Микроскопия түрлері


Микроскопия түрлері
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Микроскопиялық зерттеулер үшін микроскоптың түрлері
б) Күңгірт жазықтықты микроскопия.
в) Фазалы-контрасты микроскопия.
г) Люминесцентті /немесе флюоресцентті/ микроскопия.
д) Электронды микроскопия
е) Анаптральды микроскопия.
д) Интерференциялық микроскопия.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Микроскоп
(грек. mіkros - ұсақ және skopeo - көремін) - жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т. б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0, 1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т. б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0, 2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р. Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 - 77) голланд ғалымы А. Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 - 73 жылы неміс ғалымы Э. Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.
Микроскоптың түрлері (типтері)
Қолдану облыстарына не болмаса бақылау әдістеріне байланысты анықталады. Биологиялық Микроскоп микробиологияда, гистологияда, цитологияда, ботаникада, медицинада зерттеулер жүргізуге, ал физикада, химияда, т. б. мөлдір денелерге бақылау жүргізуге арналған. Биологиялық зерттеулерде осымен қатар люминесценттік және инвертирленген Микроскоптар қолданылады. Металлографикалық Микроскоп - металдар мен қорытпалардың микроқұрылымын зерттеуге; поляризациялық Микроскоп - қосымша поляризациялық қондырғылармен жабдықталған және негізінен минералдар мен кендердің шлифтерін зерттеуге; стереомикроскоптар - бақыланатын заттардың көлемді кескіндерін алу үшін; өлшеуіш Микроскоптар - машина жасау саласында дәл өлшеулер жүргізуге арналған. Аталғандардан басқа арнайы Микроскоп да бар: фотоэмульсиядағы ядролық бөлшектердің іздерін анықтайтын Микроскоп; 2С-қа дейінгі қыздырылған нысандарды зерттейтін Микроскоп; операцияларда қолданылатын хирург. Микроскоп, интерференциялық Микроскоп.
Микроскопиялық зерттеулер
Микроскопиялық зерттеулер үшін микроскопиялық бірнеше типі (биологиялық, люминесцентті, электронды) және арнайы түрлері қолданылады (фазалы-контрасты, күңгірт жазықтықты) . МБР-1, МБИ-2, биолам Р-1 және басқа биологиялық микроскоптар микроорганизмдердің құрылысын, формасын, өлшемін зерттеуге арналған. Микроскоп 2 бөлімнен тұрады: оптикалық және механикалық. Оптикалық бөліміне объектив жатады. Олар фронтальды және коррекциялы линзадан тұрады. Олардың көмегімен объекті үлкейтіп коррекциялайды. Объективтер құрғақ және иммерсионды болып бөлінеді. Иммерсиялық микроскоптың үлкейту күші, 0, 2 мкм. Микроскоптың жалпы үлкейту объектив пен окулярдың көбейітіндісінен шығады. Препаратты иммерсиялық объективін микроскопиялаудағы тәртібі:
- Боялған дайын жұғындыға, иммерсиялық май тамызып, дайын препаратты бұйым үстелшесіне қою керек.
- Иммерсиялы объективті 90-ға (100) қою.
- Микроскоп тубысын жайлап тамшыға тигенше төмендету керек.
- Макрометриялық винттің көмегімен фокусты жобалап қояды.
- Макрометриялық винттің көмегімен фокусты дәлдеп қояды.
Күңгірт жазықтықты микроскопия. Күңгірт жазықтықты микроскопия Тиндаль эффектісіне негізделген (өте ұсақ бөлшектерін сұйықтықта жанынан қарау арқылы сәуленің дифракциясына негізделген. Оған кәдімгі конденсор емес, параболоид немесе кардиоид-конденсор қолданылады. Жанынан келген сәулелер объективке түспейді, сол себептен көру алаңы күңгірт болып тұрады. Объективке объектті түсу арқылы көрінеді) .
Фазалы-контрасты микроскопия. Фазалардың өзгеруіне байланысты негізделген, күн сәулесі мөлдір /фазалы/ объектілерден өтіп барып, ол объектілер микроскопта көрінеді. Бұл кезде көрінетін жоғарғы контрасты позитивті объекттің күңгірт көрінісі жарық көру алаңында немесе негативті /жарық көрініс күңгірт алаңында көрінеді/.
Люминесцентті /немесе флюоресцентті/ микроскопия. Фотолюминесценцияға негізделген /объектінің сәуле әсерінен жарқырату/, люминесценциялы объектіге алдын ала бояу /екіншілік объектіні люминесценция шақыратын-флюрохром арқылы бояйтын түрлері бар. Бұл микроскопияның артықшылығы зерттейтін материалда тірі және аз мөлшердегі микроорганизмдерді көру.
Электронды микроскопия. Сәулелі микроскоппен көре алмайтын объектілерде көру үшін қолданылады. /вирустар, макромолекулалық құрылымдар, субмикроскопиялық құрылымдар/. Жарық сәулесінің орнына электрондар толқынын қолданады, олар ұзындығы 0, 005 нм, ол 100 000 есе жарық сәулесінен қысқа. Электронды микроскоп 0, 1-0, 2 нм өлшемді объектілерді көруге рұқсат етіледі, яғни 100 есе үлкейтіп көрсетеді. Электронды микроскопты 1951 жылы неміс ғалымдары Девиссон мен Калбин құрастырған. Электрондық микроскоптың көру, анықтау кабілеті өте жоғары. Электрондық микроскоп жарық микроскопына карағанда 100 000 есе үлкейтеді. Қазіргі электронды микроскоптың көрсеткіштік кабілеттілігі 0, 1-0, 3 нм-ге дейін жетеді. Объектіні 150 000 есеге дейін үлкейтеді. Клетканың барлық ультрақұрылысын молекулалық деңгейде зерттеуге мүмкіншілік береді.
Электрондық микроскоптың кұрылысы жарық микроскопына ұқсас, сәулелерінің ролін электр тогімен қыздырылған вакуумда орналаскан вольфрам жібінен тарайтын электрондар тасқыны аткарады, өйнек лин-заларының орныңца электромашитгер болады. Жарық микроскопының обьективі мен окулярьша электрондық микроскопга машипік катуш-калар сәйкес келеді.
Электрондық микроскопта міндетті түрде вакуум болуы кажет, себебі ауада элекгрондар алыска кете алмайды, оттегі, азот немесе көмір қышқыл газы молекулалармен кездессе, олар бөгеліп өз жолын өзгертіп шашырап кетеді. Электрондар таскынының бағытын кажетіне карай куатгы электр немесе машит өрісімен өзгертуге болады.
Электрондардың жылдамдығын үдетсе электроңдық микроскоптың шешуші кабілеті артады. Техникалық тұрғыдан казіргі кезде бұл киьн мәселе емес. Токтың кернеуі 4-100 000 вольт болса, электрондар жылдамдығы секундына 200 000 км-ге дейін жетеді.
Препарат тығыз болса көрінбейді. Ең кішкене клетканың, мысалы бактериялық клетканың көлденең кесіндісі 1 мкм. Мұңдай калыңдықтан еш-бір электрон өте алмайды. Сондықтан экранда кара дақ кана пайда болады. Зерттелетін клетканы өте кішкене бөліктерге бөлу кажет. Мүндай кесінділердің калыңдығы 100 нм-ден аспауы керек. Өте жұқа кесінділерді ультрамикротомдармен дайындайды Электрондық микроскоппен зерттеу үшін ұлпалар бөліктерін жарық микроскопымен зерттегендей өндеуден өткізеді. Бекітуді ерекше ұқыптылықпен жүргізу керек, себебі микромолекулалық деңгейге дейнгі клетканың құрылысын сақтау қажет.
Көбінесе екі рет бекітуден өткізеді, алдымен глутаральдегидте немесе формальдегидте, кейін осмий ангидртгінің ерітіндісінде бекітеді. Сіңіру ортасы ретінде жасаңды смола аралдит немесе эпон қолданылыады. Калыңдығы 50-100 нм кесіңдіні әйнек немесе алмаз пышақтармен дайындайды. Зерттелетін обьектінің көрінісі элекгроңдарга сезімтал фотопластинкаға немесе флуоросценциялаушы экранга түседі. Элекгроңдық микроскоптың бірнеше түрі бар: трансмиссиялық, растрлық, жоғарғы вольттік.
Анаптральды микроскопия. /амплитудалы-контрастты, фазды-қараңғы жазықтық/
Аноптральды микроскопия-фазадыконтрасты микроскопияның бір тірі, бұл жерде линзаның біреуіне қараңғыланған сақина түрінде арнайы пластинкасы бар обьективтер қолданылады.
Аноптральды микроскопирлеудің принципі фазды-контрасты микроскопиямен бірдей, бірақ оның аз фазалық қозғалыс шақыратын обьектіні микроскопирлегенде көрсеткіштік қабілеті жоғарылау және бактерияларды, қарапайымдыларды т. б. тірідей зерттегенде қарапайым жарық микроскоптың жаңа мүмкіншіліктерін ашады.
Объективтің линзасының ортасында орналасқан кең тесік, объективтен диафрагмалық жарықтың негізгі массасын шығаратын люктың қызметін атқарады, ал линзаның қалған жерін жауып тұрған кең сақина қабаты керексіз перифериялық диафрагмальды жарықты ұстап қалады. Осының арқасында зерттелінетін обектінің жан-жағындағы ореол кішірек болады. Көрініс жазықтықтың фоны қоңырлау түсті, ал обектінің өзі ашық қоңырлау аққа дейін болады.
Интерференциялық микроскопия. Интерференциялық микроскопия-фазды-контрасты микроскопияның функциясын орындайтын, бірақ бұл жерде тек қана обектінің контурын ғана көрмей, түссіз обектінің детальдарын зерттеп, сандық анализ жүргізуге болады.
Поляризациялық микроскопия. Поляризациялық микроскопия зерттеуші объектіні өзара перпендикулярлы жазықтықтағы, екі поляризацияланған сәуледен пайда болған жарықта яғни поляризацияланған жарықта зерттеуге мүмкіншілік береді. Поляризациялық микроскопия әдісі ұлпалар мен клеткалардың түрлі компоненттерінің поляризацияланған жарықтың сынатьн қабілетіне негізделген. Кейбір клеткалық кұрылымдар (бөліну ұршығының жіптерінің, миофибриллалардың, жыбырлауық эпителийдің кірпікшелерінің жөне т. б. ) молекулаларының катаң дұрыс орналасуымен сипатталады және осыған қоса сәуленің сынуы да осы касиетіне төн. Мүндай құрылымдарды анизотропты кұрылымдар деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz