Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы



Мазмұны

Кіріспе 4
1 Психологиялық.педагогикалық әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой.пікірлері 9
1.1 М. Жұмабаевтың өмір жолы 9
1.2 М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой.пікірлері 12
2 Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой.пікірлеріндегі
тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы 14
2.1 Мағжанның тәрбиелік идеялары . тәуелсіз ел мектебінің негізі 14
2.2 М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары 15
2.3 М. Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері 18
2.4 «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны 20
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
Қосымша (лар) 33

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

М.Жұмабаевтың поэзиясының негізгі күшті жақтары –сыршылдығы, ұлттық,
халықтық сипаты – оның басты кемшіліктеріне айналады. Халық төбесіне
көтерген ақынның қуғын-сүргінге, қасіретке толы ауыр тағдыры басталады.
Мағжанды ұлтшыл, алашордашыл ретінде әшкерелеу ұйымдасқандық сипат
алды. 1924 жылдың басында Орынборда Мағжанға әдебиеттік сот ұйымдастырылды.
Сотта Мағжанды қазақ халқының қас жауы, оның шығармалары еш жерде
оқылмасын, баспасөз беттерінде шығармаларының жариялануына орын берілмесін
деген мәселелер қойылады. Осындай жиналыстың бірі сол жылы Мәскеуде қараша
айында өтті. Мағжан өлеңдерін халыққа жат деп тауып, қарар қабылдады.
Ж.Аймауытовтың Мағжанның ақындығы атты мақаласында: Мағжанның нағыз
кінәсі, жалғыз-ақ кінәсі – аса үлкен дарындылығында,- деген болатын [16].
Шын мәніндегі мағжантану Жүсіпбектің осы мақаласынан бастау алды. Бұл
мақала жайлы Бұл сыни еңбектің, біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен
сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне қалай кіріп, қалай түсіну, ақын
бүкпелерін қалай ұғу керектігін көрсеткен, жалғыз мағжантануды ғана емес,
бүкіл қазақ әдебиеттануында асқар бел басып келе жатқанымен, екіншіден,
әдебиет сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш, сын тарихында
белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды. Осындай
ерекшеліктерімен күні бүгінге дейін сын саласындағы биік шеберліктің
эталоны болып келеді –деп жазды ғалым Т.Кәкішев [25, 224].
Жүсіпбек Мағжанды қазақ поэзиясындағы Абайдан кейінгі ірі тұлға деп
көрсеткен. Ақынның ұлттық өлеңге еңгізген түрлік, көркемдік жаңалықтарына
тоқталып, өзіндік мектебі бар жаңа бағыт деп санайды [41, 36]. Шын мәнінде
қазақ әдебиеті Мағжанмен мақтанатын болады деген осыдан жетпіс жыл жуық
бұрын айтылған пікір бүгінде шындыққа айналып отыр.
Жүсіпбектің осы мақаласы Мағжанның көңіл-күйін жарқыратып ашатын, анда-
санда мұң-шерге орап жеткізетін сыршылдығын алдымен ұзақ дәлелдеп алған соң
теңеу таба алмай қиналады. Суретшілдік жағынан Мағжанмен иық
теңестірерлерді орыс, еуропа ақындарынан іздеп, кейде қазақ ақынының өресі
биік екенін қазақ қауымына түсіндіріп еңсесін көтеріп тастайды. Сондықтан
Мағжан дүниетанымын өзінің әр кездегі өзгерісіне лайықты баяндай келе,
тамаша пікірлер білдірген.
Мағжанға қайрат-жігер беру мақсатында 1924 жылы мамырдың 16-сында
Жүсіпбек Молдағали Жолдыбаевпен қосылып, Мағжанға жолдастық хат жолдайды.
Сен – қазақтың ақынысың. Алаштың қайғысын жырлайсың, ұлтыңды өліп-өшіп
сүйесің, онымен бірге күйзелесің. Қазақтың келешегінен үміт жоқ болса, онда
жойылып кету халіндегі халыққа көркем әдебиеттің керегі қанша? Біз сенен
кеудемізге рух пен қуат құйып, дертімізден айықтыратын, бақытқа бастайтын
сөз күтеміз.
Сен – қазақтың байрағысың. Мейлі тасбақа аяңмен жүр, бірақ өмірден
үмітіңді үзбе, өмірге орал, ХХ ғасырда тұрғаныңды ұмытпа! Өрісіңнің кеңеюін
тілеп, қайғылы сезімнің құрсауынан өз-өзіңді ептеп босатуыңды қалаймыз -
деген өтініш-тілектің қаншалықты қуатты, өрелі, биік, оралымды екенін
көріп, сыншылдық қаламға осынша ойлардың іліккеніне қуанамыз, әрі талантты
ақын інісін заман талабынан сырт қалмауға шақырғанын түсінеміз [25,229].
М.Жұмабаевтың өлеңдерін 1922 жылы Қазанда Б.Күлеев кітап етіп бастырып
шығарды. Өлеңдер жинағының Бастырушыдан деген алғы сөзінде Мағжаннның
бұл өлеңдерінің әдебиетте қандай орын алатынын айтуды сыншыларға қалдырып,
қазақ әдебиеті жаңа қаз-қаз тұрып келе жатқан секілді, түспей қалған
бірен-саран емле қатесі болса, оқушылар айыптамас - деп, ақын поэзиясын
әрбір үтір-нүктесіне дейін аса жоғары бағалайтындығын аңғартады [30].
М.Жұмабаевтың талантын алғаш тани білгендердің қатарында қазақтың ұлы
жазушысы М.Әуезов те бар. Ол Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі (тарихи-
әдеби сын) атты мақаласында әдеби дамуға шолу жасай келіп, ондағы соны
жаңалыққа тоқталады: Ол жаңалық – жаңа басталып келе жатқан сезімшілдік,
сыршылдық (романтизм) дәуірі. Бұрынғы ауызша әдебиеттен, одан бергі Абай
заманынан бері қарай келе жатқан реализм сарыны көбінесе құрғақ ой,
жадағай сөз (рассуждение) күйі осы күнгі терең сезім, нәзік сыр күйіне
айналып келеді. Бұның белгісі М.Жұмабаевтың соңғы Ертегі, Қорқыт
сияқты өлеңдерінде бар деген жолдар Шолпанда 1923 жылы № 4-5 сандарында
жарияланған. Бұл жерде Мұхтар Мағжанды қазақ поэзиясының дамуындағы жаңа
бір саты, бағыт деп жоғары бағалаған [43].
С.Қожанов М.Жұмабаевтың өлеңдерін бастырып шығару саяси тұрғыдан
қаншалықты қауіпті екенін сезе тұра, саналы түрде кіріскен сияқты.
Сондықтан ол Мағжан өлеңдерін талдамайды. С.Қожановтың өзі басқарған Ақ
жол газетінде М.Жұмабайұлының шығармаларына көп орын берілгені туралы
ғалым А.Шәріпов былай дейді: Дәл осы тұста Мағжан туындылары Ақжолдың
бетінде жиі жарияланып жатты. 1923-1924 жылдары бұл газетте оның Жай
әншейін ойын ғой, Сырдағы алашқа, Берниязға, Тірі бол, Асық иіру,
Еділдің сағасында, Қызыл жалау, т.б. біраз өлеңі жарық көрді. Сондай-ақ
Ақ жолдың 1924 жылғы сәуірдің 1-індегі санында авторы көрсетілмей,
басқарма атынан берілген Мағжан атты мақала басылды, - дейді [44, 40].
Бұл мақаланы А.Шәріпов мазмұн-мәнеріне қарай С.Қожанұлының алғысөзімен
сабақтасып жатқанын алға тартады. Осы кезде Мағжанды қудалау ұйымдасқандық
сипат ала бастады. 1924 жылдың бас кезінде Орынборда Мағжанға әдеби сот
ұйымдастырылды. Онда басты айыптаушы С.Мұқанов болды да, қорғаушылық
қызметті Жәкен Сәрсенбин атқарған. Екі сағатқа созылған айыптау баяндамасын
тындап болған соң, қатысып отырғандар айғайлап, қорғаушыны сөйлетпей
қойған.
Мағжанды ұлтшыл ретінде талқандау мақсатымен 1924 жылдың қараша
айында Мәскеуде тағы бір жиын болып өтті. Жиын ресми түрде Мағжан
Жұмабаевтың 1923 жылы Ташкентте шыққан өлеңдер жинағын талқылауға
арналғанымен де, шығармашылықтан гөрі саяси сипат алғандығы көрінеді. Оған
Н.Төреқұлов, Ғ.Мұратбаев, Ғ.Тоғжанов, Сапарбеков, Ж.Сәрсенбин және т.б.
қаламгерлер қатысады. Күн тәртібінде қойылған мәселе туралы өзіміздің
оқушы, жас ақынымыз Өтебай Тұрманжанов баяндама жасады. Баяндама бойынша
көп адам шығып сөйледі. Университет оқушыларынан басқа Нәзір, Ғани, Ғаббас,
Жекен шығып пікір айтты. Қызу да үлкен айтыс болды.
...Бірқатар сөйлеушілер Мағжанның бірсыпыра өлеңдері қате: ұлтшылдық,
сары уайымшылдық рухта жазылған. Жалпы Мағжан үлкен ақын, - деді де
көпшілік буржуазияшыл-ұлтшыл, бізге мүлдем жат ақын деп қорытты. Жиналыс
Мағжан және оның өлеңдері жөнінде осы бағытта қаулы алды, - деп еске
түсіреді кейіннен осы жиынға қатысқан Б.Кенжебаев (Лениншіл жас №4.1.
1989).
Ж.Аймауытовтың атақты мақаласынан кейін Ғ.Жүсіпбектің осы мақаласынан
кейін Ғаббас Тоғжановтың 1926 жылы жазылған Мағжанның ақындығы,
Жүсіпбектің сыны деген еңбегі жарық көреді. Жүсіпбек Мағжанды байшылсың,
ұлтшылсың, түрікшілсің деп айыптамай, оны ұлт ақыны десе, Ғаббас:
Жүсіпбектің сөзінің шеті ұлт, ұлт деп қана бітеді. Оның ұлт ішіне көзі
түспейді. Ұлт ішінде бай барын, кедей барын көрмейді. Маған ұлт ішінде
қайсысының ақын екенін Жүсіпбек айтпайды. Ақпан төңкерісіне дейін қазақтың
теңдік көксеген байы да, кедейі де бір келді. Сыртқы жаумен, орыс
патшасымен екеуі де күресті. Ұлт қозғалысын бұл кезде бай табы, байшыл
окығандар бастады. Бірақ бұл сөзден қазақтың бай-кедейінің тап жігі болған
жоқ деген сөз шықпайды. Жүсіпбектің өзі де айтып отыр ғой. Төңкеріске дейін
де қазақ арасында болыс, би байдан сайланды. Ел сөзін осылар бітірді.
Қатарға енген кедей бұқара болған жоқ. Кедей сөзі ешкімге өтпейтін. Мұны
Марксизм мұнарасымен сынап отырған Жүсіпбек көрмейді. Мағжан қазақты
жалпағынан алады. Бай, кедей деп айырмайды. Біз бұлай демейміз. Марксизм
мұнарасына шығып, тым жоғары көтеріліп кеткен Жүсіпбек бай, кедейдің барын
көрмесе де, Мағжан оны көрмеді деуге болмайды. Қазақ ортасында Мағжанның
өскені рас болса, оның көрмеске лажы жоқ. Мағжан тұрмыс құрығынан шыққан
емес. Ол қазақтың бай, кедейін білген, көрген, көріп қана қойған жоқ,
тілегін тілеген. Кедей белгілі таптың ғана пайдасын сөйлеп, отырғанын
ақынның өзі де білмей қалады. Біз Мағжанды бай ақыны, байшыл ақын дейміз
деп, мәселеге басқаша көзқараспен қарап, ақынды байшыл деп дәлелдейді
[21].
Ғ.Тоғжанов Мағжанды байшыл ақын деп дәлелдеп жатқанымен де оның
ақындық қуатын жоғары бағалайды. Мағжанның жақсылығынан біз безбейміз, -
деп тарауға айқайлатып тақырып қойған. Ғаббас Өлеңнің сыртын Мағжандай
келтірген (бір Абай болмаса) қазақта әлі ақын жоқ. Мағжан сөзге еркін ақын,
күшеншек ақын емес. Көркемдік, шеберлік, әдемілік жағынан Мағжанда үлгі
қыларлық қасиет көп. Біздің еңбекші адамдарымыз, жас ақындарымыз Мағжанның
сыртқы сұлу, әдемі сөздеріне терең ой, тура жол сала білсе, бәйгеден
келгені, - дегенді кездейсоқ айтып отырған жоқ [21]. Ғаббастың сынында сол
кезде үстемдік құра бастаған тұрпайы әлеуметтік талдауды басшылыққа
алғанымен де сыншылық талғамы Мағжанның бұлақтың суындай мөлдір поэзиясының
құдіретіне бас иеді. Сөз ретінде айта кету керек, қазақтың алғашқы
профессионал сыншыларының бірі Ғ.Тоғжановтың бүкіл сыншылық қызметінде
тұрпайы социологиялық сипат, таптық принцип басым болғанымен де Мағжан
поэзиясының көркемдік қуатын мойындаған. Кейін 1928 жылы мамырдың 6-сы күні
Мәскеуде өткен қазақ әдебиетінің жай-күйін талқылаған жиында баяндамашы
Ә.Бәйділдин Ғаббастың сыни пікірлеріндегі осындай екіұштылықты қатты
сынға алады. Жиынға катысып отырған Ғ.Тоғжанов шығып сөйлеп, кейбір
мәселелер жайлы түсініктер бере келіп, Мағжан туралы өз ойын тағы да ашық
айтады: ...Мен әлі де айтам - Мағжан көркемдік жағынан артық. Сондай
көркемдікті біздің жалпы жазушыларымызға үйренуі керек. Сәкеннің көп
әңгімелері мылжың, ешкім оқымайды. Сөйтіп жүріп біз мазмұнды жақсы етсек
болды, түрді орыс жазушыларынан-ақ үйренеміз дейді. Мағжаннан үйренуге
несіне арланады? [22,34].
Ресми саясат Мағжанды қаншама саяси соққылардың астына алып жатқанымен
де, ақынға жылы қабақ танытқандар баспасөз бетінде сирек те болса, көрініп
қалып отырды. Еңбекші қазақ газеті Мағжанды айыптаумен болды да, ал Ақ
жолдың ақынға іш бұрғандығы байқалады. Ташкентте шығып тұрған Ақ жол
газетінде Пошанның Әдебиет мәселесі атты мақаласы жарияланды. Сол кездегі
қазақ әдебиетінің өзекті өңірлерін барлаған мақалада ақын шығармашылығы
жайлы оң пікір айтылды: Мағжанның өткен заманға құлаш ұра беретін себебі
-өзінің өмірден тез сүйініп, тез қуанатын, ойнақы жүрек романтиктігі.
Романтик ақын қай уақытта болса да көрікті көңілге қоңыр өмір үйлеспеген
соң аласұрыс, сұлу қиял әуенімен әуреленеді. Мағжанның іздегенде тапқаны
қазақтың ескі заманы болды. Кенеттен болған ұлы өзгерістің самалы күшті
ақынның жүрегіне үлкен әсер беріп, өмірді тұрақсыз біліп, атты алысқа
айдап жіберді [23].
Мағжан Жұмабаев ұлттық сипаттағы бүкіл қазақ әдебиеті ұлтшылдықпен,
байшылдықпен, ескішілдікпен айыпталып, бұл туралы жылы сөз естудің өзі
қиынға айналып бара жатқанда Ыдырыс Мұстамбаевтың Жұмабаев және Тоқсанның
тобы Советская степь басылымында 1929-жылдың 24-мамырында мақаласы
шықты. Мақала бастан-аяқ Мағжанды қолдап, ақын шығармашылығының күрмеуі
қиын қырларына ойлы көзбен карауға шақырады дерлік. Партиялық басылым
бетінде орысша жазылғанын ескере отырып, автордың негізгі пікірлеріне
тоқтала кетейік. Біздің баспасөзімізде бір саяси құбылыс еленбей қалды, -
деп бастайды Ыдырыс өз сөзін. Ол - Мағжанның Тоқсанның тобы өлеңінің
шығуы. Бұл өлеңді Голощекин жолдас та өлеңнің біз үшін маңызы зор, себебі
ол Қазақстандағы социалистік құрылыс жетістіктерінің жоғары екендігін
көрсетеді және оны біздің кешегі дұшпандарымыз, ұлтшылдардың көсемі ақын
М.Жұмабаев та мойындаған болатын деп, - жоғары бағалаған [24].
Жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың түпкі мақсаты ұлтшыл,
байшыл атанған Мағжан Жұмабаевты, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов сияқты ұлттық
әдебиеттің қаймақтарын тарихтың сахнасынан, әдебиет майданынан күшпен қуып
түсіруге алғышарттар жасау болатын. Большевиктер бұл ойын жүзеге асыруға
біршама жақындап қалса да, бұл міндетті жүзеге асыра алмады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика
ғылымына қосқан үлесін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық,
тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.
Зерттеу тақырыбының пәні: педагогика ғылымының қалыптасу үрдісі
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
- Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
- Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы
орнын анықтау;
- М.Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға
әсерін қарастыру;
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде,
зерттеу обьектісі, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты, зерттеу міндеті,
беріледі. Курстық жұмыстың бірінші тарауы Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой-пікірлері, - деп аталады. Бірінші тарау
Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы, тағдыры, ақындық еңбектері, репресия ұшыраған
кезі және де Мағжан Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері толықтай ашып
көрсетіліп, талданады. Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-
пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы атты екінші
тарауда М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары, оның педагогикалық
еңбектерінің бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері, Педагогика
оқулығының қазақ педагогикасындағы орны, автордың тәрбиелік идеялары
қарастырылады. Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар
мен ұсыныстар беріледі. Қосымшада Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық
идеяларының қазіргі кездегі рөлі, орны көрсетілген.

1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі М.Жұмабаевтың ой-пікірлері

1. М. Жұмабаевтың өмір жолы

Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы – Алаш қозғалысының қайраткері,
ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Мағжан ауыл молдасынан сауатын
ашып, 1905-1910 ж. Қызылордадағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы,
мұсылман халықтарының азаттық жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен
ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихына
дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоу-си, Сағди, Хафиз, Омар Һайям,
Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан
1909 ж. шыққан Абай өлеңдерін оқып, Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға
деген өлең жазды. 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім
алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер
С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы
Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 ж. Қазан қаласындағы
Кәрімовтер баспасында Шолпан атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады.
Садақ журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913-
1916 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. Бірлік ұйымы жұмысқа
белсене араласып, Балапан қолжазба журналын шығаруға қатысады.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді алаш қайраткерлерімен
байланыс орнатып, М.Жұмабаев "Қазақ" газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917
ж. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге
белсене араласып, Акмола облыстық, қазақ съезін өткізуді
ұйымдастырушылардың қатарында болды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік
мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі бойынша
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
"Алаш партиясының Ақмола обл. комитетінің мүшесі болды. "Үш жүз" партиясы
өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуык абақтыға отырып шықты. Екінші
жаллы қазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша
құрылған комиссияға төрағалык етті. 1918-1919 ж. Петропавл уездік земство
басқармасында қызмет етті [17, 20].
1919-1923 ж. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан",
"Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту
жүмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр
Баянды" жазып, жарыққа шығарады. 1923-1927 ж. Мәскеуде Жоғары әдебиет-
көркем өнер ин-тында оқиды. Онда орыс өдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін
терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен
достыққарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары
орынсыз сыяға ұшырады. 1924 ж. 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс
еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында
жиналыс өтіп, олар Жұмабаевтың 1922 ж. қазанда, 1923 ж. Ташкеште басылып
шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске
шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы "Еңбекші қазақ" газетінің 1925 ж. 14
ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын "Сәлем хат"
деген өлең жазды. Ол "Тілші" газетінде жарияланды. "Еңбекші қазақ"
газетінің 1924 ж. 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың Сәлем хат жазған
азамат Мағжан Жұмабайұлына деген ескертпемен Сәлемге сәлем деген жауап
өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса
да, уралап айқайламадың деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып,
кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан
1927-1929 ж. Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 ж. ақын "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен
Мәскеудегі Бутырқа түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 ж.
М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабак беретін
мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны
саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.
1937 ж. наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады.
1938 ж. қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Ақын тұңғыш өлеңінен
бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық,
демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзия-М. Жұмабаевтың Петропавл
қаласындағы ескерткішінін өшпес маңызын бірден танып, оны "хакім" деп
атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес" сөзін жаңа жағдайда ілгері
дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ
поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байыпты. Жұмабаев ел ішіндегі
әлеуметтік мәселелерді көтерді ("Шын сорлы"), халқын өнер-білімге шақырды
("Ләззат қайда?", "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалықшақ",
"Казағым", "Қарағым'', "Мен сорлы"). Бірқатар өлендерін махаббат тақырыбына
арнады ("Жас келін", "Зарлы сұлу", "Сүйгеніме", "Алданған сұлу"). Өз
поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін ұлт
азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл
халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктсрге қол
жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі -
отаршылдық деген шешімге келді. Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің
табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген
уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені
жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды
("Туған жерім — Сасықкөл"). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп
романтикалық әуенге бөленді халыктарының бірлігі тақырыбы Мағжан
поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік
сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына
тән (Сүй, жан сәулем, т.б.) әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш
жырлаушылардың бірі (Айда атынды, Сәрсембай, Шойын жол). Ол
технологиялық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани
дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып,
туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Жұмабаев қазақ
поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш
айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам
жанының, психологиялық әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму
диалектикасын шеберлікпен Анкарадағы (Түркия) М. Жұмабаевқа қойылғап
ескерткіш кестелеіп өрнектей білді [36].
Акын шығармашылығының үлкен бір арнасы — халыққа білім беру, педагогика
саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап "Педагогика" (1922, 1923),
Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні (1925) еңбектерін жариялады. Ақан
сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз
әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті. Автор аударма саласына үлкен мән
берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В.Клльцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет,
И.И.Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький, В.В.Иванов,
Д.Н.Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударлы. Таңдаулы прозалык
шығармалар аударумен қоса Шолпанның күнәсі әңгімесі арқылы қазақ
әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді. Кеңестік
жүйенін қуғын-сүргінінің кұрбаны болған Мағжан Жұмабаевтың есімін ақтау ісі
1958 ж. қолға алынлы. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның тандамалы
лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай,
Мағжан шығармалары басылмай қала берді. 1960 ж. Түркістан әскери округ
әскери трибуналының алқасы шешімімен Мағжан Жұмабаев толығымен, біржола
ақталды. Мағжан есімі ақталса да, ол жөнінде Қазақстан Жазушыдар одағы мен
ғылыми мекемелергс хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзак уақыт бойы
Мағажан Жұмабаевтың шығармаларымен жете таныса алмай келді. Түркияда ақын
кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. Бірақ
М.Жұмабаев шығармалары 1989 ж. ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан
М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Ш.Сариев
бастаған ғалымдар тобы Мағжан Жұмабаевтың 3 томдық шығармаларын шығаруды
қолға алды. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің
егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін
мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және
Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабаев есімі берілді. Петропавл
қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған.

2. М.Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері

Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметіне тоқталғанда оның ұстаздық
шеберлігін айтпай қоя алмаймыз. Ол туралы 1922 жылы Мәскеу – Күншығыс
еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған Бейсенбай Кенжебаев
мыналарды есіне түсіреді: Қазақ тілі, қазақ әдебиетін М.Жұмабаев оқытқан
еді... Ол ғалым, тәжірибелі шебер оқытушы, асқан методист педагог еді.
Мысалы, ол шәкірттеріне Өздерің білген бір ертекті жазып келіңдер, соны
класта оқып, бәріміз бірге талдаймыз – деп тапсырма береді. Сөйтіп ол бізге
әрі әдебиетті, әрі дұрыс жазуды, әрі шығарма жазуды үйретеді, - деп жазады
оның бір шәкірті. Мағжан сабақ өтіп жатқанда ешқандай қағаз пайдаланбай
суырып салма әдісімен өз ойын ортаға салып, оны өлеңдер, мақалдар,
шығармалардан үзінділерді жатқа оқып дәлелдеп отырған.
Ш.Елеукенов М.Жұмабаевтың ақталып, халқына оралғандығы жайлы былай
дейді: Елінің қамын жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға
қосылады деп армандаған аяулы ақын енді міне ел-жұртының арасына қайтып
оралды. Ол үшін біз мына революциялық жаңалану дәуіріне борыштымыз. Мың
мәртебе соған бағыштаймыз [10].
Ж.Аймауытов өзінің Мағжанның ақындығы туралы атты мақалысында:
Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта
алмаймыз; толық сынау үшін оның алды, артын орап, еркін арылып шығарлық
сегіз қырлы, негізді білім керек, - деп айтқан болатын. Әрине, Мағжанның
сан қырлы еңбектеріне талдау жүргізу көп ізденісті қажет ететін күрделі
процесс, ол болашақтың ісі.
Сәбит Мұқанов 1932 жылы: Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан
саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиеттеріне жаңа түрлер енгізу
ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейінгі тіл өнегесіне Мағжаннан асқан
ақын қазақта жоқ, - дегенін ешкім жоққа шығарған емес.
Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін... бұдан соң Мағжанды сүйемін.
Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы
ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы
жарасқан Арқа қызын көріп, мезінгендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын.
Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның
шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай.
Бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің
тереңін терген – ақын болмайды. Заманынан баса озып, ілгерілеп кеткен –
ақын болады. Әдебиет үшін деген таңба айқын болмай нәрлі әдебиет болуға жол
жоқ. Сондықтан, бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып,
артқы күнге алып қалатын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі
күмәнді, өте сенімсіз деп білемін, - деп жазыпты Мұхтар Әуезов.
Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке
жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрыңғы ақындарда болған емес.
Ол жүректің қобызын шерте біледі. Оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан
тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы,
көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді,
жабайы жырды Мағжаннан таба алмаймыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза
ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де
ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің
кірбеңі көрініп тұрады. Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке
жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан
екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан,
-депті Жүсіпбек Аймауытов [29].
Мағжан романтизмнің болмыс-бітімі, сыр-сипаты - өз алдына бөлек және
ұзақ әңгіменің тақырыбы. Бұл арада біз қазақ топырағына баяғы бағзы
заманнан тамыр тартқан сөз өнерін дамытудағы әйгілі екі даңғылдың бірі
реализм болса, бірі романтизм екенін тәптіштеп түсіндіріп жатпай-ақ, дәл
осы көркемдік әдістің Мағжан ақындығына парлаған пафос, самғаған қанат
бітіргенін, соның арқасында осынау білімді, өнегелі, мәдениетті ақынның өз
кезіндегі бүкіл әлемдік әдеби ағымдардың шым-шытырық тылсым құпиясын
игеруге дейін қалай шырқап көтерілгенін атап өтпек едік. Сонымен қатар
осындай творчестволық әрекет үстінде Мағжан ақынның тілі қалай ұстарып,
шеберлігі қалай шыңдалғанын айта кету де артық емес, - Зейнолла Қабдолов.
Мағжан Жұмабаевтың өмір жолын жақсы білетін Сайфи Құдаш бір сөзінде
былай дейді: Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде М.Жұмабаев үнемі
жұмыс үстінде болды. Рас, бұл оның бар мүмкіндігінен аздай болған да шығар,
таланттың өз күшіне сай да болмас, бірақ жұмыс істей білді, ал бастан өткен
бұрылыс-қалтарыстарға ол жалғыз өзі кінәлі емес. Совет үкіметі алғаш
орнағаннан кейін, белгілі бір шешімге келе алмай толқыған сәттері болды,
бірақ бұл ұзаққа созылмады. Көп ұзамай Москваның орталық басылымдарының
бірінде редакторлық қызмет атқарды. Кейін жоғары әдебиет-көркемөнер
институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі Мағжан Қырғыздың
Пушкині деуші еді. Сол жылдары қазақ мектептерінің оқулықтарын даярлау
ісімен айналысты, орыс жазушыларының В.И.Ленин шығармаларын аудару ісіне де
атсалысты. Бұның бәрі де М. Жұмабаевтың қарама-қайшы пікірден біртіндеп
арылуына, көзқарастар солқылдақтығынан құтылуға, маркстік-лениндік
көзқарастың жолына бір дола бет қойып, тереңдей түсуіне ықпал жасап, жол
ашты [17].
Қазақтың әрбір ұлағатты ғалымдары, ақындары Мағжанды ерекше
құрметтегенін, осы айтылған сан алуан пікірлер мен жақсы сөздерден көреміз.
Оның еңбегінің бір тамшысын да баға бермей жерге тастамаған. Мағжан – елдің
патриоты, қазақ баласы.

2 Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік
идесының тәжірибеде қолдану маңызы

2.1 Мағжанның тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел мектебінің негізі

Бүгінгі және болашақтың ұрпағын қалай тәрбиелеп, оқытып шығару керек?
Егеменді еліміздің ұрпақтарын ұлылыққа баулу – бүгінгі мектептің парызы.
Президент Н.Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 жолдауында: ...Оқушыларды
қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу аса қажетті, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік
талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс
қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек – деген болатын.
Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болуға
тиісті.
М.Жұмабаев та кезінде осы бағытты меңзеді, егеменді елдің егемен мектебі
болуын қалаған. Өйткені оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп шығару тек ұлт
мектебінің қолынан ғана келеді. Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істері
бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс. Олар ұлан-байтақ жерімізді қасықтай
қаны қалғанша қызғыштай қорғап, бүгінгі ұрпаққа аман есен тапсырды. Ал,
жеріміз бен егемендігімізді бүгінгі еліміздің жастары сол аталарындай
қорғай ала ма? Міне, мәселе осында, патриотизм иен ұлылықты қалыптастыру
құрғақ сөзбен жасалынбайды. Оған жүйелі бағдарлама, кешенді оқу-тәрбие
жұмыстары қажет. Ең алдымен ұлттық мектеп, оның концепциясы, заңдастырылған
дүние болмысы қажет. әр пән бойынша оқулықтар жасалынумен қатар қазақ
халқының бүкіл жан дүниесі мен болмысын танытатын, оқу-тәрбие кешені қажет.
Бәрі қазақ ұлтының ұлы болмысы мен қағидаларының тоғысында қалыптасуы
негізінде болуы керек. Этномәдени білім беру ол қазақстандағы негізгі ұлт
төңірегінде, соның негізінде жасалынуы міндетті. Ұлттық педагогика саясатын
өзге ұлт, мемлекет емес, өзіміз жасап, қалыптастыруымыз орынды болмақ.
Қазақстанның келешекте әлемді өркениетті елдермен терезесі тең, өз орны бар
ұлы мемлекет болуын қаласақ, ең алдымен, оның ұлттық мектебінің іргетасын
қалыптастыруымыз қажет.
Еврей, жапон т.б. ұлттардың жас буынды сәби күнінен ұлылыққа,
ұлтжандылыққа тәрбиелеуі көп нәрсені аңғартса керек. бұларда жас балаға
деген құрмет ерекше. Ұрсу, жекіру, балағаттау деген жоқ.
Біздің қазақта да ертеде осындай тәрбиенің болғаны белгілі. Бабаларымыз
балаларын ұлылыққа жақсы тәрбиелей білген.
Мағжан өз Педагогикасында Баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Баланы
қорқыту – қып-қызыл зиян. Жасында қорқытылып үйренбеген бала өскенде ер
болады. Ерлікке іспен үйрету керек. Баланы ұру, соғу ісі адамшалыққа
ұнамайтын іс, - дейді [10]. Ендігі жерде мектебімізде оқу-тәрбие ісінде
ізгілік, демократияландыру принциптері етек жаюы керек-ақ. Ұлттық
қағидаларды оқу-тәрбие ісіне терең кіргізе отырып, оны әлемдік алдыңғы
қатарлы өркениетті идеялармен қабыстыру қажет. Ол үшін тілдерді тереңдете
оқу, әсіресе, қазақ, шетел тілін 3-4 жастан оқытуды қолға алу. Тәрбиенің
басты ұстанымдары жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру,
өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа
халқының да тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын адам қалыптастыру.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ. Өйткені олар ата-бабамыз ғасырлар бойы
армандап кеткен егемендікті көрді. Ғасырлар тоғысында өмір сүруде.
Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін
мәселе. Ғасыр басында Мағжан Жұмабаев өзінің Жазылашақ оқу құралдары һәм
мектебіміз деген еңбегінде: ...біздің дағдарып тұрған мектебімізді бастап
алып кететін даңғыл жол жоқ. Сондықтан оқу құралын жазып жатқан азаматтар
бұл оқу құралы қандай мінезді мектепке арналады – сол туралы ой жүргіртсе
игі болар еді. Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пәк көзінен, яғни
мектеп құрылысының қазақ жанына қабысу жағынан келуі дұрыс болар еді, -
деп жазады. Мағжан Жұмабаевтың бұл ойы қазіргі күнде де бағасын жоғалтқан
жоқ [6].
Себебі оқулық мектеп үшін де, оқушы үшін де, қоғам үшін де ең басты
құрал. Өкінішке орай бүгінгі оқулықтар көп көңілінен шығып тұрған жоқ.
Мектепті жөндейміз деп соқыр еліктеуден аулақ болу керектігін де Мағжан
кезінде көрегендікпен ескертіп кеткен-ді: Мектебімізге негіз саламыз
дегенде ескертетін іс-соңғы кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға
сіңіп барады. Міне осыдан сақтану керек.
Сөздің түйіні бізге бүгін ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, сыннан өткен,
халықтың ойынан шығатын, мемлекеттің концепциясынан туындайтын мектеп
қажет. Ол неше тұрғыдан болады, 3 сатылы ма, 4 сатылы ма, оны ойластырып,
бүкіл халықтың ой елегінен өткізіп барып қабылданған жөн.

2.2 М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары

Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігінe самғаған,
оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер
болды. Сонымен бipre оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялык, жағына
төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының
тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы "Педагогика" атты
(Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазак,
зиялыларының бipi - белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы
кітаптың беташарына былай деп жазыпты: Заманға дәл жаңа кітап шыққанша
малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрыңғы жазғандардың адасқан
жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи
материал.... Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: Бұл кітап 2-3 жыл бұрын
қысқа уақыттың мұғалімдер курсында оқытылған дерістерден түзілген еді. Бұл
күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады. Біз бұдан кітаптың басылуы
оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің
сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.
Мағжан Жұмабаев тағы да былай деді: Тәрбие ғалымдарының пікірлерін
таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым...
Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда
қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің
жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі
(интернационалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам
деп азаптануды тиіс таппадым. Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние
демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет
туынды екені хақ.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған.
Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл
тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да
бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы
керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре
келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның
тәрбиесі түгел болғаны. Егер ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды
тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу
ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен,
әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны
жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының
дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы
төрт тәрбиені дұрыс орындасын.... Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып
шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару, - деу арқылы М.Жұмабаев
тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған
халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да
құптарлық. Ұлт тәрбиесі, - деп жазды ол, - баяғыда сыналып келе жатқан
тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс
болуы керек. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. М.Жұмабаев халық
тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың
қажеттігін ескертеді. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі
ішінде толып жатыр, - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық
шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты
көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. Киіз үйдің зиянды жағы болғаны
сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде
баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда, қайда болады?
Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге
жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие
қылмағаны дұрыс болар еді. ...Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына
қабысуы мақұл. Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп,
оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығын меңзейді. Табиғат-анадан
алшақтап, оған немқұрайлы салқындықпен сырт айналудың зардабын ұрпақ көріп
отырғаны белгілі. Қалай десек те, ғалымның ұстаздық жүрегі, ақындық сезімі
ұрпақ тәрбиесін табиғаттан тыс қарастыра аламағаны анық. Бұрқыраған боран
мен сатырлаған жаңбырда, сақылдаған аяз бен ми қайнатқан аптапта, ұлан-
ғайыр сахараны кезіп жүрген қазақтың көшпелі тұрмысында сәбидің ыстық-
суыққа ұрынбай өсуіне бесіктің ғасырлар бойы игі қызмет еткенін, әрине,
жоққа шығаруға болмайды. Автор осымен байланысты: Қазақ бесігі – аса
ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі,
түбегімен баланың таза, жинақы жатуына көп себепші дей келе, қазақ
бесігінің құрылысын жетілдіре түсу қажет дейді.
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша
зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын
байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен
бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық
психологиялық бояу нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық.
Жан көріністерін ол білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат
көріністері деп үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиға үйлесімін
Абай тұжырымдарымен байланыстырып, оларды ежелгі Шығыс ғұламаларының
гуманизмімен үндестіре, тарих тереңінен сөз қозғайды. Шытырман мәселенің
арқауын осылайша түйіндеп, Шығыс кәусарынан мейірі қана сусындау, есейе
келе Еуропа мәдениетіне құлаш ұрған Мағжанға етене жақын да, түсінікті
нәрсе.
Ол сыртқы сезімдерді (қазір түйсіктер деп аталады) көру, есту, иіскеу,
тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс
жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М.Жұмабаевтың пікірінше, бұл
сезімдердің сау һәм берік болуына, олардың өткір, терең, дұрыс қалыптасуына
ыждағат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы, біреулері нашар тәрбие
қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес. Әр сезімді психологиялық
тұрғыдан қарастыра келіп, ақын олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп,
бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрге сүйену қажеттігін, есту сезімін дамыту
үшін түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, әсіресе, бесік жыры үнінің
тәрбиелік мәнінің зор екенін атап өтеді.
Кітапта зейін туралы да біраз деректер бар. Абай дегеніміз, - деп жазды
ол, сыртқы дүниедегі бір затқа яки ішіміздегі бір жан көрінісімізге – ойға,
ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі. Оның бала зейінін
тәрбиелеу жөнінде айтқандары қысқа болса да нұсқа. Автор шәкірттердің
зейінін дамыту үшін әсердің күшті, жке, жаңа болуын, жаңа алынған білім мен
ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын
талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Ол кейбір
оқушылардың абай болмауының себептерін де аша кетеді.
Автор тілдің адам өміріндегі маңызы жайында айта келіп, оның ұлттық
мәнін мәйекті мәнермен жеткізеді: Ұлттың тілі кеми бастауы, - деп жазды
ол, - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері,
тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың
сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайраты, біресе желсіз түндей
тымық, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері
көрініп тұр. Бала темпераментін сангвиник, холерик, меланхолик деп бөліп,
бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұтымды тілмен баяндайды. Баланың жалпы
жаратылысы, табиғаты туралы түсініктері де қазақ ұғымына жатық, түсінікті
берілгені байқалады. Мағжнның кітабы Педагогика деп аталғанымен, көбіне
психология мәселелерін сөз еткен. Мысалы, шағын еңбектің 17 тарауының 13-і
тікелей психология мәселелеріне арналған. Мұнда тікелей педагогика
тақырыбына екі-ақ тақырып (Педагогика бөлімдері, Жалпы педагогика)
арналып, оларды автор бар болғаны 13 бет көлемінде баяндаған. Сөйтіп,
барлығы 106 беттен тұратын кітаптың қалған тараулары адамның жан дүниесінің
әр түрлі жақтарын сипаттайды.
Мағжан Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскийше,
педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен
байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.
М.Жұмабаевтың – осы кітабындағы педагогикалық ой-түйіндерінің негізгі
арқауы ...адам баласын, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек...
Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Адам тілі арқасында ғана
жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ата-ана қатал
болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ... Сондықтан
баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болуы керек... Адамның өзін-өзі
тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне қажетті
бірінші шарт..., - деген сияқты ұлағатты ойлар көптеп кездеседі.
Оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қандай етіп жазу керектігі
(Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз, Бостандық туы, 1921), сондай-
ақ, Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы (1925 ж.), Сауатты бол (1926
ж.), Әліппе (ересектерге арналған, 1929 ж.), т.б. газет-журналдарда
жарияланған ғылыми-әдістемелік мақалалары өз алдына әңгіме етуді қажет
ететін тақырып [1,8,20].

2.3 М. Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері

Бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға
алғаш қадам жасаушылардың бірі де Мағжан. 1923 жылы Бастауыш мектепте ана
тілі атты еңбегін жариялайды. Ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына
сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар,
қалыптастырылар дағдылар жүйесін жасап ұсынады. Мектеп үш тұрғыдан : 1)
Бастауыш мектептің міндеті, 2) Еңбек міндетінің міндеті, 3) Төрт жылдық
бастауыш мектептегі ана тілінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын (педагогика оқулығы) пайдалану
Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы туралы
Мағжан - елдің патриоты, қазақ баласы
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Пәндер