АҚ «БТА» банктердің қаржылық нәтижесін талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ДЕПОЗИТТІК ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7

1. 1 Депозит туралы жалпы түсінік . . . 7

1. 2 Депозиттік операцияларды дамыту жолдары . . . 8

1. 3 «БТА Банкі» АҚ депозиттің жалпы ережелері . . . 9

1. 4 Депозиттік Саясатты анықтайтын жалпы ережелер . . . 11

1. 5 Депозиттік саясаттың мақсаттары . . . 13

1. 6 Депозиттік саясаттың құқықтық негізі . . . 14

1. 7 Банктік салымдардың түрлері . . . 16

2. АҚ «БТА» БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ . . . 17

2. 1 АҚ "БТА" банктің қазіргі қызмет ету жағдайы . . . 17

2. 2 АҚ "БТА" банк қызметінің қаржылық нәтижесін бағалау . . . 23

2. 3 АҚ "БТА" банкінің ұйымдық құрлымы . . . 27

2. 4 АҚ "БТА" банк депозиттің түрлері мен пайыздары . . . 30

2. 5 АҚ "БТА" банкінің активтер мен пассивтерді басқару . . . 41

2. 6 АҚ "БТА" банктің активтері мен пассивтерін талдау . . . 49

2. 7 АҚ "БТА" банктің үш жылдық балансы . . . 50

2. 8 АҚ "БТА" банктің табыстар мен шығындар туралы есеп беруі. 56

2. 9 АҚ "БТА" банктің пайдалылығын есепке алу арқылы өтімділікті талдау… . . . 76

2. 1 АҚ "БТА" банктің есептері және талдамалары . . . 78

3. АҚ «БТА» Банк қызметі мен жауапкершілік орталықтарының қызмет ету тиімділігі мен пайдасын есептеу . . . 80

3. 1 Мерзімді депозиті . . . 80

Қорытынды. 86

Қолданылған әдебиеттер . . . 89

КІРІСПЕ

«ТұранӘлемБанк» АҚ-ның Қазақстанның банк нарығында жұмыс істегеніне, міне, 80 жылдың жүзі болды. Осы мерейлі күннің құрметке лайық екеніне әркім де келісер. өзгерістер дәуірінде және бір жүзжылдықтан екеншісіне аяқ басқан кезеңде ТӘБ тек нық тұрған қалғанында қала бергенімен қоймай, бүкіл Қазақстанның игідігіне жұмыс істей отырып, еліміздің табысты, орнықты әрі серпінді банкіне айнала белді.

«ТұранӘлем Банкінің» сәтімен өмірге келуі 1997 жылы қазақстан Республикасының ірі әрі тәжірибелі екі банкі - «Әлембанк Қазақстан» мен «Тұранбанкті» «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ, бүгінгі «ТұранӘлем Банкі» АҚ ретінде біріктіру жайтына байланысты. «Тұранбанк» - 1925 жылы құрылған КСРО өнеркәсіп-құрылыс банкінің бұрынғы қазақстандық филиалы. Оған, БТА банк, қазақстандықтар, елдің бүкіл құрылыс индустриясы үшін қарыздармыз. Ал «Әлембанк» - Кеңес Одағы кезінде республиканың барлық сыртқы сауда операцияларына қызмет көрсеткен Қазақстан Сыртқы сауда банкінің «мұрагері».

БТА банкінің тарихында алғашқы қаржылық топтардың бірі ретінде ТӘБ тобының құрылуы маңызды орын алады. 1998 жылы БТА банкінің алдында Қазақстанның банк нарығында жетекші орындардың біріне шығу міндеті тұрды. Бұл міндетті банк 5 жылдың ішінде орындап шқты, нәтижесіннде барлық бағыттарда - корпоративтік бөлшек нарық, халықаралық және қаржы нарықтары бағытында елдегі жетекші банк мекемесіне айналды.

Бірақ, өкінішке орай, Банктің тарихында банк үшін, ондағы еңбек ететін адамдардың барлығы үшін, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның экономикасы үшін де мұнды, қайғылы сәттер бар - орны толмас қайғы, 2004 жылы ТӘБ басшысы Ержан Тәтішевтің қаза болуы да соның бірі. Оның арқасында банк қаржылық сектордағы жетекші орындарды алып, елдің жүйе түзуші банкіне айналған еді. Дәл сол кездері, Е. Тәтішевтің жеті жыл атқарған басшылығы тұсында ТӘБ аты бүкіл Қазақстанның экоомикасымен ештене тығыз байланыста атала басталған болатын

Қазіргіге келсек, БТА банк бүгінгі күнде қазақстандық және шет елдік серіктестердің жоғары деңгейдегі сеніміне ие болуға, негізінен жаңа даму деңгейіне көшуге қол жеткізе алды. ТӘБ - 35 мыңнан астам клиент, 800 мың депозиттік шот0 пластик карталардың ішкі нарық айналымының 20%-дан астамы, ТМД мен алыс шет елдердегі бірқатар халықаралық өкілдіктер. Жиынтық меншікті капиталы 600 миллионнан астам АҚШ долларын құрайды. ТӘБ активтері 5, 0 млрд. АҚШ долларынан асады және ТМД елдерінің аса ірі банктерінің арасында 6-шы ала отырып.

Ұзақ мерзімді ТӘБ стратгиясы Қазақстанды 2015 жылға дейін өнеркәсіптік - жанарпалқ жағынан дамытуға, сондай-ақ елде және шет елдерде шағын және орта бизнестің маңызы мен рөлін арттыруға ерекше мән берілетін мемлекеттік саясатпен ұштасады. Банк өзі үшін аталған экономика секторын оны қаржыландыру үрдісіне өзі білек сыбана ат салысуға ниетті, өзінің дамуындағы басым бағыттардың бірі ретінде айқындады. Банктің ұзақ мерзімді келешек жоспары - банк бизнесінің жоғарғы стандарттарын ұстанатын Қаржылық топ құру және Банктің клиеттері қай жерде орналасса да, оларға барлық қаржылық қызметтерді ұсыну.

1 «БТА Банкі» АҚ депозиттік саясаты

1. 1 Депозит туралы жалпы түсінік

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

- депозиттік қаражаттар;

- депозиттік емес қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп тараған депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша ақша қаражаттарын басқа корреспонденттік-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады .

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар . Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі .

1. 2 Депозиттік операцияларды дамыту жолдары

Еліміздегі қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.

Депозиттік операциялардың дамуына әсер ететін бірден - бір көрсеткіш, бұл халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін банктер өз алдына осы бағытта арнайы стартегиялар қабылдау қажет. Шетел тәжірибесіне жүгінсек, банктер туралы қарапайым халық толық ақпаратқа ие. Олардың балансын, тартылған қаражаттар көлемін, сыйақы мөлшерін толық бөледі. Ал біздің елде кейбір банктерден басқа банктер өз балансын жарияламайды. Қазіргі таңда кез келген ел тұрғынынан депозит туралы сұрасақ және қай банкке сенімділігін сұрасақ жауап бере алмайды. Сондықтан осы проблеманы жою үшін банк арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі призентациялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен сұқпат өткізіп, баспа беттеріне жариялау керек. Ашық ақпарат бар жерде сенімділік те бар.

Елде депозиттік операциялардың дамуына кедергі жасайтын тағы бір көрсеткіш халықтың әлеуметтік жағдайы. Онсыз да бір айлықтан екінші жалақыға өз шығындарын зорға өтеп отырған халық депозит салуды ойламайды да. Бұл тұрғыдан мемлекеттің және банктердің стратегиясын дамыту қажет. Мемлекет тарапынан айлық көлемін өзгерту, әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту болса, банк стратегиясы, мысалы басқа операциямен ұштастыру болып табылады. Өзімізге белгілі қазіргі таңда елімізде ипотекалық несиелеу дамуда. Бұл несие шарты бойынша белгілі көлемде алғашқы жарна төлену керек. Егер осы жарнаны депозит ретінде қабылдаса, онда екі жақты пайда болар еді. Банктен депозиті бар тұлғаға пайызы төмен қызмет көрсету сияқты шараларды қолдану ыңғайлы.

Қазақстан Республикасында 2000 жылдан кері жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры жұмыс істейді. Соңғы кезде осы қордың сақтандыру сомасын 400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін өсіруді қарастыруда. Көптеген қаржыгерлердің ойлары әр түрлі болуда. Біреулері дұрыс деп санаса, біреулері қарсы.

ҚБА төрағасының айтуынша қор туралы заңдық жоба осымен қатар тағыда басқа. Кемшіліктері бар, бірақ депозиттік операциялардың дамуына ондай көп кедергісін тигізіп жатқан жоқ. Идеалды модельді қазіргі таңда құру өте күделі. Өйткені, қор аз депозиттер, бірақ көп халықпен жұмыс істеуі керек немесе үлкен салымдармен, аз халықпен жұмыс істеуі керек. Оларды бір орталыққа теңестіру өте күрделі. Б. Жамшиевтің айтуынша «Кішігірім депозиттермен, көп халықпен жұмыс істеу оңтайлы нұсқалардың бірі болып табылады».

Болашақта кепілдендіру қорының дамуы халықаралық ең жақсы тәжірибе негізінде болады. Банктердің еріксіз жабылу кезінде тез арада салымдарды қайтару, жүйенің қызмет атқару тәуекелін минимализациялау, сақтандырылатын депозиттерінің түрін көбейту.

1. 3 «БТА Банкі» АҚ депозиттің жалпы ережелері

1. Саясат Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілеріне, Банктің Жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген, оның ішінде:

1. 1. 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» Заңы;

1. 2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі юанктеріне салынған депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру туралы» Заңы;

1. 3. 1998 жылғы 29 маусымдағы №237-1 Қақастан республикасының «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңы;

1. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» қаулысы;

1. 5. 2008 жылғы 05 шілдедегі №67-IV Қазақстан Республикасның «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңы;

2. Саясат Салымшылар қаражатын тартудың және жинақтаудың негізгі міндеттері мен принциптерін, қолданыстағы шектеулер мен Салымдарды енгізу шарттарын анықтау мақсатында әзірленген.

3. Банктің даму стратегиясы қаржы нарығында жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын (жинақтарын) Сыйақы (мүдде) орналастыру және төлеудің тартымды шарттары мен Салымшылардың алдыңдағы міндеттемелердің орындалуының берік кепілдігі бар банктік салым шарты бойынша қызметтердің кең спектрін ұсыну акрқылы тарту және жинақтау бойынша операцияларды жүргізудің ауқымды мүмкіндіктері бар әмбебап банк құруға бағытталған.

4. Банк депозиттік саясатты ҚР заңдарының талаптарына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

5. Осы саясат Банктің барлық филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері үшін бірдей болып табылады және Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен толықтырыла/немесе өзгертіле алады, егер өзгертулер және/немесе толықтырулар міндетті түрде алдын-ала 26/11/2007ж. Банктің Директорлар кеңесімен бекітілген №ПР-85-248 «БТА Банкі»АҚ ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу, бекіту және әрекет ету ережелеріне сәйкес Банктің ішкі нормативтік құжаттарды өзгерту шараларын сақтай отырып Банк Басқармасымен келісілген болса.

6. Саясат жеке және заңды тұлғалардың Салымдарын тарту және сақтау саласында Банк қызметінің жалпы ережелері мен бағыттарын анықтайтын және оны алдын-ала Банк басқармасымен міндетті келісу жағдайында Банктің Директорлар кеңесімен бекітіледі.

7. Депозиттік саясатты іске асыруға қатысатын Банктің құрлымдық бөлімшелері мен уәкілетті органдары:

7. 1. «БТА Банкі» АҚ Басқармасы;

7. 2. Бухгалтерлік есеп және есептілік депортаменті-БЕжЕД;

7. 3. Шағын және орта бизнес депортаменті-ШОБД;

7. 4. Бөлшек сауда маркетингі депортаменті;

7. 5. Бөлшек сауда сатылымдары депортаменті;

7. 6. Қаржы контроллингі депортаменті;

7. 7. Қазынашылық;

7. 8. Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет-АПБК;

7. 9. Корпоративтік блок-КБ;

7. 10. Комплаенс-бақылау басқармасы;

7. 11. БЕжЕД және жоспарлау басқармасы;

7. 12. Филиалдар;

7. 13. Заң депортаменті-ЗД.

1. 4 Депозиттік Саясатты анықтайтын жалпы ережелер

1. Банк қызметі өзің-өзі өтеушілік және операциялардың табыстылық деңгейін көтеруге ұмтылыс негізінде құрылады.

2. Банк ішкі және сыртқы нарықтарда Депозиттерді тарту бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына ие.

3. Банк Клинттері, сонымен қатар Салымшылары болып жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері бола алады.

4. Мерзімді салымдар Банкпен қазынашылық операциялар жүргізу, әрі қарайғы орналастыру мақсатында кредит ресурстарын қалыптастыруға бағытталған.

5. Қысқа мерзімді және банкаралық депозиттер Банктің ағымдағы өтімділігін басқару мақсатында тартылады/орналастырылады. Ерекшелік болып өзара байланысқан мәмілелер бойынша тартылған Салымшылардың ақшалары (мысалы, белгілі жобаларды қаржыландыру үшін) ьабылады.

6. Депозиттік саясат бағыттар мен артықшылықтары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары талаптарын, оның ішінде төменде көрсетілген бөлігін есепке ала отырып, Банктің өзімен анықталады:

6. 1. Сыйақы ставкасының тәртібі Уәкілетті органмен Банктік салым шартында және сонымен қатар қаржы қызметтері бойынша Сыйақы шамалары туралы Клиенттермен жасалатын басқа шарттарда белгіленген расталған, жылдық, тиімді, салыстырмалы сипатта көрсетілуі;

6. 2. Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғаларға және өзара байланысқан тараптарға - Саясаттың 10, 11 тармақтарына сәйкес ҚР тыс аумақтағы рзидент еместерге жеңілдікті шарттар ұсынуға тиімді белгілеу;

6. 3. Пруденциялық нормативтерді, және басқа да сақталуға міндетті уәкілетті оргенмен белгіленген нормалар мен лимиттерді сақтау.

7. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады және Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры берілген Куәліктің негізінде әрекет етеді.

8. Банктік салым шарттарын және банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғалармен басқа шарттарды жасау туралы шешімдер, және Банктің ірі мәмілелері тізіміне кіретін Банктік салым шарттарын және басқа да шарттарды жасау туралы шешімдер Банктің Директорлар кеңесімен қабылданады.

9. Банк, Директорлар кеңесі ірі мәмәлер болып таблатын шартты жасау туралы шешім қабылдағаннан кейін акционерлік қоғамдар туралы заңдармен бекітілген мерзімде Банк кредиторлары мен акционерлерін ақпараттау үшін мәміле туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік және басқа тілдерде жариялануын жүзеге асырады.

10. Банк Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғаларға джәне өзар байланысқан тараптарға - ҚР тыс аумақтағы резидент еместерге жеңілдікті шарттар ұсынбайды, оның ішінде:

10. 1. Банкпен ерекше қатынаспен байлансқан тұлғамен немесе оның мүддесінде мәні, мақсаты, ерекшеліктері және тәуекелділігі бойынша Банк онымен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғалар болып табылмайтын Клиенттермен мәміле жасамайды;

10. 2. Сыйақы жәгне банктік операция орындағаны немесе басқа клиенттерден талап етілетіннен төмен қамтамасыз ету қабылдағаны үшін төлемді алмайды.

11. Банк клиенттермен оларға келесі мүмкіндіктерді ұсыну мақсатымен құқықтық қатынасқа түспейді:

11. 1. Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлға алдындағы міндеттемені төлеу;

11. 2. Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алу;

11. 3. Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғамен шығарылған құнды қағаздарды сатып алу.

1. 5 Депозиттік саясаттың мақсаттары

1. Банктің депозиттік саясатының мақсаттары:

1. 1. Банк қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

1. 2. Әрі қарайғы орналастыру және табыс алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың бос ақшаларын тарту;

1. 3. Банктің активтерінің тиімді орналастырылуы мен пассивтерінің пайдаланылуын қолдау үшін тартылған ақшаларды рационалды басқару;

1. 4. Оптималды резервтер мен несие портфелін анықтау;

1. 5. Банк пассивтерінің оптималды құрылымын анықтау - ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржыландыру көздерінің қатынасы;

1. 6. Тартылған депозиттердің табыстылығын қамтамсыз ету мен қайтарылуын кепілдендіру;

1. 7. Клиенттерге қызмет көрсету тәсілдері мен сапасын жақсартумен бір уақытта депозиттік өнімдер спектрін кеңейту (бөлшек сауда және корпоративтік депозиттер, ШОБ депозиттері) ;

1. 8. Банктік салымдарға қызмет көрсету бойынша Банктің операциялық шығындарын төмендету;

1. 9. Банктің қаржылық қамтамасыз етілуін бекіту үшін нарықпен өзара байланысты дамыту.

1. 6 Депозиттік саясаттың құқықтық негізі

1. 1995 жылғы 31 тамыздағы №244 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»Заңына сәйкес Банктің филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша агенттігі берілген лицензия мен Банк Жарғысының негізінде заңды және жеке тұлғалардан Депозиттері қабылдауды жүзеге асырады.

2. Банк пен Салымшы арасында Банктік салым шартын жасаған кезде Банкпен Салымшыға Салымды орналастыру үшін жинақ шоттар ашылады.

3. Жинақ шот бойынша Банк төмендегілерімен байланысты операцияларды жүзеге асырады:

3. 1. Салымшыға тиесілі ақшаның (салымның) болуын қамтамасыз ету және Банкпен пайдаланылуы;

3. 2. Салымшыдан немесе үшінші тұлғалардан қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз қабылдауын жүргізу;

3. 3. Банктік салым шартымен анықталған мөлшерде және тәртіпте Сыйақы төлеу;

3. 4. Банктік салым шартымен және Қазақстан Республикасының заң шығарушы актілерімен қарастырылған шарттармен салымшыға ақшаны (салымды) қайтару, сонымен қатар оларды Салымшының басқа банктік шотына аудару арқылы;

4. Банктік салым шарты Салым сомасы Салымшының жинақ шот(тар) ына түскен күнінен бастап жасалған болып есептеледі, егер басқасы Банктік салым шартымен қарастырылмаса;

5. Банк пен Салымшы арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және олармен жасалған Банктік салым шартымен реттеледі.

6. Банктік салым шарты келесілерден құоалуы тиіс:

6. 1. Шарттың мәні;

6. 2. Салық төлеушінің - Салымшының салық қызметі органымен берілген құжатта көрсетілген тіркеу нөмірі, жинақ шот ашу кезінде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды есептемегенде;

6. 3. Банктің қызмет көрсету шарттары мен оларды төлеу тәртібі;

6. 4. Тараптармен келісілген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да шарттар.

7. Жинақ шот ашу үшін салымшы Банкке 2000 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережелерінің» және Банктің Ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынуы тиіс.

8. Жинақ шот ашу үшін Салымшымен ұсынылған құжаттар тігіледі және Банкте Банктік салым шартының түпнұскасымен бірге сақталады.

9. Банктік салым шарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша агенттігі заң шығарушы актілерімен, нормативтік құқықтық актілермен және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дәстүрімен белгіленген талаптарға жауап беретін жазбаша нысанда жасалуы керек. Банктік салым шартының жазбаша нысанының сақталмауы осы шарттың жарамсыздығына әкеледі. Мәмілені банкаралық нарықта жасау жағдайында оны REUTERS-DEALING жүйесі арқылы ресімдеуге рұқсат етіледі.

10. Олармен алынған Салымдарды қайтаруды қамтамасыз ету үшін Банк қолдануы керек құрал-жабдықтар мен тәсілдер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша агенттігі заң шығарушы актілерімен, нормативтік құқықтық актілерімен және Банктік салым шартымен анықталады.

1. 7 Банктік салымдардың түрлері

1. Салымдарды қайтару шарттарына қарай олар төмендегідей болып бөлінеді:

1. 1. Талап етілмелі төлем;

1. 2. Мерзімді салым;

1. 3. Шартты салым;

2. талап етілмелі салым мерзімсіз болып табылады және Салымшының бірінші талап етуі бойынша толық немесе ішінара қайтарылуға тиесілі.

3. Мерзімді салым Банктік салым шартымен қарастырылған белгілі мерзімге енгізіледі.

4. Шартты салым Банктік салым шартымен анықталған жағдайлар туындағанға дейін енгізіледі.

5. Банктік салым шарттарының үлгілік нысандары жеке тұлғалар үшін Бөлшек сауда маркетингі депортаментімен, ал заңды тұлғалар үшін Қазынашылықпен әзірленеді.

2. АҚ «БТА» БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ

2. 1 АҚ "БТА" банктің қазіргі қызмет ету жағдайы

2008 жылдың 24 қаңтарында АҚ «Тұран Әлем Банкі» ребрендингтен өтуге байланысты. Қазақстан Республикасының заң министрлігінің тіркеу қызметінде қайта тіркеу процедурасын өтіп сәйкесті АҚ куәлігін алды және АҚ «БТА банк» деп атала бастады. Жыл басынан бастап өткізілген ребрендингтің өткізілуіне табысты халықаралық банктік конгломераттың құрылуына бағытталған жаңа стратегияны қабылдау себеп болды.

Акционерлік қоғам АҚ «БТА банк»-тің құрылу тарихы 1925 жылдың 15 қазанынан басталады. Сол кезде Қазақстанның халық шаруашылығының Орталық кеңесінің басқармасы шешімімен республика аумағында өнеркәсіптік банктің бөлімшесін ашты.

Өнеркәсіптік банк туралы: бұдан әрі қарай өнеркәсіптік банктің бөлімшесі көптеген өзгерістерге ұшырады. 1932 жылдың 7 маусымында республиканың халықтық коммиссарлар кеңесінің «Қазақстан территориясында ұзақ мерзімді салымдардың арнайы банктерін ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Алматыда өнеркәсіптік банк негізінде СССР-дың құрылыс пен энергетика шаруашылықтарын қаржыландыру банкінің қазақтардың бөлімшесін құрды.

1949 жылдың 11 шілдесінде СССР-дің министрлерінің кеңесінің өкімі бойынша Алматылық облыс аралық кеңесі СССР-дің өнеркәсіптік банкінің республикалық кеңесі болып, қайта құрылды. Бұдан әрі оны СССР-дың Қазақстандық Республикалық кеңесі деп қайта атады. 1991 жылдың 4 наурызында СССР-дың мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіптік - құрылыс банкінің №126 бұйрығымен республикалық банк СССР-дың өнеркәсіптік банкі «Тұран банк» мемлекеттік өнеркәсіптік - құрылыс банкінің Қазақ республикалық банкіне айналдырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Коммерциялық банктердің инвестициялык қызметі
Банктін қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
Коммерциялық банкттер
Қарыз алушы туралы ақпарат
Активті және пассивті шоттар
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
Нарық жағдайында несие ресурстарының қалыптасуын талдау және оның тиімділігін арттыру бағыттары
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру туралы
БТА АҚ қаржылық қызметін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz