Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері


Жоспар:
Кіріспе
1 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1. 1 Сатып алу шартының ұғымы және элементтері
1. 2 Сатып алу-сату шартының пәні
1. 3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
1. 4 Сатып алу - сату туралы жалпы ережелер
2 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2. 1 Тауар жеткізілімі шарты
2. 2 Келісімшарт жасасу шарты
- Энергиямен жабдықтау шарты
2. 4 Қозғалмайтын мүлік сату шарты
2. 5 Тұрғын үйді сату шарты
2. 6 Кәсіпорынды сату шарты
3 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН БҰЗУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
5
6
7
9
14
14
16
17
20
23
24
29
33
35
Кіріспе
Курстық жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шартының түрлері табылады. Бұл тақырыпты курстық жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді.
Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті.
Қазақстан Республикасында шарттық құқықтың тарихы дамудың ұзақ жолынан өтті және де әдеттік құқықпен реттелінді.
Бұл құқықтық жүйелердің көп ғасырлық дамуының нәтижесінде шарттар жасасу сферасындағы міндеттемелік мүліктік қатынастарды, жалпы қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтық нормалардан саралау арқылы пайда болады.
Феодалды патриархалды қатынастардың өмір сүрген дәуірінде азаматтық құқықтық шарттардың ең көнесі болып сатып алу-сату шарты болып табылады.
Олар қазақ қауымының шаруашылық өмірінде көп қолданылды.
Шарттық қатынастар сатып алу-сату процесі кезінде қалыптасып қазақтардың әдет құқығымен реттелінді.
Ол ауызша келісім сипатында болады. Шарт жасасу және оны орындау шарт тараптарының моральдық принципіне негізделеді.
Қазақтардың әдеттік құқығы бойынша шарттар ауызша болғандықтан олардың жарамдылығының кепілі болып куәлар табылады.
Куәлар моралдық жағынан қоғамның ойынан сенім және құрмет табу керек болады. Сондықтан қазақтардың шарттық құқығында тұлғалардың мінездемесі үлкен рөль атқарады. Сатып алу-сату шарты экономикалық қатынастың өзгеруіне байланысты күрделеніп отырды.
Бастапқы кезеңде шарт жасасу үшін әдеттік нормалар қолданыста болады және тараптар шарт жасасқандығын дәлелдеу үшін бір-біріне қол берісіп «береке тап» деп айтуы керек болады.
Көбінесе мұндай жағдайда заттың фактілік берілуі шарттың жарамдылығы болып табылады. Заттың құқықтық мәртебесі де анықталған.
Қазіргі кездегі терминологияны қолдансақ шарт пәні болып айналыстан алынбаған заттар ғана табылады.
Бірақ билердің рұқсат етуімен айналыстан алынып тасталған заттар сатып алу-сату шартының пәні болуы мүмкін болады.
Тауар ақшалық қатынасының дамуы нәтижесінде бұл шарт өз орнын басқа шарттарға берді.
Сатып алу-сату шарты институты қазақтың шарттық құқығының құқықтық жүйе ретінде қалыптасуына үлкен әсер берді.
Кейінен азаматтық құқықта міндеттемелік құқық деген бір саланы қалыптастырды.
Қазіргі таңда сатып алу-сату шарты шарттық құқықтың ең көп тараған бір түрі болып табылады.
Сатып алу-сату шарты біздің мемлекетіміздегі өндіріс процесін және тұтынуды қамтамасыз етеді, тауар ақша қатынасының міндеттемелерін шешеді.
Ол ұйымдар арасындағы экономикалық байланысты жүзеге асырудың құралы болып табылады.
Осыдан біз курстық жұмысының өзектілігін көреміз.
Курстық жұмысының мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады. Жұмыстың мақсаты оның бөлімдеріне сай келеді.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі мынандай міндеттер қоямыз:
· сатып алу-сату шартының ұғымы мен белгілерін қарастыру;
· сатып алу-сату шартының жекелеген түрлеріне толық талдау жасау;
· сатып алу-сату бойынша жауапкершілік сұрақтарын қарастыру.
Курстық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмысын жазу барысында көптеген әдебиеттер қолданылды. Мәселен, А. П. Сергеев пен Ю. К. Толстойдың редакциясындағы Гражданское право часть 2 1997 жылғы оқулығы, Г. А. Жайлиннің Азаматтық құқық. Ерекше бөлім оқу құралы А., 2004 т. б.
1 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1. 1 Сатып алу шартының ұғымы және элементтері
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.
Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлсмі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан. оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуте мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
1. 2 Сатып алу-сату шартының пәні
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелср қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны-мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жа-дайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар) . Аталған мөмілелер өзінің заң, тық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса) .
1. 3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Сатып алу-сату шарты азаматтық - құқықтық шарттардың кең таралған түрлерінің бірі болып саналды. Қазақстан Республикасы Азамматтық кодексінің ерекше бөлімінде шарттың дәстүрлі анықтамасы сақталған: сатушы тауарды сатып алушының меншігіне өткізуге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндеттенеді. Азамматтық кодекстің ерекше бөлімі сатушы мен сатып алушының әрбір қадамын реттеп отырмайды. Жалпы ереже бойынша шарт талаптарын тараптар өздері анықтай алады. Бір жағынан, шарттардың көпшілігі, әдетте, стандарт ережелер шеңберінде жасалды. Бұл ережелер шарт жасар кезінде тараптар өзгеше талаптар қоймаған жағдайлар үшін қарастырылған. Сатып алу-сату шартының тараптарына қойылатын бірден-бір талап: барлық жағдайда да шарт нысанасын өздері анықтаулары қажет. Сатып алу-сату шартының талаптары онда тауардың атауы мен саны көрсетілгенде ғана келісілген болып есептеледі. Сатып алу-сатудың жекелеген түрлері үшін талаптардың кең көлемін міндетті түрде қамтуға қойылатын талаптар бекіту қажеттілігі қарастырылған. Мұндай талаптар, негізінен энергиямен қамтамасыз ету, қозғалмайтын мүлік және кәсіпорындар сату шарттарында талап етіледі. Сатушының негізгі мақсаты сатып алу-сатудың нысаны болып саналатын тауарды шартта көрсетілген мерзім ішінде сатып алушыға өткізу болып есептеледі, ал шартта мерзім белгіленбеген жағдайда, мерзімсіз міндеттемелердің орындалуы туралы ережелерге сай шешілуі керек. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек жарақтарын, сондай-ақ құқықтық актілерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды беруге міндетті. Сатып алу-сату шарты оны қатаң белгіленген мерзімде орындалу талабымен жасауы мүмкін. Бұл тек мерзімі бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделігі жоғалатындығы шарттан айқын туындаған жағдайда ғана мүмкін. Сатушының мұндай шартты ондай белгіленген мерзім басталғанға дейін немесе біткеннен кейін сатып алушының келісуісіз және егер сатып алушы шарттың орындалуынан бас тарту құқығын пайдаланбаған жағдайда орындауға құқығы жоқ.
Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделеді. Тауарлардың саны туралы оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін сатып алу - сату шартында берілетін тауардың айқында мүмкін болса, мұндай шарт заңды деп есептелмейді. Сатып алу сату шартында берілуге тиіс тауарлар түрі, модельді түсі және басқада белгілеріне қарай белгіленгендігі көзделеді. Сатушының мұндай шарт бойынша тауарды сатып алуға тараптан келіскен түр түрі бойынша беруге тиіс. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінде сапа кепілдігі және тауар сапасынан қойлатын талаптардың бұзылуына сатушының жауапкершілігі қатаң көзделеді. Сатып алынған тауардың сапасы талапқа сай келмеген жағдайда сатып алушы шығымды өтеуді талап етуге құқылы. Сонымен қатар әрі бір сатып алушы өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын төмендетуді немесе тауар кемшіліктерін тегін жоюды немесе тауарды кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығымдарын өтуді талап етуге құқылы. Сапасы лайықты емес тауар алған сатып алушы, сондай ақ, мұндай тауарды шартқа сәйкес келетін тауар алмастыруды талап етуге құқылы. Мұндай тауарды алмастыру немесе жиындықтау тек сатып алушы тауар кемшілігі туралы дер кезінде хабарлағанда мүмкін болады. Сөйтіп, халықаралық сауда тәжірибесіне қалыптасқан тауар кемшіліктерін хабарлау тәртібі және бұл тәртіпті бұзу салдары ескерілген. Сатып алу сату шарты бойынша сатушы сатып алуға жиынтылығы туралы шарттың талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті, шартта ол болмаған жағдайда жиынтықлығы айналымы дағдылармен немесе әдетте қойлатын өзге де талаптармен белгіленеді Сатып алушы тауарды алғанға дейін немесе кейін оның толық бағасы мөлшеріндегі сонымен төлеу тиістілігі көзделген. Сатып алушы тауар ақысын төлеу міндетін орындамаған жағдай сатушы тауар бағасын ғана емес, бөтен адамның ақшасын қолдану пайызын талап етуге құқылы. Негізінен тауарлардың көтерме айналымы, кәсіпкер сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым қатынас тауар жеткізілімі ретінде белгіленген. Мұндай комерциялық қарым- қатынастар талаптарын, ең алдымен, оған қатысушылар анықтайды.
Сонымен қатар коммерциялық айналымның заңда көзделуді және тараптардың басқаша келісімі болмаған жағдайда қолдануды қажет ететін танымал стандаттары бар. Бұл бөлімде халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Вена конвенциясында бекітілген, сонымен қатар біздің елімізде қалыптасқан тауар жеткізілімнің кезеңдері, тәртібі, жетіспеген тауардың орнын толтыру, оларды таңдау, жеткізілген тауар үшін есеп айырысу, жеткізілім талаптарыңың бұзылу салдарлары туралы ережелер ескерілген.
Жеткізілім түрлері ретінде әдеттегі сатып алушымен салыстырғанда дайындаушыға бірқатар қосымша міндеттер жүктейтін ауылшаруашылық өнімдерінде келісім шарт жасасу қатынастары реттелген. Тұнғыш рет заң деңгейінде энергиямен жабдықтаудың арнайы ережелерін бекіту қарастырылған.
Тұтынушы - азамат үшін энергиямен жабдықтау шарты қатынастары, оны нақты желіге қосқан сәтте пайда болады. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тұрақтылығы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін шарты тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың біреуінің өтініші болмаған жағдайда шарттың әрі қарай өзінен- өзі ұзартылуымен қамтамасыз етіледі. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның, қандай да болмасын сатушы сияқты, энергия сапасы туралы талаптардың бұзылуына толық жауаптылығы көзделген. Басқа да талаптар бұзылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым осыдан келтірілген нақты залалды өтеуге міндетті.
1. 4 Сатып алу - сату туралы жалпы ережелер
Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық -құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерешелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алуда қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық болып келгенініе қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу-сату шарты бойынша мүлікті бір тарап (сатып алушының) меншігіне шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті тауарды( қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталған заттарды беретін шарт ретінде бағалау мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларға сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтардан қорғау үшін де қажет. Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін. Аталған мәмілілер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілілер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа.
Бір- біріне қарсы бағытталған екі тараптың субьективтік құқықтары мен міндеттері береді. Әңгіме шарттың мәнін құрайтын құқықтары мен міндеттері туралы б олады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшер екі жақтан ауытқу болуы да мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz