Зақымданған және науқас адамдарды күту



Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім
1.Зақымданған және науқас адамдарды күту.
2. Зақымданған және науқас адамдардарға медициналық көмек.
3. Медициналық міндеттерді орындау.

ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе.
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің жұмысын ұймдастыруға қызмет көрсету күші мен қаражатының санитарлық шығынға өте сәйкес келмеуі әсер етеді. Хирургиялық жұмыстың принциптері мен мазмұны бейбіт кездегі патологиядан көп елеулі айырмашылығы бар патологияның ерекшеліктеріне және эвакуация кезінде өте аз уақыт ішінде келіп түсетін зардап шеккендердің санына байланысты болады.
Н. И. Пирогов соғыстар кезінде ғана орасан мол жарақатты кездертіруге болатынын атап көрсетпек ниетпен соғысты «жарақат эпидемиясы» деп атағаны белгілі. Ракеталық-ядролық қаруды қолдану алуан түрлі ашық та, жабық та жарақаттарға, күйктерге, сәулелік зақымдануларға, сонымен бірге сан алуан аралас зардаптар «эпидемиясына» әкеліп соқтырады. Бұлай зардап шеккендерді емдеу үшін сан алуан мамандықтағы дәрігерлер, солардың ішінде ең алдымен хирургтар мен терапевтер бірлесе жүргізетін комплексті емдеу-диагностикалық шаралар қажет. Емдеу шараларының көлемін кеңейту, оларды жүзеге асыру үшін уақыт пен қаржыны елеулі түрде молайту қажеттігі туады. Мұның өзі көмектің барлық түрін (дәрігер келгенге дейінгі, дәрігерлік және мамандандырылған) және емдеуді күрделілендіре түсері сөзсіз.
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі жұмыс істейтін жағдай (санитарлық шығынның көптігі, ұрыс патологиясының ерекшеліктері, зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру мүмкіндігінің шектеулі болуы және аса қиындығы), жұмысының ұйымдастыру-хирургиялық принциптері оны әскери-далалық хирургияның негізгі ережелерімен жақындастыра түседі. Сондықтан Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі казіргі кездегі әскери-далалық хирургияның тиімді тәжірибесі мен негізгі принциптерін барынша пайдаланады.
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі үшін бұл принциптерді былай, тұжырымдауға болар еді.
1. Бір мезгілде зардап шеккендерді емдеуді қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру шараларын жүргізу қажет. Мұндай кездерде зардап шеккендерді қабылдап, оларға көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерінің, әсіресе хирургтардың, транспорт құралдары мен үйлердің, медикаменттердің тапшылығы қатты байқалады. Мұндай жағдайда жаралылардың көпшілігіне дер кезінде неғұрлым тиімді хирургиялық көмек көрсету үшін хирургиялық жәрдем техникасын, жараларды таңу немесе жақтау салып байлап тастау тәсілдерін, қан құю әдістерін меңгеріп қою тым жеткіліксіз. Басты міндет — медициналық мекеменің барлық қызмет атқаратын бөлімшелерінің (ОПМ), алғашқы медициналық көмек отряды, қала сыртындағы аурухана жұмыстарын шебер ұйымдастыра білуде.
Жұмысты зардап шеккендерге кез келген жағдайда қажетті, ең алдымен кезек күттірмейтін көмек көрсетуге аса қолайлы жағдай жасайтындай етіп ұйымдастыру керек.
2. Санитарлық жаппай шығын жағдайында медициналық сұрыптау ерекше маңыз алады. Медициналық сұрыптау — хирургиялық күштерді
неғұрлым тиімді пайдалануға, белгілі бір кезекпен мүмкіндігінше зардап шеккендердің көпшілігіне барынша тиімді әрі дер кезінде медициналық
көмек көрсетуге қажет қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге тиіс.
3. Түрлі көлемде хирургиялық көмек көрсету медициналық эвакуа-цияның кезеңдеріне байланысты. Қала сыртындағы аурухана коллектор-
лары Азаматтық қорғаңыс медициналық қызметінің негізгі емдеу базасы болып табылады. Алайда зардап шеккендерді алыс жерге қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық көмек отрядында, яғни медициналық эвакуацияның бірінші кезеңінде өмірге төңген қатерге
қарай бастапқы дәрігерлік және хирургиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету қажет.
4. Медициналық эвакуация кезеңдерінде зардап шеккендерді емдеуді жалғастыруды қатаң сақтау — басты принциптердің бірі. Кезеңді емдеу
жүйесінде жаралыларға медициналық көмек көрсету мен емдеуді ұйым-дастыру ісінде емдеуші дәрігерлердің ауысуы сөзсіз болып тұратын жай.
Жеткілікті ұйымдастырылмаған жағдайда бұл жайт емдеу тәсілдерін тиімсіз
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Алтунин А. Т. Формирование Гражданской обороны в борьбе со стихийными бедствиями.-М.: Стройиздат, 1976.
2.Алхазов В. А., Ткачев А. 77. Индивидуальные средства противорадиационной защиты. М., 1964.
3.Архангелъскип А. М. Бактериологическое оружие и защита от него. М.: Воениздат, 1971.
4.Алгпунин А. Т. Гражданская оборона. М. Строй издать, 1976 г.
5.Бурназьян А. И. Руководство по организации медицинского обеспечения при массовых поражениях населения. М.: Медицина, 1971 г.
6.Вышневский А. А., Шрайбер М. М. Военнополевая хирургия. М.э 1968 г.
Гагалев М. И. Организация работы санитарных дружин в очагах поражения. М., 1981 г.
7.Глушко А. 77., Марков Л. К. Атомное оружие и противоатомная защита. М., 1958 г.
-8.Захаров Ф.Г. Учебник для подготовки санитарных дружин и санитарных постов. М.: Медицина, 1977 г.
Казмин А.И. Руководство по травматологии для медиңинской службы ГО. М.: Медицина, 1978 г.

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.Зақымданған және науқас адамдарды күту.

2. Зақымданған және науқас адамдардарға медициналық көмек.

3. Медициналық міндеттерді орындау.

ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе.

Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің жұмысын ұймдастыруға
қызмет көрсету күші мен қаражатының санитарлық шығынға өте сәйкес келмеуі
әсер етеді. Хирургиялық жұмыстың принциптері мен мазмұны бейбіт кездегі
патологиядан көп елеулі айырмашылығы бар патологияның ерекшеліктеріне және
эвакуация кезінде өте аз уақыт ішінде келіп түсетін зардап шеккендердің
санына байланысты болады.
Н. И. Пирогов соғыстар кезінде ғана орасан мол жарақатты кездертіруге
болатынын атап көрсетпек ниетпен соғысты жарақат эпидемиясы деп атағаны
белгілі. Ракеталық-ядролық қаруды қолдану алуан түрлі ашық та, жабық та
жарақаттарға, күйктерге, сәулелік зақымдануларға, сонымен бірге сан алуан
аралас зардаптар эпидемиясына әкеліп соқтырады. Бұлай зардап шеккендерді
емдеу үшін сан алуан мамандықтағы дәрігерлер, солардың ішінде ең алдымен
хирургтар мен терапевтер бірлесе жүргізетін комплексті емдеу-диагностикалық
шаралар қажет. Емдеу шараларының көлемін кеңейту, оларды жүзеге асыру үшін
уақыт пен қаржыны елеулі түрде молайту қажеттігі туады. Мұның өзі көмектің
барлық түрін (дәрігер келгенге дейінгі, дәрігерлік және мамандандырылған)
және емдеуді күрделілендіре түсері сөзсіз.
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі жұмыс істейтін жағдай
(санитарлық шығынның көптігі, ұрыс патологиясының ерекшеліктері, зардап
шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру мүмкіндігінің шектеулі болуы және
аса қиындығы), жұмысының ұйымдастыру-хирургиялық принциптері оны әскери-
далалық хирургияның негізгі ережелерімен жақындастыра түседі. Сондықтан
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі казіргі кездегі әскери-далалық
хирургияның тиімді тәжірибесі мен негізгі принциптерін барынша пайдаланады.
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі үшін бұл принциптерді былай,
тұжырымдауға болар еді.
1. Бір мезгілде зардап шеккендерді емдеуді қамтамасыз ету үшін
ұйымдастыру шараларын жүргізу қажет. Мұндай кездерде зардап шеккендерді
қабылдап, оларға көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерінің, әсіресе
хирургтардың, транспорт құралдары мен үйлердің, медикаменттердің тапшылығы
қатты байқалады. Мұндай жағдайда жаралылардың көпшілігіне дер кезінде
неғұрлым тиімді хирургиялық көмек көрсету үшін хирургиялық жәрдем
техникасын, жараларды таңу немесе жақтау салып байлап тастау тәсілдерін,
қан құю әдістерін меңгеріп қою тым жеткіліксіз. Басты міндет — медициналық
мекеменің барлық қызмет атқаратын бөлімшелерінің (ОПМ), алғашқы медициналық
көмек отряды, қала сыртындағы аурухана жұмыстарын шебер ұйымдастыра білуде.
Жұмысты зардап шеккендерге кез келген жағдайда қажетті, ең алдымен кезек
күттірмейтін көмек көрсетуге аса қолайлы жағдай жасайтындай етіп
ұйымдастыру керек.
2. Санитарлық жаппай шығын жағдайында медициналық сұрыптау ерекше маңыз
алады. Медициналық сұрыптау — хирургиялық күштерді
неғұрлым тиімді пайдалануға, белгілі бір кезекпен мүмкіндігінше зардап
шеккендердің көпшілігіне барынша тиімді әрі дер кезінде медициналық
көмек көрсетуге қажет қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге тиіс.
3. Түрлі көлемде хирургиялық көмек көрсету медициналық эвакуа-цияның
кезеңдеріне байланысты. Қала сыртындағы аурухана коллектор-
лары Азаматтық қорғаңыс медициналық қызметінің негізгі емдеу базасы болып
табылады. Алайда зардап шеккендерді алыс жерге қауіпсіз көшіруді қамтамасыз
ету үшін алғашқы медициналық көмек отрядында, яғни медициналық эвакуацияның
бірінші кезеңінде өмірге төңген қатерге
қарай бастапқы дәрігерлік және хирургиялық көмек көрсетуді қамтамасыз
ету қажет.
4. Медициналық эвакуация кезеңдерінде зардап шеккендерді емдеуді
жалғастыруды қатаң сақтау — басты принциптердің бірі. Кезеңді емдеу
жүйесінде жаралыларға медициналық көмек көрсету мен емдеуді ұйым-дастыру
ісінде емдеуші дәрігерлердің ауысуы сөзсіз болып тұратын жай.
Жеткілікті ұйымдастырылмаған жағдайда бұл жайт емдеу тәсілдерін тиімсіз
ауыстыруға әкеліп соқтыруы мүмкін. Емдеудің бір-біріне жалғасу
принциптерін сақтаған жағдайда медициналық көмектің мазмұны заңды түрде
үйлеседі және қажет болса кеңейеді. Сонымен бірге медициналық
эвакуацияның бір кезеңінде басталған емді емдеудің принциптері мен
тәсілдері тұтастығын сақтай отырып, одан әрі жалғастыруға болады.
Егер дәл осы емдеу-эвакуация бағытындағы медициналық эвакуацияның екі
этапы да бір орталыққа бағынса, ал барлық жұмыс зардап шек-
кендерді емдеудің біркелкі принципіне негізделсе ғана емдеу бір-біріне
жалғаса бермек. Бұл — Ұлы Отан соғысы кезіндегі тәжірибеге және қа-
зіргі заманғы медидина ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып жасалған
қамтамасыз етудің емдеу-эвакуациялық біркелкі жүйесін ұйым-
дастыру мен медициналық эвакуация кезеңдерінде зақымдануларды емдеу
жөніндегі айқын тұжырымдалған методикалық нұсқаулармен қам-
тамасыз етіледі.
5. Дәрігерлерге зардап шеккен адам қалай жараланғандығын және оған бұдан
бұрынғы кезеңде (Алғашқы медициналық көмек отрядында)
қандай көмек көрсетілгендігін білдіретін қажетті информацияны қамтамасыз
ететін айқын медициналық документация болмайынша емдеулерді
бір-біріне жалғастыру мүмкін емес. Барлық жазбалар барынша айқын әрі қысқа
болуға тиіс.
6. Медициналық эвакуацияның әр кезеңіне көмек көрсетудің белгілі бір
мөлшері, яғни дәл осы кезеңде орыңдалуға тиісті емдеу-профилакти-
калық шаралардың тізімі белгіленеді. Жаппай хирургиялық жұмыстар кезіндегі
хирургиялық көмектің көлемі сол кезде қалыптасқан медициналық жағдайға
тығыз байланысты болады. Медициналық эвакуацияның кезеңіне жаралылар өте
көп түсіп, оның бәріне бірдей шамасы келмей қалатын жағдайда көмек көрсету
көлемі зардап шеккендердің өмірін сақтап қалуға бағытталған қарапайым амал-
айлалармен ғана шектеледі. Зардап шеккендер легі бұрынғыдай емес, аздау
болған жағдайда керісінше дәл осы кезеңде қажетті көмектің бәрі де түгел
көрсетіледі. Сөйтіп, жаппай хирургиялық жұмыстар кезіндегі оның мазмұны
жараланудың сипаты мен ауырлығына ғана байланысты емес, сонымен бірге
медициналық мекеменің медициналық эвакуацияның кезеңі ретіндегі жұмыс істеу
жағдайына да байланысты.
7. Жаппай зардап шегу кездерінде көмек көрсетуге арналған медициналық
мекемені әдетте қайтадан, көбіне қолайсыз үйлерде өте қысқа мерзім ішінде
жабдықтауға тура келеді. Мұның өзі осы мекеменің адам құрамынан айқын
практикалық дағдыларды, әрқылы үйлерді жағдайға бейімдеп, пайдалана білуді,
оларды тез жабдықтап, жұмыс жағдайына келтіруді, операция жасайтын және
жарақаттарды таңатын бөлмелерде асептиканы қамтамасыз ету үшін жағдай
жасауды, құрал-жабдықтар мен аппаратуралардың, медикаменттер мен таңатын
материалдардың шектеулі жиынтығын пайдалана білуді талап етеді.
Кезеңді емдеу жүйесі үш түрлі медициналық көмектен: алғашқы ме-дициналық
көмектен, алғашқы дәрігерлік көмектен және мамандандырылған медициналық
көмектен тұрады.
Алғашкы көмек пен өзара көмекті сокқы болған ортада зардап шеккен адам
өзіне өзі (өзіне көмек) немесе айналасындағы адамдар (өзара көмек), сондай-
ақ санитарлық жасақтардың адам құрамы көрсетеді. Зардап шеккен адамның
өмірі мен патологиялық процестердің одан арғы барысыу көбіне қираған
аудандарда өзіне өзі көрсеткен көмек пен өзара көмектің көрсетілген мерзімі
мен сапасына байланысты екенін ерекше атап көрсеткен жөн.
Жаппай шығын болған жерде медициналық және арнаулы қызметкерлер
негізінен көмекті ауыр жараланғандарға көрсетеді. Әдетте жеңіл жаралыларға
алғашқы көмек өзіне өзі немесе өзара көмек түрінде көрсетілуге тиіс.
Алғашқы көмектің көлемі мына төмендегі шаралардан тұрады:
* сыртқы қан ағуды уақытша тоқтату;
* тұншығу немесе дем алудың қиындауы себептерін жою (ауыз бен
мұрынның ішін бөгде заттар мен шаң-топырақтан тазарту), естен танған
жағдайда тілді қозғалтпау, жасанды жолмен қолдан дем алдыру, ашық
пневмотаракс болса, онда герметикалық жолмен орау;
* жаралар мен күйген жерлерді орап таңу;
* сүйектер сынып, көк еттер елеулі түрде зақымданған жағдайда
уақытша иммобилизацияны жүзеге асыру;
* қолдан дем алдыру;
* ішінара киім-кешекті тазалау;
-зардап шеккен адам радиоактивті заттармен залалданған аймақта болса,
оған респиратор кигізу немесе мақта дәкемен таңу;
— зардап шеккендерді залалданған аймақтан алып кету.
Онша қиын емес қарапайым бұл шарларды жүзеге асыру зақымданудың одан арғы
барысына көп әсерін тигізеді.
Сыртқы қан ағуды жедел тоқтатуға ерекше көңіл бөлу керек. Ондай қан ағуға
тері сыдырылудан болған жаралар, әйнек жарықшақтары кесіп кеткен жаралар
(мұндай зақымданулар өте-мөте жиі кездесетін болады) себепкер болуы мүмкін.
Артериядан сыртқа аққан қанды тоқтату үшін стандартты немесе қолда бар
нәрседен бұрау салынады. Көк тамырдан аққан қанды әдетте үстін басып таңу
арқылы тоқтатады. Салынған бұрау жақсы көрініп тұратын болуға тиіс, оны
таңғышпен немесе киіммен жауып қоюға болмайды. Бұрау салынған уақытты
міндетті түрде белгілеп қою керек. Тілдің салақтап кетуіне байланысты
(естен танғанда) тұншыққан жағдайда ортасынан лиғатурамен тігіп, зардап
шеккен адамның тілін қозғалмайтындай етіп қою керек. Мұрынның іші мен ауыз
қуысы өз-өзінен бітеліп қалса, онда оларды тез тазарту керек. Егер
өздігінен дем алу қалпына келмесе, қолданылып жүрген тәсілдердің біреуі
арқылы қолдан дем алдыра бастаған жөн.
Алғашқы таңу жараны екінші рет микробтармен ластанудан сақтап, аққан
қанның тоқтауына себепкер болады. Жараны әркімнің өз таңғыш пакетімен
немесе зарарсыздандырылған бинтпен байлап таңады. Күйген жерлерді жабу үшін
арнаулы контурлық таңғыштарды пайдаланған жөн. Омыртқа, жамбас, аяқ-қол
сүйектері сынғанда, көк ет үлкен көлемде зақымданғанда уақытша
иммобилизация алғашқы кемектің міндетті элементі болып табылады. Уақытша
иммобилизацияны стандарттық жақтауларды немесе қолда бар нәрселерден
жасалған жақтауларды пайдалану арқылы да жүзеге асыруға болады. Қолды
кеудеге қысып, ал зақымданған аяқты сау аяққа қысып жұмсақ таңғышпен
қозғалтпай байлап тастау тәрізді иммобилизацияның өте қарапайым, бірақ өте
тиімді құралын да естен шығармаған жөн.
Зардап шеккен медициналық көмекке мұқтаж адамдардың бәрі зиянды ортадан
ОПМ-ға жіберіледі. Бұл арада эвакуацияның жүйелілігі катаң сақталуға тиіс.
Алғашқы көмек отрядына бірінші кезекте бұрау салынған, естерінен танған,
тыныс алуы қатты бұылған, іштері зақымданудан зардап шегушілерді жібереді.
Екінші кезекте қалған барлық зардап шегуші адамдар көшіріледі. Жеңіл зардап
шеккендер ОПМ-ға өздері барады.
ОПМ мынадай шараларды жүзеге асырады:
зардап шеккен адамдарды қабылдау, тіркеу, медициналық сұрып-
тау және санитарлық тазарту;
* ішінара немесе түгелдей санитарлық тазартудан өткізу;
* алғашқы дәрігерлік көмек көрсету;
мамандандырылған медициналық көмектің кейбір кезек күттірмей-
тін (өмірлік көрсеткіштер бойынша) шараларын орындау;
көлікпен алып жүруге келмейтін жаралыларды госпитальдау және
уақытша емдеу;
— зардап шеккендерді аурухана аймағына көшіруге әзірлеу.
Алғашқы дәрігерлік көмек қан кету мен тұншығуға қарсы күрестің,
жарақаттық шок пен жарақаттық токсикоз профилактикасы мен емінің, өмірлік
маңызы бар органдар қызметі бұзылуын және инфекциялық асқынулардың алдын
алудың кең комплексті шараларынан тұрады.
ОГШ-дағы алғашқы дәрігерлік көмек мыналардан тұрады:
1. Өмірге төнген қатерге қарай (қан тамырларын байлау арқылы қан-
нын ағуын тоқтату, трахеостома салу) шұғыл шаралар қолдану.
2. Кеткен қанның орнын толтыру (бұл негізінен қан алмастырушылар
есебінен жасалады).
Кеудесі мен аяқ-қолдары зақымданып, шокпен асқынғандарға новокаиндық
блокада жасау.
Ашық пневмоторакске (өкпеге ауа немесе азот жіберіп емдеу үшін
өткізбейтін таңғыш салу.
Күш түсетін клапанды пневмоторакс кезінде плевралық қуысқа
пункция немесе торакоцентез жасау.
Зәр жүрмей қалған жағдайда қуыққа катетеризация немесе пунк-
ция жасау.
Сүйектер сынғанда және көк ет көп жерінен жарақаттанған жағ-
дайда транспорттық иммобилизация жасау.
Дәрігердің көрсетуі бойынша жалпы ауырғанын басатын және жү-
рек дәрілерін беру, антибиотиктер, антитоксиндер мен сіреспеге қарсы
қолданылатын сывороткалар жіберу.
ОПМ-ның операция бөлмесінде өмірлік көрсеткіштер бойынша маман-
дандырылған хирургиялық көмек категориясына жататын шұғыл араласу жүзеге
асырылуға тиіс.
Өмірлік көрсеткіштер бойынша жасалатын шұғыл араласу категориясына
мыналар жатадьі:
* беттің, мойынның жаралануы немесе кеуденің ауыр зақымдануы
салдарынан болған асфиксия кезіндегі трахеостомия;
* өткізбейтін таңғышпен герметизациялау тиімді болмаса, ашық
пневмотораксты тарылтып тігу;
* күш түсетін клапанды пневмотораксты плевралық қуысты пунк-
циялау арқылы жоюға болмаған жағдайда плевралық қуысты торако-
цейтездеу және құрғату;
* дем алу мен жүректің қызметін қатты бұзатын көлемді гемоторакс
кезінде плевралық қуысқа пункция жасау және канды аспирациялау;
* қарын және басқа ішкі ағзалар зақымданған кезде( ішке қан кет-
кенде) лапаротомия жасау;
* қан сыртқа тоқтамай ағып жатса, оның ағысын біржола тоқтату
(қан тамырын байлау);
* тіршілік белгісі жоқтығына, жарамсыздығына көз анық жеткен
аяқ, қолды кесіп тастау.
Зардап шеккендерді қала сыртындағы аймаққа көшіру осы мақсат үшін арнайы
бөлінген транспорт арқылы жүргізіледі. Зардап шеккен адамдарды машиналарға
белгіленген эвакуацкялық орнына (қайда көшірілетіндіктеріне) қарай мінгізу
керек.
Аурухана базасының қала сыртындағы емдеу мекемелерінде зардап шеккендерге
әбден сауыққанша медициналық көмек көрсетіліп, маман-дандырылған емдеулер
жүргізіледі.
Зардап шеккендерге мамандандырылған көмек көрсетіп, емдеу бел-гіленген
бүкіл емдеу-диагностикалық шараларды жүргізу арқылы қала сыртындағы аймақ
ауруханаларында толық көлемінде жүзеге асырылады.
Қолайсыз медициналық-тактикалық жағдайлардын калыптасуына
байланысты мамандандырылған мекемелердегі көмектің көлемі өзгеріп, алғашқы
дәрігерлік көмектің көлеміне сәйкес келіп қалуы да мүмкін. Мысалы, қала
сырты аймағындағы мамандандырылған ауруханаға зардап шеккендер жаппай келіп
түскен кезде алғашқы 2—3 тәулік бойына көмек көрсетудің көлемі өмірлік
көрсеткіштер бойыша жасалатын шараларға дейін қысқарады; Зардап шегіп келіп
түсетіндер легі азайған сайын жұмыс та өзінің жоспарлы сипатына түсе
бастайды, сөйтіп арнаулы көмектің толық көлеміне дейін кеңейе түседі.
Ядролық жарылыстан зардап шеккендерді хирургиялық көмекпен кам-тамасыз
етудің табысты болуы елеулі түрде мына жағдайларға байланысты:
* алғашқы медициналық және алғашқы дәрігерлік көмектің дер ке-
зінде көрсетілуіне;
* емдеу мекемелеріндегі төсектің санына;
* емдеу мекемелерін тиімді орналастыруға;
* жаңа жағдайға қарай медициналық қызмет көрсету күштері мен
құалдарын өз орнымен жүйелі түрде пайдалануға;
* медициналық эвакуация кезеңдерінің білікті хирург-травматолог-
тармен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Азаматтық қорғаныс медициналық қызметінің негізгі ұйымдастыру ережелері
мыналар: денсаулық сақтау мекемелері мен басқа да ведом-стволардың бейбіт
күндердегі бар емдеу мекемелерінің хирургиялық ба-заларын пайдалану, емдеу
шараларының бір-біріне жалғасуын сақтай отырып, кезеңді емдеу принципін
жүзеге асыру, қолда бар күш, құралдармен маневр жасауды ұйымдастыру және
өткізу.
Азаматтық қорғаныс жүйесіндегі хирургиялық көмек принциптері әскери-
дала хирургиясының негізгі принциптерімен жақын, ұқсас.
Өмірлік көрсеткіштер бойынша алғашқы дәрігерлік және хирургиялық көмек
ОПМ-да көрсетіледі. ОПМ-дағы хйрургиялық көмектің көлемі зардап
шеккендердің келіп түсу қарқынымен, оның медициналық қызметкерлерімен және
медициналық мүлікпен қамтамасыз етілуімен айқындалады. ОПМ-да медициналық
сұрыптау жара инфекциясының профилактикасы, шокқа қарсы шаралар, қанның
ағуын біржола тоқтату және өмірлік көрсеткіштер бойынша басқа да шұғыл
түрде араласу міндетті болып табылады.
Медициналық эвакуацияның екінші кезеңінде сұрыптайтын эвакогос-питальдар
(СЭГ), бас және профильденген ауруханалар орналасқан қала сыртындағы
аймақта мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетіледі. СЭГ және бас
ауруханалар ядролық жарылыс кезінде зардап шеккендерді кезек күттірмейтін,
сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Оларға
профильденген ауруханаларға эвакуациялауға жарамайтын барлық ауыр зардап
шеккендерді топтастьграды.
Профильденген ауруханаларда зардап шеккендерге мамандандырылған көмек
көрсетіледі, сонымен бірге емдеу әбден айыққанша жүргізіледі.
Дұшпан ядролық қаруды қолданған жағдайда профильденген ауру-ханалардың
көпшілігі травматологиялық профильде болады. Адамдардың ядролық жарылыс
кезінде зақымдану түріне байланысты: термикалық зақымданудан зардап
шеккендерді емдеу үшін —күйік; аяқ-қолдары зақымданған адамдарды емдеу үшін
— травматологиялық; кеуде клеткасы іші мен кіші жамбас органдары
зақымданғандар үшін — торако-абдоминальдық; бас сүйегі, омыртқасы, құлағы,
тамағы, мұрыны, көзі және жақ-бет сүйектері зақымданып зардап шеккендер
үшін — нейрохирургиялық ауруханалар ашылады.
Сонымен ауруханаларды профильдендірудің мақсаты — маманданды-рылған
көмекті ерте көрсету және толық емді дер кезінде ұйымдастыру.
Жақн жатқан СЭГ-ке немесе бас ауруханаға бағытталған профильденген
ауруханалар аурухана коллекторын құрайды. Әрбір аурухана коллекторында
бірнеше мың төсек болады, сөйтіп олар көп профильді аурухана бірлестігін
құрайды, ал мұның өзі дәрігер кадрларын дұрыс орналастыруға, күшейту
құралдарын және медициналық жабдықтарды үйлесімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Өз кезегінде аурухана коллекторлары аурухана базалары болып бірігеді.
Аурухана базасы облыстың немесе өлкенің барлық түкпірінде жатқан 6—8
аурухана коллекторын біріктіреді. Аурухана базалары ядролық шабуылға
ұшыраған қалаларда зардап шеккендерге арнаулы көмек көрсетуде маңызды роль
атқаратын болады.
Медициналық көмектің барлық түрін, соның ішінде хирургиялық көмекті нақты
ұйымдастыру мақсатымен Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі өздерінің
басқару органдарын: МСГО штабтарын, аурухана базаларының басқармаларын
құрады.
Одақтық және республикалық министрліктердің, облыстық денсаулық сақтау
бөлімдерінің бас хирургтері МСГО-ның одақтық, республикалық және облыстық
(өлкелік) штабтарында қызмет істейді. Оларға МСГО-ның хирургиялық қызметін
ұйымдастыру жауапкершілігі жүктелген:
* медициналық эвакуация кезеңдерінде хирургиялық көмекті ұйым-
дастыру;
* зардап шеккендерді кезеңді емдеу принциптерінің сақталуын ба-
қылау;
* төсек қорын тиімді түрде профильдеу;
* хирург кадрларды орналастыру;
* мамандандырылған медициналық көмек отрядтарын (бригадаларын) пайдалану;
* зардап шеккендерді хирургиялық емдеу нәтижелеріне талдау жасап жинақтау,
солардың негізінде нұсқау-методикалық документтер
әзірлеу;
* емдеу тәсілдерін біркелкі ету, емдеудің жалғасу принциптерін сақтау,
хирургиялық мекемелердің жұмысына іс жүзінде қатысу және ауру
төсегінің қасында консультативтік көмек көрсету арқылы хирургтердің
мамандығын жетілдіру, дәрігерлік экспертиза талаптары мен хирургия-
лық ғылымның жаңа жетістіктеріне сәйкес зардап шеккендерді емдеудің және
реабилитациялаудың нәтижелерін талқылауды қамтамасыз ету.
Екі кезеңді емдеу-эвакуациялық жүйеде алғашқы көмек отряды бірінші кезең
болып табылады. Азаматтық қорғаныс медициналық қызметінің штатты құрамасы
ретінде ОПМ-ның типті штаты, жабдықтары және арнаулы нұсқау арқылы айқын
тұжырымдалған міндеттері болады.
ОПМ-ға соққы болған жерде алғашқы медициналық көмекті ұйым-дастыру,
сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және екінші
кезең кала сыртындағы аймақ ауруханаларына эвакуациялауға дайындау жөнінде
міндеттер жүктеледі.
ОПМ мынадай көмекші бөлімшелер құрады:
* зардап шеккендердің жалпы ағымын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омыртқа жотасының зақымдануы
Жүрек соғуын тоқтатпасын
Мидың қан кетуінің негізгі себебі - жоғары қан қысымы
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері
Ауыр инсульт белгілері
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Түрлі клиникалық жағдайлардағы этикалық мәселелерді тиімді және тиімсіз шешу жолдары
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Аса қауіпті жарақат
Пәндер