Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: бастауыш сынып оқушыларын СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кіріспе . . .
I тарау. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізі . . .
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері . . .
1. 2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын негізінде экологиялық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері . . .
II. тарау. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі . . .
2. 1. Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысының нәтижесі . . .
2. 2. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі тандағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қаупі төніп табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді.
Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда (Арал өңірі), БатысҚазақстан, (Нарын, Азғыр, Тайсойган), Орталық Қазақстан (Саршаган, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік Қазақстан (Созақ) аймақтарыыда көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе түрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік түрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экология қауіпсіздігі тұжырымдамасы, «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналган қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы, "Экологиялық білім бағдарламасы", (1999) құжаттарында қарастырылған мәселелер (жаһандық экологиялық проблемалар, қоғамды экологияландыру, экологиялық білім мен тәрбие берудің инновациялық тетіктерін мемлекеттің оқу жүйесінің орта білім беретін мектептерге енгізу т. б. ) бойынша қабылданған шешімдер нәтижеге бағытталған білім мазмүнын жүзеге асыру арқылы экологиялық білім негіздерін меңгерген мектеп түлегінің тұлғасын қалыптастыру проблемасы тұр.
Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бүл проблемаларды техникалық қүралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыдан қоғамды дамытудағы көзқараспен байланыстағы жаңа менталитетті қалыптастыру қажеттігін мойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде қоғамдық экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске асыруды қамтамасыздандыру қажет, тұрғылықты халық қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне, сонымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне аса назар аударған жөн. Осы тұрғыда жеткіншектердің экологиялық ой-өрісін дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасының көкейтестілігі күннен-күнге арта түседе. Ғалымдардың пайымдауынша, экологиялық білім мен тәрбие барлық тіршілікке қатысты ішкі жауапкершілік сезімі мен парызды дамыту қажет, өйткені тіршілікті ортаны сақтау мен адамның денсаулығы қоғамның құндылық жүйесінде ең маңызды категорияның бірі болып саналады.
Демек, қазіргі танда балабақшадан бастап жас ұрпақтардың бастапқы экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие берудің ең тиімді мүмкіндіктерін жолдарын зерттеп, оны орынды пайдалану маңызды мәселе. Жас баланы табиғаттың сұлулығымен сусындандыру, көріністерін таныту, жас өспірімдердің табиғатпен қарым-қатынасын орнықтыру, дүние танымын дамытуда қазақ халқының ағартушы галымдары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов еңбектерінің орны ерекше. Соңғы жылдары көптеген философтар, психологтар, педагогтар саналы экологиялық тәрбие мәселесіне байланысты күрделі міндеттерді шешуге атсалысуда.
Экологиялық тәрбиенің философиялық негізі ретінде республикамыздың философ-ғалымдары Ғ. Ғ. Ақмамбетов, Д. К. Кішібеков, Ж. М. Әбділдин, Ә. Н. Нысанбаев, А. Қ. Қасабеков, Ү. Е. Сыдықов еңбектерін басшылыққа алдық.
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатпен таныстыру мүмкіндіктері мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру заңдылықтары туралы ой-пікірлер түйіндеген психологтар С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, И. С. Кон түжырымдары зерттеуімізге өзек бола алады.
Қазақстандық белгілі психолог ғалымдар Т. Тәжібаев, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Х. Шерьязданованың зерттеулерінде жалпы мектепке дейінгі балалардың табиғатты қорғау туралы ұғымының қалыптасуы және табиғатты қабылдаудағы психологиялық ерекшелігі туралы ішінара ой қозғап, құнды пікірлер айтылған.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбиенің теориялық және әдістемелік аспектілері Н. А. Гладков, Я. И. Габеев, А. Н. Захлебный, И. Д. Зверев, И. Т. Суравегина, А. П. Сидельковский, Л. А. Родова, В. Н. Максимова, М. Н. Фомин, И. Т. Кондакова және тагы басқалардың зерттеулерінде айқындалып жүйеленгне. Сонымен қатар С. Н. Соломина, И. Д. Лаптиев, С. Д. Деряво, В. А. Ясвин экологиялық іс-әрекеттің мәні мен мазмүнын зерттеген.
Қазіргі таңда елімізде мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие мен білім берудің түрлі мәселелерін ғалым- зерттеушілер Ә. С. Бейсенова, Н. С. Сарыбеков, Ж. Ж. Жатқанбаев, Ә. Б. Бірмағамбетов, Қ. А. Аймағамбетова, Қ. Ж. Жүнісова, Л. К. Керімов, Р. М. Қоянбаев, И. Н. Нүғыманов, А. Е. Манкеш, М. Н. Сарыбеков, С. Т. Тілеубергенов, Н. Т. Торманов, Ж. Шілдебаев, Е. А. Мөмбетқазиев, К. Ж. Сыбанбеков, және тағы басқалар өз зерттеулерін арнап, экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің теориясы және әдістемесін дамытуға үлес қосуда.
Ғалым әдіскер Ү. Т. Танабаев, Ү. Есназарова, Р. С. Басекеева, С. Орынбеков, К. С. Қүрманбаева, Б. Имангалиева, Ш. Қарамергенов, К. Қүрманғалиев, Р. Төлегенова, У. Т. Тоқбергенов, Қ. Н. Сарыбекова, Д. І. Жангелдина, Г. М. Сабденалиева еңбектері жеке пәндеріді оқыту барысында оқушыларға экологиялық біліммен тәрбие берудің әдістемелік жолдарын зерттеген. Сонымен бірге А. Д. Болтаев экологиялық білім берудегі пәнаралық байланыстың тиімділігін дәлелдесе, К. Ж. Бұзаубақованың зерттеу жұмысы сабақтан тыс жұмыстарды өткізу барысында оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеуге арналған. И. Н. Бодықова, Қ. О. Шайхисламова, А. К. Сатынская балаларға экологиялық білім мен тәрбие беруде болашақ мүғалімдер дайындаудың педагогикалық негіздерін айқындаған. Сонымен қатар, Қазақстандағы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің дамуын (1960-2000) А. Ш. Икрамова зерттеген.
Сонымен қатар, ғалымдардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық негіздерін Е. Д. Макаров, оқушыларда экологиялық мәдениеттің іс-әрекеттік компоненттерін дамытуда Т. В. Кростелева, иөменгі сынып оқушыларында экологиялық мәдениетті қалыптастыруда Л. А. Чистякова, Е. В. Яковлева, төменгі сынып оқушыларында өлкетану іс-әрекеті арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруды Н. Э. Якубова, Г. В. Буковская, оқушылардың экологиялық білімін интеграциялауды Н. М. Мтхайлова, зерттеулерін айтып кетуге болады.
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық шарттары А. Қ. Егенисованың еңбектерінде анықталған. Оқыту үдерісінде мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда К. И. Исламованың зерттеген еңбектері басшылыққа алынды. . Қоғам-табиғат-адам арасындағы қарым-қатынастың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғүрыптармен байланысын С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Қ. Д. Сарыбековтың еңбектері қазақтың табиғат қорғау дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін зерттеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына және жоғары оқу орындарында болашақ мамандарға экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің теориялық негіздері және әдіс-тәсілдері мазмүны мен үйымдастыру жолдарын қарастырған. Бұл еңбектердің біздің зерттеуімізде балабақша мен бастауыш мектептегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруда сабақтастықты сақтауда маңызы зор.
Қазіргі таңда экологиялық мәселелердің күн санап артуы, қоршаған ортаға деген саналы көзқарастың қалыптасуынан қамқорлық сезімінің жетіспеушілігінен туып отырғаны белгілі. Десекте, бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда жүйелі жүргізілген жүмыстың нәтижесі болатыны белгілі. Сол себептен бастауыш сыныпта экологиялық мәдениетін қалыптастыру дұрыс жолға қойылу қажет. Бастауыш сыныпта экологиялық мәдениетке тәрбиелеу қажеттілігі мен оның қазір өмір талабына сай жүргізілмеуі және балалардың мүмкіндіктері мен экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық түрғыда негізделіп, айқын әдістемелік жағынан нақтыланбауы арасында қарама-қайшылықтар туып отыр. Аталған қайшылықтарды шешу үшін экологиялық тәрбиенің педагогткалық негіздерін айқындау, зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болып саналмақ. Осы қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіру зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты "Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс тәрбие жұмысында экологиялық мәдениетін қалыптастыру" деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс тәрбие жұмысы негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруды теориялық - әдіснамалық тұрғыда негіздеу
Зерттеу обьектісі : бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісі
Зерттеу пәні: оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмыс негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Зерттеудің міндеттері:
- оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысы негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
- бастауыш сынып оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолын қүрастыру;
- сыныптан тыс тәрбие жұмысында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін негіздеу.
Зерттеу болжамы : егер оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының түрлерінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны теориялық негізделіп оқу-әдістемелік кешенмен қматамасыз етілсе, оқушылардың экологиядан білімі артып, практикалық біліктілігі, дағдысы, дүниетанымдық, экологиялық мәдениетіне, табиғатты қорғаудағы сауатты адами-эстетикалық көзқарасы қалыптасады.
Зерттеу көздері . Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері;
Зерттеу әдістері. Зерттеу жүмыстарын жүзеге асыруда теориялық, аналитикалық-синтетикалық; салыстырмалы, индуктивті - дедуктивті талдау, эмприкалық сұрау, бақылау, педагогикалық эксперемент, педагогикалық іс-тәжірибелер; социологиялық (сауалнама) ; математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің негізгі жаңалығы:
- бастауыш сынып оқушыларын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруды теориялық түрінде негізделуі.
- бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісі;
- қоршаған орта туралы білім мазмұнын жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі оқушылардың экологиялық білім, іскерлік, дағды, әдеп деңгейін арттырады, экологиялық мәдениетін жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауға бағыттайды.
Диплом жұмысы құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І . Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс тәрбие жұмысы негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізі.
1. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас қоғамдық ортадағы іс- әрекет арқылы көрініс береді. Әр қоғамның дамып өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай қажет болса, табиғат пен оның байлығы сондай қажет. Осының өзі табиғат- адам- қоғам бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын, бір-бірімен бірлікте дамитын тұтас дүние екенін көрсетеді. Ендеше, бүкіл өмір қоршаған ортада, табиғат аясында, олармен қарым- қатынаста өтетіндіктен адам баласы тіршілік ету үшін ол қатынастардың әдіс- тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс- тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгеріліп жүйелі жүргізілген тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Олай болса, жоғарыдағы қатынастарды ғылыми негізде этикалық, эстетикалық адами тұрғыда жүзеге асыру үшін адам қоршаған орта туралы білім жүйесін меңгеруі тиіс. Қоршаған ортаны танып- білуде әлеуметтік орта мен географиялық ортаның атқарар ролі ерекше.
Адамның жеке басының дамуында әлеуметтік орта маңызды орын алады. Адам қоғамдық ортада дамып қалыптасады, ал қоғамның алғашқы сатысы- отбасы, ағайын туыс.
Сонымен, бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс тәрбие жұмыстары негізінде білім бере отырып экологиялық мәдениетін қалыптастыру болады.
Табиғаттың даму заңдылықтарын оқыту мен тәрбиелеу жұмысы педагогтардың көбі баса назар аударып, жас кезінен бастау керек екендігін айтқан болатын. Я. Коменский "Мир чувственных вещей в картинах" деген атақты трактат жазды. Бұл балаларға түсінікті жазылған энциклопедия іспеттес еңбе болды. Онда адам орғанизмінің құрылысы, тіршілігі, жер мен аспан денелері жөнінде түсінік беріледі. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Үлы педагогтары Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоци, А. Дистерверг және т. б. прогресшіл ой- пікірлері классикалық педагогикада оқушыға табиғат пен қарым- қатынас арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеген “ … адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен берік байланыста болған” - деп тұжырымдаған. [19, 20, 21]
Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық трактатында Я. А. Каменскийдің табиғат және оны қорғауға тәрбиелеу идеяларын толықтырып әрі қарай дамытты.
