«Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржы коэффициенттерін қолдану арқылы қаржылық жағдайын талдау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі.
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты . . . 5
1. 2 Кәсіпорынның қаржы және оларды талдау міндеттері . . . 9
1. 3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері . . . 16
2. «Халлибертон Интернэшнл Инк. » компаниясының қаржы коэффициенттерін қолдану арқылы қаржылық жағдайын талдау.
2. 1 «Халлибертон Интернэшнл Инк. » компаниясының жалпы сипаттамасы . . . 19
2. 2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын бағалау . . . 24
2. 3 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін, табыстылығын арттыру жолдары . . . 35
Қорытынды . . . 47
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 48
Қосымшалар
Кіріспе
Менің бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық коэффициенттерді қолдану арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» деп аталады. Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-ген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Бұл жұмысымның негізгі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Ал енді жұмысымның құрылымына тоқталар болсам, жинаған мәліметтерімді екі бөлім бойынша топтастырып, жеке тоқталып өттім. Бірінші бөлімінде кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі мен оның маңыздылығы, мақсаттары мен міндеттері, не үшін қажеттілігі, маңызы талданып, көрсетілген. Ал екінші бөлімде талдау объектісі ретінде «Халлибуртон Интернэшнл Инк. » компаниясы алынды. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен айналысу болып табылады.
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттері талдаудың теориялық негізі
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі - бұл талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестіктерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономсикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгені бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай тиімді тарату мен пайдаланумен, сондай - ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым - қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т. б. ) өзара қарым - қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден - бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорының қаржылық жағдайы басқасына қарағанда жақсы болуы тиіс.
Қаржылық талдау - ол келесі мақсаттары бар қаржылық сипаттағы ақпаратты жинақтау, трансформациялау және қолдану әдісі:
- Кәсіпорынның ағымдық және болашақ қаржылық жағдайларын бағалау;
- Кәсіпорынның дамуының мүмкін және мақсатты типтерін олардың қаржылық қамтамасыз етілуі жағынан бағалау;
- Қолжетерлік қаржы көздерін айқындау және оларды жұмылдыру мүмкіндігін бағалау;
- Кәсіпорынның капитал нарығындағы жағдайын болжау.
Әрдайым өзгермелі ішкі және сыртқы кәсіпкерлік ортада кәсіпорынның жетісті қызмет ету және даму, өз активтерімен пассивтерінің тендігін сақтау, өз төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын әрдайым сақтау қабілеттілігі оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесілер үшін қажет:
- оның қаржылық жағдайларына әсер ететін факторларды анықтау;
- қаржылық жағдай көресткішінің өзгерісін анықтау;
- қаржылық жағдайлардың санды және сапалы өзгерісін бақылау;
- белгілі уақыт кезеңіне кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның экономикалық қызмет бойынша оның серіктестеріне, қаржы - салық органдары үшін де маңызды. Меншік иелері кәсіпорынның қаржылық жағдайын нарықта кәсіпорынның тұрақты жағдайын қаматмасыз ету және оның капиталының табыстылығын жоғарлату үшін талдайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы, оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді. Егер көрсетілетін қызмет түрлерінде қойылған міндеттер жетісті жүзеге асырылса, онда бұл кәсіпорынның қаржылақ жағдайына оң әсерін тигізеді және керісінше, өндірістің және өніс өткізудің құлдырауы нәтижесінде түсім көлемі және пайда сомасы азайып, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі. Осылай, тұрақты қаржылық жағдайы кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтайтын факторлардың барлық кешенін сауатты және тиімді басқарудың нәтижесі.
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның пайдасы мен зиянын, актив және пассив құрылымындағы көрсеткіштерді, дебитор және кредиторлармен есептеулерді объективті және дәл бейнелейтін басты көрсеткіштерді алу.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара қатынасын анықтау;
- қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылқ есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорының қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай - ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептен шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорының қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның бірден - бір басты міндеті - оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
1. Өтімділік (төлем қабілеттілігі) ;
2. Пайдалылық(табыстылық) ;
3. Активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы - кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
- Тез өтімділіктің коэффициенті - қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтіміділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.
- Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті - егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемнің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
- Несие қарыздарының айналым кезеңі - бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
- Несиелердің орынын толтыру коэффициенті - ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық есеп ажырасқаннан кейін проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.
- Төлем қабілеттілігінің коэффициенті - ол қарыз капиталының меншіктілікке ара салмағын бейнелейді. Бұл коэффициент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрлым оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.
1. 2 Кәсіпорынның қаржы коэффициенттері және оларды талдау міндеттері
- Кәсіпорынның бірден бір басты міндеті - оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициенттерін анықтайды.
Негізгі қаржы коэффициенттері төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
- өтімділік(төлем қабілеттілігі) ;
- пайдалылық (табыстылық) ;
- активтерді басқару тиімділігі.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлеу қабілеттілігі деп айтылады. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, Егерде айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
- Тез өтімділіктің коэффициенті - қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.
= - /
2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті - егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шарты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлем ақысы әлде алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылды неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті дебиторлық қарыздың қанша рет өткізуден түскен табысқа айналғанын көрсетеді.
Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті =өткізуден түскен түсім/ келіп түсу шоты
3) а. Дебиторлық қарыз
айналым кезеңі =365/ Дебиторлық қарыз
айналымдық коэффициенті
б. Дебиторлық қарыз
айналым кезеңі = келіп түсу шоты*365/ өткізуден түскен түсім
4) Кредиторлық карыз айналым кезеңі = (жеткізушілер+ несие берушілер*365) / тікелей шығындар
5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті - ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда, және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.
Бұл коэффициент кәсіпорын несиелерінің қандай деңгейде қатерден қорғауын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілерге ретінде шығады. Сонымен, қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым коэффициенттерінің қарыздары көп және соғұрлым оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.
= :
Пайдалылық коэффициенті, ол фирманың өсімін білу мақсатында есептелді. Кәсіпкерлер активтерді қамтиды, пайда алу мақсатымен асатуды жүзеге асырады.
Рентабельділік коэффициенті. Ол екі позицияда есептеледі:
а)
= : х 100%
б)
= : х 100%
Активтерді қолдану тиімділігінің коэффициенті:
= :
Мысалы:
«Айжан» ЖШС-ң балансы қаржылық есеп беруі:
- негізгі құралдар 40786 (-) тозу,
1
барлық негізгі құралдар 30786 ағымдағы активтер
- есеп айрысу шоты 1000
- касса 3422
- материалдық запастар 10614
- түсу шоты 15419
Барлық ағымдағы активтер 30455
Баланс 61241
Меншікті капитал
- жарғылық капитал 2
- резервтік қор 3526
Капитал барлығы 1000
Ағымдағы міндеттер
- жеткізушілер
- несие берушілер 7845
- қысқа мерзім несие 7858
- еңбек ақы және салықтар 5666
Барлық ағымды міндеттер 21369
Ұзақ мерзімді кредит 16346
Баланс 61241
Енді осы көрсеткіштер бойынша «Айжан» жүйесінің қаржылық жағдайы келесідей анықталады.
Тез өтімділік коэффициенті = (30455-10614) : 21369 =0, 93
Тез өтімділік коэффициенті «Айжан» ЖШС ағымдағы міндеттемелердің әрбір 1 теңгеге 0, 93 ағымдағы міндеттердің ие.
