Қазақстан Республикасындағы бәсекенің даму жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Монополия және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Таза монополия жағдайындағы фирма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қазақстандағы фирманың теориялық жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Фирманың экономикалық даму сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... .24
Бәсекелестікке тиімді топ . кластерлік жүйе және оны жетілдіру ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ----------------------------5
1.1 Монополия және оның түрлері---------------------------- -----------------
---------5
1.2 Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке----------------------------
--8
1.3 Таза монополия жағдайындағы фирма------------------------------ -------
-----12

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ----------------------
----------------------------------- -----------------------18
2.2 Қазақстандағы фирманың теориялық жіктелуі--------------------------- ----
--18
2.2 Фирманың экономикалық даму сатылары--------------------------- -------
---20

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ-----------------24
1. Бәсекелестікке тиімді топ – кластерлік жүйе және оны жетілдіру--------
24

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- --------------------31

ҚОСЫМША---------------------------- ----------------------------------- ------
----------32

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына арнаған Қазақстан
өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты Жолдауында:
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр, мен өзіміздің әлемдік
рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын
алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін:
Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана
осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен
шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік
институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның
барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен
ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық
топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы өлеуметтік
стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.
Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.
Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-тендіктің
үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта
береміз.
Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және
Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның,
басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі
дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.
Алтыншыдан. біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін
сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық
келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.
Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқығы және
жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды
басымдықтарымыздың бірі- деп атап көрсетті.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Курстық зерттеу жұмысының
мақсаты – Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңдарды зерттеу.
Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда
жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша
құқығы. Монополияның түрлері:
• табиғи монополия;
• жасанды монополия.
"Монополияның үш негізгі көзі бар: "техникалық түсінік", тікелей және
жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты
адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз
шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі
қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады".
Монополиялық бағаның құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы
белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан
шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ
монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып
алуға мәжбүр.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
1.1 Монополия және оның түрлері
Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда
жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша
құқығы. Монополияның түрлері:
• табиғи монополия;
• жасанды монополия.
"Монополияның үш негізгі көзі бар: "техникалық түсінік", тікелей және
жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты
адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз
шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі
қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады".
Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі
болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан
өндірушілерге өткеру саналады.
Монополиялық бағаның құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы
белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан
шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ
монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып
алуға мәжбүр. Монополистер (тағы басқа кімдер болса да) кейбір тұтынушылар
үшін бұл шығындардың орнын толтырмайды, өйткені моно-полист өзі шығарған
өнімнің санынан табыс таппайды. Қоғам кедейлене түседі, себебі тауарды
алмастыратын төменгі сапалы заттарды шығаратын салаға қарағанда, өндірістік
ресурстарды өнім санын қысқартатын экономика саласында одан да тиімді
пайдалануға болар еді.
Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік
бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бесеке мен монополияның
тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың
орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен
сипатталынатын болса, онда монополистік бәсеке бар деп саналады:
1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне
олардың бәрі ұсақ сатушылар (немесе сатып алушылар) болып келеді.
2. Барлық сатып алушылар мен сатушылар рыноктагы баға туралы және
сатылатын тауарлардың сипаттамалары туралы ең соңғы ақпараттарды біледі.
3. Рынокқа шығу және одан кетудің толық еркіндігі бар.
4. Сатушылардың өнімдері өртекті болып келеді. Сатып алушының
көзқарасы тұрғысынан әрбір сатушының өнімі белгілі дәрежеде кез келген
басқа сатушының өнімінен аздап болса да өзгешеленеді.
Төртінші белгісі шешуші болып саналады — әрбір өндіруші басқалардан
гөрі өзгешелеу, бірақ алмастыруға болатын өнімдерді сатады. Рынокта
көптеген сатушылар бар, алайда, олардың әрқайсыларының өнімдері бір-бірінен
басқалау және осы қызмет саласында басқа өндірушілердің сатып жатқан
өнімдерімен де өзгешелеу болып келеді. Ол фабрика таңбасына қарап немесе
басқаша белгі салу тәсілдерінін арқасында ажыратылады.
Монополистік бәсеке моделіне қарағанда антитрестік заңнама үшін
олигополия теориясы өте маңызды болып келеді. Оның негізгі постулаты былай,
егер рынок бірнеше сатушылардан тұратын болса, онда барлық сатушылар
белгілі дәрежеде өздерінің өзара тәуелділіктерін мойындайды. Сол себепті
әрбір сатушы шығарылатын өнімнің көлемін және бағасын белгілей отырып
рыноктағы өз үлесін ұлгайту мақсатында бағаны төмендетпейді деген сөз,
себебі олар өздерімен бәсекелестіктегі сатушылардың да өздеріне дәл солай
жауап қатып, бағаны азайтуын күтеді, сонда ғана түскен тауар тез өтетін
болады.
Осының нәтижесінде олигополистік сатушылар үйлестіру мен болжалдауға
назар тіктейді. Бәсеке бүркемелеу арқылы бағаны төмендетуден (сапаны
жақсарту, несие шарты, жеткізіп беру қызметтері арқылы, тіпті болмаса,
жасырын ішінара бағаны азайту арқылы) және бағалық емес, бәсекеден, мысалы,
өнімдерді бөлшектеу, жарнама және өнім таратуды ынталандырудан көрініс
табады. Мұндай бәсеке, алайда, бәсекелестердің қарсы шаралары алдындағы
қорқынышқа немесе орташа жиынтық шығындардың өсуіне орай шектелінеді (ол
олигополистік үстеме таза табысты бөліп шығарудың мүмкін еместігіне
жеткізеді). Монополистің бәсекедегі олигополияның қарама-қайшылығы —
бәсекелес сатушылардың көптігінен таза табыс мөлшерлі деңгейге дейін
төмендейді, олардың әрқайсылары бәсекелестерінің есебінен рынокта өз
үлестерін ұлғайтуға тырысады. Сол себепті фирмалар арасында үйлесу мүмкін
емес.
Демек, бір жағынан олигополия арасында, және екінші жағынан, бәсеке мен
монополия (тіпті монополиялық бәсеке) арасындағы негізгі теориялық
айырмашылық болып, олигополиялық рынок жағдайында баға және өнімдер саны
туралы шешім қарсыласыңның қас-қабағын ескере отырып қабылданатын болып
табылады. Бәсеке жағдайында істеп жатқан бірде-бір фирма, бірде-бір
монополист басқалардың қас-қабақтарын ескермейді, — нақтылы сатушы да өз
бәсекелесіне ықпал ете алмайды, ал монополисте күресерліктей жеткілікті
қарсылас тіптен жоқ. Басқа жағынан алғанда, олигополистер арасындағы
үйлесім жетіле қояр ма екен — олардың шығындарының қисық сызықтары
(көрсеткіштері) өзгешеленуі мүмкін, ал тиімдірек жұмыс істейтін фирмаларда
шектеулі шығын немесе тіпті одан да жоғары, бірақ "нарықтық" бағадан төмен
денгейде өнімдерді өткізуді ұлғайту үшін бағалардың біркелкі төмендеуін
іске асыруға салдарлы себептер болуы мүмкін. Олигополия теориясы,
олигополия жағдайындағы баға құрылымы мен шығарылатын өнім саны туралы
шешім монополия жағдайындағы шешімдермен бірдей, дұрысы, бағалар да, өнім
шығару да болжанған бәсекелі және монополистік деңгейлер арасында болады
деп күтіледі..
Олигополистерге де және монополистерге де басқа фирмалардың әрекеттері
ықпал етеді. Олигополистің баға стратегиясы оның шығындарымен ғана
емес, сонымен бірге онын, бәсекелесінің баға стратегиясын
есептеуімен анықталады. Монополистің бағасы оның шығындарымен және
монополис тауарына сұранымның қисық сызығымен (көрсеткішінің) анықталынып,
ауыстырылатын тауардың бағасымен белгіленеді. Олигополистер мен
монополистер арасындағы айырмашылық мынаған саяды: бәсекелес фирмалардың
әрекеттері олигополиске ықпал етіп ғана қоймайды, сондай-ақ оның әрекетіне
бағынышты да болады. Ситуация өзара тәуелділікпен сипатталынады, ал әрбір
олигополистің әрекеттері мен қарсы әрекеттерін алдын ала айту қиын.
Жетілген және жетілмеген бәсекелердің негізгі ұғымын оқып, үйренудің
антимонополиялық заңнаманы зерттеймін деген заңгерлер үшін өте үлкен мәні
бар, себебі ол антимонополиялық саясаттың жеке экономикалық өкіметтің
қиянат жасамауын бақылау арқылы тұтынушы тұрмысының әбден жақсартуға
көмектесуге болатындығын көрсетеді. Антимонополиялық заңнаманы қолдану
бәсекелі рынок жүйесін, ол қалай жұмыс істейді, оған қандай шектеу тән және
оны неге қорғау керек деген сауалдарды түсінуді талап етеді.

1.2 Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке

Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесінің
үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыэ етудегі реттеуші рөлі. Нарықтың
реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенІң
тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына,
адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің жоғалуына
әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына)
проценттік нарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп (отыруы арқылы өндіріске
қатысушыларға олар сататын, сатып алатын тауарлар мен қызметтерге
жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығыңдары, қоғамдық-қажетті сапа және
ассартимент туралы объективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметтер атқарады:
- бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық
бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына
тиімді жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны
қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру
міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда
тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуга байланысты кәсіпкерлікпен белсенді
түрде айналысуга мүдделі болады.
Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:
а) таза бәсеке;
ә) монополиялық бәсеке;
б) олигополиялық бәсеке;
в) таза монополия.
Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке (ол нарықтық бағаға
қарсыластардың ешқайсысы да әсср ете алмайтын жағдайда болады) және
жетілмеген бәсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана
бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөледі. Енді
жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.
1. Таза бәсеке нарығын бір-біріне ұқсас {бір-бірін ауыстыра алатын)
тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушылары құрайды, олардың бірде-
біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе
оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті
тауарларды нарықтық бағамен еркін сатып ала алатын болғандықтан, сатушылар
бағаны нарықтық бағадан жоғары қоя алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай
оңай болса, оны тастап кетуде сондай оңай, Мысалы АҚШ-тағы ауылшаруашылығы
өнімдерінің (астық, жаңа піскен көкөністер мен жемістер) нарығы осыған
дәлел бола алады.
2. Монополистік (грекше "монос" - жалғыз, "полео" – сатамын) бәсеке
нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды.
Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну
қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар "бір-бірінен салалық қасиеттері
сыртқы безендірілуі (сауда белгілері, сауда маркілері т. б.), сонымен бірге
ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы (ассортименті) бойынша ерекшеленеді.
Сатып алушылар осындай ерекшеліктсрді ескере отырып, ондай тауарлар үшін
нарықта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай
нарыққа киімдер нарығы, аяқ-киімдер нарығы, бөлшек сауда саласы жақын
тұрады. .
3. Олигополиялық (грекше "олигос" - көп емес, "полео" - сатамын)
бәсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса
сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың
қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарықка ену жағдайының
қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі - оның
қатысушыларының бағаны өсірудің ұзақ мерзімді тиімді нәтижесіне қол жеткізе
алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны темендетуге мәжбүр
етеді. Олигополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады (мысалы,
болат, алюминий) немесе дифференцияланады (жіктеледі, мысалы автомобильдер,
тұрмыстық при6орлар жөні. т.б.).
4. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің
болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады.
Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт
жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге
асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей-ақ монополиялық жоғары пайда табады.
Монополиялық үстемдік ақша-қаржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар
ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жагдайын мейлінше шиеленістіреді. Көп
жагдайда монополист кәсіпорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде
қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің
нашарлауына, сөйтіп тікелей зат айырбасының, (натуральды айырбас, бартер)
өріс алуына әкеліп соқтырады.
Монополизммен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге
асыру керек: экономиканың монополиялық құрылымын жою {өте тығыз
шоғырландырылған өндірісті бөлу, бәсекелі жаңа өндіріс салаларын жасау,
кәсіпкерлікке кең жол ашу т.б.); заң жүзінде монополияға қарсы саясатты
белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жайт-монополияға қарсы
заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына
айналмауы керек. Себебі, дамыған нарық қатынастары жоқ кезде монополизмге
қарсы күрес әкімшілдік-әміршілдік жүйенің сақталуына және күшеіне жақсы
бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық
үстемдікті жоймай нарықты экономнканы дамыту мүмкін емес.
Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің нарық туралы нақтылы мәліметі
(маркетинг қызметі), олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға
белгілеу құқы да нарықты экономиканың пайда болу шарттарына жатады.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан-алуан элементтерден тұрады. Оның
құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге
бөлуге болады.
Монополиялық бәсеке нарығы, сапасы, қасиеті, сыртқы безендірілуіне
қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген
сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Осыған байланысты нарықты
"сатушылар нарығы" және "сатып алушылар нарығы" деп те бөледі. "Сатушылар
нарығында" сатушылардың үстемдігі орын алады, ал сатып алушыларға нарықтың
"белсенді қайраткерлері" болуға тура келеді. Нарықтың бұндай жағдайы
өндірушілердің монополиялық үстемдігі қалыптасқан елдерге тән.. "Сатып
алушылар нарығында" экономикалық үстемдік тұтынушылар, сатып алушылар
жағында болады, мұнда сатушыларға нарықтың ең "белсенді іскерлері" болуға
тура келеді.

1.3 Таза монополия жағдайындағы фирма
Тарихи логика тұрғысынан жетілген бәсекелі рынокты талдаудан
кейін жетілмеген бәсекелі рынокты зерттеуге көшу қиын емес еді. Жетілмеген
бәсекелі рынокты талдауға көрнекі үлес қосқан экономистердің қатарына О.
Курко, Э. Чембирлин, Д. Робинсон, Д. Хинс және тағы басқалары жатады.
Жетілмеген бәсекелі рынокты механизмін анығырақ түсіну үшін рыноктық
құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген
бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.
Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі
таза монополия болмайды. П. Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде
монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде
көрініс алады.
Мононполияны талдауда монополия ұғымының бір мәнді еместігін
есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз
этимологиясынан (моно - біреу, полео - сатамын) шығару дұрыс емес.
Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма – тауар өндіруші әрекет ететін жағдай
болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді
емес фирманы табу мүмкін емес.
Р Д

Р3
Р2
Р1

Д

0
Q Q
1-сурет
1 – суретте ДД сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін
көрсетеді, қандай баға болса да (тіпті өте жоғары бағада), сатып алушы
бәрібір Q1 санындағы тауарды сатып алады. Біріақ, бұл тауар не тауар?
Қатерлі ісік ауруына дәрі ме? Ақыр соңында төлем қабілетті сұраныс шектеулі
(мысалы Р3 деңгейімен), және фирма ОР тіктігі арқылы шексіз жоғары (бағаны
өсіріп) қозғала алмайды.
Сондықтан Таза монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың
белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы
ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, "жетілмеген бәсеке"
(П.Самуэльсон), "баға іздеуші" (П.Хейне).
Жетілген бәсеке және таза абсолютті монополия екі логикалық шекті,
қарама-қарсы рыноктык жағдайды бейнелейтін теориялық абстракциялар. Бұл
үлгілер әрбір осы жағдайларда өз пайдасын барынша көбейтуге ұмтылатын жеке
фирманың рационалды тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Таза монополияның абстрактілі жағдайлары мынандай маңызды сипаттармен
ерекшеленеді.
1. Монополистік деген жақын субституттарда (яғни, өзара алмастыратын
тауарлар) жоқ тауарды жалғыз сатушы. Бұл жағдайлардың шарттылығы
жоғарыда айтылды.
2. Монополистік – сатушы рыноктық қатынастарға – тек өз өнімін сатып
алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынандай: егер
моноплист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір
қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі туралы
пайымдау оғаш көрінуі мүмкін. Өйткені үйреншікті түсінікте
монополист ұғымы шамадан тыс жоғары бағалармен байланысты.
Монополист фирманың рыноктағы хал-ахуалын түсіну үшін жетілген және
жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.
Жетілген бәсекеде фирма (өндіруші) рыноктық бағаға әсер
алмайды. Баға деңгейіне бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің формаларына
байланысты әр түрлі. Бірақ бастысы – монополист саналы түрде пайда ең
жоғарғы болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Мұндайда
сұраныс қызметі белгілі болады, яғни монополист оны өзгерте алмайды деп
болжанады. Ал, егер сұраныс икемділігі категориясын еске алсақ, мынандай
заңдылық бар: егер баға өссе, онда сұраныс (басқа шартылықта) төмендейді
және керісінше, баға төмендесе, сұраныс өседі. Егер таза монополист
барлық рынокты басып алса, онда ол қосымша көлемде өнім сату үшін, бағаны
төмендету керек екенін біледі. Бұл факт монополистің бағаға билігі
абсолютті емес екенін тағы да қуаттайды, ол өзінің сыртынан
бәсекелестерінің оның тауарларының субституттарын өндірушілердің тынысын
сезінеді.
Олигополия рыногы мынандай типке бөлінеді: бірінші түрдегі
олигополия үлкен мөлшердегі кәсіпорындары мен біртекті өнімді салалары
жатады. Екінші түрдегі олигополияға дараланған тауарлар сататын бірнеше
сатушылар жатады. Дараланған өніммен монополистік бәсеке рыногыгда сатып
алушы тауардың бір түрін таңдайды, оны нақ осы сорты, сапасы, сатуға
дайындалуы, сауда маркасы, қызмет көрсету деңгейі және тағы басқаларға
назар аударады. Өнімнің даралануы тұтынушыға көрсетілген игіліктер мен
қызметтерде біртектіліктің жоқтығын білдіреді. Бұл жәй ғана айырмашылық,
мысалы, автомобилдің түсінде немесе олардың маркасында емес. Тіпті бір
сорттағы банкідегі сыра тұтынушының көзқарасы тарапынан даралануы мүмкін.
Мысалы, егер сатып алушы бұл сыраны сымбатты сатушысы бар дүкенен сатып
алуға әдеттенсе, онда басқа дүкендегі осындай сыра оны қызықтырмайды.
Ғылыми айналысқа "өнім даралануы" ұғымын енгізген
Э.Чемберлиннің жұмыстарының маңызын атап өткен жөн. Рыноктағы монопольді
билікті Э.Чемберлин бәрінен бұрын сатылып жатқан тауарлардың ерекшеліктері
мен сипатын ескереді. Ол сатушы мен сатып алушының рыноктық қатынастарының
белгілі дәрежеде өнімнің сипатына байланысты екеніне көңіл аударады. Өнім
дараланған жағдайдағы монополия бағаға қайсыбір билік ретінде сипатталады.
Сондықтан сұранстың баға бойынша иікпелілігі сияқты факторы ерекше маңызды
болады. Жетілген бәсеке жағдайында тауарлардың біртектілігінде қандайда бір
форманың өніміне сұраныс абсолютті икемділігімен сипатталады, өз өніміне
бағаны өсіріп сатушы ештеңе сата алмайды, ол төмендетіп қалай болса да көп
сата алады. Неге? Өйткені рынок белгілер бағада өз тауарына бағаны
көтерудің ешқашан мәні жоқ. Егер айналада дәл сондай, бірақ бағасы төмен
тауарлар көп болса, қымбат тауарларды ешкім алмайды.
Тауарлардың әркелкілігінде басқаша жағдай қалыптасады. Өнімді даралау
арқылы сатушы өз тауарына сұраныстың бағалық икемділігін азайтуға мүмкіндік
алады. Бұл оның бағаға монопольді билігін күшейткенін куәландырады. Бұл
деген бағаның алатындығын, алайда өткізу көлемінің азаймайтындығын
сипаттайды. Неге? Өйткені бәсекелестер төмен бағамен осы өнімге көзі
үйренген, сатып алушыларды тарта алмайды. Бұдан қандай қорытынды шығаруға
болады? Ол мынадай: дараланған өнім жағдайында, баға бәсекенің жалғыз
құралы емес. Аса маңызды құралына тауар сапасы да айналады. Сонымен,
монополистік бәсеке жағдайында фирманың өткізу көлемі бағадан басқа, өнім
ерекшеліктері және өнім өткізу көлемі бағадан басқа, өнім ерекшеліктері
және өнім өткізу шығындары сияқты факторлармен анықталады. Өткізу шығындары
ерекше маңызды. Фирманың шығындарға баратын себебі, олар сұранысты
қалыптастырады, өнімге бейімдейді. Өткізуге барынша тән шығын формасы
жаранама. Жарнама сұраныстың икемділігін бағаны көтеру шекарасын жылжыта
отырып төмендетеді. Сұраныс қисық сызығы ДД жағдайынан Д1Д1 жағдайына
жылжи алады.
Пайданы көбейту жағдайларын талдаудан бұрын алдымен жетілген және
жетілмеген бәсекелі екі фирма өкілдерінің тауарларының қисық сызықтарын
салыстырамыз. Бұл графиктерден көрінгеніндей жетілген бәсекелі фирма (26, а-
сурет) рыноктык бағаға әсерін тигізбей қанша сатамын десе, сонша сата
алады. Сондықтан оның ДД сұраныс қисығы көлбеу жатыр. Рыноктық бағаға
әсер ете алмауы, салаға кіретін фирманың өндірісі көлемінің салыстырмалы
түрде үлкен еместігінде.
Жетілмеген бәсекелес фирма жағдайында (26, б-сурет) ДД сұраныс қисығы
төмен жылжиды, өйткені Q сұранысы көп болған сайын соған сәйкес төмен баға
белгілейді. Сондықтан монополист фирма рынокқа тауардың үлкен көлемін
шығарғанда, оның бағасы төмендейді. Егер фирма толық монополияға ие болмаса
Р, яғни бағаны қысқарту 26, б-суретінде көрсетілгендей, оның бәсекелесін ДД
сұраныс сызығын солға Д1Д1 жағдайына жылжытады, сондықтан қарсыласушы
фирмаға байланысты баға төмендеген күнде енді аз көлемде тауарларды сатуға
болады. Жоғарыдағы графиктерді салыстырудан шығатын қорытынды мынадай:
сұраныс сызығының көлбеу болуы фирманы жетілген бәсеке ретінде сипаттайды.
Егер сұраныс сызығы төмендесе, онда фирма жетілмеген бәсекеде болады.
Сұраныс қисық сызығының өзгерген сипаты жетілмеген бәсеке кезіндегі шекті
табыстың (MR) өсіңкілігіне әсер етеді.

2-кесте

Өндірілген Бағасы Жалпы табыс Шекті табыс
тауарлар саны
1 41 41 41
2 39 78 37
3 37 111 33
4 35 140 29
5 33 165 25
6 31 186 21
7 29 203 17
8 27 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Монополия туралы
Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің ролі
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті дамыту
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі және оны дамыту мәселелері
Пәндер