Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ, археология және этнология ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚСТан ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тәуелсіз Қазақстан ғылымы: тарихи талдау

Орындаған А. Болатов

(қолы, айы-күні)

Ғылыми жетекшісі Х. М. Әбжанов

т. ғ. д., профессор (қолы, айы-күні)

Қорғауға жіберілді:

(қолы, айы-күні)

Кафедрасының меңгерушісі Т. О. Омарбеков

т. ғ. д., профессор

Алматы

2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы

  1. Ғылыми мекемелер саны және орналасуы . . . 7
  2. Ғылымның материалдық-техникалық базасы . . . 19

ІІ Ғылымның заңнамалық негіздері

  1. 1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуы . . . 28
  2. 2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптары . . . 30

ІІІ Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері

  1. Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағы . . . 38
  2. Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктері . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49

ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ . . . 52

ҚОСЫМША . . . 56

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Осыдан жүз жыл бұрын айтылған ғұлама Абайдың сөзі бүгін де шындыққа ұласуда. Бүгінде әлемнің дамыған елдерімен иық тірестіре, тізе бүктіре теңестіретін жалғыз саясат бар. Оған апарар жол жалғыз. Ол - ғылымның кең өрістеуі, қарқынды дамуы. Сонда ғана біздің экономикамыз, әлеуметтік-саяси және қоғамдық-мәдени өміріміздің әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына енуіне бейімделуі, бой түзеуі және қатарласуына жол ашық.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде еліміз дамыған 50 елдің қатарына жету мақсатында білім және ғылым саласына мән бере отырып бірқатар табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтарға қол жеткізді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында білім және ғылым саласын дамыту бойынша негізгі мәселелерге айрықша тоқталуда. Елбасы биылғы Жолдауында «Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сапалы білім беру Қазақстанның және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс. Білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу мен инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін жобалардың үлесі 5 пайызға дейін артады. Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингінде аталатын болады. «Білім туралы» заң мен «Ғылым туралы» заңның арасында өзара тығыз байланыс бар. Шетелде тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруда және үміткерлерді іріктеуде айтарлықтай мәселелер бар», - деді. Елбасымыздың халыққа Жолдауында атап көрсеткендей, Қазақстан әлемдегі алып мемлекеттермен терезесі тең, экономикасы қуатты, технологиясы озық ел болып өркендеуі үшін ғылым мен білімді өркендетуге ерекше мән берілуі тиіс [1. 35] .

Ғылымның ақпараттық технология, биоинженерия, биотехнология, нанотехнология, қоғамдық-гуманитарлық және тағы басқа да салаларында зерттеулердің жүргізілуі, олардың нәтижелерінің өндіріске енгізілуі мен тұтынушының пайдалануы арасындағы мехнизмді жетілдіру қажеттігі бүгінгі күнде өз зерттеуін қажетт ететін өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.

Қазақстан ғылымы бүгінде жоғары технологияларды енгізуге бағытталған және инновацияларды қолдау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарының приоритеттерін айқындауда. Қазіргі заманғы барлық табысты мемлекеттер жаһандық ғылыми интеграциялық үрдістерде өздерінің бағыттарын айқындап, өз орындарын тапты деуге болады. Міне, осындай жағдайда қазақстандық ғылымның даму тенденциялары, ғылыми мектептердің бағыттары, маңызды ғылыми жетістіктер жайлы сараптамалық зерттеулер мен ақпараттық, көпшілік басылымдарды жариялау өте өзекті болып саналады. Бұндай зерттеулер Қазақстан ғылымының жаңа ғасырдағы приоритетін айқындаумен қатар, халықаралық қауымдастықтағы позитивті де бәсекеге қабілетті имиджін арттыру үшін де маңызды саналмақ. Бүгінде Қазақстан ғылымының жетістіктері қажетті деңгейде БАҚ арқылы жарияланып, насихатталмаған. Еліміздегі жетекші ғылыми мектептер, олардың тамаша дәстүрлері мен рухани-танымдық құндылықтары жайлы қоғамдық пікірді қалыптастыру өзекті де қажет зерттеу болып саналады [2. 52] .

Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену стратегиясының бірінші бағыты Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты интеграциялануы табысты жаңарудың негізі ретінде атап көрсетілуі тектен тек болмаса керек. Әлемдік экономикалық интеграцияға жетудің жолы ғылыми инновациялық қолданбалы зерттеулер мен озық технологияларды өндіру және тәжірибеге енгізу болып отыр. Бұл - Қазақстан ғылымының басты приоритеті. Ең жоғары халықаралық стандартқа сәйкес келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын, халықаралық деңгейдегі үрдістерге қатыса алатын технологиялық парктерді ашу және дамыту, жаңа технологияларды игеру үрдісін заман тудырып отыр [2. 22] .

Ғылыми әлеуеттің дамуы қолданбалы ғылымға, өндіріске және бизнеске жақындауы тиіс екендігін уақыт күн тәртібіне қойып отыр. Осындай талаптарды Қазақстан ғылымы каншалықты меңгерді және қандай жетістіктерге жетті, таяу болашақтағы приоритеттері қандай болмақ деген сауалдарға жуап іздеуді мемлекет ұлттық идеяның тірегі, ұлттық саясаттың көкжиегі ретінде ұсынып отыр.

Диплом жұмысының мақсаты деректер мен зерттеулерге сүйене отырып тәуелсіз Қазақстан ғылымын жан жақты зерттеу арқылы тарихи талдау жасау.

Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • Ғылыми мекемелер саны және орналасуын анықтау;
  • Ғылымның материалдық-техникалық базасына талдау жасау;
  • Ғылымның заңнамалық негіздерін сараптау және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде орын алған өзгерістер;
  • Алғашқы құқықтық-нормативтік құжаттарды зерттеу;
  • 1997 ж. ғылым туралы заңы және оның жүзеге асуын саралау;
  • 2011 жылғы Ғылым туралы заң: мазмұны мен талаптарын анықтау;
  • Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелерін зерттеу;
  • Академиялық іргелі ғылымның табыстары мен болашағына шолу жасау;
  • Жоғарғы ғылыми оқу орындардың ғылыми әлеуті: нығаюы және мүмкіншіліктерін қарастыру және т. б.

Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Диплом жұмысының теориялық негізі етіп зерттеудің мақсаты мен міндеттерін дұрыс шешуге бағдар беретін, ғылыми көзқарастар алынды. Таным процесіндегі ең бір кең қолданылатын жүйелілік тұрғы біздің зерттеуіміздің негізін құрайды. Жүйелілік тұрғы тарихи процесті оның құрамдас бөліктерімен тығыз байланыста, бір-біріне өзара әсер етуші факторлар ретінде қарастырады.

Методологиялық негізге сондай-ақ ғылыми зерттеулер үшін өте қажетті жан-жақтылық, нақтылық, объективтілік принциптер басшылыққа алынып отырылды. Жұмысты орындау барысында тарихи-салыстыру мен хронологиялық-проблемалық, абстрактылық пен нақтылық секілді ғылыми танымның әдістері мен тәсілдері қолданылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан ғылымы тарихына қалам тартып, зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдар аз емес. Дегенмен, жүйелі түрде жазылған ғылыми жұмыс жоқтың қасы. Зерттеушілердің көпшілігі ғылымның жеке саласына тоқталып, оларды бөліп қарастырады. Сондықтан диплом жұмысы барысында негізінен сүйенген ақпарат ҚР Білім және Ғылым министрлерінің сөйлеген сөздері мен Елбасының Жолдаулары болды. Елбасысы Н. Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздігіміздің бес жылы», «Тарих тағылымдары және қазіргі заман», «Тарих толқынында» атты еңбектерінде тәуелсіз Қазақстан ғылымы жөнінде, атқарылған істер мен жеткен жетістіктер жайлы ақпараттар берілген [3. 52] .

Қазақстан ғылымының іргелі мәселелеріне тоқталып өткен Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнәр Өскенбаеваның «Президент және Қазақстан ғылымы» атты мақаласын айта кетсек болады. Автор қазіргі кездегі ғылым саласындағы орын алып жатқан өзгерістер мен жетістіктерді жаза отырып, тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі кезге дейінгі ғылыми-техникалық база мен мекемелердің санын, ғылымға байланысты қабылданған заңдардың нәтижелеріне қатысты айтып өткен [4] .

«Қазақстан ғылымы» энцикопедиясында Қазақстандағы ғылымның қалыптасуы, дамуы жөнінде нақты статистикалық ақпараттар берілген. Энциклопедияда ғылымға үлес қосқан қайраткерлер, ғылыми мекемелер және олардың тарихы келтірілген [5. 92] .

Ғ. Мұтанов «Инновации: создание и развитие», «Образование. Наука. Инновации» атты монографияларында ғылымдағы соңғы инновациялар мен оны дамытудың жолдары туралы жазған. Білім және ғылымға байлансыты заңдар және олардың орындалуы жөнінде нақты ақпарат беріп өткен[6, 7] .

Смайлов К. «Қазақстан ғылымы. XXI ғасыр» атты мақаласында автор стратегиялық жоспарлар негізінде ғылым дамуының конструкциясын жасайды[8. 52] . Тангян С. А., Хейнеман С. П. «Образование на пороге XXI века; образование в странах восточной Европы и Средней Азии» атты мақаласында білім берудің ел экономикасына әсері мен маңызын айтады. Сонымен қатар білім мен ғылымды жетілдірудің жолдарын атап өтеді [9. 106] . Сарбасова Т. С. «Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері» атты монографиясында білім мен ғылым мәселесіне қатысты соңғы жетістіктер мен өзгерістер айтылған [10. 52] . Сондай ақ Жумадилова А. С. «Международное сотрудничество Республики Казахстан в сфере образования» атты кандидаттық диссертациясының қазіргі Қазақстанның ғылым саласына арналған тараулары бар [11. 44] .

Диплом жұмысының деректік негіздері Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің қабылдаған заңдары мен заңнамалары, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ұзақ және қысқа мерзімді стратегиялық жолдаулары [3, 5], Қазақстан Республикасының Конституциясы [13], Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты [14], Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы заңы [15], Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 1997 ж. заңы [16], Қазақстанның статистикалық анықтамалығы [17], 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы, ҚР Президентінің 1996 жылғы 23-мамырдағы №2996 Жарлығы [18, 19], Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007-2012 жылдарға арналған стратегиясы және т. б [19] .

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап, қазіргі кезге дейінгі аралықты қамтиды. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстан ғылымындағы ғылыми мекемелердің қалыптасу тарихына да тоқталып өттік.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады.

І Ғылыми мекемелер жүйесі мен материалдық техникалық базасы

  1. Ғылыми мекемелер саны мен орналасуы

Қоғамның дамуын білімсіз, ғылымсыз елестетудің өзі мүмкін емес. Сондықтан болар, алысты болжаған мемлекет басшысы Н. Назарбаев білім мен ғылымға ерекше көңіл бөліп отыр[3. 52] .

1991 жыл елiмiздiң ұлттық жетiстiгi есебiндегi отандық ғылым дамуының жаңа кезеңi басталғандығымен ерекшелендi. Қазақстанның құқықтық меншiгiне 100-ден астам жалпы одақтық мемлекет ғылылми-техникалық мекемелер өткендiктен ғылымды мемлекет қолдаудың маңыздылығы күрт өстi. Жаңа жағдайларға байланысты қысқа мерзiм iшiнде мемлекеттік ғылылми-техникалық саясатты айқындау қажеттiлiгi туындады, елдiң ғылылми-техникалық күш-қуатын сақтап қалу мен одан әрi дамыту үшiн ғылылми-техникалық саланы мемлекет басқарудың тиiмдi құрылымын қалыптастыру мәселесi туындады. Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесiнiң 1992 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен “Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылы ҚР Президентiнiң “Экономикалық реформалар жағдайында Қазақстан Республикасы мемлекет басқару органдарының iс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетiлдiру” туралы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі құрылды. Министрлiкке мынадай мiндеттер жүктелiндi: республиканың ғылылми-техникалық саласының дамуы жолында мемлекет саясат жүргiзу; ғылылми және ғылылми-пед. кадрлар даярлау жұмыстарын үйлестiру; ғылылми-технологиялық салада халықар. ынтымақтастықты ұйымдастыру[8. 44] .

2000 ж. қайта құрылған ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі - ғылым мен ғылылми-техникалық саладағы iс-әрекеттердi жүзеге асыратын, республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын ғылылми-зерттеу бағдарламаларына үйлестiретiн бiрыңғай мемлекет өкiлеттi орган болып табылады. Министрлiкке бiлiм және ғылым мен техника саласында бiрыңғай мемлекет саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепiлдiк етiлген көлемде ақысыз бiлiм алуды мемлекет оқу орындарында қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды шоғырландыру, сондай-ақ, ғылылми және педагог кадрларды аттестациялау мен даярлау мiндетi жүктелген. Министрлiк қарамағында әр түрлi бағыттағы 130 ғылылми мекеме бар. Ғылылми зерттеулердi ҚР Президентi ұсынған “Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiндегi қалыптасуы мен дамуы стратегиясы” аясында халықтың рухани мәдениетiн түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге де әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ғылылми-техникалық мәселелерге байланысты өзектi мәселелердi шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды. Ғылымды ұйымдастыруды жетiлдiру мен ғылылми-техникалық потенциалды дамыту, ғылылми-техникалық саланы мемлекет басқарудың бiрыңғай жүйесiн жасау Қазақстан Республикасының егемендiк жолындағы стратегиялық қадамдары болды. Осы мақсатта мемлекет көлемiнде ұлттық ғылылми орталықтар құру, академиялық ғылымдарды реформалау, жоғары оқу орындарының ғылылми потенциалын арттыру, республика аймақтарында ғылылми зерттеулердi дамыту, ғылымды ұйымдастырудың жаңа формаларын мемлекет қолдау, халықар. ынтымақтастықты дамыту мәселелерiне байланысты жұмыстар жүргiзiлдi [9. 102] .

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы “Қазақстан Республикасында ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру және жоспарлауды жетiлдiру шаралары туралы” Қаулысы бойынша ғылылми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (ҒТТКЖ) мен ғылылми-техникалық бағдарламаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тәртiбi айқындалды. Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан Ғылым қоры ұйымдастырылды. 1993 жылдан бастап мемлекет бюджеттен қаржыландырылатын ғылылми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекет ғылылми-техникалық сараптау енгiзiлдi. Республикада өткiзiлетiн ашық тәжiрибелiк-конструкторлық және жобалық-технологиялық жұмыстар мен олар бойынша есеп беру құжаттарын мемлекет тiркеудiң бiрыңғай тәртiбi бекiтiлдi. Осылай, ҒТТКЖ-дi қаржыландыруды бағдарламалық-мақсатты әдiске көшiрудiң нормативтiк-құқықтық негiзi жасалды [10. 29] .

Республика ғылылми-техникалық саласы жүргiзген жұмыстардың қорытындылары 1998 ж. ақпанда Астана қ-ндағы көрмеде көрсетiлдi. Елде машина жасау, атом өнеркәсiбi мен энергетиканы дамыту жөнiнде мемлекет бағдарламалардың жобалары жасалды. Республика тау-кен металлургиясы кешенiн дамытудың тұжырымдамасы жасалды. Түрлi мақсаттағы жоғары тиiмдi катализаторлар, қоңыр және тас көмiр, тақта тасты сұйылтып қайта өңдеу кезiнде алынатын синтет. мұнай мен оны өңдейтiн шағын з-ттар жобалары жасалды. Астық пен күрiштiң жаңа сорттары шығарылды. Түрлi пайдалы қазбаларды iздеу мен өндiрудiң және ұтымды пайдаланудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерi мен тәсiлдерi анықталды. Әр түрлi үлгiдегi аспаптар - жылу және электр есептегiштер, жылу энергиясын, ыстық және суық суды есептеу аспаптары мен қызметкерлердi жедел мед. куәландыру, т. б. аппараттары өндiрiске енгiзiлдi. Алғаш рет отандық компьютерлер мен бiрқатар өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы электрондық құрылғылар шығарылды. 1998 жылдың соңына дейiн 30 шағын кәсiпорын мен өндiрiстер ұйымдастырылды. Республика ғалымдары мемлекет басқару процестерiн қамтамасыз етуге белсендi үлес қосты: көне дәуiрлерден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi қазақ философиясының тарихы, шығыс пен батыс мәдениетi ықпалдасуы контексiнде жаңа философия мен ғылым методологиясы, Қазақстан Республикасындағы конституциялық процестiң дамуы, еуроазиялық интеграция, геосаясат, демогр. даму болжамы жасалды. Каспий т-нiң құқықтық мәртебесi, аймақтардың өндiрiстiк күштер құрылымын оңтайландыру мен халықты тiршiлiктiк қамтамасыз ету жүйесi, М. Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық толық жинағын дайындау мақсатында көптеген ғылылми-зерттеу жұмыстары атқарылды[11. 79] .

ҚР Үкiметi жанынан iргелi және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың мемлекет басымдылықтарына және болжам жасауға жауапты консультативтi-кеңес органы болып саналатын Жоғары ғылылми-техникалық комиссия (ЖҒТК) құрылды. ҚР Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 сәуiрдегi “Академик Қ. И. Сәтбаевты мәңгi есте қалдыру туралы” Қаулысына сәйкес 1999 ж. бiрқатар мерейтойлық шаралар өткiзiлдi. Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерекесi ЮНЕСКО қолдауымен өткiзiлетiн мерейтойлар санатына қосылды. 1999 ж. 15 - 23 сәуiр аралығында Париждегi ЮНЕСКО бас пәтерiнде аса көрнектi ғалым, акад. Қ. И. Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған халықар. ғылылми симпозиум өттi. Симпозиумда “Қазақстан ғылымы өткен шақтан болашаққа” деген атпен көрме ашылып, “Қазақстандағы ғылыми ой-пiкiрлер тарихы”; “Қ. И. Сәтбаев - көрнектi ғылым ұйымдастырушысы”; “Қазақстанның геологиялық ресурстары”, “Минералдық шикiзаттарды өңдеу” және “Ауыл шаруашылық ғылымдарының жетiстiктерi” деп аталатын бөлiмдер жұмыс iстедi. Сондай-ақ “Қазақстан және ғарыш”, “Ядролық физика”, “Қазiргi заманғы байланыс құралдары”, “Өмiр сапасы”, “Қазақстан республикасындағы жоғары бiлiм”, “Перспективтi ғылыми жобалар” деп аталатын тақырыптарда материалдар қойылды. 1999 ж. 26 маусым мен 1 шiлде аралығында Будапештте ЮНЕСКО және Халықар. ғылылми қауымдастықтың бастамасымен “21 ғасырдағы ғылым. Жаңа мiндеттер” тақырыбына дүниежүз. конференция өттi. 2000 ж. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен ғылылми-техникалық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және ғылылми-техникалық потенциалдың қалыптасуына бағытталған, экономика мен оның қорларының қазiргi заманғы инновациялық талаптарына жауап беретiн ҚР-ның ғылым және ғылылми-техникалық саясатының тұжырымдамасы мақұлданды [13. 52] .

Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қолдауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бiрлесуi арқылы Астана мен Алматы қ-нда 2000 ж. 11 - 14 мамыр аралығында “Үшiншi мыңжылдық ғылымы” атты халықар. конференция өткiзiлдi. Түркiстан қ-ның 1500 жылдығын тойлау шеңберiнде 20 - 21 қазанда “Қазақстан мен Түркi әлемiнiң рухани тарихындағы Түркiстан және Қожа Ахмет Иасауи” халықар. ғылылми-практик. конференциясы өткiзiлiп, оның жұмысына Қазақстан мен таяу және алыс шет елдерден келген 200-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты. ЮНЕСКО шеңберiнде атап өтiлген бұл шараның соңы Париждегi ЮНЕСКО бас пәтерiнде Қазақстан делегациясының қатысуы арқылы өткiзiлген “Түркiстанға 1500 жыл” деп аталатын дөңгелек столмен аяқталды. 2001 ж. 2 ақпанда Алматы қ-нда бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң съезi өтiп, онда Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев баяндама жасады. Президент өз баяндамасында Қазақстан үшiн елдiң әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуы факторында отандық ғылымды қайта құрудың өмiрлiк маңызы бар екендiгiн атап көрсеттi. ҚР-ның 2001 ж. 12 шiлдеде қабылданған “Ғылым туралы” Заңы ғылымды басқаруды одан әрi жетiлдiрудiң, инновация мен зерттеу процестерiн ұйымдастырудың, кадрлар даярлаудың, отандық ғылымды әлемдiк ғылылми қауымдастыққа интеграциялаудың негiзiн қалаушы құжат болды. Бұл заң ғылым және ғылылми-техникалық iс-әрекеттер саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестiруге бағыттала отырып, мемлекет ғылылми-техникалық саясаттың принциптерi мен негiзгi мақсаттарын, оны жүзеге асыратын мемлекет өкiлеттi органдарды айқындайды және нарықтық қатынас жағдайындағы ғылымның жаңа ұйымдық формасының дамуын, ғылым саласындағы субъектiлердiң мiндеттерi мен құқықтарын белгiлейдi. Ғылылми-зерттеу ин-ттарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, ғылылми зерттеулер үшiн бiрегей құрал-жабдықтар сатып алуға, ғылылми мекемелердi қазiргi заманғы компьютерлiк техникамен жарақтандыруға бағытталған “Ғылыми мекемелерге құрал-жабдықтар сатып алуды республикалық деңгейде қаржыландыру” туралы жаңа бюджеттiк бағдарламаға сәйкес алғаш рет қаржы бөлiндi [14. 15] .

Соңғы жылдардағы ғалымдар жүргiзген ғылыми зерттеулер отандық ғылым мен технологияның бәсекелестiк мүмкiндiктерiн жоғары көтеретiн жаңа iргелi бiлiмге бағытталып келедi. Ғылыммен тығыз байланысты өндiрiстердiң қалыптасуы үшiн ғылыми базалардың құрылуы табиғи және минералды ресурстарды ұтымды пайдалану, жаңа материалдар мен препараттар жасау, техногендiк қалдықтарды қайта өңдеуге тарту, тау-кен металлургиясы кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуi мен тиiмдiлiгiн көтеру, молекулалық және клеткалық биология нәтижелерiн биотехнологияда, медицинада, ауыл шаруашылығында қолдану, денсаулық және тамақтану сапасы, телекоммуникация мен байланыстың қазiргi заманғы жүйесiн құру, атом энергетикасын дамыту сияқты қажеттi шаралардан тұрады [16. 77] .

Жаңа отандық технологияны пайдалану негiзiнде кеңейтілген және жаңартылған химия және мұнай химиясы өндiрiстерi жылына ондаған млрд. теңгеден астам өнiм бередi.

Тәуелсiздiк жылдарындағы кезең ғылымды ұйымдастыру мен ғылыми шығармашылық процесiн басқарудың жаңа тәсiлдерiн енгiзумен, ғалымдар iс-әрекетiне қолайлы жағдай туғызумен, ғылыми кадрлардың жаңа буынын даярлаумен, бiлiм мен ғылымды интеграциялаудың барынша оңтайлы жүйесiн iздестiрумен сипатталады.

2010 жылы әлемдік стандарттарға сай келетін ашық типтегі 5 ұлттық зертхана жұмыс істейді[11. 5] .

Жетекші жоғары оқу орындарында инженерлік бейіндегі 15 зертхана жұмыс істейді.

6 инновациялық-білім беру, оның ішінде 2 халықаралық консорциум құрылған[11. 12] .

Биотехнология саласында:

- ветеринария үшін Н5N1 құс тұмауына қарсы вакцина;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақыт және тарих
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Педагогика ғылымының әдістері
Б.Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz