Неке шартының мазмұны мен түсінігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе 4
БӨЛІМ - 1. НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТҮСІНІГІ
1. 1 Неке шарты дамуының тарихы 9
1. 2 Неке шартының түсінігі және оны жасаудың тәртібі 13
1. 3 Неке шартының мазмұны 21
БӨЛІМ - 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕРДЕГІ НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
2. 1 Ресей Федерациясындағы неке шарты 35
2. 2 Неке шартының өзгертілуі мен тоқтатылу тәртібі, мерзімі 42
2. 3 Неке шартының жарамсыздығын тану және оның
құқықтық салдары 52
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 65
Кіріспе
Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы - отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін көрсететін, құқықтың бір саласы. Сонымен қатар, заңда анықталған жағдайдайларда - басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді.
Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы - неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым. [1, 5-6 б. ]
Отбасы, ол - баспана әрі тұрақты мекен. Неке отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызады. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері АХАЖ органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды және де заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады.
Ерлі-зайыптылардың мүлкі жөніндегі қатынастың шарттық сипаты болуы, сондай-ақ қолданыстағы неке-отбасы заңының нормаларымен реттелуі де мүмкін. Мүлік режимі белгілі бір мүліктің ерлі-зайыптылардың біреуіне (өзіндік мүлік) тиесілі екенін немесе екеуіне де ортақ мүлік болатынын анықтайды. Ерлі-зайыптылар мүліктің режимі мен құқықтық мәртебесін, оның біреуіне тиесілі болуын өзара келісімі бойынша анықтай алады. Мұндай келісім болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылар меншігінің заңды режимі некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. [2, 11 б. ]
Дамыған елдердің бәрінде некелеспес бұрын, өзара келісім-шартын жасасады. Бұл құжатта азаматтар ажыраса қалатын жағдайда мәміледе неке өмірінің барлық маңызды сәттері ескеріледі: екі тараптың дәулет жағдайы, кәмелетке толмаған балалар кіммен болатынын, рақымсыз жұбайға қандай айып-шара қолдануға болады. Шетелдерге неке шарты арқылы мүліктік қатынастан бөлек, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. [3, 117 б. ]
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада неке шартына отыру мүмкіндігін 1993 жылдың қазан айынан бастап қарастырылған. Бірақ мұндай озық жаңа енгізілім керекті қолдау тапқан жоқ. Бұрыннан некеде тұрғандар да, енді некелесушілердің бірлі жарымы ғана неке шартында өздерінің мүлік жағдайы туралы ескереді. Неге олай? Жалпы, қоғамның оның ішінде әр азаматтың құқық мәдениетінің төмендігі. Неке шартын жасасудың барлық сәттерін саралап көрейік. Бұл құқықтық іс-әрекеттің әр нақты адамға берері не? [4, 2 б. ]
Біздің еліміздегі некеге тұрушы екі жасты бір-біріне толық сенімді деп есептейді, сондықтан алдын-ала дәулет-мүлігін қағазға түсіруді ерсі санайды. Неке шарты елімізде кеңінен таралмаса да, жұбайлар арасында белең алып келе жатқан өзгеріс. Бұған байланысты туындап жататын даулар да аз емес. Бұл мемлекетіміз үшін қажет емес, неке шарты ажырасуды көздейтін құбылыс деушілер де бар.
Бұрынғы ҚазКСР-нің 1969 жылғы «Неке және Отбасы» кодексінде жұбайлардың мүліктік құқықтық режимі барлығына бірдей анықталған. Сондықтан да, кеңес дәуірі кезінде «неке шарты» деген ұғым болған емес. Десек те, сол кезде тәжірибеде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде «неке шарты» «неке контрактісі» деген терминмен қолданылып келген. ҚазКСР-нің «Неке және Отбасы» туралы кодексінің күші жойылғаннан соң, да «неке контрактісі» деген термин қолданыста болды. Қазіргі «Неке және Отбасы» кодексінде 1993 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, ол қосымша құжат ретінде қабылданысымен, «неке шарты» ұғымы ең алғаш рет пайда болды. [5, 97б. ] Осыған орай неке шартының жасалу жолдарын, реттейтін қатынастардың маңызын, бұзылу мен өзгертілуін толығымен қарастырған жөн.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастары 1998 жылғы 17-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңымен бекітіледі.
Көптеген заңнамаларда «неке шарты» деген термин кездескенімен, тәжірібиеде «неке контрактісі» немесе «неке келісімі» деген терминдер қолданылады. Олардың барлығы синонимдер болып табылады. «Контракт» деген термин ағылшын сөзінен (contract) алынған, ол да шарт деп аударылады. [6, 24 б. ]
Отбасы заңнамалары арқылы ерлі-зайыптылардың қатынастары құқықтық реттелуге жатады. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында ерлі-зайыптылардың мүліктік шарттық режим институтына бірқатар нормаларды енгізген.
Отбасында неке шарты жанжалды болдырмайды, өйткені мүлікті талап ету жолдары шартта көрсетілген. Адам алдағы өмірін болжай алмағанмен, неке шарты тағдырдың соққысын жеңілдетуге себебін тигізеді. Егер ерлі-зайыптылар некеге тұру кезінде неке шартын жасаса, бұл құжат артықшылық етпейді. Мұндай шарт басқадай құжат сияқты заңның қорғауында болады.
Неке шартының ең тиімді жағы - ерлі-зайыптылардың арасындағы бітпес дау, орынсыз кикілжіңдерді болдырмай, бар мәселені заңмен шешетіндігінде болып отыр. [7, 27 б. ]
Заңгерлер неке шартының белең алмауларының себептерінің бірі-кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әртүрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді.
Өзектілігі - нормативтік-құқықтық актілерде неке шартының толық мәнін ашу және тәжірибеде қолдана білу керектігін көрсету керек. Неке шарты еліміздегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың теориялық та, практикалық та маңызы өте зор. Оның теориялық маңызы жеткілікті дәрежеде неке шартын реттейтін арнайы нормативтік актілердің болмауында. Ал оның практикалық маңызы некеге тұрушы немесе некеде тұрған көптеген азаматтар ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, неке шартын жасамайды.
Бұл жұмысты зерттеудегі объектісі - мүлікпен байланысты және мүлік бойынша пайда болатын ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері болып табылады.
Бұл еңбектің міндеті: неке шартының мағынасын ашу.
Мақсатымыз біздің заңдарымызға байланысты неке шартының құқықтық түсінігін, Ресей Федерациясының заңдарында бекітілген неке шартының құқықтық түсінігін және шетел мемлекеттерінің заңдарындағы неке шартының алатын рөлін қарастыру.
Мақсатқа жету үшін:
біріншіден, неке шарты мазмұнына түсінік беру; даму тарихын ашу;
екіншіден, некеге тұру және оны бұзу тәртібіндегі неке шартының рөлі;
үшіншіден, шетелдік тәжірибені негіздей отырып, неке шартының құқықтық реттелуі.
Неке шартын жасау қажеттілігін ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша шеше алады. Кейбіреулері бұған ойланбастан келіседі, ал кейбіреулері қарсылықтарын білдіреді. Неке шарты алғашында мүліктік қатынастарды реттейді, кейіннен әлеуметтік және жеке қатынастарды реттеуі мүмкін. Неке шарты әйел мен еркектің мүліктің мүдделерін тең дәрежеде қорғайды. Дегенмен, неке шартын жасамас бұрын, оның ережелерімен танысып, заңгерлермен кеңесіп алған артықтық етпейді.
Бұл жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - ұлттық тілде бұл тақырыпта зерттелген жұмыстар аздық танытып отыр. Сондықтан осы қазақ тілінде зерттеліп отырған жұмыстың ғылымға қосатын үлес зор болады деп ойлаймыз.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, алты параграф, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыс барысында неке шарты мәселесін қарастырған отандық және шетелдік авторлардың нормативтік-құқықтық еңбектері, мерзімді басылымдар қолданылған. Отандық авторлар ішінде Ынтымақов С. А., Карпушина Т. Д., Калышев А. Б., Баққұлов С. Д., Биримжанова С. Э., Қарашаева Ж., Баудиярова Қ. Б. және шетелдік авторлардан Абашин Э. А., Пономорев А. П., Сосипатрова Н. Е., Шершеневич Г. Ф., Сергунина В. М., Максимович Л. Г., Негаева А. М., Антокольский М. В., Бондова С. Н. редакциясы бойынша жазылған оқулықтар және Халықаралық Конвенциялар, нормативтік-құқықтық актілер қолданылған.
БӨЛІМ - 1. НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТҮСІНІГІ
1. 1. Неке шартының дамуы және оның тарихы
Неке - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. [8, 4 б. ]
Некеге тұрушы немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты - нотариуспен расталған, жазбаша түрде некеге тұратын немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады. [9, 14 б. ]
Ең алғаш неке шартын өмірге енгізген Еуропа да, Америка да емес. Бұл құжат ежелгі заманда пайда болған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ежелгі Греция мен Рим еркек пен әйел отбасы құрмас бұрын, мәміле жасап, онда мүліктік қатынастарын ойластырып, мұрагерлік мәселе туралы алдын-ала келісетін болған. Бұл әрекетті еш ұят немесе ерсі деп санамаған. Христиан діні пайда болғанға дейін мұндай келісім дәріптеліп келген.
ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында кейбір дамыған Еуропа мемлекеттерінде (Австрия, Англия, Франция, Германия) неке шарты институттары қайта құрылған.
Франция мен Англия неке шартын бұрыннан бері қолданылып келеді. Некеге тұрушы әйелдің туыстары некеге дейінгі мүлікпен және одан түсетін табстарды пайдалана алды.
1882 жылға дейін Англияда жұбайлардың «жалпы құқыққа» (common law) байланысты ерікті болды. Күйеуге шыққан әйел өзіндік мүлікке құқығы болған жоқ. Некеден кейінгі мүліктердің барлығы күйеінікі болады. Яғни жұбайылық мүліктері болған жоқ
ХVІІ ғасырдан бастап, Англияда капитализмнің дамуы салдарынан «жалпы құқықтың» нормалары таптардың мүдделеріне қарма-қайшы келді.
Осы мақсатта «әділет соттары» (eguity) құрылып, олар неке шарттарда әйелінің жарты мүлкі ерінің билігінен бөлек болды. Осы «әділет сотының» шығарған ережелері тек отбасы мүлкіне жатпайтын капитал түріндегі меншікке қолданылды, Сондықтан Англияда ХІХ ғасыр соңына дейін жұбайылық мүліктің екі режимі болды: «common law» - көпшілік халыққа, «eguity» - жоғары топқа арналған еді. [10, 28 б. ]
1882 жылы Парламентпен тұрмыс құрған әйелдердің меншігі туралы заң қабылданды. Онда әйел неке шартына тұрған жағдайда ерімен мүлікті бөліскен кезде оған дейінгі сол кездегі, одан кейінгі мүлік әйелінің меншігі болып табылды және оны ол мұрагерлікке қалдыра алды.
Революцияға дейінгі Ресейде «неке шарты» деген ұғым болған жоқ. Неке тәңірде жасалып, шіркеуде бекітілді. Бірақ сирек мұражайлық құжаттардың арасында Петр І патшаның Анна Петровна деген қызының неке шарты көрсетілген.
Ресей империясының заңгер жинағында ерлі-зайыптылардың мүліктерін бөлу туралы қағида бекітілген, ол ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке мүліктерін басқаруға мүмкіндік береді. Ерінде отбасын қамтамасыз ету міндеттілігі жатты. Бірақ сол кездегі Ресей империясының құрамындағы Польшада «алдын-ала неке шарты» деген ұғым қолданылған. Ол некеге дейін жасалынады, нотариалды түрде куәландырылған, неке жазу актісінде көрсетілген. Онда тек жергілікті заңдармен анықталған ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары өзгертіледі.
Кеңестік кезеңде шіркеу өз әсерін жоя бастады, бірақ неке шартына деген қатынасы өзгерген жоқ. 1918 жылы революциядан кейін Ресейде бірінші «Неке және Отбасы заңдары туралы» кодекс қабылданды. [5, 16 б. ]
1969 жылы Ресейдің «Неке және Отбасы туралы кодексінде» ерлі-зайыптылардың балаларының және ата-аналарының отбасындағы ара-қатынасын қатаң анықтады. [10, 90 б. ]
Әр отбасы - қоғамның бір бөлігі. Ол кезде ерлі-зайыптылардың негізгі мүлкі қолданыстағы заттар (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) болған еді, сондықтан меншік құқығын таныған жоқ. Бірақ кейін жеке меншіктің және нарық қатынастарының дамуынан жағдай қатты өзгерді.
Қазақстанда «неке шарты» болды, бірақ мазмұны басқа еді. Бұл шарт неке жасаудың тәртібін реттеді және әдет-ғұрыптардың негізінде түсіндірілді. Осында келешек ерлі-зайыптылардың ата-аналары немесе қамқоршылары келісетін еді. Олардың мәмілесінде қалыңдыққа қалым беру көлемі (жігіт отбасының қызға төлейтін ақшасы) көрсетілді. Оның қазіргі кездегі неке шартынан айырмашылығы - әйелінің ерінің мүлкіне, қалым төленген ақшаға ешқандай құқығы болған жоқ. Құқық жағдайына қарағанда, әйелі ерінің меншігі болды, сонымен қатар ерінің өлімінен кейін әйелі қалған мүлікпен тең болды, тектік үзілмес үшін оның қандас туыстарының бірінің әйелі болды.
1990 жылдары Совет Үкіметі құлағаннан кейін жаңа өзгерістер ТМД елдеріндегі неке заңнамаларын қайта қарастыру керек болды. 1995 жылы Ресейде азаматтар неке шарттарын жасасуға мүмкіншілік алды. Ал Қазақстанда 1993 жылдан бастап осындай тәжірибенің іске асырылуына жол берілді.
Қазақстандық заңнамаларда неке шартын жасасу тек ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеу үшін ғана қолданылады. Сонымен бірге көптеген мемлекеттердің неке шартында жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу көрсетілген. Мысалы, 1994 жылы АҚШ-та танымал миллиардер Билл Гейтс Мелинда Френчпен неке шартын жасасты, онда ол өзінің жылына бір демалыс күнін ашынасымен өткізетіндігі туралы айтылған. Әлем тәжірбиесінде міндетті жыныстық қатынастарды қағазға түсіретін шарттар да бар.
Батыс мемлекетінің тәжірибесінде неке шартын жасасу кең тараған. АҚШ-та осыдан 25 жыл бұрын жастардың 1 % ғана неке шартын жасасқан. Қазіргі қорғаушылардың пайымдауынша, қазір 60% - ға жетті. [11, 31-33 б. ]
Отбасы қатынастарындағы Қазақстан мен АҚШ-тың ұқсастығы - ажырасу санында АҚШ-та бір ажырасу үш неке қиюға әкеп соғады. Бізде одан аз. Бірақ осыдан жарты ғасыр бұрын Қазақстанға бұл көрсеткіш отбасы тұрақтылығы үшін өте масқара болатын еді. 1950 жылы жүз некеге бір ажырасу келетін. Ал 1970 жылы тұрмыстық ахуалдың пайда болуына байланысты ажырасу неке қатынасына байланысты өсті де, көрсеткіш біреуі алтауына келетін болды.
Қазір біздің республикада неке шартын жасасу көрсеткіші көрсетілмейді. Бұл құжатты жұбайлар нотариуста куәландырады. Заңгерлердің пайымдауынша, ерлі-зайыптылар арасындағы келісімді қатынастар кездеседі. Азаматтардың көбісі орта деңгейдегі адамдар болғандықтан, бөлісетін ештеңе жоқ. Бізге белгілі, неке шарты жұбайлар арасындағы мүліктік және қаржылық қатынастарды реттейді.
Заңгерлер неке шартының белең алмауының бір себебі: Кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әр түрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді. Ал неке шарты болса, ажырасу кезінде өзекті болып отыр. Ресми түрдегі неке байланыстары кезінде ешкім оның соңы бұзылуға әкеп соғады деп ойламайды. Ресми ақпаратқа сәйкес некеге тұрушылардың орта жас 19-20 жас аралығы болып табылады. [12, 64 б. ]
Әуелі некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олар неке жасына жетуі қажет. Дәлелді себептер болған жағдайда ғана мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал-актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып, қозғай алды. Барлық жағдайларды неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
1. 2. Неке шартының түсінігі және оны жасаудың тәртібі
Көптеген мемлекеттердің заңгерлеріне неке шартының түсінігі бұрыннан белгілі. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында атақты ажырасу процесстерін кездестіруге болады. Атақты болуының себебі: көп миллионды мүліктің неке шартына байланысты бөлінуі.
Мақсатымыз - біздің заңдарымызға байланысты неке шартының құқықтық түсінігін және Ресей Федерациясының заңдарында бекітілген неке шартының құқықтық түсінігін қарастыру.
Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңның 38-бабында «Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтар мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады деп көрсетілген. [8, 11 б. ]
1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңында неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас деп белгіленді. [8, 12 б. ] Дегенмен, неке жасын төмендетуге де болады, ол үшін некеге тұруға ниет білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын азайтуға қажетті тиісті құжаттармен расталған себептерді көрсете отырып, неке жасын азайту туралы арыз береді. Жалпы, неке жасын азайтуға тек некеге тұрушылардың, сондай-ақ неке жасына толмаған адамдардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың келісімімен рұқсат етіледі. Неке шарты тек еркін түрде ғана жасалынады. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ата-анасының, қамқоршысының рұқсатымен мәміле жасай алады. Заңдарда шарт жасасудың бірнеше шарттары бар. Егер ол үйлену тойына дейін жасалса, некені тіркеу күні өз күшіне енеді. Неке шарты тек жазбаша түрде және міндетті түрде нотариалды куәландырылады. Неке шартын жасасу кезінде тараптар ретінде некеге тұрушылар және сонымен қатар ерлі-зайыптылар тұра алады. Бұл тұлғалардың әрекет қабілеттілігі бар болуы тиіс (18 жастан бастап) . Көптеген мемлекеттерде неке жасы біркелкі 12-21 жасқа дейін болып келеді. Мысалы, Испанияда 12 - әйелге, 14 - ерге; Швецияда, Швейцарияда 18 - әйелге, 20 - ерге; АҚШ-та 14-18 - әйелге, 15-21 - еркекке. Біздің мемлекетімізде кәмелетке толу мен толық әрекет қабілеттілігіне жеткен тұлғаның жасы неке жасы болып табылады. Мысалы, Францияда неке жасы 15 - әйелге, 18 - ерге, ал кәмелеттік жас - 21. Франция азаматтары кәмелетке толғанға дейін некеге тұрғысы келсе, некеге тұруға рұқсат етілген қағазын көрсетуге міндетті, ондай қағаз болмаса, неке тіркелмейді. [13, 39 б. ]
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның 1 бабының 2 тармағы бойынша: «Жас отбасы - ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған отбасы не 29 жасқа толмаған ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесір әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтін толық емес отбасы. «Қазақстан Республикасының 14-29 жасқа дейінгі азаматтары жастар қатарына жатады. ». [14, 3 б. ]
1962 жылы оныншы желтоқсанда «Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некені тіркеу туралы» БҰҰ Конвенциясының 2 бабы бойынша, «некеге тұрушы таптардың мүдделеріне орай өкілетті билік органы мәнді себептермен неке жасы туралы ережені ұстанбауға рұқсат беретін жағдайларды қоспағанда, ең төмен неке жасына жетпеген адаммен некеге тұруға жол берілмейді». [15, 24 б. ] Осы Конвенция бойынша, «барлық некелерді өкілетті билік өкілі тиісті ресми реестерде тіркейді».
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда, неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке қию кезінде өкіл жіберуге болмайды. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органдарына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Неке қиюды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады. [8, 19 б. ]
Некені қию азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген Заң бойынша:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz