Нәресте басының шалқая орнығуы, оның ауытқулары



Нәресте басының шалқая орнығуына: төбемен, маңдаймен, бетпен орнығу жатады. Бұл қолайсыз жағдай 0,5%-1 % аралығында кездеседі (1-сурет).
Негізгі себептері:
1. Жамбас өлшемдерінің тарлығы;
2. Нәресте салмағының тым кіші не ірі болуы;
3. Жатыр ісігі;
4. Нәрестенің кемтарлығы;
5. Жатыр, жамбас түбі бұлшық еттерінің босап, жиырылу жазылу қасиеттерінің төмендеуі;
6. Толғақтың әлсіздігі;
7. Кіндіктің қысқалығы.
8. Көп және аз суды жүктілік.
Бастың төбесімен орнығуы, биомеханизм ерекшеліктері
Бастың төбесімен орнығуын тек қынаптық зерттеу арқылы анықтауға болады: үлкен және кіші еңбек бір деңгейде тұрады, бірден екі еңбекте анықталады. Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында сагиталды жігі көлденең, кейде қиғаш өлшемінде орналасады.

Биомеханизм ерекшеліктері
1. Бірінші кезең - бас шамалы шалқаяды.
2. Екінші кезең - бас кіші жамбас қуысына түсіп, ішкі бұрылысын жасайды. Жамбас түбінде бұрылыс аяқталып, үлкен еңбек шатқа, шүйде құйымшаққа қарап орнығады; сагиталды жік жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді.
Үшінші кезең — бастың бүгілуі. Жыныс ернеуінен
бірінші үлкен еңбек пен шеке шеті көрінеді. Маңдай және
мандай бұдырмақтары туылғаннан кейін, бас кеңсерікпен

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
НӘРЕСТЕ БАСЫНЫҢ ШАЛҚАЯ ОРНЫҒУЫ, ОНЫҢ АУЫТҚУЛАРЫ
Нәресте басының шалқая орнығуына: төбемен, маңдаймен, бетпен орнығу жатады.
Бұл қолайсыз жағдай 0,5%-1 % аралығында кездеседі (1-сурет).
Негізгі себептері:
1. Жамбас өлшемдерінің тарлығы;
2. Нәресте салмағының тым кіші не ірі болуы;
3. Жатыр ісігі;
4. Нәрестенің кемтарлығы;
5. Жатыр, жамбас түбі бұлшық еттерінің босап, жиырылу жазылу қасиеттерінің
төмендеуі;
6. Толғақтың әлсіздігі;
7. Кіндіктің қысқалығы.
8. Көп және аз суды жүктілік.

1-сурет. Нәресте басынын шалқая орнығуы: а - төбесімен; б
- маңдайымен; в - бетімен орнығуы.

Бастың төбесімен орнығуы, биомеханизм ерекшеліктері
Бастың төбесімен орнығуын тек қынаптық зерттеу арқылы анықтауға болады:
үлкен және кіші еңбек бір деңгейде тұрады, бірден екі еңбекте анықталады.
Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында сагиталды жігі көлденең, кейде қиғаш
өлшемінде орналасады.

Биомеханизм ерекшеліктері
Бірінші кезең - бас шамалы шалқаяды.
Екінші кезең - бас кіші жамбас қуысына түсіп, ішкі бұрылысын жасайды.
Жамбас түбінде бұрылыс аяқталып, үлкен еңбек шатқа, шүйде құйымшаққа қарап
орнығады; сагиталды жік жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді.
Үшінші кезең — бастың бүгілуі. Жыныс ернеуінен
бірінші үлкен еңбек пен шеке шеті көрінеді. Маңдай және
мандай бұдырмақтары туылғаннан кейін, бас кеңсерікпен
(глабелла) шат ернеуіне тіреліп бүгіледі - төбе бұдырмақтары
туылады.
Төртінші кезең - бастың шалқаюы. Бас шүйде бұдырмағымен құйымшаққа тіреліп
шалқаяды, жыныс ернеуінен бет, иек шығады.
Бесінші кезең - бас сыртқы, иық ішкі бұрылысын
жасап, нәресте толық туылады.
Жетекші нүктесі үлкен еңбек, бекіту нүктесі екеу — кеңсірік, шүйде
бұдырмағы. Бас жыныс ернеуін тік өлшемімен кесіп жарып етеді (тік өлшем -
12 см, айналымы— 34 см) (2-сурет).
Босану ағымы
Босанудың екінші кезеңі ұзаққа созылады, нәресте гипоксиясы, жарақаттануы
және аралықтың жыртылуы жиі кездеседі.

Бастың маңдайымен орнығуы, биомеханизм ерекшеліктері
Мандаймен орнығу өте сирек кездеседі (0,021-0,026 %).
Қынаптық зерттеуде: маңдай жігі, үлкен еңбектің алдыңғы жиегі, қас үсті
доғасы анықталады.
Биомеханизм ерекшеліктері
1. Бірінші кезең — бас шалқаяды, маңдай жігімен көлденең немесе шамалы
қиғаш өлшемінде орнығады.

2. Екінші кезең — бас жамбас қуысына түсіп, бетімен алға (шатқа),
шүйдесімен артқа (сегізкөзге) қарай бұрылады, жамбас түбінде, маңдай жігі
тік өлшемге сәйкес келеді. Жыныс ернеуінен маңдай, мұрын түбі, шеке шеті
туылады.
3. Үшінші кезең — бас үстіңгі жақ сүйегімен шатқа тіреліп (бірінші бекіту
нүктесі) бүгіледі, жыныс ернеуінен шүйде туылады.
4. Төртінші кезең - бастың шүйдесі аралық үстіне тіреліп (екінші бекіту
нүктесі) бас шалқаяды, бет түгел туылады.
5. Бесінші кезең — бас сыртқы, иық ішкі бұрылысын жасап нәресте толық
туылады. Жетекші нүктесі - маңдай, бекіту нүктесі екеу - шүйде бұдыры және
үстіңгі жақ. Бас жыныс ернеуінен үлкен қиғаш өлшемімен кесіп жарып өтеді
(үлкен қиғаш өлшем 13-13,5 см, айналымы 38-42 см).

Босану ағымы
Босану ағымы өте ұзақ. Тек нәресте шала, салмағы кішкентай болғанда ғана
әйел өзі босанады. Себебі нәресте басы жыныс ернеуінен үлкен қиғаш
өлшемімен туады, бұл өлшем жамбас қуысының ешқандай өлшемдеріне сәйкес
келмейді. Әйелді кесар тілігі арқылы босандырады.

Бастың бетімен орнығуы, биомеханизм ерекшеліктері
Нәрестенің бірден бетімен орнығуы сирек кездеседі, көбіне мандайымен
орныққан бас, бетке ауысады.
Қынаптық зерттеуде: мұрын, иек, қас үсті доғасы анықталады, бұл зерттеуді
көзге, ерінге зақым келтірмей, ұқыпты жасау керек. Қазіргі кезде УДЗ жиі
жүргізіледі. Нәресте иегінің бағытына қарай, бастың бетімен орналасуының
екі түрін ажыратады. Егер иек алдына (шат сүйегіне) бағытталған болса, оны
алдыңғы түрі, артқа (сегізкөзге) бағытталған болса, артқы түрі дейді.
Алдыңғы түрінде 90 %-95 %-да әйелдің өзі туады.
Нәрестенің бетімен орнығуының алдыңғы түріндегі биомеханизмі:
Бірінші кезең — бас қатты шалқаяды, бет жігі жамбастың көлденең не қиғаш
өлшемінде орналасады.
Екінші кезең — бас жамбас қуысына түсіп, ішкі бұрылысын жасайды, тек жамбас
түбінде, бет жігі тік өлшемге сәйкес келеді.
Үшінші кезең — жамбас түбінде бас иегімен алға (шат сүйегіне) қарай
бұрылады, жыныс ернеуінен нәрестенің еріндерімен иегі көрінеді.
Төртінші кезең — тілшік асты сүйегі шаттың төменгі жиегіне тіреледі (бекіту
нүктесі) бас бүгіледі, жыныс ернеуінен маңдай, төбе және шүйде шығып, бас
түгел туылады.
Бесінші кезең — бас сыртқы, иық ішкі бұрылысын жасап нәресте толық туылады.
Жетекші нүктесі иек, бекіту нүктесі - тілшік асты сүйек, бас жыныс
ернеуінен вертикалды өлшемімен кесіп жарып өтеді (9,5—10 см, айналымы - 32
см).
Босану ағымы
Босану кезінде қағанақ суының ерте, мезгілінен бұрын кетуі жиі, осыған орай
нәресте гипоксиясы және жарақаттануы, шетінеуі артады. Нәресте бетімен
туғанда оның сырт пішіні - беті қатты ісініп, көгілдір түсті болады.
Бастың бетімен орнығуының артқы түрінде, қатты шалқайған бас және иық
белдеуі бірігіп, жамбас қуысына орныға алмайды, әйелді тек кесар тілігі
арқылы босандырады.

Нәресте басының тік әрі биік орнығуы
Бастың тік әрі биік орнығуы - сагиталды жігінің жамбас қуысының кіреберіс
жазықтығының тік өлшемінде орнығуы. Алдыңғы түрінде шүйде шатқа, артқы
түрінде шүйде сегізкөз мүйісіне қарап орнығады. Мұндай жағдай өте сирек
кездеседі, 0,92-1,2%.
Себебі: жамбас өлшемдерінің тарылуы.
Диагнозі: нәресте басының тік әрі биік орнығуын сыртқы және қынаптық
зерттеу арқылы анықтайды. Сыртқы зерттеуде (Леопольд тәсілімен) бастың
анықталатын көлемі кішкентай, себебі тек бастың көлденең өлшемі, кейде шат
үстінде нәрестенің шүйде немесе иегі анықталады. Қынаптық зерттеуде:
сагиталды жік жамбастың кіре беріс жазықтығының тік өлшемінде, бас қатты
бүгіліп, кіші еңбек шатқа немесе сегізкөзге бағытталады.
Әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады.

БОСАНУДЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АҒЫМЫ
Босану әрекеттерінің ауытқуы, жіктелуі, себептері, емдеу жолдары

Босану әрекеттерінің ауытқуы (БӘА) акушерия саласында ең күрделі, толық
шешілмеген мәселелердің бірі. Физиологиялық босану қалпы асқынып, босану
әрекеттері ауытқиды. Жиілігі 15 %-17 % аралығында.
Босану әрекеттерінің ауытқуын анықтау үшін, әдеттегі физиологиялық босану
әрекеттерінің қалыптасуын оның негізгі себептерін білу қажет.
Босану әрекеті әйел организміндегі көптеген жүйелердің—жүйке, гипоталамус-
гипофиз, эндокрин және жыныс мүшелерінің қарым-қатынастық байланысынан
барып туатын физиологиялық құбылыс.
Жіктелуі:
Босану өрекеттерінің ауытқуы төрт түрге жіктеледі:
1. Патологиялық прелиминарлық кезең;
2. Босану күшінің әлсіздігі:
а) Тұңғыш әлсіз толғақ;
ә) Кейінгі өлсіз толғақ;
б) Күшену толғағының әлсіздігі.
3. Қарқынды қатты толғақ;
4. Ретсіз толғақ.
Негізгі себептері
Организмнің жоғарғы жүйке, нейрогуморалдық, гипоталамо-гипофиз жүйелері мен
орындаушы мүшелері пісіп жетілгенде, орталық жүйкеде "босану доминанты"
қалыптасқанда ғана әйел дұрыс босана алады. Егер "босану доминанты" пісіп
жетілмесе, ойдағыдай қалыптаспаса, босану әрекеттері өзінің физиологиялық
дұрыс бағытынан асқынып, ауытқиды.
Босану әрекеттірінің ауытқуына әсер ететін факторлар бес топқа бөлінеді.
I топ. Акушериялық - қағанақ суының мезгілсіз ерте кетуі; босану жолдары
мен нәресте басының диспропорциясы; жатыр қабырғасының дистрофиялық
өзгерістері; жатыр мойнының "пісіп жетілмеуі"; жатыр қабырғасының қатты
созылуы (егіз жүктілікте, қағанақ суының көптігінде, нәресте жамбаспен
жатқанда, ірі нәрестеде).
ІІ топ. Репродуктивті жүйенің патологиясы - жыныс мүшелерінің өсіп, дамып
жетілмеуі; ауытқуы; әйел жасының 17-ден төмен, 30-дан асуы; нейроэндокрин
және етеккір айналымының бұзылуы; жасанды аборт; жатырға жасалған операция
және жатырдың қабыну аурулары.
ІІІ топ. Әйелдің түрлі соматикалық аурулары - жүйке жүйесінің аурулары;
нейроэндокриндік бұзылулар; қан-тамыр аурулары; семіздік ІІІ-ІV дәрежесі;
қан аздық; жүрек ақаулары.
IV топ. Ұрықтың әсерінен пайда болған факторлар: ірі нәресте; нәресте
гипотрофиясы; ұрықтың инфекциялық жарақаттануы; жатырішілік гипоксиясы;
ұзаққа созылған жүктілік; фетоплацентарлық жетіспеушілік; резус-қайшылықты
жүктілік.
V топ. Жасанды факторлар: орынсыз қолданған толғақ қоздырушы дәрі-
дәрмектер; өз мезгілінде жасалмаған амниотомия; орынсыз қолданған тәсілдер;
босану ағымын дұрыс ауырсыздандырмау.
Акушерия саласында босану әрекеттерінің жаңа түсініктемелері енгізілді -
босануға дайындық және "прелиминарлық кезең". Осыған байланысты босану
ауытқуының жаңа түрі енгізілді — патологиялық прелиминарлық кезең.
"Босануға дайындық кезең" - ол жүктіліктің қорытынды кезеңі (37 аптадан
босанудың бастапқы кезіне дейін) бұл кезде: "босану доминанты" қалыптасады;
жатырдың төменгі сегменті қалыптасып, жатыр мойны "пісіп" жетіледі; нәресте
басы жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына орнығады; жатырдың жиырылу
қабілеті артады; жыныс жолдарынан "шырышты тығын" бөлінеді; жатыр түбі
төмендейді.
Ал прелиминарлық кезең босануға дайындық-кезеңінің соңғы сатысы, жүйелі
босану толғағының алдындағы кезең.
Прелиминарлық кезең физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді.
I. Физиологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбастың ауытқуы. Жамбас ауытқулары кезінде босанудың ағымы және босандыру
Босану әрекетінің ауытқулары. Нәрестенің жамбасымен келуі
Әйел жыныс мүшесінің жарақаттары
Логопедиялық жұмыста тыныс алудың маңызы
Сөйлеу қабілеті бұзылған баласы бар отбасының ерекшеліктері
Егіз жүктілік
Жіті ішек жұқпаларының алдын алу
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Фармакология бойынша
Норма мен патологиядағы психикалық даму заңдылықтары туралы тұжырымдама
Пәндер