№2. Мысалы: «Айжан» ЖШС-ның қаржылық нәтижесі туралы есеп беруі:
- келіп түсу шоты 15419 12650
- жеткізушілер 1200 1750
- несие берушілер 6645 5340
- өткізуден түскен түсім 57079 63320
- тікелей шығындар 35510 36100
- дебиторлық қарыз инкасациясы 10 күн 15 күн
- жеткізушілермен несиелерге төлеу мерзімі 80 күн 90 күн
- таза табыс 7901 8655
- изиос (тозу) 4095 3850
- несие бойынша төлем + % бйынша төлем 2058 2500
- дивиденттер 3974 4620
- ағымдағы міндеттер 21369 22620
- ұзақ мерзімді міндеттер 16346 18445
- меншікті капитал 23526 24630
- жалпы активтер 61241 65320
- айналым капитал 9086 10610
2) Дебиторлық қарыз
айналымдық коэффициенті = 57079 : 15419 = 3, 7
3) а) Дебиторлық қарыз
айналым кезеңі = 365 : 3, 7 = 98, 6
б) Дебиторлық қарыз
айналым кезеңі = 15419 * 365 : 57079 = 98, 6 күн
4) Кредиторлық карыз
айналым кезеңі = (1200 + 6645 * 365) /35510 = 80, 6 күн
Дебиторлық қарыз айналыым кезеңі бұл жағдайда жағымсыз жағдайды көрсетеді, яғни 98, 6 күн. Бұл жағдайда фирма өзінің қарыздарын жинай алмайды да, өзінің қарыздарын өтей алмайды. Қалыптасқан саясат бойынша дебиторлық қарыздың мерзімі 60 күн, ал бұл жағдайда 98, 6 күн болып отыр.
Ал кредиторлық айналым кезеңі бұл жағдайда жоспарланған 80 күн, яғни жаман емес.
5) Несиенің орын толтыру коэффициенті = (7091 + 4095 - 3974) /2058 = 4. :1
Ол жағдайда, фирма ұзақ мерзімді несие бойынша 1 теңге қарызға 4 теңгесі бар деген сөз, яғни, фирма өзінің төлем қабілеттілігіне ие бола отырып, бұл төлемді 4 рет ұлғайта алады.
6) Төлем қабілетінің коэффициенті = (21369 + 16346) /23526 = 1, 6. :1
Ол дегеніміз компанияның әрбір 1 теңге қарызына 1, 6 теңге меншік капиталы бар, яғни фирма қосымша несие алу керек болса, ала алады.
7) Сату рентабельділігі = 7901 : 57079 * 100% = 13, 48%
8) Актив табыстылығы = (7901) /61241 * 100% = 12, 90%
1-жағдайда фирма 100тг сатудан 13, 48тг алады,
2-жағдайда 100тг жалпы активке 12, 90тг пайда.
9) Айналым капиталынның табыстылығы = (7901) /9086 * 100% = 87%
Бұл коэффициент фирманың әрбір 100тг 87тг алады. Фирмаға өнімді жетілдіру керек.
3. Кәсіпорынның қаржы ресурстары.
Кісіпорынның қаржы ресурстары бұл оның басқару иелігіндегі ақшалай табыстар мен түсімдер. Қаржы ресурстар шаруашылық қызметін тұрақты өндірісті жаңартуды жүзеге асыру үшін қажет болат. Қаржы - бұл тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында ақшалай қатынастар кәсіпорынның өнімдік қатынастары айналымы арқылы көрінеді.
Кәсіпорын қаржысы - өндіріс процессін және оның нәтижесін жүзеге асыруын болып табылатын ақша ағымының жүйесі. Кәсіпорын басқару объектісінің жүйесі ретінде. Қаржы жүйесі екі ішкі жүйеде көрінеді: негізгі (мемлекет қаржысы, кәсіпорын қаржысы, тұрғындар қаржысы) ; қамтамасыз етуші (банктер, биржа) .
Мемлекеттік қаржы - бұл жалпы қоғамдық және әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен басқарылатын ақша құрамын жиынтылығы.
Тұрғындар қаржысы - жеке ақша құралдары.
Шаруашылық субъектілерінің қаржысын кәсіпорын қаржысы, ақпараттың, және кәсіптік формадағы қаржысы, коммерциялық несиелеу, сақтандыру қаржысы жатады. Кезектік шаруашылық субъектісінің қаржысы мемлекетпен және басқа шаруашылық экономикалық құрылымымен ақшалай қатынаста болады.
Мемлекет кәсіпкерлік қызмет тәртібі орнатады.
Кәсіпорынның қаржы құрамында ақша қатынастарының келесідей топтарын бөлуге болады: кәсіпорында ақша құралдарын қалыптастырумен, пайдаланумен басты (жарғылық капитал, резервтік қор) ; кәсіпорын тұтынушылары мен жеткізушілер арасындағы, кәсіпорынның өзінің жұмысшылары арасындағы (еңбек ақы, дивидент) .
