және заңмен бекітілген тәртіп аясындағы барлық ережелерді сақтап, қоғамның басқа мүшелерімен ынтымақтастықта өмір сүруге, қызмет етуге үйрету. Ұжымдаса іс-әрекет жасауға бейімдеудің басты шарты - кез келген әлеуметтік жағдаяттарда қоғам мүшелерінің өзінің тұлғалық қажеттілігін/қызығушылығын қанағаттандырумен қатар өзгелердің құқықтары мен мүддесін ескеруге міндетті болуы. Жағдаяттық дауларды шешу барысында қоғам мүшелері өз ой-пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіреді, адамдармен араласып, тіл табысуға үйренеді, адамдар ұжымдасып, іс-әрекет жасауға бейімделеді.
Адамның әлеуметтенуіне орта мен әлеуметтендіретін дәуір ықпал етеді. Ғалымдардың айтуынша, адамның әлеуметтенуі мен дамуы «әлеуметтік ортада әлеуметтік нормаларды меңгеру мен ынтымақтастық іс-әрекетте жүзеге асады».
Баланы әлеуметтендіруде отбасы рөлі ерекше. Қазақи жанұя - отбасылық қарым-қатынасқа зор мән беретін, отбасына ерекше сеніммен қарайтын дағдылы отбасылар, әулеттер қатарына жатады (Күнәнің ең зоры - Құдайға серік қосу, кісі өлтіру, ата-ананы ренжіту, өтірік куәгер болу; Ерлі-зайыптыларды татуластыру үшін айтылған өтірік кешірімді; Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты) .
Қазақ отбасының әрбір мүшесінің орны бөлек. Халық ауыз әдебиеті қорындағы мақал-мәтелдерге сүйене отырып, қазақи жанұя құндылықтарын шығарып көрелік.
Ата - елдің бірлігін, болашағын ойлайтын дана қария: Аталы сөз - баталы сөз; Халықтың қартын сыйлауы - елінің салтын сыйлауы. Әже - әке-шешенің анасы. Қазақ әжесін ақ жаулықты, алақаны алтын, аяулы, ардақты, мейірімді жан дейді. Ол - жанұя бірлігін сақтаушы, балалардың тәрбиешісі, ақылшысы.
Қазақ отбасында ата-ана орны ерекше: Ақ жүрек әке - күншуақ, ақ жүрек ана - ақбұлақ; Әкем - асқар тауым; Әкеден артық орман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ; Анаңның алдында асқар тау да аласа; Әке сөзі - парыз, ана сүті - қарыз; Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
Қазақ халқы - ырымшыл, думаншыл халық. Баланың дүниеге келген күнінен бастап, ержеткен ұлы мен бойжеткен қызы қосылып, оларды отау етіп шығарғанға дейін ата-ана баласының жастық шақтарына қарай той жасаумен болған. Олар: шілдехана, қырқынан шығару, бесік той, тұсау кесу, ашамайға (кішкентай балаға арналған атқа) мінгізу ырымдары және т. б. Қазақ отбасында бала - ең үлкен құндылық: Бала - бауыр етің; Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар.
Қазақтың түсінігі бойынша, ұл бала - өмірдің жалғасы: Әке - бәйтерек, бала - жапырақ; Атадан ұл қалса - өзі қалғаны, қыз қалса - ізі қалғаны; Ұл өссе - ұрпақ, қыз өссе - ырыс.
«Қыз бала - қонақ» дейді қазақ. Ол болашақ жар, ана. Сондықтан жанұядағы адамдар қыз баланы мәпелеп, аялап, сыйлап жүреді. Оң жағына отырғызу тіркесінің шығуы қыз баланы құрметтеуден болса керек.
Ата-аналардың басты міндеттері - баланың денсаулығын сақтау, тәрбие және білім беру. Осы ұстанымдарды келесі аңыздан байқауға болады.
Осы аңыздағы ойды М. Жұмабаевтың сөзімен жалғастыруға болады. Ол тәрбие негізінен "дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі" деген төрт түрге бөлінетінін атап өткен болатын. Жүсіп Баласағұни: «Адам білімсіз туады . . . Білім алған соң, ол барлық кәдеңе жарайды . . . », - дейді. Балаға жақсы білімді ана тілінде беру жөнінде, адамның туған халқына адал еңбек етуі жайлы айтылған данышпан Абайдың сөзі күні бүгінге дейін өзекті болып келеді. Құлық тәрбиесіне келетін болсақ, қазақи отбасында үлкендерді сыйлауға, жасампаздықты, кішіпейілдікті тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Жағымды мінез-құлық, тәртіп, сыйластық - отбасы мен қоршаған орта әсерінен бойға сіңетін қасиеттер. Ертеде бір патша білімді етіп «тәрбиеле» деп, ұлын ұстазға береді екен. Бір күні ұстаз: «Тақсыр, білім алды, балаңыз зерек екен», - дейді. Патша ұстазға рахметін айтып, баласының білімін сынайды. Арнайы тапсырма беріп, өзінің тәжінің астына тығылған заттың не екенін сұрайды. Қолына қағаз, қалам алған баласы есептеп, ол заттың дөңгелек, ортасының сары екенін айтады. «Аты не?» - дейді патша. «Шамасы, күн болар», - дейді бала. «Түсін түстегеніңмен, атын дұрыс айтпадың, ол - жұмыртқа еді», - дейді патша баласының біліміне көңілі толмай. Сонда ұстаз: «Тақсыр, балаңыз алған білімінің арқасында жасырған заттың пішіні мен түсін тапты. Әйтсе де, тәждің астына күннің сыймайтынына қабілет жеткенімен, сезімталдығы жетпеді. Мен шәкіртіме білім үйреткеніммен, сезімталдығын бере алмадым. Білім - бізден, парасат - сізден».
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге, өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар, ”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz