Теориялық экология


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
1. Теориялық экология нені зерттейді?
2. Ағзаға әсер етуші экологиялық факторлардың негізгі зандылықтарын. Қандай факторлар шнктеуші болып табылады?
3. Экожүйенің энергиялық байланыс. Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтер айналымы. Қоректену тізбектері және трофикалық деңгейлер қолдану жүесі.
4. Тірі заттың тасмалдау қызметі.
5. Ауыз, мәдени тұрақты және барлық шаруашылықтарының су қойылатын жалпы талаптарды атаңыз
6. Антропогенді жолмен пайда болатын және ауаға тарайтын газдарды атаңыз.
7. Шөлдену дегенде нені түсінесіз?
1. Теориялық экология нені зерттейді?
Экология (грекше oikos-үй, тұрақ, мекен, logos-ғылым) "мекен еткентабиғи орта туралы білім” деген мағынаны білдіреді. Шынында да экология қоршаған ортаның тавзалығын сақтау, яғни салауатты өмір қалпын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен қатар экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себеін анықтау, баға беру, оның зиянды жақтарын алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы "экология” терминін неміс биологі Э. Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген.
Экология - тірі организмдердің бір-бірімен карым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми-техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетін байланыстырыла атылып, оның аясы кеңейіп түсуде.
Қазақстан полигондары
Республикамыздың аудандарында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының шамамен 19 млн га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т. б. полигондар алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдерді салыстырсақ, Ресейде -225, АҚШ-та -1032, Қазақстанда 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккенін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан және Пәкістанда да сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне, дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр(Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар
2. Ағзаға әсер етуші экологиялық факторлардың негізгі зандылықтарын. Қандай факторлар шнктеуші болып табылады?
Ағза - француздың - organisme, латынша - organiso - құрамын, сыртқы құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді.
Кең көлемде алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз, бір-бірімен байланыста болатын және бір-біріне бағыныңқы болатын элементтерден тұратын және олардың өзара байланыстары мен құрылысы біртұтас құрылымды беретін биологиялық жүйе болып саналады.
Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер) ғана емес, колониямен өмір сүретін (колониялы ағзалар), отбасы (жануарлардағы), популяция, биоценоз және тағы басқаларда кіреді.
Қысқаша алғанда, ағза-дара, индивидиум, «тірі дене».
Тіршілік ортасы -ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыстағы бөлігі. Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді, тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады. Ағзалардың ортаға бейімделушілігі - адаптация деп аталады.
Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген бөліктері мен құрылымы - экологиялық факторлар деп аталады. Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады.
Абиотикалық факторлар- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т. б.
Биотикалық факторлар - бұл тірі денелердің бір - біріне тигізетін әсерлері.
Антропикалық факторлар - адамның табиғат компоненттеріне әсер еткен іс-әрекеті (оңды немесе теріс әсерлер) .
Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың әсер етуші жалпы заңдылықтары:
1. Оптимум Заңы.
2. Әсер етуші фактордың түрлі функцияларға әсерінің бір жақты болмауы. 3. Өзгергіштік, вариабелділік және түрдің жеке даралардың орта факторларының әрекетіне жауап қайтару реакциясының әр түрлі болуы.
4. Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір - бірімен байланыссыз, өз бетінше бейімделуі.
5. Жеке түрлердің экологиялық спекторы төмендемейді. Әр түрдің өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар.
6. Факторлардың өзара байланысы.
7. Факторларды шектеу ережелері.
Негізгі абиотикалық факторды және ағзаның оған адаптациялануын қарастырайық.
Жарық . Күн сәулелерінің спекторының әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді:
Көрінетін жарық өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет. Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі.
Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге (УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері қауыпті, ал аз мөлшерде көптеген түрлерге - өте қажет. Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахитік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің күюін (терінің қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 750 нм. -ге жететін ұзын толқындар ағзаны жылулықпен қамтиды.
Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі:
1) . Хлорофиллдің пайда болуы (фотосинтез) .
2) . Лептесіктердің жұмысын қалыптастырады (газ алмасу және транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады, ақуыз және нуклеин қышқылдарының биосинтезін жақсартады.
3) . Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне және өсімдіктің дамуына әсер етеді, жемісберу мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді.
Жарыққа байланысты болатын экологиялық топтар:
1. Жарық сүйгіштер (жарықтағы) - гелиофиттер.
2. Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) - сциофиттер.
3. Көлдеңкеге төзімділер - факультативті гелиофиттер.
Жануарлар үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға, көруге ғана қажет.
Температура. Тіршілік үшін қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С -қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың нормадағы құрылысы және қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден тыс температура мөлшерінде де тіршілік ете алады:
1. Криофилдер -суықты қажет ететін түрлер.
2. термофилдер - керісінше, жоғары температураны қажет етуші түрлер.
Өсімдіктердің температураға адаптациялануы:
Төменгі температураға :
1. Суыққа төзімсіздер. 2. Аязға төзімсіздер. 3. Мұзға төзімділер (аязға төзімділер) .
Жоғарғы температураға :
1. Салқынға төзімділер. 2. Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3. Ыстыққа төзімді прокариоттар.
Жануарлардың температураға адаптациялануы :
1. Химиялық терморегуляция. 2. Физикалық терморегуляция. 3. Ағзалардың өзін -өзі көрсетуі.
Ылғалдылық. Су - барлық ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдай.
Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары.
Гидатофиттер - суда толығымен немесе біршама бөлігімен тұрып өсетін өсімдіктер.
Гидрофиты - құрлық -су өсімдіктері, олардың көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.
Гигрофиттер - құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі.
Мезофиттер - аздаған және өте шөлді жерлерде өсетін өсімдіктер.
Ксерофиттер - ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.
Суккуленттер - бойына шырын жинаған шырынды өсімдіктер, оларда суды паренхималары мен түрлі органдарында жинау қабілеттері бар.
3. Экожүйенің энергиялық байланыс. Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтер айналымы. Қоректену тізбектері және трофикалық деңгейлер қолдану жүесі.
Табиғи экожүйелер әртүрлi көлемдi бола алады: тоған, мұхит, шалғындық, тайға, дала - әртүрлi көлемдi экожүйенiң мысалдары. Кез келген экожүйенiң тiрi бөлiгi - биоценоз және оның физикалық айналасы бар. Майда экожүйелер үлкендерiнiң құрамына кiредi. Бiздiң планетадағы жалпы биологиялық зат алмасу жеке алмасулардың өзара әсерлерiнен түзелiдi.
Экожүйелер зат алмасумен қажеттi 4 құрамдас бөлiктi бiрiктiрудi қамтамасыз ете алады: биогендi элементтер және заттар қоры және продуценттер, консументтер мен редуценттер.
Продуценттер - биогендi элементтерден органикалық зат жасайтын, яғни күн энергиясын пайдалана отырып, биологиялық өнiм жасайтын жасыл өсiмдiктер.
Консументтер - осы органикалық заттарды пайдаланып, жаңа түрлерге айналдырушылар. Олар әдетте жануарлар. Бiрiншi реттi косументтер - өсiмдiкқоректi түрлер және екiншi реттi консументтер - етқоректi жануарлар.
Редуценттер - органикалық қосылыстарды минералдарға дейiн ыдырататын организмдер. Редуценттердiң ролiн биоценозда негiзiнен саңырауқұлақтар мен бактериялар және өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарын өңдейтiн майда организмдер.
Экожүйелердiң тұрақтылығының негiзгi принципi - энергия ағыны көмегiмен жүретiн зат алмасу - Жердегi тiршiлiктi үздiксiз қамтамасыз етедi. Осы принцип бойынша тұрақты жасанды экожүйелер, су немесе басқа ресурстар жинақталатын өндiрiстiк технологиялар ұйымдаса алады. Биоценоздардағы организмдердiң келiскен қызметiн бұзу экожүйелердегi зат алмасудың өзгерiстерiне әкеп соқтырады. Бұл топырақ өнiмiнiң азаюының өсiмдiктер өнiмiнiң төмендеуiнiң, жануарлар өнiмдiлiгi мен өсуiн тоқтатудың, табиғи ортаның бiртiндеп бұзылуының негiзгi себебi болады.