Көбінесе, қаржыны дұрыс ұйымдастырудан кәсіпорынның тиімді жұмысы басты болады.
Кәсіпорыннның қаржылық жұмысы негізгі принцептерге сүйенеді:
1) Кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке ие. Ол өз өнімін сатуға, және табыс қолданылуға басты барлық проблемаларды өзі дұрыс шешеді.
2) Кісіпорын жеткізушілер, тұтынушылар, мемлекет және банк алдындағы өнімділік және қаржылық қызмет нәтижесінен экономикалық жауапкершілікте болады. Нарық жағдайында кәсіпорын өзінің міндеттемелеріне жеке, яғни меншікті мүлкімен жауап береді.
Кәсіпорынды қаржы (ресурстары) ресурстар жұмысын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Кәсіпорынның қаржылық қызметі келесідей міндеттер орындайды:
- кәсіпорынды қаржы ресурстармен қамтамасыз ету;
- қаржы нарығында меншік көздері мен қаржы ресурстары жоғарландыру жолын іздеу;
- кәсіпорын сыртқы ортасы алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
- қаржы ресурстыр тиімді, дұрыс пайдалану бақылау.
Кәсіпорыннның қаржы ресурстары оның құрайтын көздерден қалыптасады: меншікті және қарыз ақша құралдары.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының тұрақты көздері болып, кәсіпорында басқарылатын несиелік қарыз табылады. Бұл бәрінен бұрын еңбек ақы болса, бюджетей тыс қорлар болса қарыздар.
Пайда және аморттық аударымдар кісіпорынның қаржы ресурстарының қалыптастыру көздерінің негізглері болып табылады. Сонымен қатар жоғарғылық қорды кісіпорынның меншікті құралдарының бірі болып табылады. Жоғарғылық қорларды нақты қалыптастырутәсілі оның ұйымдық - құқықтық формасына тәуелді. Ол заңды құжаттармен реттеледі. Жоғарғылық капитал - бұл кәсіпорынның субъектілерін салған құралдары кісіпорынды құру кезінде жоғарғылық капитал өндіріс құрамдарын қамтамасыз етуге бағытталады.
Кезек кәсіпорын тұрақты түрде өзінің жаңартылуын талап етеді, ал ол үшін инвестиция керек.
Алдымен, кәсіпорынға инвестиция не үшін қажет екенін анықтау қажет инвестиция екі бөліктен тұрады:
1) Тура, яғни ақшаға жаңа - жабдықтар сатып алынады, ғимарат салынады, шикі сат сатып алынады.
Бұл ақшаларды қолдану тәсілі - бұл инвестицияның маңызды элементі болып табылады - құралдар қайда бағытталады және қалай қолданылады. Шетелдік және отандық инвесторларды бірінші орында жоба, бизнес - жоспар, техника - экономикалық жабдығы қызықтырады.
2) Активтерді бағалау. Именно осы бағалау қайдан және нені алу керек екендігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
1. 3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынмен қолданылатын қаржылық талдаудың негізгі әдістері: көлденең талдау, тігінен талдау, трендалық талдау, қаржылық коэффициенттер әдісі, салыстырмалы талдау, факторлық талдау.
Көлденең талдау - есептіліктің әр позициясын алдыңғы кезеңмен салыстыру. Ол алдыңғы кезеңмен салыстыру бойынша бухгалтерлік есептілікиің әртүрлі баптарының абсолютті және қатысты ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді.
Тігінен (құрылымдық) талдау - жалпы, нәтижеге әр позицияның әсерін айқындаумен соңғы көрсеткішке меншікті үлесін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ мерзімді және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлігінің жалпы құнындағы меншікті үлесі, яғни баланстың валютасында. Тік және көлденең талдааулар бірін-бірі толықтырп отырады. Сондықтан, тәжірибеде есепті бухгалтерлік нысанның құрылымын сияқты оның бөлек көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайтын аналитикалық кестені құруға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz