Ауырлатылған мән-жайлары бар кісі өлтіруді саралау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 7
1-тарау. ҚАРАПАЙЫМ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Кісі өлтірудің ұғымы . . . 10
- Кісі өлтіру қылмысының объектісі . . . 13
- Кісі өлтіру қылмысының объективтік жагы . . . 23
- Кісі өлтіру қылмысының субъективтік жагы . . . 31
- Кісі өлтіру қылмысының субъектісі . . . 43
2-тарау. АУЫРЛАТЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРЫ БАР КІСІ ӨЛТІРУДІ САРАЛАУ
2. 1. Кісі өлтіру қылмысының түрлері . . . 45
2. 2. Қылмыстың кодекстің 96-бабының 2-бөлігі бойынша ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 85
7
КІРІСПЕ
Қылмыстылық өзінше ашық жүйе ретінде қоғамның нәтижесі бола тұра, қоғамның өзіне де қарсы тұра алатын, оны күйрете алатын күйге жетті. Мысалга, соңгы қырық жылдагы қылмыстылық деңгейі 1960 жылдардагы орташа көрсеткішпен салыстырганда 1970 жылдары 25%-ке, 1980 жылдары (сол 60 жылдармен салыстырганда) 120%-ке, ал 1990 жылдары 293%-ке өскен. Ал соңгы екі онжылдықты салыстырганда 78%-ке өскендегі байқалады. Әрбір он мың халыққа егер 80 жылдары 62 қылмыстан келсе, 90 жылдары 124 қылмыстан келген.
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбының көкейкестілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам, құқықтық, демократиялық мемлекет болып, қалыптасу кезеңіндегі қажетті қорғаныстың маңызды функцияларымен байланысты. Қоғамдагы құқықтық реформаларды әрі жетілдіру мақсатында 2002 жылдың орта шенінде ’’Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының концепциясы’’ да жарық көрді.
Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқығымен бостандықтарын атайды. Ол өз азаматын туа біткен ажырамас құқығы мен бостандыгын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды оның өмірін, денсаулығын, басқа да игіліктермен заңды мүдделерін қауіпті қолсұғушылықтардан қорғау қылмыстық құқықтық міндеті деп танылган. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс - әрекеттерді қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.
Мұндай қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, ол адамның ең қымбат қазынасы оның өміріне қол сұғады. Адам өмірі өтелуге жатпайды, және де оган сай келерлік эквивалент немесе мүдде, құндылық жоқ. Адамның өміріне қарсы бағытталған қылмыстар аса қауіпті қылмыстар қатарына жатқызылған. Оның қауіптілік дәрежесі қылмыскер әрекетінің тікелей адамның өмірін қиюға багытталуы. Адам және оның өмірі басқа қоғамдагы игіліктерге қарағанда дәрежесі өте жоғары, оны басқа игіліктермен салыстыруға болмайды деуге болады. Сөз болып отырған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің ерекше болғанына қарамастан осы тұрғыда қылмыспен қарсы күрес жүргізуге қылмыстық құқық және социологияда заңды мәселелер мен пікірлер айтылган. Осы құрамды қылмысты саралау, оны ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату көп қиындықтар тугызады.
8
1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясында белгіленген, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандығын қорғауға құқылы.
Қылмыстық құқық теориясындагы әлі күнге дейінгі даулы мәселелердің бірі қажетті қорғану шегінен шыгып адам өлтіру кезіде келген зардап пен оның шегін анықтау болып табылады.
Мұндай кемшіліктер сот, тергеу тәжірбиесі ісі кезінде көптеп қателіктер жіберіледі. Біздің мемлекетімізде адам өмірін қорғауға барынша мән беріледі.
Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынгы Қазақстан халқына арнаган жолдауында қоғамдагы ең басты игілік - адам оның өмірі, денсаулыгы, бостандыгы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі - заң салалары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің басы жеке адамдарга қарсы бағытталған қылмыстар көрсетілген және оган жауапкершілік тағайындалған. 1959 жылгы КСРО қылмыстық кодексімен салыстырғанда қазіргі 1997 жылгы қабылданган қылмыстық кодексінде адам және оның құқықтары мен бостандықтарын жоғары бағалайды. Сол себептен қазіргі қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстармен басталады. Осы қылмыстарды жасагандыгы үшін ең қатаң жаза тағайындауда. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ең басты мақсаты болып адамдарды және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады
Соңгы кездердегі әлеуметтік өзгерістер, экономикалық дагдарыс, саяси өмірдегі тұрақсыздық және т. б. обьективті жаңалықтар еліміздегі қылмыстың күрт өсуіне себепкер болды. Бұндай келеңсіз құбылыс адам өміріне бағытталған қылмыстарга тән.
Адамға қарсы жасалынатын қылмыстардың ең қауіптісі - адам өлтіру.
Кез келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды.
Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге асырылады.
9
Жеке адамға қарсы қылмыстар Қазақ Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін ашып бастайды, осы бөлімнің бірінші тарауы болып танылады, және де алғашқы баптар адам өлтіруден басталады.
Барлық елдердің заңдарында адам өлтіру аса ауыр қылмыс болып саналады. Адам өлтіру құқықтық саралауды және жаза тағайындауды қарау барысында елеулі қиындықтар тудыратын қылмыстарға жатады.
Бұл қиындықтар осындай қылмыстарды жасау барысындагы әртүрлі ситуациялардың көп болуымен, өзінің ізін жасырудан қылмысқа тыңгылықты дайындалумен, бұл қылмыстардың нақты белгілерін теріс түсінуге алып келеді.
Өмірге қарсы қылмыстарды саралау мәселесімен және қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданумен мынадай қөрнекті галымдар - Шаргородский М. Д., Шестаков Д. А., Жижиленко А. А., Загородников Н. И., Бородин С. В. айналысты, олар қылмыстық құқық теориясының дамуына елеулі еңбек сіңірді.
Жұмыста адам өлтіру жауаптылыгының әртүрлі аспектілері, осы қылмыстарды саралау, адам өлтіру түрінің әртүрлі құрамының белгілерін ескере отыра қылмыстық заңдарды дұрыс қолдану шарты қарастырылады және олардың сараланған белгілері, тәжірибеден материалдар келтіріледі.
Жұмыстың объектісі жеке адамның өміріне қарсы қылмыстар, ал жұмыстың нақты заты жеке адамның өміріне қарсы қылмыстардың ішінде ауырлатылган мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері.
Жұмыстың мақсаты адам өлтіру қылмысының сараланған құрамының қылмыстық-құқықтық мәселелерін толықтай ашу. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында жұмыс мынандай міндеттерді алдына қояды:
- кісі өлтірудің түсінігін және белгілерін ашу;
- кісі өлтіру қылмысының сараланған түрлерінің әрқайсысының саралау ерекшеліктерін айқындау;
- сараланған кісі өлтірудің өзге ұқсас қылмыстардан ажырату.
10
1-тарау. ҚАРАПАЙЫМ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Кісі өлтірудің ұғымы
Адам құқығы туралы бүкіл әлемдік декларацияның 3-бабында: әрбір адам өмір сүруге, бостандыгына, жеке қолсұгылмаушылыққа құқығы бар -деп көрсетілген. Бұл құқықтарын шектеуге ешкімнің де құқықтары жоқ. Заңда көрсетілгеннен басқа жағдайларда адам құқығын шектеуге қандайда болсын негіз болуы тиіс емес. Сондықтан бұл құқық әр уақытта да заңмен қоргалады. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары үзілместей бір жалғаспалылықты білдіреді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің басты мақсаты болып адам мен азаматтардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау болып табылады. Осыған байланысты Республикамызда адам өмірі мен денсаулығын қорғауга байланысты біршама іс шаралар жүргізілуде. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қоргалады. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауга, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда әруақытта артықшылықтар берілген.
Адам өлтіруді қарастыруды бастамас бұрын адам өмірінің бастапқы және аяққы кезеңдерін анықтау қажет.
Адамның өмірі биологиялық көзқарас жагынан, заттар, тағам және бөлінудің тікелей алмасуынан тұрады. Осы функциялардың тоқтауымен адамның өмірінің тоқтауы да жүреді. Адам өмірі осы сөздің биологиялық ұғымы адамның өмірінің шегін анықтау үшін маңызы зор. Өмірдің пайда болуы туу процессінің басталуымен байланысты. Өмірдің аяқталуының табиги және заңды құбылысы болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі танылады.
Адам өлуі туындауының мәселесі медициналық әдебиеттерде даулы мәселе болып саналады. Авторлардың бір бөлігі адамның өлуі демалу және жүректің согуының тоқтау сәтінен туындайды дейді. Басқалары жүректің согуын өмірдің абсолюті емес дәлелдемесі деп санайды.
Бірақ бас миында және орталық нерв жүйесіндегі органикалық өзгерістердің әсерімен өлімнің туындауы талассыз екендігі мойындалған. Осы өзгерістердің туындалған уақытына дейінгі адам өлу кезенін клиникалық деп атайды.
Мынадай жағдай кездесуі мүмкін, клиникалық өлім туындаған кезден кейін тыныс алу және жүректің согуын қалпына келтіре отыра адамның өмірін қалпына келтіруге болады. Әсіресе соңгы жылдардагы медицина
11
ғылымы және реаниматология саласындагы тәжірибедегі жетістіктер. Бір сәттік құбылыс ретіндегі қатынастардың өзгеруіне көмектесті.
Адам өлімінің туындауы жөнінде тек биологиялық өлім ғана куаландырады, яғни агзаның біртұтастық ретіндегі қалпына келмейтін өлу жағдайы, жүрек қызметінің тоқтауы ірі артериялар согуының жоғалуы тыныс алудың тоқтауы, орталық нерв жүйесі функциясының жойылуын айтамыз.
Өмірден құқыққа сай айыруга, бақытсыздық жағдайга және өзін-өзі өлтіруге қарағанда, адам өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінде көзделген құқыққа қайшы іс-әрекет ретінде қарастырылады. Кінәнің болмауына байланысты құқыққа сай адам өмірін айыру және бақытсыздық жағдайында өлуді адам өлтіруге жатқызбас үшін С. В. Бородин былай деп санайды: адам өлтіруді анықтау барысында өмірдің кінәлі айыруына баса көңіл аудару қажет деп санайды. Өзін-өзі өлтіруді ажырату үшін басқа адамның өмірін айыру жөнінде сөз болуы керек.
Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1 бөлігінде адам өлтіру ұғымының анықтамасы берілген, онда осы бап бойынша, адам өлтіру деп құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады және қылмыстың ұғымын нақты береді. Осы үгымнан мынаны анықтауға болады, адам өлтіру деп басқа адамға қасақана қаза келтіруді айтамыз. Яғни адам өлтіру тек қасақаналықпен жасалынады, ал абайсыздықта адамға өлім келтіру зерттеудің басқа объектісін құрайды.
М. Д. Шаргородский өз монографиясында адам өлтіруге сонымен бірге тек басқа адамға қаза келтіруді жатқызады, абайсызда адам өлтіруді ол осы ұғымның шегінен тыс қалдырады Бұл жерде бірқатар авторлар адам өлтірудің ұғымын толық емес деп санайды. С. В. Бородин былай деп жазады: «Адам өлтірудің заң анықтамасында, біздің қөзқарасымызда іс-әрекетті» құқыққа қайшы және кінәлігіне нұсқауы жетпейді деп атайды» /1, 13Б/.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 96-бабында айтылгандай кісі өлтіру- басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп жариялайды. Кісі өліру қылмысы қоғамга қауіпті, қылмыстық құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Қоғамга қауіпті дегеніміз демократиялық қоғамдық қатынасқа қауіпті болуын айтамыз. Кез - келген басқа адамға қасақана қаза келтіру жауаптылық көздейтін қоғамга қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы болып табыла бермейді. Әскери согыс уақытында, қажетті қоргану жағдайында, өлім жазасына кесілген сот үкімін орындау жағдайында кісі өлтіру үшін жауаптылық жоқ. Кейбір авторлар
12
анықтамасында кісі өлтіруді «қоғамга қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады.
Талданып отырган топқа жататын көпшілік қылмыстар кісі өлтірумен байланысты, яғни әрекет немесе әрекетсіздік арқылы адамның өмірін заңсыз қию болып табылады. Кісі өлтіру қылмысы кезінде адам өзінің құндылыгы өмірінен айырлады. Заң адамды қоғамга қандай да болсын пайда әкелетіне қарамай бірдей қоргайды. Қарт адамның өмірі және жас баланың өмірі, талантты адамның өмірі, галымның өмірі мемлекетпен багаланып, бірдей дәрежеде заңмен қоргалады. Кісі өлтіру қылмысы нәтиежесінде айналасындагы адамдарга моральдық немесе материалдық зиян келуі мүмкін. Кісі өлтіру қылмысының қоғамдық қауіптілігі анықтаганда осы қылмыстан туындаган салдар өтелуге, орның толтыруга мүлдем болмайды. Туындаган шыгынның тең келерлік орның ауыстыралық эквиваллент жоқ. Адамның өмірі қоғамның, мемлекеттің, азаматтардың манызды құндылыгы, оган сай келерлік мүде жоқ. Кісі өлтіру қылмысы жасалу кезінде қылмыскердің әрекеті ниеті адам өлтіруге тікелей багытталады. Кісі өлтіру қылмысы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалуы мүмкін. Көп жағдайларда әрекет арқылы жасалады, яғни басқа адамның өмірлік маңызды органының анатомиялық тұтастыгын немесе функциясын бұзуга багытталады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыс қарапайым кісі өлтіру деп аталады. Бұл қылмыста кісі өлтірудің сараланған және сараланбаган түрі жоқ. Яғни бұл қылмыста сараланған немесе жеңілдетілген мән - жайлар жоқ. Бұл қылмыс жасалу кезінде ауырлататын немесе жеңілдететін белгілердің болмауы. Дегенмен заңда қарапайым кісі қлтіру қылмысы туралы нақты көрсетілмеген. Кісі өлтірудің ауырлатылган немесе жеңілдетілген түріне жатпайды.
13
1. 2 Кісі өлтіру қылмысының объектісі
Әрбір жеке адамның өмірі - ол адам өміріндегі айтарлықтай маңызды болып табылады. Себебі адам өмірі - оның негізгі құндылыгы. Осыған байланысты адам өмірін қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен қоргалатын қоғамдық қатынастар танылады.
Қазақстандық құқық гылымы ҚР КСРО ыдыраганша оның құрамында болып келгендіктен, сол Кеңестік құқық гылымының оган дейінгі жеткен ортақ жетістіктерін мұралап, енді өз желісімен дамып келе жатқандыгы аян. Ал Кеңестік қылмыстық құқық өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ қылмыс объектісі ретінде, оган дейін әр түрлі көзқарастар болса да, Марксизм идеяларын жалгастырып, қоғамдық қатынастарды таныган еді.
А. А. Пионтковскийдің 1925 ж. жарық көрген “Қылмыстық құқық” оқулыгында “қоғамдық қатынастарды” қылмыс объектісі ретінде атап өтеді /2, 129-130Б/.
Шынында да, Қазан төңкерісінен бұрын бұл тұргыда Ресей мен шет ел гылымында әр түрлі пікірлер орын алған еді. Мысалга, Ресейдің төл галымы Н. С. Таганцев “шынайы болмысындагы құқық нормасын” таныды. Оның осы сөзін тарата келе, А. В. Наумов “Таганцев шынайы болмыстагы құқық нормасы деп қылмыстық құқық арқылы қол сұғушылықтан қоргалатын игіліктің (мүдденің) шынайы мазмұнын көрді” /3, 149Б/, -деген қорытындыга келеді.
Ал Н. С. Таганцев енді бір жерінде, қылмыстың мәні қылмыскердің шынайы құқыққа ие адамға зиян әкелгенінде емес, мемлекеттің талабын бұзуга еркінің жеткендігінде, зиян келтіру қылмыстың мәні емес, амалы ғана, “сондықтан да қылмыстан құқық үстемдігін қорғаушы ретінде қашан да мемлекет зардап шегеді. Қылмыс объектісі деп шынайы игіліктер мен мүдделерді танысақ біз қандай да бір игіліктер мен құндылықтарды жою заңсыз болып табылмайтын әрекеттердің құқықтық табигатын түсіндіре алмаймыз” /4, 175Б/ дегенді айтады. Яғни, игіліктер мен мүдделер қылмыс объектісіне айналуы үшін олардың міндетті түрде мемлекет қоргайтын құқық нормаларымен қамтылуына сілтейді.
Сондай-ақ мүдде мен оның құқықтық формасының бірлігі туралы ой толгамдарды Е. І. Қайыржановтан да кездестіреміз (ол туралы төменде баяндалады) .
14
Сол сияқты шетел және төңкерістен бұрынгы Ресей әдебиеттерінде қылмыс объектісі деп тұлғаның субъективтік құқығын (А. Фейербах), қоғамның дұрыс қызмет ету шарты ретінде құндылықтарды (К. Биндинг), құқықтық нормамен қоргалатын өмірлік мүдделерді (Ф. Лист), құқықтық игіліктерді (Х. Уелрел), парыз бен оның көрінісі қатынасты (И. Я. Фойницкий) танитын пікірлер орын алды.
Қазіргі заманның Қазақстандық (және ТМД елдерінің) қылмыстық құқығында “қылмыс объектісі қоргалатын қоғамдық қатынастар” деген пікір жалпылама қабылданган ереже болганымен, Кеңес дәуірінің өзінде де бұган өзіндік әр қосушылар мен сын айтушылар болды және әлі де бар.
Айталық, В. Г. Смирновтың ойы бойынша “құқықтық тәртіп шын мәніндегі қоғамдық қатынастардың өзінше бір “құқықтық қабыгы” ретінде қылмыс және басқа да құқық бұзушылық кезінде белгілі бір зардап шегеді, осы тұргыдан келгенде ол қылмыстық -құқықтық қорғау мен жалпы құқықтық қорғау объектісіне енуі тиіс /5, 15Б/. Өз сөзімен айтсақ, “Бұл ұғымның дәл магынасында қылмыстық қол сұғушылық объектісі деп тек қана социалистік қоғамдық қатынастарды ғана емес, олардың қамтамасыз етілу шарттарын да”, яғни құқықтық тәртіпті де тану керек. Құқықтық тәртіп (құқықтық шарттар) нақты қоғамдық қатынастардың құрамына енбейді, сол себепті қылмыстық құқықтық қорғау объектісінің айрықша бір құрамдас элементі болып табылады /6, 51-55Б/.
Сол сияқты, М. И. Федоров та қылмыс объектісі деп тек қана қоғамдық қатынастарды емес, сонымен қоса, құқық нормасын да тануды ұсынады /7, 181Б/.
Бұган А. А. Исаев құқық нормасының мазмұны оган берген түсініктемесіне қарай өзгеріп отыратын тұрақсыздыгын алга тартып, сондай-ақ барлық қоғамдық қатынастардың құқық арқылы реттелмейтінін келтіре отырып, келіспейтіндігін баяндайды /8, 153Б/.
Ал Е. І. Қайыржанов болса, қылмыс объектісінің материалдық және формальдық жақтарын ажыратады. Материалдық жагы қоргалатын мүдде болса, формальдық жагы - ол мүддені бүркеп, қоргап тұрган құқықтық норма. “Құқықтық қорғаусыз құқықтагы мүдде жоқ. Сондай-ақ олар қоргайтын әлеуметтік құнды мүддесіз құқық, нақты құқықтық нормалар жоқ”, - дейді Е. І. Қайыржанов, оның ойынша, - “қылмыстың объектісін анықтау үшін. кез келген жеке жағдайда екі түрлі өзара байланысты мәселеге тоқталуга тура келеді. Біріншіден, кімнің қандай мүддесі. ? Және, екіншіден, қандай құқықтық норма. . бұзылды?” /9, 57Б/.
15
“Формальдық тұргыдан қылмыс объектісі болып құқықтық норма шыгады. Бірақ бұл жәй беткі . . . жагы ғана. Объектінің негұрлым терең мазмұнды жагы, мәнісі немесе қоғамдық құндылыгы қоғам мен мемлекет атынан. қоргалатын мүддеде, қоғамның. материалдық не моральдық игіліктерінде жатыр” /10, 68Б/.
“Мүдде қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұра, өз кезегінде, өзінің құқықтық формасымен жанамалануы, рәсімделуі, киінуі керек”, әйтпесе қылмыс объектісі емес /11, 95Б/. Е. І. Қайыржанов, сондай-ақ, объект турасындагы академик М. Т. Баймахановтың, құқық бұзушы осы екі жақты объектіге (қоғамдық қатынастар мен оны қорғаушы заң) зиян келтіреді деген сөзін ат-үсті айтып өтеді /12, 290-291Б/.
Н. И. Коржанский болса, нормативистік теорияга өз қарсылыгын былайша білдіреді: біріншіден, қылмыс кейде құқық нормаларымен реттелмеген қоғамдық қатынастарга (кейбір жыныстық қатынастар, қоғамдық тәртіп) қол сұгады, екіншіден, қылмыстық-құқықтық қатынастар қылмыс жасаудан бұрын өмір сүрмейді, сол сияқты бұл қатынастардың объектілері де одан бұрын өмір сүре алмайды. Ал қылмыс объектісі, керісінше, әрқашан қылмыс жасаудан бұрын өмір сүреді /13, 26Б/.
Біз өз тарапымыздан нормативистік теорияны қолдамаганымызбен, соңгы пікірге қосар ойымыз да бар. Н. И. Коржанский айтатын “құқықтық реттелмеген” кейбір жыныстық қатынастардың өзі ҚК-те аталып өтсе (қылмыс хақында), соның өзі оны қорғаумен қатар реттеп өтеді. Демек, ненің жасалуга тиісті емес екенін білген соң, ненің (қандай әрекеттің) жасалуы мүмкін екені шыгады. Ал бұл реттеу емес пе ?!!
Бұдан шыгатын қорытынды - құқықтың аясына енбеген айдаладагы нәрсеге қылмыстық қолсұгылады деу қиыспайды.
Кейбір авторлар қоғамдық қатынастардың қылмыс объектісі екендігін айта отырып, объектіні нақтылауга көшкенде “мүмкіндікке” қарай ауысып кетеді (Б. С. Никифиров, А. Е. Фролов, Н. И. Коржанский т. б. ), оның да себебіне өз кезегінде ораламыз.
“Қоғамдық қатынастарга” соңгы жылдарда сүбелі қарсылықты А. В. Наумов білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды “тек қоғамдық қатынастардың жиынтыгы” деп түсіну өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі, адамның биологиялық тіршілік иесі ретіндегі абсолюттік құнын төмендетеді. Сондықтан да А. В. Наумов қоғамдық қатынастар иедеясынан бас тартып, XІX гасырдың аяқ шенінде қылмыстық
16
құқықтың классикалық және социологиялық мектептерінде іргесі қаланган “құқықтық игіліктер” теориясына оралуга шақырады /14, 147-149Б/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz