Көне Қытай ойшылы Конфуцийдің пікірлерін философиялық тұрғыдан талдау



Конфуций пікірлерін талдау

Әлеуметтік келісушілік идеялары және адам проблемасы
Конфуциандылықтың тарихи маңызы
Қорытынды

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Пән-Бастау факультеті

Гуманитарлық пәндер кафедрасы

Философия пәнінен
№1 СӨЖ (ЭССЕ)

Тақырыбы: Көне Қытай ойшылы Конфуцийдің пікірлерін
философиялық тұрғыдан талдау

Орындаған: Ахметов Жаңабатыр
Қаржы-экономика факультеті,
менеджмент мамандығының
2 курс студенті

Тексерген: Нұрышева Г.Ж.,
(философия ғылымдарының докторы)

Алматы, 2011

Кіріспе

Бүгін бүкіл әлемде конфуциандық ілімі мен оның негізін салған әйгілі Конфуций(б.з.д 551-479 жж.) туралы естімеген адамды табу өте қиын. Оның аты қытай тілінде Кун-цзы немесе Кун-фунцзы болып естіледі (Дана Кун). Ескі кітаптарды оқып отырғанда оны Оқытушы деп атайтын коремиз, осыдан-ақ оны миллиондаған адамның көрегендік, адамгершілік идеалы ретінде санайтынын білеміз. Конфуций пікірлерін бүкіл әлем философтары, саясаткерлері, ғалымдары қолданады. Қазіргі кезде оның фразаларын тіпті шала сауатты қытай шаруаларының ауызынан естуге болады.
Конфуций принциптерімен қазіргі уақытта Қытайдан басқа Жапония, Корея, Вьетнам, Сингапур сияқты Оңтүстік-Шығыс Азия елдері өмір сүреді. Принциптер бұл елдердің ұлттық мәдениетіне сіңгені соншалық: тіпті адамдар өздерінің Конфуций тілімен сөйлеп жатқанын сезбей қалады.
Конфуций оқушылары оның пікірлерін жазып, оны Лунь Юй кітабында біріктірген(б.з.д 6 ғ.), қазақшаға аударғанда Әңгімелер мен Пікірлер. Негізінде, ол Оқытушының шәкірттерімен әңгімелерінің қысқа жазбаларынан, Конфуцийдің ықшамды пікірлерінен тұрады. Өзінің өмірін ол бірнеше жолдармен бейнелей алды: 15 жасымда мен өз зейінімді оқуға бөлдім. 30 жасымда дербестікке ие болдым. 40 жасымда күдіктіліктен құтылдым. 50 жасымда Аспан еркіндігін танып-білдім. 60 жасымда жалған мен ақиқатты айырдам. 70 жасымда - мен өз жүрек қалауыммен жүрдім және салтты бұзбадым.
Бұл пікірде Конфуций адам және дәстүр идеалы секілді. Оның "Аспан еркіндігін" тану оқуынан "жүрек қалауына бағынуға" және ол қасиетті деп санаған "өзін-өзі ұстаудың нормаларын ерікті сақтауына" дейінгі жолы қытай дәстүрінің көрегендік бағдарына айналды. Оның ілімі көпжақты. Ол 2,5 мың жылдан бері ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан этикалық, рухани және әлеуметтік нормалардың жиынтығын құрайды. Бұл ережелер адамды тәрбиелеу, оның отбасында, қызметте, қоғамдағы өзін-өзі ұстау жайлы болды.
Ғасырлар бойы Конфуций ілімінің түсіндірмесі көп рет өзгеріске ұшырап отырды, ол әр түрлі сипатқа ие болды. Ең соңында конфуциандылық мемлекетті әділетті және үйлесімді басқару принциптері және адамдар қарым-қатынасы туралы саяси және әлеуметтік ілімге айналды. Бұл түрде ол қазірге дейін белгілі. Қытай ұстазы атанған адам насихаттаған Конфуций ілімі ерекше бір қызығушылық тудырады.

Конфуций пікірлерін талдау

Бір күні Конфуций билеуші болғанда өз ісіңізді неден бастайсыз деген сұраққа былайша жауап берген екен:
Атауларды түзетбеген кезде,
Сөз орынсыз болады;
Сөз орынсыз болғанда,
Істер істелмейды;
Істер істелмегенде,
Салт пен музыка гүлденбейді;
Салт пенен музыка гүлденбегенде,
Жазалауда ортақшылық сақталмайды;
Жазалауда ортақшылық сақталмағанда,
Халық қол-аяғын қоярға жер таппайды.
Сондықтан да бекзат ер өзі айта алатын нәрселерді атайды;
Өзі айтатын нәрселерді орындай алады.
Оның сөздерінде тыйым салынған ештеме жоқ!

Конфуций көрсеткен ақиқат көрінісі диапазоны және оның өзі үшін мемлекетті басқару тақырыбының принциптік маңызы оның бұл жерде өзінің маңызды бағдарламалық мәлімдемесімен шыққанын көрсетеді. Бұл бағдарламада атаулар мен сөйлемдер бірінші орын алады - конфуцийлік ілімде сөздің қандай роль ойнайтынын көрсететін, қандай жағдайда да есте қаларлық факт.
Жоғарыда келтірілген цитата бірін-бірі қайталайтын екі сөйлемнен тұрады. Бірінші сөйлемдегі атауларды түзетуден бастау қажеттілігі басқарушыға қатысты, ал екінші сөйлемде - бұл басқарушы бекзат ер образы ретінде көрсетілген. Ең басында екеуінің де әрекеті атаулармен байланыстырылады, одан соң істермен және айтқанын орындаумен алмасатын сөйлеу жүреді. Берілген контексте басқарушының атауларды түзетуі бекзат ердің бір нәрсені атауымен бірдей.
Бұл Нақылдардағы түзету, дұрыс (чжэн) сөздерін ұғынумен түсіндіріледі: түзелу дегеніміз өз орнын табу болып табылады. Түзетілген атау дегеніміз басқа, жарасымдырақ жерге қойылған атау, атауларды түзету олардың орнын, атын ауыстыру, ал басқа атаулар бергенде басқаша атайды. Осылайша атауларды түзету ат қою, атау актіне айналады.
Конфуцийдің Атаулары - бұл жеке адамдардың есімдері емес. Олар географиялық шыңдықты, материалдық өндірістің заттарын білдірмейді.
Нақылдардағы Конфуцийдің ең сүйікті істерінің бірі - белгілі бір өмірлік жағдайды, мінез-құлық типін, адамды немесе нақты тұлғаны таңдау және оларға атау беру. Мысалы, алыстан досын келген жағдайды ол қуаныш деп атайды. Адамдарға танымал емес екеніне ренжімейтін адам бекзат ер атағына ие болады. Сонымен, Конфуций ілімінде түзетілуге түсетін атаулар қатарына оның ілімінде қолданылатын әлеуметтік - этикалық түсініктер кіреді.
Сонымен бірге Конфуций жиі аталатынның мағынасын түсіну үшін заттан атауға емес, атаудан затқа жүреді. Ол басқарманы жақындардың қуануы мен алыстағылардың келуі жағдайымен теңейді. Бұл басқарма туралы пікір - ақиқаттың белгілі бір феноменінің атауы алғашқы ұстаз орындылық талап ететін cөздердің бірі ретінде түсінілуі мүмкін. Бұл сияқты айтуларды ол сөздер деп атайды. Жиі іс тек тұлғалар, оқиғалар, мысалдар туралы істермен шектеліп қалады, бірақ сонда да олардың атаулары контексте тұспалданады. Бұдан шығатыны: атаулар ұғым болып табылса, онда сөздер осы берілген ұғымдардың анықтамасы болады.
Бұл сөз бен адам танымының, даналығының ерекше байланысын білдіреді:
Сен сөз білмесең,
Адамдарды ештене арқылы танып-біле алмайсың

Бұл даналықтың өз ерекшелігі Нақылдардың ішіндегі тақсыр әйелін атау фрагментінде ашылады:

Елдің патшасының әйелін патша жұбай деп атайды. Ал жұбайы өзің ересек қыз, ел адамдары патша жұбайы деп атайды. Басқа елдер алдында өзің көңіл бөлуге тұрмайтын кіші тақсыр деп атайды. Басқа елдің адамдары да оны патша жұбайы деп атайды.

Әлеуметтік келісушілік идеялары және адам проблемасы

Дегенмен, жасырын үміт орындауындағы сәтсіздіктер дана ісіне сырттай қатты әсер етпеді. Нағыз тұңғыш ашушы энергиясымен ол өз идеяларын ашып, өз шәкірттеріне беріп отырды. Әлеуметтік гармония идеясын дамыта отырып, Оқытушы сяо идеясын ұсынды, бұл дегеніміз - ол дәріптеген ата-баба аруағына табыну негізінде жатқан перзенттік ізеттілік. Ата-анаға тірі кезінде ереже бойынша қызмет ету, олар қайтыс болғаннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дана философ Конфуций туралы
Дана философ Конфуций
Конфуцийдің еңбегіндегі тұрақтылық мәселесі
Конфуций ілімінің бастауы
Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы
Қытай философиясының тарихы
Конфуций діні
Конфуцишілдіктің Кореяның басқару жүйесіне ықпалы
Қытай философия мектебінің ең көрнекті өкілдерінің бірі – Конфуций
Ежелгі Қытай философиясы туралы
Пәндер