4. Тірі заттың тасмалдау қызметі.
Тірі жүйелердің сыртқы және ішкі әсерге (өзгерістерге) жауап қайтара алу қасиеті. Адам ағзасындағы тітіркенгіштік көбінесе жүйке, бұлшықет және безді ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Бұлар жүйке серпілісі, бұлшықет жиырылуы немесе заттар секрециясы (сілекей, гормондар, т. б. ) түріндегі әрекетке жауап қайтару арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі жоқ тірі ағзаларда тітіркенгіштік қозғалыс кезінде көрініс береді. Мәселен, амебалар немесе домаланғылар (вольвокс) концентрациясы жоғары тұзды қолайсыз ерітіндіден кетіп қалады. Ал өсімдіктер жарықты молырақ сіңіру үшін өркенінің қалпын өзгертеді (жарыққа ұмтылады) .
Қозғалыс (қимыл) - орын ауыстыра алу қасиеті. Бұл да тірі нәрсеге ортақ қасиет, дегенмен бір қарағанда бекініп орныққан ағзалар қозғала алмайтын тәрізді болып көрінеді. Кез келген тірі ядролы (эукариотты) жасушада цитоплазма қозғалыста болады. Тіпті бекініп орныққан жануарлар әдетте аздап қозғалыс жасайды. Өсімдіктерге «өсу» қимылы тән қасиет, ол жасушалар саны мен мөлшерінің ұлғаюы есебінен жүзеге асады.
5. Ауыз, мәдени тұрақты және барлық шаруашылықтарының су қойылатын жалпы талаптарды атаңыз
Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығы
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесiн ұстау мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
2) "Орталықтандырылған ауыз суымен жабдықтау жүйесiнiң сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
3) "Орталықтандырылған жер бетi суын ластаудан қорғау жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi А. А. Белоногқа жүктелсiн.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жерасты су көздерінің СҚА-да мынадай шаралар жүргізіледі:
1) тығындау (консервілеу) немесе барлық ескі қолданылмайтын, ақаулы немесе дұрыс пайдаланылмайтын, сулы қат-қабат ластану мүмкіндігін келтіретін ұңғымаларды анықтау;
2) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының оң қорытындысы болған кезде, кеннің үстіңгі қабатының бұзылуына байланысты жаңа ұңғымаларды бұрғылау;
3) объектілердің аумағын санитариялық абаттандыру бойынша шаралар ұйымдастыру (кәріздеумен, су өткізбейтін күресіндер қондырғылары, жер бетіндегі суағарларды бұруды) .
130. СҚА-нда:
1) жер асты қат-қабаттарына пайдаланылған суларды құю, қатты қалдықтарды және жер қойнауын қазуды қоймалау;
2) бейіттерді, мал қорымдары, ассенизациялау өрісі, сүзілу өрісі, көң қоймалар, сүрлеме орлар, мал шаруашылығы және құс өсіретін шаруашылық субъектілері және жер асты суларының микробтық, химиялық ластану қауіпіне себепші болатын басқа да нысандарды орналастыру, тыңайтқыш және улыхимикаттарды пайдалану; орманды кесу;
3) жанар-жағар май материалдары, улыхимикаттар және минералдық тыңайтқыштар, шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ақаба сулар жинауыштар, шламқоймасы және басқа объектілерге жол берілмейді.
Жерүсті су көзінің суымен жабдықтаудың СҚА аумағын және сутартқыштардың санитариялық-қорғаныш жолақтарын күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
СҚА-нда судың сапасына әсер көрсететін ағынды сулар, соның ішінде су көлігінің ағынды сулары, сондай-ақ шомылу, кір жуу, мал суаты, суды пайдаланудың басқа түрлеріне жол берілмейді.
- Сумен қамтамасыз ететін жер үсті көзінің СҚА бірінші белдеуінің аумағында осы санитариялық ережСу қорын тиімді пайдалану жолдары
Адамның негізгі қажеттерінің бірі - таза және қауіпсіз су. Барлық адамзат үшін таза судың жетіспеуі 20 % құрайды. Жылдан жылға әртүрлі заттармен ластанған су объектілерінің саны көбейіп барады. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Ол барып табиғи судың сапасын жақсартатын гидробионттардың өмірін қиындатады.
Судың сапасы дегеніміз - шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, балықшаруашылығы және техникалық қажеттілікті анықтайтын судың құрамы мен қасиетінің сипаттамасы.
Ауыз су эпидемиологиялық тұрғыдан және химилық құрамы бойынша қауіпсіз, органолептикалық қасиеттері жағынан қолайлы болуы керек.
ҚР судың сапасы 2. 1. 4. 559-96 МеМСТ сай болуы керек.
Судың сапасының физикалық көрсеткіштері: температура, лайлығы, концентрациясы және тағы басқалары жатады.
Судың биологиялық көрсеткіштерінің бірі − коли-индекс, бұл 1 литр судың көлеміндегі ішек таяқшаларының саны. Бұл көрсеткіш бойынша табиғи сулар бес түрге бөлінеді: өте ластанған − коли-индексі 10 000 -нан көп, ластанған 1000 -нан көп, аз ластанған - 100-ден көп, қанағаттанарлық - 10-нан көп, жақсы - 3-тен аз. Тағы бір көрсеткіші − коли-титр: бір ішек таяқшасы болатын судың миллилитрмен өлшенген көлемі − 300 мл кем болмауы керек.
енің 31, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар жүргізіле алады.
6. Антропогенді жолмен пайда болатын және ауаға тарайтын газдарды атаңыз.
Антропогенді әрекет - адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті.
Антропоген дәуірі - жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.
Антропогенді ландшафт - адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт.
Антропогендік фактор - ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті.
Антропогендік фактор - (грек сөзі-anthropos-адам, denesis-шығу тегі) - айналадағы ортаға адамның тигізетін ықпалы. Адамдардың іс-әрекеттерімен атмосфераның құрамы мен режимі өзгеріп, өзен көл, теңіз, мұхиттардың сулары ластанады. Радиоактивті элементтер топырақты бұзса, барлық экожүйені адамдар бұзады. Адамзат баласы өсімдік әлеміне елеулі өзгерістер енгізіп, көмір қышқыл газының көбейіп кетуіне, оттектің азонына ықпал жасайды. Тропикалық өсімдіктерді отағандықтан атмосфераның химиялық құрамы өзгеріп, адамзат баласының тіршілік етуіне қолайсыз жағдай туып отыр. Жер шарындағы оттектік көбеюіне, көмір қышқыл газының азаюына тропикалық өсімдіктер айтарлықтай рөл атқарады. Биосферадағы бір түр жойылатын болса, онда онымен байланысты екінші түрде жойылып кетеді. Экожүйенің бұзылуына өрт, кенеттен сел жүріп, жер сілкіну және тағы басқадан табиғат аппараттары өте үлкен әсер етеді. Биосфераның химиялық элементтері мен пестицидтермен, гербицидтермен және басқада улы қосылыстармен ластануы. Биосфераның өзгеруі фитомасса мен зоомассаларды биосфералардан мөлшерден тыс ала беруден болады. Сол себепті экожүйелер түпкілікті түрде өзгеріске ұшырап кетеді.
7. Шөлдену дегенде нені түсінесіз?
Шөлденуге қарсы күресу БҰҰ конвенциясы мәліметтері бойынша әр жылы Қазақстан топырақтарында қарашірінді мөлшері азайғаннан келетін зияны 2, 5 млрд. америкалық долларын құрайды, ал эрозиядан келетін зияны 779 млн. доллармен бағаланады.
Б. Г. Розанов айтуы бойынша шөлдену бұл топырақтардың өсімдіктермен қалпына келмейтін өзгеріс үрдістері және биологиялық өнімдіктің төмендеуі, келешекте бұндай жағдай биосфераның толық бұзылуына алып келуі мүмкін. Әлемде барлық құрлықта 1 млрд, гектар жер шөлейттенуге ұшыраған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz