Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары



Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары
2.2. Пайда теориясы және оның эволюциясы
2.3. Сапа аралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс
бағасының құрылуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы ----- - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді.
Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі,
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Быков Л.С. Очерки историй растительного мира Казахстана и Средней Азии. - Алма-Ата: Наука, 1979. с. 106 .
2. Флора Казахстана. т. 1-9. -Алма-Ата: Изд. АНКазССР, 1956-1966.
3. Казахстан. Общая физико-географическая характеристика. Ответственный редактор А.А. Григорьев. -М. -Л. Наука, 1950. с. 492.
4. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алма-Ата: Мектеп, 1968. с. 260.
5. Лебедев П.Н. Краткий географический очерк Казахстана. -Л. 1928.
6. Филонец П.П. Очерки по географии внутренних вод Центрального, Южного и Восточного Казахстана. Алма-Ата: наука, 1981. с. 179 .
7. Муравлев Г.Г. Малые озера Казахстана //Ресурсы и использывание в сельскохозяйственном производстве. -Алма-Ата, 1973. с. 179.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары
2.2. Пайда теориясы және оның эволюциясы
2.3. Сапа аралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс
бағасының құрылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент
түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз
капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік
иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына
қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін
береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз
процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы.
Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша
иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз
проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге
міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал
иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс.
Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы
қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал
сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы
арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық
табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген
капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар
болады, онда процент нормасы ----- - 6 процентке тең. Қарыз проценті
белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең
жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар
қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент
нормасы да төмендейді.
Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа
классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі,
игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында (келешектегі) айырмашылық
болады.

2.1. Пайз, оның пайда боуы және факторлары
Оның себебеі, бүгінгі күнгі ресурстарға иелік ету жеке адамның
тұтыну таңдауын ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жоғары
табыс мөлшерін қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін де
береді. Сондықтан, ағымдағы ресурстарға иелік етуден бас тартып оны қарызға
беріп, оның орныны толтыруға есеп жасайды. Қарыз алушы ресурстарды
пайдаланғаны үшін, яғни осы ресурстра табыс әкелгенге дейін, сатып алғаны
үшін төлем төлейді. Демек, шешім қабылдау мен табыс алу арасында белгілі
бір уақыт өтеді. Осы уақыт төлем процентін құрайды. Осы себепті де процент
қарыз капиталының бағасы.
Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа
классиктердің пікірінше:
- процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап
алудың маңызды құралы;
- процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды
бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға
мүмкіншілік жасайды.
- процент ставкасы ұзақ мерзімді жоспарда тұтынуға деген
бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады.
Осылардың салдарынан капиталдың қорлануына қолайлы жағдай
жасайды.
Нарықтық қатынаста бағаның тез өзгеріп отыруына байланысты ақшаның
бірдей сомасы бүгін және бір жылдан кейін әрқилы бағада, сондықтан осы
ақшаны банкке салуға болады, ол бір жылдан кейін салынған сома нарықтық
ставканың процент мөлшеріне ұлғаяды.
Дамыған несие жүйесінде банктер ақшаны көбейту қабілетіне ие болады.
Осыған мысал келтірейік

Кесте 1
Ақша Баз-ның Банк Халыққа Халық Банктегі
өсімі резервтерінің берілетін банк қолындағы салымдар
өсімі несиесінің өсіміақша өсімі өсімі
0 0 0 0 0
100 10 90 (90) 90
0 9 81 (81) 81
0 8,1 72,9 (72,9) 72,9
0 7,3 65,6 (65,6) 65,6
--- - - - -
100 100 900 0 1000

Халық өз ақшаларын банктерде сақтайды, банктер басы артық
резервтерді ұстамайды, бірақ банктің резерв нормасы 110 қатынасына тең
делік. Егер де халық табысы 100 шартты бірлікке өссе, онда банктердегі
халық салымдары қалай және қаншаға өседі ? Бұл жағдайда банк салымдарының
өсімі 10-ға тең (100-дің 110). Демек, банк 90 шартты бірлікті қаржыны
халыққа бере алады. Халыққа берілетін банктің үстеме салымдарының өсімі
90шартты бірліктік қаржыға тең, оның 9 шартты бірлігі 900 шартты бірліктік
қаржыны құрайды, ал жалпы салымдарының өсімі 1000 бірлікте қаржыға жетеді.
Банктің айналымындағы ақша массасының көлемін неше рет
көбейетіндігін есептеп шығару үшін депозиттік мультипликатор (m)
пайдаланлады; яғни, ол: m -1r; мұнда r – банктің міндетті резерві және
мұнда ол 10-ға тең.
Ақша ұсынымы (Мs) мен ақша базасы (В) арасындағы байланыс мына
теңдеу арқылы көрсетіледі. Мs mB
Мұнда: Мs - ақша ұсынымының өсімі
В –ақша базасының өсімі
Коммерциялық банктердің қызмет ету мақсаты пайданы иемдену болып
табылады.
Банк пайдасы табыстар мен шығындардың ара қатынасымен анықталады.
Банк пайдасының нормасы мына формула бойынша анықталады:
Банк пайдасы Банктің жалпы пайдасы банк ісін жүрізуге байланысты
шығын
нормасы ----------------------------------- ------------------
----------------------------х 100%
Банк
меншігіндегі капитал

Банк пайдасы – қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы.
Жылдық процентпен өрнектелген, қарыз капиталынан түсетін табыс
–проценттік ставка деп аталады. Ол ұзақ мерзімді уақытпен анықталатын оташа
проценттік ставкасына және әр күн сайын қалыптасатын нарықтық проценттік
ставкасына бөлінеді. Оған әсер ететін факторлар:
а) капитал көлемі;
б) капиталдың өнімділігі;
в) капиталға сұраным мен ұсынымының қатынасы
Сонымен бірге, ол өз кезегінде тағы да номинал проценттік ставкасына
және нақты проценттік стиавкасына бөлінеді.
Номинал проценттік ставка белгілі бір ақша бірлігінің (мысалы, теңге
немесе доллар) бағамы бойынша белгіленетін ставканы айтады. Нақты
проценттік ставка деп инфляциямен өзара сабақтас байланыста белгіленетін
ставканы айтады.
Ставкалардың деңгейі төмендегі факторларға байланысты өзгеріп
(мысалы, 7%-тең 20%-ке дейін) отыруы мүмкін.
1. Тәуекелдік. Егер борышқордың қарызды қайтара аламайтын қаупі
күшейген кезде, несие беруші соғұрлым қарыз процентін көтере түседі.
2. Мезгілдік. Ұзақ мерзімге арналған қарыздар қысқа мерзімге
берілетін қарызбен салыстырғанда жоғары проценттік ставкамен беріледі:
себебі, ұзақ мерзімді несие берушілер өз ақшаларын баламалық пайдаланудан
бас тартуына байланысты қаржылай залалдарға ұшырауы мүмкін.
3. Қарыз көлемі. Әдетте, азғантай мөлшердегі қарызға проценттік
ставка жоғары болады. Себебі, көп және аз қарыздардың әкімшілік шығындары
бірдей. Басқа да жағдайлар –бәсеке салық салу деңгейі және т.б. факторлар
әсер етеді.
Проценттік ставканың атқаратын қызметі зор, өйткені ол өндіріс
деңгейі мен оның құрылымына ықпалын тигізеді, яғни:
1. Төменгі проценттік ставка инвестициялардың өсуіне және өндірістің
ұлғаюына мүмкіндік жасайды. Жоғары проценттік ставка инвестицияны
тұншықтырады және өндірісті тежейді.
2. Проценттік ставка капиталдың орнығуына да әсер етеді.Ол ақшаларды
ең табысты салаларға шоғырландырады.
Пайда - кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші. Пайданың
шығар көзі қажетті өнімнің бір бөлігі мен қосымша өнім.
Пайда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетін
қорытындылайтын негізгі көрсеткіш.
Пайда категориясын қарастырғанда экономикалық (ата) және
бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның пайда болуы
шығындардың ішкі және сыртқы (жоғарыда айтылған) болып шектелуінде.
Экономикалық (таза) пайда - кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан
(толық түсім) ішкі және сыртқы шығындар сомасын (оған орта пайда да
қосылады) алып тастағанға тең. Ал, бухгалтерлік пайда – кәсіпорын сатқан
өнімнен түскен ақшадан сыртқы өндірістік шығын көлемін алып тастағанға тең.

Пайда кәсіпорын іс-әрекетін қорытындылайтын синтетикалық көрсеткіш
ретінде, оғын көп факторлар әсер етеді. Сондықтан пайданың көлемі сыналарға
байланысты:
1) Еңбек өнімділігінің деңгейі: Еңбек өнімділігі жоғарылаған сайын
өнім өндіру және оны сату көбейеді, өзіндік құны төмендейді. Осының бәрі
пайданы көбейтеді.
2) Еңбек өндіруде материалдық және еңбек шығындарын үнемдеу. Осының
нәтижесінде өндірістегі материал және еңбек сыйымдылығы төмендейді, капитал
тиімділігі артып, пайда көбейеді.
3) Өндіріс құрылымының және өндірілген өнім ассортментінің үлесінің
жоғары болуы пайданы көбейтуге жағдай жасайды;
4) Баға деңгейі. Шығарылған өнімдерге бағаның өсуі алынатын пайдаға
тікелей пропорционалды, ал төмендеуі кері пропорционалды;
5) Авансыланған капиталдың жалпы айналым жылдамдығы. Қызмет жасап
жатқан капиталдың айналымын тездету негізгі және айналмалы капиталды
үнемдеуге немесе шығарылатын өнім көлемін өсіруге әкеліп соғады. Екі жағдай
да пайданы көбейтуге әкеледі.
6)Жалпы пайданың таза пайда және мемлекетке аударуға бөліну.
Мемлекетке жалпы пайдадан орынсыз, артық өндіру таза пайданы кемітіп,
кәсіпорын экономикасының бірқалыпты қызмет жасау мүмкіншілігін
төмендетеді.
Кәсіпорын барлық осы бағыттарда өз пайдасын көбейтуге тырысады,
әрине олар оның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінде позитивтік
маңызы бар.
Пайданың экномикалық категория ретіндегі мәні, оның төмендегі үш
атқаратын қызметінен көрініс табады:
1) Пайданы өндірістік және коммерциялық іс-әрекеттеріне қорытынды
баға беру көрсеткіші ретінде пайдаланады. Кәсіпорынның өндіріс және
айналым сфераларындағы іс-әрекетінің барлық жағы пайдада көрініс табады.
Бірақ пайда әмбебап көрсеткіш емес. Пайда категориясының көп
факторлылығына байланысты пайдамен бірге басқа да көрсеткіштерді пайдалану
қажет.
2) Пайда болуы қызметін атқарады. Пайданы қосымша құнды кәсіпорын
мен мемлекеттің, кәсіпорын мен салалардың, кәсіпорын мен оның
жұмысшыларының, өндірістік және өндірістік емес сфералардың арасында бөлу
және қайта бөлуде қаражат рынагы ретінде пайдаланады.
3) Пайда ынталандыру қызметін атқарады. Бұл қызметі кәсіпорынды және
оның жұмысшыларын экономикалық ынталандыру процесімен байланысты.
Кәсіпорында пайданы марапаттау қорын құруға және өндірісті ұлғайту көзі
ретінде пайдаланады.
Кәсіпорын пайдасы абсолюттік –ақша түрінде және салыстырмалы пайда
нормасы (% -түрінде) ретінде анықталады.
Пайда нормасы пайданың барлық авансыланған капиталға қатынасы
ретінде пайыз түрінде есептеледі.
Мұнда Р*- пайда нормасы;
Р – ақша түріндегі пайда;
К – авансыланған капитал
Пайда нормасы авансыланған капиталдың пайдалылылғын көрсетіп, оны
әрі қарай қалай пайдалану жолдарын сілтейді. Сонымен, қатар пайда жалпы
шығындарға қатынасымен де есептеледі. Бұл жерде өндірісте жұмсалған
шығындардың пайдалылығын көрсетеді.

Жер рентасы-жерден алынатын табыс ретінде.
Рента теориялары
Өндіріс факторларының бірі жер және оның қойнауындағы байлықтар,
одан алынатын табыс рента деп аталады.
Жерге тән ерекшелік: оның басқа еркін ұдайы өндірілетін факторлардан
өзгешелігі, жер ұсынымы шектеулі, оның көлемі тұрақты, өзгермейді және оны
ұлғайтуға болмайды. Осыған орай, жер ұсынымы икемсіз.
Жер ұсынымының икемсіз және шектеулі болйына байланысты
ауылшаруашылығында баға белгілеу ерекше болады.
Пайда экономикалық категория ретінде әртүрлі өндіріс тәсілдерінде де
өмір сүрді: құл иеленуші және феодалдық қоғамында рестовщиктер және сауда
пайдасы түрінде. Пайда қазіргі өндірісте де қосымша құнның негізгі түрі
ретінде сақталып келеді.
Пайда және оны максимизациялау әсіресе нарықтық қатынаста барлық
өндірістің және шаруашылық салаларының негізгі нақты мақсаты болып
табылады. Сонымен қатар, атап айту қажет, экономикасы дамыған елдерде
инфрақұрылымды қоғамдық шаруашылықтағы пайда ала алмайтын қосымша бюджеттен
қаржы бөліп қолдануға тура келеді.
Пайданың нарық экономикасында түбегейлі қызметінде және экономикалық
теорияның объектісі болуына қарамастан, осы күнге дейін оның маңызына екі
түрлі көзқарастар бар: Маркстік және қазіргі кезеңдегі экономикалық ілім.
1. Маркстік көзқарас. Пайданың мәні К.Маркстың Капиталының ІІІ-
томында зерттелген. Маркстың ұжырымдауынша пайда қосымша құнның өзгерген
түрі. Бұл өзгеру қосымша құнды өзгермелі капитал жасағанмен, ол барлық
авансыланған тұрақты және өзгермелі капиталдың туындысы ретінде болады.
Себебі өндіріс құрал-жабдығының иесіне жұмыс күшінің қалай пайдаланғаны
ғана емес, құрал-жабдықты қалай тиімді пайдаланғаны да қажет. Сондықтан
пайданың көлемі (мөлшері) тауар құны мен оның өндіріс шығындарының айырмасы
ретінде анықталады (егер туар құны бойынша сатылса). Ескеретін жәй, пайданы
тауар өндірушілер тек тауарды сатқаннан соң алады. Сондықтан, сатылған
қосымша құн ақша түрін қабылдайды (ауысады) да, пайдаға айналады
(өзгереді), Пайда сатылған қосымша құн ретінде болғанымен соңғысы сұраныс
пен сұраныстың әсерінен ауытқиды. Міне осы ауытқу тауар өндірушілер алатын
пайда мөлшерін, анықтап, оларды кедей және бай деп жіктейді, бір саладан
екінші салаға капиталдың ауысуына әкеліп соқтырады, жеке пайда нормасын
орта пайдасымен теңестіріп, өндіріс бағасын құрайды, оның айналасында
нарықтық баға ауытқиды. Пайда, қосымша құн сияқты төленбеген жұмысшы
еңбегінің нәтижесі, сондықтан адамды қанаудың арқасында пайда болады.
2. Қазіргі экономикалық ілім көзқарасы. Олардың көзқарасы бойынша
пайда, өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал) пайдаланудың нәтижесі.
Сондықтан, пайда және кәсіпкерлік табыс, кәсіпкерлердің атқарған
қызметтерінің нәтижесі ретінде қарастырады. Осыған байланысты төмендегідей
анықтамалар береді:
- пайда кәсіпкер іс-әрекетінің қызмет ақысы:
- пайда кәсіпорынды басқарудағы жаңашылдығы, таланты үшін төленетін
ақысы;
- пайда нарықта өндірушілердің (сатушылар) монополиялық жағдайынан
пайда болатын табыс.
Ескеретін жәй, кәсіпкер міндетті түрде пайда алуы керек, олай
болмаса, ол нақты бір өндіріс саласына ақша жұмсайды.
Қарастырылған екі көзқарастар да өмір сүруге құқылы К. Маркстың
көзқарасындағы кемшілік – пайданың мәнін тікелей жеке меншікпен, сонымен
байланысты жұмышыларды қанау деңгейімен байланыстыруы. Бірақ практика
көрсетіп отырғандай, мәселе жеке меншікте және төленбеген еңбекте емес,
пайданы кімдер пайдаланады, яғни меншік пен басқару қатынасында болса
керек.
Екінші көзқарастың кемшілігі кәсіпкердің не үшін пайда алатынын
анықтай отырып, оның шығатын көзін (источник) анықтамайды.
Белгілі жәй, нарықта алынбайды, себебі бұл жерде тауар айналымы: Т-
Т. Бұл жерде түскен пайда қайта бөліндеі. Осыған байланысты шындыққа жақын
К.Маркстың дәлелдегені; пайда өндіріс нәтижесі.
Кәсіпорын пайдасы жалпы және таза болып екіге бөлінеді:
Жалпы пайда – кәсіпорынға түсетін жалпы өнімнің бір бөлігі, ол сан
жағынан сатылған өнімнен түскен ақшадан (салықтар және т.б.) Таза пайда
кәсіпорын иелігіне қалады да, шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне
жұмсалады.
Пайда өндіріс сферасында жасалады. Өзінің ерекше экономикалық түріне
айналым сферасында ауысады, атап айтқанда өндірілген өнімді сату
процесінде. Пайда айналым сферасында тауар өндірушілер арасындағы
бәсекелік күрес, сұраныс мен ұсыныстың тауар нарығының конъюктурасына орай
өзгерістеріне байланысты қалыптасады.
Қоғамдық өндіріс бағасы орташа немесе жақсы өндіріс жағдайлары
арқылы емес, неліктен нашар жерлер жағдайымен анықталады деген сұрақ
туындайды. Себебі, жер шектеулі және қоғамның бүкіл қажеттіліктерін орташа
және құнарлы жерлерден алынатын өнімдер қанағаттандыра алмайды. Егер
сұраныс ұсыныстан басым болса, онда нарық бағасы нашар жер учаскелерінен
алынатын тауарлар бағасының дәрежесіне көтеріледі.
Осындай баршаға ортақ жағдайы барлық экономистер мақұлдайды, бірақ
басқаша мәселелер бойынша әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.Атап айтқанда
иемдену мен оны пайдалану, жер иелерінің табыс көзі, ұсыныс үйлесімділігі,
жер бағасы т.с.с.
Жер рентасының маркстік концепциясы табыстың барлық түрлерінің көзі
қосымша құн екендігін дәлелдейді. Демек, жер рентасы, пайда мен процент
сияқты қосымша құнның өзгерген түрі болып табылады. Маркстік теорияның
маңызды қорытындысы, жерге ірі жеке меншіктің жойылуының керектігін
дәлелдеуі. Осы теорияға сай жерді национализациялау ауыл шаруашылығында
қоғам көлемінде тұтас алғанда өндіргіш күштердің дамуына даңғыл жол ашады.
Жерді иемдену жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның белгілі бір жер
учаскесіне құқылығын мойындау. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді
пайдалану заң негізіне сай жүргізіледі. Жер иесі жерді пайдаланушы болуы
міндетті емес. Өмірде жерді иемдену мен оны пайдалану көп жағдайда бір-
бірімен сәйкес емес. Өмірде жерді иемдену мен оны пайдалануды жеке немесе
заңды тұлғалар атқарады. К.Маркстің Капиталда басшылыққа алған жүйесі үш
әлеуметтік топтың өзара қатынасына негізделген: жер иелері жерді
пайдаланушы да емес жұмыскер.
Қазіргі кездегі нарықтық экономикасы дамыған Батыс алдерінде жерге
меншіктің төмендегіше түрлері орын алуда: аристократияның жерге
жекеменшігі (бұл түрі Ұлыбритания елінде орын алған); жерге буржуазияның
меншігі, кәсіпкерлер деп аталатын жекелей ждер иемденуші және түрлі
кооперацияның иелігі (банктер, ірі өнеркәсіп және ауылшаруашылық
компаниялар); жерге мемлекеттік меншік; жерге фермерлік меншік – жәй тауар
өндірушілер.
Жер рентасының пайда болуының басты шартты жағдайы жерге деген
ұсыныстың шектеулілігі, Еңбек пен капиталға деген ұсыныстың қалыптасуында
осындай шектеулілік орын алмайды, өйткені оның екеуі де еркін, ұдайы
өндіріледі. Ауылшаруашылығы өнімдері өндірілетін жер құрылыстың жер
учаскелері де дәл осындай сипатта. Жерге деген ұсыныстың шекетулілігі,
икемділікке келмеуі ауыл шаруашылығында бағаның ерекше құрылуының маңызды
себептері болып табылады.
Жер рентасының екі түрі бар. Дифференциалды және абсолюті жер
рентасы

Дифференциалдық рентаның пайда болуын мысал арқылы қарастырайық. (1-
кесте)
Жер учакелері ТүсімділікКапитал Орта Бүкіл І- центнер Қоғам
шығыны пайда түсімніңөнімнің жеке өнд.
өндірістбағасы 1 ц.
ік жеке өнімнің
бағасы бағасы
Өніркәсіпте 20 120 20 120
80с +20v
Ауыл шаруа 40 140 20 120 20 20
шылығында
60с +40v

Кестеден көрініп тұрғандай, капиталдың еркін ауысуымен байланысты
өнеркәсіпте бәріне ортақ пайда нормасы 20% өнеркәсіптегі өндіріс бағасы
120. Алайда, ауыл шаруашылығында капиталдың органикалық құрылымы орташа
өнеркәсіпппен салыстырғанда төмен, ең бастысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе- теңдік теориялары
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Экономикалық цикл: түсінігі, түрлері, фазалары, себептері, факторлары
Лекциялардың қысқаша конспектілер
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Банк клиенттерінің несиеқабілетігін бағалайтын қаржылық коэффициенттер
Өндірістің факторлары мен олар тудырған табыстар
Экономикалық өсу жайында
Пәндер