Өнімнің өзіндік құнын талдау



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I БӨЛІМ
1. ӨНДІРІСТЕ ӨНІМГЕ БЕРІЛЕТІН ІШКІ ЕСЕПТІК БАҒА ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ БАҒАНЫ БОЛЖАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері ... ... ... ... ... .4
1.2 Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Нарықтың тепе.теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4 Бағалардың мемлекеттік реттеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.5 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні ... ... ... ... ... ... ... 21
ІІ БӨЛІМ
2. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі ... ... ... ... ... ...36
ІІІ БӨЛІМ
3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ..38
3.1 Еңбек өнімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.2 Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту ... ... ... ... 40
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
Пайдаланылған әдебиттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I БӨЛІМ
1. ӨНДІРІСТЕ ӨНІМГЕ БЕРІЛЕТІН ІШКІ ЕСЕПТІК БАҒА ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ БАҒАНЫ БОЛЖАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері ... ... ... ... ... .4
1.2 Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Нарықтың тепе-теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.4 Бағалардың мемлекеттік реттеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.5 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні ... ... ... ... ... ... ... 21
ІІ БӨЛІМ
2. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .26
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі ... ... ... ... ... ...36
ІІІ БӨЛІМ
3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ..38
3.1 Еңбек өнімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
3.2 Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту ... ... ... ... 40
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
Пайдаланылған әдебиттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

Кіріспе
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

I БӨЛІМ
1. ӨНДІРІСТЕ ӨНІМГЕ БЕРІЛЕТІН ІШКІ ЕСЕПТІК БАҒА ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ БАҒАНЫ БОЛЖАУ
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар - бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) - бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) - бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТСQ
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
МС= ТС Q
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.
МС= VС Q
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағ-
дайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
* ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
* табиғи шикізаттарды қолдану;
* өндірісті дайындау және үйрену;
* өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);
* рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;
* өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигие-
налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
* қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
* өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т.б.
* кадрларды дайындау және қайта дайындау;
* мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.

1.2 Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі)
Сұраныс - сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті - тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:
Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда
Qd - тауарға сұраныс (guantity of demand)
P - тауар бағасы (price)
I - сатып алушының кірісі (табысы)
T - сатып алушылардың ұнатулары
PS - субститут - тауарлар (substitutes) бағасы
PC - тауарлар - комплементарийлердің (комплементтер - complements) бағасы
N - нарықтағы сатып алушылар саны (number).
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі (бейнеленеді)
Р

D
Q
1 сурет. Сұраныс қисық сызығы
Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға - сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады.
Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:
1. сатып алушының психологиясымен - сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
2. кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен - оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады (керегі аздау қажеттілікті қанағаттандырады), демек, оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады.
3. кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен. Кіріс (табыс) әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында (жағдайында) тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы - тауарларды алуын ұнатады. Кіріс (табыс) және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда тыңғылықты (толық) қаралады.
Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан - Д1 ге дейін), ал азаюы - төмен және солға (Ддан - Д2 ге дейін).
P

D1
D
D2
Q
2 сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.
Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.
1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы - бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың көпшілік алдында көрсету үшін, үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.
2. Бағасы бойынша сапасы жөнінде айтылатын тауарлар. Сатып алушыларда тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.
3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады, кейін бұл байқаулар Гиффен парадоксы (қайшылығы) деп аталатын болды. Гиффен парадоксының мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы - нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. Гиффен қайшылығы, парадоксы тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.
4. Инфляциялық күтулер - инфляция кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың одан да жоғарылауын күтеді.
Жеке сұраныс (бір тұтынушының сұранысы) пен нарықтық (салалық) сұранысты (осы нарықтағы немесе саладағы барлық тұтынушылардың сұранысы) айыру қажет. Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:
QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда
QS - тауар ұсынысы (supply)
P - тауар бағасы
PS, PC - субститут - тауарлары мен комплементарий - тауарлардың бағалары
Pres - ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы
K - технология деңгейі
Т - салықтар мен жәрдемақылар (taxes)
N - нарықтағы сатушылар саны
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады да графикалық - ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар. (3 сурет)
P S

Q
3 сурет. Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады - өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді. (4 сурет).
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді - сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.

S2
P S
S1

Q
4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.
P S

Q
5 сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) - (конфигурация).
Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде - қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.
P
А1
В 6 сурет. Ұсыныс қисық
сызығының пішіні
А
S
Q
Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны - жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. - ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі (ылдиі). Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде (IR - immediate run) өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады.
Қысқа мерзімді кезеңде (SR - short run), кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде (LR - long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)
P S P S P

S
Q Q Q

7 сурет. Ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі ұсыныстың қисық сызығы.

1.3 Нарықтың тепе-теңдігі
Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша - баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.
Неоклассикалық мектебінің негізін қалаушысы ағылшын экономисті А.Маршаллдың бейнелі, нақысты сөзі (сөйлемшесі) бойынша сұраныс пен ұсыныс бір қайшының екі жүзі болып, нарықтық бағаның белгілеуінде бірдей қатысатынын дәлелдеді. Бір тауардың сұраныс қисық сызығы графигін осы тауардың ұсыныс қисық сызығына жатқызып, біз жартылай нарықтық тепе-теңдік моделін (үлгісін) - бір тауар нарығындағы тепе-теңдікті аламыз. (8 сурет)
Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі - нарық тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.
P
S

D
Q
8 сурет. Жартылай нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі).
Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары - Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:
QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD = QS


P2 P2

E PE E
PE

P1 QS QE QS' P1 QS QE QS'
9 сурет. Вальрас бойынша 10 сурет. Маршалл бойынша
тепе-теңдік тепе-тендік
Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады (10 сурет). Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:
PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS
Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді, өйткені олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мысалы - өрмекші тәрізді модель. Оны көрсету үшін сұраныс ағымдағы кезеңнен (t), ал ұсыныс - өткен кезеңнің бағасынан тәуелді дейік (t-1).

P P S

S
Pt

P*
P*

Pt-1
D D

а) Qt-1 Q[*] Qt б) Q[*]

P

Pt S

Pt-1
в) Qt-1 Qt D

11 сурет. Нарық тепе-теңдігінің өрмекші тәрізді моделі (үлгісі)
Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін:
а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады (сурет 11-а)
б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде (сурет 11-б)
в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұр (сурет 11-в)
Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта оның жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:
1.Егер сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары бірдей еңкіштігінен қиылыспайды. Бұл жағдайда тұрақты тепе-теңдікке жетпей:
а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады. (сурет 12-а)
б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай қызығушылық білдірмейді. (сурет 12-б, 12-в)


D S S
S D D





a) б) в)

2.Әр түрлі еңкіштігі (наклон) болса да, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ:
а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі (сурет 13-а)
б) кез келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары - мұндай жағдайда сұраныс қисық сызығы төмен болса да, нарық пайда болуы мүмкін (сурет 13-б) - мысалы сән-салтанат, әдемілік заттар нарығы.

D S S

D

а) б)

13 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ

1.4 Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Нарық тепе-теңдігі тұтынушыға да, өндірушіге де пайдалы (олжалы). Микроэкономикада мұндай пайдалар тұтынушылар мен өндірушілердің артықтары деп аталады. Тұтынушы мен өндіруші артықтарының сомасы қоғамдық пайданы құрайды. Тұтынушының артығы - нақты тұтынушының тауарға сұраныс бағасы мен тауар үшін төлеген баға арасындағы айырма. Мысалда түсіндіріп көрейік. 14-ші суретте белгіленген тауарға нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) көрсетілген, тепе-теңдік бағасы - 100 доллар, ал сұраныстың тепе-теңдік мөлшері - тауардың 5 данасы. 180 доллар тұратын тауарға сұраныс 1 құрайды (график бойынша), яғни бір тұтынушы осы тауарды 180 долларға алуға дайын, бірақ, іс жүзінде ол тауарды тепе-теңдік бағамен (100$) сатып алады. 180$ - сұраныс сомасы, ал сұраныс бағасы мен тепе-теңдік баға араларындағы айырым тұтынушының артығын (немесе оның ұтымын) құрайды.
Осы тәсілмен басқа тұтынушылардың артықтары анықталады, ал сомалық артық (180 - 100) + (160 - 100) + (140 - 100) + (120 - 100) = 200 құрайды. Артық шамасы АРЕ Е үшбұрыш көлемімен бірдей, (дәл келеді).
200 A S
180
160
140
120
100 PE E

D
1 2 3 4 5

14 сурет. Тұтынушы артығы
Өндірушінің сомалық артығы - оның тауар үшін алынған нарық бағасы мен ұсыныс бағалары, яғни тауар сатуға дайын бағалар араларындағы айырма. Оны сәйкес мысалмен көрсетуге болады. (15 сурет); өндірушінің сомалық артығы құрайды (100 - 20 + (100 - 40) + (100 - 60) + (100 - 80) = 200. Графикте өндіруші артықтарының шамасы ВРЕЕ үшбұрыштың көлемімен белгіленеді.

PE E

100
80
60
40 D
20
B 1 2 3 4 5
15 сурет. Өндірушінің артығы
Тұтынушы мен өндіруші артықтарының талдауы парето - нәтижелілік түсінігіне келтіреді. Жоғарыда қаралған модель (үлгі) көрсеткендей, нарық тепе-теңдігі механизмнің арқасында тұтынушылар төмен баға бойынша тауардың шамалағаннан көбіректеу даналарын сатып алады, сол уақытта өндірушілер алдында келісілгеннен тауардың көбірек даналарын жоғарылау баға бойынша сатады. Мұндай жағдай экономикада парето - нәтижелілік деп аталады (итальяндық экономист В. Паретоның атымен). Нарық баға белгілеуіне ықпал келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:
1) баға белгілеу бағалардың үстіңгі немесе төменгі шегін немесе бағалар коридорын орнату. Тепе-теңді бағалардан төмен қылып кесімді бағаны орнату тұтынушылардың табысы аз топтарын қолдау немесе инфляциямен күрес мақсатында жасалады. Бұл шараның нәтижесінде тепе-теңдік баға мен мемлекет белгілеген баға арасындағы айырма шамасына тұтынушы артығы өседі. Бірақ оның жағымсыз салдары болуы мүмкін, олардың ең бастысы - тауар тапшылығының пайда болуы. Тепе-теңдік бағалардан жоғары баға белгілеу өндірушілерді қолдау немесе ерекше маңызы бар тауарлардың өндіруін ынталандыру шарасы болып табылады. Өндірушіде шыққан артықты мемлекет сатып алады.
2) сұраныс пен ұсынысқа ықпал ету жолымен нарықты реттеу тура немесе жанама шаралар арқылы жасалады. Жанама шараларға жәрдемақылар, дотациялар (кәсіпорындарға берілетін жәрдемақылар), салықтар жатады. Сұранысты жанама шараларымен реттеу графикте сұраныс қисық сызығының сұраныстың өсуінде жоғары оңға немесе азаюында төмен солға жылжумен көрсетіледі. Сұранысты тура шаралармен (шектеу лимиттері, айыппұл санкциялары (шаралары) және т.б.) реттеу сұраныс қисығы пішінін өзгертеді, ол тік болып кетеді де (икемді сұраныс), бағаның құбылуына әкеледі. Ұсынысты реттеу үшін қолданатын жанама шаралар ұсыныс қисық сызығының жылжыуына себеп болады (сұраныс қисық сызығының жылжуына сәйкес). Ұсыныс реттеуінің тура шаралары нәтижесінде ұсыныс қисық сызығының сынық түрі көрінеді. Мысал ретінде импортқа квота (норма) енгізілуі қаралады: квота алдындағы ұсыныс қисық сызықтың еңкіштігі оңды жағымды (ұсыныс өседі), ал квота енгізгеннен кейін қисық сызық тік болып кетеді (ұсыныс бағасы икемді емес).

1.5 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негзгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы-ол шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын да басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.
Өнекәсіптің дамуының бөлек кезеңдерінде бұл шығындардың орнын толтыру көздері өзгеріп отырады. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылса немесе кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша, өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп отырады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың дамуын қамтамасыз ету, оларды толтыру көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің өзіндік құны немесе пайда.
Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі 2 түрлі факторға байланысты болады: бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны - синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық
жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметінің сапалы көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның атқаратын қызметтерімен де анықталады:
1) Өзіндік құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 54 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс құралдарының жұмсалуы қамтамасыз етіледі.
2) Өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды.
3) Өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі , яғни олардың өндіру мақсаттылығы есептелінеді.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар 2 түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:
1. Шығындардың алғашқы элементтері бойынша.
2. Пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндірі шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.
Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері
шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар; өндіріс жұмысшыларына негізгі және қосымша еңбекақы; технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; Жалпышаруашылық шығындар; Коммерциялық шығындар; жалпыөндірістік шығындар.
Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы-оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің өзіндік құнын есептеуді білдіреді. Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде өзіндік құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның түр-түрі бойынша өндірілген өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.
Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрллі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді:
а)шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, участок);
б)жұмыс және қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен маңызы
Құрылыс ұйымдарының өзіне түсетін құның төмендету резервтері
Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының жіктелуі
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Бухгалтерлік шығындар нақты шығындар
ҚАЙСАР АҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЖӘНЕ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
Директ-костинг әдісі туралы
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында өнімнің өзіндік құнын шығару (калькуляция) жүргізу, ұйымдастыру
Калькуляциялау нысандары бойынша шығындарды бөлу
Пәндер