XIX-ғасырдың демократ ағартушылары В. Г. Белинский А. Н. Герцен, Н. АДобролюбов болса табиғат туралы саналы білім беру адамның мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына ерекше мән береді.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары табиғатқа қатысты өз көзқарастарын философиялық-әдіснамалық тұрғыда тұжырымдаған. IX- XV ғғ. ғұламалары Әл- Фараби, Ж. Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи, М. Қашқаридың тіл ғылымы, логика, психология, география, этика және т. б ғалымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше. Соның ішінде Әл- Фараби медицина, биология, география ғылымдарын теориялық- философиялық тұрғыда негізделген.
Табиғат- сұлулықтың өмір бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың бойына игілік пен ізгілікті дарытушы табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы ғұлама ғалым К. Ушинскийдің "Табиғат дауыс- дыбысын, үнін ата- аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл қойып тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның зандылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды " дегеніне құлақ асатын мерзім әлде қашан жетті. Солай екен, жер тағдыры- ел тағдырын ойлап, қаласақ та, қаламасақ та ата бабаларымыздың атамекен, туған жер топырағы туралы түсініктеріне, таным-талғамдарына ой жеткізу тиіспіз.
Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым- қатынаста жүргізілсе ұтымды болады. К. Д. Ушинский өзінің "Детский мир ", "Родное слово" кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіреді. Үлкен педагогтар балалардың ойлау қабілетін арттыруда, эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғатты шебер пайдалана білген. [23, 24, 25]
Халқымыздың көрнекті ұлы ағартушылары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин - табиғат -сүйіспеншілік пен адамгершілік көзқарастарының негізі- деп түсініп, жастарға оны аялауға, оның тепе- теңдігін сақтауға ақыл- кеңес берген.
Халқымыздың зерттеушісі Ш. Уәлиханов табиғат байлықтарының көзін ашып, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдалануды ерекше атап көрсеткен. "Қазақтардың шамандықтың қалдығы"атты еңбегінде "О, Табиғат ! Өзіңіз айтыңызшы тіршілікте ' одан ғажап, одан қүпия не бар . . . Табиғаттың кейбір апаттарын, отты кейбір жануарлар мен қүстарды, тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет түтып, оларға ырым жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт-құт әкеледі '" деп түсіндіреді.
Ғалым қоршаған табиғат-аясының адамның жан дүниесіне тікелей әсер ететінін тартымды сипаттайды, бүкіл тіршілікті қоршаған орта ерекшелігіне байланыстыра отырып, салыстыра қарайды. Табиғат құбылысы арқылы дүние сырын, тіршілік пен тұрмыстың мәнін, адам баласының табиғат аясындағы орнын айқындак түседі. Табиғат пен адамды тұтас алып қарауында қоршаған ортаның адам мен қоғамның дамуына тигізетін әсерін айқын көрсете білді. [5]
Қазақтың белгілі ойшыл ағартушысы Ы. Алтынсариннің өз шығармаларында табиғат көріністерін жырлай отырып, экологиялық тәрбиеге баса назар аударған. Әсіресе "Бай баласы мен жарлы баласы" деген әңгімесінде әрбір қазақ баласы кішкентайынан бастап, табиғат сырларын түсініп, дала табиғат заңдылықтарын үғынып, зерделеп өсуі керектігі айтылады. Неғұрлым табиғат сырларын терең танып, табиғатпен етене жақын болған бала қандай қиыншылықтарда да мүдірмей өтетіні белгілі. [26, 27]
Абайдың шығармаларынан қоршаған орта, оны қорғау туралы табуға болады. Ол қоршаған ортаның бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгеріс дамуда болады деп қарастырды. Абай дүниенің болмысын оның болған және бола беретіндігін, табиғаттың өмір сүру заңдылықтарын түсінген.
Табиғаттың әсем көріністері арқылы жас-ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін, табиғатты қорғау, аялау сезімдерін тәрбиелеу туралы даналық сөздері осы кезге дейін құнын жоймай біз үшін баға жетпес дүние. Ш. Құдайбердиев "ар, ұяты бар, қайырымды ұстамды адам қоғамның кез- келген кезеңінде өзінің лайықты орнын біледі "- деп ескерткен.
Ұлы ғұлама ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат болмысына деген ой - пікірлері мен көзқарастарының көкейтестілігі бүрынғыдан артпаса кеміген жоқ. Экология проблемасы ғасырлыр бойы ғалымдардың зерттеу объектісінен тура болса, жанама болса түскен емес. [6, 28]
Эколог ғалым Ғ. Сағымбаев "Табиғатты өзгерту, байлықтарын пайдалану қазір өзінің шегіне жеткенге ұқсайды. Мұны елемей, қоршаған ортаны осы қарқынмен тонай берсек, табиғат өздігінен қалпына келу мүмкіндігінен айырылып, жер бетіндегі тіршілікке үлкен қауіп төнеді", - дей отырып, туған табиғатты аялап, халқымыздың болашағын ойлау абыройлы борышымыз екендігін келешек ұрпаққа міндеттейді. Осындай келеңсіз жәйттарға жол бермеу үшін ғалым табиғатты үтымды пайдаланудың ғылымк теориялық негізін жасады.
Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін ашуда, ақыл-ой мен сезімін тәрбислеуде, сананы қалыптастыруда адамның экологиялық мәдениеті жетекші орын алады.
"Экологиялық мәдениетке" тәрбиелеу қажеттілігі XX ғасырдың 70-ші жылдарында айқындалды. Ол бір жағынан, орта мектептерде экологиялық білімнің снгізілуімен байланысты болса, ал екінші жағынан, экологиялық дағдарыстың тереңдеп, қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуы әсерін тигізді.
"Мәдениет экологиясы" терминін ең алғаш рет академик Д. С. Лихачев 1980 жылы ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан құрылған адам тіршілігінің объективті негізі - мұраларды сақтау, сондықтан мәдениет экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырады. Мәдениет экологиясының заңдарын сақтамаған жағдайда ол қоғамның адамгершілік, рухани жағынан құлдырауына әкеліп соқтыратындығын ескертті.
Сондықтан, біз Д. С. Лихачевтің төмендегі тұжырымын басшылыққа алдық: "табиғат пен адам" арасындағы қарым-қатынас -өздеріне тән "мінез-құлық ережелері" бар, әлеуметтік екі мәдениетгің қарым-қатынасы. Екі мәдениет тарихи дамудың жемісі, оның ішінде, адам мәдениеті табиғаттың ықпалымен дамыса (адамзат тіршілік ете бастаған кезден), ал табиғат адам мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. [29]
Сонымен, мәдениет саналы өзгерістің - адам мен табиғат арасындағы өзара қатынастардың барлық жүйесін қайта құруға үлкен жаңалық жасайтын адам тұрмысының сфсрасы болып есептеледі.
Экологиялық мәдениеттің классикалық анықтамасын И. П. Сафронов бсрді. Ол экологиялық мәдениетті "рухани құндылықтарды, әлеуметтік институттардың барлық түрлерінің жүйесін және белгілі бір әлеуметтік бірліктің шеңберіндегі табиғатты танып-білумен, меңгерумен және жаңартумен тікелей байланысты адам іс-әрекстінің нәтижелерін көрсететін, адам, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипаты мен саналық деңгейін білдіретін жалпы мәдениеттің арнайы бөлігі" ретінде анықтады. Ол мәдениет ұғымын аксиологиялық, іс-әрекеттік, семиотикалық, әлеуметтік, гуманистік тұрғыдан түсіндірді [30] .
Ал, монографиялар мен диссертацияларда экологиялық мәдениет ұғымын сан алуан тұрғыдан ғылыми деңгейде түсіндіріп, ор қырынан анықтама берілгсн.
Кейбір зертгеушілер бұл ұғымды табиғатты қайта құрушы іс-әрекеттің мәдениетіне саяды. Бұл тұрғыдан қарауды бірінші рет М. С. Каған ұсынды, оны одан әрі А. И. Кочергина және т. б. өз зерттеулерінде жалғастырды. Экологиялық мәдениеттің бұлтар ұғымын басқа зерттеушілер толықтырады. Мысалы, Э. С. Маркарян: "Экологиялық мәдениет қоғамның табиғатпен ғана емсс, сонымен бірге әлеуметтік-тарихи ортамен өзара әрекетінің тәсілдерін сипаттауды талап етеді", - деп көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz